Қазіргі жағдайдағы бастауыш сынып оқушыларының дамуында ақпараттық технологияның ықпалы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазіргі жағдайдағы бастауыш сынып оқушыларының дамуында ақпараттық технологияның ықпалы

Студент:

Жетекші:

2016-2017 оқу жылы

Мазмұны

Кіріспе3

I тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың ақпараттық технологиясы7

1. 1 Ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың ғылыми-теориялық негіздері7

1. 2 Бастауыш мектепте оқушылардың оқу ақпаратын ақпараттық технология жағдайында меңгеруі14

II тарау. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа технологияны енгізудің маңыздылығы19

2. 1 Оқу процесінде ақпараттық технологияны пайдалану жолдары19

2. 2 Бастауыш мектепте оқушылар дамуына ақпараттық технологиялардың ықпалына байланысты жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижелері28

Қорытынды38

Қолданылған әдебиеттер тізімі41

Қосымша43


Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі кезде Қазақстанда қоғамды ақпараттандыруға баса назар аударылуда. Қоғам талаптарына байланысты жаңа бағдарламалар тасқыны адамдарға ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін туғызып отыр.

Қоғам өзінің эволюциялық дамуының жаңа фазасына - ақпараттық қоғам фазасына ауысты, ол ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың адамның барлық өмір саласына енуімен сипатталады. Ал ақпараттық ресурстардың рөлі заттық және энергетикалық ресурстармен бірдей дәрежеде болып келеді. Ақпараттық қоғам құру мәселелерін шешуге бағытталған әлемдік саммит АКТ ұлттық мақсатта қолдануға бағыт алды, соның ішінде білім саласында да, өйткені бұл білімнің жоғары сапасына әкеледі. XXI ғасырдың алдыңғы қатарлы қағидалары ретінде ЮНЕСКО «барлығына арналған білім» және «барлық өмір бойына білім» - «Life Long Learning (LLL) » деп жариялады. Бұл әлемдегі адамдарды саналы түрде ойлауға, жаңа бағытта жаңалықтар ашуға, әлемді жаңа қырларынан тануға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: «Орта, техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында электрондық оқыту жүйесі (е-learning) енгізілетін болады», - деп қарастырылған [1] . Және Елбасының 2010 жылғы 7 желтоқсанда № 1118 Өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі оқу үдерісін автоматтандыруды енгізудегі «білім беру ұйымдарының 90%-ы электрондық оқыту жүйесін қолданылады» мақсаттық индикаторына негіздеп электронды оқыту жүйесін 2011-2012 оқу жылынан бастап жүзеге асырылып отыр [2] .

Қазіргі ақпараттану заманында бастауыш сынып оқушыларын ақпараттық технологиялардың көмегімен оқыту олардың сабаққа деген зейіні мен қызығушылығының артуына алып келедң. Бұл педагогикалық оқыту үрдісі мен жаңа технологияларды біріктіруді талап етеді. Соның ішінде, болашақта қоғамды дұрыс қалыптастыратын, жан-жақты дамыған, ақпараттық білімі мол бастауыш сынып оқушыларын даярлаудың заманауи әдістерін жасау зерттеу жұмысының тақырыбын өзекті етеді.

Жұмыстың жалпы сипаты: Білім беру жүйесін басқаруды қолдаудағы басты құрал болуы себепті электрондық оқыту жүйесі білім беру ортасы жайлы барлық қажетті мәліметтерді сақтауы тиіс. Сондай-ақ, ол - білімді дамытудың ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету құралы, екіншіден, электрондық оқыту жүйесінің кез-келген түйінінен мәліметтерді орталықтандырып жинақтау арқылы білім беру жүйесінің мониторингін жасау құралы, үшіншіден, білім беру жүйесі туралы қажетті статистикалық мәліметтерді және түрлі аспектілер бойынша есеп беруді қалыптастыруды қамтамасыз ететін шешім қабылдау құралы ретінде әрекет етуі тиіс.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі - тек біліммен қаруландырып қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Электронды оқыту жүйесін қолданудың кең тараған тиімді себептері ретінде мыналарды айтуға болады:

  • экономикалық әсерлігі. Тікелей оқытуға байланысты жанама шығындарды қысқарту мақсатында (іссапар төлемдері, уақытша тұру, ғимарат жалдау т. с. с. ) ;
  • икемділігі. Клиент, серіктес немесе кез-келген оқытылатын адамдардың географиялық орнына байланысты мәселелерді шешу мақсатында;
  • оқытушыға тәуелсіз кез-келген уақытта оқытуды жабдықтау мүмкіндігі;
  • модульдігі, яғни оқыту бағдарламасы негізін модульдік принцип құрайды;
  • оқытушының алатын рөлінің жаңашылдығы, яғни оқу жобаларына жетекшілік ету, жеке оқу жоспарын құруда көмек беру, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдайлар туғызу және т. б;
  • сапаны бақылаудың арнайы түрлері: емтихандар, практикалық, курстық, жоба жұмыстары, компьютерлік интеллектуалдық тестілеу жүйелері;
  • арнайы мамандандырылған технологиялар мен оқу құралдарын қолдану.

Білім жүйесінің ақпараттануының дамуының объективті үрдістері бұл саланың әдістемелік негіздері мен технологияларын қайта ойластыруға бағытталған ғылыми-педагогикалық зерттеулердің үлкен өзгерісіне алып келді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ақпараттық қоғамның сұранысына сәйкес келетін оқытудың жаңа парадигмасының өзектілігі А. А. Ахаянның, З. И. Васильеваның, Я. А. Вагроменконың, Б. С. Гершунскийдің, А. П. Ершованың, А. А. Кузнецовтың, В. Г. Кинелевтың, В. С. Меськованың, В. М. Монахованың, В. В. Лукинаның, Е. С. Полаттың, И. В. Роберттің, Л. Г. Сандакованың, А. Л. Семеновтың, А. Н. Тихоновтың, В. П. Тихомеровтің, И. И. Трубиннің, А. П. Тряпицыннің, Н. В. Чекалевтің және т. б. еңбектерінде көрініс табады.

Орта жалпы білім ақпараттануының әр түрлі аспектілері, оқу орындарындағы оқыту үрдісінде АКТ қолдануға педагогикалық кадрларды дайындау, оқушылар мен оқытушылардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы туралы Н. С. Анисимова, С. А. Бешенков, Н. И. Гендин, И. А. Зимин, Н. Б. Зиновьева, В. А. Каймин, С. Д. Каракозов, А. Ю. Кравцова, Т. А. Лавин, М. П. Лапчик, М. Л. Лапчик, М. Б. Лебедева, Е. А. Медведева, В. Э. Меламуд, Т. М. Петрова, Т. А. Поляков, И. И. Раскина, З. В. Семенова, С. Л. Степанов, С. Р. Удалов, А. Ю. Уваров, А. В. Хуторский және т. б. зерттеулер жүргізген.

Қазақстанда әр түрлі педагогикалық мамандықтар аясындағы білім жүйесінің ақпараттануының тұжырымдамалық негіздері Е. Ы. Бидайбековтің, Б. Б. Баймухановтің, Д. М. Джусубалиеванің, В. В. Егоровтің, А. А. Завалконың, С. С. Кунанбаеваның, Е. У. Медеуовтің, Г. К. Нургалиевтің, С. Е. Чакликованың және т. б. ғылыми мектептерінен нәр алады.

Осыған орай, қазақстандық ғалымдардың зерттеу пәндері әр түрлі болды, соның ішінде: Ж. А. Караев АКТ негізіндегі оқушылардың таным қызметінің белсенді қолданылуын; С. М. Кенесбаев болашақ мамандарды АКТ қолдануға дайындауды; Е. М. Есбосынов болашақ информатика пәні мұғалімдерін оқушылардың білімдеріне бақылау жүргізу мен бағалауға дайындауды; Г. К. Бигаришева, А. А. Жолдасбеков, Г. И. Муратова, Л. В. Нефедова, Б. К. Тульбасова білім жүйесінің ақпараттану жағдайларында мұғалімдердің жеке дидактикалық қабілеттері мен қасиеттерінің қалыптасуын қарастырған.

Зерттеу объектісі: ақпараттық оқыту технологияларын бастауыш сынып оқушыларын даярлауда қолдану әдістері.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларын ақпараттық технологиялардың көмегімен оқыту.

Зерттеудің мақсаты: қоғамның барлық саласы ақпараттанған жаңа заманда бастауыш сынып оқушыларын ақпараттық оқыту технологияларын қолдана білуге дайындығын арттыру.

Курстық жұмыстың алдына қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттер айқындалды:

  • білім беру жүйесінде ақпараттық технологиялық оқыту жүйесі бойынша зерттеулер жүргізу;
  • елімізде және шетелдерде ақпараттық технологияның көмегімен оқыту жүйесінің білім саласына енгізілуінің қазіргі жағдайына теориялық және практикалық тұрғыдан талдау жасау;
  • бастауыш сынып оқушыларын ақпараттық технологиялардың көмегімен оқыту жүйесіне негізделген педагогикалық-программалық құралдар кешенін құруға даярлау;
  • бастауыш сынып оқушыларын ақпараттық оқыту жүйесіне даярлаудың мәнi мен мазмұнын зерттеу;
  • бастауыш сынып оқушыларын ақпараттық оқыту жүйесіне негізделген педагогикалық-программалық құралдар кешенін құруға даярлау.

Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша келесі жаңа нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз: қазіргі заманғы мектептерде бастауыш сынып оқушылары үшін жаңа электрондық оқыту әдістерін қолдану тиімді болады, егер де:

  • соңғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктеріне негізделген заманауи оқыту әдісі ретінде электрондық оқытудың тұжырымдамасы жасалынса және оқушыларға, мұғалімдерге, ата-аналарға ортақ болып келетін пәндік ақпараттық-білім ортасын жасаумен қамтамасыз етуші олар педагогикалық технологиялармен біріктірілсе;
  • оқыту инфокоммуникациялық сауаттылығы, біліктілігі, мәдениеті мен менталитеті бар тұлғаны қалыптастыруға бағытталса;
  • оқытудың мазмұны Мемлекеттік жалпыға ортақ білім стандартына сәйкес ақпараттық-білім ортасы ретінде жасалған, қолданбалы бағдарламалық өнімдерге негізделсе;
  • оқыту оқу үрдісі субъектілерінің бір-бірімен және ақпараттық-білім ортасымен оқу-танымдық қызметінің әр түрлі болуының арқасында және тез кері байланыстың арқасында интерактивті қарым-қатынасы ретінде жүзеге асырылса;
  • оқушылардың жетістіктері нақты бағаланып, оқушылардың өздерін бағалауы қалыптасып, ақпараттық-білім ортасында ата-аналарының жағынан бақылаудың мүмкіндіктері кеңейсе.

Зеттеудің негізгі дерек көздері: шетелдік, ресей және отандық ғалымдардың еңбектері, ақпарат құралдарының деректері, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық саяси ұйымдардың бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік сұрақ жүргізу деректері құрайды.

Курстық жұмыста қолданған деректердің айтарлықтай бөлігін ғылыми әдебиет, халықаралық конференциялардың материалдары, болашақ информатика мамандарды даярлаудағы электрондық оқытудың әдістері туралы мақалалар құрады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • бастауыш сынып оқушыларын даярлауда шет елдер мен отандық тәжірибедегі электронды оқытудың дамуының заманауи әдістері анықталды;
  • жеке оқу әдісі ретіндегі электронды оқытудың тұжырымдамасы жасалды;
  • білімдік қолданбалы бағдарламалық өнімдерді жасаудағы орталық амал теориялық тұрғыдан негізделді және практикада қолданылды;
  • заманауи педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды біріктірудің трансферті тәрізді электронды оқытудың педагогикалық технологиясы жасалынды;

Курстық жұмыстың әдістемелік және теоретикалық негізі ретінде институционалды, жүйелік, әлеуметтік және статистикалық әдістер, мәліметтердің контент-анализі, сонымен қатар заманауи қоғамдық-саяси ойдың қорытындылары қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі алға қойылған мақсаттар мен мен міндеттерге байланысты анықталды.

I тарау. Бастауыш сыныпта оқытудың ақпараттық технологиясы 1. 1 Ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың ғылыми-теориялық негіздері

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі - ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

«АКТ құралдары» дегеніміз - микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

- Интерактивті тақта; Мультимедия; Интернет кеңістігі; Электронды оқулық.

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

- Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;

- Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

- Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;

-Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау) [3, б. 54] .

Оң мотивацияларды қалыптастыру - мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.

Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:

- Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

-Ақыл - ойын дамытады;

-Шығармашылық белсендігін арттырады;

-Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

-Тіл байлығын жетілдіреді;

-Жан - жақты ізденушілігін арттырады.

АКТ - ның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с. ) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз [4, б. 79] .

ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.

Бастауыш сыныпта ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.

Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері информатика пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды) ;

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта

-интернет және т. б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.

Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғалым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі. Осы ретте мына мәселелерге баса назар аударғым келеді [5, б. 94] .

1. Мұғалім сәтсіз өткен сабақтарға өзіндік талдау жасап өз кемшілігін іздеуге әрекет жасау керек.

2. Білім мен тәрбие беруде жариялылық, педагогикалық, ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік, тың ізденістерге сүйене отырып жаңашылдыққа талпыну қажет.

3. Мұғалім күнделікті әр сабағына шығармашылықпен дайындалуы керек. Өйткені, сабақ-мұғалімнің өнері, шығармасы. Сондықтан әр сабақты тиімді ұйымдастыруда оқушыны жалықтырмайтын, қабілетін арттыратын жағдай туғызуға ықпал етуміз керек деп ойлаймыз.

Ақпараттық технология негіздері тұлғаның бастауыш сыныпта алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді.

Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар бағдарламаларын т. с. с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Сабақты сәтті ұйымдастырудағы басты мақсат -оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беру. Сабақтың сәтті өтуі біріншіден, мұғалімнің біліміне, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты болса, екіншіден, сабақ материалына, ал үшіншіден, сынып типіне, төртіншіден мұғалім мен оқушының көңіл - күйіне де байланысты. Сабақты тартымды әрі сәтті өткізе білу мұғалімдер қауымынан көп ізденуді, білімділікті, қабілеттілікті және тапқырлықты қажет етеді [6, б. 56] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға бағытталған технологиялар
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
Арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі
Бастауыш білім деңгейіне арналған шет тілін оқыту
Шығармашылықты дамыту мақсатында бағдарламада
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖАЙЛЫ
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру
Ағылшын тілін оқытудың бастапқы сатысында оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz