Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативті сөйлеуге үйрету


Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативті сөйлеуге үйрету
Мазмұны
Кіріспе3
I. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік сөйлеу қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері7
1. 1 Коммуникаивтік сөйлеу қабілеті - педагогикалық мәселенің бірі7
1. 2 Оқушыларды ағылшын тілі сабағында оқыту процесіндегі коммуникативті сөйлеу қабілеттерін дамытудың мәні11
1. 3 Ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік сөйлеу қабілетін қалыптастырудың педагогикалық жағдайлары21
2 Оқушыларда ағылшын тілі сабағында коммуникативтік сөйлеу қабілеттерін қалыптастырудың практикалық негіздері33
2. 1 Тәжірибелік-іздеу жұмыстарының логикасы мен міндеттері33
2. 2 Ағылшын тілі сабағында коммуникативтік сөйлеу қабілеттерін дамытудың педагогикалық жағдайларын жүзеге асыру42
2. 3 Ағылшын тілі сабағында коммуникативтік сөйлеу қабілетінің қалыптасуының динамикасы55
Қорытынды61
Қолданылған әдебиеттер тізімі65
Қосымша А69
Қосымша Б74
Қосымша В78
Қосымша Г80
Қосымша Д82
Глоссарий84
КіріспеҚазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес елдегі беделді тілдің бірі - халықаралық қатынастағы ағылшын тілі болып саналады. Ағылшын тілі - XXI ғасырдың тілі. Ағылшын тілі халықаралық қатынаста қолданылатын ортақ тіл, бүгінгі таңда алыс-жақын шетелге шығушылар, шетелде оқушылар, білімін жетілдірушілер, қызметкерлер үшін тіл үлкен маңызға ие болып отыр. Қазіргі кезде мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне кажет екенін түсінеді. Ағылшын тілі дүние жүзіне кең тараған тіл. Ол Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі болып табылады. Канада, Ирландияда мемлекеттеріндегі қос тілдің бірі. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазіргі кезде 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да XX-ғасырдың 50-жылдарынан бастап жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып, мамандар дайындалуда.
Қазіргі кездегі шет тілдерге оқытудың жағдайы және жинақталған білімдер оқушыларды коммуникативті сөйлеуге үйретудің маңызы зор екендігін көрсетеді. Жаңа ғасырда Қазақстандағы ағылшын тілін үйренудің әлеуметтік мәдени контектісі өзгерді. Олардың мектептегі, оқу орындарындағы өзін тудырушы қызметтері, еңбек нарығындағы жалпы кәсіби мәнділігі артты, бұл халықаралық қарым-қатынастағы тілдерді меңгерудегі құлшыныстың күшеюіне алып келді. Ағылшын тілі, осылайша, коммуникативті оқытудың жағдайларында танымның құралы бола отырып, сонымен бірге әлеуметтік мәдени білімнің құралына айналды. Ағылшын тілі сабағында оқушыларды коммуникативті сөйлеуге үйрету олардағы тілдік, ауызша, практикалық, әлеуметтік лингвистикалық және ойлау қабілеттерін дамытуды білдіреді, бұл кезде оқушы ағылшын тілін тілдік ойлау қызметінің құралы ретінде қолдануға дайын.
Өкінішке орай, тілдік қызметті үйретуге мүмкіндік беретін барлық заңдылықтар танылған және қалыптасқан деп айтуға болмайды, бірақ біреуін сенімділікпен айтуға болады: заманауи сабақтың әдістемелік негізі коммуникативтілік болуы қажет.
Ағылшын тілін үйретуде коммуникативті оқыту тәсілін тәжірибеге енгізу қарқынды хабарламалармен алмасуға, ғылым мен техника саласындағы жаңа ойлар мен пікірлерді қарастыруға, мәдениет саласындағы үлкен жетістіктермен алмасуға әкеледі. Әр түрлі іс-әрекет өрісіндегі мамандармен алмасу қарқыны өседі.
Осы жолдардың бірі бойынша, тіл үйренушілер қарым-қатынас жүргізуде белгілі коммуникативті міндеттерді орындау арқылы аталған тәсіл аясында оқытылады. Бұған қоса оқытушының түсіндіруі немесе әдеттегі практикалық жаттығулар барынша ықшамдалады.
Екінші ұсыным бойынша, үйренушілер оқытушы түсіндірмесімен жүргізілетін әдеттегі жаттығулар мен тапсырмаларды орындайды. Оқыту процесінде қажетті тәсілді таңдау көбіне үйренушілердің оқу сатысы және үйрену деңгейі арқылы анықталатыны мәлім. Сөйтіп бастауыш топтар үшін тікелей тәсілді қолдану мүмкіндігі бар, яғни, сабақтарда бала өз ана тілін оқып үйренгенде қолданылатын тәсілдер мен қалыптасқан тіл қолданылады.
Басқа пікірлерге байланысты, мұндай деңгейдегі үйренушілер сабақта оқытушының сілтемелерін мұқият тыңдап, көрнекіліктер немесе оқытушының қимылы арқылы түсініп, осы нұсқауларды орындаулары керек. Мұндай сабақтар жеткілікті түрде көп уақыт алуы мүмкін, бірақ бірте-бірте оқытушы сілтемелері күрделенеді де оған бірнеше сөйлемдер немесе грамматикалық күрделі құрылымдар қосылады. Мұндай әдісте оқушыдан ауызша сөйлеу оның өзі қаламайынша немесе ол өзі дайын болғанша талап етілмейді.
Коммуникативті білімі жоғарырақ деңгейдегі үйренушілер үшін “Task-Based Learning” тәсілі қолданылады, яғни, күнделікті өмірге керек және қажетті ептілікті қамтитын жұмыс түрінің негізінде оқыту тәсілі алынуы мүмкін. Коммуникативті міндеттер осындай тапсырмаларға дайындық кезінде, оларды орындауда және оны жан-жақты талдауда шешіледі. Сырттай қарағанда бұл тәсіл жобалы әдістемені еске түсіреді, бірақ мұнда шешілетін міндеттер барынша қарапайым - мысалы, балалар мерекесін ұйымдастыру және т. б.
Жоғарыда келтірілген әдістемелерге шолу ағылшын тілін оқытудың тәсілдері толық және жеткілікті емес екендігін көрсетеді. Қазіргі уақытта ағылшын тілін оқытудың жобалы және әлеуметті - мәдениетті әдістері, құзырлылық әдістері қолданылып жүр. Дегенмен ағылшын тілін оқыту әдістемесінде білім мен қазіргі заманғы тенденцияларды қолдану оқытушы жұмысын қызықтырақ етіп, түрлендіре түседі.
Коммуникативті сөйлеу қабілетінің әдістемесін пайдалана отырып сабақ жүргізгенде жұптық, топтық жұмыстардың, ойынның, әннің, жобалау жұмысының маңызы зор. Жұптық жұмыс барысында рөлдік ойындардың берері көп:
- басынан бастап сөйлеу ретінде жүргізілуі;
- тілдік серіктестің шынайы болуы;
- өздері ықылас білдіріп өз еркімен сөйлеуі.
Топтық жұмыс кезінде:
- оқушылар өзара пікір алысып, сөйлеу қабілеті артады;
- топ мүшелері арасында қарым-қатынас күшейіп, ұжым құруға септігін тигізеді;
- өзгенің де, өзінің де ісін обьективті бағалауды үйренеді;
- оқушылардың іскерлік қабілеті артады.
Жоба жұмысын қорғау барысында:
- белгілі тақырып бойынша сұрақ-жауап түрінде пікір алысу;
- қосымша мәліметтерге сүйене отырып сөздік қорды молайту;
- монологты дамыту -мәселелерді анықтау, көтеру және шешу.
Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін: салыстыра отырып әңгімелесу, мәтін бойынша өз ойын ортаға салу, пікір алмасу, проблемалық сұрақтарды талдау, логикалық ой тұжырымын дамыта отырып сөйлеу, түйіндеу, ситуацияға байланысты сөйлеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты сөйлеудің түрлерін қолдануға болады. Оқушының оқу іскерлігін дамыту үшін мәтін кеңінен қолданылады. Мәтін - негізгі қарым -қатынас қүралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі соны білу керек. Бұл жұмысты топ болып және жұптасып талқылауға болады. Оқушыны еркін сөйлеуге үйрету үшін сөздерді қайталату, оларды еркін қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек. Тыңдап - айту. Сөйлеу үшін тыңдап түсінудің маңызы зор. Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 2-5% таныс емес сөздер қосуға болады. Тыңдалған әңгіме бойынша сұраққа жауап алу, сөз мағынасына назар аудару, сөз тіркестерін жазу, мәтінге ат қою, жоспар құру, ауызша қысқаша мәтіннің мазмұнын беру, әңгімеде естігенді өмірмен байланыстыру. Жазу - сөйлеуге үйренудің басты құралы болып табылады. Жазуды көбінесе грамматикалық жаттығуларды орындағанда, мәтін немесе тақырып туралы не айтқысы келгенін білдіру үшін қолдануға болады.
Шетел тілін үйрену тұлғаның рухани жан дүниесін байытады, ой-өрістерін кеңейтеді, көркемдік талғамын тәрбиелейді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман талабы.
Тақырыптың өзектілігі: Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы оның терең зерттелуі және мектептерде практикалық қолданылуы үшін маңызды болып келеді. Оның өзектілігі қазіргі кезде түсінікті болып келеді. Оқушылардың оқу қызметін, олардың бір-бірімен, оқытушымен, нағыз сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынасын талдай келе, оқушыларда толығымен коммуникативтік және меңгерілген тілдік материалды қарым-қатынас ұстау кезінде қолдану қабілеттері дамымаған деп айта аламыз. Осылайша, зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі оқушыларды ағылшын тіліне оқыту процесінде коммуникативті сөйлеуге ұйымдастыру кезіндегі материалдардың жеткіліксіздігімен түсіндіріледі.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Ағылшын тілінің грамматикасын дәстүрлі әдіспен оқытуда бала тез жалығып, шет тілін оқуға деген құлшынысынан айрылады, сондықтан да осы коммуникативті сөйлеуге оқыту әдістері арқылы сабақтарды өткізу баланың грамматикасын ретке келтіріп қана қоймай, оның өзіндік шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Теңдіктің сезімі, әуесқойлықтың атмосферасы балаларға жасқаншақты, ұялшақтықты жеңуге, тілдік кедергіні, шаршағандықты жеңуге мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты - ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативті сөйлеуге үйретудің әдістерінің тиімділігін талдау.
Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындағаннан кейін ғана жетуге әбден болады:
- ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік сөйлеу қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздерін қарастыру;
- оқушыларды ағылшын тілі сабағында оқыту процесіндегі коммуникативті сөйлеу қабілеттерін дамытудың мәнін қарастыру;
- ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік сөйлеу қабілетін қалыптастырудың педагогикалық жағдайларын зерттеу;
- оқушыларда ағылшын тілі сабағында коммуникативтік сөйлеу қабілеттерін қалыптастырудың практикалық негіздерін анықтау;
- ағылшын тілі сабағында коммуникативтік сөйлеу қабілеттерін дамытудың педагогикалық жағдайларын жүзеге асыру;
- ағылшын тілі сабағында коммуникативтік сөйлеу қабілетінің қалыптасуының динамикасын талдау.
Зерттеу нысаны. Коммуникативті оқыту технологиясын енгізе отырып, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Зерттеу пәні. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлесу әрекеттерін белсендіру мен қарқынды дамытудың сапалы әрі тиімді жолы ретінде коммуникативтік әдісті тиімді пайдалану әдістері.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: зерттелетін тақырып бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу; зерттелетін мәселенің аспектісінде психологиялық-педагогикалық тәжірибені зерттеу; педагогикалық процесті, әңгімелесуді, сауалнаманы, эксперименттік зерттеуді, тестілеуді, сұрауларды бақылау.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: тілдің грамматикалық жақтарын қалыптастыруда нақты материал, кешенді тәсілдер күйіндегі ұсынылады, ол кейін жалпы білім беретін мектептерде оқытудың кіші, ортаңғы және жоғарғы сатыларында қолданыла алады.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: мұнда көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдар ағылшын тіліне оқыту сабақтарында, жалпы білім беретін мектептерде грамматикаға үйретуде, ағылшын тілі мамандарын дайындауда қолданыла алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеті арқылы анықталады. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
I. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік сөйлеу қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері 1. 1 Коммуникаивтік сөйлеу қабілеті - педагогикалық мәселенің біріҚазіргі кезде шет тілін коммуникативтік оқыту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Ағылшын тілін оқытудың жаңа технологиясы тілдің коммуниктивтік қызметін ескере отырып, оны коммуникативтік танымдық жағынан меңгертуді көздейді. Қатынастық әдіс ХIХ ғ 60-70 жылдарында ағылшын тілі халықаралық қатынастық тіл статусын алған кезде Британияда пайда болды.
Бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде білімге деген көзқарас түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен, түбегейлі жаңаруына себепші болуда.
Оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай әдістердің бірі коммуникативтік оқыту технологиясы. Осы мәселе жөнінде, яғни ағылшын тілін оқытудағы коммуникативті біліктілік деңгейді Германияның оқу бағдарламасын жасаған неміс ғалымдары Г. Нойнер, Г. Хунфельд былай түсіндіреді: коммуникация тіл және іс-қимыл (күлу, дауыс ырғағы сияқты) әрекеттері арқылы болады. Ол алдын-ала жоспарланған, дайындалған болуы немесе жоспарланбаған болуы мүмкін. Сабақ үстінде әдетте дайындалған, жоспарлы сөйлеу коммуникациясына көп көңіл бөлінеді [1, б. 57] .
Оқушылардың сабақта айтылған хабарлардың мағынасын түсінуі, олардың түпкі мақсатын танып білуі және өзінің жеке мақсатын іске асыруы өте маңызды іс. Осы біліктілік коммуниктивтік біліктілік деп аталады.
Коммуникативтік біліктілік мынадай оқу мақсаттарын қамтиды:
1. Когнитивті мағыналық мақсат, яғни оқушы коммуникативтік жағдаяттарды әңгімелесу, сөйлесу, қарым-қатынас туындайтын жағдайларды таба білуі керек. Ол өзінің іс-әрекетінің, сөйлесуінің, қарым-қатынас жасауының барысында - осы жайттарды ескеруге дағдылануы, үйренуі қажет.
2. Әлеуметтік мақсат, оны жүзеге асыру кезінде оқушы өзін-өзі қалай ұстайтынын біле отырып, өз іс-әрекетіне жауап бере алады. Алға қойған мақсатына басқалармен бірге жетуге ұмтылады, сондай-ақ қарым-қатынас жасайтын әріптесімен жеке тұлға ретінде тең жағдайда болуға тырысады.
3. Лингвистикалық біліктілік мақсат. Бұл мақсатқа сәйкес оқушы ойларын, іс-әрекетін сөйлеп жеткізе алуға ынталы болады.
Бұл үш компонент бөлек-бөлек емес, керісінше өзара тығыз байланыста болады деп пайымдайды Г. Нойнер [2, б. 39] .
Осы аталған коммуникативтік біліктілікке қалай қол жеткізу жолын жолын іздестіруші әдіскерлердің бірі И. Пассовтың пікірінше, ағылшын тілін оқытуда мына жайттарды ескергенде коммуникативтілікке ие болатынын байқаймыз:
1. коммуникативтік сипаттағы оқыту тәсілдерін пайдалану;
2. арнайы жаттығулар жасау;
3. бүкіл оқу процесін мақсатты түрде ұйымдастыру [3, б. 94] ;
Коммуникативтік әдістің жаңалығы неде, ол оқыту ісін қалай ұйымдастырады, оның ерекшеліктері мынада:
Коммуникативтілік оқу процесіндегі білік, дағдыны жетілдіруге бағытталады. Ағылшын тілінде үнемі сөйлеу оқушылардың тілді білмеймін деген ойдан арылтып оқуға деген қызығушылығын арттырады. Ол үшін барлық жаттығулар сөйлеуге жетелейтін мақсатта болуы керек. Коммуникативтік бағытта оқыту оқушының жеке бас ерекшелігін ескеруді көздейді, яғни баланың бойындағы барлық жеке қасиеттері ескерілуі керек. Бұл оның белсенділігін арттырып, оқуға ұмтылу үшін ең басты құралы болып саналады.
Коммуникативтілік функционалдықпен де байланысты, себебі кез-келген сөз коммуникация процесінде белгілі бір қызмет атқарады. Оқушы тілді үйрене бастағаннан бастап сөздерді іс жүзінде сөйлеу барысында қолданып жаттықпаса, кейін оларды есіне түсіре алмай, дұрыс пайдалана алмайды.
Коммуникативтілік, коммуникативті бағытта оқыту әдісі оқытудың жағдайлық болуын талап етеді. Өйткені, жағдайлылық сөйлеу дағдысының табиғи қасиеті болып есептеледі. Жағдайлылық сөйлеуге ынталандырудың бір түрі ретінде, сөйлеу біліктілігін жетілдіретін әдіс ретінде, әрі белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету жолы екендігі бұрыннан әдіскер ғалымдардың көптеген еңбектерінде қаралып келеді.
Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдістеме. Ал, адамдар тілді сөйлем түрінде қолданғанда ғана бірін-бірі түсініп, пікірлесе алады. Оқушыларды белгілі бір дәрежеде ағылшын тілінде сөйлеуге, өз ойын басқаға жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу үшін, ағылшын тілі алғашқы сабақтан бастап сөйлем түрінде үйретілуі тиіс. Себебі, жеке атау тұлғалы сөздер де, грамматикалық формалар да өзара бір-бірімен байланысып, сөйлем құрамына енгенде ғана тұтас аяқталған ойды білдіре алады.
Коммуникативтік әдіс мұғалім мен оқушының арасындағы психологиялық кедергіні бұзады. Коммуникативтік біліктілікке қалай қол жеткізу жолын іздестіруші әдіскерлердің бірі Е. И. Пассов оқытудың коммуникативтік әдісінің негізгі белгілері деп мыналарды атап көрсетті:
1. Әдістің дифференциалдығы әр әдіс нақты бір мақсатқа жету құралы екендігінде көрінеді. Бұндай мақсат сөйлеу әрекетінің әрбір түрі, нақтылап айтқанда осы әрекет түрін жасай білу.
2. Әдістің оқыту жағдайына тәуелсіздігі. Әдіс оқытудың тактикасы емес стратегиясын анықтайды және сол себептен осы таңдау тілге, оқыту сатысына байланысты.
3. Коммуникативтік әдістің мүмкіншілігі сөйлеу әрекетінің берілген түрін жан-жақты қамтиды.
4. Әдісте негізгі өзектің болуы немесе М. В. Ляковскийдің сөздерімен айтқанда, басты әдістемелік мәселенің шешуінің басымды ойы о бастағы әдістемелік мәселені шешу қызметінің бір-біріне байланысты болуын шарт етеді. Бұл негізгі ой әдіске кіретін кіретін принциптерді қарастырады, оларды интегралдайды. Осының негізінде Е. И. Пассов бұл өзара жағдай жасаған жеке әдістемелік принциптер жүйесі, бір стратегиялық оймен біріккен, сөйлеу әрекетінің қандай түрін болса да үйретуге бағытталған әдіс деп анықтайды [4, б. 49] .
Коммуникативтіліктің қандай жағдайда нәтижелі болатынына мұғалімнің тигізер ықпалы зор және оқыту барысындағы білім сапасына да мұғалімнің үнемі көңіл бөліп отыруы аса маңызды.
Сондықтан, ағылшын тілдерін оқытуда коммуникативтік оқыту әдістемесін қолдану - оқушылардың сөздерді грамматикалық тұрғыдан бір-бірімен дұрыс байланыстырып, еркін сөйлей білуіне мүмкіндік береді, бұл әдістемені жиі қолдану өз нәтижесін береді.
Яғни, тілді оқытудағы ең басты мақсат - оқушыны сөйлеуге, яғни айтар ойын жеткізе білуге үйрету. Сөйлеу тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз oйын жарыққа шығару процесі, өз сөзін екінші біреуге түсінікті етіп жеткізуі. Сөйлеуге үйрету дегенде мынадай ұғымға мән беріледі: бұл-адам мен адамның тілдік қарым-қатынаста бір-бірімен тілдесуі, сөйлесуі яғни бір адамның өз ойын екінші адамға ауызша жеткізуі, сөйлеуі, айтуы, сонымен бірге айтылған ойдың адамға түсінікті болып, оны қабылдау арқылы екінші адамның оған өзіндік жауап қайтаруы. Бұл сөйлеуге үйретудің бір адамға ғана қиын проблема еместігін көрсетеді. Ол тілдік коммуникация арқылы жүзеге асады. Сөйлеу әрекеті - тілді үйрену жолындағы маңызды баспалдақ, қажетті шарт қана емес, ол-адамзаттың қоғамдағы орнын, қызметін көрсететін күрделі әрекет. Өйткені, сөйлеу әрекеті адамдық қасиетті білдіретін басты өлшемдердің бірі. Ауызша сөйлеуге үйрету - тілді жалаң үйрену емес, адамның жалпы ойлау қабілетін кеңейту, жетілдіру деген сөз. Жалпы сөйлеу әрекетін меңгеру үшін мына жағдайларды ескеру қажет: Үйрететін тілде сөйлеуге деген қажеттілік; қоршаған орта, жағдайдың әсері; жеке бастың қабілеті; сөйлеудің негізгі мақсатын айқындау [5, б. 67] .
Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөйлеудің маңызы зор. Сөйлеуге үйрету үшін оқыту әдісі ситуациялық әдіс болуы керек, себебі: ситуациялық сөйлеу әрекетінің табиғи қасиеті болып табылады.
Коммуникативті сөйлеуге арналған жағдайларды мынадай жолдармен беруге болады:
а) «көз алдыңа елестетіп көр», «қиялдап көр» деген сияқты т. б. тапсырмалар арқылы жағдайлар құру;
ә) белгілі бір жағдайды жасайтын сурет немесе жағдайды дамытатын, күшейтетін суреттер тізбегіне қарап, соның көмегімен сөйлеу;
б) күнделікті өмірдегі болып жатқан жағдайға ұқсас нәрселерді сипаттау.
Оқытудың ситуациялығы оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа негізделген жағдайда ғана сабақ үстінде қатынас жағдайы пайда болады. Е. Пассов ұзақ жылдар бойы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде коммуникативтік оқытуда «ситуация» мен «ситуациялықты» анықтап алу қажет екеніне көз жеткізген. «Ситуация» - дегеніміз, қарым-қатынас жасаушылардың, сөйлесушілердің санасында қалыптасқан, қарым-қатынастың жүйесі; ал «жағдайлылық - қарым-қатынастармен байланыс» деп қорытынды жасайды. Ол іс-әрекеттерде, қарым-қатынастарда мынадай жетекші факторлар болады деп көрсетеді: а) статустық; ә) рольдік; б) іс-әрекеттік; в) ізгілік [6, б. 85] .
Қарым-қатынас процесі оқытудың мақсатына, жағдайына, мүмкіндігіне қарай үнемі өзгерісте болады. Сондықтан, сөйлеуші сол өзгерістерге байланысты қарым-қатынастағы өзгерістерді де ескеріп отыруы керек. Оқушыларды қарым-қатынастың әр түріне дайындау үшін материалдарды да жиі түрлендіріп отыру керек. Осы ұстанымға байланысты тілдік дағдылар да өзгертілуі керек. Бұл оқушылардың айтқысы келген ойын басқаша жеткізуге, сөйлеу біліктілігін жетілдіруге, тез сөйлеуге көмектеседі.
Сонда ғана, оқушылар жаңа материалды іс жүзінде қолдануға тезірек машықтанады. Материал жаңа болуы керек, сонымен бірге қайталау кезінде сол қалпында емес, басқа контекстерде өзгертіліп берілуі керек, сол кезде ғана оқушылардың білік дағдылары сатылай дамиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz