Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзумен күресінің мәселелері: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзумен күресінің мәселелері: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері

Аннотация

Бұл мақалада құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталу мәселелері, оның қылмыстық-құқықтық реттелу тәртібі мен криминологиялық негіздері қарастырылған.

Аннотация

В данной работе рассматривается проблемы соблюдения правил безопасности в процессе проведении строительных работ, его уголовно-правовое регулирование и криминологические аспекты.

Түйін сөздер: құрылыстық жұмыстар, қауіпсіздік ережелері, қылмыстық жауапкершілік, қауіп-қатер, адамның денсаулығы мен өмірі.

Планета тұрғындарының артып келе жатқан қажеттіліктері материалдық құндылықтардың тұтысының өсіміне алып келеді, олардың көбісінің жасалуы мен өндірісі адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатермен, табиғи ортаның ластану қауіптілігімен және басқа табиғи салдарлардың туындауымен байланысты. Негізінен бұл құрылыс саласының өндірістік қызметіне қатысты.

Соңғы кезде қазақстандық үкімет пен қоғам құрылыс саласындағы қауіпсіздік мәселелеріне қайта назарын аударды, бұл техногендік сипаттағы апаттармен негізделген, олар ауыр салдарларға әкеледі, соның ішінде адамдардың өліміне алып келеді. Оған жуырда болған жағдайды еске алсақ болады, Астанада құрылыстағы көтергіш кранның құлауы салдарынан 1 жұмысшы жарақат алды. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз-қызметінің хабарлауынша, қаланың Алматы ауданындағы Украина ұлттық орталығының құрылысында көтергіш кран құлап түсіп, бағаналы кранда жұмыс істеп отырған “Крансервис” компаниясының 42 жастағы жұмыскері де құлаған.

Қауіп-қатермен байланысты құрылыс қарқынының өсімі мемлекеттің қарамағынан жоғарғы қауіптілік көздеріне қатысты барынша қатаң қадағалауды талап етеді. Қылмыстық құқықтың нормалары әлеуметтік мінез-құлыққа әсер етудің тиімді құралдарының бірі ретінде әрекет етеді. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінде қауіпті жұмыстардың өндірісінің және жоғарғы қауіптілік көздерін пайдалану саласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қажетті мүмкіндіктер бар, алайда, өкінішке орай, ол тәжірибеде қажетті жүзеге асырылуын таппады [1, б. 59] .

Зерттеу жұмысының мақсаты арнайы қауіпсіздік ережелерінің бұзылуымен байланысты әрекеттердің әлеуметтік қылмыстануын зерттеу, қауіпті жұмыстарды жүргізу саласындағы қауіпсіздікке қол сұғу үшін жауапкершілікке қылмыстық жауапкершілік мәселелерін терең талдау, қылмыстық-құқықтық нормаларды жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды өңдеу болып табылады.

Жоғарғы қауіптіліктің көзін қолдану тәжірибедегі адамның онымен белгілі бір өзара әсерлесу технологиясын анықтайтын, нақты ойластырылған және негізделген әрекеттердің реттілігін білдіреді. Бұл объективті себептермен негізделген, олар заңнамалық ережелермен бекітілген, олардың белгіленуі үшін арнайы қауіпсіздік ережелері қолданылады.

Адамның құрылыстық жұмыстармен әсерлесуін тәртібін анықтайтын арнайы қауіпсіздік ережелерін келесідей негізгі құрамдарға бөлуге болады: 1) қауіпті нысандарды жасау, сақтау мен орналастыру және т. б. ережелері; 2) тікелей қолдану немесе олардың тағайындалуы бойынша тікелей қолданылуының ережелері; 3) адамның қауіпсіздік көздерімен әсерлесуіне қатысты сақтанудың шаралары, негізінен табиғи болмысты, нақты қызметте қолданылмайтын (мұндай ережелер стихиялардың қарамағынан мүмкін қауіптердің жойылуына бағыттала алады) .

Бұл ретте олардың барлығы келесідей талаптарға жауап беруі тиіс: а) кез-келген өндірістік саладағы қауіпсіздік барлық қалған мақсаттар мен міндеттердің алдында басымдылыққа ие болуы қажет, сондықтан өндірістік орындарда жұмыс істеудің ережелері техникалық ерекшеліктердің ескерілуі мен қолданылуына емес, қауіпсіз қызмет ету шарттарының жасалуына негізделуі тиіс; б) қандай да болмасын жоғарғы қауіптіліктің ережелеріне қатысты болмасын, олар жұмыс істеудің объективті заңдылықтарына, шарттарына сәйкес келуі, адамның қабілеттерін және сол объектінің бақылаудан шығуын ескеруі қажет; в) егер объект жоғарғы беріктілігімен ерекшеленбейтін болса, онда оның қолданылуы біршама қауіптілікпен үйлескен болады, онда ережелер оператордың еркі мен мүмкіндіктерінен тәуелсіз олармен жұмыс істеудің жағымсыз салдарларын ескеруі тиіс; г) ережелер қауіпті объектілерді пайдаланумен байланысты зиянның келтірілуіне жауапкершілікті ескермеуі тиіс, егер тұлға орнатылған ұстанымдарға сәйкес әрекет еткен болса; д) құрылыс жұмыстарына арнайы оқудан өткен, қауіпсіздік ережелерімен танысқан тұлғалар жіберілуі тиіс; осы міндеттің шешілуінің тиімді нұсқасы лицензиялау тәртібі, объектінің қолданылуына келісімнің берілуі, онымен жұмыс істеуге рұқсатты рәсімдеу, қауіпсіздік ережесі бойынша нұсқаулықтан өту және т. б. [2, б. 83]

Қылмыстық құқықтың нормалары алдын алу құралы ретінде көрінеді, ол қауіпсіздіктің жағдайын құрылыс жұмыстарының ережелерімен әрекет етуші тұлғалардың әрекет етуін мәжбүрлеумен байланысты, ол орнатылған ережелердің қатаң тәртібінде жүргізіледі, сонымен мүмкін бұзылыстарды болдырмайды. Мұнда қылмыстық-құқықтық тыйым салулардың статикалық қызметі көрінеді, ол арнайы қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Қылмыстық-құқықтық ережелер арнайы қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы жүретін, қауіпті салдарлар пайда болатын жағдайларға есептелінген (адамдардың денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға және т. б. зиян келтіріледі) . Бұл жағдайда қылмыстық-құқықтық мәжбүрлеу механизмі әрекет етеді, яғни динамикалық қызметі жүзеге асырылады. Қолдану процесінде санкциялардың бұзушыларына әлеуметтік әділеттілік, қоғамдық қатынастардың қалыпты қызмет етуі қалпына келтіріледі. Мұнымен бірге жағымсыз адам факторының нейтралдануының есебінен бұзылудың себебіне айналған, қауіпсіздік жағдайының деңгейі орнына келтіріледі.

Аталған құралдардың өзара әсерлесуінің жүйесі құрылыстық жұмыстардағы қылмыстық-құқықтық қамтамасыз етудің механизмін тудырады. Бұл ретте соңғысының қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталған қылмыстық құқықтың нормалары арнайы қауіпсіздік ережелерінің қатарына жатқызылмайды, өйткені қауіпті объектілердің қолданылу тәртібін реттемейді, ал олардың сақталынуының құралы болып табылады.

Арнайы қауіпсіздік ережелерінің бұзылуымен байланысты қылмыстар өзінің табиғаты бойынша бір объектілік болып табылады. Олардың негізгі тікелей объектісі ретінде қауіпсіздік ережелерімен адамның қауіпсіз әрекет етуін қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық қатынастар көрінеді. Осы сынды әрекеттің жасалуында дене, материалдық немесе басқаша түрдегі зиянды келтіру қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылысының түсінігімен қамтылады және қосымша объектісінің болуының негізделуін талап етпейді, ал мұнымен бірге ҚР ҚК Ерекше бөлімінің басқа баптары бойынша қосымша біліктіліктің болуын талап етпейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
Абайсызда жасалатын қылмыстардың ерекшеліктерінің теориялық негіздері
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Орталық Кедендік орган
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Қазақстан Республикасында бұзақылықпен күресуін зерттеу
Құқыққа қарсы банкроттық үшін қылмыстық жауаптылықтың қылмыстық құқықтық және криминологиялық аспектілері
Қазақстан Республикасында бұзылған еңбек заңнамасы бойынша туындайтын қатынастардың құқықтық реттелуі
Экологиялық қылмыстар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz