Шет тілі сабағында шетел мәдениетіне үйретудің әдістемесі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Шет тілі сабағында шетел мәдениетіне үйретудің әдістемесі»

Орындаған: топ студенті

Ғылыми жетекші:

Қарағанды 2013

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1 Шетел мәдениеті - шет тілі сабағының бір бөлігі5

1. 1 Мәдениетаралық байланыс - шетел мәдениетіне үйретудің негізі5

1. 2. Тілдің лексикалық және грамматикалық құрылымындағы шетел мәдениеттің көрінісі11

2 Шетел мәдениетіне орта мектептегі шет тілі сабағы арқылы үйретудің практикалық мәні16

2. 1 Шет тілі сабағы арқылы шетел мәдениетіне үйрету жаттығулары мен тапсырмалардың жүйесі16

2. 2 Шетел мәдениетіне мультимедиялық бағдарламалардың көмегімен үйретудің әдістемелік негізі17

2. 3 Шет тілі арқылы шетел мәдениетіне үйрету практикалық жұмыстарының нәтижелері21

Қорытынды26

Қолданылған әдебиеттер тізімі28

Кіріспе

Бүгінгі таңда шетел тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, шетел тілін сол тілде сөйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара тығыз байланыста қарастырудың, студенттің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті қалыптастырудың маңызы зор. Өйткені шетел тілін оқытудың бұл аспектісі тілді этностың мәдениетімен тығыз байланысты қарастыруды, соның негізінде студенттердің бойында тілін үйреніп отырған халықтың салт-дәстүрі, наным сенімдері, тарихы т. б. жайындағы білімді қалыптастыруды талап етеді. Ал мұндай шынайы өмірге негізделген білім студентті көп мәдениетті орта жағдайында, әрекет ете алуға, жағдайға сай шешім қабылдауға, шетел тілін тек тілдік нормаларға ғана емес, сонымен қатар сол тілде сөйлеуші ұлт дәрежесінде қолдануға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Негізінен шетел тілінің әлеуметтік - мәдени біліктілігін оқыту мәселесі ғылымда орын алған жаңа бағыттың бірі екендігіне қарамастан әртүрлі отандық және әлем ғалымдарының Халеева И. И, Тер-Минасева С. Г, Сысоев В. П, Выготский Л. С, Құнанбаева С. С. зерттеу жұмыстарының нысанына айналған. .

Сонымен бірге мәдениеттану біліктілігі тілді нақты бір жағдайда қолдануды анықтайтын және міндеттейтін фактор ретінде оған көп көңіл бөлу керек деген С. В. Сенченконың пікірмен келісеміз. Әлеуметтік-мәдени біліктілік біздің түсінігіміз бойынша нақты бір әлеуметтік ортада тілді лингвистикалық, психологиялық, мәдени қабылданған әлеуметтік ережелерді білу. Бұл ережелерді оқушыға меңгерту табиғи жолмен әлеуметтік және қатысымдық ара-қатынасы кезінде сол қоғамның өміріне әлеуметтік мәдени құрамдас бөлігін енгізген білім берудің мазмұнын жаңарту керек. Шетел тілін оқыту мазмұнының әлеуметтік-мәдени құрамдас бөлігі студенттің мәдениетаралық еркін қатынас алуға себеп болатынын таныстыруға, әртүрлі ұлттардың мәдениетін түсініп, құрметтей білуге, үйретеді десек, оның мұндай маңыздылығы әлеуметтік-мәдени біліктілікті теориялық және практикалық тұрғыдан тереңірек зерттей түсуді қажет етеді. Қоғамдық сұраныспен ұштасып жатқан әлеуметтік мәдениет құрамдас бөлігін енгізген білім берудің мазмұнын жаңарту керек. Шетел тілін оқыту мазмұнының әлеуметтік - мәдени құрамдас бөлігі студенттің мәдениетінің диалогқа еркін қатыса алуға себеп болатын тұлғалық қасиеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады .

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шет тілі сабағын оқыту барысында студенттердің бойында өзге ұлттың мәдениетін қалыптастыру, оқу сабағына жаңа әдістемені енгізу.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Шетел тілін оқыту кезінде оқушыларға әлеуметтік - мәдени біліктілікті қалыптастырудың теориялық негізде анықтау. Осы негізге сүйене отырып арнайы әдістеме жасау.

Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • шетел мәдениеті - шет тілі сабағының бір бөлігі ретінде қарастыру;
  • тілдің лексикалық және грамматикалық құрылымындағы шетел мәдениеттің көрінісін зерттеу;
  • шетел мәдениетіне орта мектептегі шет тілі сабағы арқылы үйретудің практикалық мәнін анықтау;
  • шет тілі сабағы арқылы шетел мәдениетіне үйрету жаттығулары мен тапсырмалардың жүйесін құрастыру;
  • шетел мәдениетіне мультимедиялық бағдарламалардың көмегімен үйретудің әдістемелік негізін қалыптастыру;
  • шет тілі арқылы шетел мәдениетіне үйрету практикалық жұмыстарының нәтижелерін айқындау.

Теоретикалық маңызы. Шет тілі сабақтарында мәдениеттанулық фактілер қазіргі таңда кеңінен қолданылуда. Берілген тәсілді теория түрінде дәлелдеу және оны қолдануда лайықтылығын талдау қажет.

Практикалық маңызы. Жүргізілген жұмыс нәтижелері шет тілі сабағында мәдениет туралы фактілерді және білім беру мен тәрбиелеу мақсатында реалиялардың кейбір ерекшеліктерін де қолдану қажет деп қорытындылауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нысаны. Шет тілі сабағында шетел мәдениетіне үйретудің әдістемесі болып табылады.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Шетел мәдениеті - шет тілі сабағының бір бөлігі 1. 1 Мәдениетаралық байланыс - шетел мәдениетіне үйретудің негізі

Қазіргі заманғы шет тілдеріне үйрету әдістемелерінде шетелдік коммуникативті қызметті меңгеру мәдениет аралық байланыс ретінде көрінеді.

Көптеген авторлар мәдениет аралық байланысты әр түрлі мәдениетке жататын комуникация қатысушыларының бір-бірін дұрыс түсінуі деп біледі. Берілген түсініктемеден, мәдениетаралық байланыс - бұл болмысы бойынша күрделі және көп еңбекті талап ететін қабілет екендігі көрінеді. Бұл ретте оқытудың негізіндегі әлеуметтік мәдени компонентке ерекше рөл беріледі, ол тілді нақты бір жағдайларда ғана қолдану керектігін түсіндіруші негізгі фактор және мұнысымен ол оқушылардың шет тілдік байланыстық құзыреттілігіне әсер етеді. Мысалы, мәдени құзыреттілігі оқушыларға қандай жағдайда How are you doing, sir? (Қалыңыз, сэр?), What's up, dude? (Қалайсың, достым?) қолдану керектігіне мәлімдеме бере алады. Яғни мәдениеттің функциясы ойды жеткізудің дұрыс қойылуына алып келеді, яғни сұхбаттасушының лауазымын, мінезін, қарым-қатынас ұстау орны мен мақсатын айқындайды. Бұл жерде біз шет тіліне үйретудегі әлеуметтік мәдени компоненттің мазмұнын үш бағыт бойынша қарастырғымыз келеді: әлеуметтік мәдени, ұлттық ділдік, ұлттық игілік . Мәдениетті жасанды барлығын қамтып тұрушы кедергілермен шектеуге болмайды, сондықтан көрсетілген компоненттер тек мәдениеттің негізгі бағыттары болып табылады [1, б. 39] . Оларға тоқтала кететін болсақ.

«Әлеуметтік коммуникация» термині ретінде біз белгілі бір мәдениеттің немесе субмәдениеттің өкілдеріне ауызша немесе жазбаша ақпараттарды жеткізудің амалдарын түсінеміз. Оған біздің қолданыстағы тілдердің арасына қойылатын өзгешеліктер жатады. Мұндай өзгешеліктер лексикада байқалуы мүмкін (жалпы қолдану саласы: to prepare/to ready; сауда саласы: shop/store; тұрмыс: garden/yard; \ спорт: football/soccer; демалыс: holidays/vacations; транспорт underground/ subway; туризм: single ticket/one way ti­cket; киім: pants/undershirts және т. б., сонымен қатар әлеуметтік түзетілген лексикалық бірліктер: doggy bag; drive through; pink slip - АҚШ, бұл грамматикада лингвоелтануды зерттеудің нысаны болып табылады (мысалы, ағылшын тілінің американдық нұсқасы британдық Present орнына Past Simple Tense қолданумен ерекшеленеді; фонетикасында - әр түрлі штаттардағы әр түрлі айтылулармен ерекшеленеді. Тілге сонымен қатар тілде сөйлеушілердің қарым-қатынасы кезінде қолданылатын дыбыстардың тілі жатқызылады (hoops - абайсызда соқтығысып қалғанда, auch - қатты қорыққанда, ауырғанда, yack - бірдеңені жек көргенде, woah - таң қалғанда) . Әлеуметтік байланыс құралдарына біз ым-ишараның, вербалды емес қарым-қатынасты жатқыза аламыз. Мысалы, жоғарыға көтерілген жұдырық американдықтар үшін күш пен билікті білдіреді. Бұл белгіні көтерілістер кезінде азшылықтың өкілдері қолданады. Жазбаша байланыстың ерекшеліктеріне біз күндерді, қаралуларды, мекен-жайларды, қорытындыларды, түйіндеменіғ іскерлік хаттамаларды, есеп берулерді және т. б. жазуды жатқызамыз. Кейбір жағдайларда әлеуметтік байланыс құралдарындағы білімнің жоқтығы түсініспеушілікке немесе мәдени конфликтіге алып келеді. Мысалы, күнді жазудың ережесін білмеу (Қазақстанда: күні/айы/жылы; АҚШ: айы/күні/жылы) ақпаратты дұрыс емес түсінуге алып келеді [2, б. 45] .

Ұлттық ділділік деп біз белгілі бір мәдениеттің немесе субмәдениеттің өкілдерінің ойлау қабілетін түсінеміз, ол олардың мінез-құлығы мен басқа адамдардан күтетін әрекеттерін білдіреді. Ділділік саласындағы зерттеулерге сәйкес, біз зерттелетін халықтың ділділігін үш бағытта қарастыруды ұсынамыз: жалпы, жағдайлық және мәдени өзін-өзі анықтаушылық.

Ділділіктің жалпы сипаттамаларына үш компонент жатады: білім, мінез-құлық және қарым-қатынас. Бұл компоненттің негізгі үлгілеріне сол тілде сөйлеушілердің салт-дәстүрлер», мерекелері жатады.

Ділділіктің жағдайлық сипаттамаларына қабылдау мен жеткізу қондырғылары кіреді. Американдық ділділік үшін біз индивидуализм, болашаққа бағдар, бірлестік, берілмеушілік, жеке кеңістік және т. б. тән деп қарастырамыз. Бұл белгілер сол тілде сөйлеушілердің мінез-құлығына және қоршаған ортаны түсінуіне әсер етеді.

Ділділік туралы айта отырып, тағы бір элементті көрсете аламыз - мәдени өзін-өзі анықтаушылық, оның құрамына төменде айтылатын жалпы және жағдайлық сипаттамалар кіреді. Қоғамда адамдар белгілі бір критерийлер бойынша топтастырылады: мүдделері, ортақ құндылықтары, бағыттары, мамандықтары, саяси көзқарастары және т. б. Әр келтірілген белгі бойынша адамның қай топқа жататынын анықтауға болады. Сондықтан оқушылар ұлттылығы бойынша бірігетін топтармен мәдениетті қарастыруда танысатын болады. Шет тілдерін оқу кезінде оқушылар зерттелетін тілдің барлық ұлттарының ерекшеліктерімен таныстырылуы керек, бұл олардың тілге деген құштарлығын арттыра түседі [3, б. 95] .

Әлеуметтік мәдениеттің компоненті болып табылатын ұлттық құндылықтарға ғылым, өнер, тарих, дін, ұлттық саябақтар, тарихи қорғандар және т. б. жатқызамыз. Бұл сала өте кең болып, мысалдарына шек қойылмайды. Шет тілі арқылы әлеуметтік біліммен танысудың мақсаты келесідей: әр тілде сөйлеуші мақтан тұтатын ұлттық құндылықтармен оқушыларды танытыру; ұлттың мәдени құндылықтарын да қарастыру керек. Мысалы, тарих туралы айтқанда тарихи оқиғалардың қоғамның дамуына әсерін қарастыру; ескерткіштерімен таныстыра отырып, оқушыларды сәулет өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру; ұлттық саябақтарды зерттегенде, сол ұлттың қоршаған ортаға деген қарым қатынасымен таныстыру. Ұлттық құндылықтар - бұл өзінше бір концептілерді білудің ұлттық әлеуметтік мәдени білімдерінің көрінісі, ол мәдени құндылыққа ие.

Білім беру мазмұнының әлеуметтік - мәдени компоненті оқушыларды мәдениет диалогына қосу, жалпы адамзаттың мәдениет дамуындағы ұлттық мәдениет жетістіктерімен таныстыру тұрғысында үлкен потенциалға ие. Мәдениеттер диалогы контекстінде шет тілін оқыту оқушының тұлғалық дамуында қуатты фактор болып табылады. «Мәдениет диалогы» ұғымы шет тілін оқытудың қазіргі заманғы әдістемелік теориясында кеңінен қолданылса да, өзін нақтылауды қажет етеді.

Мәдениеттер диалогын оқушының туған мәдениеті мен үйреніп жатқан тіл иесінің мәдениетімен өзара әрекеттестігі ретінде түсіну таяз болатыны анық. Қазіргі заманғы психолингвистикалық ғылымда мәдениеттер диалогы мәдени заттармен, әрекеттермен (дәлірек, әрекеттерді жүзеге асыру құралдарымен алмасу, яғни операциялармен алмасу) алмасу деп, және бөтен мен өз мәдениетінің бейнелері өзгешелігіне рефлексия кезіндегі басқа мәдениет иелері сана-салтын түсіну мақсатында нақты және мәтінде суреттелген сөздермен ассоциацияланған сана салтымен алмасу деп те түсіндіріледі.

Бөтен мәдениетке араластыру үрдісі кезінде мәдениеттер диалогы контекстінде оқушы өз мәдениетінің танымдық құралдарына, бөтен мәдениетті тану кезінде бөтен мәдениет туралы жасақталған жаңа білімдерге сүйенеді. Дәл осыда оқушының мәдениетаралық қатынасқа теңбе - тең қатысу қабілетінің маңызды құрамдасы ретіндегі олардың екінші қайтара тілдік санасын қалыптастырудың мәнісі бар [4, б. 57] .

Екінші топқа тілдік бірліктер симантикасында тілін үйренетін ел мәдениетін көрсететін фондық, коннотивті және эквивалентті емес лексиканы оқушылардың білуі кіреді. Оқушы неғұрлым көп ұғымдарды қолданса және ол игерген және пайдаланатын елтанымдық және лингвоелтанымдық ақпараты неғұрлым алуан түрлі болса, оның тәжірибесінде ассоциативті көрсетілген әлем суреті соғұрлым ауқымды, шет тілі құралдарымен белгілеу мен қолдану үшін оның симантикалық және мәндік сүйеніштері көп болады.

Бұл жерде әлеуметтік - мәдени компонент тарих, әдебиет, география және т. б. бойынша шынайы білімді, яғни туристке маңызды болатын білімді хабарлауды ғана ұйғармайды. Фактілерді білу оқушы мәдениетаралық құзырлығын дамытуға қандай дәрежеде негіз болатынында ғана маңызды болмақ. Осы білімдерді игеру технологиясы оқушыларды өзге мәдениет феномендерін өзінің, бастапқы мәдениетімен салыстыра отырып түсінуге үйрету тиіс.

Оқытудың дәл осы аспектісі олардың білімқұмарлығын, әлемді сезіну мен әлемтанудың өзге тәсілдеріне қызығушылығын және оны бақылау қабілетін, бар және жинақталып жатқан мәдени тәжірибесіне рефлексияға қабілеттілігін дамытуға үндейді .

Экстарлингвистикалық елтанымдық ақпарат көп мөлшерде өмір, ғылым, әдебиет, өнердің әртүрлі облыстарынан мәдениет танымдық мәліметтерді жиыстыратын пән аралық байланыстармен айқындалады .

Мұғалімнің міндеті оқушының тілге мәдени феномен ретінде құнды көзқарасын дамыту ғана емес, сонымен бірге өзге әлемді түсіну феномендерін байыптау барысында қоғамдық өзара байланыс пен жеке құндылықтарды рефлексиялау мен сіңіруді ынталандыру да болып табылады.

Әлеуметтік - мәдени компонент Никитенко, Осиянованың тәсілдерінде айтарлықтай толық жүзеге асырылған, онда осы компоненттің құрамдас бөлімдерінің барлығы көрсетілген. Оқу процесінде сөздің бір мезетте шынайы болмыс белгісі мен тіл бірлігі болатынын ескеру қажет .

Эквивалетті емес және фондық лексика комментарийді қажет етеді, мұғалімнің ерекше назар аударуын талап етеді. Эквивалентті емес сөздер қатаң, тура мағынада аударылмайды да олардың мағынасы түсіндіру жолымен ашылады. Мысалы ретінде мерекелер мен символдар атауын алуға болады: ағылшын тілінде, мысалы, көлік атауы; double - decker; американ тілінде: drugstore - дәріхана, дәмхана; strong bath - денені сулы ысқышпен сүрту. Орыс тілінде жоғарыда көрсетілген лексиканың баламасы жоқ [5, б. 59] .

Фондық лексика ішінде жеке тұрлаусыз белгілерінің семантикалық бөлшектері түйіспеуінен өз фондарымен ерекшеленетін сөздер болады.

Фондық мағыналарды лексикалық бірліктерге айқын байлаусыз сипаттау мүмкін емес.

Бұл сөздер әрине, бір ерекше көрікті нәрсемен ассоциаланып тіл мен мәдениет иелері санасында болады және жиі қандай да бір ұғым арқылы суреттеледі, мысалы: Sir Walter Raleigh (Уәлтер Рэли) - теңіз жүзуші; Америкадан Европаға темекіні алып келеді; Bristol (Бристоль) - порт және қала, шығанақ арқылы үлкен көпір .

Фондық лексикаға қандай да бір деңгейде болмыс та сәйкес келеді - тек белгілі бір ұлттар мен халықтарға тән материалдық мәдениет заттары, тарих фактілері, мемлекеттік институттар, ұлттық және фольклорлық кейіпкерлердің мифологиялық жәндіктер т. б. атаулары.

Шынайы болмыста мәдениет пен тіл арасындағы байланыс немесе жақындық аса көрнекті байқалады: рухани және материалды өмірде, яғни мәдениетте, жаңа болмыстардың пайда болмысымен тілде де болмыстар пайда болады. Ағылшын тілі материалында болмыстарға мысал ретінде өмірдің түрлі әлеуметтік, саяси, тұрмыстық жақтарын білдіретін келесі сөздерді, топонимдер мен антропонимдерді келтіруге болады. мысалы: этнографиялық болмыстар, тұрмыс болмысы: kilt - плиссирленген белдемше, тағам және сусындар; Coca - Cola - американдық жаратылысты тәтті алкогольсіз сусын, fast -food - гамбургер, балық және чипсы, пицца және тауық сияқты тез дайындалып кіші ресторандарда сатылатын тағам. Қарым - қатынас процесіне қатысу көп нәрсені, атап айтқанда коммуникативтік құзырлықты немесе коммуникативтік жүріс - тұрыс білімін талап етеді.

Қазіргі заманғы лингвистикада коммуникативтік құзырлықтың астарында лингвистикалық құзырлықты, яғни тілдік материал мәліметтерінің белгілі жиынтығын игеру жатқан, қатынас жағдайлары және міндеттері мен тіл құралдарының ара қатысын белгілеу шеберлігі және жүріс - тұрыстың әлеуметтік ережелері мен айтылған сөздің коммуникативтік тиімділігін ескере отырып тілдік қатынасты ұйымдастыру қабілеті түсіндіріледі.

Коммуникация процесі ретінде коммуникативтік тәсіл оқуда кең болашағын ашады; тілді тек тіл құрылымы тұрғысынан емес, орындайтын коммуникативтік функцияларын ескеріп қарастыруды талап етеді. Шет тілін үйрену мәдениет танымдық білімдерді (мәдениет фактілері) сіңіруді ғана емес, сонымен бірге үйреніп жатқан тіл иелерінің менталдығы мен осы ел халқының коммуникативтік жүріс - тұрыс ерекшелігін түсінуге даярлығы мен қабілетін қалыптастыруды көздейді ұлттық мәдениетті игерумен тығыз байланысты .

Орыстың коммуникативтік мінез - құлқының негізгі ерекшеліктеріне кіретіні: көпшілдік, адалдық, сезімдік, сырлы сұхбат басымдығы, зиялы қатынаста сүймеушілік, тақырыптық алуандылық, қатынасқа үшінші жақтың кірісу бостандығы, доминанттық, дауда компромиссіздік, тұрмыстық көңілсіздік және басқалары.

Ағылшындық коммуникативтік жүріс - тұрысы ерекшеліктері: аз сөздік, дауыстап сөйлеудің төменгі деңгейі, өзін -өзі бақылау дәрежесінің жоғарылығы зиялы қатынастың дамығандығы, зиялы қатынастың тақырыптық табуленуінің жоғары деңгейлігі, жазбаша қатынастың үлкен рөлі [6, б. 20] .

Ұлттық мәдениет туралы, тіл иелері коммуникативтік мінез - құлығы туралы айтқанда вербалды және вербалды емес мінез - құлық, жүріс - тұрысты ажыратады. Қоғамда тарихи дәстүр, салт, әлеуметтік жағдайлар әсерінен қалыптасқан қатынасқа түсушілердің мимикасын, тұрған тұрысын, қимылын қоса қатынастың ұсынылып отырған ережелерін көрсететін қатынас дәстүрлері мен ережелер жиынтығын вербалды емес коммуникативті жүріс - тұрыс деп немесе вербалды емес тіл (қатынастың мақау тілі ) деп аталады. Вербалды емес тілдер тек коммуникацияға емес, ең алдымен студенттің ішкі дүниесін және оның оқытатын вербалды тіл иелеріне, олардың мәдениетіне, олардың өмір сүру амалдарына қатынасын қалыптастыру үшін маңызды. Бұл тұрғыда күнделікті мінез -құлық тілі аса маңызды болмақ.

Сонымен, вербалды емес мінез-құлық коммуникативті болмақ және ұлттық шартталған, шет тілін оқытуда ол ескерілу тиіс. Бірақ қимыл тілі жалпы адамзаттық тіл еместігін бәрі бірдей түсінбейді да қимыл символикасын бір мәдениеттен екіншіге көшіреді, соның нәтижесінде коммуникация жоқ болады немесе қиындайды. Соңғы уақытта "қимылдық" мәселе әдіскерлердің көзіне түсе бастады .

Сонымен, шетел тілін оқыту мазмұнын елтанымдық біліммен қанықтыруды оны оқытудың бастапқы кезеңінен бастаған маңызды. Бұл білім беру мазмұнын іріктеуге жаңы тәсілге себепкер болады. Бұл кезде барлығы мәдениетаралық коммуникацияға жұмыс істеуі үшін және тілін үйренуші елдің ұлттық мәдениетімен байланысты қамтамасыз ету үшін әр компонентті тілін үйренуші ел мәдениеті туралы ақпартпен (білім, тілдік материал, жағдайлар, тақырыптар, дағдылар мен шеберліктер ) байыту қажет болады .

Шет тілін үйренудің алғашқы кездерінде ел танымдық ақпарат қызықты сипат алды. Қызықтылық пәнге танымдық қызығушылықтың алдында болатыны белгілі, ал жарқын әсерлер студенттерді оқуға деген қызығушылығын оятуға көмектеседі. Оған негізгі себепкер бола алатындар : танымдық қызмет саласын тереңдету мен кеңейтуге ұмтылу, тіл иесі халқының мәдениетіне қызығушылық. . Екінші жағынан, әлеуметтік - мәдени компонент қатынас құралы ретінде шет тілін анағұрлы саналы меңгеруге түрткі болады . .

Ағылшын тілді елдер өмірінің баяндалмаған немесе қажетті деңгейде баяндалмаған тұстары туралы сан алуан мәліметтер кірістірілген: мемлекеттік құрылым, әлеуметтік қамсыздандыру, қазіргі заманға қоғамдағы жастар құқығы мен жағдайы, жастар субмәдениеті мәселелері, кино мен театр, географиялық жағдайы және оның ұлттық мінездің кейбір тұстарын қалыптастыруға және өмір салтына әсер етуі, шет тілді елдер өкілдерінің әлемдік мәдениет пен ғылыми - техникалық прогреске үлесі және т. б . сұрыпталғын мәліметтер 7 циклға бөлініп алынды :

  1. How different world is ?
  2. Western democracies . Are they democratic ?
  3. What is hot with young generation ?
  4. Is it easy to be young ?
  5. Is the system of social welfare fair ?
  6. What helps you to enjoy yourselves ?
  7. Inventions that shook the world .

Тілін үйренуші ел туралы мәліметтері бар барлық мәтіндер аутентті болып табылады .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері
Шет тілінің қарым - қатынас құралы ретінде сөйлеу дағдыларын оқыту әрі дамыту процесі
Шет тілін оқытудың принциптері
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Шетел тілі оқыту әдістемесі
Сөйлеуді оқытудың инновациялық технологиялары
Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
Бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін үйретуде ойын элементтерін пайдалану
Шетел тілдеріне оқытудың құралдары
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz