Инвестиция және оның қазақстан республикасындағы қызмет етуi


Жоспар
Кiрiспе
I бөлiм.
Инвестиция және оның Қазақстан Республикасындағы
қызмет етуi
1. 1. Инвестиция, оның мәнi, түрлерi және сыныптамасы
1. 2. Қазақстан Республикасы экономикасындағы инвестицияның рөлi
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кiрiспе
Қазiргi кезде инвестициялық стратегияны негiзiнде шет ел инвестициясын тарту бағытында дамыту керек. Оны экономикалық кризистiң алдын-алу мақсатында қолдану керек. Осыған байланысты халық шаруашылығының қажеттiлiктерiн: толығымен, салалар және аймақтар бойынша қаржыландыру көздерiн ескере отырып, инвестицияны тиiмдi пайдаланудың кiлтi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентiнiң Жолдауына сай - экономикаға экономикалық өсудi қамтамасыз ету бәрi осы инвестицияға байланысты.
Осы алда тұрған мәселенi қарастыру өте қажеттiлiктi тудырады, ең алдымен оның iшiндегi инвестиция тартудағы мемлекеттiң рөлi. Елiмiздiң Президентi қарастырғандай соңғы 3 жыл экономикадағы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, монетарлық және несиелiк саясатты жүргiзу және бюджет дефицитiн қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан соңғы жылдар нақты экономиканы сауықтыруына, әлеуметтiк саясатты қамтамасыз етуге жiберiлу керек.
Сонымен қатар, ең керектi мәселе болып шетел инвесторларын қорғау табылады. Қазiргi кезде келесiдей экономика секторлары бар: табиғи ресурстарды қарастыру, инфраструктура, ақпарат және коммуникация, бұлардың бәрi елiмiзде негiзгi рөлдi атқарады. Бұл салаларды дамыту экономикаға ғана әсер етiп қоймай, әлеуметтiк жағдайды қалыптастырады. Бұл капитал сыйымды салаларға шетел инвестициясын тартып қана қоймай және оған мемлекеттiк қадағалау керек.
Мiне сондықтан бiздiң экономикамыздың өсуiне көмегiн тигiзетiн қаржыландыру көзi - инвестиция болғандықтан, мен оны курстық жұмыс барысында, сол инвестиция жайлы мәлiметтердiң бәрiн, оның экономикадағы әсерi туралы жайды қарастыруға тырысамын.
I бөлiм. Инвестиция және оның ҚР-дағы қызмет етуi.
1. 1. Инвестиция, оның мәнi, түрлерi және сыныптамасы.
Инвестиция, (капитал салу) . Халық шаруашылығының барлық салаларының негiзгi қорларына, өндiрiстi кеңейтуге кеткен материалдық шығындар, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы.
1. Инвестиция - бұл дегенiмiз капиталды сақтайтындай және оны өсетiндей, оң табыс әкелетiндей етiп орналастыру.
2. Қазақстан Республикасының “Шетел инвестициялар” туралы заңында “инвестиция” деген терминге тереңiрек анықтама бермек болған: “Инвестиция ол - кәсiпкерлiк мақсатта, пайда алу үшiн салынған инвесторлардың интелектуалдық меншiгi және басқа материалдың заттарға деген меншiк иелiгi”.
Ал мына анықтама тереңiрек болады деп ойлаймын.
3. Инвестиция - бұл барлық мүлiк түрлерi (жеке тұтыну тауарларынан басқа), лизинг шартына қол қойған кезден бастап лизингтi қосқанда, сонымен қатар оларға деген құқықты бiлдiретiн инвестордың жарғылық капиталына салған немесе тұрақтандырылған активтерге салған, кәсiпкерлiк мақсатта қолданатын қаржы.
Жоғарыда көрсетiлген анықтамалардан қорытынды жасап мен мынадай анықтама бердiм:
Инвестиция - ол жаңа технологияларды әкелумен және өндiрiстi кеңейту мен жаңартуға байланысты шығындар.
Инвестиция - ол бiздiң экономикадағы жаңа терминдердiң бiрi болып табылады. Орталықтандырылған экономика кезiнде негiзгi қорды жасауда және оларды ремонттауда “жалпы капитал салу” деген термин қолданылған.
Ол деген былай айтқанда нақты инвестиция “капитал салу” деген сөзге келедi. Бұл деген бiздiң күнiмiзде портфельдiк инвестицияға бара бар, ол дегенiмiз қаражатты акцияға, облигацияға және тағы басқа бағалы қағаздарға салу болып табылады.
“Экономист” журналында инвестициялық саясаттың негiзгi бағыттары анықталған. Сол кезде инвестициялық саясаттың келесi негiзгi мiндеттерi белгiленген:
мемлекеттiк емес секторға инвестициялық белсендiлiк тудыратын, арнайы орта тудыру, кәсiпорынды қайта жөндеу мақсатында жеке отандық және шетелдiк инвестиция тарту, сонымен бiрге ең керектi деген өмiрге қажеттi өндiрiс пен әлеуметтiк сферасына капитал салу тиiмдiлiгiн жоғарылату үшiн мемлекеттiк қолдау жасау.
Егер де капитал салуға тереңiрек тоқталсақ, онда капитал салуды 2 негiзгi қайнар көзiне бөлуге болады.
1. Оның бiрiншiсi табыс болып табылады. Табыс ол кәсiпорынның таза табысы ретiнде қарауға болады. Ол дегенiмiз сатылған тауар мен оның өзiндiк құнының айырмасын көрсетедi. Табыс - кәсiпорынның салық төлегеннен кейiнгi қалған таза табысы болып табылады. Осы табыстың бiр бөлiгiн капитал ретiнде салымды әлеуметтiк және өндiрушi салаларға жiберуге болады. Мiне, табыстың осы бөлiгi инвестиция болып табылады.
2. Екiншiсі, iрi қаржыландыру көзi болып амортизациялық аударымдар табылады. Осы аударымдар негiзiнде басқа ақша қаражаттары пайда болады. Оларды өндiрiстi кеңейтуге, жаңа технологиялар енгiзуге жұмсауға болады.
Осы жоғарыда айтылғандарға қарап келесiдегi қаржыландыру көздерiн көрсетуге болады:
1. Акционерлiк инвестициялық қор.
Акционерлiк инвестициялық қор қалай жұмыс iстейдi? Ашық түрдегi акционерлiк қоғамдар құрылып, соның негiзiнде айналысқа акция шығарады, ал тартылған қаражатты басқа элементтердiң бағалы қағаздарына салады. Олардың табысы болып, инвестициялық iс табылады.
2. Үлестi инвестициялық қор.
Үлестi инвестициялық қорда, акционерлiк қордан ерекшелiгi инвестор акционер болып табылмайды. Олар өздерiнiң ақшаларын сенiмдi басқарушыларға беру арқылы меншiгiнде ала отыра, таза табыс тауып отырады.
Бұл жерде инвестор мен басқару компаниясының арасында келiсiм-шарт жасалғандықтан, бұл келiсiм-шарт қоры деп те аталады.
3. Мемлекеттiк емес зейнетақы қорлары.
Дамыған елдерде Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржы нарығының белсендi қатысушылары болып табылады. Олар басқа инвесторлар сияқты жинаған зейнетақы салымдарын, көптеген өндiрiс орындарының инвестициялық портфельдерiне салады. Бiрақ та олардың негiзгi мiндеттерi салымдарды көбейту болып табылатындықтан, олар қаражаттарды негiзiнен тәуекелi төмен бағалы қағаздарға салады. Олар көбiнесе ұзақ мерзімді облигацияға салынады.
4. Инвестициялық банктер.
Инвестициялық банктер 1929 жылғы кризистен кейiн Америка Ѕґрама Штаттарында пайда болды. Сонда америкалық бағалы қағаздар мен биржа комиссиясы (SEC) коммерциялық банктерге инвестициямен айналысуға тыйым салды, өйткенi олар өздерiнiң қаражаттарын корпоративтiк бағалы қағаздарға салатын болған, ол дегенiмiз тәуекел өте жоғары деген сөз. Сондықтан да сол жылдардан кейiн инвестициялық банктер құрыла бастады.
Қазiрдiң өзiнде әлемде көптеген инвестициялық банктер жұмыс iстейдi.
Инвестициямен және оның қаржыландыру көздерiмен танысып болғаннан кейiн, ендi оның түрлерiмен және сыныптануымен танысайық.
Россиялық экономист Игошин В. В. инвестицияның 2 түрiн бөлiп көрсетедi:
а) Тiкелей инвестиция
б) Портфельдiк инвестиция.
Тiкелей инвестиция- ол инвестордың инвестициялық процесспен тiкелей байланысын көрсетедi, дәлiрек айтсақ, инвестор өзiнiң ақшасын қай объектiге салатынын және қаржыландыруды ұйымдастыруды қадағалайды. Бұл кезде қаржыландыру көзi болып өзiнiң қаражаты немесе тартылған қаражат табылады.
Меншiк қаражатының құрамына табыс пен амортизациялық аударымдар кiредi.
Қарызға алған қаражат болып банктiк несие немесе бағалы қағаз табылады.
Портфельдiк нвестиция- ол заңды немесе жеке тұлғаның өз қаражатын қаржы делдалдары шығарған бағалы қағаздарға салу арқылы жүзеге асырылады. Ал өз кезегiнде эмитент ол қаражатты өзiнiң өндiрiсiн кеңейтуге пайдаланады.
Бұлар уақыт аралығына қарай ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi болып бөлiнедi.
Инвестицияның мақсатына қарай 3 типке бөлiнуi мүмкiн:
Материалды активке инвестициялау, дәлiрек айтсақ қаражатты 1 жылдан артық қолданылатын ғимараттарға, құралдарға, машиналарға салу.
Қаржылық активтердi инвестициялау, бағалы қағаздарға салу.
Материалды емес активтердi инвестициялау, бұл жерде лицензияларды сатып алу, патенттердi, ғылыми-техникалық жаңалықтар ашу, квалификацияны жоғарылату, қоршаған ортаны қорғау тағы сондай сияқтылар қарастырылады.
Ең негiзгi макроэкономикалық фактор болып экономикадағы қаржы салатын нақты сектордың болмауы табылады. Бұның негiзi болып мемлекеттiң ұзақ басыңқылығының болмауы, саясаттың дұрыс болмауы табылады.
Жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнiң инвестициялық активтiгiн белсендету болып келесi ерекшелiктер табылады:
Инвестиция сыныптамасы.
Инвестициялық қатынастың негiзiнен субъектiсi болып заңды тұлға табылады. Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларға төмендегiлер жатады:
шаруашылық серiктестiктер, акционерлiк қоғамдар, кооперативтер; мемлекеттiк және муниципалды өнеркәсiптер; коммерциялық емес ұйымдар.
Инвестициялық процесстi ұйымдастыру және оларды қаржыландыру шарттары ұйымдық-құқықтық нысанына байланысты болады.
Осы меншiк нысанына байланысты жеке, мемлекеттiк, шетелдiк және аралас инвестиция деп бөледi.
Жеке инвестиция - азаматтардың акция, облигация және тағы басқа бағалы қағаздарға өздерiнiң қаражаттарын салу.
Мемлекеттiк инвестиция - Үкiмет және аймақтық билiк органдарының бюджет қаржысы, арнайы қорлар қаржысы арқылы қаржыландыру.
Шетелдiк инвестиция - шет елдiк азаматтардың инвестициясы.
Инвестициялық әрекеттiң негiзгi субъектiсi - инвестор. Ол меншiк, қарыз және қатыстырылатын қаражаттарды инвестиция түрiнде жұмсауды iске асырады.
Негiзгi шаруашылық әрекетiнiң бағытына қарай инвесторларды жеке және институционалдық инвесторларға бөледi. Жеке инвестор - негiзгi өндiрiстiк-шаруашылық әрекеттiң дамуына инвестиция түрiнде салым салушы жеке және заңды тұлға. Институционалды инвестор - жеке инвесторлардың қаражатын жинақтап, инвестициялық әрекет жасаушы қаржы ортақолдықтар. Институционалды инвесторларға әлбетте құнды қағаздар операцияларына мамандандырылған инвестициялық компанияларды, инвестициялық қорларды жатқызуға болады.
Барлық инвесторлар:
кез келген түрдегi инвестициялық әрекет жасауға;
инвестицияланатын объектiнi иемденуiне, пайдалануға, өнiм жасауға;
инвестицияның көлемiн, және бағытын өз еркiмен анықтауға;
инвестициялық әрекетке келiсiм бойынша басқа субъектiлердi
қатыстыруға;
инвестициялық қаражаттың мақсатты жұмсалуына, жасауына және тағы басқаға тең қатысты.
Инвестициялық әрекеттiң келесi субъектiсi - тапсырыс берушi. Тапсырыс берушiлерге инвестициялық жобаларды iске асырушы, бiрақ та кәсiпкерлiк әрекетiне араласпайтын инвестормен уәкiл етiлген жеке және заңды тұлғалар жатады.
Мердiгерлер болып тапсырыс берушiмен келiсiммен жұмыс атқарушы жеке және заңды тұлғалар есептеледi. Мердiгерлердiң әр
түрлi әрекетте жұмыс iстеуiне қажеттi лицензиясы болуы керек. Инвестициялық әрекеттiң объектiлерiн пайдаланушыларға кiретiндер: инвесторлар, жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк ұйымдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару ұйымы, халықаралық бiрлестiктер және ұйымдар.
Инвестициялық әрекеттiң субъектiлерi практика жүзiнде қаржы салымдарын iске асыруды орындаушы инвестициялық салада жұмыс iстейдi.
Инвестициялық салаға жататындар: өндiрiстiк және өндiрiске жатпайтын негiзгi құралдарға инвестиция салынатын, күрделi құрылыс саласы;
Жаңартпашылық салаға - ғылыми-техникалық өнiмдердi және парасатты әлуеттi iске асыруды жатқызады.
Қаржы капиталының айналым саласына: ақша, қарыз және әртүрлi түрдегi қаржы мiндеттемелерi жатады.
Субъектiлердiң инвестициялық әрекеттерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен, “Құнды қағаздар нарқы туралы” және “Қазақстан Республикасының инвестициялық әрекетi” - туралы заңдармен реттеледi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет меншiк түрiне қарамай инвестицияны қорғауға кепiлдiк бередi.
Инвестицияны басқару.
Инвестицияны басқаруға қатысатындар:
инвестициялық әрекеттi мемлекеттiк деңгейде басқару, сол арқылы инвестициялық әрекеттi реттеу, бақылау, ынталандыру;
жекелеген инвестициялық жобаларды басқару. Ол өзiне жоспарлауды, ұйымдастыруды, бақылауды қоса отырып, инвестициялық жобаның јазiргi жүйе әдiстерiн және техникаларды, басқаруды қарайды;
жекелеген шаруашылық етушi субъектi - кәсiпкерлiк етушi фирманың инвестициялық әрекетiн басқару - инвестициялық объектiнi таңдауды, инвестициялық процестiң жайын бақылауды басқарады.
Фирмалар бойынша инвестициялық әрекеттi басқару ең тиiмдi капитал салымын iске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
1. 2. Қазақстан Республикасы экономикасындағы инвестицияның рөлi.
Өтпелi экономикада - құлдыраудан жоғары көтерiлудiң шарты болып - жоғары инвестициялық белсендiлiкпен қоса капиталдың тиiмдiлiгiнiң жоғарылауы табылады.
Жалпы Iшкi өнiмдi 1%-ке жоғарылату үшiн, өндiрiстiк инвестиция көлемiн 3%-ке дейiн өсiру керек.
Қазақстанда осындай жағдайларды жасау ендi-ендi қолға алынып келедi.
Осы тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн Қазақстан Республикасында инвестициялық жағдай өте төмен болды. Осы инвестицияны Жалпы Iшкi өнiммен салыстырғанда да өте төмен болды. Соның салдарынан Отандық инвестиция, ұлттық шаруашылыққа қарағанда кризиске ұшырады.
Қазақстан Республикасындағы негiзгi салынған инвестицияның жалпы көлемi.
Жалпы Iшкi өнiм
2000 жылға
қарағанда %-өсуi
Инвестиция
Негiзгi капиталға
инвестиция
(млрд. тенге)
1999 жылға
қарағанда %-өсуi
Егер де осы жоғарыда көрсетiлген мәлiметтерге анализ жасасақ, экономикамызда қандай да бiр прогресс пайда болғанын байқаймыз. Жоғарыдағы цифрлар бойынша елiмiздегi Жалпы Iшкi өнiм мен негiзгi капиталға инвестиция жоғарғы қарқынмен өсуде. Ең жоғарғы өсу ол 2001 жылы 287, 1% 98 жылға қарағанда.
Қазақстан Республикасының экономисттерiнiң санауы бойынша, экономиканың тұрақты өсуiне келу үшiн жинақтау деңгейi Жалпы
Iшкi өнiмге кемiнде 25%1, ал негiзгi капиталға салынатын инвестиция Жалпы Iшкi өнiмге 17-18% аралықта болуы керек. Соның өзiнде кризиске дейiнгi экономикалық жағдайды қалыпқа келтiру үшiн жылдық өсiм 5-6% өзiнде 70 Үлкендiк ережесi бойынша 12 жыл керек. Дәлiрек айтсақ, ең оптималдық көзқарастар бойынша, Қазақстан Республикасында бұрынғы экономикалық жағдайды қалыптастыру
2008-2010 жылдарында болады. Бұл болжам басқа Қазақстан экономистерiнiң 10 жыл iшiнде Қазақстан Республикасының экономикасы орнына келедi деген жоспарларымен сай келiп тұр. Осыларды салыстыру үшiн американ ғалымдарының постсоциалистiк Еуропа елдерiн зерттеген кездегi жасаған бағаларын келтiрейiк. Олардың айтуы бойынша Венгрия, Польша, Чехия және Словакия (28% құлдырау) экономикасын қалпына келтiру үшiн 5-6 жыл кеткен.
Ал Болгария, Албания, Румыния елдерiнде бұл мерзiм 13 жылға дейiн созылған.
Инвестициялық қатынасты дамыту үшiн, негiзгi тұжырымдамаларды инвестордың жағдайына қарай өзгерту керек. Осы экономикамыздағы дамымай жатқан салаларға жарнама жасап, инвестор келетiндей етiп оларға инвестициялық жағдай
жасау керек. Осы жоғарыда аталғандардың бәрi Қазақстанда инвестициялық стратегия жасауына әкелiп соқтырады. Жекелеп айтқанда:
Мемлекеттiк инвестициялық саясаттың негiзгi тґжырымдамалары мен принциптерiн жасау.
Мемлекеттiк инвестициялаудың басыңқыларын анықтау, технологиялардың прогрессивтi дамуына жағдай жасау, әлеуметтiк жағдайларды қамтамасыз ету.
Инвестицияны тартуға және тиiмдi қолдануға, ұйымдастыру -экономикалық механизмiн жасау, халықтың, Шаруашылық Жүргiзушi Субъектiлердiң, банктердiң бос жатқан қаражаттарын инвестицияға тарту жолдары мен әдiстерiн табу.
Экономиканың нарыққа өтуiмен байланысты макроэкономикалық саясаттың және инвестициялық қатынастың өсуiне байланысты мемлекеттiң қосымша қызметтерi пайда болады. Сонымен мемлекеттiң инвестициялық сферадағы жаңа функциялары төмендегiдей:
Мемлекеттiң экономикалық өсуiнiң басыңқыларын анықтау.
Мемлекеттiк инвестициялық бағдарлама жасау.
Мемлекеттiк орталықтандырылған инвестицияларды дұрыс орналастыру мен мемлекеттiң бiрiншi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру, бiрiншi қатардағы басыңқылардың орындалуын қамтамасыз ету.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz