Жер қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары жайында


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Жер қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары»
Орындаған: топ студенті
Жетекші:
Астана 2015
МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
1 Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдар функцияларының жүйесі4
2 Жердi қopғay және ұтымды пайдалануға мемлекеттiк бақылау жасаудың мiндеттерi мен мақсаттары6
3 Жерге ақы төлеу және жер салығы бойынша жеңілдіктер8
4 Жер дауларын шешу11
Қорытынды13
Қолданылған әдебиеттер тізімі14
КіріспеҚазақстан аса бай жер-ресурстық әлеуетті иелене отырып, оларды пайдалануға ерекше көңіл бөліп, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау стратегиясын бекітіп, елдің нарықтық экономика жағдайларына байланысты жер қатынастарын жетілдіру қажет. Нарық жағдайында жер ресурстарын басқару жер қатынастар жүйесінің социалистік түрімен ерекшеленеді. Алғашқы кезде жер мемлекеттің айрықша меншік құқығында болып, жер қатынастарының тек бір түрі - жер пайдалану ғана танылған. Жер жер пайдаланушыларға ақысыз беріліп, салық салынбайтын, жер учаскесі жылжымайтын мүлік мәртебесіне ие болмаған жерді жалға алуға тыйым салынған. Демек, жерге жеке меншік құқығы, жер пайдаланудың ақылылығы, азаматтық және нарықтық айналымға жер учаскесін енгізу сияқты мәселелер заңдарда көрініс таппаған. Жоғарыда көрсетілген объективті факторлар жер ресурстарын басқару әдістері мен қағидаларын өзгерту және осы салада зерттеу жүргізу қажеттілігін негіздейді.
Нарықтық қатынастардың дамуы және нарық айналымына жер учаскелерін енгізу, экономиканы мемлекеттік басқарудың дамуы жердің физикалық, экономикалық, құқықтық сипаттамаларына негізделген фискалдық құралдардың дамуын, жерді есепке алу саласындағы қызметті жетілдіруді талап етіп отыр. Мұндай есепті жүргізуді мемлекеттік жер кадастры жүзеге асырады. Бүгінгі күнде қазіргі талаптарға сай кадастрлық жүйенің және заңдылығының қалыптасу процесі, табиғи ресурстар кадастрының құрылуын жүргізуді реттейтін қоғамдық қатынастар қалыптасу үстінде.
Міне сондықтан, қазіргі кезде жер қатынастарын құқықтық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың функциялары деген тақырып өзектілікті болып келеді.
Бұл жұмыстың мақсаты: жер қатынастарын құқықтық реттеуді және ондағы мемлекеттік органдардың функцияларын зерттеу.
Осы орайда, зерттеу жұмысының келесідей міндеттері туындайды:
- Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк органдар функцияларының жүйесiн айқындау;
- Жер кадастрының түсiнiгi, жер-кадастрлық құжаттар, кадастр жүргiзу тәртiбi. Жерге құқықтарды мемлекеттiк реттеуді қарастыру;
- Жерге орналастырудың түсiнiгi, оның функциясы, мiндеттерi, жерге орналастыру процесiнiң кезеңдерi және оның мазмұнын қарастыру;
- Жердi қopғay және ұтымды пайдалануға мемлекеттiк бақылау жасаудың мiндеттерi мен мақсаттарын анықтау;
- Жерге ақы төлеу және жер салығы бойынша жеңiлдiктерді қарастыру;
- Жер дауларын шешу жолдарын зерттеу.
1 Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдар функцияларының жүйесіЖер құқықтық қатынастары дегеніміз - жер заңдарының нормалары негізінде пайда болатын және реттелетін жерге жеке меншік немесе жер пайдалану мен жерді қорғауға байланысты туындайтын құқықтық қатынастар. Жер кадастрын жүргізу жүргізу қатынастары жер құқықтық қатынастардың құрамдас бөлігі.
Жер қатынастарын мемлекеттiк реттеудiң функциялары дегенiмiз - жердi қорғауға ұтымды және нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын негiзгi қызметтер болып танылады, яғни мемлекет тарапынан жер саясатын жүзеге асыруға бағытталған негiзгi бағыттардың жиынтығы.
Кадастр сөзі «берілетін зат» деген мағынаға келетін «caput» латын тіліндегі сөзінен және «берілетін заттардың тізімі» дегенді білдіретін «capitastrum» сөзінен шыққан. Жер кадастры дегенiмiз - Жер кодексiне сәйкес, Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдалануы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы мәлiметтердiң жүйесi болып табылады. Мемлекеттiк жер кадастрының келесiдей белгiлерiн атап көрсетуге болады: Бiрiншiден, кадастрда жер учаскесi, жерге меншiк құқығының субъектiлерi, жер пайдалану, жердi жалдау, жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты, оларды қолдану сипаттамасы туралы мәлiметтер болуы керек; Екiншiден, жердi сандық жағынан есепке алу мәлiметтерi, яғни, жер алаңдарын жер құқық қатынастары субъектiлерiне бөлiп беру туралы мәлiметтер; Үшiншiден, жердiң сапалық жағдайы туралы, яғни, жердi пайдалануға әсер ететiн табиғи сипаты мен белгiлерiне / топырақтың механикалық құрамы, жер бедерi, жағымсыз процестер - эрозия, тұздану, тапталу белгiлерi мен экологиялық технологиялық, қала құрылысы сипаттары / байланысты жүзеге асырылатын жер-кадастрлық аудандарға бөлу, топырақты топтастыру, жердi санаттарға бөлу т. с. с шаралар нәтижесiнде алынатын мәлiметтер; Төртiншiден, кадастрда жердi бағалау берiледi, яғни, жер ауыл шаруашылығының өндiрiс құралы және кеңiстiктiк базис ретiнде салыстырмалы бағасын, сонымен бiрге, пайдаланудың тиiмдiлiк деңгейiн анықтайды. Жер кадастрын жүргiзу мемлекет тарапынан қаржыландырылады [1, б. 54] .
Жер кадастрының негiзгi мақсаты - жер қорын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету. Жерге заттық құқықтардың азаматтық айналымы жерге меншiк құқық жағдайында жер меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғау. Жер туралы мәлiметтер арнайы базалық құжаттармен реттеледi. Базалық құжаттарға келесiлер жатады: - жер учаскесiнiң жер кадастрлық iсi; - мемлекеттiк жер кадастрының кiтабы; жер кадастрының картасы; Жер-кадастрлық құжаттама мынадай талаптарға сәйкес болуы тиiс: барлық деректемелердi (оларды шығарушы органның, меке-менiң, ұйымның атауын, күнiн, құжаттың нөмiрiн, мекен-жайын (құжатты алушыны) көрсету) толтыра отырып белгiленген үлгiдегi бланкiлерде орындалады; жер учаскелерi шекараларының жоспарларын (сызбаларын) дайындау жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады; мемлекеттiк құпияға жатқызылған жер учаскелерiнiң жоспарларында (сызбаларында) қамтылатын мәлiметтер олардың құпиялылығын қамтамасыз ететiн белгiленген ережелерге сәйкес пайдаланылады және сақталады. Жер учаскесiнiң жер кадастрлық кiтапқа жазба енгiзiлгеннен кейiн оған жеке елдiң аумағына қайталанбайтын нөмiр берiледi. Кадастрлық нөмiрдi құру:
- облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың кодымен;
- ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың кодымен;
- есептi кварталдың кодымен;
- жер учаскесiнiң есептi кварталдағы реттiк нөмiрiмен айқындалады. Елдi мекеннiң кварталы, жұмыс кенттерi және ауылдық елдi мекендер, бағбандық және саяжайлық қоғамдар, желiлiк объектiлер: темiр жол, автомобиль жолдары, жердегi, жер үстi және жер асты құбыр желiлерi бөлу жолақтарымен, суаттар және басқалар есептi кварталдар болып табылады [2, б. 85] .
Жер учаскесi кадастрлық нөмiрiнiң екi алғашқы саны облыстың немесе республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кодын, одан кейiнгi үшеуi - ауданның немесе облыстық (аудандық) маңызы бар қаланың, одан кейiнгi тағы үшеуi - есептi кварталдың кодын және соңғы үш сан - есептi кварталдың iшiндегi жер учаскесiнiң реттiк нөмiрiн бiлдiредi. Барлығы он бiр саннан құралады. Есептi квартал iшiнде жер учаскелерiнiң саны 999-дан асқан жағдайда, осы есептi квартал iшiнде қалыптасатын келесi жер учаскелерiне төрт таңбалы реттiк нөмiр берiледi. Кадастрлық мәлiмет шынайы объективтi болуы үшiн келесi қағидалар сақталуы тиiс: Мемлекеттiң жер қорын түгелдей қамту; Жер кадастрын жүргiзудiң үздiксiздiгi; Жер кадастрының әдiстемелiк негiз бiрлiгi; Жер кадастрын жүргiзу органдарының бiрыңғай жүйесiнiң болуы. Жер кадастрының мәлiметтерi келесi жағдайларда қолданылады:
- мақсатты тағайындауын ескерiп, жер учаскесiн пайдалану тиiмдiлiгiн анықтау;
- жер учаскесiн жеке меншiкке сатқан кезде оның бағасын (жер учаскесiн жалдау құқығын сату төлемiн) анықтау;
- салық салу;
- жер учаскесiн мемлекеттiк қажеттiктер үшiн ерiксiз алу кезiнде және иелiктен айыру жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерiн сотпен анықтау мақсатында жүргiзiледi.
- жер учаскесiмен мәмiле жасау;
- жерге төлем мөлшерiн анықтау;
- құқықтық басқа кадастрды жүргiзу үшiн. Жер кадастры деген ұғымды құқықтық кадастр деген ұғымнан бөлек қарастыру керек. Құқықтық кадастрды жүргiзу тәртiбi Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шiлдедегi «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» № 310 Заңымен реттеледi [3] .
2 Жердi қopғay және ұтымды пайдалануға мемлекеттiк бақылау жасаудың мiндеттерi мен мақсаттарыЖердi қорғау шаралары жоспарлық және бағдарламалық-мақсаттық құжаттар мен материалдарда ескерiледi, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жоспарлануының жобаларына, ұлттық және мемлекеттiк бағдарламалар мен тұжырымдамаларға қосылады. Осы саладағы жоспарлаудың ерекшелiгi болып, жердi қорғау шараларын жүзеге асыру бойынша арнайы бағдарламаларды әзiрлеу табылады. Жекелегенде, Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң қаулыларымен 2000 жылы 16 ақпанда Қазақстан Республикасында 2000-2003 жылдарға арналған жерге құқықтарды қамтамасыз ету бағдарламасы, 1994 жылы 11 қазанда Қазақстан Республикасының 1994-1995 жылдар және 2010 жылға дейiнгi кезеңге дейiн жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау тұжырымдамасы, 2003 жылы 10 шiлдеде қабылданған 2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы, 2005 жылы 5 қаңтарда қабылданған 2005-2007 жылдарға арналған ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану бағдарламасы, 2005 жылы 24 қаңтарда қабылданған «2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы шөлейттенумен күресу» бағдарламасы бекiтiлген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде қоршаған ортаны қорғау шараларын жоспарлау заңды түрде бекiтiлген. Ал жердi ұтымды пайдалануға бағытталған бағдарламалар орын алғанымен, Жер кодексiнде жердi қорғауға бағытталған шараларды жоспарлау мәселесi мүлдем қарастырылмаған [4, б. 82] .
Қазақстан Республикасының 2004 жылы 24 сәуiрде қабылданған Бюджеттiк кодексiнiң 50, 51-баптарына сәйкес, республикалық, облыстық және аудандық бюджеттiң шығыстары агроөндiрiстiк кешен, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман, су, сонымен бiрге, жер қатынастарына бағытталған. Басқа қайнар көздерге жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың жеке қаражаттары; заңды және жеке тұлғаларының ерiктi қайырымдылықтары; экологиялық сақтандыру; банктердiң несиелерi; басқа қайнар көздер, оның iшiнде шетел инвестициялары жатады. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексiнде қоршаған ортаны қорғау шараларына қандай шаралар жататындығы нақты анықталған. Әрине, аталған жағдай Экологиялық кодекстiң жетiстiгiн көрсетiп отыр. Сонымен, қоршаған ортаны қорғау шаралары дегенiмiз - қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдық, әлеуметтiк және экономикалық iс-шаралар жиынтығы [5] . Олардың қатарына:
- экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған;
- қоршаған ортаның сапалық сипаттамаларын арттыру арқылы қоршаған ортаның құрауыштарының жай-күйiн жақсартатын;
- экологиялық жүйелердiң жай-күйiн тұрақтандыру мен жақсартуға, биологиялық алуан түрлiлiктi сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға ықпал ететiн;
- қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына залал келтiрудiң алдын алатын және оларды болғызбайтын;
- қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және қоршаған ортаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгiзуге бағытталған әдiстер мен технологияларды жетiлдiретiн;
- өндiрiстiк экологиялық бақылауды дамытатын;
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық жүйелердi қалыптастыратын және экологиялық ақпарат беруге ықпал ететiн;
- экологиялық бiлiмдi насихаттауға, тұрақты даму үшiн экологиялық бiлiм мен ағарту iсiне ықпал ететiн iс-шаралар жатқызылады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес, жердi қорғау дегенiмiз- қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға жердi ұтымды пайдалануға жердi орман және ауылшаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлығын қалпына келтiруге бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, техникалық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды. Жер қатынастарын мемлекеттiк реттеудiң бұл қызметi жердi қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде қарастырып отыр. Экологиялық кодекске сәйкес, қоршаған ортаны қорғау дегенiмiз - қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтiруге, шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған ортаға терiс әсерiн болғызбауға және оның зардаптарын жоюға бағытталған мемлекеттiк және қоғамдық шаралар жүйесi. Жердi қорғау мақсаттары болып: 1) өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау; 2) тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету; 3) жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу табылады [6, б. 28] .
Қоршаған орта сапасының нормативтерi дегенiмiз - қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қолайлы жай-күйiн сипаттайтын көрсеткiштер. Қоршаған орта сапасының нормативтерiне: 1) қоршаған орта жай-күйiнiң химиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген нормативтер, оның iшiнде радиоактивтi заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шектi шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауiпсiз деңгейлерiнiң нормативтерi; 2) қоршаған орта жай-күйiнiң физикалық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде шудың, тербелiстiң, магнит өрiстерiнiң, радиоактивтiлiктiң, жылудың және өзге де физикалық әсерлердiң жол беруге болатын шектi деңгейлерiнiң нормативтерi; 3) қоршаған орта жай-күйiнiң биологиялық көрсеткiштерiне сәйкес белгiленген, оның iшiнде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретiнде пайдаланылатын өсiмдiктердiң, жануарлардың және басқа да организмдердiң түрлерi мен топтарының нормативтерi, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн, микроорганизмдердiң жол беруге болатын шектi шоғырлану нормативтерi: топырақ бонитетi, қарашiрiндiнiң құрамы, топырақтың су және жел эрозиясына ұшырау, олардың батпақтану, сортаңдану, тұздану көрсеткiштерi және жер топырағының басқа да сипаттамалары; аумақтың ормандылығы және онда орман өсiру, орманның қоқыстануы, ормандардың санитарлық жай-күйi, орман қорының жекелеген учаскелерiнiң басқа да сандық және сапалық көрсеткiштерi; ауыз суға және өзге де мақсаттарға пайдаланылатын су сапасының нормативтерi; табиғи ресурстар жай-күйiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi; 4) қоршаған орта сапасының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де нормативтерi жатады [7, б. 35] .
Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының және жол берiлетiн шектегi әсер деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық ластанған, өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен, ақаба сулармен ластанған жердiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк аурулары жұққан жердiң топырақ құнарлылығын қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi. Жердiң ластануы - антропогендiк қызметтiң нәтижесiнде жерде шектi рұқсат етiлетiн зиянды заттар нормативтерiнен асып түсетiн, жердiң құндылығын төмендететiн, ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң сапасын, қоршаған ортаның басқа да объектiлерiн, халықтың тұру жағдайын нашарлататын мөлшерде әртүрлi заттар мен организмдердiң жинақталуы болып табылады. Жердiң ластануы бiрнеше түрге бөлiнедi: радиоактивтi ластану, химиялық ластану, биологиялық ластану, шаруашылық тұрмыстық ластану.
3 Жерге ақы төлеу және жер салығы бойынша жеңілдіктерЖерге ақы төлеу дегенiмiз - жер учаскесiн пайдаланудың экономикалық нәтижесiне байланысты болмайтын, белгiлi бiр аймақта орналасқан, белгiлi бiр сападағы және шаруашылық құндылығы бар жер учаскесiнiң бiрлiк алаңы үшiн белгiленген сома. Жерге ақы төлеу жер меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi пайдаланғаны үшiн, жер учаскесiн мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке сатып алғаны үшiн немесе жер пайдалану құқығын алғаны үшiн жер заңдарымен, салық заңдарымен немесе өзге де заңдармен белгiленген бекiтiлген мөлшердегi соманы төлеу жөнiндегi әрекетi болса, жер төлемдерi жердi ұтымды пайдалану мен қорғауға бағытталған нақты жер учаскесi үшiн белгiленген сома болып табылады. Әрине жер төлемдерiнiң мөлшерiне жер учаскесiнiң орналасқан жерi, сумен қамтамасыз етiлуi, топырағының құнарлылық сапасы т. б. факторлар әсерiн тигiзiп отырады. Сонымен қатар, жер төлемдерiн екi түрлi мағынада қарастыруға болады: экологиялық мағынада және экономикалық мағынада. Экологиялық мағынадағы жер төлемдерiнiң қатарына жердi қорғау және сапасын жақсартқаны үшiн төленетiн төлем, жердi ластағаны үшiн төленетiн төлем жатқызылған болса, экономикалық мағынадағы жер төлемдерiнiң қатарына жер салығы, жердiң нарықтық құны, жер ресурстарын пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем, жердi мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке немесе пайдалану құқығына алғаны (сатып алғаны) үшiн төленетiн төлем т. б. жатқызылған [8, б. 96] .
Жер учаскесiнiң экономикалық құндылығы келесiдей негiзгi үш белгiсi арқылы белгiленедi: 1. Жер учаскесiнiң негiзгi мақсаты, яғни, бұл жер учаскесi қолданылатын мақсатты санаты; Жердiң негiзгi мақсатта пайдалану белгiсi жер учаскесiн бағалаудағы басқа екi белгiнi сипаттап ашуға мүмкiндiк бередi: мысалы, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер үшiн бұл жерлердiң мәндi белгiлерi болып, оның құнарлылығы, топырағының физикалық-химиялық құрамы, өзге де минералды және органикалық құрамдарының бар болуы танылса, ал, өнеркәсiп, көлiк және өзге де мақсаттағы жерлер үшiн маңызды белгiлерi болып оның бедерi, пайдалы қазбаларының бар болуы, гидрологиялық және геологиялық қасиеттерiнiң бар болуы танылады; 2. Жердiң сапасы, яғни, жер учаскесiнiң белгiлi бiр шаруашылық мұқтаждықтарын қанағаттандыра алу деңгейi; Жердiң сапасы жердiң белгiлi бiр табиғи қасиеттерiне деген сұраныс деңгейiмен анықталады; 3. Жер учаскесiнiң экономикалық шаруашылық кеңiстiкте нақты орналасуы, яғни оның бағасын мына қағидадан анықтауға болады: жер пайдалану шығындарының төмендiгi және жердiң экономикалық тиiмдiлiгiнiң жоғарлығы. Жерге ақы төлеудiң түрлерiн келесiдей нысанда көрсетуге болады: а) Жер салығы; Меншiктегi, тұрақты жер пайдаланудағы немесе бастапқы уақытша өтеулi жер пайдаланудағы жер учаскелерiне Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес, жер салығы салынады. б) Жалдау ақысы; Мемлекет уақытша өтеулi пайдалануға (жалға) берген кезде жер учаскелерi үшiн жер учаскелерiн пайдалану төлемақысы алынады. Жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын есептеу және жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес анықталады. Егер жалға алушы тұлға шетел мемлекеттерi болған жағдайда, жер учаскелерiн пайдалану төлемақысының мөлшерi Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда айқындалады. в) Жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құны немесе жердiң нормативтiк құны; Бұл жағдайда жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган мемлекеттiң жеке меншiкке өтеулi негiзде беретiн жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына сәйкес, оған түзету коэффициенттерiн қолдана отырып белгiлейдi [9, б. 58] . г) Жер учаскесiнiң нарықтық құны; Яғни меншiк иесi жер учаскесiн сатқан немесе жалға берген кезде, мемлекеттiк емес жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану құқығын басқа тұлғаларға оқшаулаған кезде, сондай-ақ ол жер учаскесiн кейiнгi жер пайдаланушыларға жалға берген кезде жер учаскелерi үшiн төлемақының мөлшерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес сату-сатып алу немесе мүлiк жалдау шарттарымен айқындалады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 385, 438, 546-баптарына сәйкес, шарттың орындалуы тараптардың келiсiмiмен белгiленген баға бойынша төленедi деген. Жер салығы Қазақстан Республикасына 1990 жылдардан бастап енгiзiлдi. 1991 жылы маусымда ең алғаш рет Жер туралы заң қабылданды. Жер салығының мөлшерi келесi көрсеткiштерге байланысты: Жер учаскесiнiң орналасқан жерi; Жердiң құнарлығы - бонитет жер құнарлығының көрсеткiшi; Жер учаскесiнiң сумен қамтамасыз етiлу деңгейi; Жер салығының мөлшерi жер учаскесiнде жүзеге асырылатын шаруашылық қызметке байланысты емес [10, б. 12] .
Салық кодексiнiң 324-бабына сәйкес келесi тұлғалар салық төлеуден босатылады:
- Бiрыңғай жер салығын төлейтiн тұлғалар. Бұл салықты ауылшаруашылығы тауар өндiрушiлерi төлейдi.
- Мемлекеттiк мекемелер. Мектептер, ауруханалар, яғни толық мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын тұлғалар;
- Жер қойнауын пайдаланушылар;
- Қылмыстық жазаны жүзеге асыратын мекемелер, колонналар, түрмелер, СИЗО т. б. ;
- Ұлы Отан соғысына қатысқан тұлғалар және оларға теңестiрiлген азаматтар;
- Барлық топтағы мүгедектер немесе осы топқа жатқызылған тұлғалар;
- Көп балалы аналар, алтын алқа иелерi;
- Үй iргесiндегi қосалқы өзiндiк шаруашылықты жүзеге асыратын тұлғалар, бағбандық және саяжай құрылысына байланысты т. б.
- Дiни ұйымдар [11] . Мысалы: мешiт. Жер учаскелерiн сату-сатып алу тәртiбi. Жер учаскелерiн сату-сатып алу тәртiбi Қазақстан Республикасы тиiстi заңдармен және заңға негiзделген нормативтi актiлерiмен реттелiп, жүзеге асырылып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz