Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамасы мен техникасын, өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын игеру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ. .
5
: 1
КІРІСПЕ. .: КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ МЕН ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .
5: 8
: 1. 1
КІРІСПЕ. .: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың мәні мен мақсаттары, принциптері.
5: 8
: 1. 2
КІРІСПЕ. .: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдістері мен ақпаратты өңдеу тәсілдері . . .
5: 18
: 1. 3
КІРІСПЕ. .: Кәсіпорынның өндіріс тиімділігін талдаудың мазмұны, түрлері……….
5: 24
: 2
КІРІСПЕ. .: «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ - ЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ. .
5: 31
: 2. 1
КІРІСПЕ. .: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау . . .
5: 31
: 2. 2
КІРІСПЕ. .: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ғы өндірістің тиімділігін талдау. .
5: 43
: 2. 3
КІРІСПЕ. .: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ы қызметінің өзекті мәселелерін анықтап, талдау . . .
5: 48
: 3
КІРІСПЕ. .: «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК» АҚ-ҒЫ ӨНДІРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
5: 57
: 3. 1
КІРІСПЕ. .: Инновация - өндірістің тиімділігін жоғарылату факторы ретінде…… . . .
5: 57
: 3. 2
КІРІСПЕ. .: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ғы өндіріс тиімділігін жақсартудың жолдары . . .
5: 63
:
КІРІСПЕ. .: ҚОРЫТЫНДЫ
5: 70
:
КІРІСПЕ. .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
5: 73
:
КІРІСПЕ. .: ҚОСЫМШАЛАР
5: 75

КІРІСПЕ

Қазіргі нарық жағдайында кәсіпорын - бұл экономиканың негізгі құрамды бөлігі, яғни оның жұмысының тиімділігі ел экономикасының сәтті дамуының маңызды шарты болып табылады. Әрбір кәсіпорын нарықтық қатынастар жағдайында ең көп табыс әкелетін тауарлар мен қызметтерді өндіруге ұмтылады. Нарық жағдайында сол мезетте кәсіпорын ол табысты алатынына ешқандай кепілдік жоқ. Бұның барлығы көптеген жағдайларға тәуелді болып келеді. Сондықтан да әрбір кәсіпорын өзінің даму жолын, маркетинг, шаруашылық формаларын ұйымдастыру жүйелерін іздестіруі қажет. Сонымен қатар кәсіпорындардың қызмет салалары әр түрлі болып келеді, ал оның жұмысының тиімді екенін бағалау үшін шаруашылық қызметін талдаудан өткізген жөн.

Ғылыми көзқарас тұрғысынан талдау бұл құбылыстар мен үдерістердің мәнін оның барлық құрамды бөліктерін зерттеу және анықтау, барлық бөліктерін бір бүтінге байланыстыратын және осы негізде оның даму заңдылықтарын құру жолымен айрықшалау. Шаруашылық қызметті талдау бизнестегі басқарушылық шешімдерді қабылдаудың ғылыми негізі болып табылады. Оларды негіздеу үшін өндірістік және қаржылық тәуекелдерді, әлеуетті және де бар мәселелерді анықтап, болжам жасап, шаруашылық субъектісінің табысы мен тәуекел деңгейіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтау қажет.

Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық өсуі мен дамуы адам ресурстары және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуына, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады.

Кәсіпорынның тиімді қызмет етуі - қоғам алдындағы барлық мәселелердің ішінде ең маңыздысы болып табылады. Ол жүздеген жылдар ішіндегі экономикалық ғылым мен шаруашылық тәжірибені алаңдатып келеді. Бұл мәселе әсіресе шикізат ресурстарының жетіспеушілігінің ұлғаюымен, бәсекелестіктің дамуымен, бизнестің жаһандануымен, кәсіпкерлік тәуекелділіктердің артуымен байланысты экономика дамуының заманауи кезеңінде маңызды болып табылады.

Нарықтық экономикада табысын бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, сатудан артық өнім өндірмейтін капитал көлемі мен шығындар арқылы өлшейтін кәсіпорындар ғана табысты қалыптасады. Іскерлік қызметтің қайткен күнде де болжамды бағдарламаның орындалуына қарай бағдарлануы - банкроттыққа апаратын айқын жол. Табысты түрде қалыптасу үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъект ресурстық потенциалды ұтымды пайдалану, өндірістің табыстылығын арттыру, өндірілетін өнім сапасын жақсарту арқылы өз қызметінің тиімділігін арттыруға ұмтылу керек.

Осыған байланысты кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау әдісі өзгеріп отырады. Жалпы өндіріс көлемін арттыруға бағытталған ұжымдық экономикада еңбек өндірісі мен қорқайтарымы секілді тиімділік көрсеткіштеріне басты назар аударылады. Шаруашылық жүргізуші субъектінің мақсатты функциясы пайданы арттыру болып табылатын нарықтық экономикада тиімділік көрсеткіштерінің қаржы бөлімі бірінші орынға шығады.

Адамның кез келген мақсатты қызметі тиімділік мәселесімен байланысты болып келеді. Қандай жағдайда да тиімділік шаруашылықтың өнімділігімен, үнемділігімен, ыждағаттылығымен, жігерлілігімен анықталып, өндіріс факторларының әр бірлігінен алынған пайдамен өлшенеді.

Нарықтық экономикаға өту кәсіпорындардан ғылыми-техникалық өрлеудің жетістіктерін, шаруашылықты жүргізудің тиімді үлгілерін және өндірісті басқаруды енгізу арқылы және де кәсіпкерлік пен еңбек ұжымының жұмысшыларының ынтасын жандандыру барысында өндірістің тиімділігін, өнімдер мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қажет етеді. Заманауи экономикалық шарттарға сәйкес әрбір кәсіпорын ең аз шығын шегінде рентабельділік пен пайда алуда ең жоғарғы нәтижеге жетуге ұмтылады. Қатал бәсекелестік пен нарықтың тұрақсыздығы жағдайында төлемқабілетті, бәсекегеқабілетті болу үшін және де банкроттыққа ұшырамас үшін өз шаруашылық қызметін дұрыс ұйымдастыруға ұмтылады.

Бұл міндетті жүзеге асыруда басты рөлді шаруашылық субъектілердің қызметін экономикалық талдау алады. Экономикалық талдау ұйым қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруда, олардың қаржылық жағдайын нығайтуда маңызды рөл атқарады. Оның қазіргі кезде басқару мен бақылаудың маңызды функциясы ретінде рөлі артып келеді. Оның көмегімен кәсіпорын дамуының стратегиясы мен тактикасы қалыптастырылады, басқарушылық шешімдер мен жоспарлар негізделеді, олардың орындалуына бақылау жасалынады, өндірістің тиімділігін арттыру қоры анықталады, кәсіпорынның, оның әр түрлі бөлімшелері мен жұмысшыларының қызмет нәтижелері бағаланады.

Экономикалық талдаудың сапасының артуы талдаудың заманауи сандық әдістерін қолдануды жалпыға қолжетімді етуге және автоматтандыруға мүмкіндік беретін компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың жылдам таралуымен байланысты. Жалпы кәсіпорын қызметіне экономикалық талдау жасалынып болған соң, оның өндіріс тиімділігін қарастырған дұрыс. Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып, ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді. Сондықтан оны арттыру мына шаралар арқылы жүзеге асады:

  • өндірістің технологиялық базасын дамыту;
  • өндірістегі инновация;
  • өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
  • инвестициялық саясатты оңтайландыру,
  • өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.

Қазіргі кездегі кәсіпорынның басты мақсаты - өндірістік тиімділігін жоғарылату болып табылады, ал бұл өте күрделі процесс. Өндірістің экономикалық тиімділігі ретінде шығындар мен ресурстардың минималды деңгейінде өндірістің максималды нәтижесіне жету немесе олардың факторларын пайдалану деңгейі түсіндіріледі. Жалпы айтқанда кәсіпорын қызметін экономикалық талдау және оның өндірісі тиімділігін де қарастыру аса маңызғы ие. Бұның барлығы дипломдық жұмысымның тақырыбының өзекті екендігін көрсетеді [1] .

Білікті экономист, қаржыгер, бухгалтер, аудитор экономикалық зерттеулердің заманауи тәсілдерін және жүйелік, кешенді экономикалық талдау әдіснамасын игеруі және оны тәжірибеде қолдана білуі керек, шаруашылық қызметтің нәтижелерін нақты, уақытында, әржақты талдаудың шебері бола білуі тиіс.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамасы мен техникасын, өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын игеру.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың теориялық негізін меңгеру;
  • кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың маңыздылығы мен оған әсер ететін факторларды анықтау;
  • кәсіпорынның қызметіне қаржылық-экономикалық талдау жүргізу;
  • кәсіпорынның өндіріс тиімділігін экономикалық талдау;
  • кәсіпорынның шаруашылық қызметін дамыту мен арттыруға ұсыныстар жасау.

Зерттеу объектісі - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы.

Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорын қызметін экономикалық талдау, өндіріс тиімділігін арттыру бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпараттар, сондай-ақ мұнай-газ саласында қызмет ететін «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының статистикалық көрсеткіштері құрайды.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер көздерінен тұрады. Диплом жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялық және әдістемелік негізі қарастырылған.

Бірінші бөлімінде кәсіпорын қызметін, өндірістің тиімділігін экономикалық талдаудың теориялық жақтары, яғни оның пәні, әдістері, міндеттері, әдіснамасы және кәсіпорында экономикалық талдауды ұйымдастыру талаптары баяндалады. Ал екінші бөлімінде кәсіпорын қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштеріне нарықтық экономикаға сай келетін отандық және шетелдік тәжірибеге негізделген кешенді жүйелік талдау жасалынып, өндірістің тиімділігінің жағымсыз мәселелері қарастырылды. Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін, өндіріс тиімділігі мәселелерін шешуге, жақсартуға бағытталған ұсыныстар айтылды.

1 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ МЕН ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың мәні мен мақсаттары, принциптері

Нарықтық қатынастар жағдайында экономиканың негізгі бөлшегі кәсіпорын болып табылады, себебі осы деңгейде қоғамға қажетті өнімдер жасалынады, керекті қызметтер көрсетіледі. Жалпы кәсіпорын дегеніміз - өнімді өндіру мен оны өткізуді жүзеге асыратын, өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстарды орындайтын немесе ақылы қызметтер көрсететін өзіндік, ұйымдастырушылық-оқшауланған шаруашылық субъект.

Әрбір кәсіпорын - бұл көптеген қызметтері бар күрделі өндірістік-экономикалық жүйе. Ең негізгі бағыттарын атап өтсек:

  • Нарықты кешенді түрде зерттеу (маркетингтік қызметі) ;
  • Инновациялық қызметі (ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-конструкторлық дайындаулар, өндіріске технологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т. б. жаңалықтарды енгізу) ;
  • Өндірістік қызметі (өнім дайындау, жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету, нарық сұранысына сай номенклатура мен ассортименттеерді әзірлеу) ;
  • Кәсіпорынның нарықтағы коммерциялық қызметі (өндірілген өнімді өткізуді ұйымдастыру мен ынталандыру) ;
  • Өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету (шикізат, материал, бұйымдарды жеткізу, энергия, техника, жабдықтардың барлық түрімен қамтамасыз ету) ;
  • Экономикалық қызметі (жоспарлаудың барлық түрі, баға белгілеу, есеп, еңбекті ұйымдастыру мен төлеу, шаруашылық қызметті талдау және т. б. ) ;
  • Өндірістік-техникалық және тұтынушылық бағыттағы өнімнің сатудан кейінгі қызметі (жөндеу үшін қосымша бөлшектермен қамтамасыз ету, кепілдік қызмет етуі және т. б. ) ;
  • Әлеуметтік қызметі (еңбек ұжымының өмірін және еңбек шарттарын керекті деңгейде ұстап тұру, тұрғын үйлер, асхана, емдік және балаларға мектепке дейінгі мекемелерден тұратын кәсіпорынның әлеуметтік инфрақұрылымын құру, т. б. ) .

Кәсіпорынның осындай негізгі қызметтерін, жалпы табиғат пен қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды талдаусыз меңгеру мүмкін емес. Жалпы «талдау» термині грек тілінің "analyzis" деген сөзінен шыққан, аударғанда «бөлемін», «мүшелеймін» деген мағыналарды білдіреді. Осыған сай, тар мағынада талдау бүтін бір заттың бөлшектері ретінде меңгеру үшін затты немесе құбылысты оның құрамды элементтеріне бөлуді қарастырады. Бұлай бөліп қарастыру заттың, құбылыстың, үдерістің ішіне үңілуге, оның ішкі мәнін түсінуге, зерттелетін заттағы немесе құбылыстағы әрбір элементтің рөлін анықтауға мүмкіндік береді.

Мысалы, өнімнің өзіндік құнының мәнін түсіну үшін оның қандай элементтерден тұратынын ғана білу жеткіліксіз, сонымен бірге шығындардың әрбір бабы бойынша оның көлемі неге тәуелді екенін білуіміз қажет. Қаншалықты өзіндік құнның өсуі әрбір элемент пен фактор бойынша толық қамтылса, соншалықты бұл экономикалық құбылыс туралы көп білетін боламыз және де өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру үдерісін тиімді басқара аламыз.

Осылайша, кең мағынада талдау қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бүтін бір нәрсені құрамды бөліктерге бөлу және де оларды әр түрлі байланыстар мен тәуелділіктер бойынша зерттеу негізінде құрылған тану әдістері ретінде түсіндіріледі.

Шаруашылық қызметті талдау - кәсіпорынның өндірістік, саудалық, сервистік және басқа да қызмет түрлерінің нәтижелерін бағалау мен үдерістерді зерттеу әдісі. Шаруашылық қызметті талдау ұйым қызметінің нақты бағыттарын дамыту және жетіспеушіліктерін жою үшін аналитикалық база болып табылады.

Шаруашылық қызметті талдауды келесі белгілер бойынша жіктеуімізге болады: (А) субъектілер, (Б) зерттеу объектісі, (В) талдауды жүргізу мақсатына тәуелділігі, (Г) зерттеу аспектісі, (Д) зерттелетін сұрақтар шеңберінде, (Е) оның шешімі негізінде қабылданатын сипаты бойынша, (Ж) жұмыстарды автоматизациялау және компьютеризациялау деңгейі бойынша. Бұл бөлу принциптерін толығырақ қарастырайық:

А. Талдауды жүргізетін және оны орындайтын субъектілер - кәсіпорынның экономикалық қызметі, аудиторлық фирмалар, қаржылық, салықтық, несиелік және т. б. ұйымдар болуы мүмкін.

Б. Зерттелінетін объектілер бойынша кәсіпорынның, одан бөлек оның бизнес-бірліктерін (цехтар, учаскілер, бригадалар, жұмыс орындары), кәсіпорындар бірігуінің шаруашылық қызметін талдау деп қарастырады.

В. Талдауды жүргізу мақсатына байланысты: жоспарлау үшін базалық көрсеткіштерді анықтау, шаруашылық қызметтің нәтижелерін ішкі бағалау, қорлар мен оларды мобилизиациялау жолдарын іздестеру, шаруашылық қызмет нәтижесін жоспарлау, оңтайлы басқарушылық шешімдерді өңдеу үшін материалдарды дайындау, инвестициялық жобаның, несиелік келісімшарттың, аудиторлық қорытындының бизнес-жоспарын құру мақсатында деп ажыратады.

Г. Зерттеу аспектісі бойынша қаржылық-экономикалық, технико-экономикалық және функционалды-бағалық талдау деп бөледі. Қаржылық-экономикалық талдау ақпарат көзі ретінде мемлекетпен реттелетін кәсіпорынның есептемесіне сүйене отырып жасалатын қаржылық көрсеткіштер мазмұнын ашады. Ережеге сай кәсіпорын менеджерлерімен, акционерлер кеңесінің, қаржылық және несиелік органдардың, аудиторлық фирмалардың өкілдерімен жүргізіледі.

Технико-экономикалық талдау экономикалық көрсеткіштердің басқару, еңбек және өндірісті ұйымдастыру, технология, техникасымен тығыз байланыстағы кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттейді. Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне басқару мен өндірісті ұйымдастыру және технология, техникалық жабдықталу деңгейі ықпалын анықтау үшін және де қорларды ашу үшін еңбек пен материал ресурстарын, негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын технико-өндірістік көрсеткіштер қолданылады.

Функционалды-бағалық талдау - бұл өнімнің тұтынушылық қасиеттері, оның нарықтық бағасы және оны өндіру мен сатуға кеткен шығындар арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыруға бағытталған обьъектіні (бұйымды, үдерісті, құрылымды) жүйелік зерттеу тәсілі. Функционалды-бағалық талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің үздіксіз өсуін қамтамасыз етуге тартылған, яғни зерттеу объектісінің тұтынушылық бағасы мен оның бөлек тұтынушылық қасиеттері және шығындарымен көрсетілген пайдалылығы арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған.

Функционалды-бағалық талдау мәніне перспективалық талдаудың әдісі сай келеді, яғни ағымдағы немесе кеткен шығындарға ғана көңіл бөлінбейді, сонымен қатар болашақтағы шығындарға да талдау жасалынады. Функционалды-бағалық талдауды жүргізу 7 кезеңнен тұрады: дайындық, ақпараттық, аналитикалық, шығармашылық, зерттеушілік, ұсынушылық, енгізу және нәтижелерді бақылау.

Д. Зерттелінетін сұрақтар шеңберінде 2 түрін бөліп көрсетеді: барлық шаруашылық қызметтің толық талдауы және де ресурстардың кейбір түрлерін, кәсіпорын қызметінің әр түрлі жақтарының тиімділігін, қабылданатын шешімдердің оңтайлылығын пайдалануды қарастыратын тематикалық талдау.

Е. Оның шешімі негізінде қабылданатын сипаты бойынша алдын-ала, жедел, қорытынды және перспективалық талдау деп топтасады. Соңғы уақытқа дейін, әсіресе, мемлекеттік кәсіпорындарда қорытынды талдауға аса қатты көңіл бөлінді. Бірақ та нарықтық экономика жағдайында жедел және перспективалы талдауларға қатты көңіл бөлінуде.

Жедел талдау кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің жедел басқаруының алдында тұрған міндеттерді шешуге бағытталған. Жедел талдаудың объектісі кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің экономикалық қызметі болып табылады. Жедел талдау барысында экономикалық көрсеткіштерде туындайтын және жедел басқару жүйесі бірден ықпал ете алатын қысқамерзімді өзгерістер күнделікті зерттеледі. Талдаудың негізгі міндеттері:

  • Жалпы кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің жоспарлы тапсырмаларының орындалу барысын күнделікті бақылау;
  • Материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының шығын нормасы мен жоспарлы тапсырмаларды орындау ауытқушылығын анықтау;
  • Жоспарлы тапсырмалар мен нормалар, параметрлер ауытқуының нақты себептерін орнату;
  • Шыққан жетіспеушіліктерді тез жоюға бағытталған нақты ісшараларды дайындау және қолданылмаған қорларды анықтау;
  • Талдау нәтижесінде алынған ақпаратты басқару жүйесіне уақытында көрсетіп отыру;
  • Дайындалған ісшаралар мен олардың нәтижелілігін жүзеге асыруды күнделікті бақылау.

Осылайша, жедел талдаудың көмегімен кәсіпорын бөлімшелерінің жоспарлы тапсырмаларды орындау барысын, жағымсыз факторларды жедел анықтау, оларды жою бойынша ісшараларды ойлап табу және тез дайындау, жалпы кәсіпорынның экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуді күнделікті зерттеуге мүмкіндік туып отыр.

Перспективалық талдау нарықтық экономика жағдайында стратегиялық жоспарлаудың негізі болып табылады. Перспективалық талдаудың маңызды міндеттері: шаруашылық қызметті болжамдау, стратегиялық даму жоспарын ғылыми негіздеу, бизнес-жоспар мен даму жоспарларын орындаудан күтілетін нәтижелерді бағалау.

Стратегиялық талдаудың (перспективалық) негізгі кезеңдері ретінде келесілерді атауымызға болады:

  • Кәсіпорынның, цехтың, т. б. даму стратегиясын мақсатты түрде анықтауға болатын көрсеткіштер шеңберін табу;
  • Болжанатын көрсеткіштерге ықпал ететін негізгі факторларды орнату;
  • Өткен кезеңде алынған фактілік көрсеткіштер және ағымдағы кезеңде анықталған факторлардың арасындағы байланыс кестесін құрастыру;
  • Ақпаратты өңдеу және математикалық статистика әдістерін пайдалана отырып, болжанатын көрсеткіштерге бөлек факторлардың әсер ету деңгейін анықтау;
  • Бастапқы мәліметтер мен регрессия коэффициенті бойынша көрсеткіштердің күтілетін мәндерін алу.

Стратегиялық талдауды жүргізу барысында экономикалық талдаудың жалпыға мәлім әдістері кеңінен қолданылады: салыстыру, топтастыру, байланыссыз факторларды алып тастау, т. б.

Ж. Жұмыстарды автоматизациялау және компьютеризациялау деңгейі бойынша 2-ге жіктейміз: арнайы компьютерлерді және жергілікті желіні қолдану арқылы орындалатын талдаулар.

Барлық функционалды және өндірістік бөлімшелер талдау мазмұнын, оны жүргізу мерзімділігін қарастыратын аналитикалық жұмыстың жоспарына ие болуы керек. Мысалы, кәсіпорында технико-экономикалық талдауды жүргізгенде тек қана экономикалық бөлімдер (жоспарлы-экономикалық, еңбекақы мен еңбекті ұйымдастыру, бухгалтерия, қаржылық) қатысу қажет емес, сонымен бірге олар орындайтын функцияларға сәйкес техникалық бөлімдер де болуы керек. Технико-экономикалық талдауды өндірістік бөлімшелердің (цехтың, учаскінің, бригаданың) басшылары да жүзеге асыруы қажет. Бұл еңбек, материалдық, ақшалай ресурстарды және өндірістік қуатты анағұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Экономикалық талдау - бұл экономикалық құбылыстар мен үдерістердің мәнін түсінудің бүтін бір нәрсені құрамды бөліктерге бөлу және де оларды әр түрлі байланыстар мен тәуелділіктер бойынша зерттеу негізінде құрылған ғылыми әдісі.

Әлемдік және ұлттық экономика, олардың салалары деңгейінде экономикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттейтін макроэкономикалық талдау бар. Сонымен бірге, бұл үдерістер мен құбылыстарды жеке шаруашылық субъектілері деңгейінде қарастыратын микроэкономикалық талдау да бар. Соңғысы шаруашылық қызметті талдау атына ие болды.

Әрбір ғылым өз мақсатына сай келетін әдістері бар зерттеу пәніне ие. Зерттеу пәні жоқ болса - ғылым да жоқ. Пәнді анықтау дербестікті және өзімен-өзі болушылықты негіздеу үшін принципті мағынаға ие.

Шаруашылық қызмет көптеген ғылымның зерттеу объектісі болып табылады: экономикалық теорияның, макро- және микроэкономиканың, басқару, өндірісті, статистиканы, бухгалтерлік есепті, экономикалық талдауды жоспарлау және ұйымдастыру және т. б. Экономика бөлек кәсіпорынның немесе саланың нақты шарттарында экономикалық үдерістердің дамуына жалпы, жеке немесе арнайы заңдардың әсерін оқытады. Статистика шаруашылық қызметте орын алатын көптеген экономикалық құбылыстарды сандық жағынан қарастырады. Бухгалтерлік есептің пәні шаруашылық қызмет үдерісіндегі капитал айналымы болып табылады. Ол бүкіл шаруашылық операциялар, үдерістерді және олармен байланысты кәсіпорындағы құралдар қозғалысын және де оның қызметінің нәтижесін құжатпен дәлелдеп көрсетеді.

Сонымен шаруашылық қызметті экономикалық талдаудың пәні не болып табылады? Шаруашылық қызметті талдау бойынша арнайы жазылған әдебиеттерде оның әр түрлі тұжырымдамаларын кездестіруге болады. Әдебиеттерде көп кездесетін және оның мәнін ашуға көмектесетін шаруашылық қызметті талдаудың пәнінің барлық анықтамаларын былайша топқа бөліп көрсетейік:

  • Кәсіпорынның шаруашылық қызметі;
  • Шаруашылық үдерістер мен құбылыстар.

Бұл анықтамаларға зер салып қарайтын болсақ мынаны байқауымызға болады, яғни талдау шаруашылық қызметті технологиялық, ұйымдастырушылық үдеріс ретінде емес, экономикалық үдерістердің қорытындысы ретінде шаруашылықтың экономикалық нәтижелерін зерттейді. Сондықтан соңғы уақытта бұл мәселені зерттеушілер шаруашылық қызметтің пәні деп шаруашылық қызметтің нәтижесінде туындайтын экономикалық үдерістер санайды. Бірақ та, жоғарыда айтылғандай кәсіпорынның шаруашылық қызметі және онда болатын түрлі үдерістер көптеген экономикалық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады.

Экономикалық талдаудың зерттеу пәні кәсіпорын, оның ұйымдастырушылық құрылымы, активтері және міндеттемелері болып табылады. Экономикалық талдау өзінің анықтамасына сай, өндірістен және негізгі, айнымалы құралдарды пайдалану арқылы өнімді сатудан, табысты қалыптастыру мен бөлуден, т. б. тұратын шаруашылық үдерістерімен байланысты. Осыған сәйкес экономикалық талдаудың объектісі деп объективті және субъективті факторлардың ықпалынан туындайтын кәсіпорындағы, ұйымдағы, бірігулердегі шаруашылық үдерістерді айтамыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның қаржылық жағдайын кешенді талдау
Инвестициялық жобаны қаржыландыру
Аудит мәні, мазмұны және даму тенденциялары
Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Кәсіпорынның басқару ісінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қазақстан Республикасындағы инновациялық үрдістерді экономикалық талдау
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару
Фирманың негізгі қорларының есебінің ақпараттық жүйесі
Экономикалық талдау әдістері
Теміржол көлігіндегі инновациялық қызметті талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz