Шеттілдік қатынастық сөз-тілдік негіздері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды Болашақ университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Шет тілін оқыту әдістемесі
Тақырыбы: «Шеттілдік қатынастық сөз-тілдік негіздері»
Орындаған: топ студенті
Ғылыми жетекші:
Қарағанды 2013
ЖОСПАР
КІРІСПЕ3
1 ШЕТ ТІЛІНЕ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ5
1. 1 Шет тіліне оқыту психологиялық-педагогикалық проблема тәрізді5
1. 2 Оқытудың заманауи тәсілдері10
1. 3 Шет тілін меңгерудегі жастардың жастық және психологиялық ерекшеліктері16
2 ШЕТТІЛДІК ҚАТЫНАСТЫҚ СӨЗ-ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ19
2. 1 Қатынастық дыбыстау аспектісі19
2. 2 Қатынастық лексикаға оқыту27
2. 3 Қатынастық грамматикаға оқыту аспектісі34
ҚОРЫТЫНДЫ49
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ52
КІРІСПЕҚазіргі кезде жаһандану және белсенді инновациялық технологиялардың қолайлы жағдайларын іздестіруі байқалады, өсіп келе жатқан жасұрпақты тәрбиелеудің механизмдері, басқа мәдениеттермен қарым-қатынаста болуға шақырады. Әлемнің өзара байланысты және өзара тәуелді жағдайында оқушыларды дайындаудағы құрал - көптілділік болып табылады.
Адамның өмір сүру салты заманауи жағдайларында белгілі түрде жойылатынын, көптеген ұлттық айырмашылықтары жоғалатынын, адамның өз ұрпағымен байланысы, алдыңғы ұрпақпен рухани тәржірибесінің құндылығын жоғалтатынын атап өту қажет. Сондықтан, ұстаз алдына халықтардың мәдениетті дәстүрлердің білімі мен тәжірибесін, білім беру ортасында жайлы дүниежүзілік мәдениеттің және жалпы адамзаттық құндылықтарын қолдана білетін, әлеуметтік-белсенді тұлғаның қалыптасуында ықпалын тигізе алатын үлкен міндет қойылады. Бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруға, жан-жақты жағымды тұлғаны көп ұлтты және көп мәдениетті ортада пайдалы және белсенді өмір сүре алатын, жеткілікті түсінігі бар және басқа ұлттардың мәдениетін сыйлайтын, бейбітшілікте және келісімде өмір сүру үшін көптілділікті білім беру қажет.
Дүниежүзілік экономикалық кеңістікте жаһандану және интергация жағдайында Қазақстан көптілділік білім беруді жетілдіруін қажет етеді. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жoлдауында көптілділікті оқытудың өзектілігі көрсетілген, өйткені «біздің еліміздің ең маңызды және негізгі басымдығы көпұлттылық және көптілділік болып табылады» [1] .
Қазақстан Республикасы Президентінің қойған міндеттеріне сәйкес білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы [2], Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы [3] және «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдениеттік бағдарламасындағы [4] 2020 жылында барлық қазақстандықтар қазақ тілін, 95%-ы - орыс және 25%-ы ағылшын тілдерін меңгеру тиіс деп көрсетілген.
Үштілділіктің саясатын тіршілікке жүзеге асыру, үштілділік құндылықтарын қабылдау сияқты және көптілділік тұлғаны шағын жинақты мектептердің жағдайында ғылыми жобалардың өзектілігін көрсетеді және тәжірибелік іс-шаралардың айқындауын талап етеді.
Оқыту процесінің ұйымдастыруы белгілі болғанда ғана мазмұнын ерекше іріктеген жағдайда ғана, оқыту қағидаларының, арнайы технологияны әзірлегенде, сәйкес жоспарлауды қарастырғанда, оқыту және осы оқытудың қорытындыларын бақылағанда полилигвалық тұлғаны қалыптастыру мүмкін.
