Азаматтық сот істерін жүргізу барысындағы қылмыспен келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қарау


Курстық жұмыс:
Азаматтық сот істерін жүргізу барысындағы қылмыспен келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қарау
Мазмұны
Кіріспе3
1 Экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келтірілген материалдық зиянды өтеудің құқықтық негіздері5
1. 1. Азаматтық құқықтарды қорғау мен залалдарды өтеу5
1. 2 Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу тәсілдері мен олардың тиімділігін арттыру мәселелері10
2 Қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі шараларының бірі15
2. 1 Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін оны бұрынғы қалпына келтіру азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі мақсаты15
2. 2 Маңғыстау облысындағы табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтырудағы қатынастардың субъектілік құрамы19
2. 3 Маңғыстау облысының қоршаған ортасына келтірілген зиянның орнын толтыру тәртіптерінің ерекшеліктері22
2. 4 Қоршаған ортаға келтірілген зиянның көлемін анықтаудың әдістемелік
Қорытынды31
Қолданылған әдебиеттер тізімі35
КіріспеЗалалды өтеу сот қорғауының әмбебап нысаны болып табылады. Азаматтық құқықта қолданылатын “залалдар” (АК-тің 9-бабының 4-тармағы) экономика ғылымындағы тап сондайұғымнан айтарлықтай ерекшеленеді. В. И. Кофман пікірінше залалдар экономикалық категория ретінде құқық бұзушылық нәтижесінде көрінуі міндетті емес.
“Залалдар” ұғымын “зиян” және “нұқсан” категориясынан айыра білу керек.
Заң әдебиетінде залалды келген нұқсанның ақшалай бағалануы деген анықтама да кездеседі, әңгіме бұл арада заңсыз әрекет пен бір тұлғаның екіншісінің мүлкіне келтірілген нұқсаны жөнінде болып отыр.
Зиян ұғымы әркез ақшалай нысанда бола бермеуі мүмкін, сондықтан да бұл ұғым залалға қарағанда әлдеқайда кең ұғым. Бұл орайда О. С. Иоффе дұрыс айтады, яғни оның пікірінше зиян ұғымына қатысты залал дербес ұғым, зиян заттық және әлеуметтік мағынада қолданылады дейді.
Азаматтық кодекс “залал” және “нұқсан” ұғымдарының ара жігін ашып береді, нақты нұқсан залалдың құрамдас бір бөлігі болып табылады (АК-тің 9-бабының 4-тармағы) . Егер “зиян” ұғымына келетін болсақ, ол ақшалай міндеттемеге қатысты.
Азаматтық заң залалды толық өтеу принципін тәртіптейді. АК-тің 9-бабының 4-тармағына сәйкес құқығы бұзылған тұлға, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, келтірілген залалды толық өтеуді талап ете алады.
Залал дегеніміз құқығы бұзылған тұлғаның жасаған немесе жасауға тиісті шығыстары, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) болып табылады.
Қaзipгi кeздe жаңа заң бойынша залалды өтеудің мәні меншік иесінің немесе иеленушінің мүлкін қалпына келтірумен бағаланады, мұның өзі оның бұзылған құқығын қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Залалды қалпына келтіру кезінде меншік иесінің тиісті мүлкінен артық ештеңе алуына жол берілмейді. Мұндай проблема залалдар мөлшерін айқындауының нақты реттеу мен әдістерін қолдана отырып шешіледі. Өкінішке орай қазіргі қолданылып жүрген азаматтық заңдарда залалды бүге-шүгесіне дейін есептеу жасалмаған. Ондай кемшіліктер сот тәжірибесі арқылы түзетілуі қажет. Бұл οcы куpcтық жұмыcтың тaқыpыбының өзeктiлiгiнe aйнaлғaн.
Куpcтық жұмыcтың мaқcaты: Азаматтық сот істерін жүргізу барысындағы қылмыспен келтірілген зиянның түрлерін қарастыра отырып, оны өтеу туралы істерді сотта қарау мәселелеріне зерттеу жүргізу.
Көздeлгeн мaқcaтқa жeту үшiн кeлeci мiндeттep қοйылды:
- Экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келтірілген материалдық зиянды өтеудің құқықтық негіздерін қарастыру;
- Азаматтық құқықтарды қорғау мен залалдарды өтеуді зерттеу;
- Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу тәсілдері мен олардың тиімділігін арттыру мәселелеріне зерттеу жүргізу;
- Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін оны бұрынғы қалпына келтіру азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі мақсатын талдау;
- Маңғыстау облысындағы табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтырудағы қатынастардың субъектілік құрамын анықтау;
- Маңғыстау облысының қоршаған ортасына келтірілген зиянның орнын толтыру тәртіптерінің ерекшеліктерін зерттеу;
- Қоршаған ортаға келтірілген зиянның көлемін анықтаудың әдістемелік қамтамасыздандырылуын талдау.
Зepттeу ныcaны азаматтық сот істерін жүргізу барысындағы қылмыспен келтірілген зиянды өтеу туралы істерді қарау бοлып тaбылaды.
Жұмыcтың тeοpиялық жәнe әдicтeмeлiк нeгiзi peтiндe οтaндық жәнe шeтeлдiк ғaлымдapдың eңбeктepi, мepзiмдiк бacылымдapдaғы мaқaлaлap қοлдaнылды.
Куpcтық жұмыcы кipicпeдeн, eкi бөлiмнeн, қοpытынды мeн пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тiзiмiнeн тұpaды.
1 Экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келтірілген материалдық зиянды өтеудің құқықтық негіздері 1. 1. Азаматтық құқықтарды қорғау мен залалдарды өтеуСөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтары қалпына келтіруді қамтамасыз ету принципі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады (АК-тің 2-бабы) [1] .
Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді, бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыдан проф. В. П. Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады: “құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді”.
Демек кез келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бірге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қорғауға тиісті құқықты еншілейді.
Азаматтық кодекстің 15-тарауының шеңберінде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншік иесінің мүддесін қорғаудан айыра білу керек. Кең мағынада меншік иесінің мүддесін қорғау екі негізгі нысанға бөлінеді: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.
Қорғаудың юрисдикциялық түрі субъективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұста мемлекеттік немесе басқа да құзіретті органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т. б. ) шағынады, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзылған құқықты қалпына келтіру және бұзықшылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды қолданады.
Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртібін белгілейді. Жалпы тәртіпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесін қорғау сот (төрелік немесе аралық сот) арқылы жүзеге асады.
Азаматтық кодекстің 9-бабы жалпы тәртіппен қатар әкімшілік тәртібін де қарастырған. Әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын меншік иесінің құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесінде зардап шеккен құқық иесін мүддесін қорғауға орай тиісті өкілетті органға беріледі.
Кейбір заңдарда аралас, яғни меншік құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкімшілік сот тәртібін қолданады. Мұндай жағдайда мүліктің меншік иесі мен иеленушісі сотқа шағынбас бұрын мемлекеттік басқару органына шағымданады. [1]
Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оны иеленушісінің мемлекеттік және басқа құзіретті органға бармай-ақ өз бетімен қорғауын білдіреді. Азаматтық кодекстің тұжырымдарында аталған әрекеттер “азаматтық құқықтардың өзін өзі қорғауы” ұғымымен байланысты (АК-тің 9-бабы) және меншік құқығы мен басқа заттық құқықтарды қорғаудың бір әдісі ретінде қаралады.
Азаматтық құқықтың өзін өзі қорғауы өзінің заңды табиғатында құқық қорғау әдісі болып табылмайтын өзіндік нысанын еншілейді деген пікір де бар. Мәселен, проф. А. П. Сергеев қорғанудың дербес түрі ретінде өзін өзі қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек дейді. Біздің де пікірімізше, өзін өзі қорғау құқығына ешкімнің тиіспейтіндігін қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, оның салдарын жоюға бағытталған өкілетті тұлғаның заң немесе шарт негізінде әрекет етуге жол берілген азаматтық құқықты қорғаудың дербес нысаны болып табылады [2, б. 56] .
Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасын меншік құқығын қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың) арнайы құрал жүйесінен айыра білуі керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келеді. Меншіктің абсолютті құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы, мүлікті алып қою) ретінде тікелей құқық бұзушылық кезінде заттық-құқықтық сипаты бар құралдары оны қорғауға кіріседі. Құқық бұзушы мен өкілетті тұлға арасында міндеттемелік қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетілген мерзімде затты меншік иесіне қайтаруға тиіс болса) міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Міндеттемелік-құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік құқығынан көріне бермейді, азаматтық құқықтың басқа институтттарына негізделеді, яғни міндеттемелік талап қою меншік құқығын тікелей емес, соңында, яғни ақыр аяғында қорғайды. Ал меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық құралы меншік құқығын қорғауға тікелей бағытталуымен сипатталады және қандай да бір нақты міндеттемемен байланыста болмайды. ҚР-ның заңдары жәбірленушінің құқық бұзушыға қарсы талап қою түрін таңдау мүмкіндігін (айталық, шарттық немесе заттық-құқықтық) бермейді, бұл орайда шетелдердегі “талап қою бәсекесі” деп аталатын жағдайларды қолдамайды.
Азаматтық құқық институттарының әр түрінен туындайтын не заттық-құқықтық, не міндеттемелікке жатпайтын ерекше қорғау тобы белгіленген. Мысалы, хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған адамдардың меншікке мүліктік құқықтарын қорғау (АК-тің 29, 32-баптары), кепіл ұстаушының жауапкершілігі туралы және т. б. болып табылады.
Азаматтық құқықты қорғаудың жаңа құралдары АК-тің 9-10 баптарында қарастырылған. Бұл баптарда бұрын-соңды заңдарда қаралмаған жолдары көрсетілген. Мысалы, моральдық зиянды өтеу, яғни тұлғалардың өзіндік мүліктік емес иеліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы. Моральдық шығын ақшалай нысанда төленеді. Екінші бір жағдай, ол мемлекеттік билік органының заңдарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетімен (яки әрекетсіздігімен) келтірілген залалды өтеу механизмі енгізілген (9-баптың 5-тармағы) .
Азаматтық-құқықтық қорғаудың әдістері дегеніміз: а) зат иесінің ол затты біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап етуі (виндикация) ; ә) иемдену еркінен айырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып отырған кедергіні жоюды талап ету (негаторлық талап) ; б) затты жойып жіберген немесе бүлдірген жағдайда зиянның (шығынның) орнын толтыру (ақшалай құнын өтеу) ; в) басқа бір адам негізсіз ие болған немесе сақтап қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құнын зат иесіне ақшалай төлеу.
Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 139-бабына сәйкес сот бұйрығы былайша айқындалады: “өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымайтын мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны тыңдау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі болып табылады”.
Заң бойынша қорғау объектісі тек қана субъективтік азаматтық құқықтар ғана емес, сонымен бірге ол заңдармен қорғалатын мүдделерді де қамтиды. Қорғалатын мүдделер субъективтік құқыққа байланысы жоқ дербес түрде бола алады. Мысалы, оған адамның ар-намысы мен абыройы жатады. Қорғауға жататын мүдде құқық бұзушылық нәтижесінде субъективтік құқықтың өзі тоқтатылған жағдай да болуы мүмкін. Мысалы, зат жойылып кеткен кезде оған меншік құқығын қорғау мүмкін болмай қалады. Мұндай жағдайда бұрынғы меншік иесінің заңмен қорғалатын мүддесін қорғау және мүліктік жағдайын қалпына келтіру мәселесі қойылуы мүмкін. Демек, заңмен қорғалатын мүдде қорғаудың дербес объектісі ретінде жиі кездесетінін байқаймыз.
Зиянның түсінігі. Берілген зиянның негізгі ерекшеліктері құқықтық қатынастардың нысанының ерекшелігімен байланысты.
Заңнамада, заң әдебиетінде, сот тәжірибесінде көбінесе қоршаған ортаға келтірілген зиянды белгілеу үшін - «зиян», «шығын», «жоғалтылған пайда», «залалдар», «жоғалтылғандар» деген түсініктер қолданылады. Бұл ретте алғашқы екі түсінік әдетте синонимдер ретінде қолданылады, алайда құқықтық көзқараспен алғанда ол дұрыс емес.
Экологиялық заңнаманың бұзылғаны үшін жауапкершілік үш түрлі жақтан, бірақ өзара байланысты мәндерде қарастырыла алынады: 1) заңнамада жазылған талаптарды орындауға мемлекеттік мәжбүрлеу; 2) мемлекет пен құқық бұзушының арасында пайда болатын құқық қорғау құқықтық қатынастардың ерекше саласы; 3) заңды нормалардың жиынтығын құрайтын, мемлекетпен және оның органдарымен мәжбүрлеу шараларын құқық бұзушыға әсер ету үшін қолданатын шараларды заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында іске асырушы құқықтық институт ретінде.
Алайда азаматтық-құқықтық реттеудің саласы үшін орталық мәселе нақты субъектілердің құқықтары туралы мәселе болып табылады, бұл тек мемлекет пен зиянды келтірушінің арасындағы қатынастар ретінде қарастырылатын жауапкершіліктің түсінігін жеткіліксіз деп санауға мүмкіндік береді. Экологиялық нысандардың (жер, жер қойнауы, ормандар, сулар және т. б. ) экологиялық емес (мүлікпен, адамның тұру орнымен, денсаулығымен және т. б. ) тығыз ұйқасуының нәтижесінде құқық бұзушылықтардың таза экологиялық құрамдарын бөліп көрсету мүмкін емес, олардың бәрінің экологиялық боямасы бар. Бұл экология саласында - кез-келген экологиялық жүйенің ашықтығынан - кез-келген зияндылық бір уақытта жеке құқықтық және қоғамдық сипатқа ие болады деп мойындауға кедергі келтірмеуі тиіс [3, б. 95] .
Негізгі мәселелердің бірі: жеке нысандарға келтірілген зиян бағаланатын кездегі компоненттік амалдың басым болып келуі, алайда әр түрлі зиян көздерінің барлық экожүйеге әсерінің жиынтығын бағалау туралы айтылып жатады. Сондықтан талап етілетін универсалды әдістерді жасаудағы жұмыстар енді басталып жатыр деген мамандардың ойымен келісуге болады.
Е. Е. Борисованың ойынша, қоршаған ортаға келтірілген зиян түсінігі таза шартты сипатқа ие, ол табиғи нысандарға азаматтық-құқықтық зиянды келтірудің құқықтық мағынасында көрінбейді. Зиян берілген жағдайда тікелей меншік иесіне немесе нақты табиғи нысанның табиғатты пайдаланушысына келтіріле алынады.
ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету ақылы болып табылады. Төлемнің түрлері, берілген заңның әрекетіне түсетін жағымсыз әсерінің түрлері, төлемді алатын органдар және т. б. анықталған. Жағымсыз әсер етудің түрлеріне мыналар жатады: ластаушы заттар мен басқа заттардың атмосфералық ауаға шығындылары; беттік су нысандарына, жер астындағы су нысандарына және су жинаушы аудандарға ластаушы заттардың, басқа заттардың және микроағзалардың шығындылары; жер қойнауының, топырақтың ластануы; өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын жайғастыру; шумен, жылумен, электрмагниттерімен, иондаушы және физткалық әсердің түрлерімен қорщаған ортаның ластануы; қоршаған ортаға жағымсыз әсер етудің басқа түрлері.
Мұндай төлемді есептеу мен алу тәртібі жоспарлы сипатқа ие, ҚР Үкіметімен орнатылады, осы жұмыстың ұйымдастырылуы бойынша қызметтердің бір бөлігі Үкіметтің жеке ведомстволарына берілген.
Бұл ретте қоршаған ортаның ластануы үшін төлемдер экономикалық әсердің жалғыз әдісі болып табылмайды. ҚР Экологиялық кодексінде қалдықтар мен шығарындыларға лимиттердің орнатылуы, салық пен басқа жеңілдіктерді ұсыну, мақсатты бағдарламалар мен шараларды жасау мен іске асыру аталған.
Алдында аталған төлемдерде зиянның орнын толтыруға жататын жоспарлы зиянға төлем сақтандыру төлемдерінен көптеген белгілерімен, соның ішінде ерекше құқықтық реттелуімен, сақтандыру жағдайын орнату қажеттілігімен анықталады. Мұндағы қарым қатынастар ҚР АК нормаларымен анықталады:
- экологиялық зиянды келтіргені үшін азаматтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру заңды тікелей көрсету жолымен іске асырылады; қазіргі кезде ҚР Экологиялық кодексінде былайша делінген: «Қазақстан Республикасында міндетті мемлекеттік экологиялық сақтандыру іске асырылуы мүмкін»;
- бұл төлемдер мүліктік сақтандырудың келісіміне негізделген;
- мүліктік қызығушылық шаруашылық субъектілерімен өзінің есебінен және мүдделі тұлғалардың есебінен сақтандырыла алынады;
- экологиялық зиянды келтіргені үшін жауапкершілік тәуекелін сақтандыру келісімі зиян келтірілетін тұлғалардың пайдасына бекітілді деп санала алынады. Осыған орай берілген тұлғалар сақтандырушыға және тікелей сақтанушыға зиянның орнының толтырылуы туралы талапты қоюға құқылы.
- экологиялық тәуекелдердің келісімдерінен шығатын талаптар бойынша арыздар екі жылдың ішінде қойыла алынады.
Жалпы алғанда қазақстандық азаматтық құқықтың залал ұғымына көзқарасы (нақты нұқсан, айырылып қалған пайда), тәртібі мен оны өтеу мөлшері жағынан роман-герман жүйесіне тән келеді. Сонымен бірге “жалпы құқыққа” қатысты елеулі ерекшеліктері бар. Мәселен, залалдың маңызды ерекшелігі оның өтеу сипатын еншілеуі дер едік, өткені оған айыппұл залалдарын өндіріп алу жатпайды (мысалы, АҚШ-тың Бірыңғай сауда кодексінің 1-106 бабы былай дейді: “құқықтық қорғаудың құралын еркін қолдану”) .
Меншік құқығының бұзылғаны үшін ақшалай өтем қолданылатын ағылшын-американдық құқықтан Еуропа континенталдық елдерінің құқығының айырмашылығы - меншік құқығын қорғаудың негізгі әдісі қорғаудың ерекшеленетін (заттық) әдісі болып табылады. Мұндай тұжырымды дәлелдей түсу үшін Швейцарияның Міндеттемелік заңының 97-бабын келтіруге болады, залалды өтеу туралы талап ету орындау затты бәз қалпында қайтару мүмкін болмаған жағдайда ғана орын алады [4, б. 13] .
Залалдарды өтеудің осы айтылғандарына сәйкес меншік құқығы мен басқа да заттық құқықтарды қорғауда маңызды аспект бой көтереді. Меншік құқығы мен басқа заттық құқықтарды қорғаудың проблемаларын салыстырмалы түрде зерттеу жүргізгенде автор мынандай қорытындыға келді, яғни меншік құқығын бұзуды жоюдың мүмкіндік көлемі, құқық бұзылғанша болған жағдайды қалпына келтіру, залалдарды өтеу қолданылатын қорғау құралдарына байланысты болады. Демек, Қазақстаннның цивилистік ғылымының аса маңызды міндеттерінің бірі заттық құқықтарды қорғаудың мейілінше оңтайлы шамасын таңдауды айқындау болып табылады. Бұл орайда өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйенген жөн, сонда кейін ҚР-да меншікті бекіте түсуге нақты ықпал жасалмақ.
1. 2 Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу тәсілдері мен олардың тиімділігін арттыру мәселелеріДамыған елдерде экологиялық сақтандыру - экологиялық зиянды өтеудің ең тиімді тәсілі болып табылады. Оның басты мақсаты - төлем қабілеті жоқ борышкерге талап қойып отырған адамдарды қорғауды қамтамасыз ету.
Экологиялық қауіпсіздікті басқару жүйесінде қоршаған ортаны ластағаны және азаматтардың денсаулығы үшін жауапкершілікті сақтандыру әлеуметтік-экономикалық, өтем және привинтивтік міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған.
Экологиялық сақтандырудың әлеуметтік-экономикалық міндеті оның қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизімінің ажырамас элементі, азаматтардың қоршаған қолайлы ортаға және денсаулығына келтірілген зиянды өтеудің кепілі болып табылатынында.
Экологиялық сақтандырудың привинтивтік міндеті мынадай факторлармен анықталады:
Біріншіден, сақтандырушы қауіпті объектінің қауіпсіздігі жағдайын тексеруге құқылы.
Екіншіден, сақтандырушы сақтандыру жағдайының туындауы сәл ықтимал болған жағдайда сақтандыру төлемдерінің ставкаларын төмендетіп немесе көтеріңкі қауіп пайда болған кезде көтеріп (заңда белгіленген мөлшерден асырмай), сақтандыру ставкаларымен әрекет жасай алады.
Үшіншіден, сақтандырушы, егер сол сақтандырушыда сақтандыру жағдайының туындауы мүмкіндігі өте жоғары болса, шарт бекітуден бас тартуға құқылы (бұл экологиялық жауапкершілікті заңға сәйкес сақтандыруға міндетті кәсіпорын үшін, экологиялық қауіп деңгейін азайту шараларын жүргізу үшін қосымша ынталандырады) .
Төртіншіден, сақтандырушы сақтандыру шартында қауіпті ықтимал объектінің апатсыз жұмыс істеуі үшін экономикалық ынталандыру шараларын: төлеген сақтандыру қаржыларының бөлігін қайтаруды немесе олардың ставкасын сол сақтанушы үшін төмендетуді көздеуге құқылы.
Сонымен, экологиялық сақтандыру сақтандырушы мен сақтанушыны экологиялық апаттардың қаупін азайтуға мүдделі қылады [6, б. 23] .
Экологиялық сақтандырудың превентивтік міндеті әсіресе Германияда жақсы байқалады: ол жердің іскер әріптестері экологиялық қауіпті сақтандырмаған кәсіпорындармен ынтымақтастық жасамайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz