Тіл кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Тіл кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын дамыту

Кіріспе

1 Тіл кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларына әсер етуші заманауи факторлар

2 Тіл кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының жазуда және оқуда жасайтын қателері мен оның себептері

3 Әріптермен, буындармен, сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен, мәтіндермен жұмыс істеу

4 Тез оқуға арналған кестелермен жұмыс істеу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Үнемі ақпарат ағымының артуының заманауи жағдайларында қызмет ретіндегі оқу мен жазудың рөлі артып келеді, ол тәжірибені іске қосады және адамның жалпы білім дайындығын қамтамасыз етеді, зияткерлік саланың және жалпы тұлғаның дамуына ықпал етеді. Мектептегі бастауыш сыныпта оқу кезеңінде оқу мен жазуға үйрену оқудың мақсатынан оқушылардың әрі қарайғы білім алу құралына айналады. Оқу мен жазу барлық кейінгі оқу негізделетін бастапқы маңызды қабілеттер болып табылады. Оқу мен жазу қабілеттерінің бұзылуы сабақ үлгерімінің нашарлауы мен сонымен байланысты мектептік бейімделу алмаушылықтың негізіне жатады. Мұның бәрі бастауыш сынып оқушыларындағы оқу мен жазудың кемшіліктерін өз уақытында анықтаудың, алдын алудың және жоюдың қажеттілігін анықтайды.

Қазіргі кезде тіл кемістіктері бар балалардың оқытылуын ұйымдастырудың жаңа түрлері пайда болуда, әлеуметтік білімнің бір деңгейлік және нұсқалық жүйесін дамыту бойынша шаралар қолданылуда. Балаларға жан-жақты көмек көрсетудің міндеттемелерін жүзеге асырушы шарттарының ішінде оқытудың тиімділігін арттыру бұзушылықтардың бірлігінің диагностикасы мен түзетілу қажеттілігі анықталған. Баланың дамуындағы, оның оқу қызметіндегі әр түрлі кемшіліктерді анықтау мен жеңу қандай да бір маманның ерекше құқығы болып табылмайды. Табысты әр түрлі бұзылыстардың, соның ішінде оқу мен жазудағы бұзылыстардың профилактикасы, диагностикасы мен түзетілуі баламен жұмыс істейтін барлық педагогтардың қарамағынан кешенді білікті көмек көрсету жағдайында мүмкін [1, б. 24] .

Оқу кемшіліктерін жеңудің басты бағыты олардың алдын ала емделуі болуы тиіс. Бұл ретте балада оқу мен жазу қабілеттерінің қалыптасу деңгейін (меңгеру сатысын), оқу мен жазуға үйренудегі қиындықтардың сипаты мен себептерін білу маңызды. Оқу қабілеттерінің қалыптасу деңгейін диагностикалау оқушы үшін дұрыс білім бағытын анықтауға, тиімді түзету бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.

Осылайша, бастауыш сыныпта оқу мен жазуда тіл кемістіктері бар оқушыларда қиындықтардың пайда болуы әр түрлі себептермен байланысты бола алады: баланың өмір жағдайлары мен оқытудың ұйымдастырылуы, денсаулық жағдайлары мен жастық ерекшеліктері. Көбінесе экзогендік және эндогендік себептердің әсері - ортақ, кешенді. Оларды бөліп алу мен ерекшелеп көрсету маңызды, бұл балаға тиімді көмек көрсету шарасын анықтау үшін қажет [2, б. 78] .

Сурет 1. Тіл кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларына әсер етуші заманауи факторлар

Тіл кемістігі бар бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша сөйлеуінің өзіндік қателіктерін іздестіру қызмет бойынша жүйелік мониторингілік қызмет маған келесідей қателіктерді бөліп көрсетуге мүмкіндік берді:

Кесте 1. Жазудағы қарапайым қателіктер мен олардың мүмкін себептері

Жазу кезіндегі қателердің түрлері
Жазудағы қателердің мүмкін себептері
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Әріптерді дұрыс жазудың қателері
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Көру есте сақтау және/немесе көру-кеңістік қабылдаудың жеткіліксіз қалыптасқандығы, оқыту әдістемесінің кемшіліктері, оқу қарқынын форсирлеу
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Графикалық элементті орындау кезіндегі қозғалыстардың қате траекториясы
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Көру-кеңістіктік қабылдаудың және/немесе көру-моторлық координациялардың, көру есте сақтауының жеткіліксіз қалыптасқандығы, оқыту әдістемесінің кемшіліктері, оқу қарқынын форсирлеу
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Элементтердің (в -д) кеңістіктік орналасуындағы немесе элементтердің сандық қатынасындағы (и - ш) қателер, айна жазуы
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Көру-кеңістіктік қабылдаудың және/немесе көру есте сақтауының жеткіліксіз қалыптасқандығы, оқыту әдістемесінің кемшіліктері, оқу қарқынын форсирлеу, қызметті ұйымдастырудың қалыптаспағандығы, шаршау
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Жолды «көрмейді», әріптердің элементтерінің қатынасын бұзады
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Көру-кеңістіктік қабылдаудың және/немесе көру есте сақтауының жеткіліксіз қалыптасқандығы, оқу қарқынын форсирлеу, күшті функционалдық күш түсіру, назарды аудардың қиындылығы
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Тұрақсыз жазу (біркелкі емес штрихтер, графикалық элементтердің түрлі биіктігі мен созылмалылығы, әр жерге созылған әріптер, тремор)
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Моторлық қызметтердің жеткіліксіз қалыптасқандығы, көру-моторлық координациялардың бұзылыстары, оқу қарқынын форсирлеу, анық функционалдық күш жұмсау мен шаршау
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Қатты күш түсіру, тремор
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Моторлық функциялардың жетіліксіз қалыптасқандығы, қимыл-қозғалыс координациясының бұзылысы (дұрыс емес поза, қолдың қате қойылуы), қатты шаршағандықтан және функционалдық шаршағандықтан қозғалыс координациясының бұзылысы
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Әріптердің қалып қалуы, қойылуы, қате қойылуы, жазылмай қалуы
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Дыбыстық-әріптік анализдің қалыптаспағандығы, назардың, жедел есте сақтаудың бұзылысы, қызметін бақылау, дұрыс емес жұмыс қарқыны
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Персеверациялар
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Қызметтің жоспарлануының, жүйелеуінің және бақылануының қалыптаспағандығы
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Редуцирленген жазу (қалай естиді)
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Қызметің бақылануы мен жоспарлануының қалыптаспағандығы, жазудың графикалық және мағыналық бөліктерін біріктіре алмаушылық қабілеті, қызметтің адекватсыздығы
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Сөздерді бірге қосып жазуы немесе бір сөздің жеке жазылуы, сөздің дұрыс емес ауыстырылуы
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Сөздің дыбыстық-буындық құрылымының бұзылысы, тілдік бірліктерді бөле алмау қабілеті, орфография ережелерін білмеу, қызметтің жоспарлануының, реттелуінің және бақылануының қалыптаспағандығы
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Үтірлердің, нүктелердің қойылмауы, бас әріптің жазылмауы
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Орфография мен синтаксистің ережелерін білме, назардың, қызметтің бақылануының бұзылуы, жазудың графикалық және мағыналық бөлігін біріктіре алмау қабілеті
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Біріктіру мен сөздерді біріктірудің қателері
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Тілдің жалпы дами алмауының көрінісі, назардың бұзылуы, тіл-есту есте сақтауындағы қиындықтар
Жазу кезіндегі қателердің түрлері: Орфографикалық қателер
Жазудағы қателердің мүмкін себептері: Орфография ережелерін білмеу, жазудың графикалық және мағыналық жақтарының арасындағы назардың бөлінісінің бұзылуы, қатты қауіпті қате жіберілген жерлерді бөліп көрсете алмау қабілеті, жұмыстың адекватсыз қарқынының болуы

Кесте 2. Оқудағы қарапайым қателер мен олардың мүмкін себептері

Оқу қателерінің түрлері
Мүмкін себептері
Оқу қателерінің түрлері: Әріптердің конфигурациясы бойынша жақындарының алмастырылуы
Мүмкін себептері: Көру қабылдаудың және/немесе көру бейнесінің қалыптаспағандығы, оқу әдістемесінің кемшіліктері
Оқу қателерінің түрлері: Әріптік белгілерді айырудың қиындықтары
Мүмкін себептері: Көру қабылдауының, көру есте сақтаудың бұзылыстары, әріптердің көру бейнесінің қалыптасуындағы қиындықтар, оқыту әдістемесінің кемшіліктері
Оқу қателерінің түрлері: Әріптік оқу
Мүмкін себептері: Әріптердің көру бейнесінің жеткіліксіз түрде қалыптасқандығы, әріптердің дифференциалдануының қиындықтары, буындарды қосу және-немесе фонематикалық есту қабілетінің қалыптаспағандығы, көру-кеңістіктік қабылдаудың жеткіліксіз қалыптасуы
Оқу қателерінің түрлері: Бұзу (орындарының ауыстырылуы, қойылымдар, қалып қойған жерлер)
Мүмкін себептері: Көру қабылдануының және көру есте сақтауының бұзылысы, оқу жылдамдығын форсирлеу, назарды аударудың қиындықтары, анық шаршау, орталық жүйке жүйесінің функционалдық әлсіздігі
Оқу қателерінің түрлері: «Қатып тұрып қалу»
Мүмкін себептері: Әріптердің көру дифференциациясының қалыптаспағандығы, адекватсыз жұмыс қарқыны (оқу жылдамдығын форсирлеу), қабілетті автоматтандырудың кемшіліктері
Оқу қателерінің түрлері: Болжам бойынша оқудағы қателер
Мүмкін себептері: Тілдің жалпы дамымай қалуының көріністері (тілдік нормаларды білмеу), адекватсыз жұмыс қарқыны, таныс емес мәтінді қабылдаудың кемшіліктері, назарды аударудың қиындықтары
Оқу қателерінің түрлері: Оқығанды түсінудің қиыншылықтары
Мүмкін себептері: Оқу қабілетін автоматтандырудың қиындықтары, адекватсыз қарқын (жылдамдықты форсирлеу), назарды аударудың қиындықтары, жедел есте сақтау деңгейінің төмендігі, қызметті бақылаудың қалыптаспағандығы
Оқу қателерінің түрлері: Оқудың өте жай қарқыны (әріптік немесе буындық бір жылдың аралығында алға жылжусыз оқу)
Мүмкін себептері: Көру қабылдауының және-немесе әріптік-дыбыстық анализдің жеткіліксіз түрде қалыптасқандығы, артикуляцияның қиындықтары, назарды аударудың қиындықтары (фукнционалдық күш түсіру, шаршау)
Оқу қателерінің түрлері: Жай оқу қарқыны (бір жыл ішіндегі алға қарай жылжулар бар)
Мүмкін себептері: Қызмет қарқынының жеке ерекшеліктері
Оқу қателерінің түрлері: Мәтінді іске асырудың қиындықтары (мазмұндай)
Мүмкін себептері: Вербалдық-логикалық ойлаудың қалыптаспағандығы, қысқа уақыттық есту тілдік есте сақтаудың қиындықтары, оқылғанды түсінбеу, назарды аударудың қиындықтары, анық шаршағандық

Тіл кемістіктері бар бастауыш сынып оқушыларындағы оқу мен жазуға оқытудағы қиындықтарды жеңу бойынша жұмысты мен келесідей бағыттар бойынша қойдым:

- дұрыс дыбысты айтуды қалыптастыру;

- фонематикалық естуді, анализді және сөздердің синтезін, фонематикалқ көріністерін дамыту;

- сөздік қорды белсенділету және байыту;

- есту және көру, назарды аударыд, есте сақтау, анализаторлық байланыстарды дамыту;

- байланыстық тілді қалыптастыру (анық, таңдаушылық және қысқа мазмұндама), суреттердің топтамасы, ұсынылған жоспар, мәтіннің басы мен аяғы бойынша әңгімелерді құрастыру [3, б. 65] ;

- кеңістік-уақыттық бағыттамаларды жетілдіру (өзінің денесінде, үш- және екі өлшемді кеңістікте, дермалексия, ағаштардан, әріптердің элементтерінен, әріптердің құрылымдарынан әріптерді модельдеу, мнемоникалық қабілеттерді дамыту және т. б. ) ;

- саусақтардан және қолдың білезіктерінен қимылдарды дамыту (саусақтарда массаж және өз-өзіне массаж жасау, контурларды айналдыру, штрихтеу, қайшылармен, пластиленмен, мозаикамен жұмыс істеу) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмекші мектеп бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының ерекшеліктері
Зияты зақымдалған балаларды арнайы мектепте оқытудың әдіс - тәсілдері
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Ақыл - ойы кем балалардың сөйлеу тілінің дамуының ерекшеліктері
Көмекші мектептегі маметикалық білімді тексеру
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары
Логопедиялық тексеру жұмыстары
Сенсорлық оқыту арқылы балаларды әлеуметтендіру
Кіші мектеп жасындағы ақыл есі кем оқушылардың жазбаша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Көмекші мектеп балаларының тілдік қорын дамыту жолдары туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz