Әйелдер қылмыстылығы: түсінігі және оны алдын-алу шаралары


Әйелдер қылмыстылығы: түсінігі және оны алдын-алу шаралары
Мазмұны
Кіріспе3
1 Қылмыстылықтың түсінігі және белгілері7
1. 1 Қылмыстылықтың түсінігі7
1. 2 Қылмыстылықтың белгілері15
2 Әйелдер қылмыстылығының пайда болу тарихы19
2. 1 Әйелдер қылмыстылығы Ресейдің революцияға дейінгі кезеңінде19
2. 2 Кеңес Одағы кезіндегі әйелдердің қылмыстылығы27
3 Әйелдермен жасалған қылмыстардың криминологиялық сипаттамасының негізгі элементтері34
3. 1 ҚР әйелдер қылмыстылығының жай-күйі34
3. 2 ҚР әйелдер қылмыстылығының негізгі себептері44
3. 3 ҚР әйелдер қылмыстылығының алдын-алу50
Қорытынды56
Қолданылған әдебиеттер тізімі63
Қосымша66
КіріспеӘйелдердің қылмыстық мінез-құлығы ерлердің қылмыстық мінез-құлығынан себеп тудырушы кешенмен, себептерімен, әдістері мен құралдарымен, қылмыстардың масштабы мен сипаттамасымен, қылмыстық қол сұғушылықтың құрбанын таңдауымен және басқа да элементтерімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер әйел адамдардың қоғамдық қатынастарда тарихи негізделген орнымен, оның әлеуметтік рөлдері мен қызметтерімен, оның биологиялық және психологиялық өзгешелігімен байланысты.
Әйелдердің арасында кеңінен таралған қылмыстарға пайдакүнемдік бағыттағы қылмыстар жатады, яғни әйелдердің қылмыстылығына зорлау-агрессиялылыққа қарағанда барынша пайдакүнемдік мотивация тән.
Зорлау әйел қылмыстылығы отбасылық-тұрмыстық сипатқа ие. Зорлау сипатындағы қылмыстардың үштен бірі әйелдермен ішімдіктік немесе есірткілік мастану кезінде жасалынады. Отбасылық қарым-қатынастардан тыс салада зорлау қылмыстарын жасайтын әйелдердің саны артып келеді.
Әйелдердің қылмыстылығының себебі әлеуметтік-экономикалық және биологиялық факторларға тәуелді. Оларға мыналар жатады:
- мемлекеттің отбасылық саясатының және отбасы ішіндегі қарым-қатынастардың әлсіреуі (жұмыс істеп жатқан әйелдің балаларына ерекше қамқорлықтың болмауы) ;
- әйелдердің қоғамдық қарым-қатынастардағы белсенділенуі және олардың әлеуметтік ұстанымдары мен рөлдерінің өзгертілуі (жұмысқа тұру көптеген кедергілермен байланысты) ;
- әлеуметтік-экономикалық институттардың кризисі (отбасы соңғы онжылдықта ерлі-зайыптылардың қарым-қатынастарындағы даугершіліктің жоғарғы деңгейімен, тұрғылықты мекен жайының болмауымен сипатталады) ;
- ішімдік сусындарын, есірткілік заттарды қолданатын әйелдердің санының артуы.
Әйелдердің қылмыстылығына қатысты алдын алушы әрекет жағымсыз құбылыстарды жоюға бағытталған, солардың әсерінен қылмыстық мотивацияның қалыптасуы жүреді. Әйелдердің мәдениетін және әйелділікті қорғау мемлекеттегі алдыңғы қатарлы саясат, идеология, қоғамдық көзқарасқа айналуы қажет.
Әйелдердің антиқоғамдық мінез-құлықтарының тағы бір себебі отбасылық міндеттері. Әйелдер қылмысының себептері оның өсуне әкеліп соғуда. Антонян Ю. М. өзінің «Әйелдер арасындағы қылмыс» кітабында келесі құбылыстар мен процестерді бөліп көрсетеді.
1) Әйелдердің қоғамдық өндіріске белсенді араласуы;
2) Әлеуметтік институттардың әлсіреуі, соның ішінде отбасының;
3) Қоғамдық шиеленістің өсуі, ондағы қатығыспен пен қастандықтың пайда болуы.
4) Антиқоғамдық құбылыстардың өсуі, есірткі, маскүнемдік, жезөкшелік, қаңғырушылық, қайыр сұраушылық.
Антонян Ю. М. төртінші құбылысты ерекшелігін ескере келіп, қылмыс тудыратын антиқоғамдық қылмыстық емес құбылыстарға жатқызады.
Алайда біздің пайымдауымызша, бұл антиқоғамдық құбылыстар өзбеттік қылмыс туғызары сөзсіз.
Бұл келтірілген құбылыстардың барлығы әйелдердің қылмысын туғызады, оның өзі біздің мемлекетімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, мәдени жаһандық құбылыстарға байланысты. Біздің ойымызша осы құбылыстардың әрқайсысын егжей-тегжейлі қарастыру керек. Және де әйелдердің қоғамдық өндірісте жұмы істеу мәселесін де атап өту керек. Қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін әйел материалды құндылыққа ие болады. Алайда оның өзі оны ұрлыққа итермелеуі мүмкін, егер де оның бірнеше ай еңбек ақы алмауын ескерсек, ұят туралы сөз қозғаудың өзі дұрыс емес. Себебі бірнеше ай ақша болмаса, үйде аш балалар отырса тонаушылыққа бармағанда не істесін? Соныдықтан да кейбір адамдардың жұмысқа орналасуының өзінде, жұмыс орнынан алатын факторды да ескеруі мүмкін. Қылмыс динамикасымен оның жағдайының тұрақты құрылымдарының жеткілікті түрде айқын көрінуі қылмыс себебінің ашылуына жол береді. Ал әйелдер қылмысына келетін болсақ, әйелдер қылмысының себебін білу үшін, болған жағдайдың біркелкілігін ғана емес, сонымен қатар әйелдер табиғатындағы физикалық және психикалық көрнулермен сипатталады. Шынайы қоғамдық қатынастардың пайда болуындағы процестер мен қоғамдағы құбылыстардың белсенді әрекет етуі, әйелдер қылмысының интенсивті өсуімен қатар түсіндіріледі. Арнайы әлеуметтік процестер мен құбылыстардың қарама -қарсы әрекет етуі, криминогендік қасиеттерге ие, әйелдер арасындағы құқық бұзушылық деңгейінің жоғары көрсеткіш көрсетуі, бүгінгі күндегі әйел адамдардың қоғам өміріне белсенді араласуында. Әйелдер қылмысының негізгі себебі, қоғам өміріндегі нақты жағдайлармен тығыз байланыста болуы. қоғамдық қатынас жүйесіндегі әйел адамдардың орны және ондағы атқаратын функциялары мен рөлдерінің үлкен белгі алуында жатыр, сондықтанда әйелдер қылмысы табиғи құбылыста және шарасыз түрде болуы. Арнайы факторлардың әсер етуіне байланысты қоғамдық қауіптілік, қатігездік және агрессивтіліктің көрінуі әйелдер қылмысының пайда болу себебіне әкеледі.
Әйелдердің кәсіби өзгерістеріне байланысты, басқару топтарында немесе материалдық құндылықтар өндірісніде, яғни тікелей еңбек сферасында ер адамдар мен әйел адамдардың құқықтары тең қалыптасқан. Барлық аталған құбылыстар, әйелдер қылмысының пайда болуына сәйкес келеді. Әйелдер қылмысынң пайда болуына ең басты әсер ететін себептің бірі, қоғамдық өндіріске қатыса отырып материалдық құндылықтарды алуға байланысты, егерде тапқан пайдаларын, қаражаттарын бермеген жағдайда әйел адамдар жанұя жағдайын қамтамассыз ету үшін, яғни балаларын асырау керек болған жағдайда, әйел адамдар жұмыс орынында қандай да бір ұрлық жасайды. Нәтижесінде әйел адамдар аз мамандандырылған және ауыр жұмыс істеулеріне байланысты, ақыр соңында қылмыстық әрекеттерге тап болады.
Осындай көптеген жағдайларға байланысты әйел адамдар дөрекі, агрессивті болып келеді. Ю. М. Антонян көрсеткен екінші әйелдер қылмысына әсер ететін құбылыс әлеуметтік институттар, оның ішінде бірінші орында жанұя болып табылады. Әйел адамдар аналық және жанұялық міндеттерді орындауды кәсіби іс -әрекетпен бріктіруге болмайды, себебі екі жақтық тепе -теңдікті сақтау мүмкін емес. Нәтижесінде әйел адамдар үнемі жұмыс істеулеріне байланысты, шаршаңқылықтың көрінуі, психикалық бұзылыстардың пайда болуы, агрессивтіліктің көрінуі және бейімделе алмаушылық жағдайларына байланысты, әйел адамдар жанұяға және жұмысқа көңіл аудармай, қоғамға қарама -қарсы өмір бейнесіне жеңіл түсіп кетеді. Осындай жағдайлардан кейін әйел адамның аналық міндетері мен жанұя функцияларын орындамауына байланысты жанұя бұзылады. Әйелдер қылмысының себебіне келесі фактрлар әсер етеді, қоғамдық күйзелістер мен мазасызтықтардың әсер етуі. Сыртқы қауіптің шабуылдауы және ішкі мазасыздықтар әйел адамдарды агрессивтілікке итермелейді. Әлеуметтік жағымсыз жақтар мен қақтығыстарды және күйзелістерді уайымдап, терең сезінеді, себебі әйел адамдарда барлық жанұялық міндеттерді орындау жүктелген, жанұяны тамақпен және басқа да заттармен қамтамассыз ету, балаларды тәрбиелеу және оларға қарау жағдайында әйел адамдар барлық қысымдарға төзе алмай қылмыстық әрекеттерге, жағымсыз қылықтарға барады. Әйел адамдардың өзін және жақындарын физикалық қауіптен қорғауға талпыныс зорлық қылмысын жасауға итермелейді, ал басқаларға тәуелді болу өзінің жағдайына сенімсіздік, матералдық құндылықтарды уайымдау барысында құқық бұзушылыққа және пайдакүнемдікке итермелеиді.
Әйелдердің қылмысқа бару себептеріне байланысты, қылмыстық әрекеттердің түрлерге бөлінуі:
1 адам өлтіру және адам денесіне ауыр жарақат салу;
2 ұрлық жасау;
3 алаяқтық;
4 қорқытып алушылық;
Мұндай жағдайларда қылмысты шартты түрде екі жағдайға бөлуге блады:
1 адам өлтіру анық жағдайда жасалған;
2 адам өлтіру анық емес (белгісіз) жағдайда жасалған.
Қоғамға қарсы өмір сүретін қыздардың арасында адамгершілік-құқықтық мәдениеттің деңгейін арттыру, оларға тегін психологиялық және медициналық көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік байланыстарды, үйін жоғалтқан әйелдерге реабилитациялаушы орталықтар жасау қажет.
Бұл тақырыбыптың өзектілігі әйелдердің арасындағы қылмыстардың артуы қоғамның ұйытқысы болып отырған, қыз-келіншектердің жаман жолға түсуімен сипатталады, ал ол өз кезегінде келешек ұрпақтардың тәрбиесіне және денсаулығына кері әсерін береді. Міне, сондықтан әйелдердің арасындағы қылмыстарды зерттеу мен олардың алдын алу шаралары осы дипломдық жұмыстың өзектілігіне айналып отыр.
Зерттеудің мақсаты Қазақстандағы әйелдердің қылмыстылығын зерттей отырып, оларды алдын алу шараларын қарастыру .
Көрсетілген мақсат келесідей міндеттер арқылы қол жеткізілді:
- Қылмыстылықтың түсінігі және белгілерін зерттеу
- Әйелдер қылмыстылығының пайда болу тарихын қарастыру;
- Әйелдермен жасалған қылмыстардың криминологиялық сипаттамасының негізгі элементтерін талдау;
- ҚР әйелдер қылмыстылығының жай-күйін саралау;
- ҚР әйелдер қылмыстылығының негізгі себептерін анықтау;
- ҚР әйелдер қылмыстылығының алдын-алу шараларын ұсыну.
Зерттеудің объектісі: әйелдердің арасындағы қылмыстылық түсінігінің мәнін ашу және оларды зерттеу.
Зерттеудің пәні: ҚР әйелдердің арасындағы қылмыстылық түсінігін зерттеу мен алдын алу шараларын ұсыну.
Зерттеудің әдістемелік негізін қоғамдық процестер мен әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды танудың диалектикалық әдісі құрайды. Зерттеу барысында жалпы ғылыми, жеке-ғылыми және арнайы таным әдістері қолданылды: тарихи-құқықтық, ресми-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық, нақты-әлеуметтік және т. б.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қылмыстылықтың түсінігі және белгілері 1. 1 Қылмыстылықтың түсінігіҚылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі, нәтижесі болып табылады.
Әрекет дегеніміз - адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.
Қылмыс дегеніміз - қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз.
Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:
1. Қоғамға қауіптілігі
2. Заңға қайшылығы
3. Айыптылығы
4. Жазаланатындығы.
Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді:
- онша ауыр емес;
- ауырлығы орташа;
- ауыр;
- аса ауыр.
Қылмыстық Кодекстің 10-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан:
1. қасақана жасаған әрекеті - 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті - 5 жылдан аспайтын мерзімге - онша ауыр емес;
2. қасақана жасаған әрекеті - 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті - 5 жылдан аспайтын мерзімге - ауырлығы орташа;
3. қасақана жасаған әрекеті - 12 жылдан астам мерзімге - ауыр;
4. қасақана жасаған әрекеті - 12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасы көзделсе - аса ауыр санатына жатады.
Қылмыстың құрамы дегеніміз - бұл қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығын айтамыз. Ондай белгілер 4 топқа бөлінеді:
- қылмыстың объектісі;
- қылмыстың объективтік жағы;
- қылмыстың субъектісі;
- қылмыстың субъективтік жағы.
1. Қылмыстың объектісі - қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынатсар [1, б. 58] .
2. Қылмыстың объективтік жағы - ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі.
3. Қылмыстың субъектісі - ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау және т. б. ) қылмыстық жауатылыққа адам 14 жастан тартылады.
4. Қылмыстың субъективтік жағы - бұл қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.
Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалдық және формальды болып жіктеледі.
Материалдық құрамда қылмыстың аяқталу сәті қоғамға қауіпті зардаптың тууына байланысты болса, формальды құрамда зардапты тосып жатпай-ақ, қоғамға қауіпті әрекетті жасаудың өзі қылмыстың аяқталғандығын көрсетеді.
Қылмыстылық - бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі әлеуметтік, қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы жылдары Н. Ф. Кузнецова берген болатын. Одан бері де осы анықтаманың мұрты қисайған жоқ.
Оның өзіндік себептері де бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей қылмыстар жинақтала келгенде жаңа бір сапаға ие болады, ол - қылмыстылық. Осыған байланысты теңіз бен тамшыны, клетка мен организмді мысал қып келтіре кеттік. Қылмыстылық - әлеуметтік құбылыс, өзінше бір организм, қоғамның өзіне бағытталған сырқаты.
Сырқат демекші, қылмыстылықтың сыртқа көрінетін көрсеткіштері оның симптомы сияқты екендігін айта кету керек, себебі кейбір сырқат түрлерінің симптомы бірдей болғанымен диагнозы және емдеу жолдары әр түрлі болатыны аян. Мысалға, тұмау мен сібір жарасының сыртқы симптомдары бірдей болғандықтан АҚШ-та 2001 жылы сырқаттанғандарды тұмаудың дәрісімен емдегендіктен бернеше адам қайтыс болды. Сол сияқты ұрлық пен кісі өлтірудің немесе, тіпті, ұрлық пен алаяқтықтың алдын алу жолдары да әр қилы болу керек екендігі хақ.
Жоғарыдағы анықтамадан қылмыстылықтың мынандай белгілерін анақтауға болады:
- оның салыстырмалы-жаппайлығы. Жалпы жаппай емес салыстырмалы жаппай болатын себебі - қоғамның бәрі қылмыстылық атты сырқатпен ауырмайды, тек белгілі бір бөлшегі ғана қылмыстылық құбылысына үлес қосады, ал тұмау эпидемиясы жаппай құбылыс, өйткені ол кездерде жұрттың бәрі тұмауратып шығады. Ал салыстырмалы жаппай болмаса да ол қылмыстылық емес, бар болғаны бірді-екілі немесе жүз-екі жүз қылмыстардың жиынтығы ғана болып қалады [2, б. 74] .
- тарихи өзгермелі болатындығы қоғамның қылмысқа деген көзқарасы үнемі өзгеріп отыратындығында. Бір уақыттарда қылмыс боп есептелген әрекеттер басқа бір кезде қылмыс емес немесе керісінше.
