Қояндарды нормалап азықтандыру жəне азық қажеттілігін есептеу


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыстың тақырыбы: Қояндарды нормалап азықтандыру жəне азық қажеттілігін есептеу

Мазмұны

Кіріспе3

1 Қояндардың шаруашылық-биологиялық ерекшеліктері мен оларды азықтандырудың негізі5

1. 1 Қояндардың шаруашылық-биологиялық ерекшеліктері5

1. 2 Қоянның негізгі азық түрлері13

1. 3 Қояндар азықтанатын азықтардың құрамы14

1. 4 Қояндарды азықтандыру техникасы мен гигиенасы15

1. 5 Қояндардың энергия мен қоректендіру заттарындағы қажеттілігі18

1. 6 Ересек қояндарды азықтандыру19

1. 7 Жас қояндарды азықтандыру19

1. 8 Қояндарды семірту20

2 Есептеу бөлімі22

2. 1 Қояндарды нормалап азықтандыру және азық қажеттілігіне есеп жүргізу22

Қорытынды25

Еңбекті қорғау28

Қолданылған әдебиеттер тізімі32

Қосымша33

Кіріспе

Еліміздегі барлық қоян етінің 90 пайызы дербес шаруашылықтарда өсірілетін үй қояндарынан өндіріледі. Оның тең жартысы Украинада және Қырым облысында дербес шаруашылықтарында дайындалады. Біздің республикамызда қазіргі кезде бұл мәселеге ерекше көңіл бөлініп отыр. Өйткені еліміздің азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолда бар барлық резервтерді тиімді пайдалану қажет болса - қоян шаруашылығы соның тез дамитын, мол өнімді саласының бірі болып табылады. Бұл дербес шаруашылықтар мүддесі үшін де, қоғамдық азық-түлік базасын нығайту үшін де қажетті игіліктің бірі.

Қоян өте жылдам өсіп-өнгіш болып келеді. Жылына бір ұрғашы қояннан, орта есеппен 16, ал жоғары өнімділерінен, тіпті 40-қа дейін көжек өсіріп, етке өткізуге болады. олардан құс еті тәрізді диеталық қасиеті жоғары, белокты, майсыз, жеңіл қорытылатын ет өндіріледі. Қоян еті, әсіресе, гипертониялық ауруларға, асқазаны мен бауыры ауыратындарға аса пайдалы да, шипалы.

Барлық үй жануарлары мен түз жануарлары тәрізді қоянның да өнімділік қабілеті жоғары болуы олардың жақсы, дұрыс азықтандырылуына, күтіміне байланысты. Үй қояндарының күнделікті азықтарында қажетті мөлшерде сапалы қоректік заттар - протеин, амин қышқылдары, маймал, көмірсулар, оның ішінде клечатка, минералды заттар мен дәрумендер болуға тиіс. Және берілетін азықтардың әрбір киллограмм құрғақ затында қажетті мөлшерде алмасу энергиясы шоғырлануы шарт. Үй қояндарының рациондарындағы энергиялық-протеиндік қатынас 140-170 аралығында болуы керек. Ал бұл - рационның бір киллограмындағы бір процент шикі протеинге келетін энергия мөлшерін көрсетеді. Рациондағы қоректік заттардың энергиясы тек осындай аралық үйлесімінде болғанда ғана организмге жұғымдылығы арта түседі.

Қоян азығын көмірсулармен қамтамасыз ету үшін, әсіресе, амин қышқылдарының құрылысын түзетін - құрылымдық көмірсулар - лактоза, манноза, галактоза, рибоза болуы керек. Олар ағзада кальций сіңірімділігін екі есе жақсартып, сүйек бітімін жетілдіруді тездетеді. Бұлар өскелең көжектер мен буаз және көжегін емізетін қояндарға қажет.

Қояндар жасына, жынысына, физиологиялық жағдайларына қарай рационның қажетті көлемде толықтырылған қоректік заттарымен қамтамасыз етілуі керек. Қояндар өсімдік қоректілерге жататындықтан ірі азықтармен қоректене береді. Бірақ оларды күйіс малымен салыстыруға болмайды.

Осыған орай, зерттеу жұмысының өзектілігі - қояндардың шаруашылық-биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды нормалап азықтандыру және азық мөлшерін есептеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты - еліміздегі өсірілетін қоян шаруашылығының негізі болып табылатын азықтандыру саласын толығымен қарастыру және қояндарды нормалап азықтандыруды есептеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының міндеттері келесідей:

- Қояндардың шаруашылық-биологиялық ерекшеліктері мен оларды азықтандырудың негізін қарастыру;

- Қояндарды азықтандыру техникасы мен гигиенасын зерттеу;

- Қояндардың энергия мен қоректендіру заттарындағы қажеттілігін анықтау;

- Қояндарды нормалап азықтандыру және азық қажеттілігіне есеп жүргізу.

Зерттеу жұмысының нысаны - қояндарды азықтандыру техникасын жетілдіру.

Зерттеу жұмысының пәні - қояндарды нормалап азықтандыруды есептеу болып табылады.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қояндардың шаруашылық-биологиялық ерекшеліктері мен оларды азықтандырудың негізі 1. 1 Қояндардың шаруашылық-биологиялық ерекшеліктері

Үй қояны өте өсімтал болып келеді. Ұрғашы қоян 30 күн сайын бір жазда 6-8 рет 6-9-дан көжектеп, 35-40 көжек туады. Көжектері тез жетіліп, 4-5 айында шағылысады. Бір ғана ұрғашы қоянның жетілген ұрпағынан жылына 60-80 кг ет өндіруге болады. қоян еті дәмді, жеңіл қорытылатын, жоғары ақуызды және сіңімді (ірі қара еті - 60-65 % қорытылса, қоян еті - 90 % қорытылады) диеталық тағам. Қоян етінің майы ерігіш, тауық етімен салыстырғанда натрийі аз, холестерині тіпті 2, 7 есе кем келеді.

Шаруашылықта қоян еті мен қатар терісі мен түбіті өндіріледі. Қоянның жылы, жеңіл, әдемі терісі өнеркәсіпте кең пайдалынады. Одан арзан, жеңіл, әдемі галантерия бұйымдары мен киімдер тігіледі. Қоянның түбітті тұқымынан жіңішке, жұмсақ түбіт алынады. Ол жылу сақтағыштығы жағынан меринос жүнінен кем түспейді. Одан түрлі тоқыма бұйымдар, ал үлпілдек жүнді терісінен бағалы фетр бұйымдарын шығарады. Бір ұрғашы қоянның жылдық төлінен 1-1, 5 кг түбіт алынады. Үй қоянын өсіру үшін күрделі құрылыс салудың қажеттілігі жоқ, олар күй талғамайды, ауа райының өзгерістеріне де тез көндігіп кетеді.

Зоологиялық жіктеуде үй қояны сүтқоректілер класына, қоян тәрізділер отрядына, қояндар тұқымдасына, үй қояндары түріне жатады. Олар сыртқы пішіні ұқсас болғанымен дала қоянымен гибридтенбейді, яғни шағылысып ұрпақ бермейді. Демек, олардың сыртқы пішін ұқсастығына қарамай, туыстас тұз қоянынан айырмашылықтары бар. Мысалы, түз қояны - 50-52, ал үй қояны - 28-30 күнде көжектейді. Қоянның көжектері көзі ашық, үлпілдек жүнді болып, жетіліп туып, ене сүтін бірнеше күн ғана еміп, өз бетінше інсіз тіршілікке бейімделсе, үй қоянының көжектері соқыр, қызыл шақа, әлсіз болып туады. Олар 18-20 күн тек енесінің сүтімен ғана қоректеніп, арғы тегі жабайы қояндардай топтанып, інде тіршілік етеді.

Үй қояндары мен Оңтүстік Еуропадан (Испания, Франциядан) тараған жабайы қояндар шағылысқанда табиғи ортаға бейімделген және жақсы өсімтал ұрпақ туады. Оларды жылдар бойы сұрыптау арқылы іріленген (тұрқы - 40-50 см-ден 70-80 см-ге дейін, тірідей массасы - 1, 5-2 кг-нан 5-6 кг-ға дейін ұлғайған), көбірек көжектейтін, өсімтал, түбіті мен терісі сапалы үй қояны шығарылады. Жыл бойы көжектейтін үй қояндарының жүнінің ұзындығы тұқымына қарай -1, 5-2 см-ден (қысқа жүнділерінікі) 6-7 см-ге дейін (ұзын жүнділерінікі) ұзарып, түбітті тұқымдарынікі - 8, 5-10 см-ге дейін жетеді [1, б. 24] .

Үй қоянының екі түрі белгілі - бірі кәдімгі де, екіншісі - майқұйрық үй қояны. Кәдімгі үй қояны дүние жүзіне кең тараған. Майқұйрық үй қояны Оңтүстік Африкада тек жабайы түрінде кездеседі. Кәдімгі үй қоянының ең көп тараған тұқымдарына вена көгілдір және ақ қояны, шиншилла, шампань, белгиялық үй қояны, ақ үй қояны т. б. жатады. Олардың ет-тері бағытындағылары 8-10 - нан жылына 4 рет көжектеніп, бір ұрғашы қоян көжектерінен - 20 кг ет өндірілсе, түбітті қоян басынан - 350-400 г түбіт алынады.

Шаруашылықтағы қоянның басын көбейтумен қатар жылда дене құрылысы, өнімділігі, терісінің құндылығы бойынша сұрыптап, элита, екінші, үшінші кластарға бөлу арқылы асылдандыру жұмысын жүргізеді. Соның нәтижесінде өсімтал, сыртқы ортаның түрлі жағдайына бейімделгіш, ауруларға тез шалдықпайтын қояндарды алады.

Жоғарыда келтірілген кең тараған үй қоянының тұқымдарымен жергілікті үй қояндарын жақсарту негізінде үй қоянының жергілікті жағдайларға төзімді жаңа тұқымдары шығарылды. Мысалы, фландр тұқымын пайдаланып - ірі сұр қоян, шампань тұқымын пайдаланып - күміс түсті үй қояны, ал ақ үй қоянын пайдаланып - советтік шиншилла, ангор түбітті қоянын пайдаланып - түбітті ақ қоян тұқымдары шығарылды.

Үй қояны тұқымдарын шаруашыллық пайдалы белгілеріне қарай етті-терілі, етті, терілі, түбітті бағыттарға бөледі. Бұдан басқа сәнділікке өсірілетін қоян тұқымдары болады. Етті-терілі тұқымдарға тұлғасы орташа жетілген, жүн-терісі ұнамды, әдемі - кеңес мардері, шиншилла, шампань, етті тұқымдарға денесі жетілген, ірі салмақты (6-8 кг) - ақ үй қояны, терілі тұқымдарға салмағы жеңіл (2-3, 5 кг), жүн терісі әдемі, тегіс - ақ қалақ, аляска, рекс; түбітті тұқымдарға - түбітті татар және ангор қояны жатады. Үй қоянының терісі әдетте боялмастан және қырқылмастан табиғи күйінде пайдалынады. Олардың жүнінің қылшығы аз, 90-92 % түбіттен тұрады, түсі ақ, қара, көк болып келеді.

Көптеген елдерде кең тараған үй қояны советтік шиншилла. Жүнінің түсі Оңтүстік Америкадағы шиншилла кеміргішіне ұқсастығынан солай аталған. Терісінің түсі көгілдір, күмістей жылтыр. Жүнінің түбі көгілдір, ұшы қарайған. Үрлегенде арасынан көкшіл, ақшыл, қара, ақ, қаралау түсті қылшықтарды көруге болады. Қара түстес қылшық ұшындағы сақина тәріздес ақ белдеуі терінің көгілдір-сұр реңін әсемдендіріп тұрады. Көзінің айналасы мен желкесіндегі ақ дағы, бауыры мен құйрығының асты ақ түсті, құлағының жиегі мен құйрығының үсті қара болып келуі бұл тұқымға тән қасиет. Көжектерінің құрсағы ғана ақ, тіпті қара болып туады. Туғаннан соң екі жетіден кейін сол тұқымға тән түске айнала бастайды. Сөйтіп, 4-6 айлығында нағыз шиншилланың түсіне көшеді.

Сақа қояндарының орташа тірідей салмағы - 5 кг, дене тұрқының ұзындығы - 62-70 см, кеуде орамы - 37-44 см. Басқа үй қояндарына қарағанда терісі мен етінің сапалығы, тез жетілгіштігі және өсімталдығымен ерекшеленеді. Ұрғашы қоян бірден - 7-8, тіпті - 12-14 көжек тауып, оларды сүтпен жақсы тойындырады. Өсімтал көжектері 60 тәулікте - 1, 5-1, 7 кг, ал 90 тәулікте - 2, 5-2, 8 кг тартады. Ыстық пен суыққа төзімді, өсімді жағдайына көнбіс, шаруашылыққа пайдалы қоян тұқымы.

Етті-терілі бағыттағы үй қоянының 1952 жылы бекітілген тұқымы - сұр үй қояны. Жергілікті үй қоянын Бельгияның фландр тұқымымен будандастырып, алынған ұрпақты қойылған мақсатқа сәйкес бағып-күту жағдайында таңдап-сұрыптау арқылы шығарылған. Дене пішіні дөңгеленіп келген, кеудесі жұмыр, жақсы жетілген, жотасы кең және жазық, аяқтары қысқа, мықты, етті болып келеді. Сақа қоянның орташа тірідей салмағы - 4, 5 кг тартады. Денесінің ұзындығы - 61 см, кеуде орамы - 38 см, күтімі жақсы элита класының 4 айлық көжектері - 3, 2 кг тартып, тірідей салмағының - 55-60 % дейін дәмді ет түседі. Ұрғашысы сүтті келеді, бірден 7-8 көжек туады. Жүні онша қалың болмағанымен, терісі сапалы [2, б. 56] .

Жүнінің түсі сұр, сұрғылт-қара және қара болады. Сұр қоянның кеудесі сарғыш, сұр түсті қылшық жүндері әр түрлі, яғни, жүнінің түп жағы ақшыл болып, ұшына қарай қара қоңырланып, ең ұшы қара болады. Сұрғылт қара қоянның жүні қара қоңыр түсті. Қылшығының түсі көкшілденіп, біртіндеп қарайып, одан сарғыш тартып, ал ұшы қап-қара болады. Түбіт қылшықтары көк, сәл сарғыш түстілері болады, түбіне қарай ағарып кетеді. Бауыры мен құйрығының ұшы сұрғылт түсті. Қара қоян жүні біркелкі қара, қоңырлау келеді. Түбіт қылшықтары көк, түбіне қарай ағарады. Демек, сұр үй қоянының түстерінің ойнауы, түгін үрлегенде жүннің түп жағының көкшіл, ортасының сарғыштау, ұшының қара түстері қосылып, түрлі түске боялтады.

Күміс түсті үй қояны - ірі, мол өнімді, ет-тері үшін өсірілетін тұқым. 1952 жылы Украинаның жергілікті қара үй қоянын шампань тұқымымен шағылыстырып, бағып-күту мен азықтандыруы жақсартылған жағдайда мақсатты таңдап-сұрыптау жолымен шығарылған. Дене тұрқы тығыз, орташа басты, құлақтары кішкентай және тік, омыраулы болып келеді. Қалың жүнді, сұлу терілі, тез өсіп жетіледі, тез семіреді, еті дәмді. Орташа тірідей салмағы - 4, 5 кг, денесінің ұзындығы - 57 см, кеуде орамы - 36 см, 4 айлық көжегі - 3, 2 кг тартып, 49-50 % аса сапалы ет береді.

Ұрғашысы 7-8 көжек туып, оларды сүтпен жақсы жарытады. Көжектерінде 1 айлығында күміс түсті белгілері пайда бола бастап, 4 айлығында толық күміс түске айналады да, сақая келе бірте-бірте ағарады. Жалпы түсі көкшіл, күмістей жылтырайды. Қылшық жүндері таза ақ және қара, ақ түбіттері таза көгілдір немесе сұр түсті болады. Мұрнының ұшы, құлақтары, аяқтары, құйрығының үсті денесінің түрімен салыстырғанда қоңырлау.

Қара қоңыр үй қояны - ірі, түсі ерекше, тез өсіп-жетіледі, етті, аумалы-төкпелі ауа райына жақсы бейімделген. Дене бітімі мықты, ауруларға төзімді. Қанында шиншилла, вена көгілдір үй қояны тұқымдарының қасиеттері бар. Өсімталдығы ақ қояннан жоғары. Дене бітімі мықты, тұрқы - ұзынша, сүйектері - ірі. Орташа тірідей салмағы - 5 кг, денесінің ұзындығы - 61 см, кеуде орамы -37 см. 4 айлық элита класының көжектері 3, 2 кг тартады.

Ұрғашысы сүтті, өсімтал, 7-8 көжек туып, көжектерін жақсы жарытады. Олар тәулігіне 17-19 кг салмақ қосады. Көжектерінің түсі туғанда қара болады да, тек 7-8 айдан кейін ғана сақа қояндардай қара-қоңыр түске ауысады. Олардың әсіресе, ұрғашыларының төсінің астында жақсы жетілген, қыртыстанған терілері болады. Олар қоянның жасы өскен сайын көбейіп отырады. Басы үлкен, құлақтары ұзын және жалпақ, аяқтары жуан, ұзын, өте ыңғайлы, арқасы түзу және жалпақ, бөксесі үлкен, жұмыр.

Денесінің түгі өте қалың, қара қоңыр түсті. Қылшығы мен қоңыр түбітінің жылтыр ұшы жинақталып, қара-қоңыр түс береді. Олардың көжектерінің түсі 4 айға, яғни екінші рет түлегенге дейін, қара болады да, содан кейін қоңырлана бастайды. Түлегеннен кейін жүні қара-қоңыр тартып, сырттан қарағандағы қоңыр түсі жылтыраған әдемі қалың қара матаға ұқсап, теріні құлпыртып жібереді. Терісі боялмастан сол күйінде пайдалынады.

Ақ қоян - үй қоянының еті мен терісі үшін өсірілетін ірі тұқымы. Ол 19 ғасырда Бельгия мен Германияда еті дәмді, сүйегі жұқа фландр тұқымынан таңдалып, іріктеліп алыну нәтижесінде шығарылған. Бұл тұқым сақа қоянның орта тірідей салмағы -5, 6 кг, денесінің тұрқы - 67 см, кеуде орамы - 37 см. 1 класты 4 айлық көжектері - 3-3, 3 кг тартады. Ұрғашы қояны 7-8 көжек туып, оларды жақсы жарытады.

Ақ үй қояндары тұқымының дене бітімі мықты, сүйектері жұқа, берік, басы домалақ, онша үлкен емес, ұзын да жеңіл, тік тұратын жалпақ құлақты. Қан тамырларының көрініп тұруына байланысты көздері қызыл болып көрінеді. Еттілігі орташа, аз уақыттың ішінде жетіліп, жақсы өнім береді. Басқа үй қоян тұқымдарының тірідей салмағын арттыруда жиі пайдалынады. Дене түгі біріңғай ақ, ешқандай қара қылшықтар араласпаған. Олардың түктері сәнді, жылтыр, мықты және қалың болып келеді. Терісін табиғи күйінде де және боялған күйінде де пайдалануға болады.

Совет мардері - терісіне бола өсірілетін үй қоянының тұқымы. Орыс ақ қояны тәрізді үй қоянын шиншилла және жергілікті Әрмен көгілдір түсті қоянмен будандастыру жолымен шығарылып, 1940 жылы бекітілген. Тірідей салмағы - 3, 8-4, 5 кг, дене тұрқы - 45-57 см, кеуде орамы - 34 см, 4 айлық элита класты көжектерінің салмағы - 2, 9 кг, 1 класынікі - 2, 5 кг. Сүттілігі жақсы, 6-8-ден көжектейді, оларды сүтпен жақсы жарытады. Етті, тығыз, қысқа аяқтары мықты болып келеді. Денесінің жүні үлпілдек, қалың, жұмсақ, жылтырап тұрады.

Негізгі түсі бұлғын түстес қоңыр, қара қоңыр, сусар түстес ақшыл қызылдары да кездеседі, соған байланысты сусар болып та аталады. Басы, құлақтары, құйрығы мен табаны денесіне қарағанда қаралау. Қылшықтары мен түбіттерінде түсі жағынан айырма жоқ. Көжектері туғанда сұрғылт түсті немесе одан да қаралау болып келеді де, 50-60 күндігінде аздап қоңырлана бастайды. Олар 4 айлығында түлеп, сақа қоян түсіне енеді.

Түбітті ақ қоян - ақ үй қояны мен фландр тұқымын будандастыру жолымен шығарылған. Тірідей салмағы - 4-4, 6 кг, дене тұрқы - 54 см, кеуде орамы - 34 см. Тез жетіліп, мол өнім береді. Азықтандыруға талғамсыз. Ұрғашысы 7 көжектен туады, сүттілігі ерекше. Көжектері тәулігіне - 19, 5 кг салмақ қосып, 4 айлық элита класының көжектері - 2, 7 кг, 1 кластарынікі - 2, 4 кг тартады. Түсі ақ жүнінің 94-96 % түбіттен тұрады. Орта есеппен жылына еркектерінен -485 г, ал ұрғашыларынан -420 г түбіт алынады. Көжектерімен қоса есептегенде бір қояннан жылына 1100-1300 г түбіт алуға болады.

Киров түбітті үй қояны - тұлғасы орташа тұқым. Дене бітімі мықты, сүйегі ірі, басы үлкен, құлақтары ұзын, жалпақ, қалың түбітпен жабылған. Құлақтарының ұшына жүн шықпайды. Кеудесі кең, жақсы жетілген. Арқасы түзу, жалпақ. Аяқтары ұзын да, қысқа да емес, жуан болып келеді, сыртын түбіт қаптаған. Жүні ақ, кейде көк болады.

Ұрғашы қоянның орташа салмағы - 3, 7 кг, еркегінікі - 3, 8 кг, дене тұрқы - 54-55 см, кеуде орамы - 35-36 см. Ұрғашысы 6-7 көжектеп, көжектерін жақсы жарытады. Бір түбітті үй қоянынан орташа - 300 г., ал тәуірінен -400-500 г. түбіт түседі, 3, -3, 5 айлық көжектерінен екі рет түбіттегенде - 35-40 г түбіт алынады. Түбітінің 3, 5 % қылшық жүн болады. Түбіт ұйыспай жақсы басылады, әдетте оны фелсор фетрін жасауға пайдаланады [3, б. 89] .

Сақа қояндарының салмағы - 4-4, 6 кг, дене тұрқы - 53-67 см, кеуде орамы - 34 см, өсімтал, сүтті, көжектерін жақсы жарытады. Кеудесіне шоқ-шоқ болып ақ жүн шықса, саны мен бүйіріндегі жүннің түсі сарғыш болса, мұны жүннің ақауы деп білу керек. Ал жүні қоңырланып, оның үстінде ақ дақтар болса, үлкен кемістік болып саналады. Бұл тұқымның қояндары аштыққа төзімді, әр түрлі климат жағдайын жақсы көтереді. Сондай-ақ, тез жетілгіш, 5-6 айлығында шағылыстыруға дайын болады. Қазақстанда қоянның бұл тұқымы кез-келген ауданның климат жағдайына өте жақсы бейімделеді, соған сай оларды барлық облыстарда өсіруге әбден болады.

Орыстың ақ қалақ қояны - терілік бағытта өсірілетін ұсақ тұқымдардың қатарына жатады. 1928 жылы Англиядан әкелінген ақ қалақ қоянының негізінде шығарылған. Тірідей салмағы - 3, 5-3, 8 кг, дене тұрқы - 57 см, кеуде орамы - 35 см. Өсімталдығы жақсы. Ұрғашылары бір туғанда 7-9 көжек туып, жарыта алады. Көжектері аппақ болып туады, бірақ 28-30 күннен кейін мұрнында, құлағында, содан кейін тағы бір апта өткенде аяқтары мен құйрығында сұр жүндер пайда бола бастайды да, 5 айда олар сақа қояндар түсіне енеді. Түсінде ақ, қара түстің араласуы бұл үй қоянын өте сүйкімді етіп көрсетеді.

Қояндардың бұл тұқымының арқасы жалпақ, денесі тығыз келеді. Аяқтары мықты болады. денесінің жүні қалың, қысқы түсі ақ, жылтылдап тұрады, ал тұмсығының ұшы, құлақтары мен құйрықтары қара немесе қоңыр болып келеді. Тіршілікке өте төзімді және олар біздің елдің климатына жақсы бейімделген. Өте көнбіс, қысқа да жұмсақ жүні қалың болғандықтан, қатты аяздың өзінде тоңа қоймайды. Ауруларға да төзімді. Терісінің сапалығынан оны ақ тиін терісімен араластырып, ішік тігуге пайдалануға болады. Бұл тұқым тез жетілгіш, 5-6 айлығында толық жетіліп болады. Қазақстанның барлық облысында да жақсы өседі. Сондықтан оларды жүйелі түрде селекциялап, сапалы жүнін сақтап, салмағын арттыруға болады.

Үй қоянының дене құрылысы мен биологиялық ерекшеліктері:

Үй қоянының дене құрылысы мен тіршілігі анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Басқа жануарлардікіндей қоян ағзасы да белгілі бір тіршілік қызметін орындайтын мүшелер мен ағзалардың жасушалары құрайтын тоқыма-ұлпалардан тұрады. Бұларды 212 сүйектен тұратын қоян қаңқасы ұстап тұрады. Жаңа туған көжектің қаңқасы дене салмағының 15 %, сақайғандарынікі - 10 % құрайды. Сүйектері жұқа болатындықтан, етті бағыттағы қояндардың қаңқасы жеңіл келеді. Қаңқа сүйектері мен шеміршектері және буын байланыстары пассивті, ал оларға байланған бұлшық еттер активті қозғалу жүйесін құрайды. Бұлшық еттер жиырылып-тартылып және босаңсып-созылып сүйектерді қозғау арқылы, жануарды қимылдатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үдемелі өсіру технологиясы бойынша әр түрлі қоян тұқымдарының өнімділігі
Көжек азықтандыру нормасы
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Тұқымдық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері
«Суалған буаз сиырды азықтандыру»
Ірі қараны нормалап азықтандыру. Буаз сиыр мен құнажынды азықтандыру
Жом, күнжара құрамы, құндылығы және әр түрлі малдарды азықтандыру нормасы
Биелерді физиологиялық мезгіліне қарай азықтандыру
Асыл тұқымды бұқалардың табынын толықтыратын таналарды азықтандыру
Ауылшаруашылық малдарын нормамен азықтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz