Оқу тәжірибесі бойынша есеп беру. Шамшырақ» оқу орталығы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Оқу тәжірибесі бойынша
ЕСЕП БЕРУ
Мамандығы 0512000 «Аудару ісі»
Оқу тәжірибесін өту орны: «Шамшырақ» оқу орталығы
Тәжірибеден өту кезеңі: 2016 жылдың «29» ақпанынан
бастап «01» сәуіріне дейін.
Тәжірибенің жетекшісі:
Орындаған:
Астана 2016 жыл
Мазмұны
Тәжірибеден өту бойынша күнделік3
Кіріспе6
1 «Шамшырақ» оқу орталығының атқаратын қызметтеріне сипаттама7
2 Аударманың теориялық аспектілері8
3 Аударманың мәтіндері13
Қорытынды31
Қолданылған әдебиеттер тізімі32
Мінездеме33
Тәжірибеден өту бойынша күнделік
-
Аударма ісі бойынша тәжірибеден өту кезінде «Аударма ісі» бойынша студент өзінің практикалық, жеке дайындығын дамытып, өзін болашақ мамандығына кәсіби тұрғыдан дайындайды.
Мен осы мақсатқа сүйене отырып, өзімнің мамандығым бойынша тәжірибемді «Шамшырақ» оқу орталығында 2016 жылдың «29» ақпанынан бастап «01» сәуіріне дейін жетілдірдім. Аударма ісі бойынша тәжірибеден өту таңдалған мамандық саласындағы кәсіби білімдердің қалыптасуы мен дамытылуына, жалпы кәсіби және арнайы пәндер бойынша алынған теориялық білімдердің бекітілуіне, таңдалған мамандық бойынша қажетті әдістерді, амалдарды, қабілеттерді алуға, кәсіби қызметтің жағдайында жеке аударма мәселелерін барынша терең зерттеуге бағытталған. Тәжірибе оқу пәндерінің толық кешенімен өзара әрекеттесуін білдіреді, себебі тәжірибеде студенттер өздерінің оқу барысында алынған білімдерін қолдана алады.
Аударма тәжірибесінен өту барысында студент әр түрлі жұмыстарды орындауға тура келеді, оларға әр түрлі ғылыми-техникалық және ресми-іскерлік стильдегі ағылшын тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен ағылшын тілінен аудармаларды жатқызуға болады.
Аударма тәжірибесі мәтінмен жұмыс істеудің қабілеттерін бекітуге, аударманың тәжірибесі бойынша білімдерін тереңдетуге, арнайы лексиканың қорын байытуға, шет тілі мен ана тіліндегі ауызша және жазбаша әдеби тілдің қабілеттерін дамытуға, еңбекті ұйымдастыру бойынша қабілеттерді дамытуға арналған.
Менің тәжірибеден өтуімнің мақсаты:
- кәсіби маманның талаптарына сәйкес негізгі кәсіби аудармашылық қабілеттерді қалыптастыру, бекіту;
- кәсіби қызметке жүйелік әдісті қалыптастыру;
- аудармашының функционалдық міндеттемелерін зерттеу.
Мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді орындадым:
1. Жалпы кәсіби және арнайы пәндер бойынша оқу процесінде алынған теориялық білімдерді тереңдету мен бекіту мен аудармаларды жасау кезінде олардың практикалық қолданылуы;
2. Кәсіби дайындығын кеңейту мен тереңдету, мәдениет аралық байланыс процесін қамтамасыз етуші аудармашы тұлғасының кәсіби қабілеттерін алу;
3. Ағылшын тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен ағылшын тіліне әр түрлі аудармаларды жасау;
4. Ақпараттық ресурстармен, арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;
5. Әр түрлі салалардағы терминология білімдерін кеңейту мен тереңдету;
6. Таңдалған мамандығына қызығушылықты қалыптастыру.
1 «Шамшырақ» оқу орталығының атқаратын қызметтеріне сипаттама«Шамшырақ» оқу орталығы оқушылардың сабақ үлгерімін, Біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаумен бірге, ағылшын-қазақ, қазақ-орыс, қазақ-ағылшын, орыс-қазақ және басқа тілдерден аударма істерін жүргізеді.
«Шамшырақ» оқу орталығының аударма қызметтері кәсіби аудармамен байланысты қызметтерді көрсетуге, және оған сәйкес барлық техникалық, заңды және шығармашылық тәртіптегі ерекшеліктерді қамтамасыз етуге мамандандырылады. Біздің міндетіміз тек кез-келген мәтіннің жоғарғы кәсібилігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге клиентке тіларалық кеңістікте пайда болатын қиындықтарды шешуге көмектесу. Біздің жұмысымыздың негізгі қағидаттарына кәсібилік, құзыреттілік, жеделділік пен әр тапсырысқа дара тіл табу болып табылады.
Сонымен бірге біздің компаниямыздың қағидатына біздің аудармалардың сапасына қатысты қатаң талаптарды сақтау жатады, әсіресе кәсіби мәтіндерге, онда жалпы мәнін білуден басқа мәтін арналған облыстағы аудармашының мамандануы маңызды, ол алғашқы аудару мәліметіне қатысты барынша жақын аударманы қамтамасыз етеді.
Біз өзіміздің клиенттерімізді бағалаймыз және басты міндетіміз - олардың жұмыстарын дер уақытында және сапалы түрде орындау болып табылады. Біз көптеген тілдерден аударма істерін жүргіземіз.
«Шамшырақ» оқу орталығы аударма істерін жүргізуде жеткілікті тәжірибе жинақтаған, ол мемлекеттік ұйымдар мен мекемелермен бірге, жеке және заңды тұлғаларға қызметтер көрсетеді.
Біздің клиенттеріміз:
Павлодар мұнай химия зауыты, «Казэлектромонтаж» АҚ, «КазАгроИнновация» АҚ, «Агротехника» ЖШС, «Көкшетауминсулар» АҚ, «Өндірісмашкешен» ЖШС, «Казкомпрессормаш» ЖШС, «Юпитер» Зерттеу орталығы, «NeWave Business Group» ЖШС, «Transbank» (Вильнюс, Литва) көліктік-экспедиторлық компания, «Теплотехникс 2» ЖШС, «LogyCom» АҚ және т. б.
Аударма теориясы - ғылыми пән, оның міндеті - түпнұсқа мен аударма арасындағы заңдылықтарды қарастыру, аударманың жеке жағдайларын ғылыми мәліметтердің көмегімен бақылау, алынған мәліметтерді жалпыландыру. Мұнысымен аударма теориясы аударма тәжірибесіне көмектеседі, ол теорияға ойды жеткізудің қажетті құралдарын іздеу мен таңдауда көмектеседі: теорияға жүгіне отырып, аудармашы қажетті ойларды және дәлелдемелерді нақты мәселелердің белгілі бір шешімдерінің пайдасына шеше алады.
Осы теорияның ғылыми құндылығы оның нысанына, аудармасына тілмен және әдебиетпен байланыстағы шығармашылық қызметке қызығушылықтың түрлілігімен түсіндіріледі [1, б. 67] .
Аударманың тарихына үңіліп қарасақ, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ұғысу, жақындасу ниеті ертеден-ақ пайда болған сияқты. Оған дәлел - әр жұрттың өмірінде замандар бойы жалғасып келе жатқан аударма өнерінің үлгілері. Әсіресе, аударманың өзге үлгілерінен гөрі көркем туындылары бір халықтан екінші халыққа, бір тілден екінші тілге жеделірек жетіп отырған. Халықтың рухани тілек-талабынан келіп туған өзге елдің көркем шығармаларын аудару процесі келе-келе өзіндік принциптері мен қағидаларын алға тартады. Аударудың әрқилы тәсілдері мен заңдылықтары бой көрсетеді.
Аударманың бүкіл халықтық сипатқа ие болуы А. М. Горький есіміне тікелей байланысты.
Жауапты мәселенің дұрыс жолға қойылуы үшін аудармашыларды аударманың ең қарапайым да түсінікті қағидаларымен қаруландыратын теория керек еді. Сөйтіп, аударма теориясының әліпбиі жасалды. Мұны алғаш қолға алған аударманың аса көрнекті теоретиктерінің бірі, әдебиетші К. Чуковский болатын. Кейін бұл еңбек әлденеше толықтырылып, жаңартылып басылып отырды.
Аударманың мәселелерін әрқилы көзқарастар тұрғысынан қарастырған әр алуан еңбектер бар. Аударма өнерінің ерекшеліктері мен заңдылықтарын таратып, талдай алатын тамаша теоретиктер бар. Олар - М. П. Алексеев, А. В. Федоров, Г. Гачечиладзе, И. А. Кашкин, О. Кундзич, А. В. Кунин, Ю. Д. Левин, П. М. Топер, Я. И. Рецкер, В. М. Россельс, В. Е. Шор, т. б. .
Бұларға қоса аударма проблемаларына арналған түрлі кеңес-мәжілістер көптеген күмәнді, түсініксіз жайларды теориялық тұрғыдан ғылыми талқыға салып, саралап шыққан. Әрине бұл мәжілістер аударма теориясының әр алуан мәселелерін түбегейлі шешіп берді деп айту қате. Алайда ден қоюға тұрарлық бір ақиқат, аударма өнерінің филология ғылымының ерекше бір саласы ретінде танытылып, оның даулы-даусыз мәселелерінің нақты ғылыми жолмен тексеріле басталғандығы. Дәлелдеме, дәйектемелерге негізделген мұндай ғылыми бағыт аударма проблемасының көптеген меселелерін нақтылы шешуге, сөйтіп аудармашыларға қиындық туғызып келген кейбір жайттар жөнінде қажетті принциптерді ұсынуға едәуір септігін тигізгені хақ.
Бұл үлкен проблеманың қағидаларын талдап беруде әрқилы көзқарастар күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Аударма өнерінің мәселелерін тексеруде әрқилы ғылым саласы келіп түйісіп жатады. Әдебиет, тіл, психология, тарих, этнография, математика, т. т. Мұның ішінде аударманың өзіндік объекті тіл мен әдебиет болуға тиіс. Өйткені көркем аударманың тексеретін мәселесі белгілі бір тілде жазылған көркем туындының екінші бір тілдегі көрінісі. Осыдан келіп аударманы зерттеу саласында тілшілер мен әдебиетшілер арасында әр алуан көзқарастардың болатыны ақиқат [2, б. 126] .
Жалпы, теориямен айналыспаған аудармашының аударманың қазіргі талабына лайықты іс бітіруі неғайбіл. Аударма теориясының бүгінгі талабы дегенде біз көркемдігі жағынан дәл, толыққанды аударманы айтамыз. Қанша дегенмен, өз бетінше, өз қалауынша аудармамен айналысушы адам білгенін өзімен ала кетеді де, оның қолы жеткен ақиқат жұмбақ күйінде калады. Ал теория сондай көптеген тәжірибелерді қорыта келіп, қол жеткен табыстарды көпке ортақ дүниеге айналдырады.
Аударманың ғылыми қағидаларын ортақ мүддеге айналдырушы теоретиктердің бұл жөніндегі ұстанған принциптерін үш түрге бөліп, топтап әңгімелеуге болар еді.
Сөзбе-сөз аударма мен еркін аударма: аударманың күнделікті тірлігіңде талай әжетке жаратылып келген тәсілдер. Тіпті күні бүгінге дейін қайсыбір аудармалардан көрініп қалады. Аударманың әрқилы үлгісін жасап, әр алуан қағидаларға жүгінген өнерпаздар іс барысында сан түрлі ағым жетегінде болғанмен, олардың бәрі де осы екі үлгінің, екі тәсілдің маңайына келіп үйіріле береді. Екі тәсілдің әрқайсысын дәуіріне, кезеңіне қарай жеке-дара алып қарастырсақ, оларды түсінуде, қолдануда қилы-қилы ұғымның да болғаны мәлім.
Бұл екі тәсілдің тарихи мәнін бір жақты түсініп, теріс ағым ұстанып жүрген зерттеушілердің де бар екенін ескере отырып, алдымен аударманың біз сөз етіп отырған осы принциптеріне тоқтала кету қажет. Теориялық тұрғыдан қарастырғанда бұл принциптердің мән беруді тілейтін өзіндік ерекшеліктері мол. Және аударма процесіне қырсығын тигізген кездері де жиі кездеседі. Шынында аударманың қай түрі болмасын ол белгілі бір кезеңнің жемісі. Ғылымның, практикалық істің өзі әкелген алғашқы адымдары болады. Сондай қажеттіліктен келіп туған еркін аударма тәсілі кезінде прогрессивтік рөл атқарғаны мәлім. Өйткері ғылым, өнер, экономиканың алғашқы тәй-тәй басқан шағында бірден реалистік аударманы талап ету мүмкін емес еді. Ол кезде халықтың білім дәрежесінің өзі көптеген мәселені түсіндіріп алуды тілейтін. Аудармашылардың өзі тілесін, тілемесін алып отырған объектісін түсіндіруге ыңғайлай беретіні біріншіден осыдан, екіншіден, сол аудармашылар сүйенерлік бірде-бір жол-жобаның, аударманың семантикалық жүйесінің әлі қалыптаспауынан. Осы тұрғыдан қарағанда, бұл принциптің өз кезінде рөлі ерекше болғанын ұғу қажет. Мұның кесірлі тәсілге айнала бастаған кезін анықтау ғылыми байыптылықка саятын нәрсе. Аударма тәжірибесі молайып, оның әрқилы жаңа, жарқын принциптері туа бастағанда, қайсыбіреулердің еркіндіктен арыла алмай жүруі, әрине орынсыз. Оның себебін ашып, бүге-шігесін талдау ғылымның міндеті [3, б. 48] .
Ал сөзбе-сөз аударманы кейбір практиктер мен зерттеушілер жарамсыз тәсіл деп түсіндіреді. Шынында бұл тәсілдің де себепсіз тумағанын ескеру керек сияқты. Ғылыми-теориялық еңбектерге және аударма тәжірибесіне жүгінсек, бұл принциптің көңіл аударуды тілейтін тұстары көп. Ғылыми тұжырымның мәні я олай, я былай деп тоқ етерін айта салумен анықталмаса керек, қайта нақты мәселенің себеп-салдарына жүгінген жүйелі дәлелдемелерге орай байқалса керек. Әрине сөзбе-сөз, әріпқой аударма дегендердің ғылыми қағидаларға салғанда бадырайып көрінетін баянсыз түрлерін көрсету лазым. Аударманы ғылым деп танитындығымыздан оның әдіс-тәсілдерін ғылыми жүйеге салып, себеп-салдарын дәлелдемелермен аша, ажырата баяндауға міндеттіміз.
Жалпы, ғылымның принциптері, әдіс-тәсілдері себепсіз ойдан жасалмайды. Қандай тәсіл болмасын ол белгілі бір шындықтың айнасы. Ендеше сөзбе-сөз аударма практикасындағы белгілі бір мұқтаждықтан, қажеттіліктен келіп туған. Ал ол тәсілдің жарамды-жарамсыз болмысын анықтау екінші мәселе. Ғылыми талдауды тілейтін тұс осы. Ендеше бір аударма тәжірибесі алып келген әрқилы әдістерді түсіндіруде біржақты ұғымнан қашыңқырап, соның себеп-салдарына үңілуге тиіспіз. Оның жарамды қасиеті қайсы, жарамсыз қасиеті қайсы - міне, осы мәселелер көбінесе көмескі күйде қала беретін. Тағы бір ескеретін жай мынау: әдетте сөзбе-сөз аударманы жарамсыз деп табатындар шыныңда да мұны сөзбе-сөз ұғатын тәрізді. Яғни белгілі бір сөйлем компоненттерін сол тұрған қалпында, сондай тәртіппен көшіру деп түсінеді. Егер мұндай тәртіппен аударсаң, әрине сөзбе-сөз тәсілдің түкке жарағысыз боларына күмән жоқ. Ал сөзбе-сөз аударманы дұрыс ұғатындар ұстанған принцип сәл басқашалау. Олар әлгі сөйлемді мағыналық топқа айналдырып тұрған компоненттердің түпнұсқадағы күйін сақтап жатпайды. Бірақ сондағы айтылмыш ойды білдіруге қатысып тұрған сөздердің бәрінің лексикалық мағынасын жеткізуге тырысады. Жеткізгенде, әрине әр сөзді жеке-жеке қуалап, жеке-жеке аударатын болсаңыз баяғы Гумбольдт айтқан жалған тұжырымға баратыныңыз ақиқат. Гумбольдт не дейді. Оның айтуынша, аударма дегеніміз шешілмейтін жұмбақты шешуге әурелену болып шығады. Мұның мәнісі: аудармашы жүзіп келе жатқан су астында шөккен екі тас бар. Бір халықтың көркем мүлкін жеткізуді мұрат тұтқан адам қалайда осы екі тастың біріне ұрынады. Оның бірі - түпнұсқаға өте адал болу үшін, ана тілінің заңдылықтарын аяққа басу болса, екіншісі ана тілінің заңдылықтарына түпнұсқаның бар қасиетін түгел бағындырып басқа қиянға шығып кету. Осыдан келіп әрбір халықтың зат, материя, болмыс жайындағы түсінігі әрқилы, соған орай тіл байлығы да ала-құла. Ендеше бай тілден кедей тілге аудару мүмкін емес деген идеалистік қорытынды жасайды.
Міне, осы жалған ұғымның жетегінде кетпес үшін сөзбе-сөз аударманың ішкі-тысқы характерін талдап, таратып түсіну қажет. Яғни сөзбе-сөз дегенді сол сірескен қалпында қабылдамай, аудару кезінде сөйлем компоненттері аударылатын тілдің заңдылықтарына қарай ыңғайлана, орындары ауысып түсіп жататынын және сөйте тұра түпнұсқа мазмұны мен формасы түгел жеткізілетінін қамтамасыз ететін тәсіл деп те қарағанымыз жөн.
Қазір ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың алуан түрлі арналы жолдары жасалды. Жаңа ұғымды берерлік тіліміздің дәстүрлі эквивалентті құрайтын жаңа терминдер, жаңа тіркестер пайда болды. Мұның көптеген мысалын шығармаларының аудармаларынан көреміз [4, б. 65] .
Алайда қайсыбір тілдік материалдың мағыналық салмағы сайма-сай келмей шаршататын түс кездесуі әбден мүмкін. Мұның себебін проф. А. А. Реформатский былай түсіндіреді: «Частные случаи непереводимости основываются на чисто язьковом факте - отсутствии в одном языке материальности, имеющейся в другом».
Аудармалық трансформациялар, В. Н. Комиссарвтың көзқарасы бойынша, - бұл өзгертілімдер, олардың көмегімен беріліп отырған мағынадағы түпнұсқаның бірліктерінн аударманың бірліктеріне өтуге болады. Және де «аудармалық трансформациялар мазмұны да, түрі де бар тілдік бірліктермен жүзеге асатындықтан, олар бастапқы бірліктердің түрін де, мағынасын да өзгертетін (қайта жасайтын) формаллық-семантикалық сипатқа ие».
Мұндай аудармалық трансфомацияларды аудармашыға кезекті аударманың қиындықтарын жеңуге көмектесетін аударма тәсілдері деп қарастыруға болады.
Жоғарыда келтірілген анықтамалар көрсеткендей, «аудармалық трансформация» терминіне әр түрлі түсіндірме беріледі [5, б. 64] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz