Жасыл экономика және акмэ-қоғам



Тұрақты даму бойынша «Рио+20» Әлемдік Саммит «жасыл» экономика мен «жасыл» өсімнің даму концепциясына жаңа қарқын берді, олар барынша кең танымдылыққа ие болып, көптеген халықаралық ұйымдардың, зерттеу институттарының зерттеу нысанына айналды. Оңтүстік Корея, Дания, Норвегия сынды кейбір мемлекеттерде «жасыл» экономиканың үлгісі басым болып келеді. Алайда, көптеген дамыған және дамушы мемлекеттерде үкімет осы үлгінің шектелген құралдардың жиынтығын «ірі» бизнестің мүдделерінің қысымымен қолданады, сонымен олар қазіргі және болашақ ұрпақты өздерінің мемлекетінің табиғи байлығын қолдануға шек қояды. «Жасыл» экономикаға жайлап өтудің аргументі ретінде экономикалық өсімнің мүмкін түсімінің және сәйкесінше әлеуметтік мәселелердің шешімінің мифтік болжамдары шығарылады.
Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасының жаңа баяндамасы мұндай күдіктердің негізделмегенін растайды.
Бағдарлама «жасыл» дамудың сценарийі барынша тұрақты өсімді қамтамасыз етеді, өйткені табиғи-ресурстық базаның, әсіресе қалпына келтірілмейтін ресурстардың сақталуына, адам капиталының дамуына ықпал етеді, климаттың өзгеруі, эко-жүйелік қызметтердің жойылуы және су ресурстарының қажеттілігі сынды ғаламдық қатерлерден тәуекелдерді төмендетеді.
«Жасыл» экономиканың концепциясы экономикалық ғылым мен философиядағы тұрақты даму мәселелерімен байланысты көптеген басқа бағыттардың идеяларын енгізеді (феминистік экономика, постмодернизм, экологиялық экономика, қоршаған ортаның экономикасы, антиглобализм, халықаралық қатынастардың теориясы және т.б.). ЖЭК жақтаушылардың ойынша, қазіргі экономикалық жүйе жетілдірілмеген. Бірақ ол жалпы адамдардың, әсіресе оның жеке топтарының өмір деңгейінің жоғарылауына белгілі бір нәтижелерді берді, бұл кезде осы жүйенің қызмет етуінің жағымсыз салдарлары көрінеді: бұл экологиялық мәселелер (климаттың өзгеруі, шөлдену, биологиялық әр түрліліктің жоғалуы), табиғи капиталдың азаюы, кең масштабты кедейлік, тұщы судың, сауданың, энергияның жеткіліксіздігі, адамдардың және мемлекеттердің теңсіздігі. Мұның бәрі биологиялық сыйымдылықтың төмендеуін негіздейді және сонымен адамның өмір қызметінің және өмір сүру ортасының мүмкіндіктері төмендейді.
Мұндай жағдайларда адамзаттың өмір сүруі мен дамуының жалғыз альтернативасы «жасыл» экономикаға өту болып табылады, яғни табиғи экожүйелерге және қоршаған ортаға қауіпті төндірмей ұзақ мерзімдік жетістікпен адамның өмір сүру жағдайын жоғарылауын болжайтын экономикалық қызмет жүйесінің түріне өту болып табылады.
1. Навстречу «зеленой» экономике. Доклад для представителей властных структур. ЮНЕП, 2010, 43 с.
2. Национальный отчет по интеграции принципов «зеленого» роста в Республике Казахстан, под ред. Есекиной Б.К. 2010, 102 с.
3. Бедрицкий, А. И. Роль зеленых технологий в смягчении глобальных изменений климата / А. И. Бедрицкий // Энергонадзор и энергобезопасность. - 2012. - № 4. - С. 36-38. - (Возобновляемые источники энергии).
4. Sullivan, Dan. Depackaging Organics to Produce Energy / Dan Sullivan // BioCycle. - 2012. - № 6. - P. 42-46. - (BioCycle Energy)
5. Influence of Gas Flow Rate for Formation of Aligned Nanorods in ZnO Thin Films for Solar-Driven Hydrogen Production / Sudhakar Shet [et al.] // JOM. - 2012. - № 4. - P. 526-530. - (Thin Films: Recent Developments). - Библиография: с. 530 (29 назв.).

ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ АКМЭ-ҚОҒАМ

Аннотация
Мақалада жасыл экономика мен акмэ-қоғамның негізгі мәні, өзіндік ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен бірге, Қазақстанда жасыл экономиканың және акмэ-қоғамның қалыптасуының алғышарттары зерттелген.
Аннотация
В статье рассматривается основное значение, особенности зеленой экономики и акмэ общества. А также, изучено предпосылки формирование зеленой экономики и акмэ общества в Казахстане.
Abstract
The article considers the basic meaning, features of the green economy and akme society. And also, studies the prerequisites for the formation of a green economy and akme society in Kazakhstan.

Тұрақты даму бойынша Рио+20 Әлемдік Саммит жасыл экономика мен жасыл өсімнің даму концепциясына жаңа қарқын берді, олар барынша кең танымдылыққа ие болып, көптеген халықаралық ұйымдардың, зерттеу институттарының зерттеу нысанына айналды. Оңтүстік Корея, Дания, Норвегия сынды кейбір мемлекеттерде жасыл экономиканың үлгісі басым болып келеді. Алайда, көптеген дамыған және дамушы мемлекеттерде үкімет осы үлгінің шектелген құралдардың жиынтығын ірі бизнестің мүдделерінің қысымымен қолданады, сонымен олар қазіргі және болашақ ұрпақты өздерінің мемлекетінің табиғи байлығын қолдануға шек қояды. Жасыл экономикаға жайлап өтудің аргументі ретінде экономикалық өсімнің мүмкін түсімінің және сәйкесінше әлеуметтік мәселелердің шешімінің мифтік болжамдары шығарылады.
Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасының жаңа баяндамасы мұндай күдіктердің негізделмегенін растайды.
Бағдарлама жасыл дамудың сценарийі барынша тұрақты өсімді қамтамасыз етеді, өйткені табиғи-ресурстық базаның, әсіресе қалпына келтірілмейтін ресурстардың сақталуына, адам капиталының дамуына ықпал етеді, климаттың өзгеруі, эко-жүйелік қызметтердің жойылуы және су ресурстарының қажеттілігі сынды ғаламдық қатерлерден тәуекелдерді төмендетеді.
Жасыл экономиканың концепциясы экономикалық ғылым мен философиядағы тұрақты даму мәселелерімен байланысты көптеген басқа бағыттардың идеяларын енгізеді (феминистік экономика, постмодернизм, экологиялық экономика, қоршаған ортаның экономикасы, антиглобализм, халықаралық қатынастардың теориясы және т.б.). ЖЭК жақтаушылардың ойынша, қазіргі экономикалық жүйе жетілдірілмеген. Бірақ ол жалпы адамдардың, әсіресе оның жеке топтарының өмір деңгейінің жоғарылауына белгілі бір нәтижелерді берді, бұл кезде осы жүйенің қызмет етуінің жағымсыз салдарлары көрінеді: бұл экологиялық мәселелер (климаттың өзгеруі, шөлдену, биологиялық әр түрліліктің жоғалуы), табиғи капиталдың азаюы, кең масштабты кедейлік, тұщы судың, сауданың, энергияның жеткіліксіздігі, адамдардың және мемлекеттердің теңсіздігі. Мұның бәрі биологиялық сыйымдылықтың төмендеуін негіздейді және сонымен адамның өмір қызметінің және өмір сүру ортасының мүмкіндіктері төмендейді.
Мұндай жағдайларда адамзаттың өмір сүруі мен дамуының жалғыз альтернативасы жасыл экономикаға өту болып табылады, яғни табиғи экожүйелерге және қоршаған ортаға қауіпті төндірмей ұзақ мерзімдік жетістікпен адамның өмір сүру жағдайын жоғарылауын болжайтын экономикалық қызмет жүйесінің түріне өту болып табылады.
Жасыл экономиканың концепциясының алға жылжуына Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және Әлеуметтік Комиссия енгізді (АТМЭӘК). АТМЭӘК мүддесі бойынша 2005 жылы жасыл өсімнің стратегиясы қабылданды, ол ЖЭК құрам бөлігі болып табылады және алғашқыда төрт басым бағыттардан тұрды: тұтыну мен өндірістің рационалды үлгілері; өнеркәсіптер мен нарықтардың жасылдануы; тұрақты инфрақұрылым мен жасыл салық пен бюджеттік реформалар. Соның нәтижесінде тағы екі бағыт қосылды - табиғи капиталға инвестициялау мен жоспарлау жүйесіне интеграция [1, б. 39].
Оңтүстік Корея ұлттық стратегия ретінде жасыл өсімнің концепциясының жүзеге асырылуын жариялаған бірінші мемлекет болып табылады. Осы стратегияның шеңберінде үш элементке ерекше назар аударылады: өнеркәсіпке, энергетикаға және инвестицияларға. Стратегия энергия және басқа ресурстарды минималды қолданудағы өндірістік экономикалық қызметтің масштабтарын сақтауға; қоршаған ортаға қысымды минимумға келтіруге және инвестицияларды табиғатты қорғаушы қызметке және экономикалық өсімнің негізгі күшіне айналдыруға бағытталған.
Көптеген мемлекеттер өзінің ұлттық саясаты мен даму стратегияларында жасыл экономиканың әр түрлі құралдарын қолданады. Жасыл экономиканың, соның ішінде жоғарғы саяси деңгейдегі қажеттілігі туралы Қазақстанда да көп айтылып келеді. Бұл кезде көптеген дамушы мемлекеттер жасыл экономиканың үлгісін қолдану олардың дамуын тежейтіндігінен қорқады. Бұл мәселе қандай дәрежеде бұл дұрыс екендігін және қалайша мүмкін шығындарды жұмсартуға болатындығымен қосымша талдау мен талқылауларды талап етеді. ЮНЕП 2008 жылы жасыл экономика бойынша мүддесімен қорғалды, оның мақсаты ертеңгі күннің экономикасын жобалаудың тарихи мүмкіндігін қолдану болып табылады.
Жасыл экономика бойынша мүдделер үш негізгі принциптерге негізделген:
1. ұлттық және халықаралық деңгейлердегі табиғи қызметтерді бағалау мен бірінші орынға шығару;
2. жасыл жұмыс орындарын және сәйкес саясатты жасау есебінен тұрғындарды жұмыс бастылықпен қамтамасыз ету;
3. тұрақты дамуға қол жеткізу үшін нарықтық механизмдерді қолдану.
Жоғарғы деңгейдегі көптеген маңызды кездесулердің шешімдерінде жасыл экономикаға өтудің шақырулары көрінеді. Мысалы, 2009 жылдың маусымында экономикалық серіктестік пен даму Ұйымымен (ЭСДҰ) қабылданған Декларацияда министрлер жасыл өсім стратегиясының әрі қарай жүзеге асырылуы бойынша өздерінің күшін арттыруға және жасыл инвестицияларды мадақтауға және табиғи ресурстарды тұрақты жүйелеуге өздерінің нақты бел буғандығын көрсетті [2, б. 48].
Сонымен қатар қазіргі кезде акмэ қоғамды дамытуға деген құлшыныс көрінеді. Бүгінгі қоғамның қалыптасуының негізі - инновация. Қоғам туралы даулар жетерліктей. Маркстік-лениндік ілімге сай келесідей жіктеуді жасауымызға болады: алғашқы қауымдық қоғам, құлдық қоғам, феодалдық қоғам, социалистік қоғам, коммунистік қоғам, өтпелі қоғам, дамушы қоғам. Бертін келе қоғамды таптық тұрғыдан емес, өркениеттің өлшемімен анықтай бастағанда дәстүрлі қоғам, азаматтық қоғам, транзитті қоғам, клерикалдық қоғам, тоталитарлық қоғам, демократиялық қоғам, конвергенттік қоғам, ақпараттық қоғам, Карл Поппердің айтуынша, ашық қоғам, жабық қоғам және Дэниел Беллдің жіктеуінше, индустрияға дейінгі қоғам, индустриалды қоғам және постиндустриалды қоғам. Мұның бәрі акмэ-қоғам, яғни, үлгілі қоғам дәрежесіне жете алмады. Мұның нәтижесі - дағдарыс. Алдағы мақсат акмэ-қоғам құру, осы қоғам капиталдың көмекші құралына айналуы мүмкін. Акмэ-қоғам деген әбден жауыр болған изм-нен арылу жолындағы ізденістен туған. Социализм өзінің тарихи дәрменсіздігін дәлелдеді, капитализм терең дағдарыста. Елімізге сау, ақылға қонарлықтай қоғам қажет.
Қазақ елі тоталитарлық жүйеден демократиялық, зайырлы қоғамға өтті, мұнда еңбек еркіндігі, діни сенім еркіндігі, тұлға еркіндігі, іскерлік еркіндігі іске аса бастады. Бұл ашық қоғам өлшемдері. Акмэ-қоғам - еркін, тәуелсіз қоғам. Әрине, еркіндікті аңсау адамзаттың ежелгі арманы, бірақ оны ізгілікке пайдалана білу қиынның қиыны. Адамзат тарихында қоғамдық, саяси қозғалыстар, әртекті төңкерістер еркіндікті ту етіп көтеріп, ақыр соңында тоталитаризмге ұрына бергені мәлім, себебі еркіндікті толық меңгеру, сірә, адам баласының пешенесіне жазылмаған ба деген де ойға келесің. Акмэ-қоғам ізгі жандар қоғамы, инновациялық қоғам десек, бұл қоғамда жаңа сана қалыптасуы керек. Жетпіс жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акмеология
Гуманизмнің әлеуметтік қызметі адамдардың қауымдастықтағы қатынасын сақтаудан туған қажеттілік
Кемеңгер немесе елбасы туралы тебіреніс (Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы)
Болашақ маманның акме-креативті іс-әрекетін қылыптастыру (кәсіптік мамандығының негізі)
Педагогикалық шеберлік жэне оның әлеуметтік маңызы
Дағдарыс жағдайында экономиканы басқарудағы мемлекеттің рөлі
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Психологияның даму кезеңдері
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Модернизм эстетикасы
Пәндер