Әдеби және көркем өнер туындыларына халықаралық құқықтық қорғау мәселелері


Әдеби және көркем өнер туындыларына халықаралық құқықтық қорғау мәселелері

Мазмұны:

Кіріспе3

1 Авторлық құқықтың халықаралық қорғауының даму тарихы5

1. 1 Халықаралық авторлық құқықтың негізгі қағидалары5

1. 2 Авторлық құқықты қорғау туралы халықаралық келісімдер13

А тұжырымы20

2 Авторлық құқықты халықаралық қорғауға Қазақстан Республикасының қатысуы22

2. 1 Қазақстан Республикасындағы шет ел авторларының құқықтарын қорғау22

2. 2 Ұлттық заңнамадағы коллизия29

Б тұжырымы40

3 Авторлық құқықты бүгінгі күнгі технологиялық даму жағдайындағы қорғау мәселелері42

3. 1 Қазіргі жағдайдағы авторлық құқықтың эволюциясына жаңа технологиялардың әсері42

3. 2 Интернет желісі арқылы таралған әдебиет және көркем өнер туындыларын құқықтық қорғау мәселесі44

В тұжырымы48

Қорытынды49

Пайдаланылған әдебиет51

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Авторлық құқық дегеніміз - ең алдымен бұл құқықтық термин. Біз оны авторлардың өздерінің әдеби және көркем туындыларына қатысты құқығын сипаттау үшін қолданамыз. Авторлық құқық туындының біршама түрін қамтиды: кітап, музыка, сурет, мүсіндік туынды, фильмнен бастап компьютерлік бағдарлама, мәліметтер базасы, жарнама, карталар мен техникалық сызбаларға дейін.

Авторлық құқық атауларға, ұрандарға немесе логотиптерге қолданылуы да, қолданылмауы да мүмкін. Бұл көбіне авторлық туынды деңгейіне байланысты. Мәселен, атау өте қарапайым болса, авторлық құқық қолданылмайды, ал егер автор ерекше атау немесе логотип ойлап тапса, онда ол белгілі құқықтармен қорғалуы мүмкін.

Авторлық құқықтың екі түрі бар: мүліктік және мүліктік емес.

Мүліктік құқық туынды авторына өзге біреулер қолданған кезде қаржылық табыс алуға мүмкіндік береді.

Мүліктік емес құқық деп туындыға автор болуға және сол туындыға автордың беделіне нұқсан келтіретін өзгерістерді енгізуге қарсы тұруға мүмкіндік беретін құқықты атайды. Авторлық құқық туралы заңдардың көпшілігінде осы: автор не авторлық құқықты иеленуші туындыға өзгеріс енгізуге рұқсат етуге немесе керісінше рұқсат етпеуге құқылы деп көрсетіледі.

Туынды авторы рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы:

  • туындыны әртүрлі формада қолдануға, мәселен баспа түрінде немесе дыбыстық жазба түрінде;
  • туындыны көпшілік алдында орындауға, мәселен пьеса түрінде немесе музыкалық туынды ретінде;
  • туындыны жазуға («фиксация»), мәселен компакт-дискке немесе сандық бейнедискке;
  • туындыны эфир, радио, кабель немесе спутник арқылы таратуға;
  • туындыны өзге тілдерге аударуға;
  • туындыны өңдеуге, мәселен романды фильм сценарийі етіп өзгерту.

Берн конвенциясына сәйкес, авторлық құқық автоматты түрде беріледі. Ол үшін тіркеу немесе өзге де формалды әрекеттерді орындау қажет емес. Алайда, авторлық құқық жөніндегі кейбір ұлттық мекемелер туындылардың тіркелуін талап етеді. Бұл туындының авторлығына байланысты дауды оңай шешуге мүмкіндік береді.

«Happy Birthday to You» деген әйгілі ән әлемде өте көп айтылатын әннің бірі. Барлық туған күн кештерінде ол шырқалмайтын кезі сирек. Алайда, оны коммерциялық кештерде, жиындарда қолдану әлдекімнің авторлық құқын бұзу болып саналады.

Бұл әнді апалы-сіңлілі Пэтти Хилл мен Милдред Дж. Хилл 1893 жылы жазған. 1935 жылы әннің авторлық құқы бекітілді. АҚШ заңына сәйкес ол құқықтың қызмет ету мерзімі 2030 жылы ғана өтеді. Өздеріңіз де байқаған боларсыздар, бұл ән ешқандай фильмде де, саундтрек ретінде де қолданылмайды. Ал, егер аса қажет жағдайда Сіз әнді пайдалану үшін ақы төлейсіз. АҚШ тың құқық қорғау органдары тек осы әннен ғана жылына екі миллион долллар табыс табады екен . . .

Дипломдық жұмыстың мақсаты әдебиет және көркем өнер туындаларын халықаралық құқықтық қорғау мәселелерін қарастыра келіп, авторлардың құқықтарын қорғау мәселесіне теориялық және құқықтық тұрғыда мүмкіндігінше тереңірек қарастыру. Міндеттері:

  • Авторлық құқықтың халықаралық қорғауының даму тарихына шолу жасау;
  • Авторлық құқықты халықаралық қорғауға Қазақстан Республикасының қатысуын қарастыру.

Диплом жұмысының зерттеу объектісі әдебиет және көркем өнер туындыларын халықаралық құқықтық қорғау халықаралық құқықтық негіздері.

Диплом жұмысының зерттеу пәні әдебиет және көркем өнер туындаларын халықаралық құқықтық қорғау барысында қабылданған келісімдер мен конвенциялар.

Диплом жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі. Диплом жұмысында қойылған мәселені шешу үшін жалпы ғылымилық қағидалар - тарихилық, обьективтік, жүйелілік басшылыққа алынды. Нақты әдістерді таңдау түрлі факторларға, яғни пайдаланудағы деректердің мазмұны мен сипатына, диплом жұмысының мақсатына байланысты болды.

Деректері. Мамандардың осы тақырып бойынша еңбектері, мақалалар, арнайы басылымдар, оқу-әдістемелік және құжаттар болып табылады.

Диплом жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысын жазу барысында қолданылған құжаттар, тарихи деректер және жасалған тұжырымдар мен қорытындыларды түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы халықаралық ұйымы бойынша жоғарғы, орта, арнаулы орта оқу орындарында арнайы курс ретінде, лекция, семинар сабақтарында пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тарау, алты бөлім, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырып көкейкестілігі негізделіп зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталып, оның теориялық және тәжірибелік маңызы көрсетілген.

Пайдаланған әдебиеттер тізімінде диплом жұмысында қолданылған әдебиеттер мен басылымдар жүйелі түрде көрсетілген.

1 Авторлық құқықтың халықаралық қорғауының даму тарихы

1. 1 Халықаралық авторлық құқықтың негізгі қағидалары

Авторлық құқық - ол, программалық бұйымды әзірлеуге қатысты автордың құқықтық жағдайын анықтайтын заң шығаратын нормалар жиыны табылады.

Авторлық құқық ғылым, әдебиет, өнер шығармаларын шығару және пайдалануға байланысты қатынасты реттейтін азаматтық құкық тарауы; ол ұлттық құқық пен авторлық құқықты қорғау жөніндегі халықаралық конвенциялармен реттеледі.

Ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын жасаумен және пайдаланумен (басып шығару, орындау және т. б. ) байланысты қатынастарды реттейтін азаматтық құқық бөлімі. Авторлық құқықты қорғау жөніндегі ұлттық құқықпен және халықаралық конвенциялармен реттеледі. Құқықты қалпына келтіру, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу туралы талап арыздың көмегімен, бұзылған құқықтарды қорғау, сотта істі қарау тәртібімен жүзеге асырылады.

Авторлық шарт - автор(немесе оның мұрагерлері) мен баспа, театр, киностудия және т. б. арасында әдебиет, ғылым немесе өнер шығармаларын қолдану жөніндегі шарт. Авторлық шарт мәселесі азаматтық заңнамалармен анықталады.

Құқықтық ортақ теориясында қағидалар деп негізі, басқаратын ережелер айтылады, және оларға байланысты белгілі бір салада құқықтық реттеу жүзеге асады. Құқықтық қағидаларын ортақ, салалар арасындағы, салалық және институциондық деп бөлуге болады. Бұл айтылып тұрған қағиданың қандай құқықтық институтқа, құқық саласына таралып отырғанына байланысты болады. Бұл халықаралық жеке құқықтың саласы, халықаралық авторлық қорғауға да толықтай қатысы бар.

Аталған салаға құқықтық жалпы қағидаларымен қатар, халықаралық құқықтық қағидалары да таралады. Олардың ішінде мемлекеттің ішкі істеріне араласпау, егеменді теңдік, қарама-қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу, мемлекеттердің ынтымақтастығы, қабылданған халықаралық міндеттерді дұрыс орындау, адамның бас бостандығын және құқықтарын сыйлау және т. б. негізге алатын ережелер. Басқа сөзбен айтқанда, авторлық құқықты сақтаумен байланысты мәселелер, бірінші кезекте авторлардың мүдделерін қорғауға бағытталып, бірлесіп келісілген және барлығына тиімді халықаралық келісімдер шеңберінде шешілуі керек.

Реттелетін объектінің ерекшеліктеріне байланысты айқындалатын, бұл салада өзінің қағидалары бар екенің, атап кеткен жөн. Бұл мәселе әдебиетте дұрыс қаралмаған. Халықаралық құқықтың қағидаларын зерттеуге арнайы зерттеулер жасалмаған. Белгілі бір авторлардың қатары өзінің жұмыстарында халықаралық авторлық құқықты қорғау мәселелерін қарастырса да, бірақ халықаралық авторлық құқықтық барлық ережелері керекті деңгейде қарастырылмаған. Ю. Г. Матвеев өзінің «Халықаралық авторлық құқықты қорғау» атты монографиясында, келесідей ережелерді атап көрсетеді: қорғауды берудің территориалды қағидасы, қорғаудың ұлттық режим қағидасы (ассимиляция қағидасы), қорғаулық минималды көлемі қағидасы. Соңғы қағида бойынша, халықаралық конвенциялар аврторлық құқықты қорғаудың тек минималды деңгейін орнатады деп болжайды. Конвенциялардың мүше-мемлекеттері өздерінің ішкі заңнамаларында және басқа халықаралық келісімдерде авторлық құқықты қорғаудың бұдан үлкенірек деңгейін қарастыра алады. 1 М. М. Богуславский да өзінің «КСРО-ның халықаралық авторлық құқықты қорғауға қатысуы» атты еңбегінде, ұлттық режим қағидасын атап көрсетеді. Сонымен қатар халықаралық авторлық құқықты қорғаудың басқа ережелері авторлармен реттеудің негізге алынатын қағидалары деп қарастырылмайды. Бірақ оған қарамастан, аталған еңбектерде оларға айтарлықтай көңіл бөлінеді.

Халықаралық авторлық құқықты қорғаудың қағидаларын орнататын, негізге алынатын құжаттардың ішінде, бірінші кезекте 1952 жылдың 6 қыркүйегінде қабылданған Бүкіләлемдік авторлық құқық жөніндегі конвенцияны, және әдебиет және көркем өнер туындыларын қорғау жөніндегі 1886 жылдың 9 қыркүйегінде қабырлданған Берн конвенциясын атап кету керек. Соңғы конвенция бірнеше рет өзгертілген, соңғы өзгерту 1971 жылы 24 маусымда Париж актісінің аясында болды. Аталған келісімдер әмбебап сипатта болып табылады, тиісінше 90 және 128 мемлекетті біріктіреді. 1996 жылдың 20 желтоқсанында тағы да бір әмбебап келісім - Бүкіләлемдік зияттық меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі келісімі қабылданды. Бұдан басқа, аталған мәселеге көптеген аймақтық және екі жақты келісімдер арналған.

Авторлық құқықты қорғау мәселелерін жан-жақты қарастыратын, халықаралық келісімдерді қабылдау немен мәжбүрленген? Халықаралық авторлық құқықты қорғаудың негізі қағидаларының мағынасы мен мазмұны қандай? Авторлық құқықтың ең басты ерекшеліктерінің бірі - олардың территориалды сипаттамасы. Авторлық құқықтың өмір сүруі және әрекет етуі, оның шыққан мемлекетінің территориясымен шектеледі. Туындыны өмірге алып келу фактісі авторға оның құқықтарын басқа мемлекеттің территориясында мойындауға рұқсат бермейді. Бұл авторлық құқықтың, мысалы, мүліктік құқықтан негізгі ерекшелігі. Кез-келген адамның қандай да болмасының мүлікке құқығы, басқа мемлекеттердің территориясында да мойындалады. Авторлық құқық мұндай емес. Егер мемлекет, халықаралық авторлық құқықты қорғау жөніндегі келімдерге қатыспаса, автордың келісіміз туындыны қайта шығаруға да және авторлық сыйлықты бермеу де мүмкін. Бұл авторлардың, баспашылардың, фонограмма жасаушылардың, кинофильмдер жасаушылардың мүдделерін айтарлықтай шектейді.

Авторлық құқықты қорғауға арналған, ұлттық заңнамалардағы ерекшелік те, авторлар мен басқа да құқық иелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін мойындай мен эффективті қорғауға тойтарыс бола алады. Сондықтан, авторлық құқықты қорғаудың жалғыз жолы - авторлық құқықтың территориялды сипатын жоятын және ұлттық заңнамалардың негізгі ережелерін сәйкестендіретін, халықаралық келісімдерді қабылдау.

Халықаралық авторлық құқықты қорғау қандай қағидаларда құрастырылған? Біздің ойымызша, көптеген мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына кіретін, барлық халықаралық авторлық құқықты қорғау жүйесіне ортақ, келесі негізгі қағидаларды атап кеткен жөн:

  1. Автордың азаматтылық қағидасы;
  2. Қорғауды берудің территориялы қағидасы;
  3. Ұлттық режим қағидасы (әдебиетте ол ассимиляция қағидасы деп те аталады)
  4. Формальділіктерді орындағанға қарамай қорғауды беру қағидасы;
  5. Қорғаудың жедел сипаты қағидасы;
  6. Автор мен оның мұрагерлері пайдасына қорғауды орындау қағидасы.

Мемлекеттің тиісті конвенцияға кірген уақытынан бастап территориалды шектеулер өз күшін жояды. Берн конвенциясының 3 бабына байланысты, тиісті конвенцияға мүше-мемлекеттердің азаматтары болып табылатын автордың, немесе олардың территориясында үнемі өмір сүретін адамдардың, жарыққа шыққан немесе шықпаған туындыларына конвенция өз қорғауын береді. Осыған орай, авторлың азаматтылық қағидасы орындалады. Әдебиетте аталған қағиданы «ұлттық қағида» деп те атайды - оның мағынасы, Берн конвециясына мүше мемлекеттің авторының туындысы, «оның бірінші баспаға шыққан жеріне қарамай, Берн конвенциясына мүше мемлекеттердің барлығында қорғалынады». 2

Территориялды қағида конвенцияның мүше-мемлекеттерінің азаматтары болып табылмайтын авторлырдың туындылары үшін ғана қолданылады. Яғни, авторлық азаматтылық қағидасы мен территориялды қағида бірге қолданыла алмайды. Территориялды қағидаға орай қорғау, егер туынды бірінші рет жарыққа тиісті келісімі бар мүше-мемлекетте шыққанда немесе бір уақытты мүше мемлекетте және үшінші мемлекетте шыққан жағдайда жүзеге асады.

Бұл терминді түсіну үшін «жарыққа шығу» терминінің мағынасын түсіну қажет. Берн конвенциясының 3 бабына сәйкес жарыққа шыққан туындылар деп, авторлардың келісімімен, даналардың жасалу әдісіне қарамай, егер даналар, көпшіліктің талаптарын орындайтын дәрежеде шығарылу шарты орындалған кезде саналады. Жарыққа шыққан деп, драмматикалық, музыкалды-драмматикалық немесе кинематографиялық туындыны көрсету, музыкалды туындыны орындау, әдеби туындыны көпшілік алдында оқу, әдеби немесе көркем туындыны желі арқылы немесе эфирде көрсету, өнер туындыларын көрсету, архитектура туындылары құру саналмайтындығы атап көрсетілген. Бұл анықтамада негізгі болып туындының даналары туралы айту болып табылады. Яғни туындыны көпшілік алдында көрсету, оның даналары таралмай жасалса, ол «жарыққа шыққан» болып саналмайды. Туынды бір уақытта бірнеше мемлекетте жарыққа шыққан болып, егер ол екі немесе одан да көп мемлекетте оның бірінші шыққанынан бастап 30 күннің ішінде шықса саналады.

Бірақ бұл жерде туындыны интернет желісіне тарату «жарыққа шығару» болып саналады ма деген сұрақ туындайды. Бұл жерде сайттың кез-келген келіп қараушысы түпнұсқаға өзінің сапасымен орын бермейтін, өзіне керек даналар санын ала алатыны ескеріледі. Бүкіләлемдік зияттық меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі келісімнің ережелерін анализдеу бұл сұраққа 6 және 7 бап бойынша кері жауап береді. Бұл шартта, «көшірме» деп тек қана туындылардың айналымға материалды объект ретінде кіре алатын, материалды түрде бекітілген көшірмелері саналатындығы айтылған. Сонымен қатар бұл бекітілген шартта 8 бабқа сәйкес «туындылардың көшірмесін жасаудың физикалық мүмкіндігі, оны көшірмелеуіне тең емес» деп жазылған.

Осыған орай, туындыны интернет желісінде шығару оның жарыққа шыққаны болып саналмайды. Бірақ егер автор өзі мақсатты түрде өзінің туындысының электронды даналарын таратса (мысалы бұл көшірмені алу үшін, ақы төленеді), бұл жағдайда туынды жарыққа шыққан болып саналады. Мұндай жағдайларда туынды шыққан мемлекет деп, туындының көшірмесі бар сервер орналасқан мемлекетті айта аламыз. Бірақ, мәселені мұндай жолмен шешу кемшіліксіз деп айта алмаймыз, себебі туындыны желіде орналастыру, оның көптеген көшірмелерін жасауға мүмкіншілік береді. Бұл мәселені шешу әлі қарастырылуды қажет етеді. Қазір тек, Бүкіләлемдік зияттық меншік ұйымының авторлық құқық жөніндегі келісімінің 8 бабы бойынша авторларға интернет арқылы өзінің туындысын тарутуға айрықша құқық берілдетіндігін ғана айтып кете аламыз.

Кинематографиялық туындылар үшін жеңілдетілген территориялды қорғау режимі орнатылған. Бұл жағдайларда қорғауға ие болу үшін, тек мұндай туындыны жасап шығарушы Берн одағаның белгілі бір мемлекетінде штаб-квартирасы немесе тұрақты мекен-жайының болғаны жеткілікті. Берн конвенциясының 1 бабына сәйкес, Берн одағына кірген мемлекеттер, әдебиет және көркем өнер туындылары үшін қорғауды жасайды. Архитектура туындылары үшін, мұндай туындының Берн одағының белгілі бір мемлекетінде құрыстырылғаны немесе сол одақтағы құрылыстың бір бөлігі болғандығы жеткілікті. Қорғаудың Одаққа кірген барлық мемлкеттер территориясында жүзеге асатындығын атап кеткен жөн.

Берн конвенциясымен қорғалатын туындыларды дұрыс шектеу үшін, «туындының шыққан мемлекеті» анықтамасын түсіндіріп кеткен жөн. Одақтың қандай да бір мемлекетінде жарыққа шыққан туынды үшін, туындының шыққан мемлекеті болып нақты сол мемлекет болып саналады, ал бірнеше мемлекетте бір уақытта шыққан туындылар үшін, туындының шыққан мемлекеті болып, заңнамасы қорғаудың ең қысқа мерзімін қамтамасыз ететін мемлекет саналады. Егер туынды бір уақытта Берн одағы кірген мемлекетте, және одаққа кірмеген мемлекетте шарыққа шықса, туындының шыққан мемлекеті болып, Берн одағына кірген мемлекет саналады. Туынды бір уақытта бірнеше мемлекетте жарыққа шыққан болып, егер бірінші жарыққа шыққан мерзімнен бастап 30 күннің ішінде екі немесе одан да көп мемлекетте шықса айтылады. Егер туынды Берн одағынан шек аймақта жарыққа шықса, немесе әлі жарыққа шықпаса, бірақ оның авторы Одаққа кірген мемлекеттің азаматы болса, бұл мемлекет туындының шыққан мемлекеті болып саналады.

Қорғаудың ұлттық режим қағидасы Бүкіләлемдік конвенцияның 2 бабында анықталған, ол бойынша Конвенцияға мүше мемлекеттің авторының туындысы, басқа конвенцияға мүше мемлекеттердің территорияларында, сол мемлекеттер өзінің авторларына жасайтын қорғауға ие болатындығы айтылған. Әлі жарыққа шықпаған, шет ел авторларының туындыларына, мемлекет әлі жарыққа шықпаған туындыларға беретін қорғауды ұсынады. 3

Берн конвенциясы өзінің аттары бар, халықаралық авторлық құқықтың қағидалар қатарын қарастырады.

Ұлттық режим қағидасы - бұған байланысты әрбір конвенцияға мүше-мемлекет басқа мүше-мемлекеттердің азаматтарына, өз азаматтарына беретін авторлық құқықтарды береді. Конвенцияға кіретін туындаларды жөніндегі кез-келген қараушылық, ол қолданатын мемлекет территориясын заңдары бойынша жүреді. Мысалы, келісімдік құқықтан өзгешелігі, белігілі бір мемлекет ішінде, басқа бір шет елдік заңның импортына жол берілмейді. Мысалы, авторлық құқық жөніндегі француздық заңдылық, Франция мемлекетінің территориясында шығаралатын немесе қолданылатын материалдарға, олардың ең алғашқыда қай жерде жасалғанына қараймай қолданылады.

Қорғаудың тәуелсіздік қағидасы - әрбір мемлекетте туындыны қорғау басқа елде туындыны қорғауға, туындының шыққан мемлекетінде де, ешқалай байланысты емес. Бұл қағида үшін бір ескерту бар - заң туындыны қорғауды тоқтатуды, туынды шыққан мемлекетте оның қорғау мерзімі біткен кезде, тоқтата алады.

Автоматты қорғау қағидасы - авторлық құқық қолданылу үшін қандай да бір алдын ала формальділіктерді орындауды қажет етпейді (регистрация, биліктің рұқсат беруі және т. б. сияқты) және туындыны материалды формада бекіткен кезде автоматты түрде пайда болады (конвенцияға мүше мемлекеттер азаматтары үшін) немесе бірінші басылымға шыққан кезден (бұл мемлекеттерде басылымға шыққан шет елдердің авторлары үшін) .

Авторлықтың презумпциясы - қарсы дәлелдер жоқ жағдайларда автор деп, кітаптың сыртында аты немесе лақап аты жазылған адам саналады. Берн конвенциясында авторлықтың анықтамасы жазылмаған, сондықтан әр түрлі мемлекеттерде авторлық туралы анықтамалар бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Мысалы Ресейде автор болып тек қана бір адам ғана саналады, КСРО кезінде жасалған білгілі бір туындылар түрінен басқа. Ал АҚШ-та заңды тұлғалардың авторлылығы мойындалады. Авторлық шыққан мемлекеттің заңдары бойынша айқындалады. 4

Авторлық құқықтың субъектілеріне туындыға қатысты субъективтік авторлық құқықтар жататын тұлғалар жатқызылады. Қазақстандық заңнамаға сәйкес субъективтік авторлық құқықтарды қазақстандық азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардың мұрагерлері мен құқықмирасқорлары иеленеді. Субъектілердің әр санаттары үшін туындыға құқық әртүрлі заңды фактілерге байланысты - туындыны тудырумен, мұра бойынша авторлық құқықтардың өтуімен, т. б. туындайды.

Авторлық құқықтың негізгі субъектілері болып туындының авторы табылады. Автор деп біз, туындыны шығармашылық жолмен жасайтын тұлғаны айтамыз. .

"Автор" түсінігінің талқылауына сөздіктерде келесідей түсіндірмелер беріледі.

"Автор - тудырушы, құрастырушы, жазушы . . . Авторлық - жағдай, міндет немесе жазушының іс-әрекеті".

"Автор (латын тілінен - au (c) tor) - кез келген туындының, ғылыми зерттеудің, өнер табыстың және т. б. тудырушысы".

"Автор - туындыны тудырушы тұлға".

Автордың құқықтық мәртебесі кез келген тұлғада авторлық құқықпен қорғалатын туындыны жасау сәтінен бастап анықталады. Сонымен қатар, заң осыған қатысты ешқандай шектеулерді авторлық құқықтың субъектілеріне қоя алмайды.

Ғылым, әдебиет және өнер туындыларына авторлық құқық оны тудыру фактісіне орай туындайды. Авторлық құқықтың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін туындыны тіркеудің, өзге рәсімдеудің немесе шарттылықтың сақталудың қажеттілігі міндетті емес.

Авторлық құқық субъектілерін жіктеудің келесідей топтамасы бар: "Субъектілер алғашқы және туынды болып бөлінеді".

Сонымен бірге, бастапқы субъект болып "автор - шығармашылық еңбегімен туған туындының жеке тұлғасы" бабылады.

Субъектілерді мәні қарай "алғашқы және туынды" осындай бөлу оң деп есептеледі. Заңда "туынды шығармалар" терминінің ұшырасуы кейбір терминологиялық келіспеушіліктер тудыруы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқықтың түсінігі
Авторлық құқық туралы ақпарат
Құқық шығармашылық
Авторлық құқық жайлы
Қазақстан Республикасындағы авторлық құқыққа салыстырмалы анализ және түсінік
Авторлық құқық туралы заңнама
Авторлық құқықтың түсінігі туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Авторлық шарттың жалпы ережелері. Авторлық қадағалауды жүргізу тәртібі және жетілдіру жолдары
Авторлық құқық туралы мағлұматтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz