Египеттің конституциялық құқығы



Кіріспе 3
1 Египет мемлекеті 3
2 Египеттің Конституциялық құқығы 3
3 Тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізі 3
4 Қоғамдық бірлестіктерді құқықтық басқару 3
5 Египеттің Парламенті 3
6 Египеттің Үкіметі 3
7 Египеттің сот жүйесі 3
8 Египеттің Президенті 3
Қорытынды 3
Қолданылған әдебиеттер тізімі 3
Египет – Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі континенттің арасындағы шекара Суэцк каналының бойымен өтеді. Египеттің миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі –құмды емес, таулы болып келеді.
Бүгінгі күні Египеттің тұрғындары 70,5 млн.адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар) Египттің діні. Ресми деректер бойынша египеттіктердің 90% - мұсылмандар, 10% - христиандықты дәріптейтін коптар.
Египет Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады.
Парламенттің бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды) бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың атынан сайланғандар. Билік етуші Өосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия.Шураның (Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады, олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды.
Египеттің Конституциясы 1971 жылы ЦК Араб социалистік кеңесі құрылғаннан кейін қабылданды. Оны бекіту үрдісі референдум жолымен жүзеге асырылды.
Египеттің Конституциясы екі бөлімнен тұрады:
1. Арабтардың бірлігі, Египеттегі тыныштық, барлық бағыттар бойынша мемлекеттің тұрақты дамуы сынды мемлекеттің мақсаттарынан тұратын конституциялық декларациядан;
2. Заңды нормалар бекітілген Египеттің Конституцисы.
1. Баглай М.В. Конституционное право зарубежных стран. М.: Норма, 2004. - 832с.
2. Баглай М.В. Конституционное право зарубежных стран (страны Ближнего Востока). М.: Норма, 2004. - 340с.
3. Козлова Е.И. Конституционное право зарубежных стран. М.: Юристь, 1995.-568с.
4. Конституционное право зарубежных стран (страны Ближнего Востока).
5. Курс лекций. Под ред. Чиркина В. Е. М: Юристь, 1997. - 350с.
6. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М.: Белые альвы, 2002. - 400с.
7. Сонин В.В. История государства и права зарубежных стран: Учебно- практическое пособие. Владивосток.: Изд-во ВГУЭС, 2001. -88с.
8. Хёффе О. «Политика. Право. Справедливость». М.: ГНОЗИС, 1994. - 250с.
9. Ю.Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М.: Юристь, 1999.-576с.
10. Чиркин В.Е. Конституционное право зарубежных стран. М.: Юристь, 1997.-568с.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Египеттің конституциялық құқығы

Пәні: Шет мемлекеттер құқығы

Орындаған: _____ топ студенті
___________________________

Жетекші:
____________________________

Қарағанды 2013
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1 Египет мемлекеті 4
2 Египеттің Конституциялық құқығы 5
3 Тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізі 6
4 Қоғамдық бірлестіктерді құқықтық басқару 7
5 Египеттің Парламенті 8
6 Египеттің Үкіметі 10
7 Египеттің сот жүйесі 10
8 Египеттің Президенті 11
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14

Кіріспе

Египет - Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі континенттің арасындағы шекара Суэцк каналының бойымен өтеді. Египеттің миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі - құмды емес, таулы болып келеді.
Бүгінгі күні Египеттің тұрғындары 70,5 млн.адамнан асады және жыл сайын 1,3 млн. өсіп отырады. Каирда қазір 17 млн. адам өмір сүріп жатыр, бұл дегеніміз 50-ші жылдардағы барлық елдің тұрғындарының саны. Ежелгі египеттіктердің арабтанған ұрпақтары тұрғындардың 99% құрайды. Этникалық азшылықты нубийлықтар, сонымен қатар бедуиндер және өзге де көшпелі тайпалар құрайды. Тұрғындардың 80% - шаруалар (феллахтар) Египттің діні. Ресми деректер бойынша египеттіктердің 90% - мұсылмандар, 10% - христиандықты дәріптейтін коптар.
Египет Араб Республикасының Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы бас билеушісі президент, "раис" деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады.
Парламенттің бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды) бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың атынан сайланғандар. Билік етуші Өосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия.Шураның (Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады, олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды.
Египеттің Конституциясы 1971 жылы ЦК Араб социалистік кеңесі құрылғаннан кейін қабылданды. Оны бекіту үрдісі референдум жолымен жүзеге асырылды.
Египеттің Конституциясы екі бөлімнен тұрады:
1. Арабтардың бірлігі, Египеттегі тыныштық, барлық бағыттар бойынша мемлекеттің тұрақты дамуы сынды мемлекеттің мақсаттарынан тұратын конституциялық декларациядан;
2. Заңды нормалар бекітілген Египеттің Конституцисы.

1 Египет мемлекеті

Осы уақытта Египет деп аталатын Араб Республикасы елінің жерінде бағзы заманда қазіргі кездегі барлық адамдардың назарын өзіне магнитше тартқан күшті және құпиялы өркениет пайда болған. Европа мен Америкада тас мен жабайы аңшылық ғасыры үстемдік еткен сол бір замандарда ежелгі египет инженерлері Ұлы Ніл бойында ирригациялық құрылыстар тұрғызып, ежелгі египет математиктері Ұлы Пирамиданың негізінің тік төртбұрышы мен қисаю бұрышын есеп шығарған, көне египет сәулетшілері маңыздылығы мен мәнін уақыттың өзі өшіре алмаған керемет шаһарлар тұрғызған.
Бүгінгі Египет - Африканың солтүстік-шығысында орналасқан ірі араб елі. Оның аумағының бір бөлігі - Синай түбегі - Азияда жатыр. Екі континенттің арасындағы шекара Суэцк каналының бойымен өтеді. Египеттің миллион текше километрден асатын аумағының 96% - бұл сирек кездесетін шұрайлы жерлерден тұратын шөлді дала, ал шөлді даланың аумақты бөлігі - құмды емес, таулы болып келеді. Қалған бөлігінде 70-миллиондық тұрғыны бар елдің 9 проценті әлі күнге дейін өмір сүріп жатқан Нілдің алқабы мен атырауы [10, б. 48].
Тіпті ежелгі грек тарихшысы Геродот Египет - Нілдің сыйы деп айтқан болатын. Ұлы өзеннің арнасы мың жарым километрге созылып, оңтүстіктен, Суданмен жалғасып жатқан шекарасынан солтүстікке, Жерорта теңізінің жағалауына дейін, шығыс Аравия шөлейтін батыс Ливия шөлейтінен бөліп жатыр. Нілдің бойындағы тіршілік жолағының арнауы оңтүстігінде бір километрден Каир ауданына дейін 20-25 километрге дейін жетеді.
Шөлейт жерлерінің өзі: құм, құм төбелер, көшпенділердің тілдерінде ғана атауы түсінікті - сарыдан, қою сары секілді күлгін түске дейінгі небір түстердің түрлері аса бір әсерде қалдырады.
Египет - төтенше қонақ жай ел. Қонақтарын қашанда ашық көңілмен қарсы алады. Сіздің жанұяңыз, жұмысыңыз, Египеттен алған әсеріңіз туралы қызықтап сұрайды. Ең болмаса бір шыны шәй ішіп кетіңіз деп, ақ көңілімен қонаққа шақырады. Египетке миллиондаған саяхатшылар келген - олардың көптегені мұнда қайта-қайта келіп кеткен. Олардың ішіндегі ең танымалдары Нілдің бойындағы ғажайып елді сипаттаған жол жазбаларын қалдырған: математик Евклид, географ Страбон, жазушылар Гюстав Флобер и Агата Кристи, Лоренс Даррелл и Э.М. Форстер. Тіпті жаугершілер де бұл елдің сұлулығына жәйбірақат қала алмаған. Ұлы Александр оған Александрияны сыйлаған; Наполеон, оның архелогтары Ежелгі Египетті ашқан, бір сапарында әскерлеріне қарап, толқи тұра: Солдаттар, мына пирамидалардың биіктігінен сендерге қырық ғасыр қарап тұр! деген сөздер айтқан [5, б. 24].
Египеттің тарихы 7 мың жылды қамтиды. Оның аумағында сақталған ежелгі мәдениеттің ештеңеге тең келмейтіндей ескерткіштері жер бетіндегі орасан зор туристерді өзіне тартып отыр. Орасан зор пирамидалар және Үлкен Сфинкс, Жоғарғы Египеттегі ұлылық шаһарлар, басқа да көптеген тарихи және архитектуралық қайталанбас туындылар - осының бәрі мұндай таңқаларлық елмен жақын танысқандардың бәрінің қиялын шарықтата түседі.

2 Египеттің Конституциялық құқығы

Египеттің Конституциясы 1971 жылы ЦК Араб социалистік кеңесі құрылғаннан кейін қабылданды. Оны бекіту үрдісі референдум жолымен жүзеге асырылды.
Египеттің Конституциясы екі бөлімнен тұрады:
1. Арабтардың бірлігі, Египеттегі тыныштық, барлық бағыттар бойынша мемлекеттің тұрақты дамуы сынды мемлекеттің мақсаттарынан тұратын конституциялық декларациядан;
2. Заңды нормалар бекітілген Египеттің Конституцисы [2, б. 46].
Египеттің Конституциясы социалистік идеялар мен ислам құндылықтарының, жалпы гуманитарлық ережелер мен жалпы адами принциптердің негізінде қалыптасқан. Мұнымен қатар, конституцияның негізіне нарықтың экономиканың қызметі мен мемлекеттің капиталистік бағытта дамуы жатады.
Египеттің Конституциясы менщіктің үш түрінің болуына рұқсат етеді:
1. мемлекеттік;
2. кооперативтік;
3. жеке.
Конституцияға жер меншігінің белгілі минимумы шаруалар мен ауыл шаруашылық жұмысшыларын кез-келген пайдаланудың түрінен мемлекетпен қорғалуы үшін енгізілген. Конституция ауылды жерлердегі биліктің еңбек күштері бірлестіктерін қолдайды.
Египеттің конституциясының ерекшелігі - ірі капиталистер мен жер иеленушілердің дәстүрлі пайдаланушылық жеке меншігінің болуы.
Египеттің қоғамы әлеуметтік әлемдегі әлеуметтік тілектестікке, барлық азаматтардың теңдігіне негізделген. Мұнымен қоса, қоғамның негізділігіне әділеттелікті, саяси және әлеуметтік прогресті, адам құндылықтарын құрметтеуді жатқызуға болады. Конституцияда жазылған Египет қоғамының маңызды мақсаттарының бірі - демократиялық жолмен қарама-қайшылықтар деңгейін төмендету.
Египеттегі мемлекеттік дін ислам, мулылмат құқықтарының принцтиптері - заңнаманың басты көзі. Белгілі мемлекеттік құрылымдар ислам дәстүрлерін ескере отырылып құрылады. Египеттің Конституциясы мемлекеттің қоғамдық дамуындағы ислам дінінің маңыздылығын алдыға тартады. Шариғаттың заңдары египеттік қоғамда діни, адамгершілік, тіпті барлық азаматтардың құқықтық міндеттері болып табылады.
Египет президенттік басқару формасы бар, әкімшілік-территориялық бірліктердің біріктірілуімен жай унитарлы мемлекет болып табылады. Конституциялық түрде либералдық (жартылай демократиялық) мемлекеттік тәртіп орнатылған [3, б. 68].
Египеттің Конституциясы барлық деңгейдегі мемлекет билігінің міндеттерінің бөлінуін бекітті. Реси түрде халықтық ақпарат билігіне төртінші орын берілген, дегенмен БАҚ мемлекеттік биліктің мәртебесі берілмеген.
Египеттік Конституция қатаң болып саналады және тұрақты болып саналады. Конституцияның мәтініне өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығына Египеттің Президенті мен Парламент депутаттарының 13 бөлігі ие. Толықтырулар Консультативтік кеңеспен (аш-шура) қарастырылады және Парламенттің 23 тұрақты құрамымен мақұлданады. Кейін мақұлданған толықтырулардың тізімі референдумға салынады, онда қарапайым сайлау әдісімен шешім қабылданады.

3 Тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізі

Мемлекеттегі және қоғамдағы адамның, азаматтың рөлі қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Құқықтық жағдайы мен құқықтық мәртебесі этимологиясы бір-бірне жақын болып келетін ұғымдар. Тұлғаның қоғамдағы рөлі тек құқықтық нормалармен ғана анықталмайды, сонымен қоса барлық әлеуметтік нормалармен анықталып, қоғамдық мәртебе деп аталады.
Тұлғаның құқықтық мәртебесі оның қоғамдық мәртебесінің тек бір бөлігін ғана құрайды және азамат пен адамның қасиеттеріне, тұлғаның тек қана мемлекетпен байланысына қатысты болып келеді.
Жалпы түрде тұлғаның құқықтық мәртебесі мемлекет пен қоғамдағы заңды бекітілген тұлғаның жағдайы ретінде анықталады.
Құқықтық мәртебені конституциялық басқару әлеуметтік әділеттілік идеяларымен байланысты. Конституцияда шаруалардың, кедей-шаруалардың, жұмысшылардың құқықтары туралы оларға парламентте, кеңестер мен кооперативтерде ерекше нормалар бекіте отырып, ерекше бөліп айтады. Мұнымен қоса конституцияда батыс либерализмінің идеяларын көрсетуші дәстүрлі құқықтар мен бостандық бекітіледі. Бұл кезде саяси және жеке құқықтарға ерекше мән беріледі; әлеуметтік-экономикалық құқықтар біршама аз көлемде көрсетілген [1, б. 74].
Конституция барлық азаматтардың жынысына, тіліне, этникалық болмысына, дініне, сеніміне қарамастан барлық азаматтардың теңдігін көрсетеді, бірақ шариғаттың заңдары теңдік принципіне өзінің ерекшеліктерін енгізеді. Әлеуметтік-экономикалық құқықтардың ішінде білім мен еңбекке құқықтар аталған, сонымен қатар ғылыми және көркем шығармашылық еркіндігі туралы да айтылады. Саяси құқықтар конституцияда толық көлемде көрсетілген, дегенмен көп жерде оларды қолдану адамгершілік принциптеріне сәйкес келуі керектігі туралы айтылады. Бұл құқықтар 1983 жылға дейін ұлттық бірлік, мемлекеттің, азаматтың бостандығын қорғау туралы заңдармен шектеліп, 1983 жылы заңнан алынып тасталған болатын, алайда бүгінгі күні де 1978 жылғы заңнамамен Құдайдың заңдарымен жүретін адамдарға БАҚ, қоғамдық ұйымдардың басқару қызметінде тұруға рұқсат етілмейді.
Саяси құқықтардың ішінде конституцияда азаматтардың референдумға қлйылған мәселелер бойынша өз ойларын білдіруге, жиналыстар өткізуге құқық бар. Жеке жиналыстарға қауіпсіздік органдарының мүшелерінің қатысуына құқы жоқ, алайда қоғамдық мәселелерді қарастырушы жиналыстарға заңнамада көрсетілген жағдайлармен қатыса алады [2, б. 93].
Конституцияда азаматтардың жеке бостандықтарының үлкен тізімі бар: адамның негізгі құқы болып табылатын тұлғаның бостандығы, діни бостандығы, мемлекет ішінде еркін қозғалу құқығы, жазба хаттардың, телефондық және телеграфтық хабарламалардың құпиялығы. Тұтқынға алу кепілдігінен бастап айыпталушының құқықтарына дейін ерекше жағдайларға жатады. Мұнымен қоса тұлғаның жеке құқықтары тек қана соттық шешіммен ғана емес, сонымен компетентті органдардың шешімімен де шектелуі мүмкін.
Конституцияда азаматтардың негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызады: мемлекетті қорғау, әлеуметтік басып алушылықтарды қорғау мен қолдау, ұлттық бірлікті сақтау, салық төлеу, мемлекеттің өміріне қатысу.
Осылайша, тұлғаның құқықтық мәртебесін конституциялық басқару негіздері әлеуметтік әділеттілік идеяларымен байланысты. Мұнымен қоса конституцияда батыс либерализмінің идеяларын көрсетуші дәстүрлі құқықтар мен бостандық бекітіледі.

4 Қоғамдық бірлестіктерді құқықтық басқару

АРЕ Конституциясы қоғамдық бірлестіктерді құруға еркіндік береді және саяси жүйе көппартиялы сипатқа ие болуын бекітеді. Египетте әр түрлі бірлестіктерді басқарушы бірнеше заңдар әрекет етеді. Бірнеше заңдар партиялардың қызметіне байланысты болып келеді. Оның негізгісі 1977 жылғы саяси партиялардың заңы болып табылады (кейіннен өзгертілген). Заңға сәйкес, сипатына қарай партиялар ұлттық-демократиялық болуы керек. Олар демократиялық құралдарды қолдануы керек және билік қызметінің араласу негізінде әрекет етуі керек, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуы керек. Партиялардың мақсатары шариғаттың принциптеріне қарама-қайшы болмауы қажет. Олар шет елдік партиялардың бөлімшелері бола алмайды, ал жаңадан құрылған партиялар әрекет етіп жатқан партиялардың атаулары мен мақсаттарын қайталамауы қажет.
Партияны құу үшін египет тұрғындарының 50 ұйымдастырушылырының атынан жазба мәлімдемені беру керек [3, б. 92]. Жартысынан кем емес ұйымдастырушылар жұмысшылар мен шаруалар болуы тиіс. Мәлімдеме арнайы комиссияның төрағасының атына қажетті құжаттарды бірге тіркеуге берілуі қажет (жарғы, партияның мақсат-міндеттері туралы бағдарламалар). Комиссия мәлімдемеден 15 күннің ішінде бас тартуы мүмкін; егер регистрацияда аталған мерзімде жазбаша бас тарту берілмесе, партия автоматты түрде тіркелген болып саналады. Партияны регистрациялау бойынша комиссия жоғарғы мемлекеттік шенеуліктерден тұрады. Оның төрағасы Консультативтік кеңестік төрағасы (аш-шура)болып табылады, мүшелері - ішкі істер, юстицияның министрлері , парламент іс бойынша және т.б. министрлер. Соңғы жылдары комиссия көптеген мәлімдемелерді қабылдамады, онда қайталанып келетін партиялар бар деп көрсетті [4, б. 102].
Египетте халықтық жиналыста көрсетілген бірнеше саяси партиялар бар. Олардың іщіндегі ең ірілері:
1) Ұлттық-демократиялық партия. Бұл бір палаталы парламентте көптеген орындарға ие басқарушы партия (458 ішінде 360). Бұл партияға оның төрағасы болып табылатын Президент те кіреді. Партия мемлекеттік аппараттың, ірі өндірістің, сауда, жер буржуазиясының, интеллигенцияның бөлігінің мүдделерін қорғайды;
2) Жаңа Вафд партиясы ұлттық буржуазияның, жер иеленушілердің мүдделерін қорғайды;
3) Еңбектік социалистік партиясы шағын кәсіпкерлердің, ұлттық мұсылман ұйымдарының, интеллигенцияның құқықтарын қорғайды;
4) Либералды-социалистік партия атына қарамастан салыстырмалы құқықтық партия болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық интеграция шеңберіндегі Араб Мағриб бірлестігі
Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялары
Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оку-әдістемелік құрал
Араб халықтарына Ұлы державалардың жүргізген отарлық қысымын әшкерелеу
Ислам құқығына кіріспе: теория және практика мәселелері
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Палестина мемлекетінің тарихи кезеңдерде дамуы
Ежелгі Египеттің мемлекеті жəне құқығы
Ежелгі Египеттің мемлекеті және құқығы
Египет мемлекеті және құқығы
Пәндер