Ағылшын паремиология этникалық менталитет аспектісі ретінде зоонимдер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Ағылшын паремиология этникалық менталитет аспектісі ретінде зоонимдер

Мазмұны

Кіріспе3

1 Фразеологизмдер мен этникалық менталитет5

1. 1 Лингвистикалық пән ретіндегі фразеологияның негізгі даму сатылары5

1. 2 Пәннің негізгі тәсілдері мен фразеологияның мәні16

1. 3 Паремиялар этникалық негізделген тілдің қызмет бөлігі ретінде24

1. 4 Ағылшын тіліндегі паремиялардың мәні мен ерекшеліктері27

1. 5 Зооним компоненттері бар ағылшын және қазақ тілдеріндегі паремиологиялық константалардың салыстырмалы аспектісі28

2 Ағылшын және қазақ тілдеріндегі зооним компоненттері бар фразеологизмдердің салыстырмалы талдануы32

2. 1. Толық жіктелу негізіндегі доминант кластерлердің сипаттамасы32

2. 2 Ағылшын және қазақ паремиологияларында бар лексемаларды салыстырмалы талдау40

Қорытынды61

Қолданылған әдебиеттер тізімі65

Қосымша А68

Кіріспе

Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген заманында мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып, жанданған уакытында салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ең өзекті де көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Олай дейтініміз, тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Салғастырмалы тіл білімі мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.

Еліміздің өркениетті, экономикасы жоғары дамыған елдер қатарына косылуының бір кепілі - ана тіл тағдырына камқорлық.

Қазақ тілін басқа да шетел тілдерімен салғастыра карастыруды дамыту - ана тіліміздің қолданылу аясының кеңейіп, мемлекеттік тіл ретіндегі статусы мерейінің үстем болуына үлкен әсер ететіні сөзсіз.

Бүгінгі күндегі тіл білімі ғылымының басым бағыты тілді адаммен, оның санасымен, ойлау жүйесімен және рухани-практикалық қызметімен тығыз байланыста оқу болып табылады, ол «антропологиялық тіл білімі ғылымы» деген атқа ие болған. Антропологиялық тіл білімі ғылымының негізі міндеті - тұлғаның және этностың тілі мен ділі арасындағы өзара байланысты анықтау.

Тілдердің паремиологиялық қабаты өте қызықты мәлімет болып табылады, мұнда бірден «тіл-мәдениет-этнос» көрінеді.

Тақырыптың өзектілігі тілдегі (соның ішінде парамиологиядағы) адамның көптеген сұрақтардың өңделмей қалуына негізделген. Берілген мәселені жетілдіру парамиологиядағы этникалылықты зерттеу, ағылшын, қазақ тілдеріндегі әлем тілдерінің ерекшеліктерін, механизмдерін анықтау үшін табысты болып келеді. Парамияларды салыстырудың теңдесі жоқ әдісін ойлап табудың қажеттілігі туындауда.

Зерттеудің мақсаты: адамды сипаттайтын ағылшын, қазақ парамияларының фитонимдермен ғылыми жүйеленуін, олардың этникалық өзгешелігінің сипатталуын анықтау.

Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындағаннан кейін ғана жетуге әбден болады:

- лингвистикалық пән ретіндегі фразеологияның негізгі даму сатыларын, мәні мен мағынасын қарастыру;

- тілдің әлеуметтік стратификациясын талдау;

- ағылшынша, қазақша парамеяларды анықтау;

- фитонимдер: жіктелуі мен доминанттарын қарастыру;

- ағылшын, қазақ фразеологияларындағы парамиологиялық константалардың мәселелерін зерттеу;

- құрамында зоонимдері бар паремиялардың синтаксистік құрылымын талдау;

- ағылшын, қазақ паремиологияларындағы лексемаларды талдау.

Зерттеу объектісі: адамның өмірін сипаттаушы ағылшын, қазақ парамеялары. Берілген зерттеу жұмысында біз фразеологизмдердің кең түсінігін қарастырамыз.

Зерттеу пәні: фитонимдердегі ағылшын, қазақ парамиялары.

Тілдік материалдардың сипаттамасы, сондай-ақ зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері зерттеудің әдістері мен міндеттерін айқындады. Зерттеу жұмысы кешенді сипатқа ие, бұл бір жұмыстағы зерттелетін құбылысқа бірнеше әдістердің сәйкестенуімен негізделген. Жұмыс барысында сипаттаушы, логикалық-түсіндірмелік, салыстыру мен компоненттік талдау әдістері қолданылды. Тұжырымдамалық және мәдени талдаудың әдістері, материалды өңдеудің статистикалық әдістеменің элементтері қолданылды. Берілген жұмыста кластерлік талдау әдісі қолданылды, ол ағылшын, қазақ парамиологияларының әлем тілдерінің көрінісіндегі фрагменттерін, олардың қатынастарын көрсетуге мүмкіндік берді.

Ғылыми жаңалығы: ағылшын, қазақ парамияларының этникалық аспектісі туралы монографиялық жұмыстың болмауы, ағылшын, қазақ этникалық менталитетін лингвистикалық әдіспен зерттеу, парамеяларды салыстырудың жаңа әдісі - кластерлік талдау әдісін қолдану.

Зерттеуге арналған эмпирикалық материалдың базасы ағылшын, қазақ мақал-мәтелдерінің бір тілдік және екі тілдік сөздіктерінен біріңғай таңдау әдісі арқылы жасалған фитонимдермен бірге ағылшын, қазақ парамеялары болып табылады.

Жұмыстың теориялық құндылығы: мұнда көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдар ағылшын, қазақ парамеялары туралы мәліметтерді күнделікті қолданысқа енгізуге мүмкіндік береді. Бұл «Тілдегі адам факторы», «Тіл мен мәдениет», «Тіл мен менталитет», «Парамиологияяның идеографикалық сипаттамасы» мәселелерімен жұмыс істейтін лексикологтар, лексикографтар тілдің, мәдениеттің теоритиктері үшін маңызды болып келеді.

Жұмыстың практикалық құндылығы мынаған негізделген: зерттеудің нәтижелері идеографикалық сөздік жасау кезінде, ағылшын, қазақ лексикалық, практикалық курстарында, жалпы тіл білу бойынша саласында, мәдениеттануда, паремиология туралы арнайы курстар мен арнайы семинарларда, дипломдық, курстық жұмыстарда қолданыла алады.

Жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеті арқылы анықталады. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден, ағылшын, қазақ паремеяларында қолданылатын фитонимдердің тізімінен, фитонимдері бар ағылшын, қазақ паремеяларының синтаксистік құрылымының кестесінен тұрады.

1 Фразеологизмдер мен этникалық менталитет 1. 1 Лингвистикалық пән ретіндегі фразеологияның негізгі даму сатылары

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологизмдердің мағына-мәні осы тілдерде сөйлейтін ұлттың ертеден бергі өмірін жан-жақты айқындайды. Халықтың күнделікті өмір тіршілігі негізінде пайда болып қалыптасқан тұрақты тіркестерді қос тілден жиналған деректерімізден кездестіруге болады. Бұл тұрақты тіркестер тілдік қолданыста әр уақыттың салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарына, мәдениетіне, психологиясына, тарихына байланысты қалыптасып, тілдік қолданыста дамып өрбіген. Сондықтан да олар әр халықтың ерекшелігіне байланысты өсіп-өрбіп, сол халықтың ғасырлар бойы жинаған құндылығының бірі болып табылады. Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тұрақты тіркестердің беретін ұғымы әр ұлттың өзіне ғана тән рухани өмірін суреттейді. Яғни, қос тілдегі етістікті фразеологизмдер ұлттық сезім, ұлттық мінез, ұлттық салт-дәстүр негізін айқындайды. Осыған орай ағылшын және қазақ тілдеріндегі тұрақты тіркестердің қалыптасуын айқындауда әр ұлттың дүниетанымын, ой-парасатын және рухани парасатымен байланысты пайда болып қалыптасқан тұрақты тіркестерді саралап, олардың тілдік қатынаста қалыптасуын негіз етіп алдық.

Әлемдегі тіршіліктің бар саласын қамтитын әр ұлттың өзіне ғана тән көркем сөз орамдары - фразеологизмдерді молынан табуға болады. Фразеологизм тілдің айшықты да, мәнерлі, бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелік, әсерлік, экспрессивті - эмоциялық, суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді бояуы қанық алуан түрлі фразеологизмдерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Халықтың талай ғасыр сомдап шығарған тұрақты тіркестері - фразеологизмдер тіл қазынасының бір бөлігі екені даусыз.

Соңғы жылдары халықаралық, тіларалық қатынастың дамуына байланысты құрылымы жағынан да мүлдем алшақ тілдерді салыстыра зерттеу тіл ғылымында дәстүрге айналып келе жатыр. Салыстыра зерттеу барысында екі тілдің өзіндік құрылымдық және жүйелік ерекшеліктері мен ұқсастықтары айқындалады. Сондай-ақ, тіл табиғатында осы уақытқа дейін зерттеушілер назарынан шет қалған кейбір құбылыстардың сыры ашылып, осы кезеңге дейін қалыптасқан тұжырымдар басқа қырынан зерделенуі, тілдің өзіндік сипаты айқындатуда. Әр типтес тілдердегі фразеологизмдерді салыстыра зерттеу де өзіндік тұңғиық сыры бар қиындығы да мол күрделі жұмыс [1, б. 83] .

Фразеология деген грамматикалық термин гректің фразис (сөйлемше), логос (ілім) - деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған. Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы тұрақты сөз тіркестері деген ұғымды береді. Сондықтан фразеология деудің орнына кейде грамматикада тұрақты сөз тіркестері деп те қолданылады. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем дегендеріңіз синтаксис тексеретін сала бола тұра әлгі тұрақты тіркес неге лексикологияның мәселесі ретінде қарастырылады. Себебі фразеологиялық тіркес туралы мәселе синтаксис тексеретін шеңберден шығып кетеді. Тіпті мұның лексикология, фонетика, грамматика сияқты өз алдына жеке сала болып зерттелуіне де қатысы бар.

Тілдегі жеке сөздер грамматиканың қарамағына еніп, белгілі морфологиялық тұлғаларды қабылдап, өзара бір-бірімен тиісті грамматикалық байланысқа түсіп, сөз тіркестерін құрайды. Сөйлемдегі сөздер, ең алдымен, өзара байланысқан бірнеше тіркестерден тұрады. Мысалға «Бұл оқиға бір кішкене қалада болған еді » деген сөйлемді алатын болсақ, бұл сөйлемде жеті сөз бар. Ол сөздер өзара байланысқан деген жеті түрлі сөз тіркестерін құрап тұр. Бірақ тіркестер тарихи қалыптасқан, жігі ажырамайтын тұрақты тіркестер емес, әрбір сөздің бастапқы мағыналары мен грамматикалық мағыналары толық сақталған, морфологиялық тұлғалары мен тіркестегі орындарын ауыстырып қолдануға келетін ерікті тіркестер.

Тілдің тарихи даму процесінде бірқатар сөздер белгілі морфологиялық тұлғада бірте-бірте қалыптасып, белгілі бір мағынада қолданылатын тұрақты сөз тіркестеріне айналады. Қабырғаңмен кеңес, жігері құм болды, қой аузынан шөп алмайтын, деген сөз тіркестері ойла, ойлағаны болмады, момын деген ұғымдарда қолданылып тұр. Бұл тіркестегі сөздердің жеке мағыналары мен тіркес күйіндегі беретін мағыналары бір-біріне сәйкеспейді және бұл тіркестегі сөздерді синтаксистік apa-қатынастарын ажыратып талдауға келмейді. Біртұтас тілдік тіркес ретінде, бір ұғым түрінде қолданылып тұр. Бұл сияқты сөз тіркестерінің қалай жасалып, қалай бір ұғым ретінде қалыптасқандығын дәлелдеу қиын.

Сөйтіп, бір ұғымда қолданылатын, сөйлем мүшелеріне ажыратуға келмейтін, грамматикалық мағыналарын өзгертіп, тіркестегі орындарын алмастыруға болмайтын тарихи қалыптасқан тұрақты сөз тіркестерін фpaзeология дейді.

Тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының бірі. Бүгінгі күні адами факторларға ерекше мән беріп, тіл иесінің тілдік бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану, мән-мағыналарын терең түсіну мәселесі ғылыми еңбектерде жиі көтерілуде. Осындай жұмыстарда ұлттық құндылықтарға қатысты мәдени деректерге көп көңіл бөлініп, тіл тек тұлғалық (формалық) жағынан ғана емес, сонымен қатар ол мағыналық, ұғымдық, мәдени-концептілік тұрғыдан жиі қарастырылып, талданатын болды. Тілді ұлттың тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, яғни дүниетанымымен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады.

Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған. Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге ең алдымен тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін, салт-дәстүр ерекшеліктерін білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады.

Фразеология термині екі түрлі мағынада, бірі - тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы; екіншісі - бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынаны білдіруде қолданылады. Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын үш түрлі басты белгісі бар. Олар: а) даяр қалпында жұмсалу белгісі; ә) мағына тұтастығы; б) тіркес тиянақтылығы [2, б. 97] .

Тіл біліміндегі салыстырмалы-салғастырмалы әдісті қолдану арқылы әр түрлі туыстас және туыстас емес тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, фразеологиялық т. б. жүйелерін салыстырып, салғастырып зерттеуге болады. Бұл әдістің түп төркіні ХІХ ғасырдың басынан бастап туыстас тілдер семьясы мен тобы, олардың туыстық қатынасы мен дәрежесін зерттеуге арналған салыстырмалы-тарихи әдісте жатыр. Салыстырмалы-тарихи әдіс туыстас тілдердің деректерін салыстыра тарихи тұрғыдан зерттеп, ондағы лексикалық және грамматикалық құбылыстардың шығу тегі, өзгеруі мен дамуын және түп тегінің бірлігін анықтау үшін қолданылған.

Кейіннен осы атақты әдістің нәтижелері мен деректерін есепке ала отырып, тіл білімінің жаңа принциптері айқындалды, бұрынғы деректер жаңа мәліметтермен толықтырылды. ХХ ғасырда салыстырмалы әдіс арқылы туыстас емес тілдерді де салғастыра зерттеуге болады және зерттеу керек деген пікір кең өріс алды. Бұл әдістің соңғы жылдары кең тарағандығы соншалық, тіпті осыған байланысты тіл білімінің жаңа тараулары, зерттеудің жаңа бағыттары пайда болды: салыстырмалы-салғастырмалы фонетика, салыстырмалы-салғастырмалы лексикология, салыстырмалы-салғастырмалы грамматика, салыстырмалы-салғастырмалы фразеология тілдің тағы сол сияқты басқа салалары өз алдына дербес пән ретінде қаралып, талай ғылыми еңбектердің негізгі нысандары болды.

Тіл білімінің басқа салалары сияқты фразеология да бүгінгі таңда терезесі тең, дербес пәнге айналып отыр. Фразеология саласын тіл білімінің жеке саласы ретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым-фразеологтардың еңбектері ерекше орын алады. Н. И. Амосова, А. В. Кунин, И. И. Чернышева, В. Флейшер (W. Fleischer), М. М. Копыленко, І. Кеңесбаев, А. Т. Қайдар, А. Д. Райхштейн, С. Е. Исабеков, С. К. Сатенова, З. Қ. Ахметжанова, Д. Добровольский, М. Сабитова, К. К. Дүйсекова т. б. атақты ғалымдардың жалпы және салғастырмалы фразеология мәселелеріне арнап жазған құнды-құнды еңбектері жарық көрді.

Соңғы 10-15 жыл ішінде қазақ тілі фразеологиясын герман (неміс, ағылшын) тілдері фразеологиясымен салғастыра зерттеуге арналған бірталай жұмыстар жарық көрді (Карбозова Г., Арғынғазина Ш., Оспанова Ф., Молдасанова А., Қапышева Г., Атаханова Р., Мықтыбаева Т. және т. б. ) [5, б. 93] .

Бірі түркі, бірі герман тілдері тобына жататын қазақ және ағылшын, қазақ және неміс тілдерінің тілдік, ұлттық мәдени ерекшеліктерін түрлі тілдік бірліктер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер бойынан тауып, олардың бір-біріне ұқсастық немесе бір-бірінен айырмашылық дәрежесін анықтауға, ұлттық нақышты тереңірек түсінуге талпынған ғылыми еңбектер баршылық, дегенмен шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес. Осындай негізгі мәселелердің біріне қазақ және герман тілдеріндегі фразеологизмдерді қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттары мен ұстанымдары негізінде салыстыра-салғастыра зерттеу жатады.

Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төмендегідей:

а) лексикалық мәні;

ә) компоненттік құрамы;

б) грамматикалық категориялардың түрі.

Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты екенін дәлелдеу үшін сол фразеологизмдерді тілдік единица - сөзбен және сөз тіркесімен салыстыру кажет. Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін белгілері бар. Сөз тіркесі дегеніңіз фразеологизмдер жасалатын ұяның бірі.

Лексикалық мәні және грамматикалық жасалуы жағынан сөз бен фразеологазмдердің ұқсасатын тұстары көп. Фразеологизм мен сөздің лексикалық мәнін ашқанда, олар біріне-бірі синоним болып келетінін байқау қиын емес.

Фразеологиялық тіркестердің жеке сөздер тектес стилистикалық өңі ажарлы келеді. Сөйлемдегі орнына, қолданылу жүйесіне қарай фразеологиялық тіркестер кейде еркін тіркесіп, кейде тұрақтанып қалатын тұстары бола береді.

Фразеологизмдер тіл-тілдің бәрінде бар құбылыс. Және бұларды тілдік бөлекше бір сипаттағы, шырыны мен сөлі таусылмайтын дәмді элементтері деп айтуға болар еді. Тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі дегеніңіздің айрықша көрінер жері осы фразеологизмдер маңы. Ойды әсемдеп айтуды үйренудің мектебі осылар. Сөзіңіз нақты, дәлелді болсын десеңіз, өңменнен өтіп, қолқаны қозғайтын дәрежеде болсын десеңіз, халықтың хас туындысы - айшықты сөздер тобының тамырын басыңыз. Сонда ғана сіз тілдің қасиеті деген не, байлығы деген не сияқты сауалдарға нақты жауап бере аласыз.

Қай елдің, қай жазушысының қай шығармасын алсаңыз да тілдің осы халықтық элементтерінің сан түрін табуға болады. Яғни қаламгерлердің қай-қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын пайдалануға бейім. Осының өзінен-ақ ғылымдағы фразеологизм проблемасының мейлінше қызықты, мейлінше қиын проблема екенін байқау қиын емес. Осыларды ғылыми проблема ретінде қарастыратын әр алуан еңбектердің сөлін сүзсек, мұның неқилы мәселелері айқындала түседі екен [6, б. 38] .

Фразеологизм мәселесі көптен сөз болып келеді. Оның бүкіл ішкі-тысқы қасиеттерін ашып, оларды қолданудың пайдасы мен заңдылықтарын аршып берген еңбектердің санының өзі мыңға тартады.

Лингвистиканың жеке тарауы ретінде қалыптасып келе жатқан фразеология жайында жазылған зерттеулер өте көп. Мәселен, «Проблемы фразеологии» деп аталатын жинақта 500-ден астам зерттеу жұмыстары көрсетілген. Содан бергі аралықта мұндай еңбектердің саны едәуір молайғаны мәлім.

Б. А. Ларин «фразеология лингвистикалық пән ретінде «жасырын даму» дәуірін бастан кешіруде» деп жазған еді. Жоғарыдағы еңбектерді талдап таныссаңыз «жасырынбақтың» күні өтіп, енді ғылыми айтыс, талас дәуірі басталған тәрізді. Қазір фразеологияның мәнін, міндетін, аумағын түсінуде әртүрлі бағытгы ұстанатын бірнеше ағым пайда болғанын байқау қиын емес. Қаншама еңбектер жазылғанмен, фразеологияның небір қызықты проблемалары біртіндеп ашылып, дәлелденіп келе жатқанмен, әлі де даулы мәселелері жетерлік [7, б. 56] .

Фразеологазмдер қатарына кіретін тұрақты тіркестердің бәрі бірдей емес. Қайсыбірінің құрамындағы сөздер бастапқы лексикалық мағынасын сақтап тұрса, енді біразының компоненттері жиылып, мүлде басқа бір ұғымды білдіріп жатады. Қандай түрі болмасын мұндай тіркестердің бәрі де фразеология қатарында қарастырылуы тиіс. Бұдан былайғы жерде біз осы тақылетті тіркестерді фразеологизмдер деген терминге жинақтап сөз етпекпіз.

Лингвистиканың өзге салалары сияқты, фразеология да жеке және жалпы сипатты болады.

Фразеологияға жататын барлық тіркестердің жалпы атауы ретінде фразеологиялық единица деген термин жиі қолданылады. Бұл терминді әуелде акад. В. В. Виноградов [8, б. 20] атаған еді. Көптеген ғалымдар бұл терминнің жалпы атау ретінде сәтті табылғанын қолдағанмен, кейінгі кезде оның мазмұнын әлі айқындай түсу қажеттігін айтып жүр. В. В. Виноградовтың классификациясы бір кезде айрықша рөл атқарды. Сонымен қоса, оның көптеген мәселелері жете қарастырылмай дамытылмай, көмескі күйде қалғаны мәлім. Жоғарыда ескерткеніміздей, тіл білімінде фразеологияны зерттеген жүздеген еңбектер пайда болды. Фразеологияны өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі объектісіне айналдырған көптеген айтулы ғалымдар бар. Олар өз зерттеулерінде В. В. Виноградовтың классификациясына дау айтады, дәлелді пікір қозғайды. Шынында, бұл пікірлердің жаны бар. Әлі піспеген күмәнді, күдікті жерлері тағы бар. Акад. В. В. Виноградовта фразеологиялық тізбектер (фразеологические единства) кейде метафоралық тұрақты орамдар (метафорические устойчивые обороты) деп те аталады. Тағы бір жерде бұлар идиомдар болып, оның құрамына мақал-мәтелдер, тұрмыстық қосарлы аттар (составные бытовые названия), қанатты сөздер, үзінді цитаттар, кішіпейіддік формулалар (формула вежливости) т. б. еніп кеткен. Сөз тіркесі түріндегі фразеологияның объектісін таныту үшін, кейбір зерттеушілер «фразема» деген термин қолданып жүр. Бұл термин «лексема», «морфема», «семема» деген атаулармен сәйкес, әрі ұйқас. Ал түрі жағынан сөйлемге бара-бар фразеологазмдерді «тұрақты фраза» («устойчивая фраза») деп атайды. Бұл терминді қолдануға пейіл білдіріп жүрген зерттеушілердің бірі В. Н. Телия.

Жалпы фразеологиялық тіркестерді зерттеуші ғалымдар тұрақты сөз тіркестерінің спецификалық мәнін әрқилы ұғынады. В. В. Виноградов, О. С. Ахманова, С. И. Абакумов, А. И. Смирницкий, Б. А. Ларин еңбектерін қараңыз.

В. Н. Телия өзінің «Фразеология дегеніміз не» деген зерттеуінде құрылысы жағынан сөз тіркесі не сөйлем боп келе беретін фразеология объектісінің барлық түрін жинақтап атау үшін «фразеологиялық орам» («фразеологический оборот не жай ғана «орам»), «фразеологизм» деген терминдерді қолданады. Бұлай атауда ол ғылымның игі дәстүріне сүйенген [9, б. 47] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық руханилықты ерекшелейтін паремиялардың лингвомәдени көрінісі
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі ит зоонимдік метафорасының ұлттық сипаты
Қазақ және түрік тілдеріндегі кәсіпке байланысты мақал - мәтелдер
Қазақ тіліндегі жылқы ұғымының ағылшын тіліне аудармадағы сипаты
Қазақ поэзиясының тарихи контексті
Қазақ тілінің маңызы
Ағылшын, қазақ мақал-мәтелдерін салыстырмалы түрде зерттеу (еңбекке баулу тақырыбы).
Қазақ паремиологиясының тіл білімінде зерттелуі
Қазақ және ағылшын тіліндегі паремияның руханилық көрінісі
Фразеологиялық сөз тіркес
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz