Қағаздан аудару


Курстық жұмыс:
Қағаздан аудару
Мазмұны
Кіріспе3
1 Қағаздан аударудың өзгешелігі5
1. 1 Жазбаша аударудың түсінігі5
1. 2 Жазбаша аударудың түрлері және олардың ерекшеліктері14
2 Көркем шығармаларды жазбаша аударудың өзгешелігі19
2. 1 Көркем шығарманы аударудағы қиыншылықтар19
2. 2 Көркем мәтіндегі ақпаратты рәсімдеудің құралдары24
2. 3 Көркем мәтінді аударудағы интерпретациялау27
2. 4 Поэзияны аударудағы қиындықтар29
Қорытынды33
Қолданылған әдебиеттер тізімі36
КіріспеАударма - адамның қызметтерінің бір түрі. Қызмет - бұл субъектінің қандай да бір шынайылыққа қатысты қатынасын білдіретін психологиялық түсінік.
Аударма - бір тілде бейнеленген мазмұнды екінші бір тілге әрі дәл әрі толық қайталай бейнелейтін тілдік қимыл. Тіл ғалымдарының деректерін негізге ала отырып, қазіргі таңда дүниеде 2796 тіл бар екенін ескерек, аударма қызметінің қаншалықты маңызды екенін білеміз. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, халықтар арасындағы тәжірибе алмасудың дәнекері. Аударма сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір бөлігі. Әрі халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арсындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Адамзат аударма арқылы араласып құралады.
Көркем аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге аударылған нұсқасы, көркем әдеби шығармашылықтың бір саласы. Орта ғасырлардан бастап қазақ әдебиетінде де шығыста бұрыннан белгілі сюжетті арқау ете отырып шығарма жазу дәстүрі болған. Оларды бүгінгі дәуірде қалыптасқан мағынада аударма деуге келмейді. Олар кейде еркін аударма деп саналғанмен, шынында төлтума шығарма сипатына ие болған. Шынайы аударма қалайда түпнұсқаға сәйкес болуы шарт. Көркем аударма түпнұскаға мағынасы қаншалық жақын келетініне орай дәлме- дәл аударма, еркін аударма, сәйкес аударма деп ажыратылады. Көркем аудармада әдеби шығарма бастан аяқ сөзбе-сөз тәжімаланбайды, сөздердің мағынасын, көркемдік қуатын, бейнелік әсерін неғұрлым толық жеткізу мақсат етіледі. Аударма жасаушы адам кем дегенде екі тілді жақсы білуі қажет. Онсыз аударма сапасы ойдағыдай шықпайды, түпнұсканың ұлттық сипаты, өзіндік өзгешеліктері сақталмайды. Аудармада сөз қолдану, ойдың мағынасын толық жеткізу, көркемділігін жоғалтпау, маңызын төмендетпеу сияқты талантар толық сақталуы шарт. Аударма - әдебиеттің кең арналы, мол саласының бірі. Аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады. Көркем аударманың қасиетін арттырып, түп- нұсканың мағыналық байлығын, ой-толғамдары мен сезім иірімдерін, көркемдік өзгешеліктерін жаңғыртып, жарқырататын қайта туғызатын суреткерлік шеберлік. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процесте алатын орны үлкен.
Осы орайда, зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі ағылшын тіліндегі қағаздан аударудың ерекшеліктерін зерттеу.
Курстық жұмыстың мақсаты: Аударманың түрлерінің айырмашылықтарын анықтау, қағаздан аударудың өзіндік ерекшеліктеріне баға беру.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Қағаздан аударудың өзгешелігін қарастыру;
- Жазбаша аударманың түрлері мен олардың ерекшеліктерін зерттеу;
- Көркем шығарманы аударудағы қиыншылықтарды қарастыру;
- Көркем мәтіндегі ақпаратты рәсімдеудің құралдарын анықтау;
- Көркем мәтінді аударудағы интерпретациялауды қарастыру;
- Поэзияны аударудағы қиындықтарды анықтау.
Зерттеу нысаны қағаздан аудару болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қағаздан аударудың өзгешелігі 1. 1 Жазбаша аударудың түсінігіЖазбаша аударма деп аударманың тіларалық сөйлесу барысында (түпнұсқа және аударма мәтіні), аударма барысында жазылған мәтіндерге аудармашы бірнеше мәрте қарап, тексеріп, түзете алатын аударма түрі аталады. Бұл аудармашыға аударылып отырылған мәтіннің үзінділерін қайталап қарауына, оларды аударманың сәйкес үзінділерімен салыстыруына, аударманы Рецепторға бергенге дейін, яғни аудару үрдісінің аяқталуына дейін аударма мәтініне қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Жазбаша аударманың классикалық мысалы болып аудармашы түпнұсқаны жазба мәтін түрінде қабылдап, аударма мәтінін жазба мәтін ретінде жүзеге асыруы табылады. (Осы жерден жазбаша аударма деген атау шыққан) .
Көркем аударма деп көркем әдебиет шығармаларын аударуды айтады. Қалған тілдік шығармалар түрлеріне қарағанда, көркем әдебиет шығармаларының негізгі функциясы болып көркем-эстетикалық немесе поэтикалық функцияның есептелуімен көзге түседі. Осы мінездегі барлық шығармалардың негізгі міндеті болып қандайда бір эстетикалық әсер беру, яғни бір көркем-әдеби образ жасау болып есептеледі. Бұндай эстетикалық бағыт көркем-әдеби тілді ақпараттық мазмұны негізгі болып саналатын информативті тілдік қарым-қатынас түрлерінен ерекшелейді.
Көркем аудармада түпнұсқаның көркем әдебиеттің белгілі бір жанрына жататындығына байланысты аударманың түр ішіндегі бөлімдері болады. Бұндай аударманың түр ішіндегі бөлімдері қатарына поэзия, пьесса, сатирикалық шығармалардың, әдеби прозаның, ән сөздерінің аудармалары жатады. Шығарма аудармасының мына немесе ана жанр санатына жатқызылуы шартты сипатта және бұл жанрдың өзіндік ерекшелігі аударманың нәтижесіне қаншалықты әсер ететініне байланысты болады.
«Ақпараттық аударма» деп оқырманға шығармашылық-эстетикалық әсер ету емес, негізгі функциясы қандай да бір мәліметтерді хабарлау болып табылатын мәтіндерді аудару аталады. Мұндай мәтіндерге ғылыми, іскерлік, қоғамдық-саяси, тұрмыстық және басқа сипаттағы барлық материалдар жатады. Бұған көптеген детективтік әңгімелерді аударуды да, саяхаттарды суреттеуді де, очерктерді және таза ақпараттық хабарлауы көбірек болатын басқа да шығармаларды жатқызуға болады. Аудармаларды көркем және ақпараттық деп бөлу аудармада көрсетілуге тиіс түпнұсқаның негізгі қызметіне байланысты (эстетикалық әсер етуі немесе жай ақпарат беруіне) . Негізінде, жалпы алғанда, көркемдік аударманы талап ететін түпнұсқада тек ақпараттық қызметтерді орындайтын жекелеген бөлімдері, ал керісінше, ақпараттық мәтінді аударуда көркемдік аударманың кей элементтері (бөлшектері) болуы мүмкін.
Көркем және ақпаратты аудармалар көбінесе жазбаша аудармаға жатады. Көркем шығармалар мен аударумен бірге ол ғылыми-техникалық материалдарды аудару, ресми-іскерлік материалдарды аудару, саяси-публицистикалық материалдарды аудару, газет-ақпараттық материалдарды аудару, патенттік материалдарды және т. б. аудару болып бөлінеді.
Аудармашы жазбаша түрде аударғанда тіларалық өзгертулер немесе түпнұсқаны еркін түрде аудару тәсілдерін қолданады. Сондықтан да ауызша аудармамен салыстырғанда жазбаша аудармаға қойылатын талаптар өзгеше: грамматика, стилистика және орфография жағынан мөлшері ойдағыдай болу керек. Жазбаша аударудан ауызша аударманың айырмашылығы ерекше. Жазбаша аударма келесі факторларға назар аудару керек:
1. Сөздіктегі сөздердің мағыналарына
2. Арнайы сөздіктен сол сөздің мағынасын іздеп табуға
3. Түпнұсқаның контекстін білу. Егер ол шығарма болса, оны
ең алдымен толық оқып шығу керек.
4. Керекті сөзі бар қайырымды ғана оқып шығу және оны
бүкіл контекстпен салыстыру.
5. Сөздің бір-бірімен байланысуына
Жазбаша аудармада мәтіннің барлығы аудармашының алдында болады, ол оны бірнеше рет оқып, автордың идеясын толық түсінеді. Ал ауызша аудармада аудармашы ақпаратпен сегмент арқылы танысады, ол ақпаратты толық білмейді [1, б. 70] .
Жазбаша аудармада аудармашы оратормен тіл қатысып, ештеңе сұрай алмайды (мысалы: түсінбеген сөз, термин не ақпарат) .
Жазбаша аудармаға түпнұсқадағы мәтіннің жазбаша түрдегі аудармасы жатады. Аударушы мәтінге және оның үзінділеріне бірнеше рет қайта оралып, керек болса түзеп, негізгі нұсқамен салыстырып, рецепторға автордың идеясын жеткізуге тырысады.
Аударма түрлерінің екі негізгі сараланушы түрлері бар: аударылатын мәтіндердің сипатына байланысты және аударма барысында аудармашының тілдік әрекеттерінің сипатына байланысты.
Аударманың жанрлық-стилистикалық саралануы түпнұсқаның жанрлық-стилистикалық ерекшеліктеріне байланысты екі функционалды аударманың түрін ерекшелейді: көркем аударма және ақпараттық аударма.
Аударманың адам қызметінің ең көне түрі екені даусыз. Әуел бастан аударма тілі басқа адамдардың бір-бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдениетімен танысуына кең жол ашып, әдебиеттер мен мәдениеттердің араласып, баюына жағдай жасады. Шетел тілін білу кітаптың түпнұсқасын сол тілде оқуына негіз болады, алайда ең болмады бір шетел тілін үйрену әркімнің қолынан келмейді, ал бір адамның кітаптарды әдеби тілдердің баршасында, тіпті көпшілігінде оқуы мүмкін емес. Рудаки мен Омар Хаямның, Шекспир мен Гетенің, Толстой мен Достаевскийдің, Абай мен Шәкәрімнің ғажайып шығармалары аударманың арқасында ғана адамзаттың игілігіне айналды.
Аударма - түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы.
Лингвистикада және аударматануда аударма бір тілдегі ойды басқа тілге жеткізіп аудару ретінде анықталады (Л. С. Бархударов, В. Н. Комиссаров, Я. И. Рецкер, А. В. Федорова және т. б. ) .
В. Н. Комиссаровтың пікірінше, аударманы - тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі, үш сөйлеу актісінің бірлігі ретінде қарастыруға болады:
1) шет тілі арқылы түпнұсқаны тудыратын сөйлеу актісі;
2) аудару тілі арқылы аударма мәтінді тудыратын сөйлеу актісі;
3) бірінші және екінші актілерде іске асқан сөйлеу актісі арқылы сөйлеу шығармалардың біріктіру актісі (коммуникативті теңеу) .
П. И. Копаневтің анықтамасы бойынша аударманың мақсаты заттық-логикалық мәліметтерді хабарлау, қандай да болса істерге, белгілі бір сезімдерге түрткі болу. Осыдан келіп ол аударманың қызметіне төмендегідей анықтама береді: аударма қызметі - бұл тіларалық, мәдени-эстетикалық бөгеттерді бұзу.
Лингвист З. Е. Роганова зерттеулеріне сәйкес, аударма - бұл барабарлы нұсқаның барабарлы басқа тіл арқылы мазмұнын және формасын қарастырып, жаңадан құру. Екі тіл жүйесінің компоненттерін салыстыру негізінде, аудару кезінде керекті тіл бірліктерін таңдап алу. Қарастырылатын тілдерде, олардың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты бір ой әр түрлі тәсілдермен жеткізілуі мүмкін. Аударманы, ұлттық мәдени әдістердің маңыздысы және мәдени аралық қарым-қатынастың әсерлі тәсілдерінің бірі ретінде қарастыруға болады. Мәдениетаралық қарым-қатынас әр түрлі мәдениеттердің вербалды және вербалды емес, өзінің және басқа мәдениеттің және тілдің иеленушісімен қатынастағы ерекше үрдіс ретінде анықталады [2, б. 70] .
В. Г. Зусманның, З. Е. Рогановтың пікірлеріне сәйкес аудармашының мақсаты тілдердің ерекшеліктеріне, қызмет заңдылықтарына, мәдениетіне байланысты лингвоэтникалық бөгеттерді бұзу. Басқа сөзбен айтқанда, аудару үдерісі кезінде аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін, әр түрлі лингвоэтникалық қоғамға жататын адамдардың қарым-қатынасы әсерлі болу үшін лингвоэтникалық бөгеттерді бұзады. Сонымен, аударма - бұл лингвоэтникалық ретрансляция.
В. С. Виноградов, Г. И. Исина, М. Т. Сабитова, А. В. Федоров екі аспектіде қарастырылатын «аударма» терминіне өз назарларын аударады: біріншіден, бұл аудару жұмысының әр түрлі кезеңдерімен байланысты үдеріс және екіншіден, бұл аудармашының шығармашылық жұмысының нәтижесі - мәтін.
Аударманың теоретигі және практигі Л. К. Латышевтың, сол сияқты В. С. Виноградовтың және А. В. Федоровтың пікірлерінше аударманың заты аудармалы мәтін болып табылады. Аудармалы мәтін үдеріс кезінде екі тілді қарым-қатынас кезінде түпнұсқа мәтінді алмастырады. Сонда аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін коммуниканттар арасында лингвоэтникалық бөгеттерді бұзып, оларға бір тіл коммуникациясында қатынасуға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, қажеттілік - аудармашының ісін айқындап, аударылған мәтін ретінде қанағаттандырылады [3, б. 14] .
Л. К. Латышевтың пікірінше аударма үш негізгі талапқа сай болу керек:
1) аударылған мәтін коммуникативті-функционалды жағынан берілген мәтінге барабар (эквивалентті) болу керек;
2) семантикалық құрылымы жағынан берілген мәтінге максималды түрде сәйкес болу керек (бірінші талапқа қарама-қарсы болмау керек) ;
3) берілген мәтінге сәйкес емес «орын толтыратын лексикамен» қамтымау және мүмкіндігінше аударма шектеулерінен аспау керек.
Егерде осы аталған талаптардың бірін назарға алмай аударма жасайтын болсақ, бұл аударма аудармадағы кемістік немесе аударма, тіларалық қатынастың басқа бір түріне айналуы мүмкін.
Л. К. Латышевтің пікірінше аударылатын мәтін коммуникация, қатынас құралы болып табылады. Біздің ойымызша осы пікір дәлдікті, түсінікті талап етеді. Мәтін - бұл ауызша немесе жазбаша түрде болатын вербалды белгілердің (сөздердің) жүйелілігі. Яғни, ауызша, жазбаша мәтіндер адамның коммуникативтік үдерісінің нәтижесі.
Коммуникацияның екі түрі болады: бірінші, бастапқы (кәдімгі), және екінші, соңғы (әдеби) . Біріншісі, сөйлеп және тыңдап жатқан адамдардың арасында туған коммуникативті жағдай. Екіншісі, толық емес коммуникативті жағдай болып саналады. Ол әңгімелейтін адам (әңгіме авторының өкілі) мен оқырман арасындағы коммуникация. Коммуникация толық болу үшін, келесі жағдайларға назар аудару қажет:
1) сөйлеуші және адресат болу керек;
2) уақыт бірлігі;
3) орын бірлігі;
4) коммуниканттар және олардың қатынастары арасындағы бірлік.
Әдеби коммуникация кезінде осы жағдайлар сақталмайды. Өйткені қатынастың түрі өзгереді. Мысалы: коммуникативті байланыс автор мен оқырман арасында болады, ал қатынас серіктесі (партнері) мәтін болып табылады.
Аталмыш оқу құралында түпнұсқа мәтіннің лексикасын аудармамен салыстыра отырып, «Нибелунгтер туралы хикая» эпосындағы реалия сөздердің аудару тәсілдерін, олардың түпнұсқадағы ұлттық мәдени ерекшеліктерін аудармалы тілге қалай жеткізілгені қарастырылды.
Жоғарыда айтылғандай, жазба мәтінді аудару кезінде, біздің жағдайымызда бұл «Нибелунгтер туралы хикая» эпосы, түпнұсқа немесе берілген мәтін аударма мәтінмен ауыстырылды.
А. В. Федоровтың ойынша, осындай алмастыру кезінде, аудармашы негізгі екі жағдайды есте сақтауы керек:
1) жазба аударманың мақсаты - шетел тілін білмейтін оқырманды берілген мәтінмен жақынырақ таныстыру;
2) осы жағдайда аудару - ертерек бір тіл құралдары арқылы берілген мәтінді басқа бір тіл амалдары арқылы екінші бір тілге дәл және толық жеткізіп, аудару [4, б. 15] .
А. В. Федоровтың пікірінше, аударманың қайта жасаудан, мазмұндамадан және сол сияқты әр түрлі «бейімделулерден» (адаптациялардан) айырмашылығы дәлдікте және толықтықта.
Көптеген аудармашылардың пікірлерінше (Л. С. Бархударов, Я. И. Рецкер, А. В. Федоров, А. Д. Швейцер) жазбаша аударма тек қана екі тілді, түпнұсқа мен аударманы байланыстырмай, сонымен қатар әр түрлі мәдениеттерді, ұлттарды, тарихи дамудың әр түрлі дәуірлерін, өткен және бүгінгі күндерді байланыстырады.
Шығарманың аудармасы өз бетімен жасала қалмайды. Онда әрқашанда түпнұсқа басқа әдет-ғұрыптардан, салт-дәстүрлерден, антропонимдерден, географиялық антропонимдерден және т. с. с. тұрады. Сондықтан аударма әрқашанда әмбинұсқалы. Өйткені аударма бір уақытта екі мәдениетке жатады: идеяны шығарған мәдениетке және оны қабылдаған мәдениетке, бір тілде мәтінді құрастырған авторға және оны басқа тілге аударған аудармашыға жатады.
А. Д. Швейцер шетелдердің аударма теоретиктері мен практиктерінің аударма жөніндегі зерттеулерін жүйелеп, төмендегідей мәліметтерді ұсынады.
У. Уинтердің пікірінше, аудару - бұл қоршаған орта сегментінің интерпритация тұжырымдамасын, мүмкіндігінше басқа барабарлық тұжырымдамамен ауыстыру. Дж. Кэтфорд аударманы тіл операциясы ретінде анықтайды. Сонда аударма кезінде бір тілдегі мәтін басқа мәтінмен, берілген мәтін материалы басқа тілдегі барабар материалмен ауыстырылады. Ю. Найданың және Ч. Табердің пікірлерінше, аударма - бұл рецептордың тілінде жаңадан құралған мәтін, берілген мәліметке өте жақын баламаның берілуі. В. Вильстің ойынша, аударма - бұл мәтіннің өңдеу және сөзге айналған үдерісі. Берілген мәтіннің барабар мәтінге ауыстырылуы. Сонда аудару тілінде мәтін мағыналы және стилистикалық жағынан түпнұсқаның мәні түсінілген мәтін. Ішкі жағынан аударма бөлінген, екі негізгі фазаны қамтитын үдеріс: біріншісі, ойлау фазасы, осы фаза кезінде аудармашы берілген мәтінді талдап, мән және стилистикалық интенциясына көңіл аударады, ал екіншісі, тілді қайта құру фазасы, осы фаза кезінде аудармашы коммуникативтік талаптарға көңіл аудара отырып, мағыналық және стилистикалық талдаудан өткен түпнұсқаны құрастырады. Г. Вермеер және К. Райс мәтін - бұл «жіберушіден алушыға жіберілетін мәлімет сөйлемі» - дейді де, аударманы «мәлімет сөйлеміне ұқсататын сөйлем» ретінде қарастырады [5, б. 73] .
А. Диомидованың айтуынша аударма - әдеби-тіл интерпритациясы, ал аудару үдерісі - жаңа мәліметтің құрылу актісі. Осы үдеріс кезінде мәтіннің түпнұсқасының және аудармасының белгілі бір мағынасы сақталып, «мәтін мағынасының жетілдірілуі» іске асады.
Жалпы аударманың негізгі екі концепциясы бар: лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы. Аударма және аударматану бойынша негізгі екі мәселелер шеңбері бар.
Бірінші мәселелер шеңбері - бұл аудару шекараларының мәселелері, яғни, мәтінді аудару мүмкіндігімен байланысты мәселелер.
Екінші мәселелер шеңбері, біріншісімен арақатынасын белгілейтін және ерекше сипаттамасы бар аудару барабарлығымен байланысты мәселелер. Осы екі мәселелер шеңбері және олардың шешімі аударудың нормативті негізін белгілейді.
Аударма нормалары аудару актісінің ерекшелігін анықтайды. Яғни, аударма үдерісі кезінде аудармашының дербестігі, тәуелсіздігі қай деңгейде екені байқалады.
Қазіргі кезде дербес емес аудармалық іс және тәуелсіз аудармалық іс бар. Дербес емес аудармалық іс тираждауға жақынырақ, сондай-ақ іс аударма мәтініне өте тығыз байланыста болады (ресми-істі, ғылыми-техникалық құжаттарды қамтиды), ал тәуелсіз - бұл аудармашының белгілі бір дербестігін белгілейді (публицистикалық және әдеби мәтіндер) . Қоғамдық істің басқа бір түрі сияқты, аударма да белгілі бір қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыратын қажеттілік.
Аударманың мақсаты қарым-қатынаста болған кісілердің арасындағы лингвоэтникалық бөгеттерін бұзып, қатынасын мүмкін ету. Басқа сөзбен айтқанда, аударманың қоғамдық мәнін төмендегідей анықтауға болады: аударма - екі тілде қатынасқан коммуниканттардың байланысы, бір тіл ширегіндегі коммуникацияға мүмкіндігінше сәйкес болуы керек. Яғни, аудармада тек қана адамдар қарым-қатынасы кезінде ғана қажеттілік туады. Сол кезде адамдардың арасында тілдік емес, лингвоэтникалық (мәдениеттердің, ұлттық психологиясының және т. с. с. факторлардың әр түрлі болуы) бөгет туады.
Біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда В. Н. Комиссаровтың және А. Д. Швейцердің пікірлерін қолдаймыз. Олардың пікірінше, жазбаша аударма - бұл бір жақты және екі фазадан тұратын, тіларалық және мәдениетаралық коммуникация үдерісі. Сонда аудармалық талдаудан өткен, бірінші мәтін екіншісімен алмастырылады. Біріншісін алмастыратын мәтін басқа тілдік және мәдени ортада қалыптасады [6, б. 75] .
В. Н. Комиссаровтың анықтамасы бойынша, көркем аударма - бұл аудармалық әрекет, оның негізгі мақсаты аударма тілінде көркем-эстетикалық әсер ете алатын шығарма жасау.
Сонда, көптеген әдеби сыншылардың ойынша көркем аударма - бұл өнер, онымен тек қана эстетикалық қағидаларға сүйенетін тіл шеберлері айналыса алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz