Неологизмдер мен окказионализмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы (халықаралық ұйымдар құжаттарының негізінде)


Неологизмдер мен окказионализмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы (Халықаралық ұйымдар құжаттарының негізінде)
Мазмұны
2 Халықаралық ұйымдардың құжаттарының құрамындағы неологизмдер мен окказионализмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуы3
2. 1 Біріккен Ұлттар Ұйымының Кәмелетке толмағандарға сот төрелігін орындауға қатысты минималды стандартты ережелеріндегі («Пекин ережелері») неологизмдер мен окказионализмдердің аударылуын талдау және онда қолданылған неологизмдер мен окказионализмдердің түрлерін жіктеу3
2. 2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 2011 жылғы 16 наурызда қабылдаған «Біріккен Ұлттар Ұйымының бостандығынан айырудан басқа құқық бұзған әйелдерге жаза қолдану шаралары мен бостандығынан айырылған әйелдердің өтінішіне қатысты ережесіндегі» неологизмдер мен окказионализмдердің аударылуын талдау және онда қолданылған неологизмдер мен окказионализмдердің түрлерін жіктеу15
Қорытынды33
Қолданылған әдебиеттер тізімі35
Бұл тарауда біз БҰҰ Бас Ассамблеясының Бұрыштамасымен 1985 ж. 10 желтоқсан айында қабылданған «United Nations Standard Minimum Rules for the Administration of Juvenile Justice ("The Beijing Rules") » («Біріккен Ұлттар Ұйымының Кәмелетке толмағандарға сот төрелігін орындауға қатысты минималды стандартты ережелерінің («Пекин ережелері») ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылуындағы неологизмдер мен окказионализмдердің берілу мәселелерін қарастыратын боламыз.
Мәтіндерді аудару тәжірибесіне баламаның қолданылуы өзекті болып табылады, Л. К. Латышевтің тұжырымдамасына сүйене отырып мәтіндердің аударылу ерекшеліктерінің түрлі стилдерін қарастырады. Мамандарға арналған мәтіндерді аударуда қиын келесі мәселелер, өзге терминдік жүйенің көмегімен мәтін мағынасын нақты беру болып табылады. Біз, аударма тілінің неологизмдік жүйесі, қайталанбайтын лексикалық жүйе секілді толық бір бүтін болады. Бұл келесі себептермен байланысты:
- неологизмдік жүйе, лексикалық жүйенің бөлігі болып табылады, сөйтіп ол, оның ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сипаттайды.
- неологизмдік жүйе, білімнің пәндік-мағыналық аумағын, нақты пәндік аумақтағы бөлігі болып табылады, және ол да түрлі мәдениеттермен сипатталады.
- неологизмдік жүйе барлық уақытта әсерлі, ол жүйелік қатынастардағыдай бірліктер арасында үнемі өзгеріп отырады.
Формалды-семантикалық дәрежеде шыққан тіл және аударма тіл терминдерін салыстыру кезіндегі шыққан алшақтықтар, үш негізгі түрмен көрсетілді:
- морфо-синтаксистік құрылымдағы айырмашылықтар;
- лексикалық құрамдағы алшақтықтар;
- шыққан тіл және аударма тілі неологизмдерінің лексико-грамматикалық құрылымдағы алшақтықтар.
Шыққан тіл және аударма тілі неологизмдері мен окказионализмдерінің лексико-грамматикалық құрылымдағы алшақтықтары мына түрлерге бөлінеді:
Шыққан тіл және аударма тілі терминдерінің құрылымындағы компоненттердің, бірінің түрлі сөз таптары тән болуы, тілдердің грамматикалық қатарымен және әр тілде мағынасының тарихи қалыптасқан ерекшеліктерімен түсініледі [1, б. 95] .
Тілдердің грамматикалық қатарындағы алшақтықтар ағылшын теминдерінің морфо-синтаксистік құрылымындағы алшақтықтардың негізгі себебі болады, олар екі немесе одан да көп зат есімдерден және олардың орысша балама терминдерінен тұрады.
Ал осы неологизмдер мен окказионализмдердің аударылуын мына сөйлемдерден көрсек болады:
Ағылшынша: 1. 3 Sufficient attention shall be given to positive measures that involve the full mobilization of all possible resources, including the family, volunteers and other community groups, as well as schools and other community institutions, for the purpose of promoting the well-being of the juvenile, with a view to reducing the need for intervention under the law, and of effectively, fairly and humanely dealing with the juvenile in conflict with the law.
Қазақша аудармасы: 1. 3. Заңның араласуын азайту мақсатында және жасөспіріммен тиімді, әділ және ізгі қарым-қатынас жасау мақсатында, заңмен араз жасөспірімнің игілігі үшін қызмет ететін барлық ресурстарды, атап айтқанда отбасы, жанашыр еріктілер, басқа да қоғамның топтарын, сондай-ақ мектептерді және басқа да қоғамдық институттарды жұмылдыратын оң шараларды жүзеге асыруға жеткілікті мән беру керек [2, б. 45] .
Бұл жерде грамматикалық трансформацияның түрі қолданылған, яғни ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылғанда ағылшын және қазақ тілдерінің грамматикалық ерекшеліктерін ескеріле аударылған. Грамматикалық құрылымда «зат есім+зат есім» (N+N), қазақ терминдерінде ағылшын терминдерінің өнімді араласуы, «сын есім + зат есім» (Adi +N) : Бұл сөйлемде екі неологизмнің бар екендігін анықтадық:
Community institutions - қоғамдық институттар дегенді білдіреді, бұл жерде «Community» сөзі ағылшын тілінде негізінде аудармасында «қоғам, орта, аудан» дегенді білдіреді, алайда бұл сөз тіркесіне орай ол сын есімнің қызметін атқарып, зат есіммен, яғни «institution» сөзімен тіркесе отырып, қоғамдық деген мағынаға ие болып аударылған да, «institution» сөзі зат есімнің функциясын атқарып, сөйлемде қоғамдық институттар деген мағынаға ие болып тұр. Ағылшын тіліне қазақ тіліне аударылғанда бұл тіркестер қазақ тілінде барыс септігінінің жалғауына ие болды, «қоғамдық институттарды» делінген. Алайда ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылғанда осы сөз тіркесінің көптік жалғауы сақталынған. Негізінен институт деген сөз латын тілінен енген, латынша іnstіtutumg - мекеме, құру дегенді білдіреді, ал қазақ тілінде қолданылу аясы: ғылыми-зерттеу мекемесінің, жоғары оқу орнының, сондай-ақ, кейбір әлеуметтік қатынастарды реттейтін органдардың атауы; қоғамдық қатынастардың қайсыбір саласын реттеуші құқықтық ережелер жиынтығы.
Мұнда «all possible resources» деген сөз тіркесі «қызмет ететін барлық ресурстарды» деп аударылған, негізінен «possible» деген сөз тура аудармасында «мүмкін» дегенді білдіреді, ал ресурстар деген сөзбен тіркесе отырып, жаңа неологизмдік мағынаға ие болып, «қызмет ететін барлық ресурстар» деп аударылған. Негізінен ресурстар деген сөз неологизм ретінде француз тілінен енген, ол французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік, босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері дегенді білдіреді.
Ағылшынша: 2. 1 The following Standard Minimum Rules shall be applied to juvenile offenders impartially, without distinction of any kind, for example as to race, colour, sex, language, religion, political or other opinions, national or social origin, property, birth or other status.
Қазақша аудармасы: 2. 1. Келесі Минималды стандартты ережелер кәмелетке толмағандарға қатысты риясыз орындалады, олардың нәсіліне, терісінің түсіне, жынысына, тіліне, діни нанымына, саяси немесе басқа да ұлттық немесе әлеуметтік ұстанымдарына, мүліктік жағдайына, дәрежесіне және өзге де жағдайына қарамастан жалпыға бірдей қолданылады.
Мұнда Standard Minimum Rules - Минималды стандартты ережелер деп аударылған окказионализм бар. Ол грамматикалық аударма тәсіліне сәйкес, қазақ тілінің грамматикалық ережелері бойынша аударылған. Мұндағы күрделі сөз тіркесі «сын есім+зат есім» құрылымын сақтай қазақ тіліне аударылған, сонымен бірге ағылшын тіліндегі көптік жалғауы қазақ тіліне аударылғанда да өзінің көптік жалғаулы түрін жоғалтпаған. Мұндағы окказионализмдік сөз «Standard Minimum» - «Минималды стандартты» сын есімі болып табылады. Ағылшын тілінен енген стандартты деген сөз standard - өлшем, үлгі, өлшегіш дегенді білдіреді, ал мұнда құжатпен бірге қолданылғандықтан, ол өзінің алғашқы тарихи қалпын сақтаған, ал минимум деген сөз латынша mіnіmum - ең кіші дегенді білдіреді, мұнда ол ең аз деген мағынада, өзінің болмысын сақтай қолданылған. Окказионализм ретінде қолданылған осы сөз тіркесі құжаттың ресми тілін ажарландыра түседі.
Ағылшынша: Rule 2. 1 therefore stresses the importance of the Rules always being applied impartially and without distinction of any kind. The rule follows the formulation of principle 2 of the Declaration of the Rights of the Child.
Rule 2. 2 defines "juvenile" and "offence" as the components of the notion of the "juvenile offender", who is the main subject of these Standard Minimum Rules (see, however, also rules 3 and 4) . It should be noted that age limits will depend on, and are explicitly made dependent on, each respective legal system, thus fully respecting the economic, social, political, cultural and legal systems of Member States. This makes for a wide variety of ages coming under the definition of "juvenile", ranging from 7 years to 18 years or above. Such a variety seems inevitable in view of the different national legal systems and does not diminish the impact of these Standard Minimum Rules.
Қазақша аудармасы: Осы себепті 2. 1 қағидасында Ережелердің риясыз және ешқандай алалаушылықсыз орындалуының қажеттілігіне баса назар аударылады. Бұл ереже Бала құқықтары Декларациясының 2 принципінің тұжырымдамасын басшылыққа алады (1386 Қарар (XVI) . Сондай-ақ Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою Конвенциясын (34/180 қарар, қосымша) ; Нәсілшілдік пен нәсілдік кемсітушілікпен күрес Халықаралық конференциясының Декларациясын (Нәсілшілдік пен нәсілдік кемсітушілікпен күрес Халықаралық конференциясының Мәлімдемесі. Женева, 14-25 тамыз, 1978 жыл (Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасы, R. 79. XVI нөмірімен сатылымда, 2), 2 тарау) ; Дінге немесе нанымдарға негізделген төзбеушілік пен кемсітушіліктің барлық түрін жою Декларациясын (36/55 қарар) ; Қамаудағылармен қарым-қатынас жасаудың минималды стандартты ережелерін (Адам құқықтарын қараңыз: Халықаралық келісім шарттардың жинағы) (Біріккен Ұлттар Ұйымының баспасы, R. 83. XVI. 1 нөмірімен сатылымда) . Каракас декларациясын (35/71 қарар, қосымша) ; және 9. ) қағидасын қараңыз.
2. 2 қағидасында «кәмелетке толмаған» мен «құқық бұзушылық» түсініктеріне осы Минималды стандартты ережелердің негізгі мәні болып табылатын «кәмелетке толмаған құқық бұзушы» түсінігінің құрамдасы ретінде анықтама берілген (3 пен 4 қағидаларын да қараңыз) . Алайда, жас ерекшеліктеріне қарай шектеулер әрбір жеке-жеке құқықтық жүйелерге мүше мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және құқықтық жүйелерін толықтай ескере отырып анықталады. Сондықтан, «кәмелетке толмаған» түсінігі 7 жастан 18 жасқа дейінгі, немесе одан да жоғары жас аралығындағы ауқымды қамтиды. Мұндай кең ауқым ұлттық құқықтық жүйелердің алуан түрлілігіне байланысты міндетті болып отыр және осы Минималды стандартты ережелердің мәнін төмендетпейді.
Мұнда бірнеше неологизм мен окказионализмдердің бар екендігін аңғардық, олар: Declaration of the Rights of the Child - Бала құқықтары Декларациясы, principle - принципі, Standard Minimum Rules - Минималды стандартты ережелер, economic, social, political, cultural and legal systems - экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және құқықтық жүйелері. Бұл сөз тіркестерінің ішінде алғашқысы лексикалық аударма түрімен аударылса, қалғандары грамматикалық аудару әдісі арқылы аударылған.
Declaration of the Rights of the Child - Бала құқықтары Декларациясы деген сөз лексикалық аударма арқылы аударыла отырып, мұнда қазақ тіліне аударылғанда «Rights» деген сөзі түсіп қалып, Бала құқықтары Декларациясы деп сақталынған. Ал неологизмдік функцияны атқарып отырған сөз «Declaration» - «Декларация», ол латынша declaratio - мәлімдеу, хабарлау деп аударылса, ал негізінен 1. Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат;
2. Елдің саяси-экономикалық даму принциптерін мәлімдейтін мемлекеттік құжат (Мысалы, 1990 жылы 25 қазанда жарияланған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы) ;
3. Халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша бірнеше мемлекет немесе халықаралық ұйым қабылдайтын құжаттың түрі (мысалы, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсандағы Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей Декларациясы) ;
4. Заңдық мәні бар мәліметтерді хабарлайтын кейбір ресми құжаттар (мысалы, салық декларациясы, кеден декларациясы) .
Ағылшынша: The administration of any drug should always be authorized and carried out by qualified medical personnel.
Қазақша аудармасы: Кәмелетке толмаған құқық бұзушыға ешқашан да емдік дәрі-дәрмектер және емдеу тәсілдері сынақ ретінде жасалмауы керек. Кез-келген дәрі дәрмектің қолданылуы бекіту бойынша білікті медициналық қызметкер тарапынан жүзеге асырылуы керек.
Principle - принципі деген неологизм қазақ тіліне грамматикалық трансформациялау әдісі арқылы аударылған, принцип - негізгі ереже, басқарушы идея дегенді білдіреді.
Ағылшынша: 4. 1 In those legal systems recognizing the concept of the age of criminal responsibility for juveniles, the beginning of that age shall not be fixed at too low an age level, bearing in mind the facts of emotional, mental and intellectual maturity.
Қазақша аудармасы: 4. 1. Қылмыстық жауапкершілікке тартылу жас ерекшелігі ескерілетін құқықтық жүйелер бойынша, эмоциялық, рухани және зияткерлік аспектілерге сай, жауапкершілікке тартылу жас шектеулері тым аз белгіленбеуі тиіс.
«Emotional, mental and intellectual maturity» - «эмоциялық, рухани және зияткерлік аспектілер» деген тіркес окказионализмнің қызметін атқарып тұр. Мұндағы сөз тіркесі бірнеше сын есімнің жалғыз зат есімге тіркесуі арқылы жасалған және ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылғанда осы қалпын сақтаған. Негізінен «эмоция» деген сөз ағылшын тілінде «көңіл-күй» дегенді білдіреді, ал ол мұнда өзінің бастапқы қалпын сақтап аудалыған, сонымен бірге алдында интеллектуалдық деген формада қолданылатын сөз, енді қазақ тіліне «зияткерлік» деп аударылған. Ал аспектілер деген сөз латынша aspectus - белгілі бір ұғым, құбылыс, келешек қарастырылатын көзқарас, пікір дегенді білдіреді. Мұнда ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылғанда грамматикалық трансформациялау әдісі қолданылғандықтан, қазақ тілінің өзгешеліктеріне байланысты зат есімге көптік жалғауының жалғануы арқылы аударылған.
Морфо-синтаксистік құрылымдағы ағылшын, қазақ терминдерінің алшақтығы, лексикалық құрамда айырмашылықтар жасау мүмкін:
justice system - сот төрелік жүйесі, qualified medical personnel - білікті медициналық қызметкер (зат есімнің сын есіммен ауыстырылуы семантикада, оның компоненттерімен өзгерілуімен байланысты емес) . Бұл тіркестерде ағылшын тілінде жалғаулықтары жалғанбай жасалатын болса, олар қазақ тіліне аударылғанда тәуелдік жалғауына, сонымен қатар екінші сөз тіркесінде зат есімге -ті және -лық сын есімдерді жасаушы жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалынып отыр [3, б. 69] .
Баламасыз терминдер құрамынының аудармасын қорытындылағанда, келесі заңдылықтар шығады:
1. Баламасыз терминологияны аударғанда шыққан тілден аударатын тілге түсіндірме аудару қолданылуы мүмкін:
age limit - жасөспірімнің бас бостандығынан айрылуды тыйым салатын жасының шегі;
Ағылшынша: A juvenile is every person under the age of 18. The age limit below which it should not be permitted to deprive a child of his or her liberty should be determined by law;
Қазақша аудармасы: Кәмелетке толмаған ретінде 18 жасқа толмаған кез-келген тұлға түсініледі. Жасөспірімнің бас бостандығынан айрылуды тыйым салатын жасының шегі заң бойынша анықталады;
Бұл жерде жастың шегі деп ол тура аударылатын болса, ал мұнда заңды термин болғандықтан, ол жасөспірімнің бас бостандығынан айрылуды тыйым салатын жасының шегі деп аударылып тұр, яғни бұл заңды термин қазақ тіліне аударылғанда өзі білдіретін мағынасына қарай аударылып отыр.
The protection of the individual rights - қамау кезіндегі шаралардың заңдылығын сақтау. Бұл жерде «The protection of the individual rights» тіркесі тура аудармасында жеке құқықтарын қорғау дегенді білдіретін болса, алайда мәтіннің ерекшеліктеріне сәйкес ол шыққан тілден баламасыз терминологияны түсіндіру арқылы «қамау кезіндегі шаралардың заңдылығын сақтау» дегенді білдіреді.
Жазбаша аударма, терминдердің мағыналарын дәл беруге мүмкіншілік береді, бірақ көпкомпонентті сөзтіркесі аударатын тілдің мәтініндегі сәйкес сөйлемнің синтаксистік құрылымын қиындатады.
2. Аударма кезінде баламасыз терминдердің басым көпшілігі, кәлкі әдісінде қолданылуы мүмкін: Deprivation of the liberty of a juvenile - Кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру; judicial authority - сот органы; The competent authorities - Құзіретті билік органдары, practical application - іс жүзінде қолдану, The deprivation of liberty - Бас бостандығынан айыру тәртібі, Sleeping accommodation - жатын орындар.
Бұл жерде «Deprivation of the liberty of a juvenile» тіркесі тіркесінің баламасы батыс септігіндегі зат есім+етістік арқылы, judicial authority тіркесі сын есім+зат есім тіркесі арқылы, ал The deprivation of liberty тіркесі шығыс септігіндегі зат есім+етістіктің тіркесуі арқылы қазақ тіліне аударылған, яғни мұнда кәлкілеу әдісі қолданылған.
Ағылшынша: Deprivation of the liberty of a juvenile should be a disposition of last resort and for the minimum necessary period and should be limited to exceptional cases.
Every juvenile should have the right to make a request or complaint, without censorship as to substance, to the central administration, the judicial authority or other proper authorities through approved channels, and to be informed of the response without delay.
The competent authorities should constantly seek to increase the awareness of the public that the care of detained juveniles and preparation for their return to society is a social service of great importance, and to this end active steps should be taken to foster open contacts between the juveniles and the local community.
Қазақша аудармасы: Кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру төтенше ықпалшара ретінде аз мерзім ішінде орындалуы керек.
Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы мәтінінің мазмұнын цензурамен өзгертуге болмайтын өтінішпен немесе шағыммен орталық әкімшілікке, сот органына немесе басқа да тиісті билік органына бекітілген жол арқылы жүгінуіне құқылы және олардың шешімі туралы хабардар болуына құқылы.
Құзіретті билік органдары қоғамға түзеу мекемелеріне қамалған кәмелетке толмағандардың қорғалуы және олардың қоғамға қайта сіңісіп кетуінің қаншалықты әлеуметтік маңызды жұмыс екендігін түсіндіруге және осы мақсатта кәмелетке толмаған құқық бұзушылар мен жергілікті тұрғындар қауымы арасындағы еркін қарым-қатынастың орын алуын қамтамасыз етуге ылғи ұмтылуы тиіс [4, б. 59] .
Бұл жерде қазақ тілінде баламасы болмаған заң терминдері ағылшын тілінен кәлкілеу арқылы аударылған. Мысалға алғанда, Deprivation of the liberty of a juvenile - Кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру деп аударылған. Яғни juvenile-кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру деген мағынаны білдіргендіктен, ал judicial authority - сот органы деген мағынаны береді, The competent authorities - Құзіретті билік органдары, practical application -іс жүзінде қолдану, The deprivation of liberty - Бас бостандығынан айыру тәртібі, Sleeping accommodation - жатын орындар деген сөздер де тура мағынасына қарағанда сол терминнің қолданылу аясына байланысты аударылған.
3. Кәлкілеу кезінде грамматикалық және лексикалық трансформация қолданылады:
equitable remuneration - әділ жалақы (зат есім -сын есім) .
competent administrative authority - Құзіретті әкімшілік органдары.
Ағылшынша: Every juvenile should, in accordance with local or national standards, be provided with separate and sufficient bedding, which should be clean when issued, kept in good order and changed often enough to ensure cleanliness.
Қазақша аудармасы: Әрбір кәмелетке толмаған құқық бұзушы жергілікті және ұлттық нормаларға сәйкес, таза күйінде берілуі тиіс, тиісінше жиналып тұруы және алмастырылып тұруы тиіс қажетті төсек бұйымдарымен қамтылады.
Ал зат есім мен сын есімнің тіркесуі арқылы аударылған equitable remuneration - әділ жалақы, competent administrative authority - Құзіретті әкімшілік органдары деген сөздерін келтіре аламыз. Мұнда әділ- equitable, competent administrative - Құзіретті әкімшілік сын есімдердің рөлін атқарып тұрса, remuneratio - жалақы, authority - орган деген зат есімдер осы сөз тіркестерінде кездеседі [5, б. 43] .
4. Баламасыз құрылу терминдерін шет тілін кәлкілеу кезінде, лексико - грамматикалық трансформация қолданылуы мүмкін - атап айтқанда терминоэлементтердің бірінің декомпрессиясы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz