Картоп аршу машинасы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тамақтану кәсіпорындары өндірісінің тиімді жұмыс істеуі тек онда қандай жабдық орнатылғанына ғана емес, монымен қатар басқа да көптеген көрсеткіштерге: кәсіпорынның тұтынушылығына, кәсіби монтаждауға, қызмет көрсету қолайлылығына, пайдалану ережелерін дұрыс сақтауға, жабдыққа жақсы күтім көрсеткенге және т. б. байланысты болады. Аспазшының күнделікті жұмысын барынша азайту, еңбек өнімділігін жоғарылату, жұмысшы орындарда болатын жарақаттарды азайту үшін тамақтану кәсіпорындарында машиналар мен механизмдер яғни механикалық жабдықтар қолданылады. Тамақтану кәсіпорындарында қолданылатын механикалық жабдықтар өнімдерді алғашқы өңдеу және жартылайфабрикаттарды дайындауға арналған технологиялық машиналар классына жатады.

Жаңа қоғамдық тамақтану орындары ашылуы салдарынан механикалық жабдықтарға деген сұраныс күннен күнге артып отыр. Ең сұранысқа ие болып отырғаны өнімнен тағамдық құндылығы аз сыртқы бетін (көкеністер, жеміс-жидектердің сыртқы қабығы, балықтың қанатшалары және т. б. ) тазартып алып тастауға арналған тазарту жабдықтары. Тамыржемістерді тазартуға арналған машиналар да жиі қолданылады. Көкеністердің ішінен тазартуға көп ұшырайтын өнімдерге картоп өнімі жататын болғандықтан, олар картоп ашу машиналары деп аталады, бірақ онда тамыржемістілердің барлығын тазартуға болады.

Тамақтану кәсіпорындарында жемістерді алғашқы өңдеу келесі технологиялық сұлба бойынша жүргізіледі: сұрыптау, жуу, тазарту, алдын-ала тазарту, жуу және ұсақтау. Осы айтылған операциялардың барлығы кәсіпорынның көкеніс дайындау цехтарында орындалады және барлығы механикаландырылған болуы мүмкін тек алдына ала тазартудан басқасы. Көкеністерді алғашқы өңдеу процесін механизациялау деңгейі ереже бойынша кәсіпорынның қуаттылығына байланысты болады. Кіші және орташа қуаттылықтағы тамақтану кәсіпорындарындағы көкөніс цехтарында мерзімді әрекетті картоп ашу машинасы орнатылады. Көкеністерді тазартуға арналған машиналардың көптеген түрлері шығарылады, өйткені картоп аршу термиялық, химиялық және механикалық тәсілдермен жүргізілуі мүмкін. Бірақ біз қарастыратын тәсіл механикалық өңдеу тәсілі болғандықтан механикалық тазарту машиналарын ғана қарастырамыз. Механикалық тәсілдің мәні мынадай: машинаның жұмысшы камерасының қабырғасы мен жұмысшы органның бұдырлы бетінде картоптың сыртқы қабаты сыдырылып алынады. Бұл кезде картоп беті, жұмысшы аспаптың бұдырлы беті және жұмысшы камера қабырға арасында салыстырмалы қозғалыс болуы керек. Бір уақытта картоп бұдырлы бетке белгілі бір күшпен өнімнің бұдырлы бетін тереңдете тазартуды қажет ететіндей болып бастырылады және одан әрі оның қозғалысы кезінде өнімнің сыртқы беті сыдырылады. Тазарту кезінде жұмысшы камераға тазартылатын өнімнің бұдырлы бетінің қабығын шайқап әкететін су беріледі, ол тазартылған қабықтарды машинаның жұмысшы камерасынан шығарып тастайды.

Картоп тазартуға арналға бұдырлы бет абразивті массалы болады, ол ұсақ дәнді кремний карбидінен және смол мен алебастырды байланыстырғыщ болып жасалады. Бұл заттардың қатынасы мынадай: 100 кг кремний карбидіне 8, 4 кг сұйық бакелит және 5 кг алебастр. Абразивті массаны араласқаннан кейін гридравликалық преспен арнайы пішінге келтіреді және 180 0 С температураға дейін 8 сағат кептіреді. Тазартудың біркелкілігі өнімнің машинаның бұдырлы жұмысшы бетіне біркелкі жанасуына, сондай-ақ осы бетке өнімнің тығыз жабысуына және олардың арасындағы салыстырмалы жылдамдыққа байланысты болады. Сонымен қатар, өнімнің машинаның жұмысшы органының бетіне және жұмысшы камера қабырғасына өте қатты әсер етуі өнімнің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай өнімдерден өңдеуден кейін жылдам қарайып кететін болғандықтан крахмалды дәндерін бөліп алады және олардың құрамы жұмсақ болады. Бұл оның кемшілігі болып табылады. Картоп ашу машинасынан кейін өнім қодмен алдына ала тазарту машинасына беріледі, ал қалдықтары крахмал өңдеуге арналған тасымалдағышқа бағытталады. Алдын ала тазатрылған өнім қарайып кетпеуі үшін сульфаттау машинасына бағытталып, сульфатталады. Сульфаттау машинасында өнім 5 мин натрий биосульфитінің сулы ерітіндісімен өңделеді. Сапасы бойынша алынған өнім келесі ьалаптарды қанағаттандыру керек: өнім таза, жұмсармаған, әртүрлі қарайған дақтары қалмауы және ақ немесе кремді түсті болуы керек. Сульфиттелен картопты тұтыну және сақтаудың мүмкін болатын мерзімі 15 . . . 18 °С - та 24 сағат, 2 . . . 6 °С болғанда 48 сағат.

МАШИНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ

Картоп аршу машинасы рамадан 1, ваннадан 2, сыртқы қаңқадан 3, жұмысшы білікшелер жетегінен 4, ішкі қаңқадан 5 және душтық құрылғыдан 6 тұрады.

Қаңқа негіз болып табылады, оған машинаның барлық тораптары бекітіледі. Төрт қырлы пирамидаға ұқсас ванна қаңқаға орнатылған.

Сыртқы қаңқа жақтаудан, рама бекiтiлген алдыңғы және артқы қабырғалардан, бiлiктер жетегінен құралады.

КНА-600М картоп аршу машинасы

Жұмысшы білікшелер жетегі электрқозғалтқыштан, сынабелдікті және тісті берілістерден тұрады. Жұмысшы білікшелер абразивті шығыршықтар отырғызылған болаттан жасалған сырықтардан тұрады. Білікшелер төрт секция құрайтындай етіп орналасқан.

Iшкi қаңқа беттік тот баспайтын болаттан пiсiрілген және енiн сырғымалы жапқыш көмегiмен өзгертуге болатын терезе ескерiлген көлденең қалқалары бар екi қабырғалардан тұрады. Сондай жапқыш түсiру терезесiнiң алдында орнатылған. Әрбiр секцияның үстiне душтық құрылғы орналастырған.

Машиналар жұмыс iстегенде калибрленген картоп бiрiншi секцияның терезе арқылы үздiксiз жүктеледi де тез айналатын абразивті бiлікшелерге келіп түседі.

Картоп түйнектерi секцияның білiкшелерi арқылы меншiктi өс бойынша айнала көтерiледi, де қалқаларға соқтығысып, секцияның шетіне қарай құлайды. Осындай қозғалыс жасай отырып түйнектер терезеге бiлікшелерiн бойлай алға қарай жылжиды. Терезеге өте түйнектер машина бойынша екiншi қайтара секцияға келіп түседі. Осы төрт секцияны өте келе түйнектер түсiру терезелерiне жақындап тартпа бойынша машиналардан шығарылады.

Машинаға жақындай келе түйнектер абразивті шығыршықтарға үздiксiз үйкеліп, душтағы сулармен жуылады, соның арқасында түйнектердің қабықшалары сыдырылып түседі.

Картоп машинадан толық тазаланып шығады. Машинадан шыққан картоптың кiшкене тесiктерiн тазартуды өткiзедi.

Қалдықтардың пайызын төмендету, су шығынын және абразивті шығыршықтардың қызмет ет мерзiмiн жоғарлату үшiн картопты алдын ала жуу керек.

Сапалы тазартуды алу үшiн машинада картоптың болу уақытын реттеу керек, яғни қалқалардағы терезелердің енiн және жүктеу терезесiн өзгерiсiмен iске асады. Сонымен бiрге қалпына келтіру кезінде таза картопты алу үшiн жеткiлiктi су шығыны реттеледi.

Машинаның жұмыс процесі кезінде абразивті шығыршықтар қажалып кетедi, нәтижесінде олардың арасындағы саңылау 10 . . . 12 мм дейiн үлкейедi. Ол үшін әрбiр тақ бiлiктегi шығыршықтарды алмастыру керек, соның арқасында саңылау 5 мм-ге дейiн азаяды. Саңылаудың қайтадан 10 . . . 12 мм дейін үлкеюінде жұп біліктердегі шығыршықтар ауыстырылады да машина шектi саңылауға дейiн қайтадан жұмыс iстейдi, содан кейiн тақ біліктердегі шығыршықтар өзгередi және т. с. с.

КАРТОП АРШУ МАШИНАСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Көрсеткіштер
Өлшем бірліктері
КНА-600М
Көрсеткіштер: Өнімділігі
Өлшем бірліктері: кг/сағ
КНА-600М: 600
Көрсеткіштер: Жұмысшы органдардың айналыс жиілігі
Өлшем бірліктері: с -1
КНА-600М: 104, 7
Көрсеткіштер: Бекітілген қуаты
Өлшем бірліктері: кВт
КНА-600М: 3, 0
Көрсеткіштер: Ауқымды өлшемдері
Өлшем бірліктері: мм
КНА-600М:
Көрсеткіштер: ұзындығы
Өлшем бірліктері:
КНА-600М: 1490
Көрсеткіштер: биіктігі
Өлшем бірліктері:
КНА-600М: 1145
Көрсеткіштер: ені
Өлшем бірліктері:
КНА-600М: 1315
Көрсеткіштер: Салмағы
Өлшем бірліктері: кг
КНА-600М: 480

ЖАБДЫҚТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Өнімдерді механикалық тәсілмен өңдеу кезінде өнімнің сыртқы бері жұмысшы бұдырлы бетаен жанасады. Бұл кезде өнімнің қабығы ға емес сонымен қатар өнімнің бетіде сыдырылып алынады және ол өнімнің шығынының жоғарлауына әкеліп соғады. Сонымен қатар өнімнің пішіндері әртүрлі болса оларды өңдеу уақыты да әртүрлі болады. Сондықтан, өнім алдына ала сұрыпталған және жуылған болуы керек.

Өнімдерді тазартуды бастамас бұрын машинаның сыртқы бетін қарап шығып, оның санитарлық жағдайын анықтау керек, жұмысшы камера ішінде бөгде заттардың болмауын, олардың жерлендірілуін және оларды жинақтау дұрыстығын тексереді. Сонымен қатар, машинаны тексеру кезінде жұмысша камераға су берілетін форсунканы да тазарту керек. Форсункадан екі бағытта су беріледі (дискіге және қабырғаға), сондықтан екі құбырды да тазартып, ағыншалар төмен бағытталатынын бақылау керек.

Машинаны қақпағы ашық тұрғанда және тиеу астаушасының қақпағы алынып тұрған жағдайда пайдалануға тиым салынады. Одан әрі машинаны қосады да бос жүрісте тексереді. Тазартуға арналған картоп өнімі сұрыпталған және таза жуылған болуы керек. Сонымен қатар, өніммен бірге жұмысшы камераға машинаның абразивті қабатын істен шығаратын тастар, тамырлар және басқа да бөгде заттар түспеуін қадағалау керек.

Машинаны «Қосу» тетігін басу арқылы іске қосады, су өткізу краны ашылады да жұмысшы камераға су беріледі. Судың жалпы шығына 1 кг тазартылатын өнімге 1литрдан аспауы керек. Одан әрі тиеу астаушасының қапағы ашылады және жұмысшы камераға су жіберу кранынан су келеді. Өнім порциясын нормативті шамаға қарсы көбейтіп немесе азайтып жіберсе онда машинаның өнімділігі және тазарту сапасы төмендейді, сонымен бірге қалдықтар көбейеді. Машинаның жұмысшы камерасына тиелетін картоптың проциясын жоғарылатса оны өңдеу цикілінің уақыты жоғарылайды да ол да машинаның жалпы өнімділігін төмендетеді. Бір уақытта тиелетін картоптың мөлшерін азайту машинаның өнімділігінің төмендеуіне, қалдықтардың санының артуына әкеліп соғады.

Тиеу люгінің қақпағын жапқаннан кейін өнімдерді тазарту жүргізіледі, бұл кезде машинадағы судың да шығарылуын бақылаған жөн. Өнімді тазартып болғаннан кейін түсіру астаушасының айстына тазартылған өнімді жинауға арналған ыдыс қойылады, жұмысшы камераға судың берілуін тоқтатады, тиеу шанағының қақпағын ашып, тазартылған өнімді түсіреді. Тазарту ұзақтығын тиеу саңылауының жоғарғы қақпағынашып көз мөлшерімен анықтайды. Картопты және тамыржемістілерді өңдеу уақыты өнімнің қабығына байланысты болады: балғын жемістер 2 мин., ескі картоптар - 5 мин өңделеді. Тазарту процесі өнімнің 90% тазартылғанға дейін жүргізуге болады. Өнім толықтай тазартылған деп саналады, егер өнімнің тек түбінде және өнімнің бір екі аймағына 1 . . . 3 мм болатындай қабықтары қалса.

Тазартылған өнім түсіріліп болғаннан кейін тиеу льгінің есігі жабылады және операция қайталанады. Тазарту аяқталғаннан кейін «Тоқтату» тетігін басып машинаны сөндіреді және жұмысшы камераға су беру краны жабылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін автоматты сөндіргішті өшіреді, машинаға санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізеді: машинаның жұмысшы бетін тазартады, жұмысшы камераға су келетін түтікті жуады, кірлерінен тазартады, сыртқы бетін құрғатып сүртеді. Машинаны тазарту үшін шашты щетка пайдаланылады.

КАРТОП АРШУ МАНИНАСЫН МОНТАЖДАУ

Монтаждау деп жабдықтарды жинақтау, фундаментке орнату, коммуникацияларға қосу, сынау, іске қосу және пайдалануға беру жұмыстарының жиынтығын айтады. Монтаждау жұмыстары жаңадан ашылған, сонымен қатар бұрыннан бар кәсіпорындарды жаңа жабдықтармен жабдықтау немесе қайта жаңарту кезінде жүзеге асады.

Жабдықтарды монтаждау жұмыстары жабдықтардың жобалық-техникалық монтажы, жабдықтардың техникалық және орындаушылық құжаттары негізінде жүргізіледі.

Жобалық - сметалық құжаттарға жұмыс сызуы, жабдықтардың спецификациясы және материалдардың монтажы, жабдықтың, материалдардың және монтаждау жұмыстарының сметасы және жоба бойынша есептеу-түсіндірме құжаты жатады.

Жұмысшы сызбалар қабаттар жоспарынан және орнатылатын технологиялық жабдықтарды көрсете отырып өндіріс ауданының қимасынан, жек машиналардың сызбаларынан, фундаменттік болттар орнатылатын тесіктер мен фундаменттер өлшемдерін көрсету сызбаларынан, құбырөткізгіштердің, электрөткізгіштер және желдеткіштердің монтаждық-коммуникациялық сұлбаларынан тұрады.

Өндірістегі жұмыстар жобаларына:

- монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін монтаждау графигін және монтаждау жүргізетін құрылыс бөлімінің күнтізбелік графигі;

- жабдықтарды, материалдарды, металлқұрылымдарды және басқа бөлшектерді жеткізудің күнтізбелік графигі;

- жабдықтарды монтаждаудың технологиялық сұлбасы (жабдықтарды түсіру және жылжыту, оларды жинақтау тізбектілігі) ;

- монтаждау механизмдерінің, монтаждауға қажетті бейімділік құралдарының, аспаптардың тізімі;

- жеке мамандықтар бойынша жұмыс күшін пайдалану жөніндегі мәліметтер;

- техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша өткізілетін шаралар тізімі жатады.

Картоп тазарту машиналарына техникалық қызмет көрсету кезінде машинаны бос жүрісте тексереді, бұл кезде машинадан естілетін шудың сипатына, жұмысшы органның айналысына, тиеу қақпағының тығыз жабылуына, ремендердің дұрыс тартылуына көңіл бөлінеді. Редукторда майдың болуын, су құбырларының және жұмысшы камера қосылыстарының герметикалығын тексереді, себебі ылғал электрқозғалтқыш және электрлік сымға түсуі мүмкін. Жұмысшы камераға судың берілуін және кір судың ағып кетуін тексереді.

Абразивті аспаптарды ауыстыру үшін жоғарғы қақпақты алады және бейімділік құралының көмегімен жабысып қалған пластинканы алып тастайды, одан кейін сегментті қабықшаны алады және дискіні (тостағанды) алып тастайды. Жаңа тостағанды орнатар алдында екі мойынтіректің жағдайын және цилиндрлік қисық сызықты доңғалақтар жұбының ілінісуін тексереді. Майларды жылына 1 рет жүргізеді. Жаңа абразивті сегментті және тостағанды орнатқаннан кейін олардың арасындағы саңылауды тексереді. Абразивті дискі берік бекітілуі керек, олардың тербелуіне болмайды.

Механикалық жабдықтарды жөндеу жұмыстарының сапасы үш кезеңнен: мойынтіректерді орнату, кинематикалық жұпты жинақтау және берілістерді реттеуден тұратын құрастыру операцияларын дұрыс орындауға байланысты болады. Құрастыру операцияларының тізбектілігі және орындалу кезеңдері механизмнің құрылымына, тағайындалған реттеу сұлбасына және өндіріс сипатына байланысты болады. Сонымен қатар, кейбір құрастыру элементтері жекеше жинақталған (сорғылар, төмендеткіштер және т. б. ) және жабдыққа басқа элементтерге тәуелсіз жеткізілуі мүмкін. Жабдықты жинақтауға арнайы бейімділік құралы пайдаланылады. Өлшектердің механикалық өңделуін талап ететін жұмыстар нөлге келтірілуі тиіс.

КАРТОП АРШУ МАШИНАСЫНДАҒЫ АҚАУЛАР

Жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін және оны пайдалану кезеңінің ішінде жақсы жұмыс істеуін, авариялық ақаулар және қымбат жөндеу жұмыстарына қосымша шығын жұмсамау үшін техникалық қызмет көрсету ережелерін қатаң сақтау керек. Бұл мәселелер қызмет көрсету және техникалық қызмет көрсету орталықтарымен келісімге отырғанда шешіледі.

Ақаулар
Пайда болу себептері
Жою жолдары
Ақаулар: Өнімді тазарту баяу жүреді, қалдықтар саны нормадан артық
Пайда болу себептері:

Өнімнің қатты кірленуі.

Су камераға жеткілікті мөлшерде жеткізілмейді.

Жұмысшы камера өніммен артық мөлшерде тиелген.

Абразив қозғалып кетті.

Жою жолдары:

Өнімді жуу.

Жұмысшы камераға судың жеткізілуін арттыру.

Өнімді бір реткі тиеуді азайту.

Жұмысшы орган және камера қабырғасындағы абразивтерді ауыстыру

Ақаулар: Жұмысшы органдар баяу айналады.
Пайда болу себептері:

Ременнің сырғып шығып кетуі.

Машинаны өніммен артық жүктеу

Жою жолдары:

Ременнің керілуін күшейту.

Жүктеуді азайту.

Ақаулар:

Жұмысшы камераның

жабық тұрған есігінен су ағып тұр.

Тазартылған өнім аппараттан шыққанда соғылған болып шығады

Пайда болу себептері:

Жұмысшы камераға артық мөлшерде су беріліп отыр.

Жұмысшы камераның түбіндегі саңылау бітеліп

қалған.

Абразив ескірді және жұмысшы камерада өткір қырлар пайда болды.

Жою жолдары:

Суөткізгіштің вентильін бұрап, судың берілу мөлшерін азайту.

Жұмысшы камераның түбіндегі саңылауды

тазарту.

Жұмысшы органдағы абразивті және абразивті сегментті камераны ауыстыру.

Ақаулар: Өнім тазартылғаннан кейін пайда болады.
Пайда болу себептері: Ақырындап абразив үгітіледі және жұмысшы камерада пайда болады
Жою жолдары: Жұмысшы органның абразивті және камераның абразивті сегментін ауыстыру
Ақаулар: Жұмысшы тегергіш баяу айналады
Пайда болу себептері: Ременнің шығып кетуі
Жою жолдары: Ременнің созылуы
Ақаулар: Жетек қосылғанда электрқозғалтқыш айналмайды және шу естіледі
Пайда болу себептері: Бір фаза өшіп қалған немесе сақтандырғыш жанып кеткен
Жою жолдары: Жетекті тез арада өшіріп, жабдықты жөндейтін шебер шақыру
Ақаулар: Бұранда- қысқыштар жетек мойнына ауыспалы механизмдерді нашар бекітеді
Пайда болу себептері:

Жетек мойнының бұранда саңылауы немесе бұранда- қысқыштар өнiмдер қалдықтарымен ластанған

Жетек мойнының бұрандалары немесе бұранда- қысқыштар тозып кеткен

Жою жолдары:

Жетек мойнының бұрандалары немесе бұранда- қысқыштарды тазартып, майлау

Берілген жабдықты жөндейтін шебер шақыру

Ақаулар: Жетекті қосқанда жоғарғы шу немесе төмендеткіште тарсыл байқалады
Пайда болу себептері:

Төмендеткіш майланбаған

Төмендеткіш істен шыққан

Жою жолдары:

Майлау деңгейін тексеру, қажет болған жағдайда толтыру

Жетекті тез арада өшіріп, жабдықты жөндейтін шебер шақыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық қоймаларының сыйымдылығының ұйғарымдары
Құрама-жем өндірудің технологиялық үрдістерін зерттеу
Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу
Крахмал және спиртке картопты құрамалы өңдеу туралы
Кәсіпорын бөлмелерінің тізімі
Крахмал мен спиртке картопты құрамалы өңдеу
Тас блоктарын өндіру технологиясы
Көктасжал кен орнын тиімді игеру
Теміржол көлігін қолданғандағы қазу жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz