Музыканттың тұлға ретінде қалыптасуындағы психологияның рөлі


МУЗЫКАНТТЫҢ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ РӨЛІ
Түйіндеме
Бұл мақалада тұлғаның қалыптасуының психологиялық негіздері, музыканттың бойындағы қабілеттердің ерекшеліктері мен олардың жүзеге асырылуының жолдары қарастырылған. Ұлы музыканттардың мысалында ерекше дарынды адамдардың қалыптасуына әсер етуші қабілеттері психологиялық тұрғыдан сипатталған.
Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.
Тұлғаның мәселесі психологиялық ғылымдағы маңыздысы болып келеді. «Тұлға» сөзі кітаптарда, газеттерде, журналдарда, өнертанушылардың сөздердерінде жиі кездеседі. Кейде ол өзінің мағынасын жоғалтып, жалпыға айналады. Енді тұлға дегенге тоқтала кетейік. Тұлға - нақты қызмет түрлерінде және қоғамдық қатынастардың процесінде қалыптасатын бұл оның әлеуметтік сипаттамаларындағы адамның тұлғасы. Тұлға - бұл динамикалық, салыстырмалы тұрақты, толық зияткерлік, әлеуметтік-мәдени және адамгершілік-еріктік адамның қасиеттерінің жиынтығы [1, 94 б] .
Тұлға өзінің болмысы бойынша әлеуметтік және өзінің тіршілік етуі бойыша жеке дара. Әлеуметтілік пен даралық - тұлғаны сипаттайтын негізгі қасиеттер. Адамның жеке қасиеттері - бұл адамның дамуына сілтемелер. Бірақ өз бетінше қабілеттердің немесе мінез-құлықтың дамуына қатты әсер етпейді. Егер тұлға оның табиғи қабілеттеріне сәйкес қызметке кірістірілмеген болса, олар жүзеге асырылмаған болып қалады. Тұлғаның қасиеттері ресми түрде оның мінез-құлығының динамикалық аспектілерін анықтайды, қызметке ене отырып, тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Тұлғаның әлеуметтік ортаға кіруі, яғни оның сипаттамасы, біріншіден орта тұлғаға қалай әсер ететінін, ал екінші жағынан адам өзінің қызметі арқылы ортаға қалай әсер ететіндігін анықтайды. Әлеуметтену процесі - тұлғаның қалыптасуының процесі.
Психологияда тұлғаның қалыптасуы жүретін 3 саланы бөліп көрсетеді: қызмет, араласу, өзін-өзі тану. Барлық үш салада негізгі мақсат - тұлғаның әлеуметтік байланыстарының кеңейтілуі мен көбейтілуі.
Музыканттың тұлғасы нені білдіреді? Оның ерекше белгілері қандай? Жақсы музыкант атану үшін адам өзінің бойында қандай қабілеттерді дамытуы керек және музыкантты тәрбиелеуші педагогқа неге назар аудару керек?
Адамды дұрыс жолға бағыттау және үміт отын жалғау, жан дүниені әдемілігімен баурап алу, оның жақсырақ және сезімтал болуына әсер ету - бұл музыканттардың адамдарға беретіні, бұл олардың қызметінің негізгі салдары болады. Егер біз Бах пен Палестринаның, ал ең жақсысы - Апполон мен Орфейден бастап Бертстайн мен Шостаковичке дейін музыканың тарихына үңілетін болсақ, онда біз осы барлықұлы музыканттар мен композиторлар мен орындаушылар дәл осы міндеттерді шешуге ұмтылғанын байқауымызға болады.
Өнер адамдарының жеке тұлғасының ерекшеліктерін зерттей отырып, олардың бойында мынадай қасиеттердің бар екендігіне көз жеткізуге болады - Дарындылық, Шығармашылық, Еңбексүйгіштік, Шыдамдылық, Талапкерлік. Әдетте, көптеген ұлы шеберлер тек жеке қабілеттерге ғана ие емес, сонымен бірге олардың дарынының жан-жақтылығы туралы айтатын бірнеше қабілеттеріне ие. XX ғ. басында ағылшын психологы Спирмен интеллектінің екі факторлы теориясын көрсетті, ол жалпы дарындылық мен арнайы қабілеттердің факторының бар болу туралы болжамға негізделген. Көбінесе осы екі факторлар арнайы қабілеттердің даму деңгейіне байланысты болады және қызметтің басқа түрлеріне көбірек көрінеді [2, 46 б] .
Егер музыкалық қабілеттер туралы айтатын болсақ, онда бұл жерде ұлы музыканттар қатардағы музыканттармен салыстырғанда барынша өлшемге келмейтін үлкен жетістіктерді көрсетті. Музыкалық дарындылығының феномені музыкалық есте анық байқалады. Жас Моцарт, Ватиканда тек екі рет қана күрделі хор шығармасын тыңдағаннан кейін (итальяндық композитордың Грегорио Аллегридің «Мизерересін»), екі күннен кейін өзінің есінде сақталған туындының қолжазбасын папаға - Рим католиктік шіркеуінің басшысына ұсынды.
Бірақ үлкен музыканттарды тек бұл ғана ерекшелендірмейді. Олардың көбісіне қоршаған ортада болып жатқандарға үлкен қызығушылығы тән. Бұл қызығушылық үздіксіз өзін-өзі танытумен, жетілгендікке ұмтылумен бірге жүреді [3, 105 б] .
Ұлы музыканттардың жан-жақтылығы, олардың өзінің шығармашылығында барынша көп шығармашылықтың шеңберін орап алуға ұмтылысы - барынша кеңінен таралған дүние. Осындай даралық И. С. Бахта болған: ол орындаушы мен композитор, ойлап табушы мен шебер болған. Ол аспаптарды құрастырған, органдардың құрылысының техникасын жетік білген.
Шығармашылық адамының негізгі құлшынысы нәтижеге қол жеткізуде жатыр, бірақ ол өз бетінше жасаудың, шығармашылық процесінің өзінде маңызды. Өз алдына, нағыз шығармашылық адамын өзінің туындысы үшін алатын материалдық пайда қызықтырмайды. «Өнер байлық жинауға арналмаған», - деп жазған Р. Шуман.
Әдемілікті жасаушы адам сыйқырлы жолмен сол туындыға еріп, әрі қарай жұмыс істей бергісі келеді және қиын сәттерден өткеннен кейін өзінің тағдырының «жұлдызды» сәтіне түседі. Ауыр аурулар, жағымсыз өмір жағдайлары, сыншылардың пікірлері - мұның бәрі екінші жолға өтеді.
Ұлы музыканттардың өзінің деген талап қоюшылығының шегі болмаған. Естеліктер бойынша Жорж Санд, Шопен апталап өзінің шығармаларының жеке пассаждарымен оның жұмысы жүрмей жатқанда жылап жұмыс істеген. Өткен ғасырдың танымал пианисті Джон Фильд өзінің А. Дюбюк оқушысының қатысуымен кресчендодан деминуэндоға тербеліп өту үшін өзінің туындысын елу рет ойнаған болатын [4, 92 б] .
Үлкен музыканттар қарапайым адамдардан өздерінің үлкен қиындықтарға төтеп бере алу қабілетімен ерекшеленеді. Сыртқы жақтан әсер етуші мәліметтер мен жағдайлар мақсатқа қол жеткізудің ұмтылысын күшейтеді.
Белгілі музыканттардың мінез-құлықтарының ерекшеліктері: сезімталдылығы, икемсіздігі, импульсивтілігі көп жағдайда өмірлік қиын қайшылықтарға алып келеді, бұл олардың жанының күйінісіне және толғанысына алып келеді. Алайда дарындылық бұл жағымсыз эмоцияларды әдемілікке айналдырады. Әр түрлі кезеңдердің музыканттарының өмір жолын зерттей отырып, Р. Роллан мынадай қорытындыға келеді: «Танымал адамдардың тарихына қаншалықты енетін болсаң, соншалықты олардың өмірін толтырушы күйіністеріне таң қаласың».
Музыканттың өмірін толтырушы қайғы-күйіністері оның өмірлік жолында тұрғанда оның шығармашылығы оған сүйеніш болады. Бірақ өзінің өмірінің қиыншылықтарына қарамастан, өнер адамының өзінің дарынынан қуанышты іздеп тауып оны шығармашылығына енгізуі маңызды феноменге айналған. Мұнда Бетховен туралы айтуымызға болады, ол Гейлигенштадтық өсиетін жазуында бұл оны өз-өзіне қол жұмсаудан сақтаған болатын. Осыған ұқсас күйде Моцарт өзінің «Реквиемін», Шостакович - «Ленинградтық симфонияны», Берлиоз - «Фантастикалық симфонияны» жазған болатын. Өнердің негізі - ол музыкант өмірінде неде айрылса, соның көрінісі. Бетховеннің қуанышының симфониясы - бақытсыздықтың қызы [5, 39 б] .
Өнер адамының осы қабілеттерін әрекетке не әкеледі? Әр түрлі психологтар бұған әр түрлі жауап береді. З. Фрейдтің ойынша, әйелге деген құштарлық алдыңғы қатарда тұрады, бұл шығармашылық адамының фантазиясының дамуына алып келіп, оның шығармашылығында көрінеді. А. Адлердің ойынша, музыканттың шығармашылыққа ұмтылысына оның бойындағы қабілеттердің жеткіліксіздігі, толық еместігі әсер етеді.
Адам тәжірибесінің барлық қызметі, соның ішінде музыканы төрт құрылымда қарауға болады: 1 - үнемі жинақталатын және өзгеруші білім; 2 - қызмет ету әдістеру мен олардың қызмет етуінің тәжірибесі; 3 - шығармашылық қызметінің тәжірибесі; 4 - әлемге эмоционалдық-құндылық қатынасының тәжірибесі.
Орындаушы-музыканттар үшін қызмет түрлерін меңгеру, яғни қандай да бір музыкалық аспапта ойнаудың техникасын меңгеру маңызды болып келеді. Бұл меңгеру белгілі бір орындаушылық қабілетінің қалыптасуымен байланысты, оның құрылымын қазір біз қарастыратын боламыз [6, 29 б] .
Қабілеттің қалыптасуы туралы біз ес бұлшық етке өткен кезді айтамыз. Бұл өткел сананы жүктейді де, музыкант қиын пассажды техникалық жаттап алып, оның дұрыс орындалуына ұмтылады.
Қабілеттің қалыптасуының келесідей сатыларын байқауға болады:
1. Жаттығудан басқа жеке іс-қимылдар бір күрделіге бірігеді. Мысалы, саусақтардың және қолдардың қозғалысының гаммасын жаттауда олар клавиатура бойынша үйлесе түседі.
2. Артық қимылдар жойылады. Мысалы, жаңа пианисттерді қолы әр саусағының соққысында тартылуын қояды.
3. Қолдар мен аяқтардың қажетті координациясы көрінеді, музыкант әр түрлі қолдың қимылдарымен әр түрлі қимылдардың түрлерін орындауға үйренеді. Іс-қимылдар жеңілденеді, үздіксіз болады және жылдамдатылады.
4. Қимылды орындау бойынша көзбен бақылау бұлшық еттікпен алмасады. Пианист клавиатураға, скрипкашы - грифке қарамастан қимылдарды ойнау мен орындауға тырысады.
5. Ерекше сенторлық синтездер жетілдіріледі, олар әр түрлі анализаторлардың жұмысын бағалауға және жүйелеуге мүмкіндік береді. Осылайша, музыкалық бейненің көрінісі қажетті орындаушылық әрекеттің сипатын шақырады.
6. Назар әрекет әдістерін бақылаудан босатылады және алынатын нәтижелерге өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz