Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудың бір әдісі - мотивация


ШЕТ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУДЫҢ БІР ӘДІСІ - МОТИВАЦИЯ
Мазмұны
Кіріспе3
1 Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудағы мотивацияның мәні6
1. 1 Мотивация педагогикалық және психологиялық түсінік6
1. 2 Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудағы мотивацияны арттырудың жолдары мен әдістемелері16
2 Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудың құралы ретіндегі мотивацияға лингвоелтанушылық аспектіні қолданудың теориялық негіздері27
2. 1 Шет тілін үйренудегі лингвоелтанушылық аспектінің мәні мен өзгешелігі27
2. 2 Шет тілін үйренуде лингвоелтанушылық аспектіні қолданудың әдістемелік негіздері32
2. 3 Оқушылардың шетел мәдениетінің қалыптасуына лингвоелтанушылық аспектінің әсері42
3 Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудың негізі ретіндегі мотивацияға лингвоелтанушылық аспектіні қолданудың практикалық негіздері52
3. 1 Лингвоелтанушылық аспектіні оқу-әдістемелік кешеннің негізінде шет тілі сабақтарында мотивацияны арттырудың құралы ретінде қолдану52
3. 2 Оқушылардың лингвоелтанушылық аспектінің шет тілін оқудағы мотивациясын арттырудың бір жолы ретінде қолданудың тәжірибелік жұмыстары мен оның нәтижелері57
Қорытынды65
Қолданылған әдебиеттер тізімі69
КіріспеКез келген елдің басты капиталы ол - үздік технология және қазіргі заманға сай білімді адамдар, инновациялық жаңалықтарға ашық, өзін-өзі дамыта алатын және шығармашылықты жүзеге асыра алатын тұлғалар. Осыған орай Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бірінші міндет ретінде ұлттың бәсекеге қабілеттілігі факторы ретінде білімділік деңгейін жоғарылату ұсынылады.
Жиырма бірінші ғасырдың маңызды міндеттерінің бірі - өмір сүру сапасын жоғарылату, оның ішінде тұлғаның даму шарттарын анықтайтын білім беру сапасын жақсарту болып табылады.
Ал білім дәрежесі оқушылардың үлгерімі арқылы анықталады. Ол көптеген әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық факторлардан, сонымен қатар жеке оқушы тұлғасының психофизикалық мінездемесіне байланысты болады. Көп жылдар зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар оқушылардың оқу қызметі және оның табыстылығы туралы айтқанда жеке тұлғаның интелектуалдық дәрежесінің басты рөлде екенін көрсетті. Әрине, бұл фактордың мәнін бағаламауға болмайды. Бірақ, бүгінгі күні білім алушылардың үлгерімі басқа да факторларға байланысты екеніне күманданудың қажеті жоқ.
Мектепте оқушылардың білімдерінің үлгеріміне көптеген факторлар әсер етеді: әл-ауқаты, денсаулық жағдайы, жасы, отбасылық жағдайы, оқу орнына дейінгі дайындық деңгейі, өзін-өзі ұйымдастыру дағдысы, өз қызметін ұйымдастыру және қадағалауы, оқу орнын таңдау, білім алу формасы, оқу орынның білім алу процесінің ұйымдастырылуы, оқу орынның материалдық базасы, қызмет көрсетушілер мен оқытушылардың біліктілік деңгейі, мектептің абыройы және де оқушылардың жеке психологиялық ерекшелігі. Осы факторлардың ішінен оқушылардың оқу үлгеріміне ең көп әсер ететіні оқу мотивациясы. Оқу мотивациясы - (латын тілінен “moveo” - қозғалтамын) - білім алушылардың білім мазмұнын белсенді меңгеруге, өнімді танымдық әрекеттерді оятатын процесс. Осы оқу әдістемелік ұсынбада мұғалімдер оқу мотивациясы жөнінде жалпы түсінік ала отырып, оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру арқылы оқуға деген уәжін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл ұсынбадағы материалдар мұғалімдердің жұмыс барысында әдістемелік көмек болады деп ойлаймын.
Оқу мотивациясы жөнінде ғалымдар: В. Ф. Моргун, Л. И. Божович, А. К. Маркова, Т. В. Куксунова, П. М. Якобсон, Ф. М. Рахматуллина, Р. С. Вайсман, М. И. Махмұтова ғылыми жұмыстар жүргізді. Дегенмен, бұл мәселе әлі күнге дейін өзекті.
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде еліміз үш тілді бірдей меңгерген маманды дайындауды басты міндеттемелерінің біріне айналдыруда. Осы міндеттемелердің бірін шешу мақсатында, оқушылардың ағылшын тілін оқуға деген мотивациясын сабақтың барысында арттыратын болсақ, ол кейіннен шет тілін өзінің биік мақсаттарына қолдана отырып, мотивацияны жоғарылату сабақтарының мол мүмкіндіктері бар екендігін түсінеді.
Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы оның терең зерттелуі және мектептерде практикалық қолданылуы үшін маңызды болып келеді. Оның өзектілігі қазіргі кезде түсінікті болып келеді. Оқушылардың оқу қызметін, олардың бір-бірімен, оқытушымен, нағыз сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынасын талдай келе, оқушыларда толығымен шет тілін оқуға мотивациясы жоғарылаған және меңгерілген тілдік материалды қарым-қатынас ұстау кезінде қолдану қабілеттері дамыған деп айта аламыз. Осылайша, зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі ағылшын тілін оқуға қызығушылықты арттырудың құралы ретінде мотивацияны қолдану және соған орай сабақтың жаңа әдістері мен құралдарын жасау болып табылады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: Ағылшын тілінің грамматикасын дәстүрлі әдіспен оқытуда бала тез жалығып, шет тілін оқуға деген құлшынысынан айрылады, сондықтан да осы оқушылармен мотивацияны арттырушы құралдар мен әдістер арқылы сабақтарды өткізу баланың грамматикасын ретке келтіріп қана қоймай, оның өзіндік шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Теңдіктің сезімі, әуесқойлықтың атмосферасы балаларға жасқаншақты, ұялшақтықты жеңуге, тілдік кедергіні, шаршағандықты жеңуге мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты - ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шет тілін үйренуге қызығушылығын мотивациясын арттырудың әдістері арқылы үйретудің тиімділігін анықтау.
Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындағаннан кейін ғана жетуге әбден болады:
- Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудағы мотивацияның мәнін қарастыру;
- Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудағы мотивацияны арттырудың жолдары мен әдістемелерін зерттеу;
- Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудың құралы ретіндегі мотивацияға лингвоелтанушылық аспектіні қолданудың теориялық негіздерін қарастыру;
- Оқушылардың шетел мәдениетінің қалыптасуына лингвоелтанушылық аспектінің әсерін айқындау;
- Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудың негізі ретіндегі мотивацияға лингвоелтанушылық аспектіні қолданудың практикалық негіздерін зерттеу;
- Лингвоелтанушылық аспектіні оқу-әдістемелік кешеннің негізінде шет тілі сабақтарында мотивацияны арттырудың құралы ретінде қолдану;
- Оқушылардың лингвоелтанушылық аспектінің шет тілін оқудағы мотивациясын арттырудың бір жолы ретінде қолданудың тәжірибелік жұмыстары мен оның нәтижелерін ұсыну.
Зерттеу нысаны. Шет тілін оқытуда мотивацияны арттырушы білім беру технологиясын енгізе отырып, оқушылардың сөйлеу, жазу, тыңдау дағдыларын қалыптастыру.
Зерттеу пәні. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлесу әрекеттерін белсендіру мен қарқынды дамытудың сапалы әрі тиімді жолы ретінде мотивацияны арттыру әдісін тиімді пайдалану әдістері.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: зерттелетін тақырып бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу; зерттелетін мәселенің аспектісінде психологиялық-педагогикалық тәжірибені зерттеу; педагогикалық процесті, әңгімелесуді, сауалнаманы, эксперименттік зерттеуді, тестілеуді, сұрауларды бақылау.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: тілдің грамматикалық жақтарын қалыптастыруда нақты материал, кешенді тәсілдер күйіндегі ұсынылады, ол кейін жалпы білім беретін мектептерде оқытудың кіші, ортаңғы және жоғарғы сатыларында қолданыла алады.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: мұнда көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдар ағылшын тіліне оқыту сабақтарында, жалпы білім беретін мектептерде грамматикаға үйретуде, ағылшын тілі мамандарын дайындауда қолданыла алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеті арқылы анықталады. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудағы мотивацияның мәні 1. 1 Мотивация педагогикалық және психологиялық түсінікМотивация - бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалнан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процессі.
Мотивацияның негізгі міндеттері:
- Әр тұлғада жұмыс процесінде мотивация мағынасы құрылу;
- Оқушы мен оқытушыны сабақ үстінде негізгі психологиялық әнгімелесуге үйрету;
- Әр оқушыда қазіргі мотивациялық әдістерімен жұмыскерлерді басқару пайда болу.
Бұл міндеттерді шешу үшін анализ қажет:
- Мектептегі мотивация процессі
- Индивидуалды және топтық мотивация
Мотивацияның адам тәртібіне әсері бірнеше факторлардан тұрады, көбінесе индивидуалды және адам қызметімен кері байланыста өзгеріп кетуі мүмкін.
Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның ішінде «болады» арнайы мінез-құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді болады, сонымен қатар оған паралель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алад, ол оны көтемелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады.
Мотивациялау - адамда белгілі бір мотивтер туғызып олар адамға белгілі бір іс-әрекет жасататын процесс. Мотивациялау адамды басқару негізі болып табылады [1, б. 94] .
Мотивация нені іздеуіне байланысты 2 негізгі түрге бөлуге болады. Бірінші түр Адамның сыртқы ортадағы әрекетінен туылатын мотив. Бүл түрде мотивацияны жақсы білу ғана емес адамға бұл мотив қалай ықпал ететіне байланысты болады. Бұл мотивация сауда келісіне ұқсайды: « мен саған керегінді беремін, ал сен маған қалағанымды бересін». Егерде екі жақ келіспей қалса онда мотивациялау жүрмей қалады. Екінші түр мотивациялық құрылымды қалыптастыру. Мотивацияның бұл түру тәрбиелік және оқулық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Мотивацияның екінші түрін жүзеге асыру үшін көп жігелік және ақыл керек. Себебі мотивациялаудың екінші түрі біріншісіне қарағанда результаты жақсы болады.
Стимул- бұл белгілі бір мотив туғызатын рычаг рөлін атқарады. Стимулдар ретінде жеке заттар, адамдардың бір бірімен қарым қатынасы т. б. жатады. Адам кех келген стимулға беріле салмайды. Жеке стимулдарға адам реакциясы қарсы болуы мүмкін.
Адамдардың стимулға жауабы бірдей бола бермейді. Сондықтан адамға стимул әрекет етпесе ол керексіз болып қалады. Мысалы, ақшалық жүйе құласа біз ақщаға ештеме сатып ала алмаймыз, сонда алатын жалақымыз өз стимул рөлін жоғалтады.
Адамды мотивациялау кезінде әр түрлі стимулдар қоданса нда бұл процессті стимулдау деп атаймыз. Стиулдау әр түрлі формаларға бөлінеді. Тәжірибеде ең кең қолданылатын формасы бұл материалдық стимулдау. Бұл стимулдау процессінің рөлі өте үлкен.
Стимулдау мотивациялауға қарағанда өзгеше. Себебі стиулдау арқылы мотивациялау жүзеге асады.
Мотивацияның жасайтын әрекеттері:
- жігерлік;
·- Тырысу;
- Өзінде тұру;
- Адамгершілік;
- Бағыттылық.
Адам бір жұмысқа әр түрлі жігерлік танытуы мүмкін. Ол жұмысты бүкіл күшімен немесе жарты күшімен орындауы мүмкін. Ол онай жұмысты тандауы мүмкін немесе қиын жұмысты, ол жұмысты шешу үшін қиын әдісті тандуы мүмкін немесе онай әдісті.
Оқу процесінің сабақта, сабақтан тыс немесе өз бетінше орындалуына қарамастан, оқытушы мен студент көптеген талаптарға ұшырасады. Оларға сабақтың мақсаты, әдісі, ғылыми негізділігі, оқытудың проблемалары сияқты көптеген әрекеттерді жатқызуға болады. Дегенмен, осылардың барлығына негіз болатын тағы бір талапты ерекше атау қажет. Ол - оқыту процесіндегі мотивация.
Оқыту процесін екі қырынан қарастыруға болады: оперативті және мотивациялы. Оқыту процесінің оперативті қыры білімгерлердің болмысты тануға қажетті теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуды қамтиды. Бұл дағдыларды олар дайын схемаларды үйрену арқылы да, өз беттерінше оқу арқылы да меңгере алады. Динамикалық немесе стереотипті құрылымды схемалар деп аталатын бұл үлгілерді Т. Томашевский «систему действий, утвердившихся в субъекте деятельности» немесе «упрочившиеся результаты этих действий, схематичные картины или отражение действительности» деп көрсетеді. Адамзаттың кез келген әрекетіндегі қозғалыс күші, яғни, кез келген оқу түрі оның мотивациялық жағы болып табылады. Мотив организм белсенділігінің мүмкіндігі мен бағытын айқындайтын ішкі шиеленіс күйі ретінде анықталады. Білім берудің тиімділігі оқыту процесінде осындай ішкі шиеленістің көрініс табуына байланысты болады. Сондықтан да дидактикада оқыту процесін ұйымдастыруға белгілі бір оқу жұмысының оқытуда оң мотивтердің көрінуіне ықпал етуі тұрғысынан ерекше мән беріледі [2, б. 46] .
Бұрынғы дидактика мен ескі әдістемелерде оқытудың мотивациялық жағына жете көңіл бөлінбеді. Мұғалімнің бар ынтасы білім берудің техникасын жетілдіру мен оны меңгеруіне бақылау жасауға жұмсалады. Оқушылардың нашар үлгерімі анықталған жағдайда, оларға қанағаттанарлықсыз баға қою, сол сыныпта екінші жылға қайта қалдыру, стипендия бермеу немесе тіпті мектептен шығарып жіберу сияқты мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Мұғалімдердің күші оқытудың әртүрлі тәсілдерін қолдану мәселелері мен жастардың жеке проблемалары, оның мүддесі, мәдени өмірі, еңбек ортасы сияқты мәселелердің арасында қалып қойды. Ал, керісінше, жастардың қызығушылығының пайда болу жағдайына, оның ынтасының қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінбеді.
Мотив әрекетке іштей итермелейтін себеп, қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыратын тілек болып табылады. Егер адамдардың басым бөлігінің өмірі аштық, шөл, ұйқы, қауіптен қорғану, жақсы көру сияқты алғашқы қажеттіліктермен шектелетін болса, онда бұл қателіктің едәуір үлесі тәрбиеге байланысты, ол адам бойындағы екінші қажеттілікті қалыптастыра алмаған. Ондай қажеттілікке өз ісіне және өзгелерге деген жауапкершілік, Отанға деген сүйіспеншілік, өмірлік ұстанымына берік болу, әсемдікті қабылдай алу, мәдениетті меңгеру сияқты қажеттіліктерді жатқызуға болады. Адам бойындағы екінші қажеттілікті қалыптастыру оқушылардың әлемді, өзін, қоршаған ортаны тануына бағытталған дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік беретін оқыту нәтижесі болып табылады.
Ең әуелі дидактиканың ұйымдастыру формаларына ерекше көңіл бөлу керек. Ғалымдар ондай форманың үш түрін көрсетіп жүр: сыныптағы жұмыстар, үй жұмысы, сабақтан тыс жұмыстар. Бұл формалардың барлығы да қажет және әрқайсысының өзіндік құндылығы бар. Сыныптағы жұмыстар, әдетте, ерікті емес, көбірек мәжбүрлеу сипатында болады, сондықтан бұл жерде риясыз мотив туралы айту қиын.
Үй жұмысы жоғары деңгейдегі еркіндік пен дербестігімен ерекшеленеді, дегенмен ол да белгілі бір дәрежеде мәжбүрлеуге тәуелді. Ең жоғарғы дербестік пен еркіндікті сабақтан және мектептен тыс жұмыстар ғана қамтамасыз ете алады. Мұнда қызығушылық шеңберін таңдау көбіне жағымды мотивация арқылы жүзеге асырылады. Мектеп оқытудың жоғарыда аталған алғашқы екі формасының мәжбүрлеуінен мүмкіндігінше босату арқылы және сонымен қоса оқушылардың қызығушылығын дамыту арқылы қажетті мотивацияның кең өрісін жасай алады.
Адам әрекетіндегі мотивациялардың түрлерін ажыратуға түрлі факторлар негіз бола алады. Мотивация туралы зерттеулерді сараптай келгенде, ондай әрекеттердің мотивтері төмендегі факторларға байланысты болады:
- әрекетке қатысу сипатына қарай;
- алдын ала келісілген әрекеттің мерзіміне қарай;
- әрекеттің әлеуметтік маңыздылығына қарай;
- белгілі бір әрекеттің, мәселен, оқу мотиві.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде өскелең ұрпақтың, яғни оқушылардың да, студенттердің де оқу әрекетінің мотивациясының проблемаларын білім беруді, әлеуметтік қоғамды, саясатты шексіз реформалау жағдайында, қоғамның көпқырлы рухани-ізгілік бейімінің ауысымында зерттеу өзекті немесе пайдалы ғана емес, сонымен қатар, білім алушының қазіргі қоғамда болып жатқан, болатын процестер мен құбылыстардың психологиялық, әлеуметтік, мәдени-тарихи және саяси мәнін түсінуін қаматамасыз ететін өте қажетті талап та деп ойлаймыз. Сондай-ақ, бұл зерттеу қазіргі білім мен тәрбие жүйесінің стратегиялық міндеттерін белгілеу мен анықтау үшін де керек.
Оқу әрекетіндегі «мотив» ұғымының «мақсат», «қажеттілік», «мұқтаждық», «тілек», «ынталану» сияқты ұғымдарға қатысты екенін естен шығармау керек. Жеке адамдардың өмірінде бұл ұғымдар үнемі өзара араласып тұрады және бір-бірімен тығыз байланысты, сондықтан бұл ұғымдардың жиынтығын «мотивациялық сфера» деп те атайды [3, б. 92] .
Оқу мотивациясы жалпы мотивацияның білім саласындағы жеке түрі болып табылады. Ол басқа да кез келген мотивация сияқты өзіне, яғни білім саласына тән белгілермен ерекшеленеді: біріншіден, ол білім беру мекемесінің ерекшелігіне, типіне, профиліне байланысты анықталады; екіншіден, білім беру процесін ұйымдастырумен, оның артықшылығымен; үшіншіден, педагогтің субъективті ерекшеліктерімен, ең алдымен, оның оқушыларға, іске қатынасымен, сондай-ақ, оқу процесінің ерекшелігімен, оның орнымен және оқу жоспарымен. Оқу мотивациясы жүйелі процесс және оның негізгі белгілері: бағыттылық, тұрақтылық және өсіңкілік болып табылады.
А. К. Маркованың пайымдауынша оқу мотивациясы бір-бірімен жаңа қатынастарға түсетін және үнемі өзгеріп тұратын талаптар қатарынан тұрады. Мотивация - бұл оқушыға жағымды немесе жағымсыз қатынас қана емес, сонымен қатар мотивациялық сфера құрылымының күрделенуі мен олардың арасындағы жаңа толық, кейде қарама-қайшы қатынастардың пайда болуы. А. К. Маркова бұл сфераның құрылымының иерархиялылығын көрсетіп, оны білімге қатысты қарастырады да, оған оқуға деген қажеттілікті, оқу, эмоция, қатынас пен мүдденің мәнін жатқызады [4, б. 48] .
Оқу мотивациясын екі үлкен категорияға бөлуге болады: Оның біріншісі - оқу әрекетінің мазмұнымен және оны орындау процесімен байланысты болса, ал екіншісі - адамдардың қоршаған ортамен кең көлемдегі қатынасымен байланысты. Алғашқысына танымдық қызығушылық, зияткерлік белсенділікке ұмтылушылық және жаңа шеберлікті, дағды мен білімді меңгеру жатады. Сондай-ақ, В. Апельт оқытудың төмендегідей мотивтерін көрсетеді: әлеуметтік, танымдық, коммуникативтік және өзін-өзі қадағалау.
Білім берудің инновациялық, нанотехнологиялық жүйелері адамның жаңа типін қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі қоғам ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерімен қатар бұрын белгісіз болған көптеген психологиялық, гуманитарлық проблемалармен де ұшырасып отыр. Сондай толғақты проблемаларының кейбірі, өкінішке орай, рухани мұраттардың құнсыздануы, жастардың терең жүйелі білім алуға құлықсыздығы болып отыр. Болашақ мамандығын таңдауда нақты мақсат қоймау да жиі кездеседі. Көптеген мектеп бітірушілер тек жоғары білім туралы диплом алуды ғана мақсат тұтып, өз болашағын уақытына қарай көрерміз деп ойлайды. Өкінішке орай, жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өздері немесе ата-аналары таңдаған мамандықтардың ерекшеліктерін білмейтін, ешқандай мақсатсыз, оқуға ықылассыз жастар өте көп. Ондай студенттер сабақ барысында өздері ғана зардап шегіп қоймай, оқуға ынталы басқа студенттерге де зиянын тигізеді. Сонымен студенттік қоғамның кездейсоқ мүшелері мен білімге құштар жастар бір аудиторияда отырып білім алуға мәжбүр. Бұл - бүгінгі білім беру процесінің ең күрделі проблемаларының бірі. Педагогикалық мамандықтарда оқып жүрген студенттердің арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі олардың 70 пайызының болашақта мұғалім болғысы келмейтінін көрсетіп отыр. Сондықтан да олар сабаққа салғырт қарап, болашақ өз мамандығына деген еш қызығушылығы жоқ, жоғары білім туралы диплом алу үшін оқып жүр.
Студенттердің арасында оқу әрекетінің мотивациясын арттыру - қазіргі білім берудің негізгі проблемаларының бірі. Бұл проблема түрлі әлеуметтік себептерге негізделген: отандық педагогикалық дәстүрден ауытқушылық, акселерация процесінің нәтижесі (адамның физикалық жетілуі шапшаңдап, физикалық даму мен әлеуметтік толығу арасында едәуір айырмашылық пайда болды) ; білім беру жүйесіндегі басымдықтардың өзгеруі. Ақпараттар көлемінің тым артуы қазіргі қоғамды білімгерлердің практикалық қолданбалы білімін арттыру және жаңа ғылыми пәндер мен жаңалықтарды меңгеруі үшін гуманитарлық білімді қысқартуға негіз болды. Бүгінгі білім жүйесінде қоғамдық-гуманитарлық пәндер кейінге ығыстырылып, техникалық, жаңа инновациялық, нанолабораториялық пәндер жетекші орындарға ие болып отыр. Алайда, қоғамның ізгілігін, адамгершілігін, тәрбиелігін арттыру мен жеке тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастыруға деген қажеттілік бізді білім берудегі дегуманизацияны және соның нәтижесінде пайда болған жеке адамның, тіпті жалпы қоғамның құлдилауы сияқты күрделі проблемаларды шешуге мәжбүрлеуде. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесіндегі гуманитарлық талаптарды қайта қарап, оны жетілдіру керек. Бұл проблемаларды толық, кешенді шешу педагогтердің, әлеуметтік қызметкерлердің, отбасы мен психологтардың өзара тығыз ынтымақтастықтағы жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Бүгінгі жастардың білімге деген қызығушылығын ояту, оларды оқуға мәжбүрлеу, үйрету, бір қарағанда оңай болғанмен, қоғам алдында тұрған - ең қиын міндеттердің бірі. Әлемдік дүниетанымды, ұлттық құндылықтарды, ізгілік мұраттарды, рухани қажеттіліктерді білмей тұрып, толық білімді болудың мүмкін емесін жастар саналы түрде түсінуге тиіс [5, б. 105] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz