Азаматтық қоғамның мемлекетпен әрекеттесуі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
Азаматтық қоғамның мемлекетпен әрекеттесуі
Мазмұны
Кіріспе3
1 Азаматтық қоғамның мәні мен белгілері5
1. 1 Азаматтық қоғамға деген саяси-құқықтық көзқарастар5
1. 2 Азаматтық қоғам туралы түсініктің мазмұны12
1. 3 Азаматтық қоғамның қалыптасу себептері мен оның қызмет ету негіздері13
1. 4 Азаматтық қоғамның Қазақстанда қалыптасуы мен негіздері15
2 Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет20
2. 1 Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамасы20
2. 2 Азаматтық қоғам мен мемлекеттің құрылым нысандары22
2. 3 Сот құқықтық реформа - Қазақстандағы құқықтық мемлекеттің қалыптасуы25
3 Қалыптасушы азаматтық қоғамның жағдайындағы әлеуметтік реттеудің алғышарттары мен факторларын зерттеу31
3. 1 Қазақстандық әлеуметтік-саяси мәнмәтіндегі азаматтық қоғамның қалыптасуының әлеуметтік-мәдени негіздері мен алғышарттары31
3. 2 Азаматтық қоғам қоғамдық құрылымдар мен мемлекеттік институттардың әрекеттесуінің негізгі элементі ретінде39
3. 3 Құқықтық реттеу азаматтардың әлеуметтік жүріс-тұрысы мен өзін-өзі анықтауының факторы ретінде43
Қорытынды47
Қолданылған әдебиеттер тізімі49
КіріспеАзаматтық қоғам термині демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасқан елдердің саяси жүйесінің құрылымында ерекше орынға ие. Ал біздің мемлекетіміздің саяси жүйесі, азаматтық қоғамының құрылымы, қалыптасуы мен даму үрдісі Қазақстан Республикасы үшін айрықша маңызды мәселе. Демократиялы ел болудың ең негізгі жолы - азаматтық қоғамды құру екендігі адамзат тарихының көп жылдық тәжірибелерімен дәлелденген.
Біздің еліміз сияқты саяси даму жолына түскеніне көп болмаған мемлекеттерде азаматтық қоғамның қалыптасуы, сұрыпталуы және дамуы үрдіс екендігін еске алатын болса, азаматтық қоғам құрылымы егемен елдегі саясат тәжірибесі мен тарихын зерттеушілер үшін әлі де талай қызықты деректерді берері анық. Өкілетті демократияға заңдылық пен қоғамдық келісімге негізделген кез-келген билік азаматтық қоғам қызметінсіз өмір сүре алмайды.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Адам және қоғам деп аталған екі күрделі құбылыстың заңдылықтарын оқып-үйренуде, негіздеуде, ғылымның тұңғиық сырларына барлау жасауда заң ғылымы да өз үлесін қосуда.
Адамдардың өмірінде барлығын да мемлекет билемейтінін ескеру керек. Мемлекет өркениетті құрған жоқ, ал өзінің дамуының белгілі сатысында өркениет мемлекетті қоғамның саяси ұйымы ретінде тудырды. Сондықтан мемлекеттік билікпен параллель ерекше ұйымдастыру құрылымы бар, ол азаматтық қоғам ұғымымен белгіленеді.
Қазақстан дамуына тән ерекшелік мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы тығыз өзара әрекеттесу болды. Елбасы өзінің еңбектерінде мемлекетіміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік негіздерін нығайтумен қатар құқықтық мемлекет пен әділетті де өркениетті азаматтық қоғам құрудың бағдарламаларын айқындап береді. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің ел халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындап, «Демократияландыру және тиімді басқару» аясында ұсынған бағдарламасында саяси реформалардың басым бағыттарындағы басты мәселенің бірі - құқық қорғау мен сот органдарының қызметін жетілдіре беру болып қала беретін және бұл беретін және бұл мәселені ең алдымен азаматтардың ажырағысыз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан қарау керек екенін көрсетіп, ізгілендіруді жалғастыра берудің маңызына тоқтала отырып, тәжірибе мемлекеттің сот жүйесінің зәруліктеріне деген назары мен қамқорлығы судьялар құрамына қойылатын талапшылықты арттырумен ұштастырылуға тиіс екенін көрсетіп отыр [1] .
Қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі мәртебесі, орны, рөлі бүгінгі таңда ең қымбат қазына: адам, оның құқықтары мен бостандықтары және заңдылық болып табылатын өркениетті азаматтық қоғам мен демократиялық құқықтық мемлекет орнату міндеттерімен айқындалады.
Елімізде азаматтық қоғамның қалыптасуы және демократияның дамуы тығыз өзара байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым көп дамыса, мемлекет соғұрлым демократиялы болады. Ал мұндай қоғамның тұлғаларын құқықтық тәрбиелеудің жетік әдістерін қолдана отырып, дұрыс жолға бағыттауға болады. Еркіндігі бар елдің азаматтары өз құқықтарын жетік меңгеріп, оларды қажетті жағдайларда қолдануы тиіс. Азаматтық қоғамды мемлекетте қалыптастыруда елдегі қылмыстық істерді қарау мен анықтауда сот істерінің маңызын атап өткеніміз жөн. Бұл зерттеудің тақырыбын өзекті етеді.
Зерттеудің объектісі. Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастырудағы мемлекеттің орны мен рөлін зерттей келе, азаматтық қоғамның қалыптасуының негізі ретіндегі сот істерінің ролін анықтап, осы бағыттағы үрдістерді талдау болып табылады.
Зерттеудің пәні. Азаматтық қоғамды орнатудағы мемлекеттің, оның институтының бірі соттың ықпалын зерттеу.
Зерттеудің мақсаты. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстандық қоғамдағы азаматтық қоғамның қалыптасуының факторы мемлекет екендігін негіздеу және сараптау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттер айқындалды:
- азаматтық қоғамның мәні мен белгілерін анықтау;
- азаматтық қоғамның қалыптасу себептері мен оның қызмет ету негіздерін айқындау;
- Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қарастыру;
- қалыптасушы азаматтық қоғамның жағдайындағы әлеуметтік реттеудің алғышарттары мен факторларын зерттеу;
- азаматтық қоғам қоғамдық құрылымдар мен мемлекеттік институттардың әрекеттеуінің принципін талдау.
Зерттеудің негізгі дерек көздері шетелдік ресей және отандық ғылымдардың еңбектері, ақпарат құралдарының деректері, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық саяси ұйымдардың бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік сұрақ жүргізу деректері құрайды.
Зерттеудің эмпирикалық негізін ресми құжаттар құрады: ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР заңдары, халықаралық құжаттар.
Дипломдық жұмыс құрылымы мен көлемі.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Азаматтық қоғамның мәні мен белгілері 1. 1 Азаматтық қоғамға деген саяси-құқықтық көзқарастарАзаматтық қоғам мәселесі көптеген ғасырлар бойы адамзатты толғандырып келе жатқан түбірлі, ғылыми мәселе. Ол мемлекеттің пайда болған кезеңінен, қоғамдағы адамдардың өмірлік іс-әрекетінің, қызметінің мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінген кезеңінен бастау алады. Сол кезеңнен бастап мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы туралы мәселе орталық назарға ие болып, ол көп ретте көптеген әлеуметтік алауыздықтарға, саяси төңкерістер мен дағдарыстарға себепкер болды. Қазіргі күнде де бұл мәселе ауқымды қоғамдық өзгерістердің негізінде тұр және ол бүгінгі күнде әлемдік қоғамдастықтың даму барысын анықтап отыр.
Енді азаматтық қоғамның жалпы әлеуметтік-саяси ой тарихында пайда болу, қалыптасу және даму барысына көз жіберіп көрелік.
«Азаматтық қоғам» ұғымы өзінің негізгі жағынан антикалық полистің құбылысы болып табылады. Гректер үшін полис - адамдардың бірге өмір сүруінің ең жетілген түрі ғана емес, сонымен қатар лайықты қоғамдық өмірдің, еркін адамдардың құқығы мен даңқын жүзеге асыратын бірден-бір орта.
Полис - біріншіден соған жиналған азаматтардың қауымдастығы және осы негіздегі сол қауымның жасаған материалдық және рухани құндылықтарының тұтастығы. «Полис» термині түсініктемелік аудармаларда «қала-мемлекет» ұғымымен түсіндіріледі, бірақ ол сонымен қатар «азаматтық қауымдастық» мағынасын білдіретін түбірді де қамтиды [3, б. 56] .
Аристотель түсінігінде «азаматтық қауымдастық» біздің бүгінгі күндегі «әлеуметтік мемлекет» және құқықтық мемлекет терминдерімен астарлас келеді. «Әділдік» ұғымы мемлекет туралы түсінікпен тығыз байланысты, өйткені әділдіктің өлшемі ретіндегі құқық саяси қатынастың реттеуші нормасы.
Полистік тұрғыдағы азаматтық қауымдастық өзін-өзі басқару институты ретіндегі биліктің сайланбалы органдарының болуын, оның қажеттілігін көрсетеді, мәселен афиндік арепаг, римдік сенат. Көріп отырғанымыздай антикалық полисте адамзат тарихындағы ең ұлы азамат идеясының классикалық түсінігі пайда болды: өзін азаматтық қауымдастықтың мүшесі және осыдан келіп шығатын құқық пен борыштың субъектісі ретінде түсіну: азаматтық борышқа, жауапкершілікке, әлеуметтік тұтастыққа тиесілі екенін сезіну; тұлға үшін маңызды оны басқа азаматтар тарапынан оның азаматтық қасиетін мойындалуының абсолюттік қажеттілігі; азаматтық игілікті жоғарғы өмірлік мәнге ие құндылық пен тұлғаның мақсаты ретінде бекіту. Осы ретте айтар болса азаматтылық-антикалық әлеуметтік ойдың негізгі моральдық саяси категориясы ғана емес, ол сонымен бірге универсальды өмірлік құндылық [2, б. 102] .
Дегенмен де бұл ұғым мәнін Европадағы басталған Жаңа Заманның рухани, идеялық дүмпулерінен соң ала бастады. Ол осы кезеңде XVII ғ. Г. Гроции, Т. Гобсс, Дж. Локк еңбектерінде көрініс тауып, өзінің дамуын Ж. Ж. Руссо, Ш. Монтескье, В. фон Гумбольд, И. Кант, Г. Гегель, К. Маркс пен Ф. Энгельс еңбектерінде жалғасын тапты. Олар сол кездің өзінде азаматтық қоғамды өмір сүріп отырған мемлекетпен немесе нақты мемлекеттік басқару формаларымен сәйкестендірмей, одан бөлек қарады. Осы ретте олар мемлекеттің «келісімдік теориясын» негізге алды және бұл теория бойынша азаматтардың өз еріктерімен көнген және тағайындалған өкімет қана әділ заңды болып табылады.
Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясын жақтаушылар азаматтық қоғам мен мемлекетті егер ол қоғамдық келісімге негізделген мемлекет азаматтардың мүддесін білдірсе ғана сәйкестендіріледі. Дегенмен, олар, мемлекет бәрібір азаматтық қоғамды өзіне бағындыруға барлық кезде мүдделі болатынын жақсы түсінді. Абсолютті монархияны кейбіреулер әлемдегі ең бірден-бір, жалғыз басқару түрі деп түсінеді, бірақ ол шындығына келгенде азаматтық қоғаммен бір бола алмайды, сондықтан да ол азаматтық басқару формасы бола алмайды.
Мемлекеттің келісімдік теориясы және ол кепілдік беретін қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттің саяси-құқықтық нормасы биліктің Құдайдан берілгендігіне топтарыс бере отыра халықтың жеке құқығының саяси дербестікке ие екендігін дәлелдеді. Осы ретте қоғамдық келісім теориясы кез-келген емес, тек қана азаматтық қоғамды саяси қалыптастыру тәсілі ретіндегі құқықты мемлекеттің пайда болуының шарты ретінде көрінеді [4, б. 89] .
Қоғамдық келісім теориясы нормативті қажеттілік мінезге ие және ол күнделікті саяси іс-әрекет міндетіне бағытталған. Американ саясаттанушысы Т. Пеин осы ретте былай дейді: «Адамдар өздерінің жеке, тәуелсіз құқықтарына сай үкімет орнату үшін өзара бір-бірімен келісімге түседі және бұл үкіметті жасақтаудағы бірден-бір құқық тәсілі және олар өмір сүре алатын бірден-бір негіз». Осы ретте ескерер бір жайт қоғамдық келісім басқарушылар мен бағыныштылардың арасында емес, азаматтардың өз арасында жасалады. Яғни мемлекет келісіміндегі тең серіктес емес және серіктес ретіндегі заңдық құқыққа ие емес. Келісімдік қатынастардың негізі ретінде назарға тұлғаның табиғи құқығы ғана алынады, ал мемлекеттің құзырына талап ету, көндіру құралы ретіндегі арбитраждық міндет қана қалды.
Табиғи құқық концепциясын ой елегінен өткізіп, сараптаудың радикальды түрін Локк еңбектерінен көре аламыз. Оның табиғи құқықтық ой-пікірінің бастамасы өмірге еркіндік және мүлікке қатынастағы табиғи құқыққа ие индивид болып табылады. Әр адам табиғаттан еркін және өзінің келісімінсіз оны жердегі билікке ешкім бағынышты жағдайға қоя алмайды. Адамдардың табиғи жағдайы «табиғат заңы аясындағы өзінің тұлғалығы мен мүлкіне қатынастағы оның толық еркіндік жағдайы».
Еркіндік принципін түсінуде және ендіруде Локк жеке меншіктің субстанциясы ретіндегі еңбек концепциясын орталық назарға қояды. Табиғат жасаған мүліктерді адам еңбегімен ұштастыра отырып, оны өзінің меншігі етеді. Яғни, жеке меншіктің қатынастың негізін адамның өзін еркін тұлға ретінде жасайтын іс-әрекеті мен қызметінен іздеуге болады. Табиғат заттары бәріне ортақ, бірдей берілсе де, адам өз еңбегінің иесі ретінде өзінде жеке меншіктің ұлы негізін қалады. Осы тұрғыда Локктың ойынан бірқатар маңызды шешім шығады:
1 Табиғи құқық жеке меншіктің субстанциясы мен шегі ретінде жеке еңбекті орталық негізге қояды. Тек осындай жеке меншік құқық тұлғаның табиғи, бөлінбес құқығы болып табылады және ол мүліктік қатынастың құқықтық легитимділігінің негізін қалауы керек.
2 Табиғи құқық тұлғалардың бірімен-бірі қатынасқа тең және экономикалық еркін субъектілер ретінде түсетін қоғамды орнатуды алға қояды. Локктың табиғи құқық түсіндірмесі бойынша тұлға мен еңбек өзінің ұғымы тұрғысынан басқаның меншігі бола алмайды. Егер қоғамдық ұйым осындай келеңсіз жағдайларға орын берсе, мұндай қоғам ақылды, табиғи тәртіппен сәйкес емес, онда әлеуметтік қатынастардың құқықтық негізі өмір сүре алмайды яғни ол моральдық тұрғыда әділсіз ғана емес, ол заңға қарама-қайшы. Сондықтан да жеке меншіктік еңбектен, ал еңбекті адамның өзінің субъектілігінен алшақтау - экономикалық мәжбүр етудің универсальды тетігі - табиғи құқық нормасының өрескел бұзылғандығы болып табылады.
3 Қоғамның саяси-заңдық нормалары мен азаматтық-құқықтық заңдарының жағдайы жеке өзіндік таңдау еркіндігінің кепілдігі ретінде көрініп, осы ретте мемлекеттік-саяси юрисдикцияның шекарасы болуы керек, яғни ол еркіндікті мемлекеттің барлық түрдегі қысымынан қорғаулары керек. Басқарушы азаматтық тыныштықты қамтамасыз етуі және бодандарының жеке меншігін қорғау үшін әрекет ету керек және осыған қауіп төндіретін кез-келген оқиғаға, жағдайға килігуі керек [5, б. 73] .
Локктың табиғи құқық концепциясының барлық негізгі үрдісі заңның, құқықты мемлекеттің, билік өкілеттілігінің келісімдік негізіне, заң шығарудың мақсаты ретіндегі тұлғаның құқығы мен еркіндігінің саяси-заңдық кепілдігіне балама жоқтығына келіп тіреледі. Локктың саяси-құқықтық ілімінің көптеген ойлары, ережелері өркениетті, демократиялық құқықтық сананың ажырамас бөлігіне айналды.
Әрбір адам басқалармен бірлесе отырып, өз еркіндігін сақтап қала алатындай логикалық мүмкіндіктегі азаматтардың осындай формадағы бірлестігінің мүмкін екендігін философиялық тұрғыда негіздеуді Ж. Ж. Руссо алдына қойды.
Бұл ретте мемлекеттің пайда болуы мен мәнінің келісімдік теориясына түзетулер енгізу қажет болды: бұл келісімнің негізі азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау кепілдігі олардың мемлекеттің қандай да болмасын құқығынан алшақтауға айырбасталмауы керек. Осы алдына қойған мақсатты жүзеге асыруды Руссо әділ қоғамдық құрылыстың басты өміршең ерекшелігімен байланыстырады: бірлестіктің әрбір мүшесін оның барлық құқығымен тұтас қауымның пайдасына қарай ысыру қажет, ал егер кімде-кім ортақ ерікке бағынудан бас тартса, оны күш арқылы еркін болуға мәжбүр етеді. Тұлғаның абсолютті еркіндігін айта отырып, Руссо оны бағындырудың тұтас жүйесіне келеді. Руссо бойынша әлеуметтік-саяси тұрғыдан еркіндік құқықты өзіне-өзі беретін халықтың дербестігін білдіреді. Белгілі бір басқарушыға көнуге келісім білдіргенде халық суверен ретінде жоғалады, яғни ол халық болудан қалады. Сондықтан да өз заманындағы мемлекет пен азаматтық қоғамдағы адамның жағдайы адамның бастапқы табиғи жағдайдағы еркіндігі мен табиғатпен, өз-өзімен жасаған келісімнің өңін ауыстырған формасы ретінде бағаланады. Жеке меншік қатынасқа негізделген, яғни өзінің билігіне бағындыру мен бәрін өзінің меншігіне айналдыруға ұмтылған азаматтық қоғамда еркін адам жоқ: еркін болып туылған адам барлық жерде құрсауда, өйткені ол өзімен-өзі араз. Осы қалыптасып отырған жағдайдан шығу жолын ол теңдік пен еркіндіктің жаңа саяси түрін ендіру деп біледі. Оның негізі халық пен билеушінің келісім емес, шын мағынадағы халықтың өз-өзімен келісімі іспетті қоғамдық келісім және осының нәтижесінде суверен «саяси организм», «ұжымдық жан» пайда болады. Руссо осы сөзбен билік өкілеттілігі бар басқарушыны емес, сол өкілеттілікті беретін халықты айтады. Қоғамдық келісім теориясының Руссолық ережесі диалектикалық-логикалық және семантикалық негіздегі халық - суверен және «ортақ тұтас ерік» ұғымдарына негізделген [6, б. 87] .
Руссо бойынша Азаматтық қауымдастық пен Саяси организмде жоғарғы билікке қатынасатын азамат пен мемлекет заңына бағынатын бодан - өзінің негізі жағынан егіз ұғымдар. Азаматтық қоғам мен саяси құқық принципінің өзара қатынасының Руссоның ойының парадоксы ол мемлекеттің пайда болуының тарихи негізі ретіндегі қоғамдық келісім идеясына және табиғи құқықтың әлеуметті жұмылдырудағы құндылықты-нормативті бастамасына күмән келтіруге алып келеді. И. Бентам табиғи құқықты құқықтық идеал ретінде санауға келісе отыра оны нақты қоғамның заңдық негізі мен позитивті құқық ретінде қолдануға болатындығына күмән келтіреді. Табиғи құқық міндетін заңды негізден келіп шығатын позитивті заңдардың легитимділігінің адамгершілік өлшеміне теңеу азаматтық қоғамның терең өзгерісі мен өзін-өзі ұйымдастырудың тәсілі және либералды-демократиялық құқықтық мемлекетпен өзара қатынасының нәтижесі болып табылады.
Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ерекшеліктерді көрсетуді XVIII ғ. неміс ағартушысы В. фон Гумбольд жүргізді. Ол мемлекет пен азаматтық қоғамның үш негізгі ерекшелігін көрсетті. Біріншіден бұл «азаматтардың өздерінің мүддесімен қалыптасатын ұлттық, қоғамдық ұйымдар жүйесі мен мемлекеттік ұйымдар жүйесі», екіншіден «табиғи не ортақ құқық» және мемлекет шығаратын позитивті құқық; үшіншіден «адам» және «азамат». Ол осы ретте былай ой түйеді, мемлекет мақсат емес, ол адамның еркіне, оның өз мүмкіндігін жүзеге асыруына бөгет болатынына байланысты В. фон Гумбольд былай деп жазды: «Мемлекет неғұрлым көп әсер еткен сайын сол әсерді берушілер де, қабылдаушылар да біріне-бірі ұқсай түседі». Осы кезден бастап бірте-бірте азаматтық қоғам мен мемлекеттің бөлектігі туралы ойлар өріс алып әлеуметтік теңдікті, азаматтық еркіндікті қамтамасыз ететін шектелген конституциялық мемлекет туралы идеялар бой көтере бастады.
Азаматтық қоғамның тым радикалды концепциясын американ буржуазиялық революциясының өкілі Т. Пеин жасады. Оның еңбектерінде мемлекетке қарама-қарсы тұратын азаматтық қоғам мәселесі орталық мәнге ие болды. Ол бойынша мемлекет қажетті зұлымдық: ол неғұрлым аз, әлсіз болған сайын қоғам үшін ол соншалықты пайдалы. Сондықтан да мемлекет билігі азаматтық қоғамның үлесіне қарай шектелуі керек, өйткені кез-келген адамға, қоғамға қатынастағы іш тартушылық тән. Азаматтық қоғам қаншалықты дамыған жетілген болса, ол соншалықты өзінің істеріне көп мән беріп, мемлекетті керек етпейді. Өздеріне тән құқыққа ие еркін және тең адамдар мемлекетке қатынаста өткен кезеңде де, осы кезде де, болашақта да жоғары тұрады. Мемлекетті заңды және өркениетті деп барлық азаматтардың қолдауымен құралған және осы белсенді қолдау конституциялық негізделіп, парламенттік, өкілеттілік тетікпен белгіленгенде ғана айтуға болады. Яғни басқарудың өркениеттік жүйесі - азаматтардың қолдауына сүйенетін өкіметтің конституциялық басқару жүйесі. Мұндай өкіметте құқық болмайды, олардың тек өзінің азаматтарының алдына міндеті ғана бар.
Азаматтық қоғам концепциясын жасауда, толықтыруда және оның мемлекетпен өзара байланысын көрсетуде Гегель көп еңбек сіңірді. Гегель бойынша азаматтық қоғам жеке адамдардан келіп шығатын дербес мүдделердің, мақсаттардың өзара әрекетіне негізделген бірлестіктер жүйесі болса, мемлекет-қоғамдық мақсатты жүзеге асырушы жүйе.
Мемлекет пен азаматтық қоғам екі қарама-қайшы, бірақ тең дәрежеде қажетті бөліктер және әрқайсысы адам қатынасының жеке әлемін құрайды. Мемлекеттің негізінде билік ету, азаматтық қоғамның негізінде еркіндік жатыр. Егер мемлекет бірлікке ұмтылса, азаматтық қоғам көп түрлілікке ұмтылады, өйткені еркіндік кез-келген сыртқы қысымның жоғын білдіреді және өз қалауымен әрекет етуді көрсетеді. Дегенмен мұндай кез-келген еркіндік құқық дәлелі бола алмайды. Еркіндік құқыққа азаматтық тәртіпте заң үстемдік құрған кезде ғана қалыптасады, яғни ие бола алады, өйткені құқықтың өзі еркіндікті құқықтың өзі еркіндікті ортақ заң негізінде өзара шектеу болып табылады. Азаматтық қоғамның қалыптасуы, Гегель бойынша, буржуазиялық мемлекеттің және өзін дербес тұлға ретінде түсінетін құқық пен еркіндікке ие, сонымен қатар қоғам алдындағы моральдық тағы басқа да жауапкершілікті түсінетін азаматтың пайда болуымен байланысты. Азамат ұғымының негізінде еркіндік принципі бар, өйткені тек еркін адам ғана азамат ретінде құқық пен міндеттеме ала алады [7, б. 64] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz