Ресей мәдениетінің «Алтын кезеңі»



Кіріспе
1.Сәулет және мүсін
2.Орыс сурет өнері
3.Театр және музыка
4.Орыс журналистикасы
5.Орыс әдебиеті
5.1.А.С.Пушкин
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ресей мәдениеті— адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этникалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы — православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет- бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен және тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузиясияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты
1. Мәдениеттану негіздері: Оқулық. – Алматы: Дәнекер, 2000. I
2. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Ежелгі орыс өнері
3. Жоғарыға көтеріліңіз↑ История культуры России
4. Жоғарыға көтеріліңіз↑ Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ресей мәдениетінің Алтын кезеңі

Жоспар:
Кіріспе
1.Сәулет және мүсін
2.Орыс сурет өнері
3.Театр және музыка
4.Орыс журналистикасы
5.Орыс әдебиеті
5.1.А.С.Пушкин
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ресей мәдениеті -- адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті -- өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этникалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы -- православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған тұйықтыққа бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет- бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен және тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузиясияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты

Сәулет және мүсін өнері
ХVIII ғасырдың басы ХІХ ғасырдың аяғы орыс сәулет өнерінде үлкен орын қалдырған классицизм дәуірі.
Классицизм еуропалық мәдени эстетикалық бағыт,антикалық өнер, әдебиет және мифологияға негізделген. Музыка мен әдебиетте классицизм қатты байқалған жоқ, бірақ сурет өнері мен сәулет өнерінде үлкен мұра қалдырды.
Классицизм стиліндегі ғимараттар сабырлығымен, анықтылығымен ерекшеленеді. Архитектуралық құрамының басты заңдылығы, симметрия мен үйлесімділіктің болуы. Басты есігі орталығында орналасқан, мұнаралар және фронтондармен әсемделген. Мұнаралардың түсі қабырғаның түсінен ерекшелену керек болған. Әдетте мұнаралардың түсі ақ, қабырғалар сары түсті болған.
ХІХ ғасырдың ортасының өзінде Петербургтың орталығында жалғызбасты ансамбльдер болған, ол ескі Мәскеуге ұқсаған. Кейін бүкіл қалада тұрақты құрылыс басталды. Петербургтық классицизм жеке ғимараттардың емес, тұтас даңғылдар мен көшелердің қалыптылығымен, үйлесімділігімен таңғалдыратын архитектура.
Санкт-Петербург орталығын оңтайландыру жұмысы А.Д. Захаровтың жобасы бойынша Адмиралтейство ғимаратын тұрғызудан басталды. Сәулетші осы үлкен құрылыста орталық мұнараны ерекшелеп көрсеткен. Адмиралтейство ғимараты Нева өзенінің үстінде орналасқан қаланың сәнін келтіреді, ал ғимараттың үстінде орналасқан қайық қаланың символы болып есептеледі.
ХІХ ғасырда Васильялық аралдағы нұсқардағы Биржаның салынуында үлкен мағына болды. Осы ғимарат Нева жағасындағы архитиктуралық жарасымдылықтарды біріктіруі керек болатын. Биржаның сызбасын дайындаумен оны әсемдеу француз архитекторы Тома де Тоьонға табысталған болатын. Жобаны түзету А.Д. Захаровқа табысталған. Екі сәулетшінің жұмысты бірігіп жасауы керемет нәтижеге алып келді.
Казань соборы салынғаннан кейін Невский даңғылы мен басты Петербург магистралі бүтіндей жарасымдылыққа ие болды. Жоба авторы А.Н.Воронихин, басыбайлы шаруаның баласы, үлгі ретінде Римдегі әулие Петрдің соборы, ұлы Микеланджелоның туындысын алған. Осы ғимараттың сарынын негізге ала отырып, Воронихин ерекше сәулет туындысын дүниеге әкелген. Собор алдындағы алаң екі жағынан мұнаралармен қоршалған, қазіргі таңда бұл алаң қала тұрғындарының сүйікті жерлерінің біріне айналған. ХІХ ғасырда бұл жерде митингтер өткен. Бұл соборда М.И. Кутузовтың табыты орналасқан. Шіркеу алдында Б.И.Орловский жасаған Кутузов пен Барклаю де Толллиге арналған мүсіндер орналасқан.
XIX ғасырдың 40-50 жылдары Невский даңғылындағы, Фонтанкадан өтетін Аничкова мостында орналасқан П.К.Клодтың қоладан жасалған Укротители коней мүсіні сәндеген.Клодтың мүсіндері адам мен табиғаттағы қолайсыз құбылыстар арасындағы күресті белгілейді. Клодтың тағы бір туындсы І Николайға арналған Исакиев алаңында орналасқан мүсін. Император ат үсутінде отыр. Ал аттар билеп тұрған сияқты, соған қарамастан император қозғалмай өзінің дәрежесін көрсетіп тұрған секілді.
1818 жылдан бастап 1858 жылға дейін қырық жыл бойы ең үлкен ғимараттардың бірі - Петербургтағы Исакиев соборы құрылыс жұмыстары жүрді. Бұл собордың ішіне бір уақытта 13 мың адам сыяды. Проектті француз сәулетшісі Огюст Монферран(1786-1858) құрастырған. Шіркеудің сыртқы бейнесі мен ішкі безендіру жұмыстарын скульптор П. К. Клодт и художник К. П. Брюллов жасады.
Дворцовый алаңында Монферранның жобасы бойынша Б.И.Орловский жасаған гранитті монолиттен жасалған 47- метрлік крест ұстаған періште бейнесіндегі І Александрға арналған ескерткіш, сонымен қатар Отан соғысындағы орыс қаруына арналған монумент бар.
Карл Иванович Росси итальяндық балеринаның баласы, Ресейде туылып өскен. Оның оны өнерімен Санкт Петербургтағы көптеген туындылар байланыстырылады. Россидің жобалары бойынша Сенат пен Синоданың, Александрийлік театрдың, Михайлов сарайының (қазіргі Орыс музейі) салынған. Ол жеке ғимараттарды салып қана қоймай, сонвмен қатар олар орналасқан көшелер мен алаңдарды қайта салып, қайтадан әсемдеген. Бұл жұмыстар бір кездері соншалықты үлкен қарқын алып, тіпті Россидің өмірлік арманы түгел қаланы өнер туындысы қылу жүзеге асуға жақын қалған. Алайда Росси өз арманында халықтың қалауымен, күнделікті мұқтаждықтарын ескермей, қала халықтың өмір сүру дағдысына сай емес, жәй ғана көрініске айнала бастаған. Россидің шығармашылығының арқасында орыс классицизмі шарықтау шегіне жетті.
Мәскеулік классицизм сипаты әдетте ансамбыль ретінде емес, жеке ғимараттар ретінде сипатталады. Тіпті 1812 жылғы өрт бұл жағдайды өзгерте алмады. Қиғаш, көптеген дәуірлердің стильдері біріккен көшелерде ансамбльдерді жасау өте қиын.
Мәскеудегі өрттен кейін Үлкен театр (архитекторы О.И.Бове), Манеж (архитекторы А.А.Бетанкур), Солянкадағы Қамқоршылық кеңісі (архитекторы Д.И.Жилярди) сияқты сұлулығымен көздің жауын алатын туындылар дүниеге келген. Қызыл алаңда И.П.Мартостың туындылары Минин мен Пожарскийге арналған ескерткіштер тұрғызылған. Классицизм дәуіріне сай, мүсінші өзінің кейіпкерлерін антикалық киімдер жамылдырған.
Мәскеулік классицизм Петербургтік классицизм сияқты айбындылығымен ерекшеленген жоқ. Мәскеу үшін кішігірім жеке үйлер тән. Ең әсем үйлердің бірі Пречистенкадағы Лопухиндердің үйі (қазіргі Л.Н.Толстой музейі).

2.Орыс сурет өнері
1830 жылы орыс суретшісі К.П.Брюллов ежелгі Помпей қаласының қазба жұмыстарына қатысқан. Ол ежелгі көпірлермен, фрескаларды тамашалап, оның қиялында б.з 79 жылдағы Везувидің оянып, бүкіл қаланы лава басқан қайғылы түн көз алдына келді. Үш жылдан кейін Помпеидің соңғы күні картинасы Италиядан Ресейге келді.
Брюллов Италияда Көркем Академиясының іс-сапары бойынша барған. Бұл академияда көркемөнер техникасын жоғары деңгейде үйреткен. Алайда қарапайым өмір мен орыс пейзаждары академияда суретшінің қылқаламына лайықсыз деп есептелген. Классицизмда көркемөнер академизм деген атауға ие болған.
Ол асқақ қиял, сұңғыла көзқарас және сенімді қолға ие болған. Ол адам бейнесімен, күн сәулесін бар көркемдігімен кенепке сала білген.Оның Всадница, Вирсавия, Итальянское утро, Итальянский полдень сияқты туындылары, мәңгі өлмес туындылар болып қалады.
Өз кезеңдеріндегі тамаша суретшілер Орест Адамович Кипренский мен Василий Андреевич Тропинин бізге Пушкиннің тірі кезінде салынған портреттерін тастап кеткен.Кипренскийдің портретінде Пушкин салтанатты көрінеді. Пушкин оның туындысын көріп: Ты мне льстишь, Ореста деп айтқан.
Академизімнің шегінен П.А.Федотовтың суреттері тысқары болғаны сөзсіз.
Өзінің сатирик суретші жолын ол гвардия офицері болған уақытта бастаған. Ол кезде ол қызықты армиядағы өмірді суреттеген. 1848 жылы академиялық көрмеде оның Свежий кавалер атты туындысы көрсетілген. Бұл туынды тек ақымақ шенеуніктерді мазақ ету емес, сонымен қатар академиялық дүстүрлерді мазақ еткен. Суреттегі басты кейіпкер үстіне кір халатты киіп, қте қатты антикалық тоганы еске түсірген. Брюллов бұл суретке ұзақ қарап тұрып, авторға Құттықтаймын, сіз мені жеңдіңіз деп айтқан. Федотовтың басқа да туындаларында комедиялық сатирикалық сарын бар. Мысалы: Завтрак аристократа, Сватовство майора. Оның соңғы туындылары өте қайғылы. Мысалы: Анкор еще анкор, Вдовушка.
Бұл кезең суретшілерінің үздік туындылары жоғары дәрежелі мырзадардың үйлерінің сәнін келтірген, немесе сурет Академиясына қойылған. Ол суреттерді көрген адам аз. Ең алғаш 1852 жылы Ресейлік көркем өнер музейі Эрмитаж ашылған уақытта ғана, халық өнер туындыларын көре алды.
3.Театр және музыка
Ресейдің театр өнерінде сол қалпы үлкен рөлді шет елдік труппалар мен басыбайлардың театрлары ойнаған. Кей помещиктер театрлық кәсіпкерлерге айнала бастаған. Олардың театрларында басыбайлар мен дәрежелі актерлер де өнер көрсеткен. Мұндай театрлар Казань мен Пенза қалаларында болған.
Көптеген орыс әртістері басыбайлардан шыққан. М.С. Щепкин 33 жасқа дейін басыбай болған. П.С.Мочалов басыбай актердің отбасында өскен. Белинскийдің бір мақаласында Мочаловтың Гамлет рөлін қалай орындағаны жазылған. Белинский Мочалов Гамлтке өте көп күш пен энергия берген... және де меланхолияны шегінен аз берген, ол Шекспирдің Гамлетінен тым өзгеше деп жазған. Орыс сахнасындағы тағы бір Гамлет рөлін сомдаған әртіс В.А.Каратыгин.
Орыс театр өміріндегі ең үлкен жаңалық Гогольдің Ревизоррысын халыққа көрсету болды. Ол бірінші Петербурктегі Александр театрында, кейін Мәскеудегі Кіші театрда көрсетілді.
Осы жылдары Мәскеудегі үлкен театрда М.И.Глинкидің Жизнь за царя (кейіе Иван Сусанин деп аталды) атты операсы қойылды. Глинкидің арқасында орыс музыка өнері батыс сарынын өзіне сіңіріп жаңа деңгейге көтерілді. Глинки алғашқы болып өшпес ұлттық орыс музыкасын өмірге алып келген. Жизнь за царя операсының кей жерлері халықтың жүрегіне кеңінен кіреді.
Глинкидің туындылары асқақтығымен жарқындығымен ерекшеленеді. Оның бірінші туындысын халық үлкен ілтипатпен қарсалса, екінші Руслан и людмила операсын халық суық қарсалды. Ол уақытта көбі оның талантын түсіне қойған жоқ етін. Бірақ, батыста сол уақыттың өзінде оның өнерін жоғары бағалаған.Мысалы: француз романисті П.Мериме, композиторлар Г.Берлиоз бен Ф.Лист). Оның қаламы романстарды жазған, еі атақтысы А.Пушкиннің Я помню чудное мгновение тақпағына жазылғаны.
Пушкиндік сюжет А.С.Даргомыжскийдің Русалка операсына кірген. Бұл операны астаналық көрермен суық қарсыалды. Көптеген музыка сүйер қауым мен газеттік жазғышсымақтар мендегі талантты қабылдамайды. Олар үйренге жағымпазддық өлендерді менің жағым келмейді. Мен тек шындықты жазуды қалаймын деп жазған Даргомыжский.
Даргомыжскийдің музыкасы Глинкидікіндей әуенді емес. Бірақ бір нәрседе ол оны басып озды. Глинки өзінің операларында жалпылық пен шектелген. Ал Даргомыжский әр кейіпкердін жүрегңндегі барлық сезімдерді музыкамен білген.
Сонымен қатар өнерлі әуесқой А.А.Альябьев, А.Е.Варламов және А.Л.Гурилевта, орыс музыкасын көптеген романстармен байытқан. Олараңғалдық пен жүрекке жылулық беретін қалалық романстың бастамасын жасаған. ХІХ ғасырда орыс музыка өнері үлкен шындарға жеткен.

4.Орыс журналистикасы
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындаГзет және журналдардың басылымы біраз көбейді. 1811 жылы бірінші аймақтық гатез Казанские известия шығарыла бастаған. Ол 10 жыл өмір сүрген. 1838 жылдан бастап әр губернияда өздерінің Губернские ведомсти газеті шыға бастады. Балалар мен әйелдерге арналған журналдар көбейді.
Санкт Петербургские ведомости газеті сол қадпы ресми газет болып есептелген. Ол ақпараттық бюллетень дәрежесін сақтап тұрды. Николай патша кезіндегі беогілі жцрналист Ф.В.Булгарин Северная печать газетін шығарған. Ол газет шенеуніктер мен үкіметті мадақтап отырған. Бірақ ол үкіметке көп жағдайда жаға қоймады. Үкіметті мадақтама! Үкімтке оның қажеті жоқ деп, Бенкендорфтың көмекшісі Дубельттен сөгіс естіген. Келесіде Петербургтің ауа райы жайлы сөзі үшін Император резендциясының ауа райы жайлы қалайша жаман айтасын? Еркінсініп жүрсің бе? Көрсетем саған. деп Дубельттен тағы сөгіс естіді.

ХІХ ғасырда орыс журналдары арасында Вестник Европы үлкен сұранысқа ие бола бастаған. Журнал өзіндік ойымен, жазылған материалды таңдауымен ерекшеленген.
А.А.Бестужов пен К.Ф. Рылеев шығарған Полярная звезда журналы танымал бірақ ғұмыры қысқа болды. Журнал орыстың танымал А.С.ПУшкин, Е.А.Баратынский, И.А.Крылов сияқты танымал поэттерімен серіктестік қатынаста болды.

1839 жылы А.А.Краевский Отечественные записки журналын шығара бастады. Журналда М.Ю.Лермонтовтың, И.С.Тургеневтін, Ф.М.Достоевскийдің,А.И.Герциннің шығармалары жазылды. Үлкен танымалдылыққа журнал 1839-1846 жылдары ие болды, бұл уақытта критика бөлімін Белинский басқарған. Университет терезесінің алдында Отечественные запискиді оқып отырған студент сол уақыттағы қарапайым көрініске айналды. Жаңа басылымды оқу үшін студенттер үлкен очередьке тұрған. Алайда 1846 жылы Белинский Краевскиймен сөзге келіп журналдан кетіп қалған. Журнал оның кетуімен құлдырай бастады.

5.Орыс әдебиеті

Орыс әдебиетінің алтын кезеңі деген қанатты сөз, бұлай орыс әдебиетінің ХІХ ғасырды атайды.
Алғаш Орыс әдебиетінің алтын кезеңі деген ұғымды М.А.Антонович 1863 жылы Современник журналындағы Литературный кризис атты мақаласында жазған.
Алтын кезең деп М.А.Антонович А.С.Пушкин мен Н.В.Гогольді айтқан, алайда кейін бұл термин барлық ХІХ ғасырды қамтыған, ішіне И.С.Тургеневтің, Ф.М.Достоевскийдің,Л.Н.Толстой кіргізілген.Катаев Пушкиннің тууылуымен мен Чеховтың өлуі арасында тұтас бір дәіур, орыс әдебиетінің алтың кезеңі сыйған. Олар үзілмес жіптің басы мен аяғы іспетті. деп жазған.
Алтын кезеңнің басты кейіпкері А.С Пушкин болған.

5.1. А.С.Пушкин

.Александр Сергеевич Пушкиннің өмірі мен өнерпаздық жолы азаттық, адамгершілік идеялары үшін аянбай күресу жолы болды. Сөз өнерін дәуірінің озат тілек-мақсаттарымен ұштастыра білуі оған әдебиетте тың жол табуға, бүкіл елдің, орыс халқының әдебиетін жаңа арнаға бұрып, әдебиетті жаңаша дамытып, өркендетуіне мүмкіндік берді. Александр Сергеевич Пушкиннің шығармашылығы бір жарым ғасырға созылған орыстың ұлттық әдебиетінің қалыптасу кезеңін аяқтады.Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Ол дворян отбасында туылып, балалық шағын Мәскеуде өткізген.12 жасынан Царское селода (қазіргі Пушкин қаласы) лицейде оқып, ақындық шеберлігін шыңдай түсті. Лицейді аяқтаған соң Петербургке қоныс аударып, әдеби-қоғамдық өмірге белсене араласты.Жас Пушкин әдебиеттегі өз орнын табуға, өзінің шығармашылық бетін айқындап алуға үлкен мән берді. Оның әдебиетке алғаш келген жылдары жазған өлең-жырларының қай-қайсысын алсақ та, олардан біз азаттықты аңсауды, отаншылдықты, халық мұңын, тілек-мүддесін жақтауды шығармаларының негізгі арқауы еткен күрескер ақынның асқақ бейнесін көреміз. Жаңа ұрпақтың арман-мұраты, үміт-сенімі, ескіден безінуі, ізгілікті, бостандық пен бақытты армандауы - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей мәдениеті
Ресей мәдениеті жайында
Н. Бердяев бойынша Ресей мәдениетінің тарихи кезеңдері
Ежелгі славяндардың мәдениеті
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Мәдениет ұғымы және оның мәні
АЛТЫН ОРДА МЕН ТАТАР МЕМЛЕКЕТІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлiк тәрбие дәстүрлерi
Орыс өнерінің қалыптасу кезеңдері
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының қола дәуірін зерттеу тарихы
Пәндер