Сотта өкілдік ету:түсінігі және түрлері


Курстық жұмыстың тақырыбы: Сотта өкілдік ету:түсінігі және түрлері
Мазмұны
Кіріспе3
1 Сотта өкілдік ету түсінігі мен түрлері5
1. 1 Сот өкілдігінің түсінігі5
1. 2 Сот өкілдігінің түрлері7
2 Өкілдіктің субъектілері мен олардың міндеттемелері11
2. 1 Сот өкілдігінің субъектілері11
2. 2 Өкілдердің міндеттемелері14
2. 3 Міндеттемелерді рәсімдеудің тәртібі16
Қорытынды24
Қолданылған әдебиеттер тізімі27
КіріспеАзаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар мәмілелер жасағанда кейбір жағдайларда өздері тікелей қатыса алмай басқа бір тұлға арқылы мәміле жасау қажет болады. Осындай жағдайларды реттеу үшін азаматтық заңнамада өкілдік институты көрсетілген. Азаматтық құқықта бір адамның екінші бір адамның атынан жасаған мәмілелері және басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері тікелей екінші адам үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық қатынастар өкілдік деп аталады.
Өкілдің уәкілеттігі көбінесе сенімхат арқылы рәсімделеді. Кейбір жағдайларда заңның негізінде, әкімшілік акт негізінде болады. Өкіл болатын азаматтар әрекет қабілеттікке ие болу керек. Өкіл әр жағдайда өкіл берушінің мүдделерін қорғау мақсатында әрекет ету керек, сондықтан ол өкілдің атынан өз-өзімен мәміле жасай алмайды және тағы басқа бір тұлғаның өкілі болса екі өкіл берушілердің арасында мәміле жасала алмайды.
Жалпы процессуалдың заңға сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтық іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды.
Өкілдік басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін. Мысалы, бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир, т. б. Өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады. Әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері мен қорғаншылары жасайды (атаанасы, асырап алушылар) .
Сотта өкілдікетудегеніміз - басқа тұлға анық мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдың ісәрекеттер жасау.
Сотта өкілдік етубасқа тұлға анық мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдың әрекеттер жасайтын бір тұлға (сот өкіл етуші), оның себебіне өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен міндеттер туындайды.
Сотта аталған процессуалдың ісәрекеттер жасайтын тұлғаны сотта өкіл етуші депатайды. Соттабасқатұлға анық мүддесіне және оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз болып табылады.
Сотта өкіл етуші өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдың әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға. Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.
Сотта өкілдік ету процессуалдың заңмен барлық азаматтық істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлық сатыларында болады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Сотта өкілдік ету қызметінің ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Соттағы өкілдік ету қызметінің мәні мен өзгешеліктерін зерттей отырып, соттағы өкілдіктің рөлін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Сотта өкілдік ету түсінігі мен түрлерін зерттеу;
- Өкілдіктің субъектілері мен олардың міндеттемелерін қарастыру;
- Сот өкілдігінің субъектілерімен және өкілдердің міндеттемелерімен таныстыру;
- Міндеттемелерді рәсімдеудің тәртібін қарастыру.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы. Зерттеу жұмысының барысында соттағы өкілдіктердің үлкен арнасы ашылып, өзінің ерекше зерттеу нысаны, ғылыми ұстанымдары, түрлері мен үлгілері анықталды. Зерттеудің нәтижелері құқық саласында қолданудың ерекшеліктеріне нақты үлес қосады. Зерттеу барысында жасалынған тұжырымдамалар мен нәтижелер куәні құқықтық қорғаудың дамуына, қалыптасуына септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы. Алынған мәліметтер ҚР азаматтық іс жүргізу бойынша зерттеу жұмыстары үшін қолданыла алынады, курстық, дипломдық, диссертациялық жұмыстарды жазу үшін де қолданыла алады. Сондай-ақ бұл зерттеу жұмысы құқықтық оқытуда, практикалық сабақтарда, дәрістерде қолданыла алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы . Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Сотта өкілдік ету түсінігі мен түрлері 1. 1 Сот өкілдігінің түсінігіЖалпы процессуалдық заңға сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы және азаматтың іске өзінің қатысуы бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АПК -і 6 тарауы) [1] .
Өкілдік - басқа адамның (өкілдік берушінің) атымен бір адамның (өкілдің) сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Өкілеттік өкілдің әрекет жасаған жағдайынан да көрінуі мүмкін. Мысалы, бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир т. б. өкіл жасаған мәміле бойынша тікелей өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Әрекет қабілеттілігі жоқ адамдардың атынан мәмілелерді олардың заңды өкілдері мен қорғаншылары жасайды (ата-анасы, асырап алушылар) .
Сотта өкілдік ету дегеніміз - басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан бір тұлғамен процессуалдық іс-әрекеттер жасау.
Сотта өкілдік ету - басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын бір тұлға (сотта өкіл етуші), оның себебі өкілдік берушінің сәйкесті құқықтар мен міндеттері туындайды.
Сотта аталған процессуалдық іс-әрекеттер жасайтын тұлғаны сотта өкіл етуші деп атайды. Сотта басқа тұлғаның мүддесіне және оның оның атынан өкілдік етуге өкілдің құқығын куәландыратын құжаттар ұсынуы негіз болып табылады.
Сотта өкіл етуші - өкілдік берушінің мүддесіне және оның атынан өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын әрекет қабілеттігі бар тұлға. Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез-келген адам сотта өкіл бола алады [2, б. 21] .
Сотта өкілдік ету процессуалдық заңмен барлық азаматтар істер бойынша соттарда және азаматтық процестің барлық сатыларында болады.
Сотта өкілдік етудің мақсаты:
- Өкілдік беруші тұлғаның мүддесін сотта қорғау.
- Өкілдік берушінің іс жүргізу құқығының жүзеге асуына және міндеттерінің орындалуына көмектесу.
- Соттың азаматтық істі дұрыс шешуіне ықпал ету.
Соттағы өкіл-азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының жеке дербес субъектісі болып табылады. Дегенмен, соттағы өкілдер АПК бойынша іске қатысушы тұлғалардың құрамына кірмейді. Себебі ол іске қатысушы тұлғаға тән белгілерді иеленбейді. Атап айтқанда:
Өкілдің іс барысында заңды қызығушылығы болмайды.
Өкіл өз атынан емес мүдделі тұлғаның атынан қатысады.
Сонымен соттағы өкілдер дегеніміз -заңмен, жарғымен, ережелермен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген өкілеттілік шегінде сенім білдірушінің атынан істі жүргізуші жеке тұлға.
Сотағы өкілдердің белгілері.
- Өкілдің іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің көлемі сенім білдірушінің немесе өкіл тағайындаушының еркіне байланысты. Бұған заңды өкілдер мен жарғы бойынша өкілдердің өкілеттігі кірмейді.
- Сотта олар өз құқықтарын емес сенім білдірген тұлғаның құқықтырын қорғайды.
- Іс жүргізуі нәтижесінде өкіл тағайындаушының процесуалдық құқықтары мен міндеттері туындайды немесе қысқарады.
Соттағы өкілге заңды күшіне енген сот шешімінің материалдық -құқығының салдары болмайды және олар құқық жөніндегі даудың субъектісі болмағандықтан сот шығындарын өтемейді [3, б. 41] .
Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне, немесе әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.
Азаматтық процестік Кодексіне сәйкес мына тұлғалар сотта өкіл бола алады.
- адвокаттар
- заңды тұлғаның қызметкерлері осы ұйымның істері бойынша
- кәсіптік одақтың уәкілетті адамдары.
- заңмен жарығымен немесе ережемен осы ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымның уәкілетті адамдары.
- тең қатысушының тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі.
- іске қатысушының рұқсатымен басқа да адамдар.
- әрекет қабілеттілігі жоқ және шектеулі азаматтың ата-аналары, асырап алушылары қамқоршылары, қорғаушылары.
-хабар- ошарсыз кеткендердің мүлкіне қатысты істер бойынша мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам.
- қайтыс болған адамдардың мүлкіне қатысты іс бойынша сақтаушы немесе қамқоршы [4, б. 67] .
Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.
АПК -ң 60-бабы бойынша сотта өкіл бола алмайтын тұлғаларға мыналар кіреді.
1. Судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органның депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымның уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алмайды.
2. Адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды.
3. Адам егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамадарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса.
4. Бұрын осы іс бойынша судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә ретінде қатысса.
5. Істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса өкіл бола алмайды.
Өкілдің түрлері мен негіздері. (тапсырма бойынша және заңды өкілдік) . Тапсырма бойынша өкілдіктің әр түрлері [5, б. 94] .
Сот пен өкілдердің арасында құқықтық қатынастар белгілі заңды фактілерге байланысты туындайды. Ол фактілерге:
Сотқа өкілеттігін куәландыратын құжаттарды табыстау немесе өкіл берушінің өкіл тағайындау жөніндегі ауызша өтінішін хаттамаға тіркеу.
1. 2 Сот өкілдігінің түрлеріСотта өкілдік туындау негіздеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:
- шартты;
- заңды;
- жарғысы бойынша;
- қоғамдық;
- ресми.
Шартты өкілдік ету - еңбек шартына немесе тапсырма шартына негізделген өкілдік ету. Мұнда өкілдік беруші (тарап, үшінші тұлға) басқа тұлғаға (өкіл етушіге) сотта оның ісін жүргізуін тапсырады. Азаматтық процесс бойынша тарап немесе үшінші тұлға ретінде қатысатын азаматтың іске өзінің қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды (ҚР АПК 6-тарауы) . Сонымен қатар істің мән-жайлары бойынша қажет болса, сот тараптардың сот отырысына қатысуын міндетті деп тани алады [6, б. 18] .
Өкіл етуші ретінде іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады (ҚР АПК 6-тарауы) .
Заңды өкілдік ету - заңның тікелей көрсетілуіне негізделген өкілдік ету. ҚР АПК -нің 63-бабы бойынша сотта заңды өкілдік ету:
- әрекетке қабілетсіз (14 жасқа дейінгі, есі дұрыс емес), әрекет қабілетіне толық ие емес (14-18 жаста) немесе әрекетке қабілеті шектеулі азаматтардың жеке және мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін ата-аналармен, асырап алушылармен, қамқоршылар немесе қорғаншылармен;
- хабар-ошарсыз кеткен деп белгіленген тәртіппен танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша - мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адаммен;
- қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаса - мұралық мүлікті қорғау мен басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршымен жүзеге асырылады.
Сонымен заңды өкілдік ету туындау негізі үшін әр түрлі заңды фактілер қажет - туыстық, асырап алушылық, қорғаншы немесе қамқоршы тағайындауы.
Заңды өкілдер істі сотта өздері жүргізеді немесе басқа өкілге тапсыра алады (ҚР АПК -і 63-бабының 4-бөлігі) .
Құрылтай құжаттары бойынша өкілдік ету - төмен түрған ұйымның арнайлы тапсырмасыз олардың мүдделерін қорғауға жоғары тұрған ұйымның өкілдік ету құқығы [7, б. 35] .
Қоғамдық өкілдік ету - өз мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің өкілдік етуі.
Ресми өкілдік ету - тапсырма бойынша өкілдік ету, өз сипаты бойынша заңды өкілдік етуге жақын.
Ұйымдардың ісін сотта оларға заңмен, өзге нормативтік-құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктердің шегінде іс-әрекет жасайтын олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді.
Заңды тұлғаның органы тиісті өкілеттік берілген басқа өкілдермен бірге іске қатыса алады.
Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкестікті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немесе ережелерден туындайды.
Сурет 1 - Сотта өкілдік ету түрлері
Сотта өкілдің өкілдік ету құқығын куәландыратын құжаттар:
- заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын куәліктер;
- заңды тұлғаның өкілдерінің куәліктері (тапсырмалары) ;
- АХАЖ органдарының куәліктері немесе қамқоршылық және қорғаншылық органдарының куәліктері;
- клиент пен адвокат арасындағы жасалған келісім-шарт, ордер, сенімхат;
- өзге жеке және заңды тұлғалардың нотариуспен куәландырылған сенімхаттары.
Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды.
Өкілдің өкілеттігін өкілдік беруші белгілейді және заңға сәйкес берілген және рәсімделген сенімхатта көзделуі тиіс [8, б. 34] .
Өкілдің өкілеттіктері: сотта іс жүргізуге арналған өкілеттік өкілге, талап арызға қол қоюды, істі аралық сотқа беруді, талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық немесе ішінара бас тартуды, талап қоюды тануды, талап қоюдың нысанасын немесе негіздемесін өзгертуді өзгертуді, бітімгершілік келісім жасауды, өкілеттіктерді басқа адамға беруді (сенімді басқа біреуге аудару), соттың қаулысына шағым беруді, соттың қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап етуді, берілген мүлікті немесе ақшаны алуды қоспағанда қкілдік берушінің атынан барлық іс жүргізу әрекеттерін жасауға құқық береді.
Өкілді іске қатыстыру жөніндегі соттың ұйғарымы жатады.
Азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша сотта өкілдік етудің 2 түрі бар.
а) Тапсырма бойынша өкілдік ету.
б) Заңды өкілдер.
Тапсырма бойынша өкілдік етудің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді.
- Шарттық өкілдер-тапсырма шарты бойынша немесе еңбек шарты бойынша пайда болады. Оған адвокаттың қызметі немесе азаматтардың өтініші бойынша кез-келген тұлғанаң өкіл ретінде қатысуы және тең қатысушылардың біреуінің басқа қатысушылар атынан өкіл ретінде іске қатысуы жатады [9, б. 14] .
- Қоғамдық өкілдер- азаматтық қоғамдық бірлестіктерге мүше болуы негізінде пайда болады.
- Заң көмегін заңмен немесе жарғымен басқа адамдардың мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары жүргізеді.
- Жарғы бойынша өкілдік ету -ұйымдардың ісін сотта заңмен, құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттік шегінде олардың органдары немесе өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді.
Заңды өкілдер АПК 6-тарауында көзделгендей әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі адамдарға тағайындалады. Олардың өкілдері ретінде ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары, қорғаншылары қатысады. Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушінің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды.
Өкіл ретінде адвокаттың іске қатысу ерекшелігі.
Азаматтық сот өндірісінде адвокаттың іске қатысуы арнайы заңмен реттеледі.
Адвокаттық алқаларда мүше болатын және мамандық негізінде заң көмегін көрсете алатын жоғарғы заң білімі бар, 2 жылдан жоғары жұмыс стажы бар, адвокаттың әрекетті жүзеге асыруға лицения алған ҚР азаматы адвокат бола алады [10, б. 64] .
Қасақана қылмысы үшін сотталған немесе әрекет қабілеттілігі жоқ немесе шектелген азаматтар, адвокаттық алқалардын шығарылғандар -адвокат бола алмайды.
Лицензия беру тәртібі «Адвокаттық қызметпен шұғылдану үшін лицензия беру тәртібі туралы» бұйрығымен реттеледі.
Лицензия біліктілік емтиханы тапсырылғаннан кейін беріледі және оның күші ҚР-ң бүкіл территориясына қатысты болады.
Заң көмегін көрсету жөніндегі төлемақылар адвокат пен клиент арасындағы келісімдермен реттеледі.
Адвокат заң көмегін көрсету негізінде белгілі болған мәліметтерді құпия түрінде сақтауға міндетті. Құпияны сақтамаған жағдайда жауапкершілікке тартылады.
2 Өкілдіктің субъектілері мен олардың міндеттемелері 2. 1 Сот өкілдігінің субъектілеріСот өкілдігінің субъектілеріне азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндігінің әрекетін жасауға қабілетті тұлғалар жатады. Алайда сот өкілдігіне кез-келген адам ие бола алмайды. Заң сот өкілдігінің қызметін атқара алатын тұлғалардың кең шеңберін анықтайды, бұл азаматтардың өкілді таңдау кепілдіктерін бекітеді. Алайда алдында болған Азаматтық процестік Кодексі мен салыстырғанда заңнамада оның тізімі жоқ. Сот өкілдері ретінде әрекет ете алатын тұлғалардың тізімі Азаматтық Процестік Кодекстің 6-тарауында 58-бабында келтірілген:
1) адвокаттар;
2) заңды тұлғалардың істері бойынша - осы заңды тұлғалардың жұмыскерлері, ал мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің істері бойынша - осы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;
3) кәсіптік одақтардың - құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ басқа да адамдардың істері бойынша уәкілетті өкілдері;
4) заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті өкілдері;
5) басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;
6) іске қатысатын адамдардың өтініші бойынша сот рұқсат еткен, жоғары заң білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.
Өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхатпен расталады [11, б. 65] .
Адвокат ордерге сәйкес өкілдік жанында, осы Кодекстің 60-бабында санамаланған әрекеттерді қоспағанда, қажетті процестік әрекеттерді жасауға құқылы. Олардың әрқайсысын жасауға құқығы сенімхатта көрсетілуге тиіс.
Олардың қатарына әрекетке қабілетті, АПК 58-бабында көрсетілгендерден басқа істі жүргізуге белгілі бір міндеттемелеріне ие тұлғалар жатады. АПК көрсетілген тұлғалар сот өкілдіктерінің міндеттемелеріне заңның күшіне орай ие бола алады [12, б. 34] .
Бірнеше азаматтардың категориялары сот өкілдігінің қызметтерін атқара алмайды. Соның ішінде, келесідей тұлғалар сот өкілдіктерінің қызметін атқара алмайды:
- кәмелетке толмағандар;
- асыраудағы немесе қамқорлықтағы тұлғалар (асырауда немесе қамқорлықта сотпен өздерінің психикалық ауытқуларының себебінен әрекетсіз деп танылған тұлғалар, есірткілік немесе спирттік заттарды қолданушы тұлғалар бола алады) .
Жеке жағдайларда кәмелетке толмаған азаматтар сот өкілдерінің қызметін атқара алады. Негізінде, 18 жасқа толмаған кәмелетке толмаған тұлғалардың некеге отырған кезінде, сонымен бірге мұндай тұлғаны толық әрекетсіз деп танығанда, мұндай тұлғалар толыққанды және толық құқықтық әрекетке қабілетті болып саналады тек материалдық мағынада ғана емес, сонымен бірге процессуалдық мағынада да, және ол сотта өзінің мүдделері мен құқықтарын қорғай алады [13, б. 47] .
АПК баптарына сәйкес, сот өкіл ретінде адвокатты тағайындай алады, алайда адвокат сот өкілдігінің қызметін атқара алмайтын бірнеге жағдайлар бар:
- егер адвокат келіссөз шарты бойынша берілген тұлғаның мүддесінен ерекшеленетін өзіндік қызығушылығына ие болса;
- егер адвокат іске сот, аралық сот немесе арбитр, делдал, прокурор, тергеуші, анықтаушы, сарапшы, маман, аудармашы ретінде қатысса, егер берілген тұлғаның қызығушылығына шешімді қабылдау құзыреттілігінде лауазымды тұлға болса;
- егер адвокат лауазымды тұлғамен, берілген істің қарастырылуына немесе тергелуінде қатысқан тұлғамен туысқандық немесе отбасылық қатынаста болса;
- берілген тұлғаның мүдделеріне қарама-қайшы келетін сенімгерге адвокат заңдық көмек көрсететін болса.
АПК сәйкес, сотта өкілдікке судья, тергеушілер, прокурорлар ие бола алады. Жалғыз ерекше жағдайларға аталған лауазымды тұлғалар іске қатысушы тұлғалардың мүдделерін көрсететін жағдайлар болып табылады. Демек, бұл жағдайда олар істі қарау кезінде көрсетілген органдар мен тұлғалардың өкілдері ретінде қатысады.
Мемлекеттік және муниципиалдық қызметкерлер, сонымен бірге нотариустар өкілдік қызметті атқару құқығына ие емес.
Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz