Қылмыстық жауаптылық және жазаны жеңілдететін мән-жайлар


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:
Дипломдық жұмыс: Қылмыстық жауаптылық және жазаны жеңілдететін мән-жайлар
Мазмұны
Кіріспе3
1 Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың жалпы мазмұны мен маңызы8
1. 1 Қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдететін мән-жайлардың құқықтық мәні мен негізі8
1. 2 Қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдедетін мән-жайларды топтастыру14
2 Қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдететін мән-жайлардың қолданылу ерекшеліктері30
2. 1 Қылмыстық қол сұғушылық объектісіне қатысты жеңілдететін мән-жайлар30
2. 2 Қылмыстық қол сұғушылық объективтік жағына қатысты жеңілдететін мән-жайлар41
2. 3 Қылмыстық қол сұғушылық субъективтік жағына қатысты жеңілдететін мән-жайлар44
2. 4 Қылмыстық қол сұғушылық субъектісіне қатысты жеңілдететін мән-жайлар54
Қорытынды62
Қолданылған әдебиеттер тізімі70
КіріспеҚазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекеттің және оның барлық азаматтарының өміріне арқау болатын бүкіл құқықтық базаны түбегейлә қайта құру қажеттілігі туындады. Бұл арада аз жұмыс жасалған жоқ: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қоғамдық саяси өмір, мәдениет эәне халықты әлеуметтік қорғау, табиғатты қорғау, құқықтық тәртіпті нығайту салаларында көптеген заңдар мен жарлықтар талқыланып қабылданды.
Таяуда онжылдығы зор жетістіктермен аталып өткен Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің мемлекет демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланады. Бұл біріншіден демократиялық режимді ұстанады, екіншіден азаматтық қоғамды қалыптастырады дегенді білдіреді. Демократиялық режимнің негізгі көрсеткіші азаматтық және саяси құқықтар мен бостандықтардың қорғану кепілдіктері. Конституцияның негізгі принциптеріне сәйкес, кез-келген адамның ата заңда және басқа да заңда да көзделген мүдделерін қорғауды жүзеге асыруда қылмыстық заңдылықтың маңызы ерекше. Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы қабылданған Қылмыстық кодексінің 3-4 бөлімдері тұтас жаза институтына арналып, жаза институтының барлық проблемаларына арналған ұғымдар қазіргі заман талабына сай жаңаша түзілді. Алайда, қылмыстық құқық бойынша жазаларды топтастыру негіздері теориялық тұрғыда әлде де өз шешімін толық таппаған. Жаза жүйелерін жіктеу, оның белгілерін анықтауға жеткілікті мән берілмеген. Теорияда және заң қабылдауда орын алған осындай ағаттықтар, жаза институтын тереңірек зерттеуді, оның көптеген тұстарын жаңаша бағалауды, саралауды қажет етеді.
Осыған орай, жұмыста қылмыстың заңның жаза институтын жетілдірудің өзекті проблемалары, қылмыстық жазаларды жіктеу мен жеке даралаудың жазаны жеңілдететін мән-жайларына әсер етуінің теориялық негіздер жүйесін әрі қарай реформалауға бағытталған ұсыныстар келтіріліп, республикадағы қылмыстық заңды жетілдіру проблемалары қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біздің елімізде XX ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс - жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасында іргелі саяси, экономикалық, құқықтық реформалар жүзеге асты. Елімізде жылдан жылға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын көрініс тапты. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында екі мәрте 1993 жылы және 1995 жылы Конституция қабылданды. Мемлекетіміздің құқықтық негізі берік қаланды. Осы аз уақыт ішінде кез-келген құқықтық мемлекеттің алғашқы тұғыры, берік ірге тасы болып табылатын бірқатар заңдар: Конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық атқарушылық кодекс және т. б. қабылданды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының негізінде елімізде демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату жүзеге асырылуда. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланды. Оған сәйкес біздің мемлекетімізде президенттік басқару нысаны берік орнықты. Тұрақты жұмыс істейтін қос палаталы Парламент күннен күнге жемісті жұмыс істеуде. Атқарушы билікті нығайту және жетілдіру жөнінде шаралар қолданылды. Біртұтас сот жүйесі құрылды, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданды.
Жеке меншік, азаматтық қоғам, еркін кәсіпкерлік қатынастарын реттейтін, азаматтық құқық одан әрі дами түсуде. Қылмыстық құқықта адамның табиғи ажырамас құқықтары мен бостандықтарының басымдығына негізделген, қорғалуға тиіс әлеуметтік құндылықтардың түбегейлі жаңа сатылары айқындалуда.
Елімізде орын алған оңды жетістіктермен бірге қоғамның одан әрі серпінді дамуына кедергі келтіріп жатқан теріс құбылыстарда бар. Сондай қоғамға жат құбылыстардың бірі - қылмыстылық болып табылады. Қылмыстылық көрсеткіші де жылма жыл өсе түсуде. Дегенмен де қылмысқа қарсы күрестің бірі - кінәлі адамға заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жаза тағайындау болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Қылмыстық кодексі қылмыстылықпен күрес бойынша жаңа нормативтік базаның қалыптасуында маңызды бір белес болды. Ол бұрынғы кеңестік кезеңдегі кодекстерден барынша ерекшеленді, ең бастысы идеологиялық қастандықтардан және қылмыстылық пен жаза проблемаларын шешу барысында таптық көзқарас, бір жақты ұстанымдардан арылды.
Жаза институты бұрында қолданыста болып келген Қазақстан Республикасының 1997 жылғы Қылмыстық Кодексімен салыстырғанда мейлінше көп өзгерістерге ұшырады. Атап айтқанда, жаза институтының барлық проблемаларына арналған баптардың редакциясының көпшілігі дерлік мүлде жаңаша түзілді.
Қоғам өмірінің үрдіс дамуы, замана көшінің адымдап алға озуы соған сәйкес әлеуметтік, саяси ахуалдың жаңаша жағдайға жылдам бейімделіп, осы салаларға қатысты заңнамалардың, нормативтік құқықтық актілердің де дер кезінде өзгертіліп отыруы міндет. Қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттейтін заңдарды жетілдіру талап етіледі.
Қылмыстық заң әдебиеттерінде жаза туралы проблемалар әр уақыттарда заңгер ғалымдардың еңбектерінде жарияланды. Бұл проблемалар: Г. З. Анашкин, Н. А. Беляев, М. Д. Шаргородский, Я. М. Брайнин, М. И. Бажанов, Е. В. Благов, А. С. Горелик, В. К. Дуюнов, И. И. Карпец, С. Г. Келина, В. Н. Кудрявцев, П. В. Коробов, Л. Л. Кругликов, А. И. Коробеев, Г. Л. Кригер, А. П. Козлов, Ю. Б. Мельникова, П. П. Осипов, В. В. Похмелкин, З. О. Ашитов, Е. И. Қайыржанов, Б. Х. Төлеубекова, А. Н. Ағыбаев, У. С. Жекебаев, М. С. Нәрікбаев, А. А. Исаев, Е. О. Алауханов, И. И. Рогов, Б. Ж. Жүнісов, Н. О. Дулатбеков, А. Ф. Мицкевич, М. Н. Становский, Д. С. Чукмаитов, Ю. Н. Юшков және т. б. ғалымдардың еңбектерінде жарық көрді.
Дегенмен осы саладағы бірден-бір заңды құжат болып табылатын қылмыстық заң қабылданып, жаза институтының әрбір аспектісі бойынша жекелеген қадау-қадау еңбектер жарияланып, түрлі дәрежеде батыл пікірлер білдіріп, орнықты ой түйіндері көптеп келтіріліп келе жатқанына қарамастан, жаза проблемасы күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл тұрғыдағы барлық проблемалар шешімін тапты деп тіпті де айта алмасақ керек. Заман алға охған сайын, қоғамдық құрылым өзгерген сайын оның көптеген тұстарына көлеңке түсіп, қоғамдық құрылым өзгерген сайын оның көптеген тұстарына көлеңке түсіп, жаңаша бағалауды, саралауды қажет етеді. Осы айтылғандарға байланысты қылмыстық жазаларды топтастыру негіздерін анықтау, олардың бөліну белгілерін теориялық, қылмыстық құқықтық тұрғыдан зерттеп, жазаны жеңілдететін мән-жайлар институты мәнін, жаза жүйелеріне кірген жазаның жекелеген түрлерінің мазмұнын ашып, сот тергеу тәжірибелерін ғылыми ой-елегінен өткізу қажет, зерттеу тақырыбының өзектілігі де осыған байланысты. Зерттеу тақырыбының өзектілігінің бір ұшы осындай алғы шарттарға келіп тіреледі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеліп отырған проблема Қазақстан Республикасында арнайы зерттелмеген. Жаза тағайындау проблемасында әр түрлі көзқарастар, ой-пікірлер баршылық, бірақ та осы проблемаға, оның ішінде қылмыстық жазаларды топтастыру, оларға негіз боларлық белгілер жөнінде, жаза жүйелерінің орналасу тәртібі, жазаны жеңілдететін мән-жайлар институты арнаулы, терең зерттеу объектісі болмаған. Бұл проблемаға арналған бірлі жарым мақалалардан басқа Республика көлемінде осы институттың табиғатын бейнелейтін арнайы зерттелген ғылыми теориялық, іргелі еңбектер жоқ. Осы проблемаға арналған бұрынғы кеңестік жүйедегі заңдарға негізделген ғылыми еңбектер қазіргі заман талабына, жаңа қылмыстық заңдарға, сот-тергеу практикасына сәйкес келмейді. Осыған орай, осы проблеманың құқықтық тарихи, әлеуметтік, қырларын кешенді түрде зерттеу қажеттілігі айқын көрінеді.
Осыған орай, зерттеу жұмысында жазаларды топтастырудың ғылыми негіздерін белгілеуге мүмкіндік беретін теориялық принциптерді анықтауға, қылмыстық жазалардың рет-ретімен орналасу заңдылықтары, сондай-ақ жазаларды топтастырудың атқаратын рөлін жан-жақты зерттеу мақсаты көзделген. Осы мақсатұа жету үшін қылмыстық жаза ұғымы, оның белгілері, жазаларды жіктеуге және даралауға негіз болатын мән-жайларды, олардың өзара реттелуінде топтастыру институтының атқаратын маңызы, жаза жүйелерін жетілдірудің қылмыстылықпен күресу саласындағы атқаратын қызметі жөніндегі тұжырымдар мен қорытындылар ғылыми түрде қарастырылды.
Зерттеудің нысаны жазаларды топтастырудың ғылыми негіздерін белгілеуге мүмкіндік беретін теориялық принциптерді анықтау және жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлардың атқаратын рөліне байланысты қатынастар болып табылады.
Зерттеу пәні қылмыстық жаза ұғымы, оның белгілері, жазаларды жіктеуге негіз болатын мән-жайлар, жазалардың өзара жеке даралану институтының атқаратын маңызы, жаза жүйелерін жетілдірудің қылмыстылықпен күрес саласындағы атқаратын қызметі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты пен міндеті. Дипломдық зерттеудің басты мақсаты мен міндеті - кінәліге әділ жаза таңдау немесе қылмыстық құқықтық сипаттағы басқа да шара тағайындаумен байланысты теориялық, нормативтік құқықтық проблемаларды кешенді түрде, кең тұрғыда талдау негізінде жаза институтына қатысты жазаны топтастырудың теориялық ережелерін жүйелеп шығару және сот практикасына осыған орай кепілдемелер беру болып табылады. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылды:
- Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың жалпы мазмұны мен маңызын қарастыру;
- Қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдететін мән-жайлардың қолданылу ерекшеліктерін зерттеу;
- Қылмыстық қол сұғушылық объектісіне қатысты жеңілдететін мән-жайларды анықтау;
- Қылмыстық қол сұғушылық объективтік жағына қатысты жеңілдететін мән-жайларды қарастыру;
- Қылмыстық қол сұғушылық субъективтік жағына қатысты жеңілдететін мән-жайларды айқындау;
- Қылмыстық қол сұғушылық субъектісіне қатысты жеңілдететін мән-жайларды зерттеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диплом Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық заңы қабылданғаннан кейінгі қылмыстық жазаларды қолдануды құқықтық реттеу мен қолдану практикасына арналған зерттеу жұмысы болып табылады.
Зерттеу жұмысы Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптеріне, қолданыстағы қылмыстық кодекс пен халықаралық нормативтік актілердің нормаларына негізделген және жаза институтының проблемаларын зерттеу барысында нормативтік, ғылыми заң әдебиеттері пайдаланылды, қылмыстық заңның қылмыстылық жазаларды реттеуге қатысты реформалау процесі тарихи аспектіде талданды.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы мен теориялық маңыздылығы. Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелері Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық атқарушылық заңдарын жетілдіру проблемаларына, соттардың жаза тағайындау практикасын жақсартуға, қылмыстық жазаларды орындау процестерін одан әрі дамытуға септігін тигізуі мүмкін. Зерттеу нәтижесінде жасалған түйіндер мен ұсынысттар қылмыстық заңдарды жетілдіруге, қылмыстық жазалар жүйесін, жекелеген жаза түрлерінің редакциясын қайта қарап, оларды жетілдіруге, Жоғарғы Соттың осы проблемаға байланысты нормативтік қаулыларын әзірлеу барысында басшылыққа алуға негіз болады. Зерттеу нәтижелерін сондай-ақ ғылыми зерттеу жұмыстарында және оқу процесінде, қылмыстық құқық, қылмыстық атқарушылық құқығы, криминология пәндері бойынша лекция және семинарлық дәрістерді жүргізгенде пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қылмыстық құқық теориясындағы қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлардың жалпы мазмұны мен маңызы 1. 1 Қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдететін мән-жайлардың құқықтық мәні мен негізі2014 жылы 3 шілдеде күшіне енген Қылмыстық кодекс ізгілік қағидасын және әділеттілік қағидасын басшылыққа алады. Жаңа қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі - адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады. Қылмыстық заңның нормаларында көрсетілген жазалар бұрынғыға қарағанда біршама жеңілірек. Біздің пікірімізге бұл өте дұрыс. Себебі ұсақ, болымсыз қылмыстар үшін қатаң жазаларды тағайындау кері әсерін тигізеді.
Осыдан жазалау шараларын үнемдеу қажеттілігі туындайды. Себебі жазаның сақтандыру мақсаты оның қаталдығымен емес, жазаның әрбір қылмыс үшін міндетті түрде орын алатындығымен түсіндіріледі.
Жазаның жүйелер деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген соттар үшін міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында береді [1, б. 86] .
Сотталған адамға келтіретін құқықтарынан айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар, қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектету.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру. Қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау.
Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: 1) негізгі жазалар; 2) қосымша жазалар; 3) негізгі де, қосымша жаза да ретінде қолданылатын жазалар [2, б. 54] .
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негігі басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталғанжағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңнын тиісті баптарында көрсеттілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Онда былай делінген:
52-бап. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері [3] .
1. Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шектежәне осы Кодекстің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады.
2. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша қатаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза осы Кодекстің 58 және 60-баптарына сәйкес қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен қатаңдығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз осы Кодекстің 55-бабында белгіленеді.
3. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілігк дәрежесі, айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайының ықпал ескеріледі.
Қылмыстық заңнын осы бабында көрсеттілген талаптарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның біріншісі, әділ жаза тағайындалуы бодып табылады. Әділеттілік принципі Қылмыстық кодекстің 3-бабында арнайы көрсетілген. Осы бапқа сәйкес адамның қылмыс қүрамының белгілері бар іс-әрекеті ғана қылмыстық жауаптылықтың негізі болады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды делінген. Жазаның әділеттілігі істелген қылмыстың ауырлығына, оны істеу жағдайларына және кінәлінің жеке басының кім екендігіне сай келуі қажет. Тағайындалған жаза қылмыскердің іс-әрекеті нің заңдылық зардабы, нәтижесі болуы керек. Жазаның шегі оның іс-әрекетінің шегіне сайма-сай дәл келуі керек. Осыған байланысты тым жеңіл немесе тым ауыр жаза тағайындалуға жол бермеуі керек. Тағайындалған жаза істелген қылмысына пара-пар келетін әділ болғанда ғана ол өз мақсатына жетері анық. Жаза тағайындаудың қағидалары деп қылмыстық шара қолданудың негіздері, жай-жапсары және тәртібін белгілейтің, қылмыстық және қылмыстық- процесстік құқық шамаларында бекітілген ережелер айтылатың. Бұл ережелердің бір нешеуі жаза тағайындау үшін жалпы қағйдалық маңызға ие болды да (ең алдымен, қылмыстық әрекет үшін жазалаушылық қағидасы және жазаны даралау қағидасы), осыған орай жаза тағайындаудың жалпы қағидалары деп дәлме-дәл аталады. 1958 жылы қылмыстық заңдардың негіздерін қабылдағаннан кейін қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде жаза тағайындаудыңжалпы негіздері жаза тағайындаудың қағидаларымен қатар ерекшеленеді. Дегенмен, Г. Л. Кригердің әділ тұжырымдағанындай, жаза тағайындаудың қағидалары жаза тағайындаудың жалпы негіздерінде айшықталуына, атап айтқанда 1958 жылғы Негіздерде олардың жазалауына байланысты, жаза тағайындаудың ұағидалары туралы мәселені дербес күйде ерекшелеу бір ережелерді жөнсіз қайталауға әкеліп соғады [4, б. 24] .
Жазаа Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте тағайындалады. Яғни, сот жаза тағайындағанда кінәлінің істеген қылмысы үшін жазаның мөлшерін, түрін сол баптың санкциясы көрсеткен шектен шықпай тағайындауға міндетті. Сондықтан да әділ жаза тағайындаудың алғы шарты іс-әрекетті дұрыс саралау, яғни істелген іс-әрекеттің белгілерінің нақты қылмыс қүрамы белгілеріне дәлме-дәл сай болуын анықтау өте қажет. Қылмысты дұрыс сараламау әділетсіз жаза тағайындауға әкеліп соғады. Қылмыстық заңның нақты құрамының санкциясында көрсетілген жаза мөлшерінің ең жоғарғы шегінен шығып, жаза тағайындауға заң ешқандай жол бермейді. Керісінше, сот жаза тағайындағанда қылмыстық заңның 55-бабында көрсетілген шарттарды еске ала отырып, кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы.
Сондай-ақ жаза тағайындағанда Ерекше бөлімнің нақты бабының санкциясының шегін ескермеумен бірге Кодекстегі Жалпы бөлімнің ережелерін де басшылыққа алуға міндетті. Яғни, сот адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін алдымен оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы бар ма, жоқ па осы мәселені анықтайды. Егер қылмыс құрамы бар болса, ол біткен немесе бітпеген қылмыс па, қылмыскер оны жеке өзі немесе басқалармен бірге істеді ме деген мәселелерді анықтайды. Бұл сүрақтарға жауап алу үшін ең алдымен Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі қылмыстың ұғымы, оның сатылары, қылмысқа қатысу ұғымы, іс-әрекеттің қылмыстылығын жояатын жағдайлар, қылмыстық заңның уақыттағы, кеңістіктегі, қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы сияқты мәселелерді анықтау керек. Қылмыстың құрамы бір іс-әрекеттерге жаза тағайындағанда сот ең алдымен адамды қылмысты жауаптылықтан және жазадан босатуға негіздер бар ма, жоқ па деген мәселелерді анықтауға міндетті. Егер сот жасаған қылмысы үшін жаза тағайындау қажет деп тапса, онда ол Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінен жаза туралы бөліміндегі негізгі қағидаларды-жазаның ұғымы мен мақсаты, жазалау түрлері, жаза тағайындаудың жалпы негіздерін басшылыққа ала отырып біткен немесе бітпеген қылмыстарға, қайталанған, қатысып жасалған қылмыс үшін, қылмыстардың, үкімдердің жиынтығы үшін жаза тағайындаудың ерекшеліктерін ескереді. Сондай-ақ мерзімдердіқосу кезінде оларды белгілеу, жаза мерзімдерін есептеу және жазаны есепке алу туралы Жалпы бөлімінің ережелері негізгі басшылыққа алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz