Оқытудың белсенді әдістері жайында


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Оқытудың белсенді әдістері»
Орындаған:
Жетекші:
Астана 2015
МАЗМҰНЫ
Кіріспе3
1 Оқытудың белсенді әдістерінің сипаттамасы5
2 Оқу процесі кезіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатындағы ойынның өзгешелігі мен құрылымы7
3 Оқытудың интерактивті технологияларының негізіндегі оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырудың әдістемесі10
Қорытынды15
Қолданылған әдебиеттер тізімі16
КіріспеҚазіргі кезде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім алу кеңістігіне бағытталуда. ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерінде зерттеушілік, ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Жаңа технологияларды жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына, пәніне деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Қазіргі таңда әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын мұғалім өз еркімен таңдайды.
Әлемдік озық идеялар негізінде жасалынған жобалардың бірі -американдық-педагог ғалымдар Чарльз Темпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы. Менің өз тәжірибемде қолданған технологиялардың бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы. «Сыни тұрғыдан оқу мен жазу» арқылы дамыту бағдарламасының дамыту жобасының идеяларын сабақ беру практикасында қолдану тиімді деп ойлаймын.
Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Қызығушылықты ояту -оқушылар үшін сабаққа қатысудағы алғашқы қадам. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, ашылады, белсенділігі артады. Мағынаны тану кезеңі -мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады/жаңа сабақ түсіндіріледі/, оқушылар жаңа ақпаратты меңгереді.
Оқытудың белсенді әдістері қазіргі заманғы оқыту амалдарында кеңінен қолданысқа ие болып келеді, оған оқыту процесінде ойын амалдарын, интерактивті оқытудың түрлерін қолдануды жатқыза аламыз.
Ойындар жалықтырушы жұмыстарды барынша қызықты және баурап алатындай жасайды. Ойындар, әдетте төменгі мектеп оқушыларының алдыңғы қатарлы қызметтерінің формасы болып табылады. И. Н Верещагина, Е. И. Негневицкая, Т. Б. Клементьева және т. б. ұлы педагогтар оқыту процесі кезіндегі ойындардың қолданылу тиімділігіне ерекше мән берген болатын. Бұл түсінікті. Ойында ерекше бір және кейде күтпеген адамның қабілеттері көрінеді.
Ал интерактивті оқыту әдістері оқушылардың бірлесе отырып жұмыс істеуіне негізделеді, ол әдіске портфолио, ғылыми жобалау, кейс әдісін жатқыза аламыз, бұлардың әрқайсысы оқушылардың танымдылығын жаңа деңгейге көтереді. Бұл осы зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайды.
Ал зерттеу жұмысының мақсаты - заманауи оқыту әдістерінің түрлерін қарастыра отырып, олардың оқушылардың сабаққа деген құлшынысын арттырудағы тиімділіктерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері келесідей:
- оқытудың белсенді әдістерін талдау;
- оқу процесі кезіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатындағы ойынның өзгешелігі мен құрылымын қарастыру;
- оқытудың интерактивті технологияларының негізіндегі оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырудың негізін зерттеу.
Зерттеуде әдеби шолу, зерттелетін тақырыптың педагогикалық тәжірибесін зерттеу, сұрауларды бақылау әдістері қолданылды.
1 Оқытудың белсенді әдістерінің сипаттамасы
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруі мен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол адамға оқу қызметінің субьектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендірілген, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Педагогикалық үрдістің маңызды құрамы-оқу үстіндегі субьектілер. Оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекет болып табылады. Жаңа білім прадигмасы бірінші орынға адамның білім, білік, дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып жатыр. Жаңа заман кеңістігіндегі білім мен кәсіптік бәсеке алаңының ашықтығы және кіріс-шығыстың жалпыға ортақ талап деңгейінде бақылауға айналуы-жоғары білім беру жүйесінде шұғыл түрде өзгерістер енгізуді талап етеді.
Қазіргі таңда технологияның дамуы, жаһандану бағыты мен бәсеке білім кеңістігіне барған сайын батыл кірігіп, оның ықпалы күшейе беретіні күмәнсіз. Олардың арасындағы қарым-қатынас күрделі мәселелерді тудыруы мүмкін. Бірақ, ол құбылыстардың ұлттық мүддеге және халықаралық талаптарға барынша сай келіп, белгіленген шектен аспауы тиіс. Әрине, әр елдің мүддесіне орай көзқарастарда алшақтықтардың болмай қоймайтыны белгілі. Оған бір ғана мысал, білім беру ісін мемлекет қамқорлығына алу керек пе, жоқпа, деген сауалға жауап арқалай. Айталық, Европа елдері мемлекеттік қолдаудың қажеттілігін баса айтып отыр. Біздің отанымыздағы ұстаным да сол пікірмен сәйкес келеді. Бір атап өтерлігі, әлемдік білім кеңістігі стратегиясы ретінде онда көтерілген мәселелердің ешқайсысыда біздің мемлекеттік мүддемізге қайшы келмейді. Оның үстіне Қазақстандағы білім беру жүйесінің деңгейі әлемдегі дамыған елдердің көрсеткішімен орайлас. Бізде білім берудің ірге тасы берік қаланған, оған деген көзқарас та ерекше, әр азамат өзінің және ұрпағының білікті де білімді болуын алдыңғы қатарға қояды [1, б. 52] .
Жоғары білім беру жүйесінің дамуының әлемдік беталыстары білім беру жүйесінде жаңа ортаның-ақпараттық қоғамның пайда болуымен себептеледі.
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуы үшін өткізілетін конференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар - жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалыптастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес.
Өзін - өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр [2, б. 98] .
Осыған орай біздің мақсатымыз интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) бірі ретінде кейінгі кезде қолданысқа ене бастаған, жобалап оқыту технологиясына тоқталып өтейік.
Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау кезеңі. Оқытушы жұмыс тәртібін ұсынады, білім алушылармен бірге сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу проблемасын құрастырады.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация, нұсқаулар, қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Білім алушы сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, ролдерге, ойын бөлімдеріне, ұпай санау тәртібіне (ойын таблосы құрылады) тоқталады. Білім алушылар қосымша ақпарат жинайды, оқытушы ақылдасады, ойын барысы және мазмұны туралы өзара талқылайды.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын процесінің өзі жүзеге асады. Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға және бағытын өзгертуге қақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының әрекетін бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара жатса. Оқытушы ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған қатынаспауы керек. Бұл жерде оқытушының міндеті; ойын әрекеттерін, нәтижелерін, ұпай санауды бақылау және түсініспеушілік болған жағдайда түсіндіру, білім алушылардың сұрағына жауап беру немесе өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу.
Ойынды талқылау. Ойын нәтижесін талдау, талқылау және бағалау кезеңі. Оқытушы талқылау жүргізеді, оның барысында эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз позицияларын және шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды, таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары, идеясы туралы әңгімелейді.
ИОТ-сын пайдалану әр білім алушының іс-әрекетін сабақтастыруға, оның оқу әрекетін және тұлғалар арасындағы танымдық қатынастарын байланыстыруға мүмкіндік береді.
Интербелсенді оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдеуді, ролдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны (яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты) ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.
Интербелсенді оқыту технологиясы - бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру [3, б. 108] .
Оқытушы мен білім алушының интербелсенді шығармашылығы шектелмейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор. Бүгінгі шығып жатқан методикалық инновациялар оқытудың интерактивтік әдісімен байланыстырылған.
Интербелсенді оқыту - бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі.
2 Оқу процесі кезіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатындағы ойынның өзгешелігі мен құрылымыОйнай отырып, оқушылар өздерінің алдына оқу материалдарын қоймайды, бірақ та сонық нәтижесінде ол үйренеді.
Әдетте ойынның сюжеті ережелерді анықтайды, ал ойынның ережелері бойынша оқушылар өте мұқият болып, өздерінің еріктерін ойын тапсырмаларына бағындыруы керек, себебі өзін ұстау нормалары мен қоғамдық функциядар меңгеріледі. Бұдан басқа ойын оқушыларға ұялшақтығын, тілдік қарым-қатынас ұстау кезіндегі барьерді жеңіп, қателікті жасауды болдырмайды. Оқушыларға әрдайым оқу қызметіне қосылу қиын. Бірақ ойнау бәрінің қолынан келеді, тіпті өте нашар оқитын балалардың да қолынан келеді. Негізінен, әр ойында біз бірнеше рет қайталанатын бір немесе бірнеше тілдік үлгілермен жұмыс істейміз. Сондықтан да ойын бұл тілдік жаттығу тәріздес.
Басқа жағынан алғанда, ойын өзіндік ойнаушы әртістері бар қойылым тәріздес, онда өзінің сюжеті, басты кейіпкерлері, жағдайлары болады. Ойнау барысында жағдай бірнеше рет ойналады және әр жолы жаңа нұсқада. Сонымен бірге ойынның жағдайы - шынайы өмірдің жағдайы.
М. Ф. Строниннің ойынша жағдайдың шынайылығы ойынның негізгі конфликтілігімен - сайыспен анықталады. Жеңуге деген құлшыныс ойыншылардың ойлауы мен энергиясын мобилизациялайды, эмоционалдылықты тудырады. Көптеген оқытушылар сайыстарды болдырмау керек деп ойлайды. Бұл дұрыс емес және өнімсіз. Қабілеттері аз оқушылар көзден таса қалуы мүмкін, ал қабілеті мол оқушылар өздерінің жетістіктері туралы қате тұжырымдама жасайды. Сонымен қатар оқушыларды ойынға қатысуға мәжбүрлеу дұрыс емес. Қатысқысы келмейтін оқушыларды судья немесе әділқазы алқалары ретінде қатыстыруға болады.
Ойынның нақты шарттарына және қолданылатын материалдың шектеулілігіне қарамастан, онда міндетті түрде кездейсоқтықтың элементі болады. Сондықтан да ойын үшін белгілі бір шектерде сөйлеудің бірізділігі тән. Ым-ишарадан тұратын тілдік қарым-қатынастың анық мақсаты болады және ол міндетті сипаттамаға ие. Ойын бұл - жай ғана сыртқы келбеті, формасы, оның мазмұны мен тағайындалуы оқытылу, яғни қарым-қатынас құралы ретінде сөйлеу қызметінің құралдарын қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру болып табылады [4, б. 38] .
Ойынның негізгі элементі ойындық рөл болып табылады, қандай екенінің маңызы жоқ; ең бастысы ол өмірдегі бар әр түрлі адамдардың қарым-қатынастарын іске қосуға көмектесуі керек. Егер де бөлшектеп, ойынның негізіне адамдардың арасындағы қарым-қатынасты қоятын болсақ, ол мазмұнды және пайдалы болады. Ойынның дамытушы мәніне келетін болсақ, ол оның табиғатында бекітілген, өйткені ойындар үнемі эмоцияларды тудырады.
Осылайша, ойын - бұл:
- қызмет (яғни, тілдік) ;
- мотивация және мәжбүрлеудің болмауы;
- тереңдетілген жеке қызмет;
- ұжымда жұмыс істеуге үйрету;
- психикалық функциялар мен қабілеттердің дамытылуы;
- «қызығушылықпен оқу».
Ойынждар, біздіңше, маңызды әдістемелік міндеттерді орындауға ықпал етеді:
- оқушылардың тілдік қарым-қатынасқа психологиялық дайындығы;
- меңгерілетін материалдың бірнеше рет қайталануымен қамтамасыз ету;
- оқушыларды қажетті сөйлеу нұсқасын таңдауға дайындау, бұл бірден жауап беру қабілетінің дамуына ықпал етеді.
М. Н. Скаткиннің айтуынша, ойынның өзгешелігі ол баланың алдында қызықты іс-әрекет ретінде танылады. Ойнай отырып, бала оқу міндеттерін алдына қоймайды, бірақ соның нәтижесінде өзі оқу материалын үйренеді. Демалу, көңіл бөлу сынды мақсаттарды алдына қоюдың қажеттілігі жоқ, өйткені ойынның сипаттамасы өз ісін істейді. Педагогтар мен теоретиктердің тәжірибесі көрсеткендей, ойын оқытудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады, оны қолдану шет тілдерін балалардың оқуында баурап алатындай қызықты ете түседі [5, б. 42] .
Ауызша шет тілдік сөйлеу қабілеттерін дамыту үшін ойынды қолдану педагогиканың әлі де болса зерттеуді қажет ететін саласының бірі болып табылады. Кез-келген ойын бұл мақсатқа сәйкес келе бермейді. Сондықтан да дұрыс ойынды таңдау - бұл шет тілдерін оқыту маманының алдыңғы қатарлы маман екенінің көрсеткіші. Бұл таңдау ойынның мақсаттылығымен, оның біртіндеп қиындатылуымен және лексикалық толықтырылуымен орындалуы керек. Сабаққа таңдалынып алынған ойындар қарапайым балалардың ойындарынан ерекшеленеді, баланың ойлап табу, фантазиясы сынды факторлар кейінгі орында қалады, ал бақылау мен зейін қою доминантты болып табылады. Балаларды шет тіліне оқытудағы ойынның өзгешелігін ескере отырып, оқытушы жұмыстың барысын басқарады жән оны бақылайды.
А. Деркач ойындарға деген келесідей талаптарды бөліп көрсетеді:
А. Психологиялық талаптар.
Оқу ойыны релеванттылыққа және әр қатысушылар үшін мән мен мағынаға ие болуы керек. Сабақтағы ойындық қызмет мотивацияланған болуы керек, ал оқушылар ондағы қажеттілікті қолдануы керек. Ойынға қатысуға деген психологиялық және интеллектуалдық дайындық маңызды рөлді ойнайды. Жақсы көңіл-күй тудыратындай және жақсы атмосфера жасалып, оқушылар бір-бірін жақсы түсінуі керек. Бұл жерде оқытушының атқаратын рөлі зор, ол оқушылардың жеке қабілеттерін ескеруі керек - мінез-құлығы мен темпераменті.
Ойынның психологиялық жақтарын зерттеген А. Н. Леонтьев бйлайша ойлайды: ойындық операция бұл ең шынайы әрекет және басқаша бола алмайды, себебі ойындық заттар да шынайы болып келеді. Өз еңбектерінде А. Н. Леонтьев былай деп көрсетеді: ойындағы әрекеттесу фактісі интеллектуалдық және эмоционалдық қанағаттандыруды тудырады [6, б. 43] .
Б. Әлеуметтік-психологиялық сипаттағы талаптар
Бұл талаптар ойндағы қатысушылардың өзара қатынасуына, серіктестігіне жағдайлардың жасалуын білдіреді. Мұндай шарттардың бірі мұндай қызметке деген оқушылардың әлеуметтік-психологиялық дайындығы болып табылады. Дайындықтың берілген түрі оқушылардың берілген мәселенің төңірегіндегі қарым-қатынасқа дайындық құзыреттілігін және ойнау процесіндегі қарым-қатынастың тиімділігін негіздейтін коммуникативті қабілеттерінің болуын білдіреді. Оқу ойынының мазмұны қызықты және оның қатысушылары үшін маңызды болуы керек, ал кез-келген ойындық әрекет белгілі бір нәтижені алумен аяқталуы тиіс.
Педагогтың тәрбиелеу қызметінің эмоционалдық жағына мән бере отырып, Ш. А. Амонашвили былайша жазады: «Оқытушының қабілеттері мен эмоцияларының оқушылардың күштерімен, қабілеттерімен, эмоцияларымен түйіндесуінің ең жоғарғы сатысында нағыз, қуанышты, қызықты педагогика пайда бола алады». Оның ойынша, «баланың рухани ішкі дүниесі егер ол оның эмоцияларынан, сезімдерінен және толқыныстарынан, тәкаппарлығынан және танымдық қызығушылығынан өтсе ғана байи алады» [7, б. 102] .
В. Педагогикалық талаптар. Педагогикалық талаптар мыналарға келіп тіреледі: ойынды оқытудың формасы ретінде қолдана отырып, оқытушы оның қолданылуының мақсаты мен міндеттеріне сенімді болуы керек. Оқу ойындары кезектеліп келіп, біртіндеп қиындатылуы тиіс. Бұл кезде топ пен оның мүшелерінің ерекшеліктерін ескеру керек. Кез-келген оқу ойыны оның қатысушыларына тән оқу міндетін шешу керек. Оқытушы ойынның мақсат, міндеттерін, оның құрамы мен барысын анықтайды. Ойынның қатысушылары әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілуі тиіс: тапсырмалар, нұсқаулықтар, реквизиттер, құжаттамалар және т. б.
3 Оқытудың интерактивті технологияларының негізіндегі оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырудың әдістемесіИнновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Схема 1. Интерактивті оқыту әдістері
Жоғарыда көрсетілген әдістер оқушының қызығушылығы мен белсенділігін арттырып, алынған мәліметтерді шығармашылық тұрғыдан қайта өңдеу болып табылады [8, б. 74] .
Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі-inter (бірлесу) act (әрекет) ) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында интерактивті технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Проблемалық оқыту оқушыларды дербес ізденіске, зерттеу жұмыстарына баулуда, бейтаныс, белгілі емес проблемаларды өз беттерінше шешуде өте ұтымды болып келеді.
Проблемалық оқыту негізінде оқушыларға бейтаныс проблеманың жататыны, оқушылардың оны салыстыру, дәлелдеу шешу үшін болжамдар жасай отырып еңбектенуі керектігін тұжырымдайды. Проблемалық ситуацияны, проблеманы шешу-зерттеу, іздену еңбегін шығармашылық еңбекті талап етеді. Ал шығармашылық сөзінің мәні - жеке тұлғаның бір нәрсе жасап шығаруы немесе өзіне ғана тән бір нәтижеге қол жеткізуі. Шығармашылық-ешкімнің қол жеткен табысын өзіне пайдаланбайды, өзінің ғана жасап шығарған тың, жаңа өнімі. Проблеманы шешу проблемалық сұрақ-тапсырмаларға байланысты жүретін үрдіс. Проблемалық сұрақ-тапсырмалардың өзі оқушыларды ғылыми-ізденіс, зерттеушілік іс-әрекеттерге баулиды.
Проблемалық оқытудың өзіндік ерекшелігі, басты белгілерін төмендегі кесте арқылы тұжырымдауға болады:
1. Білімді проблема қоя отырып түсіндіру.
2. Оқушыларды дербес іздену, зерттеу іс-әрекетіне кіргізу.
3. Зерттеу, іздендіру әдісі. Оқытудың өнімді жолы.
Мұғалім сабақты проблема қоя отырып, түсіндіреді. Мұғалім мен оқушы іс-әрекеті проблеманы шешуге бағытталады. Оқышуларды іздендіруге жұмылдырады.
Мұғалім оқушылар алдына проблема қояды. Сабақ барысында өнімді тәсілдер арқылы оны шешуге жұмылдырады.
Оқушылар проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдейді, салыстырады, қорытынды шығарады. Өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.
Проблемалық оқытудың оқушыларды іздендіру, зерттеу еңбегіне баулудағы шешуі қиынға түспейтін дербес іс-әрекеттерге жетелейтін проблемалық сұрақтарға жауап іздетуді төменгі сыныптардан бастаған жөн. Қазақ тілінің әр тақырыбында оқушыларды ғылыми ізденіске жетелейтін проблемалар баршылық. Проблеманы шешу үшін ең алдымен өзіндік салыстырулар, өзіндік дәлелдеу жасауға баулу керек. Мысалы, 6 сыныпта «Қос сөздер» өтіледі, оның түрлері туралы түсініктеме беріледі. Білімді жинақтау, жүйелеу, қорытындылау сабақтарында төмендегідей тапсырмалар беріп, оқушыларды проблемалық сұрақтарды шешуге жетелеу керек [9, б. 67] .
1. Қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөздердің негізгі айырмашылықтарын қалай түсіндірер едіңдер? Ол үшін мына үлгідегі тапсырманы орындаңдар:
Үлгі:
Қайталама қос сөздердің жасалу жолы
Қосарлама қос сөздердің жасалу жолы
Ұқсастық белгілері
Айырмашылықтары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz