Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы» пәні бойынша

Тақырып: «Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары »

Орындаған МО-11к

тобының студенті

. .

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы Назаров Е. Ж.

Қарағанды 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 БРИТАНДЫҚ ОТАРЛЫҚ - 19 ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫ ЕҢ ІРІ ИМПЕРИЯЛАРДЫҢ БІРІ6

1. 1 Ағылшындық отарлаудың басы мен алғашқы отарлық жүйелер6

1. 2 Англияның отарлық саудасының ерекшеліктері9

1. 3 Солтүстік Американы ағылшындық отарлау жүйесі11

2 АНГЛИЯНЫҢ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ15

2. 1 Ағылшындық отарлаушылардың саясаты15

2. 2 Ағылшындық отарлықтарды басқарудың ерекшеліктері, олардың тұрмысы19

2. 3 Америкадағы ағылшындық отарлықтардың шаруашылықтары22

ҚОРЫТЫНДЫ24

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ28

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. ХVІІІ ғ. Англия екі революцияны басынан өткізген соң, саяси құрылымын реттеп, сауда-саттық пен отаршылдық саясатын жүргізді. Англияға Еуропа тарапынан қауіп жоқ еді. Ол бар күшін басқа жаққа бұрды да, Еуропада саяси комбинацияларымен шектелді. Бисмарк бұл туралы: “Англияның саясаты Еуропадан ағылшын мүддесін жан-тəнімен қорғайтын ақымақ тауып алуға келіп саяды” деген еді.

Бұл ХVІІІ ғ. Англияның қарсыласы саналып келген Францияға қарсы өзге елдерден “дос” тауып алу саясаты болатын. ХVІІІ ғасыр - ұлы Британ империясын дүниеге келтірген ғасыр - Франция мен Англия арасында осы империя үшін күрес кезеңі. ХVІ ғ. Англия Испанияға күйрете соққы берді, ХVІІ ғ. Голландияны жеңді. ХVІІ ғ. Америкада біраз жерлерді иемденген, Үндістанға көз салып отырған ұлы держава Франция бар еді, сондай-ақ француздар Антил аралдарына да ие еді. Ғасырдың ортасында Франция Англияға қарсы шыға бастады, əсіресе теңізде күрес шиеленісті. 1745-1755 жылдардағы Француз министрі Маша шет ел кемелерінің салығын тоннасына 5 млн ливрге дейін көтерді.

ХVІІІ ғ. 50-жылдары Франция əскери флотын күшейтті, 1756 ж. француз флоты күші жағынан ағылшын флотымен теңесті. ХVІІІ ғ. бірінші жартысында ағылшын парламентінде вигтер партиясы басым болды, бұл партия сыртқы қақтығыстарға қатысуды қаламады. “Егер француздар келсе, төлемін беремін, бірақ қақтығыстың керегі жоқ” деген нақыл сөз - сол заманның ұраны еді. Англияның билеуші топтары француздардың табысына наразылық білдірді. Уильям Питт-үлкені көршімен бейбіт қарым-қатынастар үзген болатын.

Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін отарлар мен мандат бойынша басқарылатын территорияларда Жер шары халқының үштен бірі өмір сүрді, отарлық иеліктер құрлықтың үштен бірін алып жатты. Жартылай отар елдерде осынша халықтар тұрды. Қытайдың көптеген жерін және Оңтүстік Азия елдерін басып алған Жапония және фашистік Германия мен Италияның талқандалулары Азия мен Африканың отаршылдық шет аймақтарының халықтарының ұлттық азаттық алуы үшін қолайлы алғышарттар туғызды. Отарсыздану процесі бірнеше онжылдықтарға созылып кетті. Азияда басты оқиғалар соғыстан кейінгі алғашқы онжылдық барысында орын алды. Жапонияның жеңілуі Үндіқытай, Бирма, Малайя, Индонезия халықтарын ұлт-азаттық күреске көтерді, Жапонияның тақандалғанын естісімен олар өздерінің тәуелсіздіктерін жариялады. Қызыл Әскер жапондардың Квантун әскерін тақандап, Қытайға жапон басқыншыларын қуып шығуға жәрдемдесті. Филиппины да азаттық алды.

Германия, Италия және Жапония Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілуідің нәтижесінде тек отарлары мен империяларынан айырылып қана қойған жоқ, сонымен бірге өз территорияларының да біраз бөліктерін жоғалтты. Жеңімпаз мемлекеттер де қанша тырысқанымен өз отарларынан айырылды.

Отарсыздану процесіндегі аса маңызды оқиға ірі азиялық елдер - Үндістан мен Пәкістанға тәуелсіздік беру болды. Ағылшындар отарды соғыстан бұрынғы өзін-өзі басқару дәрежесінде де сақтап қала алмады. Соғыс кезінде Үнді ұлттық конгресінің басшылары ағылшындармен ынтымақтастықтан бас тартты, өз мемлекетін құру үшін мұсылмандар қозғалысы да кең етек алды. 1946 жылы үнді флотындағы көтеріліс ағылшындарды мәселені түпкілікті шешуге итермеледі. 1947 ж. тамызда Үндістан мен Пәкістан көптен күткен тәуелсіздіктерін алды.

Франция өзінің отарларының қиыршығыстық бөлігінен әрең ажырады. Вьетнамдағы соғыс (1946-1954) француз армиясының оңбай жеңіліп, Дьенбьенфу түбінде тізе бүгуімен аяқталды. Солтүстік Африкадағы отарлар да Франция үшін аз проблема болған жоқ. 1956 ж. Марокко мен Тунис тәуелсіздік алды. Алжирде көтерілісшілермен соғыс сегіз жылға созылып, 1962 жылы аяқталды. 1932 ж. - Ирак, 1936 ж. - Египет. Бірақ Ұлыбритания бұл елдерде тағы да жиырма шақты жыл бойына өз әскерлерін орналастырып келді. 1945-1946 жж. Франция Сирия мен Ливанға иелік ету мандатынан бас тартты.

1920 жылы Ұлыбританияға Ұлттар Лигасы берген Палестина мандатының келешек тағдыры Таяу Шығыстағы шешуі қиын проблемаға айналды. Араб ұлтшылдары Палестинаны араб жері деп санады.

Осыған орай, Англияның отарлық империя болып қалыптасуы мен ағылшын отарлауының бағыттарын зерттеу мәселесі осы жұмыстың өзектілігін сипайттайды.

Ал зерттеу жұмысының мақсаты - Ағылшындық отарлаудың жүйесі мен саясатын зерттей отырып, Англияның отарлаған мемлекеттерінің шеккен зардаптары мен халықаралық және саяси-экономикалық жағдайларын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Ағылшындық отарлаудың басы мен алғашқы отарлық жүйелер ін қарастыру;

- Англияның отарлық саудасының ерекшеліктерін зерттеу;

- Солтүстік Американы ағылшындық отарлау жүйесі н қарастыру;

- Ағылшындық отарлаушылардың саясатын қарастыру;

- Ағылшындық отарлықтарды басқарудың ерекшеліктері, олардың тұрмысын зерттеу;

- Америкадағы ағылшындық отарлықтардың шаруашылықтарын зерделеу.

Зерттеудің деректік қоры маңыздылық деңгейлері бойынша төмендегідей сараланады. Зерттеу көздерін мұрағат құжаттары, біржақты және көпжақты ресми, дипломатиялық іс-қағаздар мен құжаттар жинағы құрайды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізіне тарих, халықаралық қатынастар, саясаттану ғылымдарының қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлері мен тұжырымдары, осы саладағы жетекші ғалымдардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің мемлекетаралық саясат, оның принциптері мен теориясы туралы жазған еңбектері алынды. Зерттеу жұмысын жүргізуде қазіргі кезде халықаралық қатынастар теориясы мен сыртқы саясатта қолданылып жүрген «Мемлекеттердің сыртқы саясаттағы ұлттық және мемлекеттік мүдделері принципі» методологиялық негізіне айналды. Теориялық-методологиялық негіз ретінде, тарих пен философияның іргелі тұжырымдары пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысы барысында нақты - тарихи, салыстырмалы тарихи, талдау, жинақтау және қорыту әдістері қолданылды. Жиналған деректерге талдау жасай отырып тарихи салыстырмалық, тарихи-жүйелеу, хронологиялық, статистикалық әдістер қолданыс тапты.

Деректер мен зерттеулерге тарихнамалық талдауда салыстырмалы-тарихи әдіс тарихи еңбектердегі идеологиялық сипаттағы берілген тұжырымдардың себептерін айқындауда аса маңызды болып табылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 БРИТАНДЫҚ ОТАРЛЫҚ - 19 ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДАҒЫ ЕҢ ІРІ ИМПЕРИЯЛАРДЫҢ БІРІ 1. 1 Ағылшындық отарлаудың басы мен алғашқы отарлық жүйелер

ХV ғ. аяғында Америка мен Үндістанға теңіз жолдарының ашылуынан кейін, Еуропа өмірінде жаңа үлкен тарихи құрылым - еуропалықтардың Еуропалық емес елдерді отарлауы пайда болды.

ХVІ - ХVІІ ғасырлар аралығында Еуропалық отарларды - Африка жағалаулары, үлкен жəне кіші Антиль аралдары, Солтүстік, Орталық Америка жəне Азияның оңтүстік түбегі жəне аралдары қамтыды. ХVІІІ ғ. отарлар саны жер шарының осы бөліктерінде жəне Австралия мен Океанияға дейін таралды, ал ХІХ ғ. жүз жылдығында Еуропалық мемлекеттер бүкіл дерлік Африканы өзара бөліске салды. Отарлық империяның пайда болуы жəне дамуы - жаңа кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесінің құрылу барысының ажырамас бөлігіне айналды.

ХVІ ғ. аяғы - ХІХ ғ. бірінші жартысына дейін Еуропалық елдердің сыртқы саясаты жəне дипломатиясы жаңа аумақтарды иемденуге, өзіне тəуелді отарларды кеңейтуге бағытталды жəне саяси, сауда артықшылықтарына ұмтылды. Сол себепті отарлау мəселесі - Ұлы державалардың сыртқы саясатында үлкен маңызға ие болды. ХІХ ғ. бірінші жартысында отарларды қанаудың түрі мен мазмұны өзгерді. Отарларды басқару жөніндегі ірі реформалар жүргізілді (шектеу, сонымен қатар компаниялардың сауда монополияларын жою, отарларда жер сату жүйесін өзгерту жəне т. б. ) .

Егер алғаш отарларды қанау ақсүйектер мен жоғарғы сауда-қаржылық буржуазияның мүдделері болса, ал ХІХ ғ. ортасында буржуазияның басым бөлігі оған қатысуға мүмкіндік алды. Отарлық иеліктердің құрамы 500 жыл ішінде əр түрлі өзгерістерге ұшырады: кейбір мемлекеттер өзінің отарларын ұлғайтты; басқалары, керісінше, отарларын жоғалтты; ал үшіншілері айырылған отарлардың орнына жаңасын иеленді. Мысалы, Англия үнемі өзінің отарларының санын көбейтсе, өз кезегінде Испания мен Португалия өзінің көптеген отарларын біртіндеп жоғалтып отырды, ал Франция жоғалтқан отарларының орнына басқаларын иемденді.

Ағылшын отарлық империясының қалыптасуы. Голландиямен бір уақытта Англия да отарлық экспансиялауға кірісті. ХVІІ ғ. 40-жылдары буржуазиялық революция Англияны отарлық, сауда, теңіз иеліктері үшін күрес алаңына алып келді.

Голландықтадың қуатты болуы, бұл мақсаттарына жетуде басты бөгет болды. Алайда, Англия ең алдымен өзінің күштерін Португалия мен Испанияның отарлық үстемдігіне қарсы бағыттады [1, б. 64] .

Ағылшын қарақшылары мұнда маңызды рөлге ие болды. Оларды үкімет қолдай отырып, субсидия беріп отырды. Қарақшылар Ағылшын отарлық империясының алғашқы негізін салушыларының бірі болып саналды. Дəл осы елде екі жыл ішінде көптеген голландық компаниялардың Біріккен Ост-Үнді компаниясына қосылуына дейін, 1600 ж. бірінші Ост-Үнд компаниясы құрылды. 1609 ж. бастап ол патшаның жарлығымен Үнді жəне Тынық мұхитында «мəңгілікке» сауда қатынасының монопольді құқығын алды.

Бастапқыда голландық жəне ағылшындық Ост-Үнд компаниялары бірігіп Португалияның Шығыстағы үстемдігіне қарсы күресті. ХVІ ғ. соңғы он жылдығында ағылшындардың Африкаға басып кіруі басталды. Оның батыс жағалауында, Гамбияда құл саудасы үшін «қызмет етуші» - алғашқы ағылшын бекініс мекендері - факториялар құрыла бастады. 1609 ж. ағылшындар Бермуд аралдарын иемденді. ХVІІ ғ. бірінші жартысында олар сонымен қатар Кариб бассейніндегі аралдар жəне Орталық Америка аумақтарын жаулап алды. Нəтижесінде Британдық Гондурас атына ие болды.

Осылайша, Англия испандық Америка жолында жатқан маңызды стратегиялық аумақтарға бақылау орнату мүмкіндігін алды.

1651 ж. О. Кромвельдің Навигациялық актісі голландықтардың сауда қатынасына үлкен бөгеттік жасады. Сонымен, отарлық үстемдік үшін алғашқы соғыстардың бірі басталды. Ағылшын-голланд соғысының нəтижесінде Англия соңғы жеңіске жетті. 1665-1667 жылдары соғыс барысында ағылшындар голландықтардың маңызды аумақтарын, Солтүстік Америкадағы бекініс тіректерін, сонымен бірге Жаңа Амстердамды жаулап алды.

ХVІІ - ХVІІІ ғасырдағы отарлық иеліктер үшін ағылшын-француз күресі. ХVІІ ғ. аяғында басталған Англия мен Франция арасындағы жаңа нарық өнімін жаулау мақсатында жүргізілген сауда күресі, ХVІІІ ғ. француз буржуазиялық революциясына дейін жалғасты.

Бүкіл əлемдегі екі елдің отарлық мүдделері қақтығысты: Вест-Үндіде ағылшындарға Ямайка, Барбадос жəне кейбір аралдар, ал француздарға Сан-Доминго, Мартиника, Гваделупа енген еді; Солтүстік Америкада ағылшындар қол астына Атлант мұхитынан Аллеган тауларына дейінгі Шығыс жағалаулары енді, ал Канада жəне Луизиана Франция отарлары болды; Үндістанның Мадрас, Бомбей, Калькутта бекініс тіректерін, ал француздар Пондишери, Чандернагор сияқты бекініс базаларын иеленді. Осман империясында сауда жəне саяси билік жүргізуде бақталастығы салдарынан Левантада да Англия мен Франция арасында қақтығыс пайда болды.

Ағылшын-француз арасындағы əлемдік отарлық жəне сауда үстемдігі үшін күресі - ХVІІ - ХVІІІ ғасырлардың аяғында іс жүзінде Батыс Еуропалық саясаттың негізгі құралы болды жəне осы кезеңдегі Англия-Франция арасындағы соғыстың басты себепшісі еді [2, б. 89] .

1701 -1713 жылдары Англия мен Франция арасындағы отарлық жəне сауда үстемдігі үшін ірі соғыстардың бірі - ең бірінші испандық мұрагерлік үшін соғысы басталды. Франция əулеттік байланысты пайдалана отырып, испаниялық отарларға өзінің бақылауын орнатуға ұмтылды. Англия Францияның бұл бақылау орнатуына кедергі жасап отырды.

Сонымен бірге, соғыс барысында біріккен ағылшын-голландық флоты Гибралтарды жаулап алды, ол Утрехт бейбіт келісімшарты бойынша Англияға берілді. Келісімшарт бойынша Франция Англияға Солтүстік Америкадағы өзіне тиісті аумақтар - жаңа Шотландия, Ньюфаунленд аралы жанындағы аралымен бірге берді. Бірақ, Англия мен Франция арасындағы болып өткен қарулы соғыс кезіндегі не испандық мұрагерлік үшін күрес, не артынша 1741-1748 жылдарда австриялық мұрагерлік үшін күрес, не болмаса

Солтүстік Америка мен Үндістандағы үстемдік үшін күрес те ағылшын- француздық отарлық қарама-қайшылыққа жол бермеді. Соған қарамастан ХVІІІ ғ. бірінші жартысында француздық Ост-Үнді компаниясы Үндістанда отарлық иеліктерге қол жеткізді. Үндістандағы француздық иеліктердің губернаторы - Дюпле, Үндістан мемлекеттері арасындағы қайшылықтарды 95 пайдаланды жəне де жалдамалы үнді əскерлерінен құралған əскеріне сүйене отырып, ол Хайдарабад жəне Карнатик ірі князьдықтарын Ост-Үнд компаниясына бағындыруға қол жеткізді. Плесси тұсындағы соғыс - Француздың Үндістанда отарлық империясын орнатуда соңғы үміті еді. Соғыстан кейін Франция Үндістан жағалауындағы тек қана бес қаласын сақтап қала алды. Жеті жылдық соғыстың нəтижесінде Англияға Солтүстік Американың Француздық Канада жəне Апалач пен Миссисипи арасындағы кең көлемді аумақтар өтті [3, б. 85] .

Осылайша, ХVІІІ ғ. екінші жартысында Англия Франциямен соғыста отарлық жаулап алушылық жолында өзінің біріншілігін көрсетті. Ол үлкен отарлық империяның иесі болып табылды. ХVІІІ ғ. аяғы - ХІХ ғ. 70-жылдарындағы ұлы державалардың бəсекелестігі жəне отарлық басқыншылық. Англияның Солтүстік Америкада орналасқан отарларының өз тəуелсіздігін алу жолындағы соғысты бастауы, 1775 ж. Англияның 13 Солтүстік Америкадағы иеліктерінен айырылуына əкелді. ХVІІІ ғ. соңында ағылшындық Ост-Үнді компаниясы өзіне əлі қосылмаған үнді князьдіктерін бағындыра бастады.

1790 ж. ағылшындар Франциямен одақтастыққа ұмтылған Майсур князьдігіне қарсы соғыс бастады. Англияның одақтастары болып тəуелді князьдік Хайдарабад жəне тəуелсіз Марат князьдіктері табылды. Майсур князьдігінің астанасы Серингапатама жаулап алынған соң бейбіт келісім жасалынды, бұл келісім бойынша Ост-Үнді компаниясы жəне оның одақтастарына Майсур аумағының жартысы өтті, 33 млн рупий көлемінде контрибуция белгіленді.

1814-1815 жылдары Вена конгресі сол кездегі құрылған Англияның орталық үстемдігін айқындап берді. Оның құрамына Мальта аралы, Кап отарлары, Цейлон аралы, Маврикий, Тобаго жəне т. б. Англияның ХVІІІ ғ. аяғы - ХІХ ғ. басында жаулап алынған жерлерінің қосылғандығы расталды. Оңтүстік Шығыс Азияда ағылшындар өзінің құрамына Малакс түбегінің басым бөлігін жəне Сингапур аралын қосып алды (1819 ж. ) . Англия өзіне Қытайды, Жапонияны жəне т. б. басқа шығыс елдерін бағындыруға ұмтылды. Африка да Англияның отарлық саясатының нысаны болып қалды. 1861 ж. Лаосты басып алды. Бұл ағылшындардың игіліктеріне кейінірек Нигерияның, 1868 ж. Басутолендтің қосылуының бастамасы болды. ХІХ ғ. ортасына қарай Англия 11 млн шаршы шақырым жері бар, 120 млн халқы бар үлкен отар иеленуші империяға айналды. Отарлық империяның билігін жүзеге асыру жəне Англияның болашақтағы отарлық жорықтарын бастау үшін 1854 ж. арнайы отарлық министрліктер құрылады [4, б. 71] .

Осылайша, Англия ХІХ ғ. басында əлемдегі басты отарлық державасына айналады. Өзінің отарлық үстемдігі үшін күресіндегі басты қарсыласы Францияны жеңіп шығуы, теңіздерде ағылшын флотының басты рөл атқаруы, Англияға əлемнің барлық бөлігінен отарлық басқыншылығын кеңейтуге жол ашты. 1815 ж. Франция өзінің отарлық иеліктерінің едəуірінен дерлік айырылып қалады. 1830 ж. Алжирді жаулап алуды бастады. Бірақ, тек отыз жылдық қанды соғыстан кейін ғана Франция Алжирге қол жеткізеді. ХІХ ғ. ортасына қарай француздар Тунис пен Мароккаға ене бастады. 60-жылдары 96 қарай қара нəсілділермен табанды күрес жүргізген Франция Батыс Африкада отарларының аумағын ұлғайтты. 50-жылдардың соңында Франция Үндіқытай түбегін жаулап ала бастады. Соғыстың нəтижесінде 1862 ж. бейбітшілік жəне достастық туралы Вьетнам-Франция-Испанияның Сайгон келісімшартына қол қойды. Бұл келісімшарт бойынша Францияға Оңтүстік Вьетнамның 3 провинциясы, сонымен қатар Пуло-Кондор аралы өтті. Еркін сауда үшін Туран, Балак жəне Куанган порттары ашылды.

Вьетнам Франция мен Испанияға он жылдың ішінде 4 млн доллар көлеміндегі контрибуция төлеуге міндеттеді. Келісімшарт Францияның Үндіқытай түбегін жаулауға жəне бүкіл Вьетнамды, Камбоджаны, Лаосты жаулап алуға жол ашты. 1863 ж. Франция протектор өз протекторатын Камбоджаға орнатты, ол жерге Кохинхиндегі француз губернаторларына бағынатын резиденттерін тағайындады. ХІХ ғ. 70-жылдардың басында Франция түгелдей дерлік Үндіқытай түбегін өз бақылауына алды. Француз отарлық экспансиясының маңызды нысаны француздар басып алған Полинезия аралы (1842-1847), Жаңа Коледония аралы (1853) орналасқан мұхит аймағы болды. 1862 ж. император сол уақытта өз тəуелсіздігі үшін күрес жүргізген Мексикаға контрреволюциялық жорығын бастады. ІІІ Наполеон істі соңына дейін бітіруге бел байлап, Мексикаға қосымша 30 мың əскер жіберді, 1863 ж. маусымда фрацуз əскерлері Мехикомен Пуэблоны алады, ал ІІІ Наполеон серіктестері эрцгерцог Максимилиан - Мексиканың императоры болып тағайындалады.

1. 2 Англияның отарлық саудасының ерекшеліктері

XIX ғасырдың 70 жылдарынан бастап Англия бұрынғы өнеркәсіптік біріншілігі монополиясынан айрыла бастады. Англия отары көп ел және теңізде үстемдігі күшті болып қала берді. Англияның экономикалық даму қарқыны төмендей бастады. XIX ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та да Европа елдерін-дегідей өнеркәсіп төнкерісі жасалды. Англияда өнеркәсіп төнкерісі XVIII ғасырдың ортасынан бастап XIX ғасырдың 50-60 жылдары аяқталған. АҚШ Англиядан құрал-жабдықтар сатып алып өздерінің экономикасын күшейтгі.

Осылайша АҚШ Англияның өзін басып озып өнеркәсіптік қаркыны жағынан Англия АҚШ-тан кейін қала бастады. 1873-1900 жылдар арасында Англияның дүниежүзілік шаруашылықта үлесі 3 есе қысқарды. Англияның экспорты 8 процентке ұлғайса, Германияда, 40 % үлғайды. Америкада 230 % ке көтерілді.

Бұның себебі Англияның зауыттарына капитал өте ертеде салынды. Екіншіден, басқа елдердің ірі өнеркәсіптерінде өнімді жаңа салалар пайда болды. АҚШ пен Германияда ірі өндіріс салалары көбейді. Химия өнеркәсіптері пайда болды.

Англияның отарлардан келетін табысы өте көп болды. Бірақ бұлар XVIII ғасырдан бергі өңціріс орындарын жаңартпады. Бұл жағдай Англияның экономикалық өмірінде көп ұзамай көрініс тапты.

Германия Англияның бәсекелесіне айналды. Англияның артта қалуына 1878 жылғы дағдарыстар, 1890 жылғы ақша дағдарысы, 1892-93 жылдардағы дағдарыстар әсер етті. 1875-95 жылдары болған ауыл шаруашылығы. дағдарысы да елдің орта шаруаларын күйзелтті. Англияда елдің тұрғындарының әл-ауқатының нашарлай түсуіне байланысты ішкі рынок тарыла түсті [5, б. 45] .

Енді Англия ақша жасаудың басқа жолына түсті. XIX ғасырдың аяғында шет елге капитал шығару арқылы пайда табу табыстың негізгі көзіне айналды.

Ағылшын кәсіпкерлері Голландияда жүн фабрикаларын салды. Бельгияда болат зауыттарына капитал салды. Көмір шахталарын ашты. Европа елдерінде темір жол салуға Англия буржуазиясы өздерінің капиталын сшіды. Англияның өзінде де акционерлік қоғамдар құрылды. Ол қоғамдар ұсақ кәсіпорындарға ақша жұмсады.

Елде отарлық саясат күшейді. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Англия бөлінбеген жерлердің көбін басьш алды. 1860 жылы Англияның отарлық иелігінің көлемі 6 млн шаршы шақырым болса, енді 30 млн шаршы мильге жетті. Онда 300 млн. тұрғындар болды. Англияның отарларының көп болуына байланысты империализмін отарльщ империализм деп атаған. Индиядан жыл сайын 60 млн. адамның бір жылдық өндірген өнімін алып отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын революциясының тарихи маңызы
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫ (ХVШ-ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІ)
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Канаданы Францияның отарлауы тарихы
Канаданы Францияның отарлау тарихы
Англияның үндістандағы отарлық саясаты
XIX ғасырдың 40 - 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар
Ұлы державалардың Қиыр Шығысқа шабуылдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz