Колумбияның конституциялық құқығы



Кіріспе 3
1 Колумбия Республикасы 3
2 Мемлекеттік құрылысы 3
3 Құқықтық жүйесі 3
4 Азаматтық және онымен аралас құқықтар 3
5 Қылмыстық құқық пен процесс 3
6 Сот жүйесі. Бақылау органдары 3
7 Колумбияның Президенті 3
Қорытынды 3
Қолданылған әдебиеттер тізімі 3
Колумбия Республикасы (Columbіa) – Оңтүстік Американың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет.
Тұрғындарының 58%-і метистер, 20%-і еуропалықтар, 14%-і мулаттар, негрлер, үндістер. Қала халқы 73% (1996). Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындары христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Богота. Конституция бойынша елді Президент басқарады (1998 жылдан Андрес Пастрака Аранго) және ол 4 жыл сайын сайланып отырады. Заң шығарушы жоғары органы – Сенат және Өкілдер палаталарынан құрылатын парламент. Әкімшілік жағынан 32 департамент пен астаналық округке бөлінеді. Ақша бірлігі – Колумбия песосы. Ұлттық мейрамы 20 шілде – Тәуелсіздік күні (1810).
Колумбия – экономикасы орташа дамыған ел. Жылдық ұлттық табыс көлемі 96,4 млрд. АҚШ долларыы. Жеке адамға шаққанда – 6720 доллар Сыртқы қарыздар – 28,8 млрд. АҚШ долларыы. Елде жұмыссыздардың саны жоғары (еңбекке қабілеттілердің 11,9%-і). Колумбия әлемдегі ең ірі есірткі сату орталықтарының бірі болып отыр. Жыл сайын есірткі саудасынан 3,5 млрд. доллар табыс түседі. Экспортқа мұнай мен мұнай өнімдері, кофе, алтын, көмір, банан, гүл, мақта, химия өнімдері, тоқыма өнімдері, қағаз шығарылады. Импортқа машиналар мен құрал-саймандар, металдар, тамақ өнімдері әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Еуропалық одақ елдері, Аргентина, Бразилия, Чили, Мексика, Венесуэла, Жапония.
Колумбия – унитарлы мемлекет. Әкімшілік-территориялық бөлінісі - 31 департамент; Санта-Фе-де-Богота мен Кундинамарка департаменті орталық бөлімше ретінде белгіленген.
Саяси Конституция 1991 жылдың 4 маусымынан бастап әрекет етеді. Басқару формасы бойынша Колумбия - президенттік республика.
Жоғарғы заңнамалық орган - Конгресс, ол Сенаттан (102 орын) және Палаты өкілдерінен (165 орын) тұрады. Жалпы құпия санақ бойынша 4 жылға сайланады: Сенат – жалпы ұлттық бойынша, Палата өкілдерін – территориялық және арнайы сайлау аймақ бойынша. Сенаттағы екі орын үнді халықтарының мүшелері үшін бөлінген.
Колумбияның құқықтық жүйесі жалпылай алғанда романдық-германдық құқықтық жүйеге жатады, соның ішінде негізделген латиноамерикандық тобына кіреді. Колумбиялық құқықтың қалыптасуының алғашқы негізі – бұрынғы метрополия Испания. Конституциялық құқығы АҚШ-тың моделіне көбіреу ұқсайды, азаматтық және қылмыстық құқыққа француз заңнамасы да біршама әсер етті.
1. Колумбия. Тенденции экономического и социально-политического развития. М., 1986
2. Литаврина Э.Э. Двухпартийная система в Колумбии в период Национального фронта (1959–1974). М., 1986
3. Ивановская З.В. Колумбия: государство и гражданское общество. Опыт политических реформ в условиях нестабильности. М., 1997
4. Баглай М.В. Конституционное право зарубежных стран. М.: Норма, 2004. - 832с.
5. Баглай М.В. Конституционное право зарубежных стран (страны Ближнего Востока). М.: Норма, 2004. - 340с.
6. Козлова Е.И. Конституционное право зарубежных стран. М.: Юристь, 1995.-568с.
7. Конституционное право зарубежных стран (страны Ближнего Востока).
8. Мишин А.А. Конституционное (государственное) право зарубежных стран. М.: Белые альвы, 2002. - 400с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Колумбияның конституциялық құқығы

Пәні: Шет мемлекеттер құқығы

Орындаған: _____ топ студенті
__________________________

Жетекшіcі:
__________________________

Қарағанды 2013
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1 Колумбия Республикасы 4
2 Мемлекеттік құрылысы 6
3 Құқықтық жүйесі 7
4 Азаматтық және онымен аралас құқықтар 8
5 Қылмыстық құқық пен процесс 8
6 Сот жүйесі. Бақылау органдары 10
7 Колумбияның Президенті 11
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 15

Кіріспе

Колумбия Республикасы (Columbіa) - Оңтүстік Американың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет.
Тұрғындарының 58%-і метистер, 20%-і еуропалықтар, 14%-і мулаттар, негрлер, үндістер. Қала халқы 73% (1996). Ресми тілі - испан тілі. Тұрғындары христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы - Богота. Конституция бойынша елді Президент басқарады (1998 жылдан Андрес Пастрака Аранго) және ол 4 жыл сайын сайланып отырады. Заң шығарушы жоғары органы - Сенат және Өкілдер палаталарынан құрылатын парламент. Әкімшілік жағынан 32 департамент пен астаналық округке бөлінеді. Ақша бірлігі - Колумбия песосы. Ұлттық мейрамы 20 шілде - Тәуелсіздік күні (1810).
Колумбия - экономикасы орташа дамыған ел. Жылдық ұлттық табыс көлемі 96,4 млрд. АҚШ долларыы. Жеке адамға шаққанда - 6720 доллар Сыртқы қарыздар - 28,8 млрд. АҚШ долларыы. Елде жұмыссыздардың саны жоғары (еңбекке қабілеттілердің 11,9%-і). Колумбия әлемдегі ең ірі есірткі сату орталықтарының бірі болып отыр. Жыл сайын есірткі саудасынан 3,5 млрд. доллар табыс түседі. Экспортқа мұнай мен мұнай өнімдері, кофе, алтын, көмір, банан, гүл, мақта, химия өнімдері, тоқыма өнімдері, қағаз шығарылады. Импортқа машиналар мен құрал-саймандар, металдар, тамақ өнімдері әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Еуропалық одақ елдері, Аргентина, Бразилия, Чили, Мексика, Венесуэла, Жапония.
Колумбия - унитарлы мемлекет. Әкімшілік-территориялық бөлінісі - 31 департамент; Санта-Фе-де-Богота мен Кундинамарка департаменті орталық бөлімше ретінде белгіленген.
Саяси Конституция 1991 жылдың 4 маусымынан бастап әрекет етеді. Басқару формасы бойынша Колумбия - президенттік республика.
Жоғарғы заңнамалық орган - Конгресс, ол Сенаттан (102 орын) және Палаты өкілдерінен (165 орын) тұрады. Жалпы құпия санақ бойынша 4 жылға сайланады: Сенат - жалпы ұлттық бойынша, Палата өкілдерін - территориялық және арнайы сайлау аймақ бойынша. Сенаттағы екі орын үнді халықтарының мүшелері үшін бөлінген.
Колумбияның құқықтық жүйесі жалпылай алғанда романдық-германдық құқықтық жүйеге жатады, соның ішінде негізделген латиноамерикандық тобына кіреді. Колумбиялық құқықтың қалыптасуының алғашқы негізі - бұрынғы метрополия Испания. Конституциялық құқығы АҚШ-тың моделіне көбіреу ұқсайды, азаматтық және қылмыстық құқыққа француз заңнамасы да біршама әсер етті.

1 Колумбия Республикасы

Колумбия Республикасы (Columbіa) - Оңтүстік Американың солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі - 1141748 км2. Халқы - 39,3 млн. адам (1999). Тұрғындарының 58%-і метистер, 20%-і еуропалықтар, 14%-і мулаттар, негрлер, үндістер. Қала халқы 73% (1996). Ресми тілі - испан тілі. Тұрғындары христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы - Богота. Конституция бойынша елді Президент басқарады (1998 жылдан Андрес Пастрака Аранго) және ол 4 жыл сайын сайланып отырады. Заң шығарушы жоғары органы - Сенат және Өкілдер палаталарынан құрылатын парламент. Әкімшілік жағынан 32 департамент пен астаналық округке бөлінеді. Ақша бірлігі - Колумбия песосы. Ұлттық мейрамы 20 шілде - Тәуелсіздік күні (1810).
Жер ерекшеліктеріне қарай Колумбия таулы батыс аймақ және жазық шығыс аймақ болып 2-ге бөлінеді. Елдің батысында жатқан Анд таулары Батыс, Орталық, Шығыс Кордильера тауларынан тұрады. Орталық Кордильерада көптеген сөнбеген жанартаулар кездеседі: Уила (5750 м), Руис (5400 м), Толима (5215 м), т.б. Елдің шығысында Ориноко - Риу-Негру ойпаты, солтүстікте Кариб маңы және Тынық мұхит маңы ойпаты, оңтүстікте Кокета және Путумайо ойпаттары орналасқан. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ, тас көмір, алтын, күміс, платина, изумруд, темір, мыс кентастары кездеседі. Климаты экваторлық және субэкваторлық. Жазық жерлерде орташа температура 29С, ал таулы өңірлерде 7С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ден (Солтүстік-Шығыс Колумбия) 4000 мм-ге дейін (Амазона өзені бойында), Тынық мұхит маңы мен оған іргелес таулы өңірлерде 10000 мм-ге дейін жетеді. Колумбияда өзендер өте көп және жиі орналасқан. Магдалена, Атрато, Сину (Кариб теңізіне құяды), Гуавьяре, Мета (Ориноко салалары) Путумайо, Какета (Амазона салалары), т.б. Тынық мұхит пен Кариб теңізі жағалауларында мәңгі жасыл ормандар, жазық жерлерде саванна, тауаралық ойпаңдарда мәңгі жасыл ағаштар, жоғары жақтарында экваторлық шалғын - парамос өседі. Маймыл, ягуар, құмырсқажегіш, алып кесірткелер - игуаналар, өзендерінде қолтырауындар кездеседі.
Колумбия жерінде ежелгі дәуірлерде үндіс тайпалары қоныстанған. Олар испандықтар келгенге дейін рулық қоғамда өмір сүрді. Испандар Колумбияға 1499 ж. келіп, 16 ғ-да елдің ішкі аудандарына кіре бастады. Елде отарлық режим орнап, Жаңа Гренада деп аталды. 1538 ж. отарлардың орталығы Санта-Феде-Богота қаласы салынды. Ол жерде испандар мақта, кофе, банан, қант қамысы, т.б. өсіріп, оған жергілікті үндістер күшпен жегілді. Алтын, күміс, изумруд (жақұт) өндіретін кеніштерде де үндістердің еріксіз еңбегі пайдаланылды. 17 ғасырдың аяқ кезінен бастап Африкадан құлдар әкеліне бастады. 18 ғасырдың ортасында қалаларда тоқыма өнеркәсібі пайда болды. Бірақ елдің әрі қарай дамуына Испания үкіметі кедергі жасап, жиі-жиі баскөтерулер болып тұрды. Көтерілістер қаталдықпен басып тасталды. 1810 ж. 20 шілдеде Боготода жергілікті халық көтеріліске шығып, Революциялық үкімет құрды. Бірақ провинциялар арасындағы бәсекелестік көтерілісшілердің күш біріктіруіне мүмкіндік бермеді. 1815 ж. Испания үкіметі көтерілісшілерге 10 мыңдық жазалаушылар жасағын жіберді. 1816 ж. мамырда жазалаушылар Боготоны басып алып, көтерілісті талқандап тастады. Көтерілісшілер партизан отрядтарына бірікті. 1819 ж. ақпанда көрші Венесуэла тәуелсіздігін жариялады. 7 тамызда венесуэлалықтар мен партизандардың біріккен күштері жазалаушыларды талқандап, 17 желтоқсанда Ұлы Колумбия Федеративті мемлекеті құрылды. Елдің президенті болып С.Боливар сайланды. Бірақ креолдер арасында бірлік болмауы мемлекеттің ыдырауына алып келді (1830). 1831 ж. Жаңа Гренаданың алғашқы президенті сайланып, келесі жылы конституция қабылданды. 1851 ж. құлдық жойылды, ал 1863 ж. жаңа конституция қабылданып, елдің аты Колумбия болып өзгертілді, Бірақ ішкі бірлік болмады да, елде жиі-жиі әскери төңкерістер мен азамат соғыстары болып тұрды. Осыны пайдаланған АҚШ 1856 - 1903 ж. арасында елден 14 рет Панама территориясын тартып алды. Нәтижесінде 1903 ж. қарашада Панама жеке мемлекет болып бөлініп шықты. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында АҚШ елдегі ағылшын капиталын ығыстырып шығарды. 1932 - 34 ж. көрші Перумен соғыс болды. 1936 ж. ауыл шаруашылығында реформалар жүргізіле бастады. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында шет ел капиталының иелігіндегі ірі өнеркәсіп орындары пайда болды. 1948 - 49 ж. елде тағы да саяси дағдарыс қалыптасып, әскери диктатура орнады. Партизан қозғалысы күшейді. Нәтижесінде 1952 ж. диктатура құлады. Бірақ жаңа үкімет халық тұрмысын жақсарта алмады да, ереуілдер әрі қарай жалғасты. 1966 ж. елде саяси және экономикалық реформалар жүргізілді. Бірақ 1970 - 72 ж. саяси жағдай қайтадан шиеленісті. 1982 ж. президент Б.Бетанкур партизандар мен саяси тұтқындарға амнистия жариялады. 1984 және 1989 ж. есірткі сатушы наркобарондар әділет министрін және президенттікке кандидатты атып өлтірді. Үкімет есірткі сатушыларға соғыс жариялады. Елде көптеген террорлық актілер жасалынып, бірнеше жүздеген адамдар оққа ұшты. 1991 ж. жаңа конституция қабылданды. Iрі-ірі наркобарондар тұтқындалып, кейбір партизан жасақтары үкіметке өз еріктерімен берілді. Бірақ солшыл партизандар болып есептелетін Колумбия революциясы қарулы күштері мен Ұлттық азат ету армиясы күні бүгінге дейін қарулы күресті жалғастырып отыр. 1995 ж. үкімет елде төтенше жағдай жариялап, ірі-ірі есірткі сатушыларды тұтқынға алды. 1998 жылдан бастап солшыл партизандар мен үкімет әскерлері, әскер басшылары мен көтерілісшілер арасында бейбіт келіссөздер жүргізілуде [1].
Колумбия - экономикасы орташа дамыған ел. Жылдық ұлттық табыс көлемі 96,4 млрд. АҚШ долларыы. Жеке адамға шаққанда - 6720 доллар Сыртқы қарыздар - 28,8 млрд. АҚШ долларыы. Елде жұмыссыздардың саны жоғары (еңбекке қабілеттілердің 11,9%-і). Колумбия әлемдегі ең ірі есірткі сату орталықтарының бірі болып отыр. Жыл сайын есірткі саудасынан 3,5 млрд. доллар табыс түседі. Экспортқа мұнай мен мұнай өнімдері, кофе, алтын, көмір, банан, гүл, мақта, химия өнімдері, тоқыма өнімдері, қағаз шығарылады. Импортқа машиналар мен құрал-саймандар, металдар, тамақ өнімдері әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Еуропалық одақ елдері, Аргентина, Бразилия, Чили, Мексика, Венесуэла, Жапония.

2 Мемлекеттік құрылысы

Колумбия - унитарлы мемлекет. Әкімшілік-территориялық бөлінісі - 31 департамент; Санта-Фе-де-Богота мен Кундинамарка департаменті орталық бөлімше ретінде белгіленген.
Саяси Конституция 1991 жылдың 4 маусымынан бастап әрекет етеді. Басқару формасы бойынша Колумбия - президенттік республика. Саяси режимі - тұрақсыз демократия. Ішкі саяси жағдайы бірнеше жылдардың ішінде орнықсыз болып келеді. Мемлекеттің аумағында левацтық партизандық құрылымдар әрекет етуде. Маңызды мәселелерінің бірі наркомафия болып табылады, ол территориялық әдісті белсенді қолданып келуде, соның ішінде саяси көшбасшылардың өлімі мен тұтқынға алуға алып келуде.
Жоғарғы заңнамалық орган - Конгресс, ол Сенаттан (102 орын) және Палаты өкілдерінен (165 орын) тұрады. Жалпы құпия санақ бойынша 4 жылға сайланады: Сенат - жалпы ұлттық бойынша, Палата өкілдерін - территориялық және арнайы сайлау аймақ бойынша. Сенаттағы екі орын үнді халықтарының мүшелері үшін бөлінген.
Конгресс екі палаталардың да жалпы жиналысына Республиканың Президентін жұмысына енді кіретін кезінде жиналады.
Қарапайым заңдар палата мүшелерінің қатысуымен қабылданады. Баптық заңдарды қабылдау, өзгерту немесе қабылдамау сол жиынның көп мүшелерінің сайлауын талап етеді.
Қабылданған заң жобаларын Президенттің қарамағындағы Үкімет тексерді. Үкіметтің ветосы палатаның көп мүшелерінің таңдауымен қабылданбауы мүмкін, Президент заң жобасын тексеруге міндетті. Егер Президент бұған конституциялық емес жобаның мотивіне сәйкес қарсы келсе, палаталардың тілегі бойынша Конституциялық сотқа өтеді, ол алты күннің ішінде шешім қабылдауы керек. Соттың өң қаулысынан кейін Президентті заң жобасын тексеруге міндеттейді. Президент заңды өз уақытында және Конституцияда бекітілген жағдайлармен тексермесе, оған Конгрестің төрағасы өзгеріс жариялайды (яғни, Сенаттың) [2].
Үкімет пен Мемлекеттің басшысы қарулы күштердің Бас қолбасшысы, тура сайлаумен төрт жылға сайланатын Президент екінші рет сайлануға құқы жоқ. Вице-президент сол жағдайлармен, сол уақытқа сайланады.
Үкіметтің құрамына Президенттің өзі, министрлер мен әкімшілік департаменттердің директорлары кіреді. Президент өзі министрлерді, директорларды тағайындайды және орнынан босатады. Президенттің барлық актілері күшке енуі үшін сәйкес министрлердің немесе директорлардың қолымен бекітіледі.

3 Құқықтық жүйесі

Колумбияның құқықтық жүйесі жалпылай алғанда романдық-германдық құқықтық жүйеге жатады, соның ішінде негізделген латиноамерикандық тобына кіреді. Колумбиялық құқықтың қалыптасуының алғашқы негізі - бұрынғы метрополия Испания. Конституциялық құқығы АҚШ-тың моделіне көбіреу ұқсайды, азаматтық және қылмыстық құқыққа француз заңнамасы да біршама әсер етті.
1821 жылға дейін елде испандық колониялық құқық әрекет етті. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін жаңа заманауи кодифицирленген заңнаманы жасау бойынша жұмыстар басталды. Аймақтың басқа мемлекеттері де сияқты Колумбия басқа мемлекеттердің құқықтық тәжірибесіне сүйенді, ал кейде дайын кодекстеріне де. 1873 жылы мұнда Чили МК құрылды. 1924 жылы УК құру үшін италяндық құқық біршама әсер етті.
Соғыс кезеңінен кейін негізгі колумбиялық заңды жасаушылардың күші бөгде қозғалыстар мен бөгде саяси оппозицияларға қарсы бағытталды, ал одан біршама уақыт өткеннен кейін ұйымдастырылған есірткі қылмысына да қарсы бағытталды. 1954 жылдың 14 қыркүйегіндегі заң халықаралық коммунизмдегі саяси қызметке тыйым салды, ал 1956 жылғы 1 мамырдағы Декрет коммунистік қызметпен айналысатын тұлғалар 1 мен 5 жыл аралығында тұтқынға алынуы қарастырылған.
1950-жылдардың соңында Колумбиядағы бірқатар азаматтық соғыстардан кейін азаматтық конституциялық құқық нақты орнатылды.
1991 жылғы Конституция - дүние жүзіндегі ең заманауи және демократиялық. Ол Колумбияны унитарлы республиканың негізінде қалыптасқан әлеуметтік-құқықтық мемлекет ретінде сипаттайды [3].
Колумбия құқығының негізгі көзі олардың иерархияларын құрайтын Конституция, органикалық, статуттар және заңдар, Президенттің декреттері, басқа мемлекет органдарының заңнамалық актілерінің заңнамалық және басқа да нормативтік актілер болып табылады.
Негізгі заңмен (leyes organicas) Конгресс пен әр палатаның регламенттері, келісімдер, шығындардың сметасы, заңдары орнатылады. Статутты заңдар (leyes estatutarias) тұлғалардың негізгі заңдары мен бостандығын, үрдістер мен оларды қорғау құралдарын, соттық ұйымдарды, азаматтардың саяси қызметтерін, кездейсоқ жағдайларды басқарады.
Колумбияның құқықтық жүйесіне делегирленген заңнама институты танымал. Конституцияның 10 бөлімінің 150 бабына сәйкес Конгресс нормаларды жариялау бойынша 6 айға қатаң анық міндеттерді көрсетеді. Конгресс кез-келген уақытта декрет-заңдарды өзгерте алады.
1991 жылдың Конституциясына сәйкес ратифицирленген және күшіне енген халықаралық адамның құқығы мен еңбек конвенциясы туралы келісімдер ішкі заңнаманың негізгі бөлігін құрайды. Адам құқықтары туралы халықаралық-келісімдік нормалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституция түсінігі
Мемлекеттік басқару экологиялық мемлекеттік-құқықтық механизм ретінде
Латын америкасы мемлекеттерінің құрылтайшы биліктік тәжірибесі
Конституция теориясы
Конституция-мемлекеттің Негізгі Заңы туралы ақпарат
Құқықтық мемлекеттегі негізгі заңның ерекшеліктері
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының конституциясын құқықтық негіз ретінде қарастыру
Колумбия жайлы ақпарат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Жеке тұлғаның құқықтары және оларды қорғау механизмдері
Пәндер