Мысалға, Кеңес дәуірінде алып-сатарлық әрекеті қылмыс боп, қылмыстылықты құрап тұрса, қазір ол қылмыс болмақ түгілі экономиканы дамытушы факторлардың бірі (бизнес) . Не болмаса сол уақытта компьютерлік қылмыстардың атын да білмеген болса, қазір ол дүниежүзінде кең тараған қылмыс түрі. Яки құл иеленушілік құрылыс кезіндегі құлды өлтіру мен осы күнгі адам (кез келген) өлтіруді, ортағасырдағы еуропа елдеріндегі ‘’алғашқы түн’’ құқығын атауға да болады.
- жоғарыдағы белгімен сабақтас қылмыстылықтың қылмыстық-құқықтық сипатқа ие құбылыс екендігі. Әлбетте, қылмыстылық өзі сырттай қарағанда жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұрады, ал әрекетті қылмыс деп тек қана қылмыстық құқыққа сүйене отырып тани аламыз.
- оның белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратындығын кез келген құбылыстың кеңістік пен уақыт параметрлеріне бағыныштылығымен түсіндіруге болады. Мысалға, Қазақстандағы қылмыстылық десек мүлде түсініксіз, себебі Адам ата - Хауа ана жаралған сәттен бастап қазақ даласында қанша қылмыс болғанын біле алмаймыз немесе 2002 жылғы қылмыстылық десек те Әлемнің түкпір-түкпірінде қанда қылмыс болғанын білмейміз [3, б. 39] .
- оның әлеуметтік құбылыс екендігі қылмыс тек қана адамдар қоғамында орын алатындығымен ерекшеленеді.
- оның таптық қоғамның құбылысы екендігі бір қарағанда дау туғызуы да мүмкін, өйткені бұл белгіден социалистік көлеңке іздеушілер де табылады. Бірақ олармен келісе қою да қиын. Барлық қылмыстылықтың бәріне ортақ бір ғана себебі бар ма?- деген сұраққа жауап табылуы екіталай. Десек те бір факторды ортақ деп айтуға әбден болады. Ол - қайшылық, мүдделердің, мұқтаждықтардың, көзқарастардың қайшылығы. Ал осы ойды індетсек, қайшылық қай жерде болады? Тек тап бар жерде, әлеуметтік тап жоқ жерде қайшылық та (антогонистік қайшылықтарды қоса алғанда) болмайды. Демек, қылмыстылықтың табы бар қоғамға тән құбылыс екендігі мың мәрте шындық.
Қылмыстылық қоғамның төл баласы, сөйте тұра ол қоғамның өзіне қарсы бағытталған сырқаты. Осы жерде қылмыстылықтың кері байланысқа ие құбылыс екендігін айта кету керек. Кері байланыс дегеніміз қандай да бір құбылыстың, процестің нәтитжесі сол құбылыстың қызмет етуіне, функциясына ықпал еткенде орын алатын байланыс түрін айтамыз. Мысалға, оны қарапайым түрде былай түсіндіруге болады. Сөйлеп тұрған (қызмет) шешен оның тыңдаушыларының ұйып тыңдап отырғандығын (нәтиже) байқайды.
Олардың ұйып тыңдап отырғандығы (нәтиже) шешеннің одан да әсерлі сөйлеуіне (қызметке) ықпал етеді. Немесе айнаға қараған адам шашына ақ түскендігін байқайды. Енді оның ''шашым ағарып барады'' деген уайымынан да шашы ағарады.
Сол сияқты қоғам қылмыстылықты туындатады да ол қоғамның өзінің әрекет жасауына ықпал етеді, осының нәтижесінде қоғамның бет-әлпеті өзгереді, өзге кейіптегі қоғам пайда болады, соңғысы өз кезегінде қылмыстылықтың да сипатын өзгертеді, осылай жалғасып кете береді.
Қылмыстылық қылмыстанудағы негізгі түсінік. Бірақ, үнемі ғылымда әр жолы ғылымда болатындай, ең анық еместігі. И. И. Карпец «Қылмыстылық: елестер мен шынайылықтар» деген өзінің монографиясында мынаны қорытындылады: «Қылмыстылықтың көптеген анықтамаларын табуға болады. Бірақ жеткілікті. Батыс ғалымдары, әдетте, оларға толық анықтама бермейді. Қылмыстылыққа әр түрлі әдістемелік амалдардан шығатын анықтамалардағы айырмашылықтар анық, кейде анықтама ғалымның визиттік карточкасына айналады, олар оның негізгі мамандығын көрсетеді. Алайда анықтамалардың боямасы әр түрлілігімен таң қалдырады».
Қылмыстылық - жеке қылмыстық мінез-құлықтардың жиынтығынан тұратын әлеуметтік құбылыс болып табылады. Алайда қылмыстылыққа осы жеке белгілерді жеңу мен барлық қылмыстық белгілердің болуы тән, олардың жиынтығы оның түсініктемесін анықтайды.
Қылмыстануда қылмыстылық деп әлеуметтік тарихи өзгермелі, жалпы, қылмыстық-құқықтылық түсіндіріледі, ол қоғамдық қауіпті жазаланатын әрекеттерде көрінеді. Қылмыстылық көптеген қылмыстардан тұрады. Олардың жиынтығы қылмыстар мен қылмыскерлердің күрделі жүйелік-құрылымдық түрленімдерінен, қылмыстардың түрлілігінен және жалпы қылмыстылықтан көрінеді [4, б. 67] .
Қылмыстылықтың түсінігінде оның осы құбылысты әлеуметтік-құқықтық негізделуінің көзқарасынан алғандағы болмысы көрсетілген. Анықтаманың құрылымдық компоненттері, қылмыстылықтың барынша маңызды маңызды белгілерін көрсете отырып, оның құрамын, шынайы көрінісін сипаттайды.
Қазіргі кезде біздің қоғамда экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік саладағы әлеуметтік қарбаластық, кризистік құбылыстар қалыптасқан, басқару органдарының авторитетінің төмендеуі қылмыстылықтың артуында, қоғамдық қауіпті қылмыстардың түрлерінің көбеюінен көрінді. Әсіресе қауіпті сипатқа ұйымдасқан қылмыстар, ұлтаралық даулар, терроризм ие болды, олар кінәсіз адамдардың өлімімен және вандилизм мен зорлау актілерімен қатар жүреді.
Бұл қылмыстылық пен оның параметрлерінің қоғамның барлық әлеуметтік жақтарымен тығыз байланысты екендігін растайды.
Қылмыстылық әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі бір, яғни оған тән, біршама ерекшеліктерімен қайталанатын, оның басқа әлеуметтік құбылыстармен байланыстарын көрсететін заңдылықтарға ие.
Қылмыстылықтың заңдылықтарына объективті, өтпейтін сипат, оның қоғамдық дамудың күйінен, онда бар қарама-қайшылықтарымен қоғамның тұрақтылық деңгейінен тәуелділігі, ғылыми-техникалық прогрестің, экономиканың, байланыс құралдарының, компьютерлендірудің дамуының күрделенуі жатады.
Қылмыстылықтың заңдылықтарына әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың реформалануымен әлсіреген оның қоғамдағы өсімі, қылмыстық қолсұғушылықтан қорғайтын қажеттіліктерге орай сандық және сапалық өзгерістер, оның өз бетінше жүзеге асырылуы жатады [5, б. 73] .
Қылмыстылық тарихи өзгермелі құбылыс ретінде оның пайда болуы қоғамның санаттарға бөлінуімен, жеке меншіктің пайда болуымен және мемлекеттік биліктің пайда болуымен сипатталады. Қылмыстылық үздіксіз өзгеріп отырды, үнемі түрленіп отырды, қылмыстылықтың жалпы қылмыстылық картинасы және оның қылмыстық-құқықтық сипаты әр түрлі болды. Үнемі олардың деңгейі, құрылымы, себептерінің және шарттарының өзгешелігі, әрекеттер шеңберінің басқарушы санаттармен бағалануы өзгеріп отырды.
Қылмыстану қылмысты бір қайталанбайтын күйінде бар адамның мінез-құлығының жалғыз актісі ретінде қарастырады. Өзара негізделетін жағдайларға орай, қылмыс нақты бір жағдайда жасалына алынады, жасалына алмауы да мүмкін, яғни мүмкін, тұрақсыз сипатқа ие. Қылмыстылық әр түрлі қылмыстық актілерден құрала отырып, оның құрайтын бөліктерден ерекшеленетін құбылысты тудырады. Осыған орай қылмыстылықтың өте маңызды белгісі оның жалпылығы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz