Шет тілін оқытудың принциптері


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Шет тілін оқытудың принциптері»
»
Орындаған: топ студенті
Ғылыми жетекші:
Астана 2014
ЖОСПАР
Кіріспе3
1 Шет тіліне оқытудың мәні мен негіздері5
1. 1 Оқыту - педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдісі5
1. 2 Шет тіліне оқытудың әдістемелік негізі7
2 Шет тіліне оқытудың принциптерін тәжірибе жүзінде қолдану19
2. 1 Шет тіліне оқытуда қолданылатын негізгі принциптер19
2. 2 Шет тілін оқытудағы негізгі принциптерді тәжірибе жүзінде қолдану және оның нәтижелері26
Қорытынды31
Қолданылған әдебиеттер тізімі34
Қосымшалар35
Кіріспе«Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Қазіргі өмір талабы - оқу және тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Еліміздің тарихында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, білім беру саласындағы жаңа бағыттар ағылшын тілін оқытуды үнемі жетілдіруді, оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеру міндеттерін жүзеге асыруды талап етуде.
Осыған орай, ағылшын тілін тілдің үш тұғырының бірі ретінде қызмет етуінің алғышарты - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қолданылуы болып табылады. Жер шарын мекендеген мыңдаған ұлттар мен ұлыстардың бір-бірін түсінуіне - халықаралық сипат алған ағылшын тілінің ролі зор.
Ағылшын тiлiн үйрену арқылы оқушылар бiлiм дегейiн көтерiп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшелiктердi ажыратуға дағдыланады. Сөйтіп, өз пiкiрi қалыптасады, түрлi елдер мәдениетiн үйренедi.
Мұғалім өзінің әрекетін, оқыту, ынталандыру, қарым-қатынас тәсілдерін пайдалана отырып, құрастырады. Осылайша, сабақ құрылымының ішкі және сыртқы элеметерінің үйлесімі мұғалім әрекеті мен оқушының оқу әрекетінің тұтастығын танытады.
Білік, дағдыны қалыптастыру - қолдану. Оқушының дамуы тек білімді игерумен шектелмейді. Игеруден кейін материалды өздігінен қайта өндеу жұмысы жасатылуы тиіс. Ең бастысы - бұл кезеңде оқушының үйренген әдіс-тәсілдерін көрсетуі үшін емес, өздігінен жаңа әрекет тәсілдерін танытуы үшін мақсатты түрде жағдай жасалады. Мұғалім ол үшін таныс емес, жағдайда білімді қолдана білуге арналған тапсырмаларды, эвристикалық әңгімені, шығармашылық сипаттағы дербес жұмыстарды пайдалануы керек. Қазіргі сабақтың дәстүрлі сабақтан негізгі айырмашылығы - онда оқушы білімді тек игеріп қана қойылмайды, сонымен қатар оның толыққанды дамуы үшін барлық жағдай жасалады.
Білімді бастапқы бекіту құрамдастырылған сабақтың міндетті бөлігі болып табылады. Сабақты бекітудің әдіс-тәсілдері сан алуан, дегенмен оқушылардың ойлау белсенділігін көтеруге бағытталуы керек. Бұл мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін жеке жұмыс формасында (тапсырма, жаттығу жазу, кесте, диаграмма, технологиялық карта құрастыру, қима қағаздармен жұмыс жасату, анықтамалық және нормативтік әдебиеттермен жұмыс жасату, мазмұнды иллюстрациялау) болуы керек. Материалды бекіту кезеңінде мұғалім оқушылардың қатесін түзетеді, қаншалықты түсінгендерін анықтайды.
Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясын мұғалімдер өз тәжирбиелерінде жиі қолданылады. Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың нәтижелі түрі болып табылатын бұл технологияда сабақ құрылымының өзіндік ерекшеліктері бар. Сабақ өзара байланысты үш кезеңнен тұрады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Шет тіліне оқытуда оған үйретудің принциптерін қолдану.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Шетел тілін оқыту кезінде оқушылардың бойында өзге тілді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру үшін шет тіліне оқытудың принциптерін тәжірибе жүзінде қарастыру. Осы негізге сүйене отырып арнайы әдістеме жасау.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Шет тіліне оқытудың мәні мен негіздерін қарастыру;
- Шет тіліне оқытудың әдістемелік негізін талдау;
- Шет тіліне оқытуда қолданылатын негізгі принциптерді айқындау;
- Шет тілін оқытудағы негізгі принциптерді тәжірибе жүзінде қолдану.
Зерттеу нысаны: Шет тілін оқытудың принциптерін тәжірибе жүзінде іске асыру.
Зерттеу пәні: Шет тілін оқытудың принциптері.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Шет тіліне оқытудың мәні мен негіздері 1. 1 Оқыту - педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдісіҚазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениеті жоғары ХХІ - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады. Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым-қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тыңдап түсіну - сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формата болады, тыңдау импрессивті формата болады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тыңдап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық есту қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процесс болғандықтан жалпыға ортақ қиындықтарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Олар:
- Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық жоне грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту;
- Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы занды құбылыс. Оқушы өз мұғалімінің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің жoлы - сабақта техникалық құралдарды жиі қолдану керек;
- Мұғалім әдетте сабақта өте баяу ырғақпен сөйлейді, мұндағы мақсат оқушылар оның айтқан сөзін түсінсін дегендік. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне бұл қиындықты сабақта тек техникалық құралды қолдану аркылы жеңуге болады;
- Мұғалім сабақта шетел тілінде сөйлегенде, айтқан сөзін оқушылар түгел түсінсін деп бірнеше рет қайталап айтады. Оқушылар осы қайталауға үйренеді. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, сондықтан мұғалімнің мақсаты оқушылардың тыңдаған мәтіннің мазмұнын бір-ақ рет тындағанда түсінуге үйрету. Ал кей жағдайларда оқушылар мәтіннің мазмұнын бір рет тындағанда түсінбесе, оны екінші per тыңдатуға болады, бірақта бұл жолы мүғалім тындайтын мәтінге косымша бір тапсырма беруіне болады. Мысалы, мәтінді екінші рет тыңдаңдар да, бұл оқиғаның басты кейіпкеріне, оқиға уақытына, оқиға жеріне және т. б. назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;
- Келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет-әлпетін көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл-козғалысын байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді, бірақта мұндай жағдай үнемі бола бермеуі мүмкін (телефон арқылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау т. с. с. ) . Жоғарыда айтылған қиындықтарды женудің алғышарты - мұғалімнің сабақта техникалық құралдарды кеңінен пайдалануы және тыңдау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларды дұрыс ұйымдастыра алуы [1, б. 98] .
Оқушылардың шетел тілі сабақтарында тыңдап түсіну кабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады. Бірінші топ жаттығуларынын мақсаты - мәтінді тындаудың алдында лингвистикалық және исихологиялық қиындықтарды алдын ала жою. Екінші топ жаттығудың мақсаты - мәтінді тыңдауға арналған жаттығулар. Мұнда оқушылар мәтінді тыңдайды, оның тақырыбын, идеясын анықтай, берілген кестені/сызбаны және т. б. толтыру, сұрақтарға берілген жауаптардың мәнін мазмұнына сәйкес келетін анықтай және т. б.
Үшінші топ жаттығудың мақсаты - мәтін мазмұнын толық түсініп, оқушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және талдау жасай алу. Мысалы, тыңдаған мәтіннің тақырыбын талдау, мәтін мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу және т. б. Үшінші топ жаттығуларын орындау барысында оқушыларға тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т. б. ұсынуға болады.
Төртінші топ жаттығудың мақсаты - оқушыларды мәтін мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын айтқызу, пікір-талас ұйымдастыру, «дөңгелек үстел» ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу және т. б. Енді тыңдауға арналған мәтіндерге койылатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар:
- тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
- мәтіннің берік логикасы болуы шарт;
- мәтіннің мазмұнында тыңдаушылар үшін қызықты жаңа мәселе болуы керек;
- мәтін аутентивті, яғни шындыққа негізделген, жасанды мәтін емес болуы тиіс.
Жоғарыда айтылған ойларды корытындылай келе, оқушылардың тыңдап түсіну іскерліктерін қалыптастырып, дамыту кажет. Егерде оқушылардың тыңдап түсіну іскерліктерін дамытпасак, оқушылардың шетел тілінде сөйлей алуға да үйрете алмаймыз.
Сабақ - оқушылардың белсенді әрі жоспарлы оқу танымдық іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқытулы ұйымдастыру формасы. Сабақ жүргізу өнері мұғалімнің сабаққа қойылатын әлеуметтік және педагогикалық талаптарды түсінуі мен орындауына тығыз байланысты. Бұл тараптар мектептің алдына қойған міндеттерімен, оқыту принциптерімен анықталады. Сабаққа қойылатын жалпы талаптарды шартты түрде үш топқа бөлуге болады: дидактикалық, тәрбиелік және ұйымдастырушылық.
Дидактикалық немесе білімдік талаптарға жатады:
1. Тұтас сабақтың және оның құрамдас бөліктерінің білімдік міндеттерін, сонымен қатар әрбір сабақтың жалпы сабақ жүйесіндегі орнын нақты айқындау;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарына және сабақ мақсатына сәйкес оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, сабақтың мазмұнын айқындау;
3. Оқытудың ынталандырудың және бақылаудың, оқушылардың танымдық белсенділігін қамтамасыз ететін сабақ барысында оқушылардың дербес оқу жұмыстары мен ұжымдық жұмыстардың алуан формаларын үйлестіретін, анағұрлым тиімді әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау;
4. Сабаққа тиімді оқытудың шарттары мен принциптері, әсіресе, пәнаралық байланысты жүзеге асыру [2, б. 67] .
Қазіргі сабаққа дидактикалық талдаудың құрылымы:
- оқытудың негізгі принциптерінің дербес және бір-бірімен үйлесімді жүзеге асырылуына баға (жаңашылдық осыдан көрінуі тиіс) ;
- сабаққа қойылатын бағдарламалық-әдістемелік талаптардың нақты әрі шығармашылықпен орындалуының үйлесімділігіне баға;
- сабақтың типін анықтау сауаттылығына баға;
- оқушылардың дайындық деңгейі, нақты оқу және тәрбиелік мүмкіндіктері сабақты жобалауда және жүргізуде қаншалықты ескерілген?
- Оқушылардың қызығушылықтары, бейімділіктері, қажеттіліктері мен сұраныстары ескерілген бе?
- Сабақтың мақсатын (міндеттерін) жобалаудың (ойлап табудың) толықтығына баға;
1. 2 Шет тіліне оқытудың әдістемелік негізіКез-келген оқыту әдістемесі ғылым болғанымен, теоретикалық ғылым емес: ол ірі құбылыстың не үшін қандай жағдайда жүретіндігін түсіндіреді, ол тарихта, астрономияда, материалдар кедергісінде қандай орынға ие екенін, құбылыстардың осы қатарда жүретін заңдар қандай екендігін, ол мысалы механикада, химияда, психологияда қандай орынға ие екендігін түсіндірмейді. Әдістемеде жетекші мәселе болып белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін не істеу қажет және қандай бағытта жүру керектігі табылады. Сондықтан, оқытудың әдістемелерін практикалық деп табамыз. Ол ешқандайда техникалыққа жатпайды және техникалық пәндерді ғылымға жатқызсақ, онда әдістеме де ғылым емес. Бірақ мұндай жауап бізді қанағаттандыра бермейді, кеме құрылысы, техникалық химия, архитехтура және т. б. Техникалық пәндердің ғылымилығына ешкім күмән келтірмейді. Осыдан ғылымилықты басқа жерлерден іздеу керектігін байқаймыз.
Дөрекі, қарапайым эмпериядан қаншалықты алшақтаған сайын, біз соншалықты техникалық пән шеңберіне енетін нақты құбылыстарды мүшелей аламыз және теортикалық пән мағлұматтарын қаншалықты көп қолдасақ, біздің техникалық пәніміз соншалықты ғылыми бола түседі. Осы бағыттағы көптеген әдістемелер ғылымлығы төмен болып отыр, өйткені олардың көбісі осылай жасадық және жақсы нашар болып шықты, басқаша әрекет еткен едік, жақсы бола бастады деген формулаға сәйкес дөрекі эмперия негізделген еді. Бір ғылымға үйретудің бүкіл процесі, мағлұматтардың осы циклін оқу процесі әлі де толық мүшеленбей отыр, бұл құрамдық элементтердің жекелеп оқытуға мүмкіндік бермейді, оқыту әдістемесімен байланысты ғылымның теориялық ережелері өте аз тартылып отыр.
Қазіргі кезеңде бұл элементтердің эмперияларын оған эксперимент принципін ендіріп рациокалдайды. Екі бірдей топта екі түрлі әдіспен оқытып, ал қалғандарында бұрынғы әдіспен жүргізіп, нәтижелерін салыстыру қолданылуда. Мұндай қадамдарды әрине қолдау қажет. Бірақ мұндай эмперия түріне өзіндік кемшіліктер тән. Бір-бірінен айырмашылығы көп, ұқсас емес амалдарды іс жүзінде тексеру қиын.
Дөрекі эмперизм беделді ғылыми жетістік деп қабылданады. Американдық әдіскерлер немістердің эмпериментальды педагогикасы артынан «эмпериментальды әдістемені» модаға ендіреді, ол әсіресе тілдерді оқыту саласында орын алады. Американдық мектептің қол жеткізген нәрселерін терістемей (мысалы, оқыту психологиясы, Buswell’a және т. б. еңбектері), «экспериментальды» дәлелдеумен бір жинақпен оқыту басқа әдістермен салыстыру эмперияның элементталды формасы болып табылады. Ол бірнәрсені түсіндіруі мүмкін, бірақ ештеңені негіздемейді, толық түсіндірмейді [3, б. 37] .
Сонымен қатар нәтижелерді тексеру таң қаларлықтай болмайды, өйткені американдық педагогтар қолданатын әдісі оқушының жеке тұлғаның ерекшелігін жасырады да, қабылдау жағдайындағы кезде йсоқтықтар көрініс бермейді (бұл кемшіліктерді үлкен сандар әдісі жоя алады, бірақ бұл жерге ол қолданыла алмайды) . «Экспериментальды әдістің» бүкіл әдісі тәжірибесі жоқ қолда өте жалған шешімдерге әкелуі мүмкін. Ең негізгі қателік «экспериментальды әдістеме» жолыққан кемшіліктерді жоймайды. Ал әдістемелік әр адам бір қатар моменттерден құрылып, біреуі жақсы болса, екіншісі олай болмай, ақырғы нәтиже өздігінен сенімді болғанымен бұл сенімділіктің неге жататыны анықтауға мүмкіндік бермейді.
«Экспериментальды» сөзі бұл әдісті ғылыми етеді.
Сонымен, тек осымен қарайтын, тәжірибелі мамандарға ғана өз ісіндегі эксперименттер үлкен мағынаға иеленеді, бірақ ол басқа мағлұматтармен байланыстырылса ғана. «Экспериментальды әдіс» қатардағы педагогика немесе маман-психологқа, бірақ пәнді оқытпайтын мұғалімнен басқаларға, шындыққа кілт беретін талисман деп айлау қауіпті қателік. Мысал үшін ұзаққа барудың қажеті жоқ. Туған тілінде оқыту психологиясы бойынша қызықты мағлұматтрады алған Американдық педагогтар талдамай, талқыламай оны шет тілдерді оқытуда қолданады. Олар лингвист болмағандықтан, мұны кешіруге болады, бірақ ол ғылымға жатпайды. Ал іс жүзінде осы әдістемелердің бөліктері біздің әдістемізге ендіріп, ресми бағдарламаларға қосылып, шет тілінде мәнерлі оқуға үйренуге ұсынылған.
Сонда оқушы осы әдіспен үйретілетін болса, ол фразаның грамматикалық құрылымымен қалай түсінеді және оның нәтиже үнінен алады да ма деген сұрақ туындайды. Әр білімді лингвистика ең алдымен айтудың мәнерлігі (фраза интонациясы мен ритмы) осы фразаның мағына қызметі екендігі түсінікті. Формасы бойынша мәнерлік тілдердің айырмашылығын көрсетеді, сондықтан оқушыны дұрыс айтуға үйрету арқылы шет тілін оқытуды дұрыс жолға қоя аламыз.
Оқытылып жатқан құбылыстарды мүшелеп бөліп қарау мағынасындағы оқыту әдістемесі басқа техникамен салыстырғанда, өте төмен дәрежеде тұр. Меніңше ғылымилықтың басқа белгісінің жағдайы дұрыс сияқты: барлық оқыту әдістемесі бойынша болып табылатын басқа ғылымның теоретикалық мағлұматтардан қолдану қажет. Мұндай ғылымдарға ең алдымен дидактика жатады, ол өзі де практикалық пән, содан соң психология.
Басқа ғылымдардың ережелері әр түрлі пәндердің оқытушы әдіскерлермен кеңінен қолдануы сөзсіз. Дидактикалық өзі жарық зерделенбеген ғылым болғандықтан және психологиялық жағдайда жарқырап тұрмағандықтан оқыту әдістемесі өз ізденістерінде осы ғылымдардың дұрыс мағлұматтарына сүйене алмайды.
Нәтижесінде, оқыту әдістеменің төмен сатыда тұрғанда ғана оның практикалық пән болғандығы емес, ол практикалық пәндерді ғылыми ететін нәрсе аз болғандығы себеп болып отыр.
Элементарлы эксперизм оқыту әдістемесіне салмақ түсіріп, өздігінен анти ғылыми емес, өйткені барлық ғылым дөрекі эмперия негізінде туындайды (мысалы, алхимия) кей бірде ол әрі қарай иеленуші күш болады (мысалы, әр түрлі дәрілерді қолданып тексеру) ; бірақ осы ғылым қаншалықты дамыған болса, қолданып көрелік формуласына қарағанда саналы құрылған экспериментке жол беріледі, яғни жасанды дараланған құбылысқа көп мән берілмейді [4, б. 56] .
Бұл пәнді оқыту әдістемесі мен дидактика арасындағы қатынастарды терең ойласақ, онда іс жүзінде ерекше пән ретінде ешқашан оқыту болмайды екен: бұл дидактика бірақ ол белгілі бір материалға ғана қолданады. Шын мәнінде дидактикаға толығымен әдістеме үшін ерекше міндетті көз алдымызға елестете алмаймыз. Тек жалпы дидактика және жеке дидактикаға жайлы ғана айтуға болады, әр оқыту әдістемесі жеке дидактиканың бөлігі болып табылады. Тілдерді оқыту әдістемесінің ең ірі өкілі Эрнст Отта (Ernst Otto) өзінің «Methodik and Didaktik les neusprachlichen Vnterricdhts» кітабы деп атады. Мәселе оның атауында емес, бірақ шет тілін оқытуды әңгімелескенімізде осы факт шет тілін оқытуды ғылыми пән ретінде қарауға мүмкіндік береді. Сол кезде оның психология мен байланысы айқын көрінеді, өйткені теоретикалық пән ретінде психологиямен байланыстылығы тығыз.
Басқа ғылыми пәндерден байланыстылығы бойынша шет тілдерді оқыту әдістемесі ерекше орынға ие. Мысалы физиканы оқыту әдістемесі мен физика ғылымының байланысы мен шет тілдерді оқыту мен тілдер ғылымымен байланысы екі түрлі нәрсе. Іс жүзінде ауыз екі әдістеменің бірі бір құбылыстың ғылыми білімін сіңіруді әңгімелейді, ал шет тілдерді оқыту әдістемесінде тілдерді ғылыми түрде білу емес, тіл ғылымын игеруде емес, бұл игеруді құбылыс заңдарына тәуелсіз әлеуметтік құбылысты игеру болып жатыр. Физиканы оқыған адам физик болады. Ал ағылшын тілін оқыған адам мүдделі лингвист болмайды ол англисте болмайды. Англист болу үшін де ағылшын тілін ауыз екі білу жеткіліксіз. Ол үшін теоретикалық лингвистикалық, игеру механизмін білу қажет.
Тіл құбылыстарын басқаратын заңдар, физиканы басқаратын құбылыстарға қарағанда шынайы емес деу теріс. Бұл заңдарды білу физика мен химияны оқыту пәні, ал тілді үйрету заңдарды білуге емес әрекеттерді игеруге негізделген, яғни адамдардың бір тұжырымдық қызметіне сүйенеді. Осы жерде физик әдіскер, химия әдіскер мен тіл үйрету әдістері арасындағы едәуір айырмашылық бар. Сондықтан ағылшын тілі әдіскері ағылшын тілін білумен қатар толыққанды лингвист теоретик болуы тиіс. Өкінішке орай біздің көптеген мамандар табиғи ағылшын мен табиғат француз тілін игеру тіл үйретуші мұғалім болуға жарамайды деп санайды. Бұл тілді гувернаткадан үйренетін кезеңнін сарқыншағы. Ал іс жүзінде білімді лингвист ағылшын тілін туған тіліндей білетін адамнан артық. Қандайда бір іс әрекетке үйрену кезеңде оны өзін істей алуымен қатар оның механизмін түсіну қажет. Музыкалық құралға үйрену кезінде, музыкалық аспапта осылай алумен қатар, қандайда бір нәтижені алу үшін не істеу керек екендігін білуі тиіс: виртиоздар көбінде нашар мұғалім, ал жақсы нашар виртиоз болады. Өкінішке орай психо-әлеуметтік салада ол қылықтар көп тілді саласында оның ішінде мәнерлі оқытуда үйрету саласындағы жеңісті тұстарды сөз етуге болады. Бұл лингвистиканың дамыған гуманитарлы ғылымы болып отырғандығын нәтижесінде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz