Қазақстандағы ұлттардың арасындағы қарым-қатынастың жағдайы мен болашақтағы өзгерістері



Кіріспе 3
1 Қазақстандағы ұлттар және олардың бірлестіктері 3
2 Әр түрлі ұлттарға қатысты мемлекеттің саясаты және оның мәні 3
3 Қазақстандағы ұлттар арасындағы қарым.қатынасының келешегі 3
Қорытынды 3
Қолданылған әдебиеттер тізімі 3
Қазақстанда бұрынғы Кеңес Одағы кезінде негізгі ұлт – қазақтардан басқа 130 ұлт өкілдері мекендесе, тәуелсіз ел атанған он жыл аралығында да біздің республикамызда дәл осы мөлшердегі ұлт өкілдері тұрып келеді. Мұның өзі қазақ халқы мен өзге ұлт өкілдері арасындағы көптеген жылдар бойы берік қалыптасқан ұлтаралық татулық пен өзара түсіністікті, жарастық пен келісімді айшықтайды. Осы ретте ұлтаралық достық пен татулықты, халықтардың өзара түсіністігі мен келісімін одан әрі нығайтып, алдағы күндерде де елімізді мекендеген ұлттарды топтастыра, жарастыра беру Қазақстан Республикасының басты стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. Мемлекеттегі ауызбірлік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас осы сындарлы саясат нәтижесі екендігін аз ұлт өкілдері мысалында нақты көз жеткізуге болады.
Ұлттың құрамы жағынан өзге елдерге ұқсамайтын Қазақстанда әлемдегі 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері қазақтармен бірге тұрып, қоян-қолтық, емін-еркін, тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстан Республикасы ұлтаралық қатынастарды одан әрі қарай нығайтуды және мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы саясатты дамытуды көздейді. Бұл өте өзекті мәселе болып табылады, себебі қазіргі кезде ұлтаралық қақтығыстарды реттеу және олардың үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз ету тек мемлекеттік қана емес, сонымен қоса ірі жаһандық мәселе де болып отыр. Мысалы, ХХ ғасырдың басында басталған Үндістан мен Пәкістан арасындағы, Израиль мен Палестина, ХХІ ғасырдың басындағы күрделі мәселелердің біріне айналаған бастаған Украинадағы саяси ахуал осының мысалы бола алады.
Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады және Қазақстанда олардың барлық құқықтары мен бостандықтары қорғалғанына қарамастан, сыртқы саяси факторлардың да әсері болуы мүмкін. Мысалы, Ресей Федерациясының ресми саяси қайраткері, ЛДПР саяси партиясының жетекшісі Жириновскийдің Қазақстанның бірқатар аймақтары Ресейге тиесілі деген мәлімдемелері қазақстандықтарды қатты алаңдатты. Бұл көршілес мемлекеттердің Қазақстандықтардың арасындағы ұлтаралық қақтығыстарға әкелу мүмкіндігін көрсетеді, сол себепті қазақстандықтардың арасындағы қарым-қатынастарды және көңіл күйлерін зерттеудің маңыздылығын көрсетеді.
Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.
1. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. –Алматы: «Эдельвейс». 104 б.
2. Козыбаев И.М. Некоторые аспекты гармонизации межэтнических отношений в Казахстане // Казахстанская модель межэтнического согласия: проблемы и перспективы: Сб. мат. науч.-практ. конф. - Алматы: 2012 ж.
3. Казахстанский институт стратегических исследований при Президенте РК, 2007.
4. Казахстан в современном мире: реалии и перспективы. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2008.
5. Хочиева Л. Біз – туысқан халықпыз // Алматы ақшамы. 8 желтоқсан 2009 ж.
6. Борбасов С.М. Идеологические аспекты обеспечения политической модернизации в Республике Казахстан // Конституционно-правовые проблемы обеспечения ускоренной экономической, социальной и политической модернизации Казахстана: Сборник материалов Круглого стола посвященного 10-летию Конституции Республики Казахстан. - Алматы: ОФППИ "Интерлигал" в Казахстане, 2009. - С. 226.
7. Курганская В.Д., Дунаев В.Ю., Айтхожин К.К. Мониторинг прав этнических меньшинств в Казахстане (Научно-исследовательский отчет). - Алматы: Центр гуманитарных исследований, 2013. - 100 с.
8. Малинин Г.В., Дунаев В.Ю., Нурмуратов С.Е. Казахстанское общество и социальное прогнозирование: социологическое измерение. Алматы: Институт философии и политологии МОН РК, 2011. - 186 с.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы ұлттардың арасындағы қарым-қатынастың жағдайы мен болашақтағы өзгерістері

Мазмұны

Кіріспе 3
1 Қазақстандағы ұлттар және олардың бірлестіктері 9
2 Әр түрлі ұлттарға қатысты мемлекеттің саясаты және оның мәні 13
3 Қазақстандағы ұлттар арасындағы қарым-қатынасының келешегі 17
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер тізімі 21

Кіріспе

Қазақстанда бұрынғы Кеңес Одағы кезінде негізгі ұлт - қазақтардан басқа 130 ұлт өкілдері мекендесе, тәуелсіз ел атанған он жыл аралығында да біздің республикамызда дәл осы мөлшердегі ұлт өкілдері тұрып келеді. Мұның өзі қазақ халқы мен өзге ұлт өкілдері арасындағы көптеген жылдар бойы берік қалыптасқан ұлтаралық татулық пен өзара түсіністікті, жарастық пен келісімді айшықтайды. Осы ретте ұлтаралық достық пен татулықты, халықтардың өзара түсіністігі мен келісімін одан әрі нығайтып, алдағы күндерде де елімізді мекендеген ұлттарды топтастыра, жарастыра беру Қазақстан Республикасының басты стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. Мемлекеттегі ауызбірлік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас осы сындарлы саясат нәтижесі екендігін аз ұлт өкілдері мысалында нақты көз жеткізуге болады.
Ұлттың құрамы жағынан өзге елдерге ұқсамайтын Қазақстанда әлемдегі 130 ұлт пен ұлыстың өкілдері қазақтармен бірге тұрып, қоян-қолтық, емін-еркін, тату-тәтті өмір сүруде. Қазақстан Республикасы ұлтаралық қатынастарды одан әрі қарай нығайтуды және мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы саясатты дамытуды көздейді. Бұл өте өзекті мәселе болып табылады, себебі қазіргі кезде ұлтаралық қақтығыстарды реттеу және олардың үйлесімді өмір сүруін қамтамасыз ету тек мемлекеттік қана емес, сонымен қоса ірі жаһандық мәселе де болып отыр. Мысалы, ХХ ғасырдың басында басталған Үндістан мен Пәкістан арасындағы, Израиль мен Палестина, ХХІ ғасырдың басындағы күрделі мәселелердің біріне айналаған бастаған Украинадағы саяси ахуал осының мысалы бола алады.
Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады және Қазақстанда олардың барлық құқықтары мен бостандықтары қорғалғанына қарамастан, сыртқы саяси факторлардың да әсері болуы мүмкін. Мысалы, Ресей Федерациясының ресми саяси қайраткері, ЛДПР саяси партиясының жетекшісі Жириновскийдің Қазақстанның бірқатар аймақтары Ресейге тиесілі деген мәлімдемелері қазақстандықтарды қатты алаңдатты. Бұл көршілес мемлекеттердің Қазақстандықтардың арасындағы ұлтаралық қақтығыстарға әкелу мүмкіндігін көрсетеді, сол себепті қазақстандықтардың арасындағы қарым-қатынастарды және көңіл күйлерін зерттеудің маңыздылығын көрсетеді.
Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.
Кеңес Одағы ыдырар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді. Н.Назарбаев Ғасырлар тоғысында кітабында: Ең қауіптісі - олар таза ұлттық cипат ала бастады. Ұлт мәселесінің соншалық асқындауы әуелі теориялық дәрменсіздіктен етек алды, - деп жазды. Ал XX ғасырдың соңында тек Кеңестер елінде ғана емес, бүкіл әлемде ауқымды ұлттық оянудың үдере бас көтеруі басталған болатын.
Тоталитарлы жүйе тұсындағы жалпы мемлекеттік саясатқа эклектизм, яғни қарама-карсы әр түрлі философиялық көзқарастарды, теориялық алғышарттарды, саяси тұжырымдарды қалай болса солай дәйексіз біріктіре салу тән болды. Соның нәтижесінде ұлттарды аға мен ініге теңеу саясаты, келеңсіз көріністер орын алды. Кеңес халқы тоталитарлық-саяси әдістермен біріккен қауым, оның мәдени негізі идеологияландырылған кеңес мәдениеті болды. Сол себепті саяси қатаң тәртіп сол әлсіреген кезде адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы ыдырап кетті. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін бұрынғы ұлт саясатындағы бір ұлтты жоғары қою арқылы, екіншілерін төмендету, екінші қатарға ысырып тастауға, империялық көңіл күйге, экстремистік әрекеттерге тосқауыл қойылды. Ұлт мәселесі атылмаған жанартау болудан қалып, ұлт мәселесінің ақылды, парасатты шешімдерді қажет ететіндігі мойындалды.
Қазақтар Кеңес Одағы ыдырап, көптеген ұлттық топтардың өз отанынан жырақта қалған жағдайын жақсы түсінеді. Тоталитаризм жылдарында қазақтардың өзі оның зардаптарын басынан өткерді, миллиондаған қазақтар шетелге кетуге мәжбүр болып, демографиялық апатқа ұшырады. Ендеше кеңестік тоталитаризм қазақ халкының басына да орны толмас бақытсыздықтар әкелді. Әрі халқымыздың басым көпшілігі өздерін Қазақстанның азаматы ретінде танитыны айдан айқын. Сондықтан азаматтық қоғам идеяларын жалпы ұлттық идеялармен үйлестіре отырып, республикадағы азаматтық қауымдастықты қалыптастыруға әбден болады.
1999 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан тұрғындарының ұлт құрамында саны жағынан бірінші орында қазақтар, екінші орында - орыстар, үшінші орында - украиндар, төртінші орында - өзбектер, бесінші орында - немістер және т.с.с. болғандығын көрсетті.
Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысында - 13 мың, Алматы облысында - 925 мың, Шығыс Қазақстан облысында - 740 мың, Жамбыл облысында - 640 мың адам. Ал орыстар Шығыс Қазақстан облысында - 700 мың, Қарағанды облысында - 610 мындай, Қостанай облысында - 430 мыңдай, Солтүстік Қазақстан облысында - 360 мыңдай, Павлодар облысында - 330 мың, Ақмола облысында - 330 мың адам орналасқан.
Украиналықтардың ең көбі Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған. Беларустар Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарына көптеп түрақтаған. Өзбектердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында түрады. Немістер Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында топтаскан. Татарлар Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында көптеп мекендейді. Ұйғырлардың көп бөлігі Алматы облысында, дүнгендер - Жамбылда, түріктер Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түрады. Корейлер - Алматы облысында, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күрділер - Алматы мен Жамбылда, ал тәжіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысында көп шоғырланған.
Тек 1989, 1999 жылғы санақ нәтижелері республикадағы этникалық топтардың қатарында орыстардың үлес салмағы төмендегенін көрсетті. Оған көші-қондық ағымдар, табиғи өсімнің азаюы, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы кері әсер етті. Қазақстанға алыс және шетелдердегі қазақтардың көшіп келуі де жергілікті халықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштеріне өзгерістер әкелді.
1989-1995 жылдардағы орыстардың көші-қондық кері ағымдары қарқынды жүрді, нәтижесінде барлық облыстарда олардың абсолюттік санының азаюы байқалды. Қоныс аударушылардың көпшілігі 1979-1989 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан шыкса, 1989-1993 жылдары Маңғыстау, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Ақтөбе облыстарынан кете бастаған.
Ал Қазақстандағы жалпы демографиялық жағдайға байланысты туудың кеми түсуі мен оның табиғи өсімге әсер етуі де орын алуда. Оған төмендегідей жағдайлар: қазақтарда көп балалы отбасынан орташа отбасыларға, орыстарда орташа отбасылардан аз отбасыларға ауысу жүріп жатыр. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмысының шапшаң өзгеруі, көші- конның барлық түрлері және т.б. факторлар ықпал етті. Табиғи өсімнің азайып, өлімнің көбеюін және жастық құрылымның қартаюын 1991-1995 жылдарда туған балалардың саны кестесінен көруге болады.
Әсіресе демографиялық өсу қарқынының баяулай түсуі, негізінен, қала жұртының, кейіннен ауылдық жерлерде бала санының шектеле бастағанын білдіреді. Ал ұлттар аралас тұратын ірі қалалар мен өндіріс орталықтарындағы халық саны ауылдан келушілер есебінен толығуда, яғни кенттену барысы жылдам жүруде. 1989 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның 50 қаласының 6-уында ғана қазақтар 50%-дан артады. Қалған қалаларда орыстар мен басқа ұлттар басым. Бірақ алдағы кезеңде кала тұрғындарының ішінде қазақтардың үлесі арта түспек деп күтілуде.
Қазақстанда бүгінгі күнде әр түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Алайда мұның да астарында жағымды және жағымсыз факторлардың бар екендігін атап өте аламыз. Көпұлтты мемлекет болғандықтан, еліміздің құрамындағы халықтар өз елдеріне деген құрмет-қасиетін жоғалтпай, кезінде өздерінің ата-бабалары қоныс тапқан мемлекеттің туын әрі қарай желбіретуге тырысады. Соның ішінде халықаралық деңгейдегі сайыстарда, байқап отырсақ, Қазақстанның туын көкке көтерген Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Ольга Рыпакова, Илья Ильин сынды өзге ұлт өкілдерінің бар екендігін көреміз. Бұл мақтанарлық жайт. Себебі әлемдік деңгейдегі турнирлерде олар еліміздің нағыз азаматтары екендігін дәлелдеді.
Әр түрлі ұлт өкілдері бірдей тұрақтанған мемлекеттің саясатында да өзіндік ерекшеліктер болады. Мысалға алсақ, біздің мемлекетімізде көптеген ұлттардың өкілдері тұратындықтан, бізде қандай да бір ұлттық, діни, жыныстық ерекшеліктеріне қарамай, бәрін бірдей санау дұрыс танылған. Ал енді қазіргі кезде тіл мәселесі алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі болғандықтан, егер де өзіміздің қазақтарымыз өзге ұлт өкілдерінің ана тілімізде еркін сөйлеп жатқанын көргенде, олардың бойында ұлттық намыс ойнап, өз тілін меңгеруге деген құлшыныс пайда болады.
Әр ұлт өкілінен бір нәрсе үйренуге болады. Орыстан білімге, өзбектен үй салуға сынды қабілеттерді қазақ халқы өз бойына сіңіріп, әлемдік аренаға шыққанда өзінің жан-жақты дамығандығын көрсете алады.
Ал енді осы көп ұлттылықтың жағымсыз факторларына тоқтала кетейік. Мұнда бірінші кезекте, ұлт аралық қақтығыстардың пайда болуы, кейіннен мемлекет аралық араздастыққа, мемлекеттің ішіндегі бірліктің жойылып, жайсыз жайттардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Қазағым қит етсе, намысы бойында шарықтап, өзін асқақтатуға дайын тұрады. Ал енді өзге ұлттың өкілі келіп, оның жерінде өз тәртіптерін орнатқысы келгенде, оған оның ашу-ызасы ойнайды. Міне, осы араздастықты болдырмас үшін, жастардың бойында бірлікке және татулыққа, сыпайылық пен құрметке деген қасиеттерді тәрбиелей алу керек.
Ал екінші орындағы мәселе, ол тіл. Яғни еліміз толықтай не бір тілге, не бір дінге ауыса алмайды. Бұл өзге ұлт өкілдерінің құқықтарын бұзушылықпен тең. Міне сондықтан, еліміздегі тіл саясаты үш бағытпен дамиды. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілі. Алайда осы үш тілдің қажеттілігі жағынан алып қарайтын болсақ, қазақ тілі мұнда өзінің мәнін жоғалтады. Себебі орыс және ағылшын тілдері заманның сұранысына көбірек ие болып келеді.
Үшінші мәселелердің бірі осы ұлт өкілдері еліміздің демографиялық жағдайын арттыруы да мүмкін, бірақ олар өзге ұлт өкілдері болып қала береді.
Еліміздің мектептерінде республика тәуелсіз мемлекет атанғанға дейін де сабақ қазақ, орыс тілдерімен бірге ұйғыр, өзбек, тәжік, неміс, корей тілдерінде өткізіліп келеді. Қазақстанда бұрын кеңестік кезде қалай болды, қазір де сол қалпында күнделікті мерзімді басылымдар мен кітаптар алты тілде шығарылып келеді. Мәселен, қазақ, орыс тілдерінен басқа ұйғыр, неміс, корей және украин тілдерінде республикалық, мемлекетаралық газеттер шығып тұрады. Мұның сыртында елімізде қазақ театрларымен бірге орыс, ұйғыр, неміс, корей театрлары да қалыпты жұмыс істеп келеді.
Еліміздің өз алдына дербес мемлекет болған соңғы он жыл аралығында аз ұлт өкілдері проблемалары әркез күн тәртібінен түспей, өз шешімін тауып келеді. 1991 жылдары республикада ұлтаралық қатынастарды зерттеу жөнінде арнайы орталық құрылып, сол кездегі халық депутаттарының облыстық атқару комитеттерінде осындай бөлімдер ашылды, ұлттық мәдени орталықтар құрылды. Осы игі істің заңды жалғасы ретінде немістер жиі қоныстанған Ақмола облысында сол жылдары ТМД шеңберіндегі және қазақстандық неміс әдебиеті күндерін өткізу дәстүрге айналды, 1991-1994 жылдары Жамбыл облысында дүнген, грек, Семей облысында татар, Көкшетау облысында поляк, Талдықорған облыстарында корей, ұйғыр, неміс, түрік ұлттарының мәдени апталықтары өткізілді.
Республикамыздағы аз ұлт өкілдері елбасы мен үкімет басшылығының ұлтаралық қатынастарды жетілдіру, ішінара кезігіп қалатын қақтығыстардың алдын алу мақсатындағы сан қырлы бағыттағы қызметін қызу мақұлдайды. Оның жарқын мысалдары еліміздің Конституциясы мен Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңда жарқын көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституциясының 7-бабында Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деп орыс тіліне мемлекеттік тіл деңгейінде мәртебе берілсе осы баптың 2-тармағында: Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды деп нақты атап көрсетілген. Сол сияқты 1997 жылы 2 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Қазақстан Республикасының Заңында орыс тіліне еліміз Конституциясында жазылғандай мәртебе беріліп, Мемлекеттің тіл жөніндегі қамқорлығы деген 6-бап пен Тілдердің қолданылуына кедергі келтіруге жол бермеу деген 7-бап республиканы мекендейтін аз ұлт өкілдері тілдеріне арналған. Осы Тіл туралы Заңның 6-бабында: Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар деп аз ұлт өкілдері тілдерінің дамуына заңды түрде көңіл бөлінсе, одан әрі еліміз Конституциясында атап көрсетілгендей бұл тілдерге қамқорлық жасалатындығы айтылады да: Ұлттық топтар жинақы тұратын жерлерде іс-шаралар өткізілген кезде олардың тілдері пайдаланылуы мүмкін деген жолдар тіл мүмкіндіктеріне үлкен жол ашылғандығын аңғартады. Сонымен бірге 7-бапта: Қазақстан Республикасында тілдік белгісі бойынша азаматтардың құқықтарын кемсітуге жол берілмейді деп нақты жазу арқылы тілдер құқығын мемлкеттік деңгейде қорғау қамтамасыз етілген.
Мұның бәрі, сайып келгенде, еліміздегі аз ұлт өкілдерінің Қазақстандағы көп ұлтты қоғамның толық құқылы бөлігі болып табылатындығын айқындайды. Олар республика атын иемденген байырғы халық - қазақтармен бірге жаңа ХХІ ғасырға үлкен үмітпен еніп отыр.
Осы орайда, зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстанда мекендеп жатқан әр түрлі ұлт өкілдерінің жағдайын қарастыра отырып, олардың болашағына болжам жасау.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдеріне қатысты қолданылып жатқан шаралардың негізінде олардың бүгінгі күндегі хал-жағдайын бағалай отырып, осы қарқынмен дамитын болсақ, болашақтағы олардың мақсат-үміттері ақталатындығын айқындау.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
oo Қазақстандағы ұлттар және олардың бірлестіктерін қарастыру;
oo Әр түрлі ұлттарға қатысты мемлекеттің саясаты және оның мәнін айқындау;
oo Қазақстандағы ұлттар арасындағы қарым-қатынасының келешегін зерттеу.
Зерттеу нысаны Қазақстанды мекендейтін әр түрлі ұлт өкілдерінің жағдайы болып табылады.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қазақстандағы ұлттар және олардың бірлестіктері

Қазақстан Республикасының тұрғындарының этникалық құрылымы үлкен түрлілігімен ерекшеленеді, ол Республиканың тарихи дамуының салдары болып табылады. Кеңес үкіметі Қазақстанның ауданына көптеген барлық республикалардан миграциялармен, депортациялармен және зорлау қоныстандырулармен, индустрияның ірі өкілдерін құрылыс үшін ұйымдастырушылық жинақпен, кәсіпорындар мен жұмыс күшінің қайта дислокациялануымен, соғыс жылдарындағы ірі адам ресурстарының эвакуациялануымен, еңбектік миграциялармен және т.б. ерекшеленген. Бұл байырғы тұрғындардың тұрақты түрде қысқартылуына, байырғы емес халықтардың, негізінен еуропалық, орыс тұрғындарының бірнеше есе артуына алып келді. Егемендік жылдары Қазақстаннан ТМД елдеріне және алыс шетелдерге мыңдаған мигранттар ұмтылды, нәтижесінде Республиканың этникалық құрылымында біртіндеп еуропалық халықтардың саны азайды.
Қазіргі кезде Қазақстанда 130-дан астам ұлттар тұрады. Олардың ішінде он бірі ең көп таралғандары, 1-ші кестеде келтірілген.

Кесте 1
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамы (1989-2014 жж.)

Мың адам
Тұрғындардың жалпы санына % салыстырмалы салмақ

Халық санағының нәтижелері бойынша
1.01.2014

1989
1999
сальдо

сальдо
1989
1999
2007
Барлық тұрғындар
16199
14953
-1246
15397
444
100
100
100
Қазақстар
6497
7985
1488
9111
1126
40,1
53,4
58,6
Орыстар
6062
4480
-1582
3945
-534
37,4
30
26,2
Украиналықтар
876
547
-329
440
-106
5,4
3,7
3
Өзбектер
331
371
40
439
68
2
2,5
2,8
Татарлар
321
249
-72
229
-20
2
1,7
1,5
Ұйғырлар
182
210
28
233
23
1,1
1,4
1,5
Немістер
947
353
-594
222
-131
5,8
2,4
1,4

Кестеден көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасындағы басым ұлттар қазақтар мен орыстар болып табылады, олар Қазақстанның ұлттық құрылымындағы 84,8% құрайды, мұнда алғашқылардың абсолютті санының артуының тенденциясы және олардың республиканың құрамындағы үлесі және екіншілеріндегі осы көрсеткіштердің азаюы жалғасуда.
Республиканың байырғы халықтарының саны 1999 жылы 1989 жылға қарағанда 1488 мың адамға немесе 22,9% артты және 7 985 мың адамды құрады. Қазақ тұрғындарының көптеген саны 1999 ж. Оңтүстік Қазақстан облысына бағытталған болатын - 16,8% (1 340 889 адам) республиканың барлық қазақтарынан. Кейіннен азаю деңгейі бойынша Алматы - 11,6% (926 137 адам), Шығыс Қазақстан - 9,3% (743 098 адам), Жамбыл - 8% (640 346 адам), Қызылорда - 7% (561 630 адам), Қарағанды - 6,6% (529 478 адам), Ақтөбе - 6% (482 285 адам), Батыс Қазақстан - 5% (399 030 адам), Атырау - 4,9% (391 672 адам) облыстарында таралған. Қостанай, Ақмола, Павлодар облыстарында 3,9% қазақтар (314 801 адам, 313 488 адам, 311 862 адам. сәйкесінше), Маңғыстауда - 3,1% (247 644 адам) болды. Қазақтардың ең саны азы - 2,7% (214 697 адам) Солтүстік Қазақстан облысында тұрды. Астана мен Алматы қалаларында сәйкесінше 1,7% (133 585 адам) және 5,4% (434 397 адам) Қазақстанның қазақтары тіркелді. Қазақтардың санының біршама артуы Астана (2,6 есе) және Алматы (1,7 есе), Маңғыстау облысында (51%-ға), Оңтүстік Қазақстанда (31,4%-ға), Жамбылда (27,1%-ға), Алматы облысында (25%-ға) байқалды.
1999 ж. Республикадағы қазақ тұрғындарының салмағы. 53,4% құрады, ол 1989 жылғы 40,1% қарама-қарсы болды. 2013 жылғы статискалық мәліметтерге сәйкес, қазақтардың саны 8913 мың адамға дейін артты, немесе 928 мың адамға, және олардың Республиканың энтикалық құрамындағы үлесі 58,6% жетті. Қазіргі кезде ең көп байырғы халықтар тұратын аудан Қызылорда (95,3%), Атырау (90,6%), Маңғыстау(83,5%), Ақтөбе (75,8%) облыстары. Ең аздары - Солтүстік Қазақстан (31,9%), Қостанай (33,9%), Ақмола (42,1%) және Қарағанды (41,4%) облыстары, бұл облыстар орыстар мен басқа ұлттардың басым түрде көп тұратын аудандары болып табылады.
Орыстардың саны мен Республиканың тұрғындарының құрамындағы олардың үлес салмағы тұрақты түрде қысқартылуда. Осылайша, 1989-1999 жж. кезеңінің аралығында абсолютті көрсеткіштің 1582 мың адамға қысқаруы жүрді, ал үлес салмағы 30,0% дейін төмендеді, ол 1989 жылға қарама-қарсы 37,4%. Ал 2013 ж. орыстардың саны 501 мың адамға қысқарды, ал үлес салмағы - 6,2%-ға дейін [1, б. 83].
Барлық жылдары украиналықтардың, татарлардың, немістердің саны мен олардың мемлекеттің ұлттық құрылымындағы үлес салмағы қысқартылған. Өзбектердің, ұйғырлардың, әзербайжандардың, түріктердің үлес салмақтары артып келуде.
Қазақ тұрғындарының санының абсолютті өсімі және олардың Республиканың құрамындағы үлес салмағы олардың табиғи өсімінің арқасында, қазақ емес тұрғындардың жағымсыз миграциялық сальдосының арқасында және Ресейден, Өзбекстаннан, Түркменістанан және басқа да алыс шет елдерден қазақтардың қайтып оралуынан артты. Орыстардың, украиналықтардың және немістердің санының қысқартылуы - олардың Республикадан кетуі және төменгі немесе мүлдем жағымсыз табиғи өсімінің арқасында болды.
1999 жылғы халық санағына сәйкес Қазақстанның тұрғындары 14,9 млн. адамды құрайды, олардың ішінде 53,4 % - қазақтар, 29,9 % - орыстар, 16,7 % - басқа этностар. Барлығы ҚР 130 ұлттар тұрады. Қазақстанның полиэтникалығының деңгейі басқа этностардың өкілдерімен мемлекетті құраушы этностың қатынасының үлкен коэффициентінің арқасында жеткілікті түрде жоғары. Егер де негізгі этникалық топтар болып өкілдерінің саны 1 % аз мемлекет тұрғындары болып табылатынын ескерсек, онда Республикада ондайларға айтарлықтай үлес салмағы бар 7 этносты жатқызуға болады, олар барлық аудандарда бар және сол уақытта компактілі мекен етудің ареалдарына ие. Бірақ Қазақстанның этносаяси жағдайының ерекшелігі оның ірі этностарының - қазақ пен орыстардың өзара қарым-қатынасында көрінеді. Мұндай орталықтанған немесе биэтникалық деп аталынатын қоғамдарда дауға арналған кішкене мүмкіндік бар.
Сондықтан Қазақстан үшін этникалық саладағы мемлекеттік, топаралық және индивидтік деңгейдегі толеранттылықтың мәселесін қарастыру болып табылады.
Қазақстан мемлекеті этника аралық қатынастар мен процестерді өзінің ұлттық саясатында құқықтық базасының негізінде, соның ішінде ҚР Конституциясының негізінде және орталық, аудандық және жергілікті биліктің деңгейінде қызмет етуші институттар мен органдарға сәйкес реттейді. Заманауи этника аралық процестерді қарастырудағы әдістемелік амалдар Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2030, ХХI ғасырдың торабында, Тәуелсіздіктің бес жылы, Тарих ағынында және т.б. еңбектерінде көрсетілген, онда ол үнемі азаматтар мен бейбітшіліктің гармониясы мен серіктестігін сақтаудың маңыздылығын атап өтеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі (1926-1959 жылдар)
XX ғ. 90 жылдарындағы Польша мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы
Әлем тарихында, соның ішінде орта ғасырлардан бері
Жаһандану батыстандыру феномені, қазіргі заман модернизациясының тірегі ретінде ұлттық моделге әсері
Қазақстанда ұлт және ұлтаралық қатынастар
Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар және ақпараттық қауіпсіздік мәселесі
Неміс халқының мәдени тарихындағы ұлт зиялылары
Маркетингтік орта жүйесі
Қазақ ұлтының негізін құраған қайнар көздер
Пәндер