Солтүстік Америкадағы азамат соғысы және халықаралық реакция



КІРІСПЕ 3
1 СОЛТҮСТІК АМЕРИКАНЫҢ ОТАРЛАНУЫ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСТЕРІ 5
1.1 Еуропалық державалардың Солтүстік Америка құрлығын отарлауы және отарлардың әлеуметтік.экономикалық хал.жағдайы 5
1.2 Тәуелсіздік үшін соғыс және оның алғышарттары 7
2 СОЛТҮСТІК АМЕРИКАДАҒЫ АЗАМАТ СОҒЫСЫ МЕН ОНЫҢ МӘНІ 9
2.1 Азамат соғысының барысы 9
2.2 Солтүстік Америкадағы азамат соғысының тарихи маңызы 14
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
ҚОСЫМША 29
Зерттеудің өзектілігі. XIX ғ-дың басынды "Америкалық отарлар қоғамы" құрылып, олар 1820ж-дан бастап солт. штаттардан 11 мың-дай негрді Африкаға жіберді. Бірақ оңтүстік негрлердің жағдайы қиын еді.Қанауға шыдамаған олар көтеріліске шығады.
1800 ж-дың тамызында Ричмондқа таяу Виргинияда ұста-негр Габриельдің бастауымен негрлер көтеріліске шықты. Бұл көтеріліс басылып, көтерілісшілер өлім жазасына кесілді. 1822жылы Оңтүстік Каролина үкіметі Денмарк Визи дайындап жатқан көтерілісті біліп,ондағы адамдарды дарға асады.
АҚШ-тың солтүстігі мен оңтүстігінде жағдай мүлдем әртүрлі болды:
- Солтүстікте демокртия дамыды
- Оңтүстікте олирхия- азғана топ билігі
Оңтүстікте плантаторлар билік етті,сәулетті срайлар салғызып, АҚШ және Англияның жақсы университеттерінде оқыды.
Оңтүстікте Солтүтікпен салыстырғанда дамуы артта болса да, билік олардың қолында болды. Бұл Солтүстікте наразалық туғызды.
Құлдыққа қарсылар мен құлдықты жақтайтындар арасында түрлі әскери қақтығыстар болды.1856ж-дың қазанында аболиционист Джон Браун өзімен ниеттес 19 адаммен Виргиниядағы 100мың қару-жарақ сақталған қойманы басып алады. Бірақ оның ойлағаны іс жүзінде аспай,Оңтүстікке жасаған сапары сәтсіз аяқталды.
1854ж-ы Республикалық партия шықты. Оған фермерлер , өнеркәсіп капиталистері,жұмысшылар кірді. Олардың басты мақсаты - Батыстың жаңа аумақтарына құлиеленушілікті таратқызбау.
Солтүстік пен Оңтүтік арасындағы шиеленістер азамат соғысына әкелді.
1861-1865ж-ғы азамат соғысы. Авраам Линкольн - АҚШ президенті. Оңтүстік штаттардың Одақтан шығуы.
1860ж-ғы президент сайлауы кезінде демократтар мен республикашыл партиялар арасында шиеленіс көбейе түсті. Демократтар Фредерик Дугласты, республикашылдар Авраам Линкольнды ұсынды.
Мемлекет басына А.Линкольн тұрғаннан кейін(1860ж 20 желтоқсан) Оңтүстік Каролина өзінің Одақтан шығатынын айтты. 1861ж ақпанда 11 оңтүстік штат жаңа Америка Штаттары Конфедерациясы мемлекеті құрып, Джефферсон Дэвисті президент қылды.
Азамат соғысы - АҚШ-тағы ең қантөгісті соғыс. Ең алғашқы қақтығыс 1861 ж-дың 12 сәуірінде өтті.1863ж - дың көктемінде Ли қолбасшылық еткен Оңтүстік армиясы федералды әскерге қатты соққы берді. Ли әскері Геттисберг түбінде тоқтатылып, Виргинияға қуылды, ал Грант әскері Виксбергті алды. 1864жылы Уильям Шерман Атланта қаласын алды.1865жылы Грант әскері Ричмондты алды. 9 сәуірде 28 мыңдық Ли әскері тізе бүкті. Осы Солтүстік Америкада өткен азамат соғысының жағдайларын зерттеу мен олардың халықаралық мемлекеттердің қарым-қатынасына әсерін бағалау осы зерттеу жұмысын өзекті ете түседі.
1. Сборник документов по истории нового времени стран Европы и Америки (1640-1870)/ Составитель Е.Е.Юровская. – Москва, 2010.
2. Сборник документов по истории нового времени. Экономическое развитие и внутренняя политика стран Европы и Америки 1870-1914 гг. /Сост. П.И.Остриков, П.П.Вандель. - Москва,2009.
3. Сборник документов по истории нового времени: Буржуазные революции XVІІ -XVІІІ вв. / Под ред. В.Г.Сироткина.- Москва,2010.
4. Григорьева И.В. Источниковедение новой и новейшей истории стран Европы и Америки. - Москва,2014.
5. Хрестоматия по новой истории, 1640-1870. – М., 2011
6. Новая история стран Европы и Америки. Первый период / Под ред. Е.Е. Юровской, И.М. Кривогуза. Москва, 2008. – 415 с.
7. Новая история стран Европы и Америки: Первый период: Учеб. для студентов вузов, обучающихся по спец. «История» / Арш Г.Л., Бондарчук В.С., Гольман Л.И. и др.; Под ред. А.В. Адо. – М.: Высш. шк., 2008. – 623 .
8. Понаморев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и Новейшая история стран Европы и Америки: Практическое пособие: В 3 ч. – М.: Гуманит. издат. центр ВЛАДОС, 2010.– Ч. 1. Предмет и периодизация курса. Европейская цивилизация в XVI–XVII вв. Век просвещения – период становления индустриального общества. – С. 280.
9. Чистозвонов А.Н. Генезис капитализма: проблемы методологии.- М.2005.
10. Согрин В.В. Идеология в американской истории. От отцовоснователей до конца XX века. - Москва, 2015.
11. Становление американского государства. - Спб., 2012.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы пәні бойынша

Тақырып: Солтүстік Америкадағы азамат соғысы және халықаралық реакция

Орындаған МО-11к
тобының студенті
... ... ... ... ... ... ... .

Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Назаров Е.Ж.

Қарағанды 2016
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 СОЛТҮСТІК АМЕРИКАНЫҢ ОТАРЛАНУЫ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСТЕРІ 5
1.1 Еуропалық державалардың Солтүстік Америка құрлығын отарлауы және отарлардың әлеуметтік-экономикалық хал-жағдайы 5
1.2 Тәуелсіздік үшін соғыс және оның алғышарттары 7
2 СОЛТҮСТІК АМЕРИКАДАҒЫ АЗАМАТ СОҒЫСЫ МЕН ОНЫҢ МӘНІ 9
2.1 Азамат соғысының барысы 9
2.2 Солтүстік Америкадағы азамат соғысының тарихи маңызы 14
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
ҚОСЫМША 29

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. XIX ғ-дың басынды "Америкалық отарлар қоғамы" құрылып, олар 1820ж-дан бастап солт. штаттардан 11 мың-дай негрді Африкаға жіберді. Бірақ оңтүстік негрлердің жағдайы қиын еді.Қанауға шыдамаған олар көтеріліске шығады.
1800 ж-дың тамызында Ричмондқа таяу Виргинияда ұста-негр Габриельдің бастауымен негрлер көтеріліске шықты. Бұл көтеріліс басылып, көтерілісшілер өлім жазасына кесілді. 1822жылы Оңтүстік Каролина үкіметі Денмарк Визи дайындап жатқан көтерілісті біліп,ондағы адамдарды дарға асады.
АҚШ-тың солтүстігі мен оңтүстігінде жағдай мүлдем әртүрлі болды:
- Солтүстікте демокртия дамыды
- Оңтүстікте олирхия- азғана топ билігі
Оңтүстікте плантаторлар билік етті,сәулетті срайлар салғызып, АҚШ және Англияның жақсы университеттерінде оқыды.
Оңтүстікте Солтүтікпен салыстырғанда дамуы артта болса да, билік олардың қолында болды. Бұл Солтүстікте наразалық туғызды.
Құлдыққа қарсылар мен құлдықты жақтайтындар арасында түрлі әскери қақтығыстар болды.1856ж-дың қазанында аболиционист Джон Браун өзімен ниеттес 19 адаммен Виргиниядағы 100мың қару-жарақ сақталған қойманы басып алады. Бірақ оның ойлағаны іс жүзінде аспай,Оңтүстікке жасаған сапары сәтсіз аяқталды.
1854ж-ы Республикалық партия шықты. Оған фермерлер , өнеркәсіп капиталистері,жұмысшылар кірді. Олардың басты мақсаты - Батыстың жаңа аумақтарына құлиеленушілікті таратқызбау.
Солтүстік пен Оңтүтік арасындағы шиеленістер азамат соғысына әкелді.
1861-1865ж-ғы азамат соғысы. Авраам Линкольн - АҚШ президенті. Оңтүстік штаттардың Одақтан шығуы.
1860ж-ғы президент сайлауы кезінде демократтар мен республикашыл партиялар арасында шиеленіс көбейе түсті. Демократтар Фредерик Дугласты, республикашылдар Авраам Линкольнды ұсынды.
Мемлекет басына А.Линкольн тұрғаннан кейін(1860ж 20 желтоқсан) Оңтүстік Каролина өзінің Одақтан шығатынын айтты. 1861ж ақпанда 11 оңтүстік штат жаңа Америка Штаттары Конфедерациясы мемлекеті құрып, Джефферсон Дэвисті президент қылды.
Азамат соғысы - АҚШ-тағы ең қантөгісті соғыс. Ең алғашқы қақтығыс 1861 ж-дың 12 сәуірінде өтті.1863ж - дың көктемінде Ли қолбасшылық еткен Оңтүстік армиясы федералды әскерге қатты соққы берді. Ли әскері Геттисберг түбінде тоқтатылып, Виргинияға қуылды, ал Грант әскері Виксбергті алды. 1864жылы Уильям Шерман Атланта қаласын алды.1865жылы Грант әскері Ричмондты алды. 9 сәуірде 28 мыңдық Ли әскері тізе бүкті. Осы Солтүстік Америкада өткен азамат соғысының жағдайларын зерттеу мен олардың халықаралық мемлекеттердің қарым-қатынасына әсерін бағалау осы зерттеу жұмысын өзекті ете түседі.
Ал зерттеу жұмысының мақсаты - Солтүстік Америкадағы азамат соғысының болу жағдайларын зерттей отырып, оған халықаралық реакцияны анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Солтүстік Америкада өткен азамат соғысының жағдайларын анықтау;
- Азамат соғысына түйткіл болған себептерді зерттеу
- Азамат соғысының келтірген зияндылығын зерделеу;
- Азамат соғысының нәтижелерін зерттеу.
Зерттеудің деректік қоры маңыздылық деңгейлері бойынша төмендегідей сараланады. Зерттеу көздерін мұрағат құжаттары, біржақты және көпжақты ресми, дипломатиялық іс-қағаздар мен құжаттар жинағы құрайды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізіне тарих, халықаралық қатынастар, саясаттану ғылымдарының қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлері мен тұжырымдары, осы саладағы жетекші ғалымдардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің мемлекетаралық саясат, оның принциптері мен теориясы туралы жазған еңбектері алынды. Зерттеу жұмысын жүргізуде қазіргі кезде халықаралық қатынастар теориясы мен сыртқы саясатта қолданылып жүрген Мемлекеттердің сыртқы саясаттағы ұлттық және мемлекеттік мүдделері принципі методологиялық негізіне айналды. Теориялық-методологиялық негіз ретінде, тарих пен философияның іргелі тұжырымдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысы барысында нақты - тарихи, салыстырмалы тарихи, талдау, жинақтау және қорыту әдістері қолданылды. Жиналған деректерге талдау жасай отырып тарихи салыстырмалық, тарихи-жүйелеу, хронологиялық, статистикалық әдістер қолданыс тапты.
Деректер мен зерттеулерге тарихнамалық талдауда салыстырмалы-тарихи әдіс тарихи еңбектердегі идеологиялық сипаттағы берілген тұжырымдардың себептерін айқындауда аса маңызды болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 СОЛТҮСТІК АМЕРИКАНЫҢ ОТАРЛАНУЫ МЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСТЕРІ

1.1 Еуропалық державалардың Солтүстік Америка құрлығын отарлауы және отарлардың әлеуметтік-экономикалық хал-жағдайы

Колумбтың Американы ашуы және оны еуропалық державалардың игеруі Жаңа Әлемде Батыс өркениетінің таралуына жол ашты. XVII ғасырда кең қанат жайған британдық отарлау жүйесі Солтүстік Американың тағдырында маңызды рөл атқарды: қоныстанушы отарлар пайда болды. Испандық Американың қазына байлықтары британдық кәсіпкерлерге маза бермеді. Оларды Солтүстік Американың Франция иелене бастаған, дегенмен әлі де болса, испандықтар мен португалдықтар иелене қоймаған атланттық жағалаулар қызықтырды. Бұл жердегі басты байлық әлі қауымдық қүрылыс дәрежесінде өмір сүріп жатқан санаулы үндіс тайпаларының мекені саналатын құнарлы жерлер болатын. Алғашқы (ағылшындық) ерікті эмиграция бастамасы кейінгілерімен жалғасып жатты: немістер, голландтар, швейцариялықтар, француздық гугеноттер де қоныс аударып, отарларды ауқымды "этникалық қазанға" айналдырды. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені - болашақ отар Виргиния жерінде, 1607 жылы мамырда Джеймстаун форты құрылған еді. 1625 жылы таққа отырған ағылшын королі I Карл Виргинияны корольдық отар деп жариялап, онда өзінің губернаторын тағайындады [1, б. 14].
Виргиниядағы саяси билік, қоғамдық құрылым мен әлеуметтік қатынастар басқа отарлар үшін үлгі боларлықтай еді. Толық құқылы азаматтарға (фримендер) губернатор басқарған отарлық әкімшілік мүшелері және орта тап - джентрилер, компания акционерлері мен ауқатты тұрғындар жатты. Төменгі топты жеті жылға келісімшартқа қол қойған адамдар - сервенттер (лат. зегиапі - құл) құрады. Отарлар үш түрге бөлінді: корольдық, жеке және қауымдық (корпоративтік) меншік. Виргиния (1607) және Нью-Йорк (1664) корольдық отарларға жатқызылды. Отарлар жоғары меншік иелеріне - корольға немесе лордқа белгілі мөлшерде салық төлеп тұрды.
Король жерді тек компанияларға емес, сонымен бірге Англияның ірі феодал ақсүйектеріне де таратты. Отарлардың меншік иелері бөлінген жерге толық қоныстануға және үндістермен бейбіт қатынас жасауға тікелей мүдделі болды. Онда құлдардың еңбегі кең пайдаланылды.
Жекеменшіктік отарларға Мэрилэнд (1632), Нью-Джерси (1664), Солтүстік және Оңтүстік Каролина (1670), Пенсильвания (1681), Дэлавер (1702), Джорджия (1732) жатты.
Американың солтүстік-шығыс бөлігіндегі жерге отарлардың қоныстандырылуы үшінші - қауымдық меншік түріне жатты. Иелік отарларды Америкаға қоныс аударған діни қауым мүшелері қоныстанды. Олар Жаңа Англиядағы меншік иелеріне тиесілі емес бос жерлерге қоныс тепті.
Массачусетс (1629) Жаңа Англияға қоныс аударушылардың алғашқы тұрағы болды. Оның негізінде Род-Айленд (1635), Коннектикут (1636), Нью-Гемпшир (1680) отарлары қалыптасты.
Жаңа Англияның әлеуметтік-экономикалық жағынан біршама дамыған отарларында алғашқы банктер, сауда орындары ашылып, фермерлік шаруашылықтар қарқын ала кеңінен қанат жайды. XVII ғасырдың бірінші жартысында солтүстік отарларда қалалар бой түзеді. 40-жылдары алғашқы мануфактуралар пайда болып, кеме жасау дамыды. Алғашқы кезде солтүстікамерикалық отарлар тұрғындардың 910 айналысқан ауыл шаруашылығының есебінен күнелтті. Ағылшын корольдары феодалдық қатынас орнатқысы келді: жақындарына жер үлесін таратты. Алайда отарлардың дамуы өзгеше, прогрессивті жолмен ілгеріледі. Солтүстікте фермерлік, яғни ауыл шаруашылығының капиталистік жолы бекіп дамыды. Оған ауқымды игерілмеген жер кеңістігі ықпал етті. Батысқа кету жалға алушылар мен жер иеленушілердің арасындағы шешім әрекеті болатын: аса ауқатты емес отарлаушылар бос жатқан жерлерді басып алып тәуелсіз жер иесі атанды.
Феодализм Солтүстік Америкада берік тамыр жая алған жоқ. Өйткені мұнда феодализмнің өмір сүруінің басты шарты болып табылатын - феодалдардың жерге толық құқығы болмады.
Плантациялық шаруашылықтың даму болашағы зор болғанымен, ол сервенттер мен қара құлдардың еңбегіңе тәуелді еді. Құл саудасы мен контрабаңда өріс алып, жерді алып-сату дамыды.
Елдің ңегізгі бөлігін (80%) фермерлер құрады. Қиыр шеттегі фермерлер патриархаттық шаруашылық жүргізді. Массачусетстегі жер иеленушілер XVII ғасырдың өзіңде жекеменшік иелері болды, себебі олар квитрента (корольға ңемесе лордқа салық) төлемеді. Жаңа Аңглиядаң оңтүстікке қарай орңаласқан меншіктік отар фермерлері қиын жағдайда болды, ал ұсақ жалға алушылар (жалгерлер) оларға тікелей тәуелді болды. Сонымең қатар Америкада скваттерлік - қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз еркімен иелену тәсілі дамыды. Бұл жағдай жерге деген толық құқықты бұзды [2, б. 65].
Америкада басқарудың олигархиялық түрі орнықты. Биліктің заң шығарушы жәңе атқарушы болып бөлінуі қалыптасты. Еркін қоңыс аударушылардың өмір сүру деңгейі орта дәрежедегі еуропалықтан жоғары болды. Еуропа соғыстан көз ашпады, ал қоныс аударушылар тыныш өмір сүрді. Олар Англия және басқа да еуропалық елдердегі сияқты әскерді, король отбасын және ақсүйектерді қаржыландыруға жұмсалатын салықтарды төлеуден босатылды. XVII ғасыр мең XVIII ғасырдың бірінші жартысыңда метрополия тұрғыңдарына қарағаңда қоныс аударушылардың артықшылықтары болды. Метрополия отарлардың қорғаңыс шығындарын да өзі ала бастады. Америка қоғамының алғашқы даму сатысының маңызды ерекшелігі - адам өзінің жеке еңбегі мен кәсіпкерлігінің жемісін пайдаланды. Американы отарлау құл саудасы және үндістерді тонаумен қатар жүргізілсе де, америкалықтардың ңегізгі бөлігі меншікке өздерінің табанды еңбектерінің арқасыңда қол жеткізді. Сөйтіп, олардан орта тап қалыптасты.
Еркін қоныс аударушыларды метрополия билігіне бағындыру қиын болды. Бостандық пең құқыққа қысым жасаушыларға төзімсіз қатынас қалыптасты. Экономикалық, саяси және діни бостандықтарды иелене отырып, америкалықтар олардың кеңейтілуіне және нығайтылуына мүдделі болды.

1.2 Тәуелсіздік үшін соғыс және оның алғышарттары

1775-1783 жылдардағы Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы Англиядағы үдерістердің заңды жалғасы болды. XVIII ғасырдың ортасына қарай отарлар экономикалық жағынан өсті. Ендігі жерде олар метрополиядан жабдықталуына тәуелді болмады, өйткені оларда жекеменшік флот, ормандар және құнарлы жерлер көп болды. Халықтың саны өсті. Егер 1688 жылы онда 200 мың адам тұрса, 1775 жылы адамның саны 2,7 млн-ға жетті. Отарлар Англияның иелігінде болғанымен, мұнда Еуропаның барлық мемлекеттерінен эмигранттар ағылды. Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші портты қалалардың - Бостон, Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор - өсуі болды. Отарлық колледждер негізінде белгілі америка университеттері - Гарвард, Принстон, Колумбия, т.б. ашылды.
Отарлар тәуелсіздік жолындағы күрес үшін пісіп-жетілді. Бірақ Ұлыбритания 1756-1763 жылдардағы Жеті-жылдық соғыста Францияны жеңгеннен кейін, өз ішкі жағдайын тұрақтандырып, Солтүстік Американың толық билік етуші қожайыны болғысы келді. Метрополияның отарларда кәсіпкерлік еркіндігін шектеп, оларды өз мүдделеріне бағындыру саясаты тәуелсіздік үшін соғыстың экономикалық алғышарттарын тудырды.
XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтарында бірнеше парламент актілері жарық көрді. Оларда басқа теңіз державаларымен еркін сауда жасауға, отарларда ші өнеркәсіпті дамытуға тыйым салынды.
1763 жылғы заң өз еркімен батысқа қоныс аударуға тыйым салды. Бұл заң қоныс аударушыларды корольдың жер монополиясының белгілі әкімшілік шекарасында ұстауға тырысты. Отарлық империяның басқару аппаратын қаржыландыру үшін 1764 жылы бірқатар тауарларға жаңа кедендік салықтар енгізілді. 1765 жылы тұрақты әскер ұстау үшін 10 мың солдатты Америкада пәтерге орналастыру қарастырылды. Ал шығындарды жабу мақсатында осы жылы гербтік салық туралы акт қабылданды. Бұл актінің парламентте қабылдануы отарларда наразылық тудырды [3, б. 79].
Осы кезде феодалдар билігіне қарсы аграрлық қозғалыс күшейді. XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында партизан соғысы өріс алды. Тәуелсіздік үшін күрескерлердің негізгі бөлігі фермерлер мен ауыл тұрғындары болды.
Гербтік салық жаңа кедендік салықтармен ауыстырылды, бірақ бұл отарларға тыныштық әкелген жоқ. 1773 жылы 5 наурызда Бостонда қала тұрғындары британ солдаттарымен қақтығысып қалды. Ағылшын тауарларына бойкот тактикасы қолданыла бастады. Белсенді күрескерлердің бірі Сэмюэл Адамс үндістерше киінген отар тұрғындары тобын басқарып, 1773 жылы ағылшын шайы тиелген кеме жүгін теңізге лақтырды. Бұл оқиға "Бостондағы шай ішу" деген атпен тарихта қалды.
Англия әкімшілік шаралар арқылы қысымды күшейте түсті. Бостон портын жауып, америкалық солтүстік-батысты өзінің Квебек провинциясына қосып алды. Осындай "төзімсіз актілерге" қарсы бой көтерулер күшейе түсті. 1774 жылы Филадельфияда тұңғыш Құрлықтық конгресс жиналды. Қабылданған "Құқықтар декларациясында" отарлардың өзін-өзі басқару құқығы туралы айтылды. Бұл әлі де тәуелсіздіктің жариялануы емес еді, ел оның табалдырығында тұрды.
Соғыс 1775 жылы сәуірдің 19-ында бірден басталып кетті. Америкадағы ағылшындардың бас қолбасшысы генерал Гейдж қару-жарақ қоймасын басып алу жөнінде бұйрық бергеннен кейін, қаруланған фермерлер оның жіберген полкіне қарсы соғыс ашты. Тәуелсіздік жолындағы соғыстың алғашқы шайқасы патриоттық күштер үшін сәтті болды.
1775 жылы мамырда жиналған Екінші құрлықтық конгресс америка өкіметіне айналды. Америка тұрақты армиясын виргиниялық ірі плантатор әрі тәжірибелі әскери адам Джордж Вашиңгтон басқарды.
1776 жылы шілденің 4-інде Томас Джефферсон (америкалық ағартушы, демократиялық бағыт идеологі, кейін АҚШ-тың үшінші президенті болып сайланған) құрастырған "Тәуелсіздік декларациясы" қабылданды. Тарихта тұңғыш рет мемлекеттік құжат мемлекеттік құрылыстың негізі ретінде халық егемендігі принципін жариялады. Декларация ағылшын королі мең парламентін озбырлық әрекеттері мең адам құқығын бұзғаңдығы үшін айыптап, бұдан былай отарлар "соғыс жариялауға, бітім жасауға, одаққа енуге, сауда жасауға жәңе кез келген актілер мен әрекеттерді жүзеге асыруға толық құқықты" екеңдігін мәлімдеді.
Джефферсон адамның табиғи жәңе туа біткен құқықтары туралы айта келіп, Жан-Жак Руссо сияқты меншікті табиғи емес, азаматтық құқыққа жатқызды.
Тәуелсіздік идеясын америкалықтар түгел қолдаған жоқ. Экономикалық, саяси жәңе басқа да себептер бойынша ләнд- лордтар, король шеңеуніктері, саудагерлердің басым бөлігі Англиядан бөлінуді қаламады. Оларды лоялистер деп атады.
Сауда жәңе кәсіпкерлер еркіндігін жақтаушы плантация иелері, американ көпестерінің көпшілігі патриоттарға жатты. Олар тәуелсіздік ісіне қаржылай көмек көрсетіп отырды. Бостондық көпес-контрабандашылардың "королі" Джон Хэнкок "Тәуелсіздік декларациясына" қолын бірінші болып қойды. Патриоттардың жетекшілері жас саясаткерлер еді. Демократиялық сенімінің күшіне қарай қарапайым адамдардың көпшілігі тәуелсіздікті қолдады.

2 СОЛТҮСТІК АМЕРИКАДАҒЫ АЗАМАТ СОҒЫСЫ МЕН ОНЫҢ МӘНІ

2.1 Азамат соғысының барысы

Әскери қимылдар сәтсіздіктерге толы болды. 1775 жылғы жеңістердең кейін жеңілістер кезеңі туды. Күші мен саны жағынан британ әскерлері америкалықтардан басым еді. Бірақ америкалықтар соғысқа бар күш-қуатын салды. Джордж Вашиңгтон шебер қолбасшы ретінде танылды. Америка әскерлерінің жағдайы лоялистердің кесірінен қиыңдай түсті. Әскер нашар жабдықталған еді, қару-жарақ пен ақша жетіспей жатты. 1776 жылы күзде Нью-Йорк қаласына жақын жердегі ауыр шайқастан кейін Дж. Вашиңгтон әскерінің қалдығы жойылып кетуден әзер дегенде аман қалды. 1777 жылдың күзі америкалықтарға, бір жағынан, жеңіліс (ағылшын әскерлері АҚШ-тың астанасы Филадельфияны алды) әкелсе, екінші жағынан, жеңіс (солтүстікте) алып келді. Еріктілер және полиция күшімен Саратога қасында 7 мыңдық ағылшын корпусы қоршауға алынып, тізе бүкті. Бұл хабар сол кездегі америкалық дипломат Бенжамин Франклиннің Франциямен одақтық келісімге келуіне көмектесті (1778).
Франциядан кейін Испания (1779), одан кейін Голландия Англиямен соғысқа кірісті. Англияның халықаралық оқшаулануға ұшырауы америкалықтардың жеңіске деген үмітін арттырды. Ресей мен Австрия бейбіт келісім жасау үшін делдалдық қызмет етуді ұсынды. 1780 жылы Ресейдің ұсынысымен құрылған әскери-теңіз бейтараптығы жүйесі Англияның теңіздегі басымдығына қарсы бағытталды. Американың тәуелсіздігі үшін шайқасушы еріктілердің қатарында маркиз де Лафайет, поляк патриоты Тадеуш Костюшко, орыс дворяны Г.Х.Веттер фон Розенталь, т.б. болды.
Англия сонда да соғысты тоқтатқан жоқ. 1780 жылы АҚШ-тың оңтүстігінде оның әскері Чарльстонды басып алды. Оңтүстік Каролинада америкалықтар талқандалды. Ағылшындар Виргинияға қарай жылжыды, бірақ полиция мен партизандардың күшті қарсылығына кезікті. 1781 жылы қазанның 19-ында америкалықтар мен француздар Йорктаун түбінде лорд Корнуоллистің 8 мыңдық корпусын қоршауға алды. Ағылшындардың қарсылықсыз берілуі - соғыстың тағдырын шешті [4, б. 46].
АҚШ пен Англия алдын ала келісімшартқа 1782 жылы Парижде, ал қорытынды келісімшартқа 1783 жылы қыркүйектің 3-інде қол қойды. Бұл келісімшарттың басты нәтижесі - Америка Құрама Штаттарының тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылуы болды. Испания Флориданы алды, Канада Англияның иелігінде қалды.
Жас республиканың басшылары елде үлкенді-кішілі өзгертулер енгізді. Бұрынғы отарлар билік бөлінісі және республикалық басқару формасы бар штаттарға айналды. 1776-1780 жылдары отарларда конституциялар қабылданды. Солтүстік штаттарда және бос жерлерде құлдық жойылды, бірақ ол оңтүстікте сақталып қалды. Сервенттерді негрлермен ауыстырған плантация иелері құлдыққа мүдделі болды.
Алғашқыда АҚШ-тың мемлекеттік құрылысы егеменді штаттардың келісімшартына негізделген конфедерация болды. Орталық билікті Құрлықтық конгресс атқарды. Президент те, сенат та, Жоғарғы сот та болған жоқ. Соғыстан кейінгі экономикалық құлдырау мен бейберекеттік федеративті республика туралы идеяны тудырды. Ішкі тұрақсыздықтың өсуі, халық толқулары билікті реформалаудың маңызды алғышарттары болды.
1787 жылдың жазында барлық штаттардың өкілдері қатысқан жартылай ресми съезд өтті. Осында федералдық конституция қабылданды. Оның жобасын дайындауға Дж. Вашиңгтон, Б.Франклин, А.Гамильтон және Дж. Мэдисон қатысты.
1787 жылғы конституция одақтас немесе федералдық мемлекет құрды, штаттар өзін-өзі басқару құқығы мен жеке конституцияларын сақтап қалды. Заң шығару билігі өкілдер және сенаттан тұратын екі палаталы Конгреске берілді. Өкілдер палатасының мүшелері, халқының саны шамамен тең штаттардан 2 жыл мерзімге, ал сенаторлар - әрбір штаттан 6 жыл мерзімге сайланатын 2 мүшеден құралды. Заңды қабылдау үшін оны екі палата мүшелері мақұлдауы қажет болды. Атқарушы билік конституцияға сай президентке берілді. Ол екі сатылы сайлау жүйесі бойынша сайланып, ерекше өкілеттіліктерге ие болды. Президент өзінің алдында дербес жауап беретін министрлерді қызметке тағайындады, қарулы күштердің бас қолбасшысы болды. Конституция АҚШ Жоғарғы сотын, өмір бойғы ауыстырылмайтын судьяларын бекітті. Жоғарғы сот егер конституцияға қарама-қайшы деп таныса, заңдардың күшін жоя алатын болды. 1787 жылғы конституцияның прогрессивті мәні болғанымен, әлі де демократиялық бола алмады. Ол революцияның жеңістерін құл иеленушілер мен ірі буржуазияның мүддесіне бекітті. Негрлерді құлдыққа алу заңдастырылды. Қашқын құлдар өздерінің бұрынғы қожайындарына қайтарылып берілетін болды. Үндіс тайпалары құқықсыз жағдайда қала берді. Үндістердің жер иелену құқығы болмады, олардың АҚШ-тағы азаматтығы танылмайтын болды.
Конституция сайлау құқығын реттей алмады. Еңбекшілердің қалың бұқарасы - ұсақ фермерлер, жұмысшылар, кедей қолөнершілер - сайлау құқығынан айырылып қалды. Әйелдер де ешқандай құқықтар иелене алмады. Штаттар конституциясында мүлік шектелімі болды. Көп жағдайларда сайлаушылардан отырықшылдық, белгілі бір діни наным-сенімдерге төуелділігі Джордж Вашингтон талап етілді. АҚШ-тың 3 млн-ға жуық тұрғынының тек 120 мың адамы ғана сайлау құқығына ие болды. Буржуазиялық демократиялық сөз, баспасөз, жиналыс "бостандығы" ескерілмеді. Бірақ бұл билік механизмін жүзеге асыру жөне орталықтың өкілеттілігін нақтылап бөлу жағынан жетілген конституция еді. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің рет-жосықтары жетілдірілді. Конституция күні бүгінге дейін өрекет етеді. 1789 жылы Конгресс сайлауы болып, Джордж Вашиңгтон (1789-1797) АҢШ-тың тұңғыш президенті атанды. 1791 жылы Конгресс сөз, баспасөз, жиналыс жөне петиция құқығына, жекебасқа, тұрғын үйге қолсұқпаушылық, қылмыстық істер бойынша азаматтық қорғау соттарын енгізу туралы конституцияға 10 түрлі өзгерістер енгізуге мәжбүр болды. АҚШ тарихына бұл өзгерістер "Адам құқығы туралы билль" деген атпен енді. Конституцияға енгізілген бұл өзгерістердің прогрессивті ықпалы болды жөне бұл АҚШ халқының ірі жетістіктерінің бірі [5, б. 64].
1850-1860 жылдары өнеркəсіпке жұмсаған капитал екі есе өсіп, 1 миллиард долларға жетті. Фабрика өндірісіне көшу өнеркəсіпті шоғырландыруға, жұмысшылардың санын арттыруға байланысты болды. АҚШ халқының саны тез өсті. 1850-1860 жылдар арасындағы 10 жыл ішінде 23 миллионнан 31 миллионға дейін жетті. Əсіресе, солтүстік-батыс штаттарының халқы тез өсті.
Оңтүстік штат экономикасының сипаты мүлде басқаша болды. Мұнда мақта шаруашылығы басым болды. 1851-1859 жылдар арасында мақта өндіру 60 пайызға өсті. Мақта шаруашылығының басым болуы оңтүстік экономикасын біржақты етіп, өнеркəсіптің дамуын тежеді. Оңтүстіктің құл иеленуші шаруашылықтарының ішкі нарықпен байланысы нашар болды.
Мақта түгелдей дерлік Англияға шығарылды, сөйтіп одан өнеркəсіп тауарлары сатып алынды. Мұның нəтижесінде солтүстік штаттардың өнеркəсіп бұйымдарын сатып алушылар оңтүстікте өте аз болды. Бұл АҚШ-тың жалпы ұлттық нарығын қалыптастыруға бөгет болды. Американ капитализмінің одан əрі дамуы құлдықты жоюды, жалдамалы еңбектің толық салтанат құруын талап етті. Құлдықты жою қажеттігі ішкі экономикалық жəне саяси себептермен ғана емес, сондай-ақ маңызды сыртқы саяси жағдайларға байланысты болды.
Құлдықтың орын алуы елдің экономикалық дамуына бөгет жасады, бұл АҚШ-тың халықаралық аренадағы позициясын едəуір əлсіретті. Сонымен, елдің экономикалық жəне саяси дамуы құлдықты сөзсіз жою мəселесін алға қойды. 1850-жылдардың аяғында Канзастағы азамат соғысы, республикалық партияның құрылуы, Джон Браун көтерілісі, Оңтүстіктегі құлдар көтерілісінің кең етек алуы мұның барлығы американдықтардың ескіше өмір сүргілері келмейтіндігін көрсетті. 1860 жылғы президент сайлауында республикалық партия Авраам Линкольнді ұсынды. Оның əкесі ағаш ұстасы еді. Линкольннің өзі де жас кезінде жұмысшы болды. Өз бетінше білім алып, заң ғылымдарын үйренді. Белгілі адвокат жəне публицист болып шықты.
1860 жылғы сайлауында көпшілік дауыс алып, Линкольн президентікке сайланды. Американ халқының аса көрнекті ұлы - Авраам Линкольн - АҚШ-тың он алтыншы президенті болды. Ол азамат соғысы кезінде халықтың талап етуімен АҚШ-та құлдықты жойды. Оның еңбегінің ұлылығы осында еді. Президент соғыс уақытында Ұлыбританияны жəне басқа еуропалық елдердің басып кіруінен қорғай білді. Оның президенттігі тұсында трансконтинентальді теміржол салынды, аграрлық мəселенің шешімін тапқан Гомстед-акті қабылданды.
1861 жылы ақпанында құлиеленуші штаттардың Конфедерациясы құрылды, оның президенті Дж.Дэвис болды. Құлиеленушілер соғысқа дайындалды. Солтүстік экономикалық қуаты жағынан Оңтүстіктен басым еді. 1860 жылы Солтүстікте 22 млн адам тұрса, Оңтүстікте 9 млн адам, оның 4 миллионын негр-құлдар құрады. Солтүстікте өнеркəсіпте 1,8 млн адам болса, Оңтүстікте тек 110 мың адам болды. Солтүстік елдің өнеркəсіп өнімінің (34) бөлігін берді. 1861 жылы 12 сəуірде Конфедерация əскерлері Форт Самтерді бомбалады. Екі күннен кейін оны басып алды. Сөйтіп, оңтүстік пен солтүстік арасындағы азамат соғысын оңтүстік плантаторлары осылай бастады. Плантаторлар тарапынан бұл соғыс басқыншылық соғыс болды. Ол жаңа жерге құл иеленушілікті тарату үшін жүргізілді [6, б. 13].
Азамат соғысы өз дамуында екі кезеңнен өтті. Бірақ бұл кезеңдер соғыс қимылдарымен емес, таптық, саяси жағдайларға байланысты анықталды.
Бірінші кезең - 1861-1863 жылдар. Бұл - соғысты Конституция бойынша жүргізген кезең еді.
Екінші кезең - 1863-1865 жылдар. Бұл - буржуазиялық-демократиялық революцияның кезеңі болды, соғыс революциялық əдіспен жүргізілді. Оған халық бұқарасы - жұмысшылар, фермерлер, негрлер-құлдар белсене қатысты.
Енді азамат соғысының аса маңызды оқиғаларына тоқталатын болсақ, 1861 жылдың жазына қарай жақсы дайындалған офицер кадрлары бар оңтүстік соғысқа жарамды 112 мыңдық армия құрды. Бұл арада айта кететін бір нəрсе - оңтүстікте өте тамаша соғыс ұйымы болды. Əрбір плантатор мылтықты жақсы меңгерген еді. Олардың əрқайсысында құлдардан қорғанатын қарулы отрядтары болды. Сондықтан да соғыс алдында оңтүстік нағыз соғыс лагеріне айналдырылды.
Оңтүстіктің əскери күшінің басымдығы 1861 жылы 21 шілдеде Манассас деген кішкене қала түбіндегі шайқаста көрінді. Шайқас болған жер Вашингтоннан 40 шақырымдай еді. Солтүстіктің армиясы соғысқа мерекеге жиналғандай болып беттеді. Бірақ та оңтүстік əскерінің оғы астында қалып, ешбір қарсылықсыз Вашингтонға дейін шегінді. Солтүстіктің астанасы - Вашингтонды басып алу қаупі төнді. Алайда солтүстіктің бақытына қарай оңтүстік федералдық əскердің тоз-тозы шыққанын білмеді. Осы ірі жеңіліс Линкольн үкіметіне күшті əсер етті. Армияның командалық құрамына өзгеріс енгізілді, армияның саны артты, Конгресс соғыс жүргізу үшін экономикалық ресурстарды пайдалануға бірқатар заң шығарды.
1862 жылдың қаңтарында бұрын жеке меншікте болып келген теміржол, телеграф линияларын мемлекеттің бақылауына алу жөніндегі заң қабылданды.1861 жылдың қазанында соғыс қимылдары қайта басталып, солтүстіктің армиясы шабуылға көшті. Солтүстік армиясы тағы да жеңіліс тапты. Оның жеке құрамының 50 пайызы қаза тапты немесе жараланып, қолға түсті. Осы жеңілістен кейін армияның бас қолбасшысы қарт генерал Скот орнынан босатылды. Жаңа сайланған қолбасшы генерал Мак Клелан да сəтті қойылған жоқ. Армияны қайта құрған ол оңтүстікке қарсы соғыс қимылдарының үлкен жоспарын жасады. Бұл жоспардың мəні - конфедерацияның аумағын түгел қоршап, 5 мың милль жерге армияны жағалай орналастыру болды.
1862 жылы қаңтарда Солтүстік əскері шабуылға көшті. Миссисипи өзенінің бойымен генерал гранттың армиясы сəтті алға жылжыды. Теңізден жəне құрылықтан бірдей десант түсіріп, Жаңа Орлеан қаласы алынды. Əскери қимылдарға шешуші ықпал еткен нəрсе - 1862-63 жылдары Линкольн үкіметінің қолданған шаралары болды. 1862 жылы 20 мамырда Президент Гомстед туралы заңға қол қойды. Бұл заң бойынша АҚШ-тың кез-келген азаматы 10 доллар тіркеу жарнасын төлегеннен кейін 65 гектар жер телімін алатын болды. 5 жылдан кейін бұл жер телімі жеке меншікке айналатын болды.
Ақырында 1862 жылы 22 қыркүйегінде Линкольн құлдықты жою туралы өзінің үгіт насихатын жариялады. Насихатында 1863 жылғы 1 қаңтарынан бастап құлдықта болған барлық адамдар бұдан былай қарай азаматтық алады деп жарияланды. 1865 жылы 14 сəуірде төрт жылға созылған соғыс құл иеленушілердің толық жеңілісімен аяқталды. Дəл сол күні Вашингтонда Форд театрінде отырған жерінде құл иеленушілердің тыңшысы Линкольнді атып өлтірді. 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы американ халқының тарихында ірі революциялық оқиға болды.
Оңтүстіктегі қайта құрулар (1865-1877 жж.). Азамат соғысы құлдықты жойды, билік буржуазия қолына өтті, ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуына қолайлы жағдай жасалды, батыста ауыл шаруашылығы фермерлік жолмен дамыды. Бірақ та екінші американ буржуазиялық революциясының алдында тұрған барлық міндеттер толығымен шешілмеді. Құлдықтан босатылған құлдар азаматтық, саяси құқықтарға ие болмады, олар жер ала алмады. Оңтүстікте плантаторлық жер шаруашылықтары сақталды.
1865-1866 жылдары Оңтүстікте Қаралар кодексі негрлерді жер иелену жəне қоғамдық қызметтен босатты. Олар азат болған негрлердің бұрынғы қожайындарында жұмыс істеуге күштеді, ал плантаторлар болса, өздерінің үстемдігін террорлық жолмен жүргізді, олар 1865 жылы арнайы ұйым Ку-клукс-кланды құрып, негрлерді аяусыз жазалады. Оңтүстіктегі плантаторлардың осындай іс-шаралары ( атап айтқанда толық үстемдік, тіпті өздерінің билік органдарына ұмтылуы сияқты) буржуазияға қауіп туғызды.
1866-1867 жылдары Қайта құрулардың жаңа кезеңі басталды. Солшыл республикашылар плантаторларға қарсы бағытталған бірқатар шешімдер қабылдауға барды. Бұған консервативті республикашылар қарсы болды. Екі ағым арасында туындаған мəселе Одақты қайта қалпына келтіру жəне Оңтүстіктегі Қайта құрулар мəселесі, оның ішінде даулы мəселе құлиеленуші штаттар көтерілістен кейін Одақта қалады ма, əлде жоқ па деген сұрақтар туындады.Консерваторлардың пайымдауынша құлиеленуші штаттар Одақтан шыға алмайды, өйткені бұл Конституцияда қарастырылмаған. Осы негізде олар федералды үкіметтің Оңтүстік штаттар ісіне араласуын жоққа шығарады.
Радикалдар болса, Оңтүстік штаттар өз еркімен Одақтан шықты, сондықтан да барлық құқықтан айырылады жəне оларды енді Одаққа қабылдау белгіленген жағдайларда ғана деді. Радикалдар жеңіске жетті. Олардың ықпалымен конгресс Оңтүстік штаттардан сайланған конгресмендердің өкілеттілігін мойындаудан бас тартты. Конгресте Стивенс басшылығымен 15-ші Комитет құрылды. Ол Оңтүстікте қайта құруларды жүргізуді өз бақылауына алды. Оңтүстік штаттарға қайтадан федералды əскер енгізілді, ереуілге шыққандарды азаматтық құқынан айырды. Конституцияға 14-ші түзету, яғни негрлердің азаматтық құқы жөнінде еді. Тек осы түзетуді бекіткен Оңтүстік штаттар ғана Одаққа қайта кіре алады. Теннес штатынан басқа барлық штаттар оны бекітуден бас тартты. Радикалды қайта құрулар нəтижесі бұрынғы құлиеленушілердің саяси талқандалуына əкелді. Бірақ та бұрынғы экономикалық тəртіпті қалпына келтіру мүмкін емес еді, өйткені Оңтүстікте буржуазиялық қатынастар орнаған болатын. Қайта құрулар кезінде буржуазия байыды, жұмысшы қозғалысы күшейді. Американ пролетариатының басты талабы 8-сағаттық жұмыс күні болды. Буржуазия Солтүстік пен Оңтүстіктегі еңбекшілерге қарсы шыға бастады. Республикандық партия 60-жылдары радикалды қайта құру ұстанымдарынан бас тарта отырып, ірі бизнес бақылауына өтсе, демократиялық партия буржуазияланды. Бұл екі партияның жақындасуына əкелді жəне АҚШ-та екі партиялық жүйенің бастамасы болды.
2.2 Солтүстік Америкадағы азамат соғысының тарихи маңызы

Тәуелсіздік жолындағы соғыстың нәтижесінде отарларда капитализмнің дамуына кедергі болып отырған отарлық қанау мен ағылшын жер иеленушілерінің үстемдігі жойылды. Енді үкімет билігі оңтүстіктің плантаторлары мен Солтүстіктің буржуазиясының қолына өтті.
Тәуелсіздік алған АҚШ - тың екінші азамат соғысына дейінгі аралықтағы дамуында үлкен ерекшелігі бар. Онда екі жүйе пайда болды. Елдің солтүстігінде капитализм тереңдей дамып жатқан кезде Оңтүстікте құл иеленуші плантаторлық шаруашылық күшейді. Ол әсіресе 1793 жылы мақта тазалайтын машинаның ойлап табылуымен байланысты күшейеді. Осы кезден 1850 жылдардың басына дейінгі аралықта мақта өнімі екі есеге өсті. Сұраныстың күшеюі плантаторлардың мақта плантацияларының көлемін көбейтіп, өнімі арттыруға деген ұмтылысын күшейтті [7, б. 64].
Осы ұмтылыстан құл еңбегіне деген қажеттік тағы да пайда болды. 1803 жылғы указ сырттан құл әкелуге тыйым салған болатын, содан да құлдар азайып кеткен еді. Енді Оңтүстіктің құл иеленушілері масқара кәсіп - құл өсірумен айналысты. Бұл істе Виргиния, Миссури, Мэриленд, Кентукки, Делавэр штаттарының аты шықты. Азамат соғысының алдында Оңтүстікте 9 миллион тұрғын болса соның 4 миллионға жуығы құл - негрлер еді. Оңтүстіктің тұрғындарының бар болғаны 7 процентіндей бөлегі жер иелері негрлердің 3 миллионын құлдықта ұстады.
Өнеркәсіпті Солтүстік елдің экономикалық өмірінде шешуші рөл атқарғанымен, мемлекеттік өкімет оргындарында құл иеленуші - плантаторлар ықпалды болып отырды. Шынында да Вашингтоннан бастап Линкольн президент болып сайланған 50 жыл аралықта президенттік қызметте тек құл иеленушілердің өкілі отырды.
Оңтүстік пен Солтүстік арасында тұрақты ішкі рынок жасау төңірегінде қайшылық пайда болды. Мақта өсірумен айналысып отырған плантаторларға одан әрі батысқа қарай "аунап" түсіп жерлер алу керек болды, ол жерлерде сөзсіз құлдық тарады. Бұл капитализмді дамытуға керек біртұтас ішкі рынок жасауға ұмтылып отырған Солтүстіктің мүддесіне қайшы келді. Міне, осы қайшылық Америка Құрама Штаттарының болашақ саясатына мұрындық болды. Бұлардың тағы бір ерекшелігі екі жақтың да үстем таптары яғни буржуазия мен құл иеленуші - плантатор халық бұқарасын бұл мәселені шешуге араластырғысы келмеді. Оларсыз - ақ, өздері келісіп шешу ойы басым болды. Сондықтан да бүкіл Одақты қолға алудан үміткер Солтүстік ымырашылдық әдіске жақын тұрды.
Алайда бұндай күрделі мәселені халық бұқарасын қатыстырмай шешу мүмкін емес еді. Себебі жұмысшы табының өзі құл иеленушілікті жоюға мүдделі құл еңбегінен жұмысшы табы өзінің тұрмысын жақсартуға кедергі келтіріп отырған бәсекелесін көреді. Ал фермерлер болса батыстан жер алуға, гомстед үшін заң қабылдату жолындағы күресіне батыстан жер алу үшін жанталасып жатқан құл иеленуші плантаторлардың кедергі болып отырғанын жақсы түсінді [9, б. 31].
Сондай - ақ Оңтүстіктің құл негрлері мен Солтүстіктің ерікті негрлері құлдыққа қарсы күрес барысында құлдықтан және нәсілдік кемісітушіліктен азат болуды армандады.
Елдің негізгі таптары мен тұрғындары тобының - фермерлердің, жұмысшылардың құлдар мен ерікті негірлердің буржуазия мен құл иеленушінің - мүдделері осылай құлдық мәселесі төңірегінде айқасып жатты. Бұлардың әрқайсысының мүддесі құлдықты шешу арқылы қанағаттандырылуға тиісті болды.
Елде құлдықты жоюға бағытталған қозғалыс өріс алды. Соның бірі аболиционистік(құлдықты жою) қозғалыс. 1833 жылы Американдық құлдыққа қарсы күрес қоғамы құрылып, бұл қозғалыс ұйымдасқан сипат алды. Қозғалысқа жұмысшылар, фермерлер, негр қозғалысының қайраткерлері қатысты- көсемдері Вилья Алойд Гаррисон және негр Фредерик ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соғыс испан тағына франция королі
Англияның отарлық империя болып қалыптасуы және ағылшын отарлауының бағыттары
XVIII ғасырдың – бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы американдық тарихнаманың қалыптасуы
Ағылшын революциясының тарихи маңызы
ХҮІІғ. басындағы Англияның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Испания конституциясы
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басындағы Латын және Солтүстік Америкадағы халықаралық қатынас
АҚШ-та ұлттық саяси жүйенің қалыптасуы (1760-1810 жж.)
XIX ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ-тың әлеуметтік, эканомикалық, саяси жағдайы
Испания мемлекеті туралы мағлұмат
Пәндер