Жер қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Жер қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары»
Орындаған: топ студенті
Жетекші:
Қарағанды 2015
ЖОСПАР
Кіріспе3
1 Ибн Баттутаның өмірі4
2 Ибн Баттутаның Меккеге қажылыққа баруы5
3 Йемен мен Шығыс Африкаға Ибн Баттутаның саяхаты6
4 Үндістан мен Қытайға саяхат9
Қорытынды11
Қолданылған әдебиеттер тізімі13
КіріспеОрта ғасырлық араб саяхатшыларының бірі - Әбу Абдаллаһ Мұхаммед. Оның Қырым мен Алтын Орда иеліктерінде болып, жазған мақалалары, Өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Ол 30 жыл бойы саяхат жасаған (1323-53) . Арабияда (Сауд Арабиясы түбегінде), Египетте, Иранда, Кіші Азия түбегінде, Орталық Азия мен Ауғанстанда, Үндістанда, Индонезияда, Қытайда, Суданда, Испанияда, Қырым мен Ресейде болған. Оның Қырым мен Алтын Орда иеліктерінде болғаны туралы мақалалары, өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Деректердің бірінде өзбекханның әйелі грек ханымына еріп Константинополь қ-на барған сапары жайлы және саяхатшының сол қаланы толық баяндағаны жазылады. Батуттаның Иранға жасаған саяхаты жөніндегі әңгімесі Хулагу әулеті билеген Иранның жағдайын көрсетеді. Үндістанда болғанын түгел суреттеп жазған еңбегі (ол Дели сұлтаны Мұхаммед Тұғлақтың сарайы жанында сот болып қызмет істеген) ерекше назар аударарлық. Одан кейін ол мұсылман Испаниясында (1349 - 52) болды. Оның 1352 - 53 ж. Батыс және Орталық Суданға жасаған саяхаты туралы есебі өте бағалы. Батутта Мали мемлекетін және Батыс Африканың оған жапсарлас жатқан өлкелерін тұңғыш рет (Еуропа саяхатшыларына дейін) түбегейлі баяндап берді. өмірінің аяғына дейін ол Мароккода тұрған.
Оның жасаған саяхаттарының нәтижесінде бүгінгі күні біз ортағасырлық қалалар мен сол кездегі халықтардың, сұтандықтардың мәденитімен кеңінен танысып жатырмыз.
Бұл кісінің саяхаттарының қазақ халқының мәдениеті үшін де мәні зор. Ибн Баттутаны барған елінің бәрінде аса үлкен құрмет пен қошеметпен қарсы алған. Оның мемлекетті басқаруда заңгерлік саласындағы білімі оның әлеуетін одан сайын асыра түсті.
Бар өмірін саяхатқа арнаған адамның ғұмыры мен таң ғажайып саяхаттары кімді болса да тәнті ете түсетіні анық.
1 Ибн Баттутаның өмірі
Сурет 1. Ибн Баттута
Әбу Абдаллаһ Мұхаммед Ибн Баттута (24. 2. 1304, Танжер қ. - 1377, Фес қ. қазіргі Марокко) - араб саяхатшысы. Оның Қырым мен Алтын Орда иеліктерінде болып, жазған мақалалары, Өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Ол 30 жыл бойы саяхат жасаған (1323-53) . Арабияда (Сауд Арабиясы түбегінде), Египетте, Иранда, Кіші Азия түбегінде, Орталық Азия мен Ауғанстанда, Үндістанда, Индонезияда, Қытайда, Суданда, Испанияда, Қырым мен Ресейде болған. Оның Қырым мен Алтын Орда иеліктерінде болғаны туралы мақалалары, өзбек ханның сарайы туралы хабарламалары түрік халықтарының тарихы үшін өте құнды деректер. Деректердің бірінде өзбекханның әйелі грек ханымына еріп Константинополь қ-на барған сапары жайлы және саяхатшының сол қаланы толық баяндағаны жазылады. Батуттаның Иранға жасаған саяхаты жөніндегі әңгімесі Хулагу әулеті билеген Иранның жағдайын көрсетеді. Үндістанда болғанын түгел суреттеп жазған еңбегі (ол Дели сұлтаны Мұхаммед Тұғлақтың сарайы жанында сот болып қызмет істеген) ерекше назар аударарлық. Одан кейін ол мұсылман Испаниясында (1349 - 52) болды. Оның 1352 - 53 ж. Батыс және Орталық Суданға жасаған саяхаты туралы есебі өте бағалы. Батутта Мали мемлекетін және Батыс Африканың оған жапсарлас жатқан өлкелерін тұңғыш рет (Еуропа саяхатшыларына дейін) түбегейлі баяндап берді. өмірінің аяғына дейін ол Мароккода тұрған [1, б. 23] .
Жасаған саяхаты туралы . . . «Ибн Баттута саяхаты туралы» кітап XIV ғ. жазылды және көптеген тілдерге тәржімаланды. Онда автордың Еуропаға, Азия мен Африкаға жасаған көптеген сапарлары туралы шынайы мәліметтері жинақталған еді. Шығыс Африкаға жасаған жорығы оны үлкен әсерге бөледі. Персия, Сирия мен Кіші Азияны сайрандағаннан кейін ол Қара теңізді кесіп өтті, және құрлықпен жүріп отырып, Еділ бойына жетті. Ибн Баттута Еділ бойымен Кама өзені сағасына көтерілді, мұндағы Бұлғар қаласында Алтын Орданың маңызды сауда орталығы орналасқан. »Түнек елінде» елтірімен сауда жасау пысық көпес үшін қауіпті әрі табысы аз болып көрінді, сөйтіп ол әрі қарай солтүстікке жүріп кетті. Келесі жылдары Ибн Баттута Орта Азия мен Үндістанға сапар шекті. Үндістанда ол сегіз жылға таяу тұрды. 1342 ж. үнді сұлтаны оны Қытайға жөнелтті, бірақ бұл саяхаттың сәті түспеді. Кейінірек Мальдив аралдарындағы билеушінің қолындағы қызметінен кейін ол Цейлонға жетті және ақырында Қытайдан бір-ақ шықты. 1349 ж. Ибн Баттута Цейлон, Арабия мен Мысыр арқылы Отанына оралды, бірақ оның саяхаты осымен тәмәм болмады. Испанияда аялдағаннан кейін қайтадан Африкаға жолаушылап, құпия Тимбукту қаласына (Мали) келді. Ол 1352 ж. жолға шықты. Бұл қажырлы арабтың өміріндегі ең ірі сапары болатын. Малиге бағыт ала отырып, ол Сахара шөлін кесіп өтті. Жол қиындыққа толы болды, шөл далада қарақшылар торып жүрді, сондықтан саяхатшы керуенге қосылды. Керуен Тагазда алғаш үйлер тұз бен түйенің көн терісінен тұрғызылған. Жолаушылар өздерімен он күнге есептеп, су қорын алып жүрді. Тасаралыға дейінгі жол көп күнге созылды. Содан соң жаңа қормен Валатаға дейін жетті. Баттута Малиге аяқ басқаннан кейін, Нигер өзеніне дейін тағы жүрді. Тәуекелге бас тігуге тура келді, дегенмен Ибн Баттута бай Мали шаһары Тимбуктуды тапты және Сулеймен патшамен дидарласты. Ибн Баттута елуге келгеннен кейін, туған жері Танжерге қайтып оралды және өзінің бастан кешірген таңғажайып саяхаты мен сапарларын кітапқа түсіртті [2, б. 83] .
2 Ибн Баттутаның Меккеге қажылыққа баруы
Сурет 2. XIII ғасырдағы пилигримдер тобының қажылыққа баруын сипаттайтын көрініс
Ибн Баттута жолшылай 1327 жылы Тебриз персидтік-монғолдық қаласында болған. 1325 жылдың 14 маусымында Ибн Баттута Танжерден қара тасы бар Кааба ордасы орналасқан мусылмандардың діни табыну орталығы Меккеге қажылыққа бару үшін шыққан. Сахара шөлін өткеннен кейін ол өз саяхатын жалғастыруды ұйғарды.
Ол Меккеге Солтүстік Африканың жағалауының бойымен жүре отырып барды. Оның жолы Тунис арқылы болды, онда ол екі айдай болған. Қауіпсіздік үшін Ибн Батутта кереуендерге қосылуға тырысқан, ал бұл өз кезегінде жергілікті бедуин тайпаларымен жауланып алынудан қорғайтын. Сфакс қаласында ол өзіне жар тапты, алғашқы алайда оның саяхатындағы жалғыз жары емес.
1326 жылдың ерте көктемінде 3500 км ұзындыққа созылған саяхаттан кейін Ибн Батутта Александриияға дейін жетті. Бірнеше апталардың ішінде ол осы мекеннің қаланың назар аударарлық орындарын зерттеді, содан кейін материктің тереңіне қарай, мамлюк сұлтандығының астанасы, сол кездердегі ең ірі қалалардың бірі Каир жаққа бет алды. Каирде бір айдай болып, үш жолдың аз жүрілетінінің бірімен Мекке жаққа бет алды. Ибн Баттута Египеттен асып өтіп, Джидданы жүзіп өтуді ойластырды, алайда жергілікті тайпалардың алауыздығы оны Каирге оралуына мәжбүр етті. Кейін ол Иерусалим, Дамаск, Мекке, Басра, Багдад қалаларында болды, онда Абу Саид ильханы пен Тебриздің қабылдауында болды. Содан кейін ол Меккеге оралып, заңгер болды. Бірақ оның саяхаты мұнымен аяқталмады.
Кейін ол Африкада, Орта және Кіші Шығыста - ортағасырлық еуропалықтарға әлі белгісіз орындарда болды [3, б. 49] .
3 Йемен мен Шығыс Африкаға Ибн Баттутаның саяхаты
Сурет 3. Заил порты
1330 жылы Ибн Баттута Қызыл теңізден өтіп, Аденге (Йемен) келді. Йеменде ішкі қақтығыстар болып жатты, тек екі қалада ғана - Сане (қазіргі Йеменнің астанасы) және қазіргі Забиду портында тыныш еді. Онда ол Заилға (Сомали) бет бұрған арабтың кемесін - дау жалға алды. Кейін ол әр жерде бір аптаға тоқтап, Гвардафуй мүйісіне қарай бағыт алды. Кейін ол Берберлердің маңызды қаласы Могадишода болды.
1331 жылы ол онда түскенде, Могодышо гүлденіп жатқан қала еді. Ибн Батутта оны ірі саудагерлері бар, көптеген қалаларға таратылатын, соның ішінде Египетке де таратылатын жоғарғы сапалы маталарымен кең танылған «ірі қала» ретінде сипаттады. Қосымша тағы да ол қаланы сомали диалектісі мен араб тілінде бірдей дәрежеде сөйлейтін Сомалы сұлтан басқаратынын жазған. Сұлтан өзіне визир қызметшілерін, әскерді басқарушы заңгерлерді, евнухтар мен әр түрлі қызметшілерді жақын ұстады [4, б. 54] .
Сурет 4. Маржандардан жасалған Ұлы Килва-Кисивани мешіті
Ибн Батутта өзінің оңтүстікке саяхатын кемеде Суахили жағалауына қарай жалғастырды. Оның жолдағы бір аялдамаларының бірі аралдық Момбас қаласында болды. Ол кезде бұл кішкене қала болатын. Бұл қаланың гүлденуі бір ғасырдан кейін болды. Жағалау сызығының бойымен жүре отырып, Ибн Батутта аралдық Килва қаласына дейін жетті. Ол бұл қаланы: «әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі» ретінде сипаттаған. Ибн Баттута өзінің Килваға 1330 жылғы саяхаты туралы жазбалар қалдырған, мұнда ол жергілікті билік иесінің Аль-Хасана ибн Сулейман сұлтанның Құдайға табынушылығы туралы таң қалып жазған. Бұл кезде Хусуни Кубва сарайы салынған және ұлы Килва мешіті де салынған. Және де ол сұлтанның билігі Малиндидің оңтүстігінен Иньямбаненің оңтүстігіне дейін созылғанын және қаланың салыну құрылымымен таң қалғанын және онда ол қаланың жетістікке жетуінің кілті туралы жазған. Кейін Ибн Баттута Шығыс Африканың жағалауындағы ірі қалалар Момбаса мен Килваға жүзіп кетті, онда суахили тілінде сөйлейтін. Ибн Баттутаны жергілікті халықтың қаралығы таң қалдырды. Меккеге оралу үшін ол Арабияның оңтүстігін аралап жүзіп, Персид шығанағына өтіп, кейін Араб жартылай аралынан жүзіп өтуіне тура келді [5, б. 81] .
Хронологияның нақтылығының болмауынан Ибн Баттутаның бұл саяхаты 1332 жылы аяқталғанын дәл айта алмаймыз.
4 Кіші Азияға Ибн Баттутаның саяхаттары
Рум бойынша Ибн Баттутаның саяхаты (арабтар Кіші Аияны осылай атаған) 1332 жылдың қысында ол генуэздік кемеде алайа портына жеткенде басталды. Содан ол Антальді, Лаодикею-на-Ликосны, Икониумді, Кесарияны Каппадокийді, Себастияны, Биргияны жүріп өтті. 1333 жылдың соңына қарай қара теңіздік порттық қала Синопқа жетті.
Алтын Орда мен Константинопольге саяхаты
Жалықтырмайтын білуге құштарлық Ибн Баттутаны жаңа жиһанкезділіктерге итермеледі. Грек кемесінде ол Кафаға жүзіп жетті (дағы Феодосия), кейін Солхат пен Азовқа бет алды, ол жерден - Кавказға. 1334 жылдың 6 мамыр айында саяхатщы Алтын Орда ханы Өзбек ханға келді, қазіргі кездегі Пятигорск қаласының орнында болған, хан оны құрмет пен қошеменпен қарсы алды. Тарихшыларда Ибн Баттутаның Булгарға саяхаты көптеген сұрақтардың туына алып келеді, өзінің айтуынша бұл саяхат 20 күнге созылды. Кейбір ғалымдар (И. Хрбек, С. Яничек) Волж Булгариясында болмады деп есептейді, яғни мұндай аз мерзімде үлгермейді дейді. Саяхаттың сипатталынуы басқа араб авторларынан (Ибн Джубейр, Абу-ль-Фида) алынуы мүмкін немесе оның шығармашылық хатшысы ибн Джузайдың жазбаларынан алынуы мүмкін. Осылай болса да, саяхатшы Хаджи-Тархан ханының жанында болып қайтқан. Кейін ол Византияның III Андрониканың қызы, Баялун-хатунның әйелдерінің бірін әкесіне шығарып салуға ниет білдірген. Византияның астанасында араб саяхатшысы бір ай алты күн болған. Одан кейін ол Волгаға оралды, қарашаның ортасына қарай Жаңа Ордаға келді (Сарай-Берке) . 1334 жылдың 10 желтоқсанында Ибн Баттута хорезм керуеніне қосылып, Алтын Орданың астанасынан кетті. Сарай-Джук арқылы ол Орта Азияға бет алды [6, б. 30] .
4 Үндістан мен Қытайға саяхатОрталық Азияда Ибн Баттута ірі сауда орталықтарында болды - Үргеніш (Гургандж), Самарканд, Бухар. Ургеніште ол алтын ордалық нояндардың бірі Кутлуг-Тимурдің қабылдауында болды, Бухардан Самаркандқа жолшылай шағатай ханы Тармаширинге соғып кетті. Хорасан мен Афганистан арқыл Делий сұлтандығына дейін жетті. Делиде Ибн Баттута Мухаммеду Туглактың қызметіне түсті. Ол Үндістанда сегіз жыл өмір сүрді, алдымен кади (би) болды, кейін факих, 1342 жылдың 22 маусымында Қытайға сұлтанның елшісі ретінде барған. Ибн Баттута үшін Қытайға саяхат сәтсіз болды. Жағалауға жақындағанда ол серіктерімен қарақшылардың талқандауына ұшырады. Ибн Баттута тоналды, серіктерінен қалып қойды және өлімге жақын болды. Бұл жағымсыз жағдайларға қарамастан, Ибн Баттута 10 күннен кейін өз тобына жетіп алды және олар бірге Үндістанның Гуджарат штатындағы Кхабмхатқа жолын жалғастырды. Ол жерден олар Кожикодені жүзіп өтті. Ибн Баттутаның сәтсіздіктер ол мешіттегі жағалауда болғанда жалғаса берді, кемелердің біреуі бірден болған дауылдың әсерінен теңіз түбіне батып кетті. Екінші кеме Ибн Баттутаны тоспастан кетіп қалды делиге оралуға қорыққандықтан Ибн Баттута біраз уақыт бойы Навая сұлтандығында Джамаль-ад-Диннің қорғауымен оңтүстік Үндістанда қалды. Сұлтандықта көтерілістің пайда болуынан Ибн Баттута Үндістаннан кетіп қалды. Қытайға саяхаты туралы ойы болып, ол Мальдиваға қарай бұрып кетті. Мальдив аралдарында ол 9 ай болды, оның ойындағынан да көп уақыт. Оның заңгерлік білімі буддизмнен ислам дініне жаңа ғана өткен мемлекет үшін өте қажет болды. Көптеген саяхаттарынан кейін Баттута Кантонға дейін жетті, кейін Малайзияға, Бенгалия менҮндістанға, сосын Мароккаға оралды (1349) . Оның Қытайға саяхаты күмән туғызады, өйткені оның бұл қала туралы деректері нақты емес.
Ибн Баттутаның өмірінің соңғы жылдары туралы оның 1355 саяхаты аяқталғаннан кейін аз дерек қалған. Ол би қызметіне 1368 жылы немесе 1369 жылы тағайындалғаннан кейін дүниеден озды [6, б. 59] .
Қорытынды ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz