ҚР мотельдердің даму ерекшеліктері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыстың тақырыбы: ҚР мотельдердің даму ерекшеліктері

Мазмұны

Кіріспе3

1. 1 Қонақжайлылық индустриясының дамуының тарихы мен заманауи тенденциялары6

1. 2 Мотельдердің және қонақ үй нысандарының түрлері. Қонақ үйлерді жіктеу жүйесі15

1. 3 Қонақ үйді басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы18

2 Қазақстан Республикасының заманауи қонақ үй кешенінің сипаттамасы және оның даму ерекшеліктері24

2. 1 Қазақстандағы мотель қызметтерін басқарудың даму бағыттары24

2. 2 Еліміздегі мотель кешендерін басқаруды жетілдіру жолдары26

Қорытынды28

Қолданылған әдебиеттер тізімі32

Кіріспе

Қонақ үй кәсіпорнының негізгі функциясы тұрғындарға уақытша тұратын үй ұсыну болып табылады.

Қонақ үй индустриясы кәсіпорындарының нарығын қоғамдық-экономикалық құбылыс ретінде айқындауға болады, ол қонақ үй өнімін белгілі бір уақытта, белгілі бір жерде сату-сатып алуды қамтамасыз ететін сұраныстар мен ұсыныстарды біріктіреді.

Қонақ үй қызметтері нарығы қонақ үй кәсіпорындары мен қонақ үй қызметтерін сатып алушылар ретіндегі субъектілердің болуымен сипатталады.

Қазақстанда қонақ үй шаруашылығын дамыту үшін барлық мүмкіндіктер бар.

Республиканың бай тарихы, сирек кездесетін тарихи ескерткіштері, өзіндік мәдениеті, саяси тұрақтылық, барынша ашықтық және оның ынтымақтастыққа дайындығы - осының бәрі туристік сияқты қонақ үй саласының да жедел дамуына ықпал етеді.

Қонақ үйдің негізгі белгілері мыналар:

- номерлік қорлардың болуы;

- міндетті қызметтер жиынын көрсету (номерлерді, санитарлық тораптарды жинау, төмек-орынды күн сайын жаңарту, номерлерде қызмет көрсету) ;

- қосымша қызметтердің белгілі түр-түрлерінің болуы.

Барлық қонақ үйлерде төрт негізгі қызмет топтары қарастырылған:

- орналастыру;

- тамақтану;

- бос уақыт;

- тұрмыстық қызметтер көрсету.

Олар негізгі, қосымша және ілеспе қызметтерді қамтиды.

Қандай қонақ үйдің болмасын қажетті шарты екі негізгі қызметінің болуы: орналастыру және тамақтандыру.

Орналастыру қызметін ұстау біріншіден, пайдалану үшін арнайы орын-жайлар ұсынылады (қонақ үй номерлері), екіншіден қонақ үйдің құрамы тікелей көрсететін қызметтері ұсыну болыпп табылды: қонақтарды қабылдайтын және ресімдейтін портье, қонақ үй номерлерін жинаушылар жәнен т. б.

Қонақтарға қызметтер көрсету әр түрлі процестерден тұрады: өндірістік (ас үйде тамақ дайындау), сауда (пайдалану үшін дайын тамақ, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерді сату), сервистік (мейрамханада, барда, кафеде, қонақ үй номелерінде официанттардың қызмет көрсетулері) .

Қосымша және басқа қызметтерге бассейн, спорт, конференц-залдар, сөйлесіп отыру залдары, автомобильді жалға алу, химиялық тазалау, жуу, шаштараз, массаж кабинеті, және басқалары кіреді.

Қазіргі уақытта қосымша қызметтер қонақ үй кәсіпорнының нарықтық тартымдылығын қалыптастыруда ерекше маңызға ие болуда.

Тәуелсіз кәсіпорын болсын немесе ішінара қонақ үй корпорациясы болсын барлық отельдердің негізгі міндеті қоғамның белгілі бір қажеттілігіне қызмет етуді, сонымен қатар оның иесіне пайда түсіруді білдіреді.

Мотель - отельдің бір түрі, шағын қонақ үй. Мотель жол бойы қонақ үйін білдіреді.

Әдетте мотельдер бір немесе екі қабаттан тұрды, қосымша қызметтер мен номерлер түрлері санаулы, сондықтан тұру құны да соған сәйкес болады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Біздің елімізде қонақ үй қызметті арттыру мәселесі үлкен орынға ие. Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй саласында персоналдың имиджін құру, квалификациялы білікті жұмыскерлерді дайындау - халықаралық қатынас пен байланыстағы, республика аумағындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады, Қазақстан деңгейін қолдаудағы қонақ үйлік туристік индустриясын дамутуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру керек.

Өткен ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы туризмнің даму жолында көптеген оқиғалар мен құбылыстарға толы болды. Бүгінгі туризм әлем экономикасындағы маңызды әлеуметтік-экономикалық тармақтарын басқарып, халықаралық деңгейдегі экономикалық байланысын дамуына зор ықпал етуде.

Қонақ үйлік индустриясы қоғамдағы экономикалық мәселелерін шешуде маңызды әсер етуде. Дамыған елдерде туризмнен түскен табыс қара және түсті металлдардың халықаралық саудасынан түскен табыстан екі есе жоғары екені белгілі. Туризмнен түскен табыс сол аумақтың экономикасын көтеруге қабілетті.

Қонақ үй индустриясы дамып жатқан аумақтың инфрақұрылымына, тұтынушылық нарығына және басқа да кәсіпкерлік қызметтердің дамуына экономикалық ықпалын тигізеді.

Әлемде туризмнің дамуына көп көңіл бөлуде, себебі бұл салалар жоғары табысты және тез өтуші. Валюталы түсіміне қарай туризм әлемде үшінші орынға ие. ДТҰ сарапшыларың болжамы бойынша туризм ХХІ ғасырда да ілгері дамиды және әлем экономикасының қозғалтқышы болады.

Қонақ үй индустриясы Қазақстан Республикасындағы іскерлік шеңберде қызығушылықтарды арттырады. Демек, ішкі нарықтағы мемлекетік емес экономикалық және өндірістік құрылымдардың жаңа бастау алған кәсіпкерлердің табыс көзі болып табылады. Сондықтан, Қазақстандағы қонақ үй индустриясы мен туризм нарығындағы персонал имиджін қалыптастыруды ішкі туристік саудасы мен халықаралық байланысын күшейту мәселесі тұр.

Осылайша, зерттеу жұмысының өзектілігі: қонақ үй кәсібінің даму ерекшеліктерін зерттей отырып, мотельдердің Қазақстан Республикасындағы өзгеше тараптарын анықтау, олардың жетілдірілу жолдарын іздестіру болып табылады.

Ал зерттеу жұмысының мақсаты: бүгінгі таңдағы еліміздегі мотельдердің даму ерекшеліктерін айқындау болып табылады.

Ал зерттеудің міндеттері келесідей:

- Қонақжайлылық индустриясының дамуының тарихы мен заманауи тенденцияларын қарастыру;

- Мотельдердің және қонақ үй нысандарының түрлерін зерттеу;

- Қонақ үйді басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын айқындау;

- Қазақстан Республикасының заманауи қонақ үй кешенінің сипаттамасы және оның даму ерекшеліктерін анықтау;

- Қазақстандағы мотель қызметтерін басқарудың даму бағыттарын зерттеу;

- Еліміздегі мотель кешендерін басқаруды жетілдіру жолдарын іздестіру.

Зерттеу жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қонай үй шаруашылығын зерттеудің теориялық мәселелері

1. 1 Қонақжайлылық индустриясының дамуының тарихы мен заманауи тенденциялары

Ең алғашқы қонақ үйлердің пайда болған уақытын дәлірек айту мүмкін емес. Бұл қонақ үй тарихы ежелгі ғасырлардан келе жатыр. Ежелгі грек елдерінде арнайы таверналар, қонақ үй сияқты көрген. Бірақ алғашқы қонақ үй шаруашылығының басталуы Рим елінде болды. Дәл осы Рим елінде саудагерлер мен чиновниктер кездесіп, саяхатқа шығуларына тура келіп, өздерінің шаруаларын басқа елдерде шешіп, еріксіз саяхатқа шығып, қонақ үй сияқты таверналарда тұруға тура келетін. Осындай қажеттілік туғаннан кейін, жол бойындағы бір түнеуге арналған таверналар, қонақ күту орындары ашыла бастады.

Осы кезде Рим елінде әр түрлі қойылымдар, театрларда спектакльдер қойылуымен қатар келген көрермендерге уақытша тұрақтайтын орын керек болғандықтан, арнайы орындар салына бастады және жаңбыр жауған, кезде көрермендер сол жерде отырып, көруге ыңғайландандырып салған болатын.

Арнайы келетін, жоғары лауазымды адамдардың орналасатын отыратын жерлерін алдын ала қарастырып, басқа көрермен ретінде көретін, саудагерлер мен көпестердің отыратын, орналасатын жерлері өздері дайындауға тура келетін. Орналасатын, жататын жерлері, аса ыңғайлы деп айтуға келмейді, бірақ бір жатуға тұрарлықтай, көбінесе ағаштан салынған жатақ орындары болатын. Бағасы нақты тұрақтанған емес, әр саудагерлер өзінше қожайынмен келісіп, ақысын төлеп, қанша тұрғысы келсе сонша тұратын.

Орта ғасырдағы, Еуропа еліндегі уақытша тұру орындары, жер үйлер ретінде болған, оларды саудагерлер немесе көпестер арнайы уақыт аралығында иемденген [1, б. 54] .

Адам баласының негізгі мекені - жеке үйі. Осыған сай, халқымыздың басым бөлігінің саналы ғұмыры өз шаңырағында өтеді. Біз жұмысқа, дүкенге, сондай-ақ бос уақытымызды ойдағыдай өткізу үшін дос-жарандарымызға барып, кешкісін үйімізге қайта ораламыз. Алайда, кейбір азаматтар еңбек демалысына, іссапарларға және өзге де себептерге байланысты жыл бойы жиі-жиі үйде тұрақтамауы мүмкін. Мұндайда олар аялдайтын бірден-бір орын - мейманхана.

Қаланы саяхаттай жүргенде дүкендер, кеңселер, шеберханалар, мейрам-ханалар және басқа да көңіл көтеретін, демалатын орындар көзге бірден түседі. Керісінше қала сыртына қарай бет алсақ, фабрика, ферма және автозаправкаларды кездестіреміз. Осы ретте қаланың қақ ортасынан да, қала маңынан да алдымен байқалатын бір ғимарат - мейманхана. Кімнің болса да әлеуметтік-тұрмыстық қажеттілігін қанағаттандыратын орындарға кенде емеспіз. Қонақ үйлер де осындай нысандар қатарында.

Тұтынушылардың көзқарасынша мейманхана - коммерциялық негізде тұру үшін арнайы бөлме бөлетін әрі қызметін сатуға ұсынатын мекеме.

Қонақ үй шаруашылығының шығуы және дамып жетілуі қоғамымыздың даму тарихымен тікелей астасып жатыр. Ең алғашқы мейманханалық мекемелер - ежелгі Шығыстың өркениетті елдерінде саяхат жасаушы адамдарға қызмет көрсету мақсатында біздің эрамызға дейінгі екі мың жылдай бұрын пайда болған.

Ерте дәуірлерден-ақ римдіктер мемлекет мұқтаждықтарына қарай саяхат жасаушыларға арнайы ғимараттар тұрғыза бастапты. Жол бойында ерекше сән түзеген бұл ғимараттар бір қарағанда сарай секілді. Меймандостық мекемелерін құру жолында Шығыс, Азия және Кавказ елдеріндегі сауда байланыстарының дамуы үлкен роль атқарды. Аталған аймақтардың территориясы арқылы алып сауда жолдары қалыптасты. Осылайша тауар жүктеген керуендер көші басталды.

Саяхат жасаушыларды түнету мақсатында сауда жолдарын жағалай керуендерді жайғастыратын орындар құрылды. Ұлы қабырғамен айнала қорғалған сарайлар кезінде керуеншілерді қолайсыз ауа-райынан, сондай-ақ түрлі жол азабынан сақтады.

Орта ғасырлардағы қонақжай орындарын дамытудың діни дәстүрлерге де ықпалы болды.

Қонақ үй шаруашылығын дамытудағы тағы бір елеулі кезең Еуропадағы ат күшімен атқарылатын пошта және көлік қатынасының орнауымен байланысты бекеттер. Пошта жолы бойында мемлекеттік тасымалдауға, сондай-ақ демалыс орындарына қызмет көрсететін пошта бекеттері пайда болды.

ХV ғасырларда тұрғын сарайлар пошта бекеттеріне біріктірілді. Оларға мейманхана деген атау тағылды. Осыдан соң кейбір ірі қалаларда қонақжай орындарының қатары біртіндеп көбейе бастады. Бірақ, бұлар - өзгеше сипатта. Мұндағы ерекшелік - жолаушы-жүргіншілердің орналасып, тамақта-нуымен қатар, олардың коммерциялық құрылымдарын жетілдіруіне жол ашылғандығы. Осыған орай, қонақ үйлерде жабдық бөлмелер, сауда қатарлары, дүкендер, қоймалар құрылды [2, б. 78] .

Осыған байланысты уақытша тұру орындары, арнайы бизнес түріне айналып, жер үйлерін жалға беріп, өздері осыдан пайда тауып отырған. Сол кезде үлкен тастардан тек монастырлар және үлкен сарайлар салынған. Сондықтан, бай адамдар сол жерде тоқтағандарын жөн көрген, өйткені олардың ақшаларын қарапайым жер үйлерде талап кетуі мүмкін болды. Монастырлар саяхатшылар мен олардың беретін көмек ақшалары. Осы шіркеулер мен монастырлар да адам қонып шығулары көбейіп, осыдан кейін алғашқы қонақ үй желісі (жүйесі) пайда болды. Қонақ үй шауашылығы мен айналысу, лауазымды шаруашылықтың бірі болды және сонымен қатар «Қонақ үй қожайындары одағында» мүше болу лауазымдылықтың белгісі болды. Бұл іспен айналысу дами түсті және арнайы ережелер мен ережелерді өзара сақтау қадағаланып отырды.

Осы кездерде 200 жылға созылған крестік саяхаттар, 1095 жылдары қонақ үй шаруашылықтарының дамуына әкеп соқты. Осы кезде крестік саяхатта қанша адамдар жолға шығып, оларға орналасу орындары керек болды. Сол уақыттан бастап қонақ үйдің дамуы өрши түсті. Әсіресе солтүстік Италия, Еуропа мен Шығыс елдері, «Қайта даму» эпохасының ең алғашқы куәгерлері болды.

1539 жылы Генрих VIII монастырларды жабып, өзі білместен, барлық қонақ үй шаруашылығының дамуына кесірін тигізді. Осы шіркеулер мен монастырларда табынушылар тұрақтанып, соның ішінде табынып, сол жерде түнеп, тамақтанатын, бірақ шіркеу мен монастырларды сатып, қонақ үй шаруашылығын дамуын тоқтатып тастады. Ал басқа елде, мәселен Англия елінде қонақ үйге байланысты арнайы заң шығып, үақытша тұрақтану жерлерінде, патшалық поштаны тасушыларға, жылқыларын айырбастап, саяхатшылардың жағдайын жақсартылуы, заңмен қадағаланып отырды.

XIX ғасыр аяғы мен XX ғасырдың басында қарапайым қонақ үйлер күймелік түрде болған, сол күймелік қонақ үйлер бұрынғы замандағы адамдар жадында сақталған. Күймелік қонақ үйлер 1784 жылы Ұлы Британияда, сол кезде парламент өз хаттарын күймеде тасымалдаған. Пошталық экипаждар тек 7 адамдық болған. Зиялы, қалталы адамдар тек өздері, пошталық фоэдарсыз жол жүру мүмкіндіктері болды. Халықтық пошта, сол кезде көптеген қонақ үйлер мен қамсызданған.

Қалалық қонақ үйлер қол хатшылардың сұраныстарына тәуелді болып, тек солардың арқасында күн көріп, егер оларда күймелік сяхатшыларды қабылдау үшін ауыспалы жылқылары болса, сол кезде ғана олар сол қонақ үйде түнейтін болған. 1838 жылы Ағылшын Парламенті почтаны темір жол арқылы тасымалдауға рұқсат беріп, сол кезде күймелік почта тасу эрасының тоқтаған кезі болды.

Ең алғашқы қонақ үйлер Франция елінде пайда болды. Бұл табиғаты әсем жерлерде салынған зәулім сарайлар болды. Олар үлкен тастардан салынып, ынғайлы, жанға жайлы және бұндай қонақ үйде тек қалталы адамдар тоқтай алған.

1829 жылы «Тремон - Хаус» қонақ үйі Бостон қаласында ашылды. Бұл қонақ үйлердің арасындағы толық қазіргі талаптарға сай келетін жеке даретхана мен жуынатын бөлмесі бар, әр бөлмеге арнайы жеке кілттері бар, қонақ үй болған еді. Көп қонақ үйлер темір жолдың бойында орналасқан, себебі сол кезде темір жол ең тиімді көлік және бизнестің үлкен көзі болды.

XIX ғасырдың аяғында қонақ үйлердің жүйесі қалыптаса бастады. Еуропада қонақ үй жүйесінің қонақжайлы болу, престижді белгілердің бірі болды. Мысалға алатын болсақ, Цезарь Ритс өз атынан жұмыс істеуге лицензия берген болтын [3, б. 89] .

Кейін Америкада Эльворт Статлердің «Буффало Статлер» қонақ үй жүйесінен тарай бастады. Ол «бөлме және жуынатын бөлмені 1, 5 долларға» беретін болған.

30-жылдары қонақ үй жүйесінде басымдау болған Конрад Хилтон «Хилтон қонақ үйлері» және Эрнест Эндерсон «Шератон қонақ үйлері».

Орта ғасырлық Қазақстанда сол уақытта қонақ үйлерге ұқсаған караван сарайлар болған еді. Бұл Қазақстанның ірі қалаларының жолдарында орналасқан болатын. Караван сарайларды көбінесе дәулетті адамдар ұстаған болатын. Караван сарайларда ас дайындайтын бөлмелері, ас үйі бөлек, жолаушылардың демалу орындары бөлек, киім-кешек қоятын жерлері бөлек болатын. Караван сарайлардың қожайындары жолаушылардын өздерінен орналасқан үшін, белгілі мөлшерде ақша алатын.

Көшпелі аудандарда (барлық Қазақстан территориясы көшпелі деп айтса да) қонақ үй шаруашылығы, оны егер солай айтуға келсе, мүлдем басқаша болды, бұл жергілікті халықтын менталитетіне байланысты болды. Қазақ елінің әдет-ғұрпына байланысты, көшпелі елдің қадірлі қасиеті, ол жолаушыны төресіндей күтіп, ол үшін ешқандай төлем ақысыз қызмет көрсетіп, силау болатын. Егер ол қонақты қаншалықты жақсы күте алса, соншалықты ол егер сондай жағдайға тап болса, оны да жақсы күту шарт еді.

Қазақ елінде қонақ үй шаруашылығының толықтай дамуы тек Ресей империясына қосылған кезде басталды. Осы кезде ірі қалалардың инфраструктурсы жақсартып жатқан кезі еді. Салынған, қонақ үйге ұқсаған орындары қызмет көрсету түрлері санаулы болатын. Сол кезде Бостон қаласында 1829 жылы алғашқы қонақ үй жұмыс істей бастаған.

XIX ғасырдың қонақ үй жүйелері құрыла бастады, бірақ Қазақстан бұл үрдістен шетте қалып, экономикасы мен мәдениеті айтарлықтай дамымаған ел үшін бұл қажет емес сияқты болды.

Кейін қазан револициясынан кейін, өнеркәсіп сферасы және өнеркәсіп емес сфералары қарқынды даму кезеңі басталғаннан кейін, қазіргі қонақ үйлерге ұқсаған қызмет көрсетулер дами бастады. Атап айтсақ Қазақстанның ірі деген қалалары: Қарағанды қаласында «Чайка», Алматы қаласында «Иссык», Целиноград, қазіргі Астана қаласындағы «Турист», қазіргі «Абай» қонақ үйлері болатын [4, б. 45] .

«Отель» сөзі ХVІІІ ғасырда қолданысқа енді. Кезінде Францияда көп пәтерлі ғимараттарды отель деп атаған. Мұндай пәтерлер негізінен бір күнге, бір аптаға не бір айға жалға берілетін. Көп ұзамай бұл терминді Америка Құрама Штаттарының тұрғындары қабыл алды. О бастан-ақ алпауыт Америка - мейманханаларды техникалық жарақтандыру ісіндегі жаңа ережелердің, жаңа енгізілімдердің Отаны. Бұл елдерде мейманханаға деген сұраныс қашан да жоғары. Өйткені, мұнда уақытша қоныстануға бел байлаған эмигранттар жиі барып тоқтайтын. Әлемнің алпауыт мемлекеттерін жаулап алған қонақ үй бизнесі көп ұзамай қазақ даласында да дәуірледі.

Кейiнгi жылдары елiмiзде жанданып келе жатқан саланың бiрi - туризм. Бұл өз кезегінде экономикамыздың едәуiр пайда әкелетiн тармағына айналуымен қатар қонақ үй саласын ілгерілетуге септігін тигізіп келеді.

ҚР Үкіметінің «Экономиканың басымдық секторындағы пилотты кластерді құру және дамыту жөніндегі жоспарын бекіту туралы» Қаулысында қазіргі таңда туристік бизнес жандана түскендігі сөз етілген. Қазақстан алдағы 3-4 жыл ағымында елімізге келетін туристерді 10 есеге ұлғайтуды көздеп отыр.

2006-2007 жылдардағы республикамыздағы қонақ үй бизнесінің қарқынды дамуы экономикалық өсіммен байланысты сипатталады. Қонақ үй шаруашы-лығын дамытуға сыртқы және ішкі туризмнің дамуы нәтижесінде қатысушылар санының көбеюі ықпал етті.

Қазақстанда туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысына сәйкес 2009 жылғы келушілер саны 2008 жылмен салыстырғанда 26, 7%-ға өсті. Сырттан келушілер туризмі 31, 5%-ға өсіп, 3996, 3 мың адамды құраса (36, 9%), сыртқа шыққан туристердің саны 2008 жылға қарағанда 22, 7%-ға өсіп, 3396, 0 мың адамды құрады немесе жалпы келушілер ағынының 31, 3% құрады және ішкі туризмнің келушілер саны 25, 5%-ға өсіп, 3449, 0 мың адамды құрады. Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 45%-ға өсіп, 34557, 3 мың теңгені құрады, сатылған жолдамалардың құны 11036, 0 млн. теңгеге жетті (1, 7 есе көбейді) . 2009 жылы 904 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 46 жеке кәсіпкер 422, 6 мың келушілерге қызмет көрсетті. Республикадағы барлық қонақ үйлерде 1906, 9 мың адамға қызмет көрсетілген және қызмет көрсетуден 28166, 4 млн. теңге түскен. Орналастыру объектілерінде 25565 нөмір есептелді, бір уақыттағы сыйымдылығы 58612 койко-орынды құрады.

2008 жылғы есеп бойынша республикамыздағы мейманхана, мотель және келушілерге арналған жатақханалар саны - 385, ал келгендерді орналастырумен шұғылданатын кәсіпкерлер - 163. Мейманханалардағы бір жолғы сыйымдылық - 33 399 орын болса, нөмірлер саны - 15 515. Орта статистикалық әрбір қонақ үйдегі 86, 8 орынға 40, 2 нөмірден келеді. Сонда бір нөмірдегі орташа сыйымдылық көлемі - 2, 2 төсек-орын.

2000-2006 жылдары елімізде мейманханалар саны күрт өсті. Бұл Қазақстанға шетелдік азаматтардың іскерлік мақсатпен келу көрсеткішінің көбеюімен байланыстырылады. Екінші жағынан, соңғы жылдары халық-аралық стандарттарға сай келетін жеке мейманханалар, қонақ күту үйлері мен туристерді жайғастыратын өзге де стационарлық орындар бой көтеріп, ескі мейманханаларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

2000 жылмен салыстырғанда мейманханалар, мотель және келушілерге арналған жатақханалар саны 226 бірлікке, яғни 2, 4 есе өскен болса, 1994 жылмен салыстырғанда - 6, 7 есе артық. 2000 жылмен салыстырғанда қонақ үйдегі бір жолғы сыйымдылық 2-2, 5 есеге, нөмірлер саны - 6391 бірлікке, яғни 1, 7 есе ұлғайды.

Қор нөмірінің көлемі жағынан аса ірі қонақ үйлер Алматы және Астана қалаларында орналасқан. Алматыдағы мейманханалар орта есеппен алғанда 148, 8 орынға 72, 5 нөмірден, ал Астанадағы 66, 2 орынға 38, 4 нөмір сәйкес келеді.

Қазіргі таңдағы өзекті мәселе - қонақ үй шаруашылығын меншік формасы бойынша бөлу. Жоғарыда аталған 385 орынжайдың 22-сі мемлекет меншігінде болса, 340 - жеке меншікке, 17-сі өзге мемлекеттердің, олардың азаматтары мен заңды тұлғаларының меншігіне тиесілі.

Ал 340 қонақ үй шаруашылығы жеке меншіктікі десек, соның 37-сі шетелдіктермен бірлескен меншік үлесінде.

Еліміздегі 385 қонақ үй орынжайларының 350-і қалалық жерлерде орналасса, 35-і ауылдық елді-мекендерден (11 облыстағы) орын алған. Бір өкініштісі, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы ауылдық жерлерде қонақ үйлер мүлдем аз.

Қазақстандық қонақ үй рыногын төмендегіше топтастыруға болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үйдің классификациясы
Қонақ үйлерді классификациялау және оның түрлері.
Қонақ үй
Қонақ үй түрлері жайлы жалпы мәлімет жинау, саралау, сараптау, және типологиясы мен ерекшеліктерін ашып көрсету
Қонақ үй қызметінің түсінігі, сипаттамасы мен ерекшеліктері
Зерттеу пәнін қонақүй секторындағы кәсіпорындарда қызметтердің сапасын басқару процесінде орнайтын ұйымдастырушылық - экономикалық қатынастар
Туристік қызметтер өндірісі мен демалыс орнының жайлылығы, қызметкерлердің жақсы қызмет көрсетуінің үйлесімділігі
Қонақ үйдің мазмұны мен нысаны.
Қонақ үй бизнесі
Қонақ үй кәсіпкерлігіндегі бизнес-жоспардың құрылым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz