Табиғатты пайдалану құқығы: құқықтық сипаттамасы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Курстық жұмыстың тақырыбы: Табиғатты пайдалану құқығы: құқықтық сипаттамасы

Мазмұны

Кіріспе3

1 Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі мен мәні6

1. 1 Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі мен тарихы6

1. 2 Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары8

1. 3 Табиғатты пайдалану құқығының субъектілері мен құрамы12

2 Табиғатты пайдалану құқығының түрлері14

2. 1 Табиғаттың нысаны бойынша табиғатты пайдалану құқығының жіктелуі14

2. 2 Табиғатты пайдалану құқығының пайда болу негіздері бойынша жіктелуі16

3 Табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеуді жетілдіру жолдары22

Қорытынды26

Қолданылған әдебиеттер тізімі30

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында табиғат пайдалану құқығының ерекшеліктері мен оны жүзеге асырудың құқықтық тетігі, Қазақстанның табиғат пайдалану құқығы туралы заңдарының даму тарихы, табиғат пайдалану құқығын мемлекеттік реттеудің түсінігі, мазмұны мен жүйесі, табиғат пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалары мен шетел мемлекеттерінің заңнамаларын салыстырмалы түрде талдау және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын жетілдіру мәселелері мен нақты осы саладағы заңнаманы қолдану тәжірибесі сараланады.

Зерттеудің өзектілігі. 1991 жылы Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алуы және нарықтық экономикаға көшуі туралы жариялауы табиғат пайдалану қатынастарының қайта құрылу, нарықтың талаптарына бейімделу, барлық меншік нысанының және содан туындайтын табиғат пайдалану құқықтарының тең негізде дамуына құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау, азаматтар мен заңды тұлғалардың табиғат ресурстарына байланысты құқықтарын қорғау қажеттілігін туындатты. Осыған орай, республикада табиғат ресурстарына байланысты табиғат пайдалану қатынасы субъектілерінің құрамы өзгерді, табиғат ресурстарына заттық құқықтардың жаңа түрлері пайда болды.

Бірақ, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау әлі де болса көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. « . . . көптеген онжылдықтар бойы Қазақстанда қоршаған ортаға аса қауіпті жоғары техногендік ауырпалық түсіретін табиғат пайдаланудың шикізаттық жүйесі қалыптасты. Сондықтан, экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруына әлі қол жеткізіле қойған доқ және ол әлі де болса, биосфераның тұрақсыздануы, қоғамның өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаның сапасын ұстап тұратын қасиетін төмендетуге әкеп соғатын табиғат жүйесінің құлдырауымен сипатталады».

Біздің мемлекетіміздің қазіргі даму кезеңіндегі маңызды міндеттерінің бірі - қолайлы қоршаған табиғи ортаны сақтау болып отыр. Бұл негіз конституциялық деңгейде бекітілген. Себебі Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында «Мемлекет адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғауды басты мақсат етіп алады» делінген [1] . Қазіргі кездегі адам ресурстарын дамытуға байланысты мемлекеттік саясаттың бағыты қоршаған ортаны қорғауды аса қажетті мәселелердің бірі етіп қойып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» атты Жолдауында: «Қазақстандықтардың тұлғалық және зияткерлік қабілеттіктері жаһандану және әлемдік бәсеке күшейген кезде біздің жоспарларымыздың табысты болуының, ел экономикасының бәсекеге қабілеттігінің және қазіргі жағдайлардағы оның жеңіп шығуының негізгі айғағы» деп атап көрсеткен [2] .

Басты негіз ретінде адамзатқа көңіл бөлінген кезде халықтың денсаулығын сақтау мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болмақ. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030. Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа Жолдауында: «Экономикалық даму өзінен-өзі біздің азаматтардың хал-ахуалының жақсаруының кепілі бола алмайды. Жылдан-жылға ластанған қоршаған орта мен өз денсаулықтарына дұрыс қарамаған адамдардың ауруларының нәтижесінде экономиканың өркендеуін көз алдына елестету қиын емес. Қажетті қаражат жоқ жағдайында аурлармен күрес және денсаулықты күшейту бойынша стратегиямыз біздің азаматтардың салауатты өмір салтымен өмір сүруге деген дайындығынан басталады. Салауатты өмір салтын сақтау, дұрыс тамақтану, гигиена және санитария ережелерін ұстану бойынша ақпараттық кампания өзінің қарқынды жұмысын бастауы керек» [3] .

Сонымен қазіргі кезеңде қазақстандықтардың денсаулығын сақтау және қоршаған табиғи ортаны қорғау біздің мемлекетіміздің бірегей мақсатына айналып отыр. Осы мақсатқа жету үшін міндеттердің бірі Қазақстан Рнспубликасы халқының толыққанды демалуына жағдай жасау болып табылады. Мұндай мүмкіндікті табиғи ортаны демалыс және туризм үшін пайдалану, атап айтқанда - табиғат құқығы береді.

Жаңа мемлекеттік-саяси және әлеуметтік-эконмоикалық жағдайлар кезеңінде табиғат ресурстарына құқықтың пайда болуын, өзгеруін, тоқтатылуын реттейтін және осы саладағы дамып отырған қатынастар мен тәжірибе қажеттіліктерін реттейтін нормалардың сәйкес келуі өзекті мәселе екені анық. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамаларына жасалған талдау табиғат пайдалану қатынастарына бұрынғыдай өте аз көңіл бөлінетіндігін көрсетіп отыр. Сондықтан, Қазақстан Республикасы заңнамаларына терең және жан-жақты талдау жүргізу арқылы оны жетілдірудің, әсіресе табиғат пайдалану құқығына қатысты бөлімді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау өте маңызды болып табылады. Табиғат ресурстарына құқықтың пайда болуын құқықтық қамтамасыз ету мен оны тіркеу барысындағы кемшіліктер, аталған мәселе бойынша кешенді ғылыми еңбектердің жоқтығы осы тақырыпты талдауға негіз болып отыр.

Зерттеудің объектісі ретінде табиғатты пайдалану құқығы саласында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.

Зерттеудің пәні табиғат пайдалануға байланысты туындаған құқықтық қатынастар және оларды жүзеге асыруда қамтамасыз ететін құқықтық тетігі болып табылады.

Зерттеудің мақсаты - нарықтық заңдылықтар мен әлеуметтік басымдықтарды ескере отырып, табиғат пайдаланудың негізгі құқықтық мәселелерін кешенді түрде зерттеу болып табылады.

Зерттеудің келесідей міндеттері бар:

- Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі мен тарихын қарастыру;

- Табиғатты пайдалану құқығының қағидаларын зерттеу;

- Табиғатты пайдалану құқығының субъектілері мен құрамын анықтау;

- Табиғатты пайдалану құқығының түрлерін айқындау;

- Табиғаттың нысаны бойынша табиғатты пайдалану құқығының жіктелуін қарастыру;

- Табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеуді жетілдіру жолдарын іздестіру.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі мен мәні 1. 1 Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі мен тарихы

Табиғатты пайдалану дегеніміз адам мен қоғамның экономикалық, экологиялық, мәдени-сауықтырушылық, рухани-әдептілік қажеттіліктерін табиғи ортаның қасиеттерін бөлумен түсіндіріледі.

Табиғатты пайдалану құқығының объективтік мағынасы - бұл табиғатты пайдаланушыларды құқықтары мен міндеттерін, табиғи ресурстарды пайдаланудың шарттары мен тәртіптерін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын көрсетеді.

Табиғатты пайдалану құқығының субъективтік мағынасы - бұл (экологиялық заңдар) табиғи ресурстарды пайдалану мен билік етудегі нақты табиғатты пайдаланушының экологиялық заңдар мен белгіленген құқытарының жиынтығы болып табылады.

Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары болып - ғылыми дәлелдеген, сипаттамалары мақсаты, тиімділік, кешендік, лицензиялау, квоталау лиметтеу табылады.

Табиғатты пайдаланудың ғылыми дәлелдегенділігі бұл экологиялық және экономикалық мүдделерді қамти отырып, табиғаттың даму заңдарына сүйенетінін білдіреді. Табиғатты пайдалану құқығы мақсатты сипатта жүргізіледі. Бөлек табиғатты пайдаланушыға пайдалану құқығын шешуге байланысты міндетті түрде фиксацияланып отыратын, нақты табиғи ресурстарды, учаскелерді, объектілерді және белгіленген мақсатына сай оның бөлігін мемлекет береді. Мемлекет жер учаскесін азаматқа пайдалануға беру, бұндағы мақсат - крестьяндық шаруалық жүргізу - жер пайдалану құқығы актісі әкімдікпен берілетінін көрсетеді. Берілген объектілермен учаскілерді мақсатына сай пайдаланбағандығы заң бұзушылық болып табылады және табиғат пайдалану құқығын тоқтатумен алып қоюға әкеп соқтырады [4, б. 64] .

Азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқықтары - Қазақстан Республикасындағы жалпы табиғатты пайдалану құқықтық негізгі бөлігі және азаматтардың денсаулығын сақтауға байланысты конституциялық құқықтардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша адамдардың құқықтары табиғатты қорғауға байланысты тазарту шараларын кең түрде жүргізумен қамтамасыз етіледі.

Қоршаған ортаны тазарту-адамның өмір сүру ортасының санасы мен адамның денсаулығы үшін шаруашылық қызметтердің ұйымдастырылған, құқықтық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жиынтығын құрайды. Азаматтық қолайлы қоршағант ортаға құқықтық объектісі болып, табиғи ресурстар табылады: таза атмосфералық ауа, су, табиғи аймақтар, ормандар, ұлттық табиғи парктер, рекрациялық аймақтар, санитарлық-курорттық орындар, т. б. Азаматтық бұл құқықтары Қазақстан Республикасының заңдарында ары қарай даму көзделген.

Азаматтарды қолайлы қоршаған ортаға құқықтарына - адамдар және оны қоршаған орта үшін зиянды салдарын төмендеуге және ескертуге, халықтық демалысқа, еңбек пен тұрмысты жақсарту шарттарына, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған мемлекеттік органның, кәсіпорынның, мемлекеттік, ұйымдастырудың және басқа да қоғамдық ұйымдардың санитарлық-гигиеналык шараларды жүргізу міндеттілігі сәйкес келеді.

1997ж. 15 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңның 5-ші бабында сәйкес, азаматтардың қоршаған орта-ны қорғауға байланысты құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Әрбір азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамның, сондай-ақ шетелдіктердің аз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірген залалдың өтеуін алуға құқығы бар.

Азаматтардың:

- белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға оларды қорғау және толықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатыстыруға;

- қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар құруға;

- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митинйлерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;

- қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік, органдар мен Ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қорғауды талап етуге;

- қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;

- кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық және өзге де қызметін шекте, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібі мен күшін жоюды талап етуге;

- айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотқа талап арыз беруге;

- заң актілері мен өзге де нормативтік құқық көзделген басқа да құқықтарын белгілеген тәртіппен іске асыруға құқығы бар;

Әрбір азамат қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурс-тарға ұқыпты қарауға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды орындауға, өзінің экологиялық білім деңгейін арттыруға және жеткіншек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруге жәрдемдесуге міндетті.

Қазақстан Республикасының Конституциясы және басқа да экологиялық заңдар азаматтарға қоршаған табиғи ортаға байланысты белгілі құқықтар мен міндеттер жүктейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-ші бабына сәйкес, азаматтар табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

Табиғатты қорғауға байланысты заңдарды орындау әрбір азаматтың өмірлік нормасы болып табылуы керек.

Табиғат пайдалану құқығы туралы заңдардың негізін ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы (ол да салыстырмалы түрде жаңа заңдардың қатарында), соның ішінде, ұлттық табиғи саябақтар туралы заңдардың даму тарихынан көруге болады.

Сондай-ақ мынадай нормалардың даму тарихынан да іздестіруге болады:

- денсаулық сақтау туралы (себебі олар халықтың денсаулығын сақтауды, соның ішінде емдеу-сауықтыру мекемелерін құруды ұйымдастыруды қарастырады) ;

- шипажай және демалыс аймақтары туралы;

- туризм туралы;

- қала құрылысы туралы (себебі қалалардың басты жоспары туралы ережелерде еңбекшілердің демалыс орындары қарастырылады) [5, б. 94] .

Табиғат пайдалану туралы заңдардың дамуының бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

1 кезең (1917-1960 жылдар) . Бұл кезеңде табиғат ресурстарын пайдалану туралы құқықтық нормалар экономикалық мүдделердің экологиялықтан басым тұратын ескірген тұжырымдамасы болды, ол кеңестік мемлекеттің қалыптасу кезеңіндегі әлеуметтік және экономикалық дамуының жоспарында және одан кейін қабылданған актілерде де бекітілді. Табиғат пайдалану туралы нормалар мүлдем болмады.

2 кезең (1960-1990 жылдар) . Табиғат пайдалану туралы заңнамалардың өркендеуімен ерекшеленеді, ол 1957-1963 жылдары одақтас республикалардың Жоғарғы Кеңестері қабылдаған - табиғатты қорғау туралы заңдарынан бастау алды. Бұл кезеңде денсаулық сақтау туралы, қала құрылсы қызметі туралы, туризм туралы заңнамалары саласында белсенді құқықтық шығармашылықтың өрістегені байқалды. Осы нормаларға жалпы одақтық заңнамалар да ықпал етті.

1. 2 Табиғатты пайдалану құқығының қағидалары

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге арналған лицензияларды берудi Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.

Сондай-ақ, су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материалдарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорындар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру.

- 1-3 -топтағы қауіптілігі бар өндірістің кдуіпті қалдықгарын жағу, химиялық өндеуден өткізу, сақтау мен көму,

- Қазақстан Республикасының қауіпті калдықтарды трансшекаралық тасымалы мен оларды жоюды бақылау туралы Базель конвенциясы бойынша міндеттемелерін орындаумен байланысты трансшекаралық тасымал; Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минерал-дықтүзілістерді сақтау;

- Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде мемлекеттік қорық ай-мағы шегіндегі кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді орналастыру, салу мен қайта құру;

- Қоршаған ортаға зиянды ыкдал ететін химиялық және биологиялық заттарды өндіру. Лицензиядан басқа табиғи ресурстар табиғат пайдалануға облыстың жергілікті атқарушы органдарының (республикалық маңызы бар қалалардың - Алматы, Астана қалаларының әкімдіктерінің) табиғи ресурстарды пайдалануға беру туралы шешімдерінің негізінде, сондай-ақ табиғат пайдалануға жасалған шарттар (келісім шарттар) негізінде берілуі мүмкін. Қазіргі уақытта табиғат пайдалану құқығы көптеген табиғи ресурстарға лимиттеледі және квоталанады. Бұл мынадан туындап отыр: көптеген табиғи ресурстар сарқылатын ресурстарға жатады немесе жалпы жаңартылмайтын ресурстар болып табылады [6, б. 14] .

ҚР-ның Экологиялық кодексіне сәйкес, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мен онда лас заттарды орналастырудың лимиттері және квоталары бар. Қоршаған ортаға эмиссиялар - ластағыш заттардың шығарындылары, төгіндiлері, қоршаған ортада өндiрiс және тұтыну қалдықтарын орналастыру, зиянды физикалық әсер ету.

Ол үшін табиғат пайдаланушыларға мынадай экологиялық рұқсаттар алу қажет: 1) қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар;

2) кешендi экологиялық рұқсаттар. Қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органнан қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алуға мiндеттi.

Экологиялық рұқсат - жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат; Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат табиғат пайдаланушыға оның өтiнiмiне сәйкес осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiледi. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатта көрсетiлген шарттарды орындауға мiндеттi және оларды сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Өз меншiгiнде өндiрiстiк объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшiн:

1) бiр облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбiр объект бойынша да, олардың тұтас жиынтығы бойынша да өтiнiм бере алады;

2) әртүрлi облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында орналасқан әрбiр объектiнiң орналасқан жерi бойынша өтiнiм беруге тиiс [7] .

Егер қоршаған ортаға эмиссиялар ортақ табиғат пайдалану процесiнде жүретiн болса, бұл эмиссияларға рұқсат алу талап етiлмейдi. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат:

1) табиғат пайдаланушы және ол жүргiзiп отырған шаруашылық және өзге де қызмет туралы мәлiметтердi;

2) рұқсаттың қолданылу мерзiмiн;

3) табиғат пайдалану шарттарын, оның iшiнде олардың барлық көздерi бойынша эмиссиялардың нормативтерiн;

4) рұқсаттың қолданылуы кезеңiне арналған қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар бағдарламасын;

5) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасын қамтитын, белгiленген үлгiдегi құжаттар жиынтығы болып табылады. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат бланкiлерiнiң нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн табиғат пайдаланушыларға рұқсат берiлетiн oбъектiлер I, II, III және IV болып төрт санатқа бөлiнедi. I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және 2-сыныпты объектiлерi жатады. II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныпты объектiлерi жатады. III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныпты объектiлерi жатады. IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныпты объектiлерi жатады. Табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты I санат объектiлерiне қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органнан, II санат объектiлерiне - қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарынан, III санат объектiлерiне - оңайлатылған схема бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарынан, IV санат объектiлерiне - хабарлау декларациясының негiзiнде осы объектiлердiң орналасқан жерi бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарынан алады [8, б. 34] .

Табиғат пайдаланушыға I және II санаттағы объектiге мына шарттар сақталған жағдайда:

1) осы Кодекстiң 72-бабына сәйкес қажеттi құжаттар мен материалдар табыс етiлсе;

2) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобасы осы Кодекстiң талаптарына сәйкес келсе;

3) қоршаған ортаға әсердi бағалау материалдары қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң және табиғат пайдалану шарттарының Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келетiнiн растаса;

4) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келсе және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етсе;

5) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келсе, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiлуге тиiс. Табиғат пайдаланушыға III санаттағы объектiге, егер:

1) осы Кодекстiң 72-бабына сәйкес қажеттi құжаттар мен материалдар табыс етiлсе;

2) қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң жобасы осы Кодекстiң талаптарына сәйкес келсе;

3) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келсе және қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етсе;

4) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы осы Кодексте белгiленген талаптарға сәйкес келсе, қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiлуге тиiс. Егер табиғат пайдаланушы қажеттi өтiнiм мен хабарлау декларациясын табыс етсе, оған IV санаттағы объектiге қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берiлуге тиiс. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар қолданыстағы рұқсатта көрсетiлген, қолданылатын технологиялар мен табиғат пайдалану шарттары өзгергенге дейiн, бiрақ:

1) табиғат пайдаланушылар үшiн I санаттағы объектiге үш жылдан аспайтын;

2) табиғат пайдаланушылар үшiн II, III және IV санаттағы объектiлерге бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беретiн органдар мынадай жағдайларда:

1) рұқсат алу үшiн табыс етiлген материалдар толық емес және дұрыс емес болғанда;

2) сұратылған табиғат пайдалану шарттары осы Кодекстiң 73-бабында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмегенде, рұқсат беруден бас тартуы мүмкiн [9, б. 34] .

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат берген орган мынадай жағдайларда:

1) табиғат пайдаланушылардың дұрыс емес деректердi табыс ету фактiлерi, оның iшiнде қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерiн есептеуге байланысты қателiктер анықталғанда;

2) табиғат пайдаланушылар рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдалану шарттарын, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларды бұзғанда, рұқсаттың қолданылуын үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатты берген органдар мынадай жағдайларда:

1) табиғат пайдаланушылар рұқсатта көрсетiлген табиғат пайдалану шарттарын, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар мен нормаларды ұдайы (рұқсаттың қолданылу мерзiмi iшiнде 3 реттен астам) бұзғанда;

2) рұқсаттың қолданылуы тоқтатыла тұруға қатысты жолсыздықтар белгiленген мерзiмде жойылмағанда;

3) қоршаған ортаға елеулi залал келтiрiлгенде және халықтың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiне қатер төнгенде;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
ҚР экология құқығы пәнінен лекция сабақтарының мазмұны
Жер қойнауының құқықтық режимі туралы ақпарат
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Қоршағана ортаны қорғаудың құқықтық негіздері
Табиғатты пайдалану құқығы түсінігі
«Табиғатты пайдалану құқығы»
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты нормативтік-құқықтық актілердің көмегімен жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz