Білім беру жүйесіндегі электрондық оқыту (e-learning)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Филология» факультеті
Шетел тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасы
Мамандығы: 5В11900 - «Шет тілі: екі шет тілі»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Білім беру жүйесіндегі электрондық оқыту (E-learning) »
Студент: Камалова Мадина Шахибаденқызы
Тобы: ШТ-43
Ғылыми
жетекшісі: п. ғ. к., доцент
Карабаева Жанна Дуйсенбековна
Астана 2015 ж.
Мазмұны
Кіріспе3
1 Білім беру жүйесіндегі «e-learning» - электронды оқыту жүйесі6
1. 1 «E-learning» - электронды оқыту жүйесінің білім саласына енгізілуінің қазіргі жағдайы6
1. 2 «E-learning» - электронды оқыту жүйесі шет тілі сабағында қолданылуының ғылыми-әдістемелік және педагогикалық-тәжірибелік негіздері13
2 Шет тілі сабағында оқушыларды электрондық оқыту жүйесін қолдана отырып оқытудың практикалық негіздері30
2. 1 Ағылшын тілі бойынша оқушыларға арналған электрондық оқу-әдістемелік құралдарын таңдау және рәсімдеу30
2. 2. Электрондық оқыту технологиясы бойынша ағылшын тілі сабағын оқытудың тәжірибелік сипаты48
2. 3. Ағылшын тілі сабағын электрондық оқыту технологиясын қолдана отырып оқыту тәжірибесінің нәтижелері65
Қорытынды70
Қолданылған әдебиеттер тізімі73
КіріспеЗерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстанда қоғамды ақпараттандыруға баса назар аударылуда. Қоғам талаптарына байланысты жаңа бағдарламалар тасқыны адамдарға ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін туғызып отыр.
Қоғам өзінің эволюциялық дамуының жаңа фазасына - ақпараттық қоғам фазасына ауысты, ол ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың адамның барлық өмір саласына енуімен сипатталады. Ал ақпараттық ресурстардың рөлі заттық және энергетикалық ресурстармен бірдей дәрежеде болып келеді. Ақпараттық қоғам құру мәселелерін шешуге бағытталған әлемдік саммит АКТ ұлттық мақсатта қолдануға бағыт алды, соның ішінде білім саласында да, өйткені бұл білімнің жоғары сапасына әкеледі. XXI ғасырдың алдыңғы қатарлы қағидалары ретінде ЮНЕСКО «барлығына арналған білім» және «барлық өмір бойына білім» - «Life Long Learning (LLL) » деп жариялады. Бұл әлемдегі адамдарды саналы түрде ойлауға, жаңа бағытта жаңалықтар ашуға, әлемді жаңа қырларынан тануға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: «Орта, техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында электрондық оқыту жүйесі (е-learning) енгізілетін болады», - деп қарастырылған [1] . Және Елбасының 2010 жылғы 7 желтоқсанда № 1118 Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі оқу үдерісін автоматтандыруды енгізудегі «білім беру ұйымдарының 90%-ы электрондық оқыту жүйесін қолданылады» мақсаттық индикаторына негіздеп электронды оқыту жүйесін 2011-2012 оқу жылынан бастап жүзеге асырылып отыр [2] .
Қазіргі ақпараттану заманында «Е-learning» - электронды оқыту жүйесіне ағылшын тілі сабағында оқушыларды даярлаудың жаңа әдістері мен технологиялардың пайда болуы педагогика саласында үлкен өзгерістер әкеледі. Бұл педагогикалық оқыту үрдісі мен жаңа технологияларды біріктіруді талап етеді.
Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол - білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез-келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.
Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Электронды оқыту жүйесін қолданудың кең тараған тиімді себептері ретінде мыналарды айтуға болады:
- экономикалық әсерлігі. Тікелей оқытуға байланысты жанама шығындарды қысқарту мақсатында (іссапар төлемдері, уақытша тұру, ғимарат жалдау т. с. с. ) ;
- икемділігі. Клиент, серіктес немесе кез-келген оқытылатын адамдардың географиялық орнына байланысты мәселелерді шешу мақсатында;
- оқытушыға тәуелсіз кез-келген уақытта оқытуды жабдықтау мүмкіндігі;
- модульдігі, яғни оқыту бағдарламасы негізін модульдік принцип құрайды;
- оқытушының алатын рөлінің жаңашылдығы, яғни оқу жобаларына жетекшілік ету, жеке оқу жоспарын құруда көмек беру, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдайлар туғызу және т. б;
- сапаны бақылаудың арнайы түрлері: емтихандар, практикалық, курстық, жоба жұмыстары, компьютерлік интеллектуалдық тестілеу жүйелері;
- арнайы мамандандырылған технологиялар мен оқу құралдарын қолдану.
Білім жүйесінің ақпараттануының дамуының объективті үрдістері бұл саланың әдістемелік негіздері мен технологияларын қайта ойластыруға бағытталған ғылыми-педагогикалық зерттеулердің үлкен өзгерісіне алып келді.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі электрондық оқыту (E-learning) .
Зерттеудің мақсаты: қоғамның барлық саласы ақпараттанған жаңа заманда ағылшын тілі сабағында электронды оқыту әдістерін қолдана білуге дайындығын арттыру.
Дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттер айқындалды:
- Елімізде және шетелдерде «е-learning» - электронды оқыту жүйесінің білім саласына енгізілуінің қазіргі жағдайын талдау;
- Ағылшын тілі бойынша оқушыларға арналған электрондық оқу-әдістемелік құралдарын таңдау және рәсімдеу;
- Электрондық оқыту технологиясы бойынша ағылшын тілі сабағын оқытудың тәжірибелік сипатын анықтау.
- Ағылшын тілі сабағын электрондық оқыту технологиясын қолдана отырып, оқыту тәжірибесінің нәтижелерін анықтау.
Зерттеу объектісі: «Е-learning» - электронды оқыту жүйесі арқылы оқушыларды шет тілі сабағында ағылшын тілінде сөйлеуге даярлауда қолдану әдістері.
Зерттеу пәні: ағылшын тілі сабағындағы электрондық оқыту жүйесінің негіздері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- білімдік қолданбалы бағдарламалық өнімдерді жасаудағы орталық амал теориялық тұрғыдан негізделді және практикада қолданылды;
- заманауи педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды біріктірудің трансферті тәрізді электронды оқытудың педагогикалық технологиясы жасалынды;
Зерттеу жұмысын жазу барысында келесі әдістер қолданылды:
Салғастырмалы - дипломдық жұмыстың тақырыбында белгіленген мәселелер айнасында әдістемелік материалдарды және зерттеушілердің көзқарастарын зерттеу.
Салыстырмалы - ағылшын тілінен әр түрлі авторлардың оқу құралдарын сол оқу құралдарында электронды оқыту әдісі материалдарының ең көп қолданған коэффициентті анықтау мақсатында зерттеу;
Тәжірибелік - орта мектепте оқу практикасы уақытында шетел тілі бойынша оқыту сабақтарын жүргізу кезінде электронды оқытудың материалдарын пайдалану, нәтижелерді сипаттау және жалпылау.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: тілдің грамматикалық жақтарын қалыптастыруда нақты материал, электронды оқыту күйінде ұсынылады, ол кейін жалпы білім беретін мектептерде оқытудың кіші, ортаңғы және жоғарғы сатыларында қолданыла алады.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы: Зерттеудің нәтижелері Жезқазған қаласындағы №8 мектеп-гимназиясында 7-8 сыныптарында өткізілген практикалық жұмыс тәжірибесінің негізінде құрылған. Мұнда көрсетілген бақылаулар мен тұжырымдар ағылшын тіліне оқыту сабақтарында, жалпы білім беретін мектептерде грамматикаға, ағылшын тілінде сөйлеуге үйретуде, ағылшын тілі мамандарын дайындауда қолданыла алады.
Зеттеудің негізгі дерек көздері: шетелдік, ресей және отандық ғалымдардың еңбектері құрады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Білім беру жүйесіндегі «e-learning» - электронды оқыту жүйесі 1. 1 «E-learning» - электронды оқыту жүйесінің білім саласына енгізілуінің қазіргі жағдайыЭлектрондық оқыту- кешенді емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті бағдарламалық жүйе және ол оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады, әрі мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті, кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады. Дидактикалық заңдастырылған жалпы білім әдістемелік аспектілер, арнайылап оқыту, негізгі пән немесе пәндер тобы және электрондық оқытудың бағдарламалық нақтылығымен өзара тығыз байланысты болады. Электрондық оқыту - бағдарламалық-әдістемелік кешен, өзіндік немесе мұғалімнің көмегімен білім курсындағы бөлімнің мүмкіндігін электрондық түрде қамтиды.
Электрондық оқыту, негізінен үш бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері бойынша бекітілген жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін тестер. Компьютерлік оқыту негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеуішті, зертханалық жұмыстарды бір-бірімен байланыстырады.
Электрондық оқыту - таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтыруды қамтамасыз ететін, оқу үрдісін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздандыратын, сонымен қатар ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуалдаумен имитациялық моделдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған бағдарламалық кешенді жүйе. Электронды оқыту барлық негізгі функцияларды, теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып қабылдауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Дидактикалық цикл үрдісін біріңғай компьютердің көмегімен оқу үрдісін ұйымдастырып, оқушылардың білім алуда уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклді бір ғана жұмыспен - электрондық оқулықпен орындау керек. Оқыту үрдісін жаңаша түрде орындау үшін компьютермен диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою керек. Мультимедианың әдістемелік күші оқушыны дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, ақпараттық және көңіл күйіне де көмек береді [4] .
Қазіргі заманда білім кеңістігінің жоғары қызығушылықпен дамып келе жатқан саласы - электронды жүйемен оқыту. Осындай электронды оқыту жүйелерінің бірі E-learning. Электронды оқыту жаңа технология болып табылатынына қарамастан, тарихи деректер E-learning электронды оқыту жүйесінің алғашқы қадамы ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында Стэндфорд университетінің қабырғасында орын алғанын көрсетеді. Бұл жоба аясында сол кезде компьютерлер математика пәнін оқыту үшін қолданылған және бүкіл әлем бойынша оқушыларды оқыту үшін осындай мультимедиялық курстардан әлемнің 35 мемлекетінен елу мыңнан астам оқушылар мен студенттер өткен. E-learning Финляндияда, Ирландияда және Оңтүстік Кореяда білімді жетілдіру мен экономикалық өсудің негізгі құралы болып есептеледі. Электронды оқыту бойынша арнайы ұлттық бағдарламалар жасалды. АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінде электронды оқыту күнделікті өмірдің практикалық тәжірибесіне айналған. Білім кеңістігінде электронды оқыту жүйесін қолданудың мақсаты бұл оқу үрдісінде сапалы білім беру қызметтерін енгізу және оған қолжеткізу үшін ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдана отырып ұйымдастыру. Ақпараттық технологиялардың дамуы қоғамның интеллектуалдық потенциалы мен мемлекеттегі білім дамуының деңгейіне байланысты. Білім мазмұны мен сапасы қоғамда әрқашан басымдық маңызға ие. Осының салдарынан білім сапасын көтеру мақсатында жалпы оқыту жүйесіне әртүрлі жаңа ақпараттық коммуникативтік технологияларды енгізу жоспарлы жұмыстары қарастырылуда. Әлемдік тәжірибеде ақпараттық телекоммуникациялық технологияларды білім саласында жетістікке қол жеткізе қолданудың бірнеше мысалдары бар, сонымен қатар оқытуда оң нәтижелер беретін іс жүзіндегі бағдарламалар мен жобалар да бар. Электронды оқыту жүйелеріне кіріктірілген заманауи компьютерлік технологиялар білімді жеткізу мен әртүрлі оқу ақпараттарына өтуде дәстүрлі оқыту құралдарына қарағанда анағұрлым әсерлі әрі нәтижелі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру [3, б. 35] .
Электронды оқытуда мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс орны болады. Оған электронды журналдар, күнделіктер, жоспарлар, электронды оқытушылар бөлмесі, ата-аналарды SMS-хабарламалары кіреді. Әрбір оқушы мен оқытушының кез келген уақытта әлемдік ең жақсы білім ресурстарына «онлайн» өту мүмкіндігі болады. Сонымен қатар цифрлық білім ресурстары, яғни электронды оқулықтар, ойындар, виртуалды тренажерлар, зертханалар болу керек. Жалпы E-learning электронды оқыту жүйесіне берілетін анықтамалық түсініктер өте көп. Солардың бірі E-learning - оқу үрдісін сапалы ұйымдастыру үшін компьютерлік технологияларды құрылымдас мақсатты бағытпен қолдану. Электронды оқытуды қолдану аясында қандай бір шектеулер болмайды. E-learning - күндізгі семинарлардың инновациялық баламасы, сонымен қатар қызметкерді оқыту құралы, кез келген адамның жеке және кәсіби өсуіне тиімді, өз бетімен және жан-жақты дамуына бағытталған құрал ретінде. Қазір Қазақстанда электронды оқытудың синонимі қашықтықтан оқыту жүйелерін (ҚОЖ) өндірістік ірі компаниялар мен банктік секторлар да енгізуде. Себебі, электронды білім беру жүйесі - болашақта жаппай ағарту саласын қамтитын жаңа үрдісті шығармашылық еңбек. Үшінші мыңжылдықта қолға алынып жатқан инновациялық жалпы адамзаттық үрдіс десе де болады. Е-learning электронды оқыту жүйесі білім берудің барлық сатысын технологияландыруымен ерекше. Электронды оқыту түрін қолданудың әсерлігі мен нәтижелігі туындайтын жағдаяттардың нақты факторларына тәуелді болуында.
Е-learning электронды оқыту жүйесін қолдануға қойылатын талаптарда жоқ емес себебі, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталу жағдайлары толығымен өзгертіледі, яғни әр оқытылатын пәнге арналған жаңаша кабинеттер жасақталады. Бұған дейін тек информатика немесе физика кабинеттерінде тұратын компьютерлік аппараттық жасақтамалар интерактивті тақта, ноутбук, сондай-ақ жаңа құрылғы - электронды планшетниктер, тағы басқа қажетті құралдар барлық пән кабинеттерге толықтырылады. Бұл жүйемен оқыту білімгерлердің бұрынғы ұстап жүрген портфельдерінен бастап күнделіктеріне дейін электронды түрге ауыстырады. Электронды оқыту жүйесінің ерекшелігінің бірден-бір негізгі ұғымы білімгерлер үшін ол - «планшетник». Бұл өте қолайлы, бүгінгі заман талабына сай, жан-жақты білім беруге лайық құрал. Бұл «планшетник» білім мекемесіндегі компьютерлік торапқа байланыстырылады да білімгерлер өзіне қажетті ақпараттың барлығына қол жеткізіп отырады, яғни мектеп күнделігі, электронды сабақ кестесі, оқулықтар тіпті алған бағаларына дейін ата-аналарымен көрулеріне жағдай жасалады. Бұл ақпарат беру жүйесі мен кері байланыс еш кедергісіз, мұғалімсіз-ақ жүзеге асырылады деген сөз. Білім мекемесіндегі кітапхана, медицина қызметкерлері кабинеті, мұғалімдер бөлмесі де интернетке қосылған компьютерлерге жалғану арқылы жұмыс істейді. Мұндай оқыту педагогтардың жұмысын мәселен, жоспарлау, сабақ кестесін жасау, кабинеттерді бөлу, журналға баға қою, статистикалық мәліметтер жинау, тағы басқа ұсақ-түйек қол байлайтын шаруаның бәрі автоматты түрде жүзеге асады [5, б. 93] .
Электронды оқыту жүйесі одан бөлек ата-аналар үшін де өте тиімді деуге болады. Жұмыстан қолы босамайтын ата-аналар үшін бұл электронды жүйе бірден-бір шешім сияқты десе де болады, алайда балаларының сабағын тексеру сияқты жұмыстарды ата-аналардың орындауы үшін интернет байланысының қажеттігін түсінгендері жөн. Тіпті қалаған уақытта сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен де сөйлесу мүмкіндігі мол, ол үшін электронды оқыту жүйесінде sms хабарлама ұйымдастырылған.
Біздің қоғамымызда «виртуалды оқыту - виртуалды білім» деген көзқарас қалыптасқан. Меніңше, біз білімді қандай тәсілмен алсақ та ол виртуалды болады. Себебі ақпаратты қабылдау мен беру арасында уақытша сияқты кеңістіктік қашықтық қалыптасқан. Осы көзқараспен қарасақ күндізгі оқыту үрдісінің қашықтықтан оқыту үрдісінен ерекшелігі мүлдем аз. Бұл үрдіс білімгерлер тарапына да тәуелді. Бұл қашықтықтан оқитын студенттерде өте жоғары, олар өздерінің қашықтықтан оқу нәтижелері олардың өздеріне байланысты екендігін түсінеді әрі мойындайды.
Дәстүрлі оқыту жүйелері насихаттығына E-learning әсері болады. Алайда сапа туралы мәселе қозғалса, онда дәстүрлі оқыту түрлері мен E-learning электронды оқыту жүйесін біріктіру тиімді болар еді. Күндізгі және қашықтықтан оқыту технологиялары бар аралас оқытуды қолдану кемшіліктерді жойып, оқытудың екі формасының да жағымды тұстарын қабылдауға мүмкіндік береді. Ұстаз - мектептегі басты тұлға, солай болып қала береді. Электронды оқыту дәстүрлі білім берумен астасып жатыр. Бұл ретте оқытушының сабақ беру шығармашылығын алып тастау деген сөз емес. Керісінше, оқытушы тақырыпты түсіндіру барысында небір қызықты дерек-дәйектерді қосымша пайдалануына мүмкіндіктер жасалған. Электронды оқыту жүйесін мектептерге енгізудің нәтижелі болуы ең әуелі ұстаздардың біліктілігіне тікелей байланысты. Сол себепті де заманауи ұстаз жаңа техникалық әрі педагогикалық жаңашылдықтарды өзара шебер үйлестіре алатын маман болуы тиіс. Өз сабағының режиссурасын, сценарийін өзі жасап, қай жерінде, қалай электронды оқытуды пайдалану керектігін шебер меңгерген болуы тиіс. Яғни, заманауи педагог - үздіксіз жетілу, біліктілігін жоғарылату үстінде жүрген маман. Педагогика саласындағы жаңа-шылдықтарды игерген тұлға деген сөз.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды, сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Осы ретте оқу үрдісін заман талабына сай жүргізу үшін электронды оқулықты электронды оқыту кешеніне айналдыру электронды оқулық пен ақпараттық-коммуникациялық мүмкіндіктердің барлығын дерлік қамти алады. Оқыту мақсаттары мен міндеттеріне білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірибе алмасу, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз. Электронды оқыту жағдайында осы мақсат - міндеттерге жету келесі электронды оқыту түрлері мен жабдықтарының көмегімен іске асырылады. Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым теория, білімді тәжірибелік тұрғыдан бекіту және білімді тексеру кіреді [6, б. 94] .
Электронды оқытудың әдістемелік оқыту моделінде оқыту құралдарының орын алуы өзгереді. Олар оқыту құрылымы мен мазмұнын, әдістерін және оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде электронды оқыту әдістері мен формаларына тоқтала кетейік. Электронды оқытудың әдістеріне топтық әдіс және жеке-дара оқыту әдісі жатады. Бұлар кеңінен тараған оқыту формалары.
Электронды оқыту құралдарына оқытуды ұйымдастыру және жүргізу үшін арналған бағдарламалық өнімдерді жатқызамыз. Электронды оқыту жағдайында әртүрлі оқыту формалары мен әдістерін, мазмұнын қалыптастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін оқыту құралдарын салыстыру және оларды бағалаудың негізгі бағыттарын ескеру қажет. Олар жасау және қолдану технологиясы, ұсынылатын аспаптар жиынтығы, ұсынылатын қызметтің іске асырылу деңгейі.
Нақты бағдарламалық өнімді жасау мен қолдану технологиясы жеке-дара және топтық оқыту сияқты әртүрлі әдістерді қолдана отырып, оқытуды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар электронды оқыту шеңберінде оқытудың басқа да формаларын ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
Ұсынылатын аспаптар жиынтығы оқыту мазмұнының құрылымын қандай да бір тәсілмен қалыптастырып, әртүрлі типті сабақтарды ұйымдастыруға жол ашады. Электронды оқыту шеңберінде оқыту үрдісіне нақты бағдарламалық өнімді ендіру мен қолданудың тиімділік деңгейін, әдістемелік толықтығын өнімнің аспаптар жиынтығы анықтайды.
Қазіргі кездегі қоғамның ақпараттану жағдайында ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы адам өмірінің әр түрлі саласына біртіндеп өзгерістер енгізуде. Ақпараттандыру ісі Қазақстанның білім беру жүйесінің даму жолына да ықпалын тигізуде. Ақпараттық технологияның қарқынды дамуына сәйкес электрондық оқыту деп аталатын оқытудың жаңа технологиясы қалыптасып, нығая түсуде. Сондықтан педагогика ғылымының алдында электрондық оқытудың формасына және құрамына қойылатын кешен талаптарды анықтау қажеттігінен электрондық оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру мақсаты туындап отыр.
Әдістемелік жүйенің бөліктерін электрондық оқытуға сәйкес толығырақ қарастырсақ, оны мына 1-суреттен көруге болады. Оқыту мақсаттары мен міндеттеріне білім беру, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру, тәжірибе алмасу, алынған білім, біліктілік пен дағдыны тексеруді жалпылай жатқызамыз. Электрондық оқыту жағдайында осы мақсат-міндеттерге жету келесі электрондық оқыту түрлері мен жабдықтарының көмегімен іске асырылады [7, б. 105] .
Оқыту мазмұнының құрамына әрдайым теория, білімді тәжірибелік бекіту және білімді тексеру кіреді. Электрондық оқытудың әдістмелік оқыту моделінде оқыту құралдарының орын алуы өзгерді.
Сурет 1. Электрондық оқытудың мазмұны, формасы, әдістерінің байланысы
Олар оқыту құрылымы мен мазмұнының әдістерін және оқытудың формаларын анықтайды. Енді бүгінгі күнде электрондық оқыту шеңберінде жиі қолданылатын оқыту әдістері мен формаларына тоқтала кетейік, электрондық оқытудың әдістеріне топтық әдіс және жеке дара оқыту әдісі жатады. Бұларды кеңінен тараған оқыту формаларына жатқызуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz