Көркем образ



Кіріспе 3
1 Көркем образ түсінігі 4
2 Көркем образдың түрлері 4
3 Қазақ тілінің көркем образ тудырудағы қызметі 4
Қорытынды 4
Қолданылған әдебиеттері тізімі 4
Көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез-келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) образ деп атайды. Мысалы: М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы халық образы, Абай образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-шығармашылық бастау өзара бірлікте көрініс табады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан шығармашылық тұрғыдан түсіндіруді мақсат етеді.
Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. Образдың мақсаты – кез-келген қарапайым құбылысқа немесе затқа жан бітіріп сөйлеу (Мысалы, Күлімсіреп аспан тұр, Абай). Кез-келген образ заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және құрылымдық деп үш түрге жіктеледі.
Образдың заттылығы бір сөзбен ғана берілген сипаттамадан бастап, оқиғаны жіліктеп, оның жай-жапсарын тереңдете суреттеуге (пейзаж, портрет, көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің, әңгіменің, т.б.) негіз болып тартылуы да мүмкін. Жалпылама мағыналық образ іштей дербес ұқсас, типті және мотив-образ, топос, архитип болып бөлінеді. Мысалы, мәңгі типтік образ: Дон Кихот, Гамлет, Фауст, бұларға қазақ әдебиетіндегі: Шығайбай, Қарабай, Судырахмет, т.б. жатқызуға болады. Құрылымдық образ: автологиялық, металогиялық түрлерге жіктеледі. Тарихи даму барысында көркем образдылық ұғымы мен оның компоненттері үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Мысалы, Ертедегі Шығыста тұспалдау, астарлау жиі қолданылса, антикалық әдебиетте - классикалық, қайта өрлеу дәуірінде - барокко, жаңа еуропалық әдебиетте романтикалық, реалистік образ қалыптасты.
Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге: эпикалық; лирикалық; драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, кейіпкерлік, т.б. болып бөлінеді. Көркемдегіш сөздер (эпитет, теңеу, метафора, т.б.) ауыз әдебиеті шығармаларында мол кездеседі. Образ - әр дәуірге, әр әдебиетке сай үнемі дамып, жаңарып отыратын категория.
1. Қабдолов З. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
2. Хасенов М. Ұнамды образ және типтендіру. – Алматы, 1966ж.
3. Нұрғалиев Р. Әдебиет теориясы, Астана, 2003ж.
4. Ахметов К. Әдебиметтануға кіріспе. Қарағанды, 2004ж
5. Байтұрсынов А. Әдлебиет танытқыш. – Алматы, 1989ж.
6. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. – Алматы, 1995ж.
7. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы, 1997ж.
8. Тюна В.И. Аналитика художественного: Введение в литературоведческий анализ. М., 2001.
9. Оңғарсынова Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалар. 1 том. Алматы: Жазушы, 1987. - 352 б.
10. Оңғарсынова Ф. Екі томдық таңдамалы шығармалар. 2 том. Алматы: Жазушы, 1987. -368 б.
11. Бақтыгереева А. Сүмбіле. Алматы: Жазушы,1990.
12. Бақтыгереева А. Жайық қызы. Алматы: Жазушы,1980. - 256 б.
13. Белинский В. Таңдамалы шығармалары. Алматы: ҚМБ, 1948. - 216 б.
14. Бақтыгереева А. Ақ шағала. Алматы: Жазушы, 2001. - 424 бет.
15. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы: ҚКӘБ, 1969. - 244 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Көркем образ
Пәні: Әдебиет

Орындаған:_______тобының студенті

Тексерген:_______________________

Қарағанды, 2013
ЖОСПАР

Кіріспе 3

1 Көркем образ түсінігі 4

2 Көркем образдың түрлері 7

3 Қазақ тілінің көркем образ тудырудағы қызметі 10

Қорытынды 18

Қолданылған әдебиеттері тізімі 19

Кіріспе

Көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез-келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) образ деп атайды. Мысалы: М.Әуезовтің Абай жолы эпопеясындағы халық образы, Абай образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-шығармашылық бастау өзара бірлікте көрініс табады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан шығармашылық тұрғыдан түсіндіруді мақсат етеді.
Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. Образдың мақсаты - кез-келген қарапайым құбылысқа немесе затқа жан бітіріп сөйлеу (Мысалы, Күлімсіреп аспан тұр, Абай). Кез-келген образ заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және құрылымдық деп үш түрге жіктеледі.
Образдың заттылығы бір сөзбен ғана берілген сипаттамадан бастап, оқиғаны жіліктеп, оның жай-жапсарын тереңдете суреттеуге (пейзаж, портрет, көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің, әңгіменің, т.б.) негіз болып тартылуы да мүмкін. Жалпылама мағыналық образ іштей дербес ұқсас, типті және мотив-образ, топос, архитип болып бөлінеді. Мысалы, мәңгі типтік образ: Дон Кихот, Гамлет, Фауст, бұларға қазақ әдебиетіндегі: Шығайбай, Қарабай, Судырахмет, т.б. жатқызуға болады. Құрылымдық образ: автологиялық, металогиялық түрлерге жіктеледі. Тарихи даму барысында көркем образдылық ұғымы мен оның компоненттері үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Мысалы, Ертедегі Шығыста тұспалдау, астарлау жиі қолданылса, антикалық әдебиетте - классикалық, қайта өрлеу дәуірінде - барокко, жаңа еуропалық әдебиетте романтикалық, реалистік образ қалыптасты.
Образ әдеби тек тұрғысынан үш түрге: эпикалық; лирикалық; драмалық болып бөлінсе, жасалу тәсіліне қарай юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, кейіпкерлік, т.б. болып бөлінеді. Көркемдегіш сөздер (эпитет, теңеу, метафора, т.б.) ауыз әдебиеті шығармаларында мол кездеседі. Образ - әр дәуірге, әр әдебиетке сай үнемі дамып, жаңарып отыратын категория.
1 Көркем образ түсінігі

Образ - бейне. Ол ненің бейнесі? Ол барлық нәрсенің бейнесі бола алады. Мысалы, көркем әдебиетте заттың, хайуанаттың, табиғаттың, адамныңның және де басқалардың бейнесі көрінеді. Көркем әдебиет негізінен адам образын тұлғалантуға бой ұрады, адамдар арасындағы қоғамдық тартысты көрсетеді. Сондықтан шығармадағы негізгі образ адам образы болуға тиіс, бастр көңіл соны тұлғалы, толықтыра жасауға аударылуы қажет. Шығарманың ішінде басқа нәрселердің де образдары болатындығын айттық, бірақ олар адам образын жасауға көмектеседі, пейзаж да, басқа түрлі заттар бейнесі де сол қосымша қызметті атқарады.
Адам образын жасау үшін жазушы сол образды жасай алатын сапалы материал қарастыруы қажет. Ол материал - әрекет, оқиға, тартыс. Адам образын ол тетіксіз жасауға болмайтынын, нашар мінездеумен характер жасап шығару дәстүрі дұрыс еместігін ескеру қажеттірек.
Образдың екі мәні бар : тар мағынасы және кең мағынасы. Образдардың тар мағынасы деп., ең тар көлемде жасалған образды айтады. Мысалы, "Шығыс алауланып келеді" деген бір сөйлемнен образ жасалып тұр, бұл - тар көлеммен - ақ жасалған образ.
Образдың кең мағынасы деп., әдебиеттің, қала берді, көркем өнердің өмірді тек образ арқылы бейнелейтінін айтамыз. Демен, әдебиет өмірді тікелей танымайды, қара дүрсін түсіндірмейді, оны образ жүйесімен бейнелейді. Демен, әдебиеттер көркемдік образдар жүйесі арқылы ғана өмір таниды.
Чернышевский әдебиетті "өмір оқулығы", Горький, "адам тану ғылымы" деді. Демек, әдебиеттің негізгі материалы адам екені - ол да белгілі. Бір көркем әдебиеттік шығарманың адам атымен аталатыны да - содан. Осының барлығы келіп, әдебиетте негізгі нәрсе - адам образы, дңегенді анықтай түседі [1].
Образдың екі жағы, екі қыры болады. Ол - образдың жалпылығы мен жалқылығы. Адамның қоғамдық және жеке бастық жағы болады. Мынау соған сәйкес. Адамның жалқылық жағы - оның жеке бастық қасиеті. Образдың сапалы болуын оның даралығы қамтамассыз етеді, жалпылығы деп. - барлық образда оның қай топқа жататындығы. Образдың неғұрлым даралық жағы кошті болса, ол сол құрлы өміршнң, әсерлі келеді. Жаңа образ өзінің тыңдығымен, ерекше әсерлігімен әдебиетте бұрын көрінген образға ұқсамай тұруы қажет. Олай болмағанда, әдебиет өспейді, шығарма сапаланбайды. Шығарма оқиғасы жаңа тың болмаса, ол жаңа шығарма да емес, бұрынғы бір шығарманың көшірмесі, ұқсасы болады. Сондықтан образды образ ететін нәрсе - оның жалқылық жағы, даралығы. Ол тікелей әрекеттің, образ жасайтын әректеттің тыңдығына байланысты. Образдарда әрекет болмай, ол кошті болмай, ол тың болмай еш уақытта толыққанды образ шықпақ емес.
Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің құйылар арнасы, ең басты және өзекті мәселесі-образ және образдылық. Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ-өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тән ерекше тәсілін сипаттайтын эстетикалық категория.
Сондай-ақ көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе кейіпкерлер мен әдеби қаһарманды образ деп атаймыз. Негізінде образдың ерекшелігін екі мәселеге, яғни нақты шындық пен ойлау үрдісіне қатысты қарастыру дәстүрі қалыптасқан. Соған сәйкес, образдың обьективті-танымдық сипаттары 2 түрлі жағдайға байланысты анықталады. Образ көркемдік шындыққа тән болғанымен, өмірлік негізінде жасалатындықтан, ақиқат өмірдегі кеңістік, уақыт, қоғам, заттар мен құбылыстардан алшақ кете алмайды. Сондай-ақ, образ ақиқат болмыспен біте қайнасып кетуге де тиіс емес. Оның сыры-образдың өмір сүру ортасына қатысты. Нақтылай түсер болсақ, образ ақиқат өмірден бастау алғанымен, көптеген шарттылықтар арқылы одан ажырап, көркем туындыдағы қиялдан туған әлемге көшеді. Образ-шығармашылық ой жемісі. Яғни образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелеген оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі.
Образ-нақты ұғым. Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей керісінше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады. Жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті. Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі және жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады дейді академик З.Қабдолов [2].
Типтендіру - мөлшерлі сфераға енетін, өлшеулі формаға көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз әрекеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қатаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмірдегі жанды дерегіне қарап бағалайды. Жазушыға тип жасау әрекетінің үстінде керекті-типтілік туралы қисын емес, тірі мүсін-трототип. Кейде оқырман күнделікті өмірдегі адам мен әдеби қаһарманды бірдей ұғым ретінде қабылдайтыны бар. Бұл жағдай әсіресе, әдеби бейненің өмірдегі прототипі болғанда ерекше байқалады. Алайда, прототип пен әдеби қаһарман бір ұғым емес.
М.Әуезовтің Абай жолы романындағы Құнанбайды тарихтан белгілі Құнанбайдың таза көшірмесі деп түсінуге болмайды. Өйткені, әдеби бейнеде қаламгер концепциясы жинақталады да, соған орай көркем бейне жасалады.
Сонымен бірге авторлық позицияға байланысты кейіпкер халықтық қаһарманға айналуы да, қаламгердің көркемдік жүйесіне байланысты да болады. Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастыруымен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Әрбір әдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тән, өзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт.
Адамның образы харектерден тұрады, характер - әр адамның рухани, психологиялық ерекшелігі; характерлер - образдың бір қыры, бір образ сандаған характерден құралады. Ол ерекшелік адамның жүрісі, тұрысынан, әрекетінен, ой өрісінен, мәдениетінен көрінеді.
Характер туралы әдебиет қайраткерлерінің пікірлеріне жүгінейік.
Характер дегенді осыдан екі мың жыл бұрын Аристотель шешіп қойып еді. Ал характер дегеніміз - бейнесінен ырықтың бағыты көрінетін нәрсе. Ырықтың бағыты тек әрекетпен ғана айқындалады.
Кейіпкерлердің психологиясынан көрінетін жаңа ерекшеліктер, сөз жоқ, олардың істерінен, әрекеттерінен жаралуы тиіс Ұлы характердің абыройы - олар кінәлі болады (Лаврецкий).
Характердің қозғалысы драмадағы әрекеттердің өсуімен тығыз байланысты (В. Блок). Демек, характер әрекеттен шығады да, соның дамуымен өседі. Идея мен характер кездесіп қалса, онда адамды жылдар бойы таңдандырып тұратын құбылыс шығады (Гете).
Жазушылар характерді әрекетпен бере алмай келетінін айттық. Ал егер жазушы оны тың әрекетті етіп бере алса, ол тың әрекетті әкелген характерге жақсы идея тап болып, екеуі бір жерден шықса, онда адам баласының мәңгілік есінде қалатын шығарма жасалады, деген сөз. Ондай характер бұрын көрінбеген, ерекше әсерлі әрекеттің қуаттылығына байланысты ғана өмірге келеді. "Характер дегініміз - жетілдіре тәрбиелеген ырық" (Р. Эмерсен).
Ол өзінше бір әсерлі әрекет жасаса, тың әрекет иеленсе және ол әрекет бұрынғы көрінген әдебиеттік характерлердің әрекеттеріне ұқсамай, жаңа тұлғамен көрінсе, сонда ғана ол дараланған характер бола алады. Оның еткен әрекеті басқа біреудің әрекетіне ұқсап тұрса, онда дараланған болмайды, сол бұрынға жасалған образдан көшірген тұлға болады. Ол жазушы көшірмек түгіл, ол кітапты оқымаған болуы да мүмкін (нашар жазушылардың көбі кітап оқымайтын болады). Бірақ анау жасалған образ сонда да дараланған болмайды, ал жазушы бәрі - бір, содан көшіреді деген кінәдан тазаланбайды [3].
Сөйтіп, нағыз образ деген сөздің ішіне бірнеше характер енуі керек. Және сол характерлердің бәрі дараланған болуға тиіс, оны, Горький сөзімен айтқанда, Жан - жақты жетілген образ дейді.
Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласады. Мінез - адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Осы мінездің өзін жазушы әр түрлі тәсілмен жасайды. Мысалы: бірі-тура мінездеу, тағы бірі-жанама мінездеу. Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән сүйініш, кұйініш, сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог), немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру-осылардың бәрі жеке-жеке тұрған, бір-біріне жеке, дара мақсатты нәрселер емес, керісінше бірін-бірі толықтырп, бірінен-бірі туып жалғасып жатқан дүниелер. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасын да жасай алмаған болар еді. Сонымен бірге адамның ішкі бітімімен қатар сырт келбеті (портреті) де адам образын ашуға қызмет етеді. Портрет адамның бүкіл анатомиясын түгел қамтып, жіпке тізе беру шарт емес. Әр портретте әр адамның ең бір ерекше сипаты нақты, қысқа суреттеледі. Әдеби шығарма не туралы жазылса да бәрібір, сайып келгенде, бәрі де адам, тек адам туралы ғана сыр шертеді. Көркем шығармаларда суреттелетін табиғат көріністерін, яки пейзажды да әншейін бір уақыт пен кеңістіктің дерегі ретінде даралап қарамай, адам образын толықтыра түсетін тәсілдің, бірі деуімізге болады.

2 Көркем образдың түрлері

Образдың жасалу тәсілдеріне лайық образдың түрлері туады. Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары бар. Көркемдік әдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Әдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ. лирикалық образ, драмалық образ. Ал, жалпы жасалу тәсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т.б. бейнелер деп бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады. Осылардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар, оны білу әдебиетшіге ауадай қажет.
Әдебиеттегі көркемдік әдіс, негізінен екі түрлі:(романтизм, реализм). Біз қазір образдың көркемдік әдіс тұрғысынан өзіндік ерекшеліктеріне ғана тоқталамыз.
Романтикалық образ - әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние әдебиетінде, әсіресе мифте, немесе қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде жатыр. Бұл образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде әзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді. Романтикалық образ - қай жанрдың туындыларында болса да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі [4].
Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Реалис - сөзінің латын тіліндегі мағынасы заттық деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар, шындық, шыншыл, шынайы, ақиқат деген сияқты ұғымдарды да білдіреді. Демек, өнер түрлеріне қатысты қалыптасқан реалистік образ ұғымы өмірлік шындыққа негізделген, эстетикалық-тәрбиелік мәні зор, қоғамдық сипаты айқын, өз бойына жалпылық және жалқылық белгілерді қатар дарытқан, сонымен бірге қоғамдық, көркемдік дамуға байланысты ұдайы өзгеру, жетілу үстінде көрінетін шыншыл бейне деген түсінікті білдіреді.
Реалистік образ - нанымды образ: оның мінез-құлқа, іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға, бәрі өлшеулі. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды.
Реалистік образ - типтік образ. Өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамның ғана көтерілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып шыққан.
Әдеби тек тұрғысынан образдар эпикалық, лирикалық, драмалық болып 3 топқа бөлінеді. Аталған образ түрлерінің қай-қайсы да адам болмысын жан-жақты танып, ашып көрсетуді мақсат етеді. Сол себепті, образ бойында бүкіл адам баласына ортақ тылсым құбылыстардан бастап, өмірдің кейбір сәттері мен жеке адамға ғана тән сезімдік шарпысуларға дейін қамтыла береді. Әдеби тектердің әрқайсына тән ерекшеліктерге сәйкес, образ тұлғалауда қаламгерде сол тектерге тән тәсілдерді пайдаланады [5].
Эпикалық образ - жазушының авторлық баяндаулары мен әдеби қаһарманның өзінің сөздері, яғни кейіпкер сөзі арқылы жасалатын образ. Портрет пен мінездеу, диалог пен монолог, түрліше сезімдер мен әрекеттерді суреттеу секілді көркем бейне жасаудың көп-көп амал-тәсілдер, әсіресе эпикалық образ үшін керек. Оқырман эпикалық образдың тек түсін танып қана қоймайды, оның ішінде біледі. Бұл ретте эпикалық жанр оның мінез-құлқын асықпай ашып танытуға, ойын, сезімін, сөз мәнері мен сөйлеу машығына дейін оқырманға жайып салады.
Лирикалық образ - сыршыл өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі, оның ішкі бітімі, сыры мен сезімі. Мұнда, эпикалық образдағыдай ұзақ, кең, мол суреттеліп, жан-жақты ашылған адамның сыртқы кеипі де, тағдыры да, қимыл-қаракеті де көріне бермеуі мүмкін. Лириканың міндеті өмір құбылыстарының әсерінен туған адамның ойлары мен сезімдерін бейнелеу болып табылады.
Драмалық образ - кейіпкердің өз сөздері мен с-әрекеттері арқылы бейнеленетін образ. Драмалық образдың басты бір ерекшелігі оның сахнада сомдалуына қатысты. Драмалық образдың жасалу тәсілдер де өзінше бөлек эпикалық образ кең құлашты баяндаулар мен суреттеулер арқылы, лирикалық образ түрлі көңіл күйлері мен шабытты толғаныстар арқылы жасалса, драмалық образ шиеленісінен тартыстар мен қақтығыс қимыл-әрекеттер арқылы жасалады. Образдың жасалу тәсіліне байланысты түрлерін таратып, бас-басына сипаттама бермес бұрын, жалпы әдемлік туралы ілімінде бірнеше (комедия және трагедия, фантастика дегендер тәрізді) эстетикалық категориялар болатынын білу шарт. Комедия ақиқат шындықтағы не адам мінезі мен бітіміндегі күлкілі жайлардан туса, трагедия бұған қарама-қарсы қайғылы құбылыстардан туатыны фантастика асыңқы, асқақ әрекеттерден туатыны мәлім. Міне, осы тәсілдердің әр қайсысына лайық, трагедиялық, фантастикалық образдар болатыны сияқты, комедиялық тәсіл арқылы көркем образдар юморлық және сатиралық түрлері жасалады [8].
Юморлық образ - күлкілі кейіпкер: юмор - өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі. Күлкі жоқ жерде юмор да жоқ. Ал күлкілі әешейін жеңіл желпі нәрсе деуге болмайды. Күлкіде зор қоғамдық сипат, әлеуметтік сыр жатады. Әрине, эстетикалық комедиялық категориясындағы юмордың, сатираның, иронияның, сарказмның, гротескінің әрқайсысындағы күлкінің сипаты әр бөлек, юморда күлкілі құбылыстардың ең бір майда, зиянсыз түрлері алынады. Юмордағы күлкі-әзіл, ал әзіл келемежге айналса - ирония келемеж ащы мысқылға айналып, сын үдей түссе, - саркозм болғаныы. Юмор бар жерде ылға сын бар деуге де болмайды.
Сатриалық образ - сатира өмірдегі кеселді, келеңсіздікті көлтің көз алдында - көрінісіне шығарады, халықты одан түңілтеді. Құлық пен сұмдықты, екіжүздікпен мансапқорлықты, ұятсыздықты, өмірдегі зиянды жайттарды аяусыз әшкерелеп, адамдарды онымен ымырсыз күреске үндейді. Мәз болады болысың, Күнде жақсы бола ма, Арқаға ұлыс қаққанға. Бір қылығы жаққанға? Шел тірейтіп орысың, Оқалы тон тола ма, Шенді шекпен жатқанға. Ар-ұятын сатқанға. (Aбай) Сатираның юмордан өзгешелігі - мұнда қаламгердің өзі сынап отырған адамына жаны ашымайды; оның мінін түзеу, өзен өнегелі өмірге қайта қосу мүддесі болмайды, керісінше, автор мұндай жексұрындық өмірде болмады керек деген қатал үкімін шығарады; юморда түзеу мақсаты жатса, сатирада жою, жоқ қылу мақсаты жатады. Сатираның юмормен бірлігі - мұнда да юмордағы секілді күлкі болады, бірақ мұндағы күлкі жай әзіл, әжуа емес, мазақ, мысқыл, кекесін - күлкі. Сатиралық образ жасаудың тәсілдері әр түрлі өнер ирония, сарказм. Ирония - кемшілікті, астармен перделеп санау, мысқылдау, кекету. Сарказм - сыналған объект тәлкек етіліп қана қоймайды, оның дәрмексіз бейшаралығын да қоса әшкерелейді. Көркем образ жасауға, адам мінезін ашуға лирикалық нәзіктік қандай керек болса, сатиралық өткірлік те, сондай қажет [6].
Фантастикалық образ - қиялдан туған қаһарман әдебиетіндегі адам образының ерте замандардан күні бүгіге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі. Қай халықтың сөз өнері болсын, оның ең байырғы түрлерінің бірі - ертегі десек, сол ертегі түгелге жуық қиялға негізделген ертегілердің адам бейнелерінің көбінде қиял-ғажайып сипат болатыны мәлім. Бұл да фантастикалық образдың көнелігін байқатса керек.
Трагедиялық образ - әдебиетте тым ертеден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық образ ескі мен жаңа, адам мен қоғам, адамдық пен жауыздық арасындағы ымырсыз күрестен, бітіспес тартыстан, қайшылықтан, соның өзінде де мейлінше асқыққа, адам жеңіп болмас ауыр, азапты жайларды әдеби шығармада терең және шебер жинақтаудан туады. Трагедиялық құбылыста өмірде де, өнерде юморлық не сатиралық құбылыстарға қарама-қарсы: юмор мен сатирада күлкілі жайлы әжуа, мысқыл, кекесін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді. Трагедиялық қаһарманның өмірі көбіне өліммен аяқталып отырады. Өйткені оның айқасқан жауы өзінен күшті, әлеуметтік қиянат адам еркінен тыс үлкен. Көне әдебиеттерде әсіресе грек әдебиеттерде, трагедиялық шығармаға негіз, трагедиялық шығармаға негіз, трагедиялық образға психологиялық дәлел болатын, көбіне, жазымыш еді. Дүние жүзілік әдебиетте трагедиялық өнер мен трагедиялық образдың қалыптасуындағы жаңа кезең-ренессанс драматургиясының шыңы боп табылатын Шекспир творчествосы. Бұл тұста, трагедия туралы ұғымның өзі жаңарып еді. Бұрын, айталық, адам өміріндегі апат жазмыштың бұйрығы болса, недігі қасірет адамдардың өздеріне өздері жасаған қиянат пен қастықтан, өшпенділік пен өктемдіктен туындап жатты.
Трагедиялық образ XIXғ әдебиет одан әрі өрби түсті. Бальзактың Адам ажуасындағы адамның рухани құлдырауы, Пушкин мен Гоголь, Досоевский шығармаларындағы кішкене кісілердің аянашты халдері мен ауыр тағдырлары сөз өнеріндегі трагедиялық жинақтаудың әрі тереңі, әрі шыңы болатын. Қазақ әдебиетінде трагедиялық образдың небір керемет үлгілері бар. Әсіресе әйел образды айрықша көрінеді. Қыз Жібек пен Баянсұлу, Қамар мен Шұға, Еңлік пен Сұлушаш, т.б. осылардың қай-қайсысын алмаңыз, қасіретті, қиын тағдырлары оқырманды енжар қалдырмайды, оның ой-сезімін тұтқындап, жан дүниесін тебірентіп, оны әрқайсысы өз тағдырына ортақ етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Антропоцентризм және прагматизм –ХХғ.философиялық бағыттар
Көркем әдебиеттегі образдылық пен көркем образ мәселелері.Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы. Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы туралы ақпарат
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні жайлы мәлімет
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні
Әдебиет және өнер түрлерінің шығу тегі және дамуы туралы
Көркем образ және оның жасалу жолдары
Көркем бейненің танымдық және эстетикалық мәні
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні жайлы
Көркем шығарма
Әдебиеттегі мазмұн мен пішін
Пәндер