Аспектілік сабақ сөйлеу қызметінде, қарым-қатынас жасау кезінде сол немесе басқа тілдік құралды қалыптастыру ерекшеліктерін ашуға бағытталған. Сабақтың мұндай түрінде мұғалім сол немесе басқа бөлімді блогтық әдіспен ұсынып, ағылшын тілінің спецификалық құралдарына (мысалы, етістіктің аяқталған және аяқталмаған түрлері, оларды сөйлеу кезінде қолдану) толығырақ тоқтап, сөйлеудегі қандай да бір лексикалық, грамматикалық қателерді түзете алады (сөздер мен фразеологизмдерді дұрыс қолданбау, жалғауларды шатыстыру, сөздерді дұрыс байланыстырмау, басқару кезінде грамматикалық формаларды қате таңдау, етістік формалары түрлерін ажырата алмау және т. с. с. ) .
Тілдік материалды беру кезінде функционалдық принциптерді іске асыру міндетті болып табылады, яғни оқытылатын материалды әрекет арқылы (сөйлеу кезінде) ұсыну, ереже-нұсқаулықтар орын алуы мүмкін. Тілдік даярлық, сөздік жаттығулар ара-қатынасы мынадай: 10%; 50-60%; 25-30%. Көріп отырғанымыздай, сөйлемде сол немесе басқа грамматикалық түрлерді табудағы дәстүрлі тілдік жаттығулар, әртүрлі сөйлем типтерін құру минимумға дейін жеткізілген. «Келесі сөздер мен сөз тіркестерін қолдана отырып айтыңдар», «Аяқталған етістік түрін қолданып өтініш жасаңдар» сияқты дайындайтын сөйлем типтері көп болуы тиіс, себебі мұндай сабақтағы басты міндет оқылып жатқан материалды сөйлеу кезінде қолдана білу болып табылады. Нақты тілдік құралды пайдалануға бағытталмаған сөйлеу жаттығулары алдыңғы жаттығулар негізіне алынған дағдыларды автоматтыққа дейін жеткізеді. Осындай сабақ түріндегі тексерілетін қабілет пен дағды білім стандарты мазмұнымен анықталады.
Осы орайда, курстық жұмысымның тақырыбының өзектілігі: шет тілдік қатынастық сөз-тілдік негіздерін қарастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бүгінгі күндегі заман талабына сай шет тілін оқытудың дыбыстық, лексикалық, грамматикалық қатынастық аспектілерін талдау.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- шет тіліне оқытудың негіздерін қарастыру;
- оқытудың заманауи тәсілдерін ұсыну;
- шет тілін меңгерудегі жастардың жастық және психологиялық ерекшеліктерін талдау;
- қатынастық дыбыстау аспектісін талдау;
- қатынастық лексикаға оқытуды қарастыру;
- қатынастық грамматикаға оқыту аспектісін зерттеу.
Зерттеу нысаны шет тілін оқыту әдістемесі болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ШЕТ ТІЛІНЕ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ 1. 1 Шет тіліне оқыту психологиялық-педагогикалық проблема тәріздіОқыту термині жиі пайдаланылатын мағынада отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орны, қауымдастықтың арнайы ұйымдастырылған жағдайында қоғамдық -тарихи, әлеуметтік тәжірибені басқа адамға мақсатты бағытталған, біртіндеп беруді (трансляция) білдіреді. Оқушының позициясынан оның осы тәжірибені “үйретуге жарамдылық” терминінде қабылдап алу қабілеттілігі жиі байқалады және осы прцестің нәтижесі “үйретілген” терминінде. Оқытушы позициясын алып тұрған адам- педагог. Оқытудың әрекеті бұл оқытушының әрекеті, оқыту әрекеті бұл педагогикалық әрекет. Осы тұрғыда, яғни оқыту әрекетінің бірқатар оқыту мазмұны, оқыту бағдарламасы, әдістемесі, оның ара-қатынасы жайында қарастырамыз.
Оқытудың мазмұны мен бағдарламасы В. В. Давыдовтың тұжырымымен көрсетіледі. Олар:
- оқу тәрбие беру процесі бұл оқу пәндері жүйесінің мазмұнын меңгеру негізінде жүзеге асырылады.
- әрбір оқу пәнінің қоғамдық сананың кез-келген жоғары формасын меңгеруі, өзіндік бейнеленуі болып келеді.
- Оқу пәнінің өзегі оның бағдарламасы болып табылады. Яғни меңгеруге арналған білім мен құрылымында біліктердің жүйелі және төменнен жоғары бағалануы.
- Оқу пәнінің мазмұнын көрсететін бағдарлама оның білім берудегі әдістерін, дидактикалық құралдардың сипатын, оқу мерзімін анықтайды, ұсынылған материалды меңгеру барысында оқушыларда қалыптасатын ойлану түрін жобалайды.
- Оқу пәндерінің мазмұнын оқу әрекетінің ерекшеліктері мен құрылымына сәйкес әзірленуі қажет.
Тұлға құрылымында түсінік берілген, педагогикалық іс- әрекет субьектінің сапаларын қарастыру, индивидтік, туа берілген және өзіндік, өмір барысында жинақталған тұлғалық сапаларды педагогикалық іс әрекет ерекшеліктерімен теңестіруге мүмкіндік береді [5/25-26 ТКҚ] .
К. К Платонов бойынша, тұлға күрделі құрылым ретінде қарастырылады.
-Жоғары, тәрбиелеу жолымен қалыптастырылған бағыттылықтың негізінен әлеуметтік шартталған шағын құрылым.
-Тәжірибе шағын құрылымы, оған оқыту жолымен алынған даралық ерекшеліктері бейнелеу формасы ретінде жатады.
-Шағын құрылым, психикалық процестердің биологиялық нышандар негізінде жаттығулар жолымен қалыптастырылған даралық ерекшеліктері бейнелеу формасы ретінде жатады.
- Төменгі, негізінен, биологиялық шартталған тұлғаның шағын құрылымы темпераментті, қайталау жолымен қалыптасатын жастық қасиеттерді қамтиды.
Педагогтың өз кәсібіне сәйкестілігінің екінші жоспары оның педагогикалық іс әрекетке тұлғалық дайындығы. Дайындық адамның мамандыққа деген рефлексияланған бағыттылығын, оның дүниетанымдық кемелдігін, кең жүйелі кәсіби пәндік құзырлығын және де комуникативтік, дидактикалық қажеттіліктер мен аффиляцияға деген қажеттілікті ұйғарады.
Басқа адамдармен өзара әрекетттесуге, педагогикалық қарым қатынасқа араласу адамның педагог іс әрекетәне сәйкестілігінің үшінші жоспарын айқындайды.
Адамның педагогикалық іс-әрекетке жарамдылығы, дайындығы және кірісуі оның субьективтік сипттамасының үш жағының мәні. Педагогтың өз мамандығына және педагогикалық іс-әрекет талаптарына сәйкестілігінің барлық жоспарлары неғұрлым толығырақ, мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалармен ең турашыл, ақкөңіл және айнып кетпейтін өзара әрекеттесу серіктері ретінде жұмыс істеуде көрінеді.
Талдаудың жоспарлары мен обьектілері мұғалім іс әрекетінің түрлі формалармен, яғни, сабаққа дайындықпен, сабақты өткізумен, оның аналитикалық талдауымен, мұғалімнің өткізілген сабақты өзінің бағалауымен теңестірілуі мүмкін.
Шет тілін оқыту психологиясы пәнін алдын ала талдай отырып, мұғалім жалпы, жас ерекшелік, педагогикалық, әлеуметтік психология, оқу пәніне оқыту саналы және мақсатты түрде теоретикалық білімдерді пайдаланады. Осы кезеңде мұғалім алдында оқу процесін ұйымдастырудың негізгі психологиялық проблемалармен қатар, оларға үш факторға бөлінеді.
Бірінші фактор, оқыту процесіне әсер етуші бұл оқу пәні, оның өзгешелігі.
Екінші фактор білімдерді меңгеруге әсер етуші мұғалімнің даралық психологиялық және кәсіби ерекшеліктері.
Үшінші фактор шәкірт тұлғасы, оның жастық және даралық психологиялық ерекшеліктері, ақыл ойының дамуы, бейімділігі [6/12-13 ААҚ] .
Шет тілі оқу пәні ретінде шәкірттердің психикалық танымдық процестерінің мәнділігіне өзгеше із қалдырады. Мысалға түйсік пен қабылдау процестерінде жеке тұрғыдан есту және моторлық сезімталдық ерекше маңызды. Шет тілі шәкірттердің қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтауларына жоғары талап қояды.
Көптеген зерттеушілер ұсыгиялық ұсынған сабақты психологииялық талдаудың схемасын жалпылау (шет тілі сабағының) мұндай талдаудың іс әрекеттік тұрғыдан келу негізіндегі жалпы моделін анықтауға мүмкіндік береді. Шет тілі мұғалімінің психологиялық ерекшеліктері: тұлғалық және кәсіби бағыттылығы.
Сабақты психологиялық талдаудың негізгі формасының сипаттамасы
Адам ойлауында негізгі екі ойлау процесінің бірі ретінде анықталған, бастапқы теоретикалық анықтауға сүйенеді. Талдау С. Л. Рубинштейн бойынша «бұл затты, құбылысты, жағдайды ойша бөлшектеу және оны құраушы элементтерді, бөлшектерді, сәттерді, жақтарын айқындау; біз талдау арқылы көп жағдайда, бізге қабылдаумен берілетін кездейсоқ, маңыздылығы аз байланыстардан құбылыстарды бөліп аламыз». Талдау формалары сан алуан. Оның неғұрлым толық формасы синтез арқылы талдау болып табылады, мұнда « . . . синтез талдау тарапынан бөлінген элементтердің азды-көпті мәнді байланыстар мен қатынастарын аша отырып бөлшектенген тұтасты қайта қалпына келтіру» [7/56-58 ГНИ] .
Мұғалім сабақ үстінде әр жеке оқушымен, тұтастай сыныппен, оқытылып отырған материалмен сан алуан байланыстарға түсіді. Осыған орай мұғалімнің өзі, мазмұнын оқушылар игеріп отырған оқу пәнімен белгілі бір байланысқа түсе отырып, оқушылар үшін жаңа сапамен қасиеттер жағынан көрінеді: мұғалім ретінде қызықты әңгімелесуші ретінде зерттеуші ретінде, орындаушы ретінде және кіші мектеп жасындағыларды оқыту барысында, ән айтқанда. Оның жаңа байлныстарға түсуіне байланысты, одан үнемі жаңа мазмұндар, яғни, пәндік, тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік, мінез-құлықтық мазмұндар сарқылып алынады.
Психологиялық талдауға жататын сабақтың психологиялық «компененттері» ретінде, ең алдымен, оқу процесінің екі белсенді субъекті, мұғалім және оқушылар, олардың өзара байланысын белгілейтін оқу пәні және барлық жақтарды біріктіруші өзара әрекеттесу процесі қарастырылады. Сабақ біртұтас жүйе болғандықтан, оның компонентері өзара байланысты және өзара тәуелді болады. Олар бір-бірімен арақатынаста көрсетілуі мүмкін және жіктелуі мүмкін. Осылайша сабақтың психологиялық талдауы синтез арқылы формасында елестетуге болады. Осыған назар аудару маңызды, себебі адам талдапотырған объект орналасқан байланыстар мен қатынастар жүйесін қаншалықты аша бастағанына қарай, ол осы объектінің жаңа, әлі белгісіз белгілерін байқап, ашып және талдай бастайды, керісінше, ол осындай байланыстар жүйесін өзі ашпағанша, ол оны шешу үшін қажетті жаңа және керек қасиеттерге, тіпті оған ол туралы айтса да, оған тура көрсетсе де назар аудармайды. (А. В. Буршилский) [8/13-19 ГНД] .
Сабақ компонентері арасындағы барлық сан алуан өзара байланыстарды бейнелеуші синтез арқылы сабақты талдау формасы, мұғалімнің оқыту мен үйретудің ең күрделі психологиялық сәттерін неғұрлым терең тануына ықпал етеді. Сабақты психологиялық талдау барысында, мұғалімнің талдамалық іскеліктері айқындалып, бірге қалыптасады, ол оның педагогикалық іс-әрекетінің гностикалық фнукцияларын табысты орындау үшін қажет екені атап көрсетіледі. Бұл жерде мұғалімнің талдамалық іскерлігінің өзі оның даралық-психологиялық бірқатар ерекшеліктерімен анықталады, солардың ішінде, мысалы, байқағыштық, талдамалылық, алға тәуелсіздік, ақыл сыншылдығы. Сабақ талдауының өзі, кәсіби-педагогикалық шеберлікті жоғарлатудың тиімді құралы бола тұра, мұғалім де осы сапалардың қалыптасу мен дамуына ықпал етеді. Ол мұғалімнің өзінің педагогикалық іс-әрекетін түсінудің, оқу процесінде оның қолынан ненің келгенін, ненің келмегенін ұғынудың неғұрлым тиімді құралы, яғни, «педагогикалық рефлексия» құралы болып табылады.
Сабақты талдау көбінесе отандық психологиялық мектептің негізін қалаушы приципінің жалпы психологиялық позициясы тұрғысынан жүргізіледі-дамушы және тәрбилеуші оқыту принципі. Осыған орай, сабақ та осы позициядан түсіндіріледі. Оны бейнелеп көрсету ретінде, Л. Т. Охитина бойынша, сабақтың келесі кең түрдегі түсіндірмесін келтірейік.
«1. Сабақ сабақтың өзі үшін емес, ол оқушы тұлғасына әсер ету үшін жүргізіледі; бағдарламаның қандай да бір сұрақтарын «өту » үшін емес, ол осы бағдарламалық сұрақтар материалының негізінде тұлғаның белгілі бір интелектуалды, моралдық, еріктік және басқа сапалары қалыптастыру үшін жүргізіледі.
Интеллект арқылы сезімдерге әсер ету және сезімдер арқылы интеллектке әсер етуді байланыстыру керек. Оқыту процесі оқушының интеллектуалдық аясына ғана емес, оның тұтастай психикалық дамуына өзгеріс енгізуі керек. Оқыту тұлға құрылымына өзгеріс енгізбесе, дамытушы бола алмайды.
2. Тұлға құрылымындағы өзгеріс оқушы ішкі түрткі арқылы әрекеттенгенде ғана жүреді. Мәжбүр ету арқылы меңгерілген әрекет- шарт өзгерген кезде бірден бұзылады. Ішкі түрткі бойынша меңгерілген әрекет өзгерген жағдайларда да сақталынып қалады, себебі тұлға құрылымына енеді. Осы жерден жалқаулық үшін ұрыспай, танымдық ббелсенділік пен қызығушылықты ынталандыру, талапты орындамағаны үшін жазаламай, мұғалімнің шәкірттердің іс-әрекетіне қойған талабына-олардың өздерінің ішкі түрткісі болтындай етіп ұйымдастыру деген шешім шығады.
3. Тәрбиелеуші оқытуды сабақтың тәрбиелік сәттеріне теңестіруге болмайды. Сабақтың барлық элементтері өз мәні бойынша тәрбиелеуші болуы керек. Барлық тәрбиелік құралдардың, сабақ әдістері мен формалардың үлестіруші орталығы нақты психологиялық мақсат болуы керек.
4. Кез-келген сабақтың орталық компоненті-шәкірттердің танымдық белсенділігін ұйымдастыру. Жетекші танымдық процесс-ойлау мен қиялдау болып табылады. Талдамалылық-синтетикалық іс-әрекет негізінде, осы екі процесс арқылы білімдер мен интеллектуалдық ептіліктердің қалыптасуы, проблемалық мәселелерді зерттеу және міндеттерді шығармашылық шешу жүзеге асады.
Ойлау мен қиялдаудың продуктивті жұмыс істеуінің қажетті шарты шәкірттердің қабылдау мен есте сақтауын дұрыс ұйымдастыру, белгілі бір ұстаным мен зейінді ұйымдастыру болады.
5. Оқытудың табыстылығы сыртқы факторлардан ғана емес сабақтардың мазмұны, әдістемелерді жетілдіру, мұғалім шеберлігі, сондай-ақ сыртқы жағдайларға, яғни, шәкірттердің даралық-психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты» [9/85-86 ВИН] .
Келтірілген сабақ түсіндермесі тек дамыта оқыту принципін барынша толықтай бейнелеп қана қоймайды, сондай-ақ оның проблемалылығыны, мотивтендірілгендігін, үйренушілердің даралық ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігін белілейді.
Сабақты психологиялық талдаудың үш жоспары
Сабақтың психологиялық талдауын құбылыс ретінде айта келе, оның үш жоспарын бір-бірінен айқын ажыратып алуға болады. Бірінші жоспар-шәкірттерді тәрбиелеуге, тұлғасын дамытуға, оның ғылыми дүние танымын, оқыту процесіндегі өнегелілігін қалыптастыруға қатысты психологиялық талдау. Бұл жоспар сабақты жалпы педагогикалық талдаудың бір бөлігі саналады, мұнда жалпы алғанда, оның жалпы қазіргі замандағы білім берудің жалпы білім берушіліе және тәрбиелік мақсаттарына сәйкестілігі қарастырылады. Білім беру процесін реформалаудың жалпы контексінде оқытудың дәл тәрбиелік жағын күшейту керек, яғни, сабақтың психологиялық талдауына оларды неғұрлым жете қарастыруды жүзеге асыра отырып, оқушыны тұлға ретінде тұлға жайлы кең көлемді сұрақтар енгізу қажеттігі анық. Оқушының позитивті әлеуметтік ұстанымдарын, белсенді әлеуметтік позицияларын қалыптастыру, оның өз нанымдарын дәлелдей алу және қорғауға дайындығын қалыптастыруға мұғалімнің сендірушінің әсерінің психологиялық талдауы өзекті болып отыр. Бұл жерде оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін, ынтымақтастыққа дайындығын тәрбиелеу процесінің; жоғарғы санаттағы топ ретінде рухани салауатты, әлеуметтік маңызды мақсатпен біріктірілген, оқу ұжымдарын қалыптастыру шарттарының психологиялық талдауы маңызды болып табылады.
Екінші жоспар сабақтың әдістемелік талдауымен, яғни, оның мақсаттарын, мазмұнын, ұйымдастыруын негіздеумен, т. б. тығыз байланысты. Талдау барысында сабақ шәкірттердің дайындық деңгейіне және олардың интеллектуалдық дамуына қаншалықты сәйкес келетіні қарастырылады. Оқу материалын меңгерудің психологиялық табиғаты, шәкірттердің оқу процесі барысындағы интеллектуалдық белсенділігінің дамуы, жұмыс амал-тәсілдерінің оқушылардың жас ерекшелік және даралық-психологиялық ерекшеліктерімен сәйкестілігі талданады.
Сабаққа талдау жасаудың үшінші жоспары екі тұлғаға бағытталған: біріншісі-бұл оқушы, оның танымдық-коммуникативтік қажеттілігі, оның қалыптасуы мен дамуының шарттары; оның сөздік-ойлау іс-әрекетірің ерекшеліктері; оның коммуникативтік ерекшеліктері, даралық-психологиялық ерекшеліктері т. б., яғни, оқушы оқу іс-әрекетін жетілдіру амалы, мұның өзі бүгінгі күнгі мектеп жағдайында өте маңызды. Сондықтан да екінші тұлға мұғалімнің өзі болып тбылады. Сабақты психологиялық талдаудын бұл жағдайында рефлексия механизмі іске қосылады, яғни, адамның өзінің ішкі дүниесін түсінуі, ұғынуы, вербализациялауы (түрткілерді, күйлерді, тұлға бағыттылығын, талабының дәрежесін, өз іс-әрекетінің барысын, оның табыстарын, т. б. ) . «Педагогикалық рефлексия» мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет субъекті, басқа адамдарды оқыту мен тәрбиелеу үшін әлеуметтік жауапты тұлға ретінде кәсіби сана сезімімен ара-қатынаста екенін атап өту маңызды.
Сабаққа психологиялық талдау жүргізу процесінде педагогикалық рефлексия объекті ретінде, ең алдымен, педагогикалық іс-әрекеттің өзіндік түрткілері болып табылады. Зерттеушілердің көрсетуінше, позитивті әлеуметтік-мәнді түрткілерімен қатар (жастарымен, балалармен жұмыс істеу тілегі, өз енбегінің қоғамдық мәнділігін, т. б. ) мұғалімдер педагогикалык іс-әрекетпен емес, керісінше, сыртқы жағдайлардың әсерімен (сүйікті пәнмен айналысу мүмкіндігі, мысалы, математика, шет тілі, ақыл-ой еңбегімен байланысты кәсіпке деген қызығушылық және т. б) байланысты түрткілерді жетекшілікке алады. Осыған байланысты, «мен осы іс-әрекетті не үшін атқарамын» деген өз-өзіне қойылған сұраққа жауап оның орындалу сипатына, оның тиімділігінің артуына жағымды әсер етуі мүмкін. Сонымен бірге, мұғалімнің педагогикалық процестің өзінің сипатын, яғни, пән мұғалімінің профессиограммасында бейнеленген функцияларды саналы аңғаруға да маңызды. Оларға, бұрын көрсетілгендей, ең алдымен, операционалды-құрылымдық функциялар тобы жатады. Мұғалімнің психологиялық талдау объектісі болып табылатын процесс пен сыныптағы өз іс-әрекетінің нәтижесіне эмоционалдық реакциясының маңыздылығы да аз емес. Басқаша айтқанда, мұғалім бұл процесте өзі басқаратын оқушылардын іс-әрекетіне жауап ретінде пайда болатын эмоциалдық күйді саналы аңғара алады. Жағымды эмоцианалдық реакциалардың бұл іс-әрекетті нығайтатыны, ал теріс реакциялар деструкциялап, әрекеттесу қабілетінен айыратыны белгілі [10/76-77 ВМН] .
Психологиялық талдау барысында рефлексия объекті ретінде педагогикалық іс-әрекеті болса, онда ең алдымен, мұғалімнің өз іс-әрекетінің күші және әлсіз жақтарын саналы түсінуі туралы айтылады. Бұл жерде, көрсетілгендей, «100 жағдайдың 98-де мұғалімдер өздерінің сәтсіз сабақтарын жиі және мұқият талдайды. Тек екі мұғалім ғана өздерінің сәтсіздіктерін белгілеп отырады, оның өзіне де тек 15 жылдық тәжірибеден кейін, алдарына сәтті сабақ заңдылықтарын табу мақсатын қойғанан кейін ғана жетеді». Мұғалімнің өзіндік іс-әрекетінің талдауы туралы айта отырып, педагогикалық шеберлікті жетілдіру тұрғысынан мұғалімге сабақты түрлі уақыттық жоспардан, оған дайындық пен оны өткізудің түрлі деңгейлерінде талдау жүргізу керектігін атап өту қажет.
1. 2 Оқытудың заманауи тәсілдері ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz