Етістік оның мағанасы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Етістік деп қимыл-әрекетті, қалып пен күйді білдіретін, етіс, рай, шақ, жақ, сан, болымсыздық категорияларын арнайы морфологиялық тұлғалар жүйесі арқылы білдіреалатын сөз табы аталады. Етістік деп аталатын сөз табына тікелей жақ, шақ қосымшаларын қабылдай алатын сөздер жатады. Мұндай ерекшелік олардың синтаксистік
қызметі арқылы айқындалады. Сол сияқты синтаксистік қызметі бойынша түркі тілдеріндегі етістіктер жіктелетін формалар жүйесіне және жіктелмейтін, жақ, шақ бойынша өзгермейтін формалар жүйесіне бөлінеді.

Етістіктің есімдерден морфологиялық тұлғалар арқылы бөлектенуі түркі тілдерінде бір сипатта өтеді. Оның себебі: етістіктердің есімдерден негізгі жіктелісі ата тіл, негіз тіл дәуірінде басталған процесс. Дегенмен, бұл процестің (яғни етістіктердің есімдерден жіктелуінің) әлі де түгелдей аяқталып болмаған. Айталық, қазіргі түркі тілдррінде есімдер мен етістіктерге жақ, шақ жалғаулары бір сипатта жалғанады. Мысалы, ноғай тілінде: аламан, тува тілінде: алыр мәл, алыр сән. Ал қазақ тілінде: инженермін, аламын, инженерің, аласың т. б. Көне түркі тілінде: мен батыр мен т. б. Бұл фактілер жаңағы аталған формаларда етістіктер мен есімдердің айқын жіктелгендігін көрсетпейді. Сондай-ақ, кейбір тілдерде ды тұлғалы жедел өткен шақ ер көмекші етістігімен тіркесіп қолданылады. Түрік тілінде* гелдійді (ер етістігінің продукцияланған түрі) . Бұл -ды тұлғасының о баста таза етістік болғандығын дәлелдейді.

Етістіктердің есімдерден бөлектеу процесі негізінен етістік мәнін, қызметін жасайтын аффикстерді қолдану арқылы жүреді. Бұл - күрделі процесс. Бұл процестің күрделілігінің екі түрлі жағдайы бар: біріншіден, етістіктің құрылымдық дамуы, етістіктің грамматикалық мәнінің тануымен бірге оның категориялық жаңа белгілері дамиды, жаңа грамматикалық белгілері келіп шығады. Екіншіден, предикатив қызметінде тұрақты қолданылу арқасында қимыл есімдері етістіктің мәні мен қызметіне ие болып отырса, да, есім мәні мен қызметінен бірден ажырап қалмайды. Қазіргі түркі тілдеріндегі есімше формалары деп қаралатын морфологиялық топ есімдерше түрленіп, септік, тәуелдік, көптік жалғауларын қабылдайтыны белгілі. Екінші жағынан, сол формалар етістіктердің қасиеттерінен ажырап қалмаған: олар есімдерді меңгереді, баяндауыш қызметінде тұрақты қолданылады. Осыдан барып түркі тілдеріндегі есімше формалары әр түрлі синтаксистік қызмет атқарады: баяндауыш болады, анықтауыш "мүше қызметінде тұрақты қолданылады, септеліп толықтауыш қызметін де атқарады. Қысқасы, синтаксистік жағынан есімшелер есім мен етістіктерге тән қызметтердің барлығында жұмсалады.

Түркі тілдерінің тарихы басқаша құбылысты береді: -ды қимыл есімі орта ғасырдың кейбір жазба тілінде көмекші етістікпен келіп те, жеке келіп те баяндауьгш қызметінде жұмсалып, анықтауыш қызметінде қолданылады. Ал қазіргі түркі тілдерінде -ды тек баяндауыш қызметінде жұмсалады. Бұл ыңғайда қимыл есімі түгелдей етістік формасына ауысады.

Етістіктердің ежелгі сипаты туралы мәселе. П. М. Мелиоранский өзінің Күлтегін ескерткішін мұқият зерттеуге арналған белгілі еңбегінде « . . . көне дәуірлердегі түркі тілдерінде түбірлердің етістіктер мен есімдерге жіктелуі қазіргідей қатаң жүйе болмаса керек» деп жазғаны белгілі. Белгілі ғалымның бұл ескертпесі түркі тілдері тарихының аса бір үлкен проблемасын аңғартады. Шынында, есімдер мен етістіктер мәндерінің бір сипатты түбірлер негіздер арқылы немесе сионимдер арқылы берілуін солай деп түсінуге болады, есім де, етістік те болып жазынылатын түбірлер мен негіздер тілдің ежелгі сипаты болған ба, әлде кейін қалыптасқан құбылыс па? дейтін сұрақтарға жауап беру тілдің қазіргі жағдайын еркін түсіндірумен қатар, оның тарихын да түсінудің басты шарттарының бірі болып табылады. Жалпы етістіктердің шығуы, қалыптасуы жайлы мәселенің басқа тілдерге де қатысы бар. Тіл дамуының ежелгі дәуірінде сөздер етістік, есім болып жіктелмей, бір сөз әрі етістік, әрі есім болып ұғы-нылған. Бұл тұжырым тіл білімінде үлкен бағдарға негіз болмаса да, есімдер мен етістіктердің шығуы туралы тарихи морфологиялық түсініктердің пайда болуына түрткі жасады.

Орыс оқымыстысы А. А. Потебня «орыс тілінде біздің заманымызға қарай есімдер мен етістіктер арасындағы қарама-қарсылық күшейе түседі»-деп жазды. Сондай-ақ ол: «қазіргі орыс тілінде етістіктің сөйлемде айтылмауы есімдік сөздерінің алғашқы екендігіне дәлел бола алмайды, бұл жерде басқа да құбылыстың болуы әбден ықтималх деп қарады 4 . Сонымен, бұл айтылғандардан «етістіктер алғашқы құбылыс па? дейтін сұрақ туады.

Күлтегін ескерткішін зерттеу үстінде П. М. Мелиоранский есімдер мен етістіктердің формалық жағынан бөлектенбей келуін байқағаны белгілі. Кейінгі зерттеулер бұл құбылыстың көне ескерткіштер құрамында ғана емес, яғни көне түркі тілдерінде ғана емес, қазіргі түркі тілдерінде де бір екендігін анықтады. Түркі тілдерінде тоң (тоң мұз, тоң май), тоң (ол тоңды), тат (тат басты, тістің таты), тат (дәмін тат, астан тат), көш (үлкен көш, күзгі көш), көш (бұл жерден көш), қат (қат-қат қылып жинады), қат (жер қатты), сұқ (сұқ саусақ), сұқ (қолын сұқты) сөздерінің түбір күйінде омонимдік қатар құрып немесе бір ғана түбірдің етістік болып та, есім болып та ұғынылуы оар. Мұның өзі бірен-саран тілдерде ғана кездесіп қоймайды, түркі тілдерінің барлығында бар, барлығында орныққан құбылыс. Кейбір түркі тілдерінде есім-етістік омонимиясы бірте-бірте азая бастағаны байқалады. Кейбір тіл-дерде омонимдік атаулардың бір сыңарыда аффикс жалғану арқылы ол етістікке, не есімге айнілады да, синкретикалық қатар түзеді, екеуі екі тұлғалы сөз ретінде ұғынылатың болған. Мысалы: қазақ тілінде: ақ (ақсын, қалу - оиланбай қалу), аңда (аяғыңды аңдай бас), бай (бай кісі), (ол байыды), оң (оң жақ, оңба ісі оңбайды), оңда

(жөнде, қолда), тың (тың алды), тыныш (тыныштық) тыншы (тыншыды), дем (дем алды), демік т. б. Есімдер мен етістіктер омонимдердің мұндай жолмен бір-бірінен жіктелуін кез келген тілден сан-салалы фактілер арқылы көруге болады. Бұл жағдай тілдер арасынан байқалады: бір тілде синкретикалық жұптың есім сыңары бар да, екінші тілде сол түбір сипатында - етістік ретінде ғана айтылады немесе керісінше қолданылады; қазақ тілінде қарт, қария - есім түбірлер, түрік тілінде қары-қартаю, қазақ тілінде түн - зат есім, мезгіл атауы, түрік тілінде мезгіл атауы және «қараңғы түсу, көз байлау» т. б. Мұндай синкретикалық параллельдер туыс тілдер арасында мол кездесетіні мәлім. Қазіргі түркі тілдерін көне мұралар фактілерімен салыстырып, тарихи тұрғыдан қарастыру мынаны көрсетеді: көне түркі тілдерінде есім-етістікті синкретикалық жұптардың саны қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда әлдеқайда көп. Біздің заманымызға жуықтаған сайын ондай сөздердің саны азая бастады. Көне дәуір мұраларымен салыстырғанда, орта ғасырдың соңғы кезеңдеріндегі мұралар тілінде рдәуір азайғаны байқалады. Мұ-ның өзі орыс лингвисі А. Потебняның пікірін растайды, сөз жасаудың аффиксальді тәеілі салаланып, тілдің бүкіл өн бойын қамтумен бірге есімдік-етістік синкретизмінің аумағы тарыла береді.

Есім-етістік синкретумы әуелі етістіктер қалыптасты ма, әлде есім қалыптасты ма дейтін түбегейлі мәселемен тығыз байланысты. Өйткені, бір ғана түбірдің әрі есім, әрі етістік болып ұғынылуы, сол қызметте жұмсалуы олардың қайсысы бұрын немесе қай мағына дейтін мәселені алға тартады. Мұндай сұрақ түркі тілдерінде ғана емес, басқа тілдерде де көп замандар бойы қойылып келеді. Үнді-европа, семит тілдерін зерттеушілер бұл сұраққа етістіктің жіктелетін тұлғаларының арғы негізі - есімдер деп жауап бергені мәлім.

Түркі тілдерін зерттеушілер де замандар бойы есімдердің өзгеру процестерін мойындап, тіл дамуының барысында етістіктерді морфологиялық жағьшан жіктеледі деп есептеді. Бұл қорытынды мынадай тарихи зерттеулерде дәлел денген негіздерге сүйенеді: әрі есім, әрі етістік болып уғынылған түбірден әуелі қимыл есімі жасалып, қимыл есім тұлғасы арқылы процесс пен күйдің қатысы, сондай-ақ сөйлеушінің қимылы мен оның орындаушыға көзқарасы білдірілген. Қысқасы, қазіргі тілдердегі шақ, жақ, модаль жайлы ұғым тудыратын грамматикалық формалар иесінің алғаш шыққан жері - қимыл есім тұлғасы. Сонғ-ыснан жіктелетін (яғни жақ, шақ, модаль ұғымдарын) етістік категорияларының шығып, қалыптасуында қимыл есімдер жүйесінің ролі зор. Түркі тілдерінде қолданылатын қимыл есімдерін мағынасы мен қолданылу ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөліп қарау керек. Олар: субстантивтік қимыл есімдері және объективтік қимыл есімдері. Субстантивтік қимыл есімдері зат есімдердің қызметі мен мағынасында қолданылады. Ал объективтік қимыл есімдері атрибуттық және предикативтік қызметтерде қолданылады. Дегенмен, қазіргі тілдерде айқын көрінетін бұл жіктеліс көне дәуір мұраларының тілінде айқын байқала бермейді. Дұрысын айтқанда, ол тілдерде субстантив пен объектив арасындағы айырмашылықты не функциялық өзгерістен, не қолданыстан байқау қиын, тіпті байқалмайды да.

Түркі тілдері тарихында қолданылған, қазір де қолданылатын қимыл есімдері шамамен 40 шақты. Олардың ішінде көп тілдерде қолданылатындары мыналар': -мақ, -ма, -ыс, -ыш, -ынч, -ғы, ық, -ығ, -ы, ыт, -ын, -мыш, -қын, -ған, -дық, -ыр, -ар, -қыр т. б.

Бұл көрсетілген тұлғалардың ерін дауыстыларымен (мысалы, -уш, -ғу) келген, ұяң дауыстылармен айтылатын (-ғын, -ғыр) варианттары бар. Кейбір тілдердің фонетикалық ерекшеліктері бойынша езу дауыстыларынан гөрі ерін дауыстыларының айтылуы басым болса, (мысалы, қырғыз тілі) кейбір тілдерде қатаң дауыссыздардан гөрі ұяң дауыссыздардың айтылуы басым келеді (айталық, оғыз тілдері) . Сондықтан жоғарыда көрсетілген тұлғалардың варианттары жалпы түркілік аяда алғанда көп салалы болып отырады. Бұл көрсетілген тұлғалар әр түрлі тілдерге немесе жеқе топтағы әр түрлі тілдер тобына тән болып, сол тілдің -ерекшелігін немесе сол тілдердің айырылым белгілерін көрсетеді. Мысалы, -ған тұлғасы көбінесе қыпшақ тілдеріне тән, ал -мыш тұлғасы оғыз тіліне, сондай-ақ Сібір мен Қиыр Шығысты мекендеген кейбір тілдерге ортақ. Жеке тілдердің, сондай тілдер топтарының осындай айырмашылықтары бар әрі олар заңды құбылыс. Өйткені, «түркі тілдері» деген жалпы атпен біріктірілетін тілдер өз ішінде әр түрлі этникалық және лингвистикалық топтарға жіктеледі. Қай топ қандай тайпа тілдері негізінде қалыптасса немесе қай тіл қай тайпалық тілдер одағына Қатысты болса, сол тайпа тілінің немесе тайпалар тілдерінің жүйелік белгісін сақтайды, солар бойынша жүйеленіп, салаланады. Сондықтан көрсетілген тұлғалардың түгелдей бір тіл құрамынан немесе тілдер тобы құрамынан кездеспеуі немесе бір тұлғалардың жиі қолданылып, екінші бір тұлғалардың аса сирек, анда-санда ғана кездесуі де заңды құбылыс. Айталық, жоғарыда аталған - мыш қазақ тілінде, басқа да қыпшақ тілдерінде жекелеген сөздер құрамынан ғана ұшырайды, еркін қолданылмайды. Өйткені қазақ тіліне, жалпы қыпшақ тілдеріне негіз болған тілдер құрамында ондай тұлға қолданылмаған. Ал, -мыш тұлғасы кездесетін сөздер тілдердің кейінгі байланысының нәтижесі болуы әбден мүмкін. О оғыз тілдерінде -ған тұлғасының ұшырасуын да солай түсіну керек.

Тілдердің даму барысында қимыл есімдері фонетикалық, грамматикалық және семантикалық өзгерістерге ұшырады. Тіл құрамындағы функциялық жіктеліс қимыл есімдеріне әсер етпей қоймады. Сондай ішкі даму ерекшеліктеріне байланысты қимыл есімдері пішіндік өзгерістермен қатар грамматикалық езгерістерге ұшырады. Нәтижеде кейбір тілдер құрамында жеке қимыл есімдердің белгілі бір грамма-тикалық семантикада, қолданысында орнығуын айту керек. Ондай тұлғалардың жалпы түркілік құбылыс екендігі тек салыстыру арқылы ғана айқындалады. Мысалы, түркі тілдерінің көпшілігінде -ма тұлғасы зат есімдер құрамында орныққан. Қазақ тілінде, Сібір мен Алтайға орналасқан тілдерде де сондай. Ал -ынш тұлғасы қазіргі түркі тілдерінің ешқайсысында қимыл есім қызметінде қолданылмайды. Ондай тұлғалы сөздер көпшілік тілдерде эат есім ретінде ұғынылады. Көне мұралар тілінде -унч қимыл есім тұлғасының қолданылуы кең жайылған құбылыс емес. Бұл тұлғада реттік сан есімдер құрамы сақталып қалған: үшінші, бесінші, жетінші тәрізді реттік сан есімдер жасайтын -ыншы тұлғасы бір кездегі қимыл есімі екені айқын. Кейін қосылған элемент -ы болса керек. Бұл, сірә, сөз соңын тиянақты аяқтауға ұмтылудың нәтижесі де, оның ш дыбысынан соң қысаң дауысты і айтылған.

Сан есімдер құрамында орнығып, сан есім жасаушы морфологиялық тәсіл ретінде ұғынылып кеткен қимыл есім тұлғасы бұл ғана емес: біреу, екеу тәрізді сандар жасайтын -у, алты, жеті сөздерінің құрамындағы -ты, бірер сөзінің құрамындағы ер тұлғасы көне замандарда еркін қолданылған қимыл есім формалары. Алдыңғы -у тұлғасының байырғы еипаты -гү, -ғу, ғ дыбысы әсерінің нәтижесінде -у -ға айналған; алты, жеті сөздерінің құрамындағы -ты қазіргі де көбінесе -ды болып айтылады, яғни жедел өткен жасайтын тұлғаның ескі сипаты сөздер құрамында шақтап қалған. Ал -ер қосымшасын есімше тұлғасы деп қарауға керек.

Түркі тілдерінщ тарихында жоғарыда көрсетілген алашкы қимыл есім тұлғалары негізінде қимыл есімдерінің екінші қатары - күрделенген тұлғалары қимыл есімдерінің алғашқы жалаң тұлғаларының өзара немесе басқа бір тұлғаларымен тіркесіп, жымдасуынан пайда болған. Олардың көне, жаңа тілдерде кең таралған басты түрлері мыналар: -мачы, -дачы (-тачы), -ығсақ, -ышсақ, -сақчы, -ығчы, -ғучы, -ығма, -ығлы, -ғалы, -ғанлы, -мақлы, -ығлық, -ғулық, -ажақ, -асы т. б. Бұл тұлғаларды сырттай шолып қарағанда олардың алғашқы, бірінші бөлігі міндетті түрде қимыл есім тұлғасы болып келеді де, екінші бөлігі қимыл есім тұлғасымен субъектіге телитін тұлғасының қосындысы (-ығ+ --сақ, -ығ+чы? -ғу+чы т. б. ) немесе есім жасайтын аффикс . (-ға+лы, ғу+луқ) болып келеді. Қалайда мұндай аффик-стердің екінші компоненті есім жасауға, яғни субъектіге тікелей қатысты есім жасауға бейім тұрады.

Қимыл есім формаларының бұл тобы етістіктің жіктелінін категорияларын жасауға тікелей қатысты. Жоғарыда айтылған қимыл есімдерінің ішінде етістіктің жіктелетін категорияларының арғы негізін салғандар немесе етістік категорияларына айналғандар ең алдымен атрибут қызметінде қолданылатындары немесе сол қызметке бейімдері. Атрибут - қызметіне бейімдері өзіне қатысты есім сөздермен еемантикалық субъект-атрибут қатынасына түседі. Сол семантикалық қатынастың кейінгі дамуы субъект пен предикат қызметіне айналады, соған орай олардың арасындағы қатынас қайта ұғынылады. Предикат қызметіне ие болу үшін қимыл есімінің сөйлем не сөз тіркесі құрамындағы мәні қайта немесе басқаша ұғынылуға тиіс, соның салдарынан субъектіні білдіретін сөзбен арадағы қатынас қайта ұғынылады. Бұл жерде субъект пен предикат мәніндегі тұлғалардың мезгіл мен жақ тұрғысынан ыңғайласып келуі предикативтік қатынастың негізінде еске альшады. Шақ жағынан ыңғайласу, сондай мәннің қалып-тасуы жақ туралы ұғымның негізін беретін тәсілдердің қажеттігін туғызады. Әрине, жақ жайлы ұғым немесе сондай ұғымдардың жиынтығы қимыл есімнің негізгі мағынасының - қимыл атаулының дамуы, соның жіктелу нәтижесі екені белгілі.

Предикатив қызметінде қимыл есімдерінің қолданылуы сөздің белгілі бір мәнде «мамандануын» туғызады. Яғни әрбір қимыл есім формасы белгілі бір мәнде қолданыльщ қалыптасты да, басқа мәндерден ажырап қалды немесе олар бұл тұлғаның тікелей қолданылатын аясы болудаң қалды. Әрине, мұндай процесс әрі ұзақ мерзімді қамтиды әрі өте күрделі болады, оның үстіне жеке тілдердің өздеріне тән ерекшеліктері, даму айырмашылықтары бар. Мұны қазіргі түркі тілдеріндегі ашық рай мазмұнының бірыңғай болмауынан көруге болады. Айталық, қазақ тілінде -а тұлғасы көбінесе осы шақты (немесе грамматикаларда айтып жүргендей ауыспалы осы шақты) білдіреді, яғни бұл тұлғаның осы шақты білдіруі келер шақты білдіруден гөрі әлдеқайда басым. Ал - р тұлғасы қазақ тілінде келер шақты білдіреді, ал гагауз, әзірбайжан, түрік тілдерінде - а тұлғасы негізінен қалау рай жасаушы форма, -р тұлғасы ауыспалы осы шақты білдіреді.

Қимыл есім тұлғалары іс пен қимылды білдірсе, морфологиялық ешбір тұлғасы жоқ түбір етістік бұйрық райдың кінші жағы болып қалыптасқан. Бұл ешбір қосымшасыз тұлғаны - есімдердің атау септік тұлғасының, етістіктердің бұйрық райлы II жағындағы морфологиялық қосымшасыз тұлғасы мен есім-етістік жүйесінің қалыптасуына алып келеді. Ал етістіктердің өз ішінде бұйрық рай мен ашық райдың семантикалық қарама-қарсылығы орнықты. Сөйтіп, тілдік жүйенің кейінгі дамуының өзегі болып табылатын қарама-қарсылықтар келіп шықты. Тілдің кейінгі барысында бұйрық рай тұлғасы сол сипат, сол қалпында қалды да, ашық райлық тұлғалар жүйесі күрделі өзгерістерге (фонетикалық, морфологиялық және семантикалық) ұшырайды.

Шығу тегі мен қалыптасу ерекшелігі жағынан бұйрық райдың II жағындағы етістіктің түбір тұлғасын есімдердің вокатне тұлғасымен салыстырудың логикалық негізі бар. И. А. Богородицкий есімдердің вокатне тұлғасын етістік түбірдің субъектісі деп қарайды. Етістік түбір қимыл-әрекет атауы, ал қимылдау субъектісі - вокатне.

Қимыл есім тұлғаларының ашық рай тұлғалары тірқес құрамының соңында айтылады. Әуелі кез келген сөздер тіркесі (есімдер) біркелкі болады. Тіркес құрамындағы компоненттердің қызметі мен мәні олардың арасындағы грамматикалық қатынас арқылы айқындалады. Грамматикалық қатынас олардың орнына, яғни араласуына негіз-деледі. Қимыл есімдердің тіркес құрамында соңғы орынға - басыңқы компонент ретінде орналасуы олардың қызметі мән мәніне байланысты. Қимыл есімдерін ика қызметінде орнығуын тиянақты аяқтаған оларға жіктеу есімдіктерінің тіркесіп айтылуы бол- жіктеу есімдіктері қимыл-әрекеттің орындаушы субъектілер мен байланысын көрсететін бірден-бір тәсіл - предикаттық мәннің басты тәсілі.

Түркі тілдерінің құрылымдық ерекшеліктері жайлы сөз болғанда, әр кез пассивтік қатынас пен предикативтік қатынасты білдіретін тәсілдердің тарихи бірлігі жайлы айтылады. Мұндай тұжырым қазіргі түркі тілдерінің құрамында предикат қызметіндегі сөздер тәуелдік қатынастағы сөздердің тұлғаларына ұқсап жіктеледі: барса -м, " балам келдім т. б. Мұндай ұқсастықтар кездейсоқ емес. Түркі тілдерінің көне дәуірінде қазіргідей екі түрлі жіктелудің орнына бір ғана жіктелу жүйесі болған. Жоғарыда көрсетілген шартты рай тұлғасы көне жазбаларда барсар- мен түрінде жіктелген, яғни бұл тұлғада жіктеу есімдіктері толық жалғанған.

Сондай жалғану жедел өткен шақ тұлғасында да бар. Бірақ қимыл есім тұлғаларының басқа түрінен гөрі етістік мәнге ерте ие болған, сол мәнде актив қолданылған тұлғалар жедел өткен шақта -ды, шақты рай тұлғасында -са болса керек. Өйткені, қазіргі тілдерде бұл екі тұлға таза етістік, яғни ашық райлық мәнінен басқа түрде қолданылмайды. Басқа қимыл есім тұлғалары көбінесе екі жақты болып келеді. Бір тілде ашық рай мәнінде қолданылса, екінші тілде қимыл есімін жасайды немесе әрі ашық рай, әрі есімше (қимыл есімі) қызметін атқарады. Соңғы ыңғайда бір қызметте актив, екінші қызметте пассив болатыны бар. -ды, -са тұлғаларының предикаттық қызметтегі көрінісі оларға жалғанған қосымшаның өзгерістерге түсуіне себеп болды: фонетикалық өзгерістер (элйзия мен редзикция: -м, -мын) нәтижесінде олардың кейбір тұлға-лары пассив тұлғаларымен бірдей болып шықты. Сонымен, Қимыл есімдері негізінде шақ тұлғаларының немесе ашық рай тұлғаларының қалыптасып, жүйе есебінде дамуы шамамен осылай түсіндіріледі, мұны тарихи түркологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және олардың грамматикалық тұлғасы
Бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңыздылығы
Ахмет Байтұрсынов — лингвист ғалым
Орта ғасырлардағы түркі ескерткіштеріне араб тілінің ықпалы
Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесі
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Морфологияны оқытуда оқушылардың тақырыпты түсінгендігін жаттығу жұмыстары арқылы жүзеге асыру
Морфология саласының теорияларын зерттелу сипаттары
Қазақ және орыс тілдеріндегі флексия, аффиксоидтер және интерфикстер туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz