Мектепте фонетиканы оқыту


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»

Тақырыбы: «Мектепте фонетиканы оқыту»

Орындаған: топ студенті

Ғылыми жетекші:

Астана 2015

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

Негізгі бөлім5

1. ФОНЕТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ5

1. 1. Қазақ тілі фонетикасының негізі мен зерттелуі5

1. 2. Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы14

Мектепте фонетиканы оқытудың эксперименттік жүйесі19

2. МЕКТЕПТЕ ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ19

2. 1. Мектепте оқушыларды фонетикаға оқытудың негіздері мен әдіс-тәсілдері19

2. 2. Мектепте оқушыларды фонетикаға оқыту сабағының нәтижелері22

2. 3 Фонетиканы оқытудың эксперименттік жүйесі28

ҚОРЫТЫНДЫ30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР32

КІРІСПЕ

Фонетика (гректің фоне - дыбыс деген мағынаны білдіретін сөзінен алынған) - тіл дыбыстарының жүйесін, жасалуы мен ерекшеліктерін, әр түрлі сипаты мен бір-бірімен тіркесу зандылықтарын зерттейтін тіл білімінің бір саласы.

Дыбыстың сипаты әр қилы. Айналадағы заттардың әр түрлі қозғалысынан, қақтығысынан шығып, құлаққа естілетін үннің бәрі де дыбыс деп аталады. Мысалы, желдің уілі, күннің күркіреуі ағаштың шарт сынуы, бір заттың екінші бір затқа тарс етіп тиюі т. б. әр түрлі үннің барлығы дыбыс болып саналады. Бірақ бұл сияқты дыбыстардан тіл дыбыстарының өзіндік ерекшеліктері бар. Тіл дыбыстары, біріншіден, адамның дыбыстау мүшелері арқылы пайда болып шығатын дыбыстар; екіншіден, белгілі жүйелік сипаты бар, саны шектеулі ғана дыбыстар, үшіншіден, белгілі ұғымды білдіретін сөз құрайтын ең кіші тілдік бөлшек болып табылады. Сөйтіп, тіл дыбыстары жеке тұрғанда ешбір мағына білдірмей, мәні болмаса да, белгілі бір жүйемен, тәртіппен тіркесуі арқылы бір ұғымның атауы болып табылатын, мағынасы бар сөзді құрайды.

Әр түрлі тілдердің дыбыстық жүйесі, дыбыстарының сипаты мен саны бірдей, біркелкі емес, ол әр басқа. Тілдің өзіндік ерекшеліктеріне, дыбыстау мүшелерінің қызметінің әр түрлілігіне байланысты болып отырады. Тіл дыбыстарын жасауда (шығаруда) дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінін қызметін артикуляция деп атайды. Ал белгілі халықтың дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қалыптаскан дыбыс шығару дағдысын сол тілдің артикуляциялық базасы дейді.

Дыбыстау мүшелеріне тыныс жолы (мүшелері), ауыз және мұрын қуысы мен иек, жақ жатады. Тыныс жолына өкпе мен көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), ауыз қуысына тіл, ерін езу, тіс, таңдай, кішкене тіл жатады. Тіл дыбыстары осы мүшелердің қатысуы арқылы жасалады да, сол мүшелердің ерекшеліктеріне карай дыбыстардың сипаты анықталады.

Қазақ тілі фонетикасын зерттеушілердің қатарына Н. И. Ильминский, В. В. Радлов, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанұлы, Х. Досмұхамедұлы, Ж. Аралбаев, Ә. Жүнісбек, С. Мырзабеков т. б. жатқызамыз.

Фонетиканың бірнеше түрлерін атап өте аламыз, олар: сипаттамалы фонетика, тарихи фонетика, салыстырмалы фонетика, эксперименттік және физиологиялық пен функционалдық фонетика.

Осы орайда, зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі қазақ тіліндегі фонетиканың зерттелуін талдай отырып, қазақ тілі сабағында фонетикаға оқытудың әдістемесінің ерекшеліктерін анықтау.

Курстық жұмыстың мақсаты: Фонетиканың негізін зерттей отырып, олардың түрін қарастыру және қазақ тіліне оқыту сабағында фонетикаға үйретудің әдістемесін жасау.

Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақ тілі фонетикасының негізі мен зерттелуін қарастыру;
  • Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымын талдау;
  • Мектепте оқушыларды фонетикаға оқытудың негіздері мен әдіс-тәсілдерін қарастыру;
  • Мектепте оқушыларды фонетикаға оқыту сабағының нәтижелерін шығару

Зерттеу нысаны қазақ тілінің фонетикасын оқыту болып табылады.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім 1. ФОНЕТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ МЕН ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ 1. 1. Қазақ тілі фонетикасының негізі мен зерттелуі

Фонетика (гр. phone - дыбыс, phonetikos - дыбыстық) - тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетиканың қарастыратын мәселелері мыналар: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір - біріне әсері, буын, екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т. б.

Фонетика - дегеніміз дыбыстар туралы ілім.

Қазақ тілі фонетикасын зерттеушілер: Н. И. Ильминский, В. В. Радлов, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанұлы, Х. Досмұхамедұлы, Ж. Аралбаев, Ә. Жүнісбек, С. Мырзабеков т. б.

Сипаттамалы фонетика. Тілдің өмір сүріп тұрған дәуірдегі дыбыстық жүйесін қарастырады. Мәселен, қазіргі кездегі мектептер мен жоғарғы оқу орындарында оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады.

Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырып, олардың даму тарихын өзгерістен айқындайды.

Салыстырмалы фонетика белгілі бір тілдің дыбыс құбылыстарын өзге тілдердің дыбыс жүйесімен салыстыра зерттейді. Мысалы, М. Томановтың «Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы», «Түркі тілдерінің салыстырпалы тарихи фонетикасы» деп аталатын еңбектер.

Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф. Палатограф, рентгенограф т. б. ) көмегімен зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды [1, 83 б. ] .

Физиологиялық фонетика. Тілдегі дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық қасиеттерін зерттейді.

Фонология немесе функционалдық фонетика. Тілдегі дыбыс құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала.

Дыбыс - сөздердің мағыналары мен тұлғаларын ажырататын ең кіші тілдік бірлік. Дыбыс сөздің өмір сүруінің формасы.

Фонема - сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене бөлшегі. Фонема туралы ілімнің алғаш негізін салған орыс және поляк тілін зерттеуші И. А. Бодуэн де Куртенэ. Фонема - тілдің мағына ажыратқыш ең кіші бірлігі.

Дыбыстар сияқты фонемаларға түрленіс (варирования) пен алмасып (чередования) тән. Яғни фонемалардың әр түрлі типтері болады. Оның негізгі типін архифонема деп атаса, ал қосымша типтерін (варианттарын, оттенкілерін) аллофон деп атайды.

Әріп - дыбысқа берілген шартты таңба. Әріпті жазамыз, көреміз.

Дыбыстау мүшелері мыналар: өкпе, тамақ, көмей, дуыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, кішкене тіл, таңдай, тіс, ерін т. б. Дыбыстау мүшелерінің жиынтығы сөйлеу аппараты (речевой аппарат) деп аталады.

Дыбыстарды айтуда, әсіресе, дауыс шымылдығы мен тіл айрықша қызмет атқарады. Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады. Дыбыстардың басым көпшілігінің жасалуында, әсіресе, ауыз қуысы айрықша қызмет атқарады. Дыбыстау мүшелері актив және пассив болып екіге бөлінеді. Актив үшелер дыбыстау кезінде қимыл, қозғалыс жасайды. Олар тіл, ерін жұмсақ таңдай, бөбешік, дауыс шымылдығы т. б.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында тіл білімі институтында экспериментті фонетика лабораториясы құрылды. Алғашқы меңгерушісі Ж. Аралбаев болды. Лаборатория бүкіл Орта Азия мен Сібірде танымал болды. Аспиранттар мен ізденушілер өздерінің экспериментті жұмыстарын аталған лабораторияда жүргізіп, кандидаттық және докторлық диссертацияларын қорғауға жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қазақ тілі фонетикасының кейбір талас тудыратын теориялық мәселелері экспериментті түрде дәлелденді. 60-80 жылдарда қазақ тілінің фонетикалық жүйесі І. Кеңесбаев пен Ж. Аралбаевтардың еңбектерінде біраз зерттелді. Бұл ғалымдар фонетика мәселелерін талдаумен байланысты қазақ тілінің сөйлеу және жазу нормаларына көңіл аударды. І. Кеңесбаев қазақ фонетикасының негізгі проблемаларын, яғни фонемалардың құрамы мен жіктелуі, буынның жасалуы мен алмасуы, дыбыстардың үндесуі, сингармонизм, акцентуация мәселелерін сөз еткен. Фонема теориясына келгенде І. Кеңесбаев дәстүрлі фонология мектебінің принциптерін ұстанады [2, 49 б. ] .

«Сөз мағынасы мен сөз тұлғасын ажыратуға себі бар тілдегі ең кішкене дыбыстық единицаны фонема деп атаймыз» дейді ғалым. Екпін категориясы сөз болғанда, І. Кеңесбаев оның үш түрін көрсете келіп: лебізді (динамикалық), үнді (тоникалық), квантитатив, яғни қазақ және басқа түркі тілдерінде лебізді екпіннің үстіне квантитатив екпін қосылады дейді. Қазақ тілінде сөз екпінінен басқа фразалық (ритмикалық) екпін де болады, себебі «сөйлем ішіндегі сөздердің бәрі бірдей үнемі дербес екпінге ие болуы шарт емес». Сондай-ақ ғалым тұңғыш рет қазақ тілінің фонетикалық транскрипциясын да жасаған. Ж. Аралбаев қазақ тілі фонетикасының кейбір өзекті мәселелерін зерттеп кеткен ғалым: фонемалар құрамы және олардың айтылу ерекшеліктері, сингармонизм заңдылығы, буын жігі және кейбір просодикалық мәселелері (Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер, Алматы, 1988. ) . Ж. Аралбаев қазақ тілінің фонема теориясының дамуына үлес қосқан. Оның мәні мен жаңалығы, біріншіден, фонемалар бір-біріне қарсы қойылып айқындалады, екіншіден, олар тек өзінің комбинаторлық не позициялық варианттарында көрініс табады деп ғалым нақты мысалдармен дәлеледейді.

Сонымен қазақ тіліндегі үндесім дыбыстардың құрамы анықталып, жүйе ретінде берілген: барлық дыбыстардың жасалым, айтылым және естілім белгілері анықталған. Ғалымның айналысатын проблемалары: Жалпы, түркі және қазақ тілтанымындағы сөзқұрауыш мәселесі. Тілдердің айырым белгілері олардың жіктеліміне негіз болып қана қоймай, кейбір пікір-талас тудырып жүрген мәселелерді шешуге де септігін тигізеді. Бұл ең бастысы қазақ тілтанымында орнығып қалған «европацентристік» ұстанымдардан арылуға мүмкіндік береді. Сөздік екпін акцент тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни орыс тілінің құрылымына ғана тән болғандықтан, сөздік екпінді, мысалы, қазақ не қытай тілінің құрылымынан іздемеу керек. Әуен немесе тон тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни қытай тілінің құрылымына ғана тән. Ендеше тонды, мысалы, қазақ не орыс тілінің құрылымынан іздемеу керек. Үндесім немесе сингармонизм тілдерді жіктеудің айырым белгісі болғандықтан, ол тек бір тілдің ғана, яғни қазақ тілінің құрылымына ғана тән. Ендеше сингармонизмді, мысалы, қытай не орыс тілінің құрылымынан іздемеу керек. Олай болса: сөздік екпін бар жерде тон мен сингармонизм болмайды; тон бар жерде сөздік екпін мен сингармонизм болмайды; сингармонизм бар жерде сөздік екпін мен тон болмайды. Қазақ тіліндегі сингармонизм (үндесім түрленім) . Теориялық тілтаным (фонетика) мен қолданбалы лингвистика (оның ішінде әдістеме де бар) үшін әліпби дыбыстардың санымен шектелу жеткіліксіз болып отыр. Себебі дыбыстардың әліпби тізбегі тілдегі ақиқат дыбыстардың бір тобын ғана қамтиды. Мысалы, қазақ тілінде Т, С (әліпби атауы - ты, сы) дауыссыз дыбыстары бар. Ал осы дыбыстар тек тыс сөзінің құрамында ғана кездеседі де, дәл сол Ты, Сы айтылым үлгілері тіс, тұс, түс сөздерінің құрамында кездеспейді. Өйткені, Ті, Тұ, Тү, Сі, Сұ, Сү дыбыстарының жасалымы да (артикуляциясы), естілімі де (перцепциясы) басқа екені эксперимент арқылы анықталып отыр. Ендеше, теориялық фонетика дыбыс түрленімінің мүмкін болған үлгілерін түгел анықтауға тиіс, онсыз ғылыми нәтиже толық болмайды; бұны қолданбалы лингвистика қолғанат қондырғылар құрастырғанда ескерілуі керек, онсыз ақпарат (байланыс) желісінде ақау болады; әдістеме өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйреткенде пайдалану керек, онсыз акцент жойылмайды. Қазақ тілінде (түркі тілдерінде) үнді-еуропа тілдеріне тән фонема жоқ. Ендеше сол тілдерге тән аллофон да жоқ. Себебі үнді-еуропа тілдері екпінді (акцентті) тілдер, ал қазақ (түркі) тілі үндесім (сингармониялық) тіл. Түркі (қазақ) тілдерінің үнді-еуропа тілдерінің ізімен талданып жүргендігі бұған дейінгі тілтанымдағы европа-өзімшіл (европацентристік) ұстанымның басымдылығынан болып отыр. Өкінішке орай, қазақ (түркі) фонетистері әзірге европацентризмнен арыла алмай келеді. Қазақ тілі үндесім (сингармониялық) тіл болғандықтан, оның дыбыс құрамына тән ұғымдар мен атаулардың өз ерекшелігі болады. Қазақ сөзінің мағынасын түрлендіретін ең кішкене дыбыс бөлшегі үндесім дыбыс болғандықтан, оны үндесім фонема немесе сингармофонема деп атауға тура келеді [3, 28 б. ] .

Жаңсақтықтардан арылудың жолы тек қазақ тілінің жасалым негізіне сүйенгенде ғана табылады. Қазақ тіліндегі буын және морфеманың дыбыс құрамы мен желісі (линейная величина) . Адамзат тілінің әлеуметтік (лингвистикалық) жағымен бірге, оның физиологиялық жағы да бар. Буын адамзат тілінің құрамды бөлшегі болғандықтан, оны екі жағынан да талдауға болады. Жоғарыда айтылғандай, лингвистикалық пайымдаулар буын табиғатының шешімін таба алмай отырғандықтан, буын табиғатын физиологиялық жолмен іздеу қажеттілігі туындайды. Өйткені тіл физиологиясы дегеніміз тіл артикуляциясы болғандықтан, буын тіл артикуляциясының туындысы болып табылады.

Бұл - барлық тілдерге тән ортақ пайымдау, басқаша айтқанда, буын барлық тілдерге тән физиологиялық бірлік. Бірақ дыбыстардың буынға кірігу тәсілі барлық тілдерге ортақ болмайды. Себебі әр тілдің немесе туыстас тілдер тобының өзіне тән бірегей буын құрауыш (просодика слога) амалы бар. Сөйлеу үстінде (сөз құрамында) өзара кірігіп, бір тұтас болып айтылатын (жасалатын) дыбыс тіркесін (немесе дербес дауыстыны) буын дейміз. Буын тілдегі әрі қарай бөлшектенбейтін ең кіші жасалым (артикуляциялық) бірлік болып табылады. Қазақ (түркі) тілінде буыннан кіші морфема болуы мүмкін емес, ендеше қазақ грамматикаларында ескеріліп жүрген дауыссыз морфемалар жалған нәтиже болып табылады.

Қай тілде де сөйлеушінің жадында сол тілдің негізгі интонемалары сақталады және бұл интонемалар сөйлесудің эталоны болып табылады. Интонемалар фонемалар сияқты өзінің просодикалық өлшемдерімен және ерекшеліктерімен варианттарында көрініс табады. Ал ол варианттардың қайсысын қолдану-қолданбау сөйлеушінің мақсаты мен еркіне байланысты. Интонеманың да фонема сияқты дифференциялау қасиеті болғандықтан, негізгі қызметі сөйлемдерді ажырату болып табылады. Күрделі мәтіндердегі интонацияның компоненттері экспериментті зерттеу арқылы айқындалды. Әуен, қарқын, ұзақтылық, пауза, интенсивтілік, тембр интонацияның негізгі компоненттері болып табылады. Сөйлеу тілінде интонацияның аталған компоненттері бірімен-бірі тығыз байланысты болады. Бірақ олар сөйлемнің барлық түрлерінде әр уақытта бәрі бірдей орын алады және бәрі бірдей тыңдаушыға анық естіледі деп айту қиын. Олар өзара түрлі қарым - қатынасқа түсіп, сөйлемнің әр алуан түрлерін түзуші, оларды бір-бірінен ажыратушы қызмет атқарады. Интонацияның компоненттері тілдердің бәрінде қолданылатын универсалды просодикалық тәсіл болып табылады. Барлық тілдердегі синтагмалар арасындағы мағыналық қарым-қатынасты білдірудің универсалды әдісі болып, просодикалық тәсілдердің әуені, қарқыны, паузасы саналады. Мысалы, синтагманың соңғы сөзіне түсетін тонның бәсеңдеуі, тиянақты әуені барлық тілдерде сөздің аяқталуының белгісі болып табылады, ал фразаның соңындағы тонның көтерілуі аяқталмағандықты, тиянақсыздықты білдіреді. Барлық тілдерде қарқынның баяу, байсалды болуы информацияның маңыздылығынан хабар береді, ал қарқынның жылдам, тез болуы оның маңызы, мәнінің шамалы екенін білдіреді [4, 90 б. ] .

Интонацияның негізгі бес функциясын атауға болады: 1) сөйлемнің жалпы коммуникативтік түрлерін анықтау, 2) жеке коммуникативтік типтерін ажырату, 3) мазмұнның өзгешеліктерін ажырату, 4) сөйлемдерді, синтагмаларды мәтінде бір-бірінен айырып, бөліп алу және қосу, 5) әр түрлі эмоцияларды дифференциялау. Өзара тығыз байланысты болып келетін интонацияның функцияларын ешқашан бір-бірінен ажыратып, бөлек қарауға болмайды. Сөйлеушінің алдына қойған мақсаттарына қарай, сөйлемдегі интонация функциясының қолданылуы да түрленіп тұрады. Ол кейде жай хабарлы коммуникативті мағынаны білдірсе, кейде хабарға үстеме эмоциональды мағынаны, ал кейде фактылар туралы айтылған ойлардың мағыналық ақиқаттығының бір-бірімен сәйкестігін, тағы да басқа сезімге, түйсікке байланысты факторларын айқындап тұрады. Интонацияны сөйлемдердің түрлерін түзуде олардың синтагмаларын ажыратып, сөз тізбектерін синтаксистік қызметі мен мазмұнына қарай топтастырып түсінікті ететін, түйіндеп айтқанда, сөйлемдерді адам қоғамының қатынас құралына айналдырып, адамдардың бір-бірімен түсінісуін қамтамасыз ететін негізгі құралдардың бірі деп санауға болады. Сонымен қазақ тілінің интонациялық жүйесі алғашқы рет егжей-тегжейлі зерттелуінің арқасында оның қортындылары ғылыми айналымға түсіп, интонациялық деңгейдің тілдегі орны, рөлі мен маңызы анықталып, интонология қазақ тіл білімінде, түркітануда тұңғыш рет жаңа сала ретінде танылды. Бөлім қызметкерлері «Ұлттық және мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің қызметі мен дамуының ғылыми негіздерін зерттеу» атты іргелі зерттеу бағдарламасының «Қазақ мәтінін (сөйленімін) сегментке мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздері» атты тапсырмасы бойынша 2000-2002жж. ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді (З. Базарбаева, Ә. Жүнісбек, А. Фазылжанова) . Сөз болып отырған кезең аралығында жүргізілген зерттеулерде жүйелі құрылым болып табылатын мәтін бүтіннен бөлшекке қарай деген методологиялық негізде қаралады. Сөз ағымындағы негізгі жетекші ой өзара мағыналық қатынасқа түсетін жеке-дара ойлар тізбегінен құралады, сондықтан олардағы просодикалық тәсілдер де белгілі бір байламда тұрады [5, 103 б. ] .

Қазақ мәтінін (сөйленімін) сегментке мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздері интонация межесінде арнайы экспериментті-инструментті әдісті қолдану арқылы алғаш рет зерттелді. Зерттеудің мақсаты қазақ мәтінін сұрыптап алып, оларды алдымен күрделі фразалық тұтастыққа, құрмалас сөйлемге, күрделенген сөйлемге, жай сөйлем түрлеріне, синтагмаларға жіктеп, мәтіннің мазмұндық мүшеленуінің интонациялық көрсеткіштерін, мазмұн мен интонация және синтаксис ара қатынасын ашып көрсету болатын. Мәтіннің мүшелену нәтижесінде оның сегментті және суперсегментті бірліктері анықталады. Интонацияның мәтінді сегменттерге мүшелеуінің маңызы зор. Мәтінді сегментке мүшелеуде оның қандай бірліктерге бөлінетінін, олардың өзара қалай байланысатынын, мәтін құрамында орналасу ретін, просодикалық тәсілдердің қайсысы айырықша қызмет атқаратынын байқауға болады. Мәтін аумағында интонациялық құралдың қызметін талдау, оның интонациялық және семантикалық сипаттамаларының ара қатынасын белгілеу, мәтіннің семантикалық дәрежесін көрсетуде интонацияның рөлі ерекше, себебі ол интонациялық өлшемдер мен басқа тіл өлшемдері арасында өзара әсер түрінің тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ интонациялық бірліктер басқа да тіл бірліктерінің байланысын, бір-біріне қатысын жеткілікті түрде көрсетіп бере алады. Сөйлеу барысында лексика-грамматикалық тәсілдермен бірге, ал кейде жалғыз өзі-ақ сөз мазмұнын, тіл бірліктерінің мағыналық ара-қатынасын жеткізе алады. Мәтін деңгейінде просодикалық тәсілдерді талдау барысында жаңа нәтижелерге жетуге болады. Мәтін мүшелеудің фонетика-фонологиялық негіздерін анықтау үшін ең алдымен оның құрамдас бөліктерін іріктеп, олардың өзара байланысу қағидаларын саралап алудан бастау керек. Мәтіннің мағыналық жіктері мен семантика-грамматикалық байланыстарын, әуеннің құбылуы, қарқынның баяулауы мен жылдамдауы, үдемелігінің күшеуі, тоналды дипазондар мен интервалдардың өзгеруі және басқа да интонациялық компоненттерінің көрсеткіштерінен байқауға болады. Сондай-ақ мәтін бөлшектері біріне-бірі ұласып, бірінен-бірі өрбіп, бірімен-бірі үндесе үйлесіп бір ойды просодикалық құралдар арқылы жүзеге асырылады. Зерттеуде мәтіннің күрделі фразалық тұтастық деңгейінде мүшеленуін, кешенді түрде, яғни функциональды-семантикалық (дискурстық бағыт) және прагматикалық (пресуппозиция тұсынан) қырларынан қарастырудың тиімділігі айқындалып, дәлелденді. Қазақ тілі мәтінінің мағыналық-тұлғалық ұстаным негізінде мүшеленген бірліктеріндегі интонация көріністері сипатталып, олардың мәтін құрамында орналасу реті айқындалды [6, 20 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту
Дауысты дыбыстарды оқыту
Фонетиканы оқыту
Шетел тілі фонетикасының ерекшеліктері
Бастауыш мектепте фонетиканы оқыту
Фонетиканы оқыту - қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы
Фонетиканы оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану
ФИО ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Фонетиканы оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz