Шетел тілін жоғарғы кезеңде оқыту барысында аутентикалық материалдарды қолданудың ерекшеліктері


Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі:
Шетел тілін жоғарғы кезеңде оқыту барысында аутентикалық материалдарды қолданудың ерекшеліктері
Мазмұны
2 Жоғарғы сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудағы аутентикалық мәліметтерді қолданудың ерекшеліктері3
2. 1 Жоғарғы сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудағы қолданылатын аутентикалық мәліметтердің ерекшеліктерін анықтаудың мақсатындағы John and Liz Soars “Headway” (Upper-Intermediate Level) ОӘК талдау3
2. 2 11 сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудағы аутентикалық мәліметтерді қолданудың тәжірибесі8
2. 3 “Headway” ОӘК 7-бөлімі мәліметтерінің негізіндегі аутентикалық аудитивті мәтіндермен жұмыс істеу технологиясы14
Қорытынды27
Қолданылған әдебиеттер тізімі31
2 Жоғарғы сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудағы аутентикалық мәліметтерді қолданудың ерекшеліктері 2. 1 Жоғарғы сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудағы қолданылатын аутентикалық мәліметтердің ерекшеліктерін анықтаудың мақсатындағы John and Liz Soars “Headway” (Upper-Intermediate Level) ОӘК талдауБерілген жұмыстың бірінші бөлімінде көрсетілген объективті себептерге байланысты тыңдаудың жоғарғы сатысында аутентикалық мәліметтерді қолдану тек тиімді ғана емес, сондай-ақ қажет.
Бұған қарамастан, практикалық қызметте аутентикалық мәліметтерді қолдану шектеулі. Бұл жерде екі себепті бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, заманауи шет тілге оқыту мақсаттарының мектептердегі оқу әдістемелік кешінінің көбісімен біршама ерекшеленуі, екіншіден, жасалған оқыту әдістемелерінің және олардың теориялық негізінің болмауы.
Сондықтан берілген жұмыстың практикалық бөлімінде біз Астана қаласының №51 мектебіндегі заманауи “Headway” оқу-әдістемелік кешені бойынша шет тілі сабағын өткізетін боламыз. Өйткені біз жоғарғы оқыту сатысын қарастырғандай, берілген жағдайда бұл Upper-Intermediate level, ол бойынша жұмыс 11-ші сыныптарда жүргізіледі. Бұл оқу-әдістемелік кешенінде шет тілін оқыту амалына коммуникативті әдіс ұсынылған.
Біздің таңдап алынған тақырыптың өзгешелігіне байланысты, біздің ұсынған аудитивті мәтіндеріміз бен тапсырмаларымыздың олардың аутентілігіне қойылған белгілеріне келесідей жоспар бойынша сәйкестігіне талдау жүргізген дұрыс:
1. ОӘК өзінің қысқаша сипаттамасы.
2. Тыңдауға арналған мәліметтерді сипаттау мен талдау.
3. Аудитивті мәтіндермен жұмыс әдістемесін ұсыну [1, б. 85] .
“Headway” (Upper-Intermediate, Student’s Book, кешеннің авторлары John and Liz Soars) Анлияда басылып шығарылған заманауи оқу-әдістемелік кешені, ол шет елдің студенттерінің ағылшын тілін оқуына арналған. Ол он екі тақырыптық бөлімдерден тұрады. Бөлімдердің әрқайсысы сөйлеу қызметінің барлық түрлеріне параллельді оқытуды білдіретіндей құрастырылған: оқу, сөйлеу, тыңдау және жазу. Оқулық әдемі рәсімделген және көркемдік тіреулерге ие: әр түрлі фотосуреттер, күлкінішті суреттер, өнер туындыларының репродукциялары. Онда оқу-аутентикалық және нағыз аутентикалық мәліметтер кеңінен көрсетілген: газеттер мен журналдардан алынған публицистикалық мәтіндер, ғылыми мақалалар, елтанушылық және мәдени сипаттағы очерктер, прагматикалық мәліметтер, көркем туындылардан үзінділер (the soucers of the material include encyclopaedias, classical, modern and popular literature, quizzes both serious and amusing, popular and professional magazines, and daily newspapers. The material in the listening developments is either an authentic interview (Units 3, 7, 10, 12) or a script recorded by actors based on an authentic intervew) .
Берілген оқу-әдістемелік кешенінің құрамына аудиокассеталар кіреді, аудитивті мәтіндер (барлығы 37 мәтіндер) басылымдық түрде оқулықтың соңында қайталанған, түрлі сөйлеу түрлеріне ие (диалогтар мен монологтар) . Мәтіндердің тақырыптары әр түрлі: “A variety of accents”; “Esperanto, a world language”; “A Victorian Family” және т. б.
Біз ұсынылған мәліметтерді аутентілігінің және аудитивті мәтіндерге қойылатын жалпы талаптарының белгілері мен параметрлерімен алып талдау жүргіземіз, ол келесі кестеде келтірілген:
Кесте 1 - Аудитивті мәтіндердің аутентикалықтың белгілері мен аутентикалық мәтіннің параметрлеріне сәйкестігі
Ұсынылған кестеден, берілген ОӘК аудитивті мәліметтері аутентикалылықтың негізгі белгілеріне және аутентикалық мәтіндердің параметрлеріне, сондай-ақ аудитивті мәліметтерге қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келеді [2, б. 78] .
Мұнымен қоса, берілген ОӘК барлық аудитивті мәтіндерін функционалдық қолданылуының жағынан қарастыруға болады, өйткені тыңдау оқыту процесі кезінде мақсат пен құрал ретінде көрінеді.
Бұдан шығатыны, берілген ОӘК барлық аудитивті мәтіндерін олардың функционалды қолданылуына қарай бөлуге болады:
1) Тыңдауды келесі құралдар ретінде қолдану мақсатында құрастырылған оқу-аутентикалық мәтіндер:
- сөйлеу қызметінің басқа түрлеріне оқыту;
- жаңа тілдік мәліметті бекіту мен енгізу (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) ;
- өткен материалды бақылау.
Мұндай мәтіндер нақты тақырыптық бөлім бойынша аутентикалық мәтіннің параметрлерінің және өтілген лексикалық және грамматикалық материалға сәйкес құрастырылған, және әдетте жаңа аудитивті қиыншылықтардан тұрмайды.
2) Түпнұсқалық аутентикалық материалдар сөйлеу қызметінің түрі ретіндегі тікелей тыңдаудың қабілеттері мен дағдыларын дамыту үшін қолданылады (authentic, unscripted recordings) . Олардың қолданылуы шет елдің тілін тыңдауға қабылдау мен түсіну қабілеттері мен дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Аудитивті материалдармен жұмыс істеудің ұсынылған әдістемесін қарастырайық.
Осылайша, авторлармен келесідей тыңдауға арналған бағдарлама ұсынылады (the listening syllabus) :
- жалпы мәтінді түсіну (gist listening) үшін;
- арнайы (таңдалынған) ақпаратты алу үшін (for specific information) ;
- note taking;
- негізгі жағдайлардың жоспарын құрастыру (summarizing main points) ;
- мәтін бойынша қорытынды құрастыру (inference) .
Тыңдауды оқытудың мақсаты мен құралы ретінде қолдану кезіндегі аудитивті мәтіндермен жұмыс істеудегі дифференциалды амалды бөліп көрсеткен жөн [3, б. 90] .
Ұсынылған кесте аудитивті мәтіндермен жұмыс істеу әдістемелерінің олардың функционалды қолданылуына байланысты айырмашылықтарын көрсетеді:
Кесте 2 - Аудитивті мәтіндермен жұмыс істеу әдістемелерінің олардың функционалды қолданылуына байланысты айырмашылықтар
1. Оқытушының мәтіннің қысқаша мазмұнын ұсынуы. (Listen to 4 people talking about their relationship with their parents.
2. Оқу мақсаты мен мәтінге дейінгі тапсырманы қою (тіреулерді қолданумен және қолданусыз оқу мақсатына байланысты қою) . ( As you listen, decide: a) if they are talking about the present or the past. b) if the relationship was good or not. )
1. Қарым-қатынастың жағдайын және/немесе мотивін жасау. (Мысалы: You will hear an interview with a man called Brian about his experiences of driving a lorry for the first time) .
2. Коммуникативті міндетті қою. (Compare your own impressions (if you have any) to those of his) :
3. Мәтінге дейінгі тапсырма. (The following words are contained in the story, look at them and before you listen, imagine, what happened to Brian during the rest of the day (сөздердің тізімі) .
4. Listen to the story and answer the questions (Мәтінге дейінгі сұрақтар) .
5. There are 5 incidents. Put a number on the map (көру тірегі) to show where they happened. Describe briefly each one.
6. Think over Brian’s behaviour and discuss it with your partner. Use the words and word-combinations from the text. .
Кестенің бірінші жолында біз тыңдауды оқыту құралы ретінде, ал екіншісінде мақсаты ретінде қолдануға мысал келтірдік.
Тілдік қызметтің бір түрі ретіндегі тыңдауға оқыту әдістемесінің ұсынылған ОӘК келесідей ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:
- мәтінді бір рет ұсыну;
- тыңдауға үйрету әдетте толық бір мәтіннің материалында жүзеге асырылады;
- аудитивті мәтіндермен жұмыс істеу әдістемесі мәтінге дейінгі, мәтіндегі және мәтіннен кейінгі сатыларға бөлінеді;
- авторлармен сол тілде сөйлеушілердің жеке сөйлеу мәнеріне бейімделуге бағытталған ерекше тапсырмалар қарастырылған;
- тіреу мәтінге дейінгі сатыға жасалынған, бұл оқушыларды меңгерілген тілдік материалға сүйене отырып, саналы түрде тыңдау мен білімдерді алуға мотивациялау үшін жасалыған;
- мәтінге дейінгі сұрақтар мәтінді жалпы және мұқият түсінуді білдіреді.
- мәтіннен кейінгі тапсырмалар оқушыларды өзінің ойын жеткізуге және эмоционалдық қатынасын көрсетуге бағыттайды, шығармашылық сипатқа ие және аутентикалылықтың аспектісіне сәйкес келеді (мәтінмен өзара әрекеттесуге стимулдайтын тапсырмалар, олар ақпарат көздерімен жұмыс істеу кезінде оқудан тыс ортада жасалынады, өйткені ол аутентикалық коммуникативті әрекет болып табылады, ол ойлау қабілетін стимулдайды, оған оқушылар күнделікті қарым-қатынас кезінде жүгінеді) [4, б. 103] .
Осылайша, берілегн ОӘК анализі онда ұсынылған аудитивті мәтіндер мен тапсырмалардың аутентикалықтың белгілеріне сәйкес келетіндігін көрсетті.
Біз шет тіліне оқытуға арналған заманауи оқу-әдістемелік кешені осындай болуы қажет деп ойлаймыз, және онымен дұрыс ұйымдастырылған жұмыс сөйлеу қызметінің бір түрі ретіндегі тыңдауға оқыту кезінед жедел және тиімді нәтижедерді береді деп санаймыз.
2. 2 11 сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытудағы аутентикалық мәліметтерді қолданудың тәжірибесіЗерттеулерді жүргізу кезінде біз келесідей мақсаттар қойдық:
- шет тілін оқуға деген жоғарғы сынып оқушыларының мотивациясын анықтау;
- сөйлеу қызметінің бір түрі ретіндегі тыңдауға үйренгендігінің деңгейін анықтау;
Біз зерттеуді Астана қаласының №51 мектебінде 11 б сыныбымен өткіздік. Бұл сынып екі топқа бөлінген. 1-ші топ - 10 оқушы, 2-шісі - 12.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері келесілерді көрсетті (оқушылардың сауалнамасы, сабақтардағы бақылаулар, оқытушылармен әңгімелесулер) .
Сауалнама кезінде оқушылар келесідей сұрақтар ұсынылды:
1. Сіз ағылшын тілін қажетті сабақ деп ойлайсыз ба?
2. Егер жоқ болса, неліктен?
3. Егер ие болса, онда ағылшын тілін білу сіздің әрі қарайғы өміріңізге қалайша әсер етеді?
4. Сіз қалай ойлайсыз, өміріңіздің қандай жерінде Сіз оған қолданыс табасыз?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz