Тіл мәдениет құралы ретінде



Кіріспе 3
1 Ежелгі мәдениет үлгілеріндегі тілдің даму ерекшеліктері 4
2 Түркілердің мәдениетімен бірге тілінің сабақтастығы 6
3 Тіл мәдениеттің көрінісі мен жеткізу құралы ретінде 8
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі 13
Тілдің табиғаты, тіл мен жазудың пайда болуы – адамзат тарихында сыры ашылмаған құпия. Ертеде тарихта болған халықтардың тілдері мен ежелден жеткен жазулардың жасырынып жатқан сырлары, оның ішінде қазақ даласында ғажайып өркениет үлгілерін қалдырған бабаларымыздың да көне тілі мен қолданған жазуы адамзат мәдениетіндегі ерекше құбылыс. «Руналық» аталып кеткен жазудың сыры мен көне адамзат тілінің болмысы кез-келген адамды қызықтырары аян. Шексіз уақыт пен кеңістікте өмір сүріп жатқан адамзат тарихының негізгі мазмұны – қырғын соғыстардан, әділетсіз қауымдағы қақтығыстардан, тіршілік пен табиғатқа қарсы жұмсалған ғылым мен техниканың шексіз дамуынан ғана тұрмаса керек. Адамзаттың сенім артатын соңғы үміті – адамның рухани жетілуі мен қоғамның рухани мәдениетінің қалыптасуы. Тіл мен жазу кез-келген халықтың рухани мәдениетін айқындайтын құбылыс. Өркениет пен мәдениеттің негізі болған тілдің адамзат тарихындағы маңызы өлшеусіз. Жер бетінде тілсіз жазылған тарих немесе тарихы жоқ тіл мен ұлт жоқ шығар. Сондықтан да қазақтың ұлттық рухани мәдениетінің байлығын, өзіндік ерекшелігін тану үшін, мыңдаған ғасырлардан жеткен қазақ тілінің тарихына тереңдеп үңілудің маңызы зор.
Тілдің мәдени-философиялық қырларын тануда белгілі бір шарттарды ұстану қажет. Ең бастысы, қазіргі әбден дамып-жетілген сөздердің сыртқы бейнесі мен мағынасын ежелгі сөздердің көмескіленген көлеңкесі ретінде қабылдау керек. Жеке тілдің деректері арқылы тілдің шынайы табиғаты мен дамуы туралы қисынды тұжырым жасау қиын. Қазіргі тіл білімі сөздердің құбылмалы сыртқы тұлғасы мен біршама тұрақты мағынасына қарап, адамзат тілінің болмысын саралайды. Біз болсақ, тілдегі көне элементтердің мән-мағынасын адамзат бір кезде ойлап тапқан есеп пен жазу жүйесінен, яғни сан мен таңбадан іздеуді дұрыс көреміз.
Филология ғылымы философиядан бастау алып, сан салаға жіктеле дамып, адамзат мәдениетін зерттеуге үлес қосуда. Қазақ тіл білімі де, бір кезде үнді, қытай, араб, грек грамматикаларынан басталатын, кейін батыстық үлгіде қалыптасқан дәстүрлі грамматика ізімен жүріп келеді. Айтарлықтай жетістіктері бар, шешілмеген мәселелері де біраз. Олардың көпшілігі жалпы лингвистикалық мәселелерден туындаса, біразы қазақ халқының саяси тарихы мен тілдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Тұтас тілді әр салаға жіктеп, бөлшектеп зерттеудің, құрылысы өзгеше тілдердің қасиеттерін өз тілімізге тану т.с.с. пайдасынан зияндылығы басым екені айтпаса да түсінікті.
Міне, сондықтан осы зерттеу жұмысының тақырыбы «Тіл мәдениеттің құралы ретінде» деп алынған болатын. Зерттеу жұмысының мақсаты: тіл мен мәдениеттің байланысын анықтай отырып, оны тереңіне үңілу.
1. Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. Пер.с.нем. – Москва, 2010. – 400 с.
2. Сепир. Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. – Москва, 2009. – 404 с.
3. Поршнев В.Ф. О начале человеческой истории. – Москва, 1974. – 350 с.
4. Вежбицкая А. Язык, Культура. Познание, - Москва: Международные отношения, 1996. -240 с.
5. Воробьев В.В. Лингвакультуралогия. Теория и методы. – Москва. Изд. РУДН, 2007. – 331 с.
6. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. Фил.ғыл.док.диссер.авторефераты. - Алматы, 2004. 231 с.
7. Кеңесбаев І. Іздеген жетер мұратқа. // Білім және еңбек. - Алматы, 2010 ж. №10. 201 с.
8. Манкеева Ж.А. Қазақ тілінің заттық мәдениет лексикасы. Фил.ғыл.док. диссертациясының авторефераты. - Алматы, 2007. 251 с.
9. Маслова В.А. Лингвокультурология. -М: 2011. 265 с.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Тіл мәдениет құралы ретінде

Орындаған: Жанабаева Ж.
Жетекші: Давлетова С.Е.

Астана 2015
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Ежелгі мәдениет үлгілеріндегі тілдің даму ерекшеліктері 4
2 Түркілердің мәдениетімен бірге тілінің сабақтастығы 6
3 Тіл мәдениеттің көрінісі мен жеткізу құралы ретінде 8
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі 13

Кіріспе

Тілдің табиғаты, тіл мен жазудың пайда болуы - адамзат тарихында сыры ашылмаған құпия. Ертеде тарихта болған халықтардың тілдері мен ежелден жеткен жазулардың жасырынып жатқан сырлары, оның ішінде қазақ даласында ғажайып өркениет үлгілерін қалдырған бабаларымыздың да көне тілі мен қолданған жазуы адамзат мәдениетіндегі ерекше құбылыс. Руналық аталып кеткен жазудың сыры мен көне адамзат тілінің болмысы кез-келген адамды қызықтырары аян. Шексіз уақыт пен кеңістікте өмір сүріп жатқан адамзат тарихының негізгі мазмұны - қырғын соғыстардан, әділетсіз қауымдағы қақтығыстардан, тіршілік пен табиғатқа қарсы жұмсалған ғылым мен техниканың шексіз дамуынан ғана тұрмаса керек. Адамзаттың сенім артатын соңғы үміті - адамның рухани жетілуі мен қоғамның рухани мәдениетінің қалыптасуы. Тіл мен жазу кез-келген халықтың рухани мәдениетін айқындайтын құбылыс. Өркениет пен мәдениеттің негізі болған тілдің адамзат тарихындағы маңызы өлшеусіз. Жер бетінде тілсіз жазылған тарих немесе тарихы жоқ тіл мен ұлт жоқ шығар. Сондықтан да қазақтың ұлттық рухани мәдениетінің байлығын, өзіндік ерекшелігін тану үшін, мыңдаған ғасырлардан жеткен қазақ тілінің тарихына тереңдеп үңілудің маңызы зор.
Тілдің мәдени-философиялық қырларын тануда белгілі бір шарттарды ұстану қажет. Ең бастысы, қазіргі әбден дамып-жетілген сөздердің сыртқы бейнесі мен мағынасын ежелгі сөздердің көмескіленген көлеңкесі ретінде қабылдау керек. Жеке тілдің деректері арқылы тілдің шынайы табиғаты мен дамуы туралы қисынды тұжырым жасау қиын. Қазіргі тіл білімі сөздердің құбылмалы сыртқы тұлғасы мен біршама тұрақты мағынасына қарап, адамзат тілінің болмысын саралайды. Біз болсақ, тілдегі көне элементтердің мән-мағынасын адамзат бір кезде ойлап тапқан есеп пен жазу жүйесінен, яғни сан мен таңбадан іздеуді дұрыс көреміз.
Филология ғылымы философиядан бастау алып, сан салаға жіктеле дамып, адамзат мәдениетін зерттеуге үлес қосуда. Қазақ тіл білімі де, бір кезде үнді, қытай, араб, грек грамматикаларынан басталатын, кейін батыстық үлгіде қалыптасқан дәстүрлі грамматика ізімен жүріп келеді. Айтарлықтай жетістіктері бар, шешілмеген мәселелері де біраз. Олардың көпшілігі жалпы лингвистикалық мәселелерден туындаса, біразы қазақ халқының саяси тарихы мен тілдің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Тұтас тілді әр салаға жіктеп, бөлшектеп зерттеудің, құрылысы өзгеше тілдердің қасиеттерін өз тілімізге тану т.с.с. пайдасынан зияндылығы басым екені айтпаса да түсінікті.
Міне, сондықтан осы зерттеу жұмысының тақырыбы Тіл мәдениеттің құралы ретінде деп алынған болатын. Зерттеу жұмысының мақсаты: тіл мен мәдениеттің байланысын анықтай отырып, оны тереңіне үңілу.

1 Ежелгі мәдениет үлгілеріндегі тілдің даму ерекшеліктері

Ежелден тіл ғылымы философиямен тығыз байланыста болып келген. Тіл туралы алғашқы дәйекті пікірді де гректің әйгілі философы Аристотель айтқан, сондықтан тіл білімін жер бетіндегі ең көне ғылым ретінде тануға негіз бар. Онда тілдік деректер негізінде таза эмпирикалық қисындармен бірге тілдің болмысына қатысты метафизикалық қисындар жасалған. Қазіргі ғылымдар өз бастауын философиядан алса, олардың арасында лингвистика философиямен етене араласып, өз кезегінде философияның дамуына да өз ықпалын тигізген. Өйткені адамның сана-сезімі мен абстрактілі ой түю жүйесінің тілмен тікелей байланысы бар [1, б. 55].
Далалықтарға Ай, Күн, Көк, Жер, Тәңірі туралы ұғым ежелден таныс. Ақиқат пен һақтың, табиғат пен өмірдің мәңгілік символына айналған Жаратушы Тәңірі туралы ұғым - далалықтар дүниетанымын айқындап тұрған негізгі діни-философиялық ұстаным. Ол - адамның абстрактылық ой жүйесінен туындап, мәңгі уақыт пен шексіз кеңістікті қамтитын , бүтіндік, мәңгілік, кемелдік сияқты қасиеттерге ие болған ұғым. Тәңірі ұғымымен тілде ақиқат, игілік, имандылық т.б. жағымды ұйымдардың байланысы бар.
Ежелгі гректің софысы Парменид өзінің болмыс туралы ілімін шар немесе сфера ретінде түсіндірген. Өйткені шар мен шеңбер - бүкіл адамзатқа ортақ сұлулық пен игіліктің геометриялық символы. Парменид өз болмысын Ғарыштық Сана деп атады, яғни жетілген сананы жоғары бағалады. Ол адам санасы тануға пәрменді мәңгі жалғызды, яғни болмысты және сезіи арқылы қабылданатын заттар әлемін жеке-дара қарастырып, алғашқы рет болмыс пен ойдың сабақтастығы туралы пікір айтады.
Бүкіл әлем тарихына әсерін тигізген еуропалық дүниетаным ежелгі грек философиясынан басталса, сол философияда мен ойлаймын, сондықтан да мен бармын, тек адам ғана - дүниенің кілті бола алады тәрізді ойларды құптаған ежелгі грек ойшыларды тәрізді ойларды құптаған ежелгі грек ойшылдары адамның беймәлім күшке табынуына қарсы болған. Сократтың өзі : мен ештеңе білмейтінімді ғана білемін - десе де, адам санасы мен ақиқат арасын аттамауға, тек қисынға сүйенуге шақырды.
Грек софылары сөздің шынайы этимологиясын аша алмаса да, тілдің грамматикасында дыбыстарды дауысты және дауыссыз деп қарап, өз тарихи кезеңі үшін үлкен жаңалық ашқан. Ертедегі жазулар мен тілдерде дауыссыз дыбыстар аса үлкен құрметке бөленгенін ескерсек, дауыстылардың қызметіне сол антикалық кезеңнен бастап назар ауа бастайды. Фракиялық Дионисий дауыссыз дыбыстардың сипаты туралы былай деген: неизменяемых четыре: l, m, n,r (л, м, н, р). Неизменяемыми они называются потому, что не изменяются в будущих временах глаголов и в склонении имен. Они же называются и плавными.
Ежелгі гректердің сөздердің қосарлануы, дыбыстардың өзгеріске ұшырауы мен орын алмастыруы сияқты өзгерістері туралы жасаған пайымдары европалық тіл білімінде жалғасын тапқан. Лингвистикадағы фонетикалық өзгерістердің табиғаты, агглютинация теориясы т.б. көптеген ілімдерден оны байқауға болады. европалық, жалпы әлемдік тіл біліміндегі кейінгі зерттеулердің негізгі бағыттары, сондай-ақ тілдің және дыбыстың табиғаты туралы қалыптасқан көзқарастар байырғы ион-грек ілімдерінің жалғасы.
Ежелгі эфсанада Адам пайғамдардың есімі Адам Кадмон делінеді. Түркілер арасынан шыққан алғашқы филолог М.Қашқари Дивани луғат - ит турк аты еңбегінде: Йалынұқ - адам Әлейсаламның есімі - деп жазған. Кадмон есімінің көз бен көруге қатысы бар екенін байқауға болады: кад - каз - көз және ман (адам). Ежелгі гректер тілдің пайда болуын адамның қоршаған ортаға еліктеуінен деп білген. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби әр түрлі ғылымдарды сараптай келе, адамның ойына, үйренуі мен үйретуіне қатысты мынадай пікір айтқан екен: ... ғылымдардың арасында заттарға, яғни субстанция мен акциденцияға атау беретін тіл туралы ғылым ьірінші орынды иеленеді. Сондай-ақ: Халық арасында жануарлар мен жасанды заттарды атайтын құрылымды, форманы, түрі-сипатты синонимдер деуге болады. Жасанды денелерге құрылым, форма, түр-сипат тән болса, табиғи денелердің құбылыстары мен заттарына да сондай атаулар тағылады. Өйткені халық жасанды заттардың атауларымен табиғаттағы ұқсас заттарды атайды.
Әл-Фарабидің ежелгі грек софыларының ілімдерімен сабақтас келетін ойлдарында, сан мен формаға қатысты пікірлері біз үшін ерекше маңызды.
Әл-Ғазали мен Құл Қожа Ахмет Яссауи жалпы софылық ілімде адам баласы Болмысты, Жаратушыны тану арқылы шындық пен имандылыққа, ұждан мен игілікке бір табан болса да жақындай бермек дейді. Сол үшін үнемі рухани жетілу жолына түседі. Өзге жол адам санасынан шығарылған ақиқатқа табыну, оны ой-санадағы идеясымен теңестіру болып табылады. Ақиқаттың һақ жолын жырлап, Бір Алланы уағыз еткен түркілердің рухани көсемі, кемеңгер ойшылы Құл Қожа Ахмет Яссауи - тариқат жолына бүкіл ғұмырын сарқыған хәкім-софы. Ол өзінің Дәфтер сәни атты еңбегінде Алла тағаланың мың бір есімінің бірі - Бір уа Бар, яғни Алла жаратушы, шексіз құдыреттің иесі, өзінен басқа теңдесі жоқ, жалғыз деген анықтама берген [2, б. 69].
Тілге келер болсақ, адам баласының ойы тілден көрініс табуы заңды. Болмыс туралы ұғымның адамзат мәдениетіндегі сипаты өте ауқымды, ол ойға да, тілге де бірдей қатысы бар.
Идея, образ, ұғым қашанда ілгері тұрмақ, сондықтан белгілі идеяның тілдің болмысын анықтауы да, оған ықпал ете алуы да тілдің семотика-семантикалық сипатынан айқын көрініс табады.
Күрделі философиялық мәселе ретінде тілдің табиғаты, тілдің пайда болуымен байланысты қарастырылады. Адам мен қоғамның жетілу процесін тілсіз көзге елестетудің өзі қиын. Өйткені, тіл - адамзатқа ортақ, ерекше ноосфералық құбылыс.
Ақыл - ой мен сана кеңістігінде өмір сүретін бірнеше тілді салғастыра зерттеу арқылы оларды белгілі бір жүйе ретінде қарап, ортақ сипаттарды іздегенде көптеген ортақ құбылыстарға жолығамыз. Тіл құбылыстарын семиотикалық, семантикалық, типологиялық негізде қарауымызға тілдің болмысын өзгеше пайымдауымызға себеп болды. Кез-келген тілдің басқа тілдерден ерекше әрі нақты сипаттары болады, сондықтан тілдік зерттеуде нақты тілдік деректер ғана мәселенің дұрыс пайымдалуының өлшемі бола алады. Тілдің қасиеттеріне негізделетін тұжырым ғана құнды әрі өміршең болмақ. Бірақ, қиялдан туған қисындарға негізделген, тіл деректерін жатсынатын лингвистикалық болжамдар саны бүгінгі тіл білімінде баршылық.

2 Түркілердің мәдениетімен бірге тілінің сабақтастығы

Түркілердің этногенезі туралы айтылған болжам көп. Бұл күрделі мәселеде олардың сөйлеген тілі мен қолданған жазу үлгісі ескерілуі тиіс. Қазіргі түркі тілдес халықтардың ата тегі, тілдерінің болмысы мен әуелгі сипаты, сондай-ақ дүниетанымы мен салт-дәстүрі, әрине, әлемдік мәдени ортадан алыстамаған. Мәдениеттануда соңғы кездерде айтылып жүрген болжамдар бойынша, түркі нәсілді халықтардың арғы тегі - үндіирандық арийлерден таратылады. Монғолдардың ықпал етуі туралы да айтылып жүр. Дегенмен де ежелгі түркілер тілінің табиғаты мен жазуынан, жалпы, өзіндік рухани болмысынан мұндай сарындағы пікірдердің негізсіз екені байқалады.
Түркілік дүниетаным мен ежелгі мысырлық жазба ескерткіштеріндегі сарындардың үндестігін Күнге қатысты мифологемалардан байқауға болады.
Түркі және славят дүниетанымында әйел - жылан және әйел-құс деген ұғымдардың болуын қылығы жағымсыз әйелдің - сұр жыланға, ал жаңа түскен келіннің құсқа теңелуінен байқауға болады. әлем тілдерінің лексикасында да осындай түсініктер бар. Әйелдің алғашқы қауымда ошақтың тірегі болғаны белгілі, өйткені әйел - тіршілік көзі, адамға өмір сыйлаушы [3, б. 84].
Ежелгі сақ ханшаларының есімдері тарихта қалған. Есік жерінде сақ патшаларының қорымында жерленген Алтын адам билеуші таптың өкілі, ел анасы болған жас әйел. Оның қасында табылған - айнасы, тарағы, қызыл бояулар, ыдыс-аяқтар оған дәлел. Қазақ ырымы бойынша үйге кірген жылан басына ақ құйып шығару да жыланның отбасының өкілі ретінде бағалануынан болар. Бұдан адамзатқа ортақ сенім-нанымдарының қазақ топырағында да болғанын аңғарамыз.
Тарихи зерттеуде тіл деректеріне назар аударсақ, қазақтың тарихи қалыптасқа әкімшілік жүйесіндегі жүз сөзі ежелгі мағынасын сақтап тұр. Осы сөзді кейбір тарихшылар әскери терминнен, яғни сотнядан шығарып, қазақтың үш жүзін әскери құрылымнан пайда болған дейді. Бірақ шеңбер таңбасының абстрактылық ұғымына байланысты, қазақтан жүз сөзін - ел, қауым, отан, орта деген негізгі мағынасында қолданған.
Сақ сөзінің негізгі концепттік мағынасы - шеңбер, кейін пайда болған көне мағыналары: 1. Көк, аспан; 2. Оқ, жебе; 3. Сақ - сай - жай, яғни найзағай; 4. Қару-жарақ; 5. Әскер; 6. Қауым, ел. 7. Сөз.
Аспан, көк, оқ, жай, найза деген сөздердің әуелгі мағынасы табиғатта бар құбылыс негізінде қалыптасады, өйткені оқ, жебе ертеде кез-келген халық түсінігінде көктен түскен жаймен теңестіріліп, үстемділік пен жауынгерліктің символына айналған.
Көне түркі ескерткіштерінде он оқ будун деген сөз тіркесі кездеседі. Он оқ елі ертеде болған сақтардың ұрпағы деуге толық негіз бар, өйткені көне мағынаның тұлғасы өзгергенімен негізгі абстрактылық мағына сақталады. Сондай-ақ, сақ түбірінен қазақ тілінде бірнеше кейінгі мағыналы оқшау сөздер тараған. Мысалы: сақадай сай, сайлау, шақыру, шақырым т.б. Сақа сөзінің ұмытылған ежелгі мағынасы - оқ, жебе. Асық ойнағанда ірі асық сақа сайланып, оққа теңеледі.
Көшпелілердің әскери демократиялық үрдісі бойынша, ел басылары сайлауға түскенде, ру көсемдері оқпен дауыс берген. Әр рудың таңбасы жебеге ойылып жазылады. Ондай таңбаның өзіндік мән-мағынасы, яғни сандық, графикалық сипаты болған.
Сақ ету - дөп тию мағынасында. Мұнда да сақ-оқ деген мағына негізгі. Ежелгі хаттың үлгісін ата-бабаларымыз жебеге ойып, кез-келген жерге жеткізе алған.
Әрбір ұлт тілінің сөздік қоры (лексикасы) мәдениет, өркениет және тарих ғылымдарының араласуы арқылы түсіндіріледі. Мәдениет те, тіл де бірден пайда болған жоқ. Сан ғасырлық кезеңдерде дамып қалыптасқан мәдени дерек көздерінің жинақталуының нәтижесінде мәдениет кез-келген ғылым саласында нақтыланып, мәдени өмірдің көріністерін айқындайды. Әрине, бүл ана тілі арқылы әлемдік деңгейде танылады. Осы тұрғыдан алғанда тіл мен мәдениет бір-біріне тәуелді сияқты. М.Маковскийдің өзі мәдениеттің әрбір сатысы мен бөлшектері тіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммуникативтік қызмет пен тіл мен қоғамның өзара қызметі
Тіл және мәдениет туралы
Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары
Тіл мәдениеті
Ұлт тілі тарихының деректері
Мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігіне сипаттама
Оқушылардың мәдениетаралық қарым - қатынас біліктілігін дамытудың психологиялық алғышарттары
Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдниет конфигурациясын зерттеудегі рөлі
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Пәндер