Көлік құралдарын заңсыз иеленудің түсінігі мен ол үшін белгіленген қылмыстық жауаптылықтың пайда болу тарихы және оның мәні


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНУДІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ОЛ ҮШІН БЕЛГІЛЕНГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ5
1. 1 Қазақстандағы көлік құралдарын айдап кетумен қылмыстық-құқықтық күресудің қалыптасу тарихы5
1. 2 Көлік құралдарын айдап кетудің түсінігі мен белгілері14
2 ҚАЗАҚСТАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМА БОЙЫНША КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН АЙДАП КЕТУДІҢ ҚҰРАМЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҰ ТАЛДАМАСЫ21
2. 1 Көлік құралдарын айдап кетудегі қылмыстық құқық бұзушылық объектісі мен заты21
2. 2 Көлік құралдарын айдап кетудің объективті жағының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы32
2. 3 Көлік құралдарын айдап кетудің субъективті жағы мен субъектісі34
3 КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН АЙДАП КЕТУДІҢ ТҮРЛЕРІН ЖІКТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ38
3. 1 Көлік құралдарын айдап кетуді жіктеудің мәселелері38
3. 2 Көлік құралдарын айдап кету туралы заңнаманың жетілдірілу мәселелері43
ҚОРЫТЫНДЫ54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ59
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көлік құралдары олардың жоғары қауіпті көздерге жататындығына байланысты әрқашан қылмыстық заңнаманың қорғауында болды.
Көлікке қатысты қылмыстардың барынша кең таралған түрі - әуе кемесін айдап әкету болып есептеледі. Егер Ресейде авиацияның бүкіл тарихындағы айдап әкету фактілері салыстырмалы түрде шамалы көлемде есептелсе, ал шет елдерді соңғы уақыттарда көлік қарақшылығының толқыны шарпып тұр. Қылмыстық әрекеттің бұл түрінің шыңы - 60-шы жылдардың соңы, 70-ші жылдардың ортасына келді. БҰҰ-ның деректері бойынша егер 1930-1961 жылдар аралығында 42 іске асқан және іске аспаған ұшақ айдап әкету жағдайлары байқалған.
Айдап әкетуші - камикадзелер кейіннен оларды Нью-Иорктағы және Вашингтондағы лаңкестік актілерді іске асыру құралы ретінде пайдаланған, АҚШ-ғы 11 қыркүйектегі төрт жолаушылар ұшағын біруақытта айдап әкету адамзат тарихында болып көрмеген көлік лаңкестігі акциясына айналды. Жасалған қылмыстың нәтижесінде жалпы алғанда бірнеше мың адам опат болды, мүліктік залал 20 млрд доллардан асып кетті.
2009-2014 жылдары Қазақстан аумағында көлік кемелерін немесе су көлігін, не теміржолдың қозғалатын құрамын айдап әкету туралы статистикалық деректер мынадай: 2009 жылдары - 20, 2010 - 18, 2011 - 10, 2012 - 12, 2013 - 14, 2014 жылы- 10 қылмыс тіркелген. [1, б. 20]
Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексінде «көлікті айдап әкету» терминімен объективті жағының жалпы элементтері бар, екі қылмысты айтады, сонымен қатар көлікті айдап әкетуге жауапкершілікті көздейтін, баптар Қылмыстық кодекстің әр түрлі тарауларында орналасқан, сондай-ақ олар қоғамдық қауіптілігінің әр түрлі дәрежелерімен сипатталады. Осы ұқсастық және едәуір маңызды айырмашылықтар аталған қылмысты саралауда қиыншылықтар тудырады.
Мәселен, құқық қорғау органдарының қызметкерлері 2007 жылдан бастап ҚР Қылмыстық кодексі әрекет етіп келе жатқан жылдар бойы 211 бапта және сондай-ақ көлік құралдарын айдап әкетудің объективті жағы бойынша онымен ұқсас ҚР ҚК 200 бабында көзделген, қылмыстың мәнін анықтауда қиыншылық көреді.
Зерттеу тақырыбының маңыздылығы көлік құралдарын айдап кету туралы қылмыстық заңның қолданылуымен байланысты қиындықтармен түсіндіріледі. Бұл адамдарды сату үшін жауаптылық туралы қылмыстық-құқықтық норманы толық зерттеу мен түсіндірудің қажеттілігін негіздейді.
Зерттеудің мақсаты көлік құралдарын айдап кету: қылмыстық-құқықтық жіктелудің және құқықтық базаның бағалануының теориялық негіздерін жасау болып табылады.
Көрсетілген мақсат келесідей міндеттер арқылы қол жеткізілді:
- Көлік құралдарын заңсыз иеленудiң түсiнiгi мен ол үшін белгіленген қылмыстық жауаптылықтың пайда болу тарихы және оның мәнін қарастыру;
- Қазақстандағы көлік құралдарын айдап кетумен қылмыстық-құқықтық күресудің қалыптасу тарихын зерттеу;
- Көлік құралдарын айдап кетудің түсінігі мен белгілерін қарастыру;
- Қазақстан қылмыстық заңнама бойынша көлік құралдарын айдап кетудің құрамының қылмыстық-құқықтық талдамасын зерттеу;
- Көлік құралдарын айдап кетудегі қылмыстық құқық бұзушылық объектісі мен затын айқындау;
- Көлік құралдарын айдап кетудің объективті жағының қылмыстық-құқықтық сипаттамасын қарастыру;
- Көлік құралдарын айдап кетудің субъективті жағы мен субъектісін қарастыру;
- Көлік құралдарын айдап кетудің түрлерін жіктеудің ерекшеліктерін зерттеу;
- Көлік құралдарын айдап кету туралы заңнаманың жетілдірілу мәселелерін қарастыру.
Зерттеудің объектісі: көлік құралдарын айдап кетудің қылмыстық құқықтық мәселелерін қарастыру.
Зерттеудің пәні: көлік құралдарын айдап кетудің құқықтық реттелуін зерттеу.
Зерттеудің әдістемелік негізін қоғамдық процестер мен әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды танудың диалектикалық әдісі құрайды. Зерттеу барысында жалпы ғылыми, жеке-ғылыми және арнайы таным әдістері қолданылды: тарихи-құқықтық, ресми-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, статистикалық, нақты-әлеуметтік және т. б.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы ҚР ҚК көлік құралдарын айдап кету туралы қарастырылған жаңа қылмыстық құрам шеңберіндегі көлік құралдарын айдап кету қылмыстық-құқықтық мәселесінің бірінші рет кешенді теориялық талдануы қолданылды, ол барлық элементтер мен белгілер, сондай-ақ сараланған және ерекше сараланған белгілері толық қарастырылған.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЗАҢСЫЗ ИЕЛЕНУДІҢ ТҮСІНІГІ МЕН ОЛ ҮШІН БЕЛГІЛЕНГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ 1. 1 Қазақстандағы көлік құралдарын айдап кетумен қылмыстық-құқықтық күресудің қалыптасу тарихыӘрбір қылмыс құрамы өздігінше даму сипатына ие. Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленуге қатысты қылмыс құрамының қылмыстық жауаптылық белгілерін анықтаудың даму кезеңдері аса терең емес. Себебі, автокөліктің өзі біздің елімізге келуінің өзіне ұзақ уақт бола қоймады. Бүгінгі таңда ғылыми-техникалық прогрестің жарқын даму жетістіктерінің бірі болып автокөлік танылады.
Жалпы, Ресейдегі болған қазан төңкерісіне дейін Қазақстан өңірінде, механикалық көлік құралы болмағандықтан жолсыздықтың өңірі болып танылды. Көп тараған көлік түрі ретінде ат арба немесе теңдеп жүк артылатын жануарлар танылды. Автопарк 1910 жылдары шет елдермен өндірілген 20 автомобиль және 12 мотоциклды құралы, ал еліміздің кейбір өңірлерінде автокөлік туралы түсінікті тіптен жұрт білмеді.
Қазақстанның жерінде көлік құралдарының қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және үлкен рөл атқарған, Қазақ КСР 1923 жылы 15-сәуірде қабылданған «Жүк немесе жеңіл автокөлік құралдарының және мотоциклдың Қазақ КСР аумағындағы қозғалыс тәртібі туралы» қаулысы табылды. Зерттеушілердің мәлімдеуі бойынша, алдыңғы Кеңес Одағының қылмыстық кодексі қабылданғанға дейін, осыған ұқсас әрекеттер бұзақылық, кей жағдайларда мүлікті жою немесе бүлдіру, өзінше билік ету әрекеттері ретінде сараланды. Сонымен қатар, олар әкімшілік тәртіппен де қудаланған. Мысалы, елімізде 1930 жылдары көлік құралдарын ұрлау немесе тонау әрекеттері аса көп кездесе қойған жоқ болатын.
Еліміздің 1960 жылдардағы халық шаруашылығының дамуы, белгілі бір мөлшерде көлік құралдарының мәні мен алатын орнын көтермелейтін мән-жайларға әкеп соқтырды. Өйткені, көлік құралдарына деген сұранысқа, адамдар саны күннен-күнге арта түсті. Осыған байланысты осы жылдары көлік құралдары санының көбеюіне қатысты автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену сияқты қылмыстар халық арасында тарай бастады. Көлік құралдарын айдап кетуі үшін қылмыстық жауаптылық қылмыстық кодексте нақты орын алмағандықтан, сол кездегі қолданылған 19 желтоқсан 1956 жылғы РСФСР Жоғарғы кеңесі Жарғысымен ұсақ бұзақылық ретінде жауаптылыққа тартылды.
Қылмыстық заңдағы автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену туралы қылмыстық жауаптылықты реттейтін арнайы норманың орын алмауы, осындай қылмыстық қол сұғушылық түрлерімен күрес жүргізуде және қауіпті қылмыстардың бірі көліктерді ұрлау сияқты қылмыстарға да кері әсерін тигізді. 1960 жылы 27-қазандағы Ресейдің Қылмыстық кодексінде автотранспортпен байланысты үш қылмыс құрамы орын алды. Қазақ КСР 1960 жылғы 1 қаңтарда заң күшіне енген қылмыстық заңында арнайы 221-бабымен көзделген, «автомашиналарды, мотоцикл немесе басқа қозғалыс құралдарын өз бетімен ұрлау мақсатынсыз мініп кеткендігі үшін» қылмыстық жауаптылықты көздеу нормасы алғашқы рет орын алды.
Бұл қылмысты әрекеттер үшін жазалау ретінде бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазалауды не болмаса ықпал ету шараларының қолданылуы белгіленген болатын. Осы белгіленген баптың өзіне тән ерекшелігі болып, нақты қылмыс құрамының атауында мотоцикл деген түсініктің тікелей айтылуымен ерекшеленеді. Ал, қазіргі кезеңде еліміздегі қылмыстық заңмен белгіленген аталған бап бойынга мотоцикл деген ұғым өзге де көлік құралдары қатарына жатқызылған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумның 3-шілде 1965 жылғы Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізу туралы жарғысымен, ҚК 221(1) -бабын «автотранспорт құралдары мен өзге де өздігінен жүретін машиналарды ұрлау мақсатынсыз айдап кету» деп толықтырылды. Осы аталған норма «Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке және халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар атты» РСФСР-дің ҚК 10-тарауындағы 212-1 бабымен белгіленді. Бұл көлік құралын айдап кетуді көздеген қылмыс құрамының диспозициясында, айтылған норманы қолдануда, теріске бұрмалайтын «айдап кетудің» түсінігі нақты орын алмаған болатын [2, б. 36] .
Кейіннен, заңдылық пен құқықтық тәртіпті одан әрі жетілдіруімен қатар және де көлік құралдарын қолдану мәнділігінің арта түсуімен байланысты, осы аталған қылмыс құрамы тағы да заң атқарушылықпен елеулі өзгерістерге ұшырады.
Қазақ КСР Жоғарғы Советі Призидиумның 1966 жылғы 3-қаңтардағы Жарғысының басылымы бойынша аталған бап «Автомототранспорт құралдарын өз бетімен мініп кетуі» деп белгіленді.
Осы аталған баптың диспозициясымен «автомототранспорт құралдарын немесе өздігінен жүретін басқа машиналарды ұрлау мақсатымен емес, өз бетімен мініп кету», деп анықталынып және ол үшін, мерзімі үш жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға немесе бір жылға түзеу жұмыстарына жазалауды, не болмаса жүз сомға дейін штраф салуды, яки қоғамдық тез шаралары қолдануы белгіленген болатын.
Кейіннен, заңдылық пен құқықтық тәртіпті одан әрі жетілдіруімен қатар және де көлік құралдарын қолдану мәнділігінің арта түсуімен байланысты, осы аталған қылмыс құрамы тағы да заң атқарушылықпен елеулі өзгерістерге ұшырады.
Қазақ КСР Жоғарғы Советі Президиумының 1966 жылғы 3-қаңтардағы Жарғысының басылымы бойынша аталған бап «Автомат транспорт құралдарын өз бетімен мініп кетуі» деп белгіленеді.
Осы аталған баптың диспозициясымен «Автотранспорт құралдарын немесе өздігінен жүретін басқа машиналарды ұрлау мақсатымен емес, өз бетімен мініп кетуі» деп анықталынып және ол үшін, мерзімі үш жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға немесе бір жылға түзеу жұмыстарына жазалауды, не болмаса жүз сомға дейін штраф салуды, яки қоғамдық тез шаралары қолдануы белгіленген болатын.
Бұл кезекті елеулі өзгеріске ұшыраған қылмыс құрамы бойынша заң шығарушылықпен біздер аңғарып отырғанымыздай ұрлаумен байланыссыз екендігін нақтылай келе, сонымен қатар қылмысты әрекеттері үшін жазалау шараларының едәуір арта түскендігін байқаймыз.
Сол кезеңде одақтас республикаларда осы аталған көлік құралдарын айдап кеткендігі үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін нормаларды белгілеген. Бірақ та біздердің салыстырмалы-құқықтық талдаумен байланысты болған зерттеулеріміздің көрсеткеніндей, олармен көлік құралдарын айдап кеткендігі және ол үшін тағайындалынатын жазалаудың белгілерін әр түрлі тұрғыда қарастыратындығы анықталды.
Қылмыстық заңдағы келесі өзгерістердің бірі болып, 1970 жылғы 6-қазанындағы КСРО Жоғарғы Соты Пленумының «Автокөлік қылмыстары туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы» №11 қаулысымен, аталған қылмыс құрамына қатысты сұрақтардың бірқатары анықталынды. Соның ішінде көлік құралын айдап кету автомотранспорттық қылмыстар тобына жатқызылған болатын.
Жалпы қылмыстық заң нормаларын пайдаланудағы Қазақ КСР белгілеген ҚК 221-бабын қолдану, сол кезеңдері өзінің құндылығын жоғалта қойған жоқ еді, дегенмен де, осы қылмыс құрамына қатысты ғылыми пікірталастықтар қайтадан жаңа деңгейге шықты. Осыған байланысты болған негізгі қойылған сұрақтардың бірі болып, бірінші кезекте біздердің заң шығарушылығымыз бойынша осы талдауға жатқызылған қылмыс құрамы, көліктегі қылмыстар тобында ма, жоқ әлде жасалуы кезінде меншік қатынасына қол сұғатындығын нақты түрде расталуын анықталуы қажеттілігі табылды.
Көп ұзамастан осы қылмыстық әрекетті қылмыс құрамы кезекті елеулі өзгерістер мен толықтыруларға ұшырады. Ол қазіргі кезеңдегң, яғни біздердің заң жүзінде қолданып отырған 1998 жылғы 1-қаңтардан бастап заң күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық заңымен белгіленген норма болып табылады.
Осы жаңа қылмыстық заңмен «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» үшін қылмыстық жауаптылықты белгілеген қылмыс құрамы ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінде белгіленген «Меншікке қарсы қылмыстар» атты тарауында көрсетілген.
Көлік құралын айдап әкету немесе айдап әкету мақсатында тартып алу - соңғы жылдары шетелде және біздің елде де ерекше белең алып келе жатқан, өрескел қылмыс. Оның қоғамдық қауіптілігі - оның көлік кеңістігін пайдаланудың белгіленген тәртібін бұзуымен, жолаушылардың, экипаж мүшелерінің, өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіруімен, авария, апат тудыруымен, мемлекетаралық қатынастарды .
Тек 1994 - 1998 жылдар аралығында Қазақстанның азаматтық авиациясының қызметіне заңсыз араласуға қатысты 900-ден артық акт жасалған, соның ішінде көлік кемесін тартып алу әрекеті - 10, жер шабуылы -22, азаматтық авиацияның атына қорқыту - 54, көлік көлігі объектілеріне санкциясыз ену жағдайлары - 70.
Қазақстан Республикасының, сондай-ақ бүкіләлемдік бірлестіктің ішкі және сыртқы қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырған -қылмыстық мақсаттарын жүзеге асыру құралы ретінде көлік көлігін, көлік кемесін тартып алу немесе айдап әкету таңдалуы мүмкін болатын, лаңкестік.
Лаңкестікпен байланысты, аталған әрекеттердің мазмұнын талдау оны халықаралық сипаттағы қылмыстарға жатқызады. Қазіргі уақытта көптеген елдегі ұлттық заңдар ұшақты айдап әкеткендігі, олардың экипажына шабуыл жасағандығы, ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, әрекеттер үшін жауапкершілік көздейді.
Бұл заңдар бастапқыда кеме қатынасына - теңіз қарақшылығына қарсы қылмыстарды қарастыратын, құқық саласымен ұқсастығы бойынша әзірленген. Содан кейін олар нақты көлік көлігіне қолданылатын, ерекше сипатқа ие болды [3, б. 49] .
Батыс елдерінде қолданылатын, мұндай заңнаманың айрықша ерекшеліктерінің бірі - қолданылатын санкцияның ауырлығы болып есептеледі. Мәселен, Францияның Қылмыстық кодексінде бортында адамдары бар, ұшу аппаратын, кемені немесе басқа көлік құралдарын тартып алғандығы немесе бақылауды өз қолына алғандығы үшін (физикалық күш көрсету немесе күш көрсетемін деп қорқыту арқылы) жиырма жылға қамау жазасы кесіледі (224. 6 б. ) . Егер бұл қылмыстық іс азаптау немесе қатыгездік актілерімен ілесе жүретін болса немесе егер оның нәтижесінде бір немесе бірнеше адам опат болса, кінәлі өмір бойы бас бостандығынан айрылады (224. 7 б. ) .
Көлік қарақшылығына қарсы заңнама АҚШ-да біршама тыңғылықты әзірленген. Бұл жерде шабуыл жасау, бұқтыру немесе қорқыту жолымен, экипаждың немесе ұшаққа қызмет көрсететін, құрамның (аспансерікті қоса алғанда) әрекетіне араласу қылмыстың жеке түрлері ретінде ажыратылады. АҚШ-ның заңдар Жинағы бөлімінде осы параграф бойынша санкция 10 мың долларға дейін айып төлеуді немесе 20 жылға дейінгі мерзімге абақтыға жабуды, не екеуін де бірге қолдануды көздейді, Егер осындай әрекетті жасау кезінде қару қолданылатын болса, өмір бойы бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Кейінірек АҚШ заңдар Жинағына «көлік қарақшылығы» ұғымы енгізілді. Бұл - «күш қолдану немесе қолдану қауіпімен қылмыстық ниетте жасалған», азаматтық коммерциялық авиакөлік құралын тартып алу, не ұшу кезінде оған бақылау жүргізу. Жаза - өлім жазасы, не кем дегенде 20 жылға түрмеге жабу.
Көлік құралдарына және ұшу қауіпсіздігіне қол сұғумен күресте жекелеген елдердің күшінің жеткіліксіз екендігін, көпжылдық тәжірибе нақты растады. Бұл мәселе ұлттық шеңберге дейін өсті және халықаралық сипатқа ие болды.
Сондықтанда, азаматтық авиация объектілеріне қарсы бағытталған, қылмыстармен күреске үш халықаралық конвенцияның арналуы кездейсоқтық емес: көлік кемесінің бортында жасалған, қылмыстар және кейбір басқа актілер туралы Конвенция (Токио, 1963 ж. ), көлік кемелерін заңсыз тартып алумен күрес туралы Конвенция (Гаага, 1970 ж. ) және азаматтық ациация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған, заңсыз актілермен күрес туралы Конвенция (Монреаль, 1971 ж. ) .
Әрбір келесі құжаттарда аталған қылмыстардың құрамы едәуір толығырақ тәптіштеледі. Токио конвенциясы азаматтық авиацияның қызметіне заңсыз араласу деп, - көлік кемесінің, не оның бортындағы адамдардың немесе мүліктердің қауіпсіздігін қатерге тігуі мүмкін болатын немесе қауіп төндіретін немесе борттағы тәртіпті сақтауға қауіп төндіретін, құқық бұзушылық болып есептелетін немесе есептелмейтін, қылмыстық құқық бұзушылықты немесе әрекетті түсінеді [4, б. 45] .
Сонымен қатар, аталған іс-әрекеттерге «борттағы адам күшпен немесе араласу актісінің күшімен қорқытып, ұшып бара жатқан көлік кемесін тартып алған немесе басқаруды қылмыстық пайдаланған немесе ол осындай актіні жасауға дайындалған» жағдайлар жатқызылған.
Гаага конвенциясында көлік кемесін тартып алу ұғымы нақтыланған. 1 бапта, «күшпен» немесе «күшпен қорқыту»-ды көрсетумен қатар, «кез-келген басқа қорқытулар» ұғымы енгізілген. Сонымен қатар, «көлік кемесін басқаруды қылмыстық пайдалану» ұғымы тәптіштелген. Гаага конвенциясының тұжырымдамасы көлік кемесін тартып алуды немесе оған бақылау жүргізуді, не аталған актіні жасауға әрекеттенуді осылай таниды. Сыбайластарының әрекеттерін қылмыстық деп тану маңызды қосымша болды.
Монреаль конвенциясының тұжырымдамасы едәуір толық болып есептеледі. Онда егер ол ұшып бара жатқан көлік кемесінің бортындағы адамдарға қатысты заңсыз күш көрсететін болса және егер бұл акт кеменің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болса, онда ол кінәлінің қылмыстық әрекеті деп белгіленген. Көлік кемесін қирату, оны істен шығаратын немесе ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін, зақым келтіретін актілер де осылай танылады.
Бұл құрамға қандай да бір тәсілмен көлік кемесіне, оны бүлдіретін, зақым келтіретін, істен шығаратын немесе ұшу қауіпсіздігі үшін қатер төндіретін, құрылғыларды немесе заттарды орналастыру (немесе осыған алып келетін әрекеттер жасау) жатады.
Соған қарамастан, біздің ойымызша, халықаралық заңнама, сондай-ақ шетелдік мемлекеттердің заңнамасы да ұшу қауіпсіздігіне қол сұғуды, көлік қарақшылығын анықтауда және саралауда оның тиімділігін төмендететін, бірқатар олқылықтардан зардап шегеді.
Мәселен, соңғы екі конвенцияның қағидалары келісетін мемлекеттер, ешқандай ерекшеліксіз «қылмыстық қудалау мақсаты үшін істі өзінің құзіретті органдарына беруге» міндетті екендігін тиянақтайды. Алайда «мақсаты үшін» деген сөз біршама тиянақсыз. Шын мәнінде алғанда, аталған «мақсат» ұлттық заңнама шеңберінде сотпен қарастырылатын, «мақсатпен» сәйкес келмеуі мүмкін. Және де егер, қылмыскерлер өздерінің әрекеттерінің саяси дәлелдерін тануды талап ететін болса, онда нақты түрде қылмыс құрамы мүлдем болмауы да мүмкін [5, б. 59] .
Міне, сондықтанда Қазақстан Республикасымен 2000 жылы 7 тамызда бекітілген, лаңкестікке жол бермеу туралы Еуропа Конвенциясының қатысушылары бірқатар қылмыстарды саяси ретінде қарастырмауға келісті. Бұл - Гаага және Монреал конвенцияларымен көзделген, құқық бұзушылық. Яғни, аталған конвенцияда көзделген, әрекетті жасаған, қылмыскер келіскен мемлекеттердің аумағында оны саяси қылмыскер деп тануды және осы негізде ұлттық соттың төрелігіне бермеуді талап етіп, халықаралық жанжал шығара алмайды.
Сонымен қатар, лаңкестікке жол бермеу туралы Конвенцияның 8 бабының 2 бөлімінде, егер қылмыскерді шет мемлекетке беру туралы өтініш іс жүзінде осы адамды нәсілі, ұлты немесе саяси көзқарастарының пайымдаулары бойынша ізіне түсу немесе жазалау мақсатында ұсынылған деп ойлауға мемлекеттің елеулі себептері болса, оның ешқандай жағдайы заңдық өзара көмек туралы тұжырымдаушы міндеттеме ретінде түсіндірілуі мүмкін емес екендігі жайлы императив берілген.
Қазақстан конвенцияны ескертпемен бекіткен, соның ішінде осы нормаға қатыстысы бар: «Қазақстан Республикасы Конвенцияның 5 бабы және 8 бабының 2 тармағының қағидалары, беру және құқықтық көмек мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігіне нұқсан келтірмей, Конвенцияның ықпалына жататын, қылмысты жасағандығы үшін жауапкершіліктің болмай қалмауын қамтамасыз ететіндей түрде, қолданылуы керек дегенді басшылыққа алады» [6, б. 67] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz