Ұлы державалардың Қиыр Шығысқа шабуылдары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы» пәні бойынша

Тақырып: « Ұлы державалардың Қиыр Шығысқа шабуылдары»

Орындаған МО-11к

тобының студенті

. .

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы Назаров Е. Ж.

Қарағанды 2016

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 ДҮНИЕ ЖҮЗІН ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ БӨЛІСУДІҢ АЯҚТАЛУЫ7

1. 1 Еуропалық державалардың отарлау саясаты7

1. 2 Англияның протекторатының орнауы8

1. 3 Орта Азиядағы Ресей саясаты. Ағылшын - орыс қарама - қайшылықтары9

1. 4 Ағылшын - француз қарама - қайшылықтар11

1. 5 Ұлы державалар саясатындағы Африка және әлемді отарлық бөлісудің аяқталуы11

2 XIX ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚИЫР ШЫҒЫСТЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙ14

2. 1 Қиыр Шығыстағы ұлы державалардың күресі. Жапондық экспансия және Қиыр Шығыс мәселесінің шиеленісуі14

2. 2 Ағылшын-Жапон қайшылықтары15

2. 3 Жапон - қытай соғысы16

2. 4 АҚШ-тың «Ашық есік саясаты»18

2. 5 Ұлы державалардың ықпал ету аймағы үшін күрес20

ҚОРЫТЫНДЫ22

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ27

ҚОСЫМША29

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Адамзат тарихында маңызды орын алатын екінші дүниежүзілік соғыс тарихында Қиыр Шығыс майданының алатын орны да ерекше. Өйткені ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Халықаралық қысым жағдайындағы Жапония мен Германияның саяси позициясы бір біріне ұқсас болды.

Өздерін құдай жарақан деп есептейтін Ямато нәсілі мен ежелгі германдықтардан шыққан құдайдың неміс-арийлік нәсіліміз деп етептеушілік олардың ұлтшылдық тұрғыдан бір біріне жақындасуына негіз болды.

Жапон билеуші топтары Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияны жаулап алуға бағытталған агрессивті жоспарларын жүзеге асыруда үлкен әзірлік жасады. Ол үшін Жапон билеуші топтары Еуропада одақтастар табуға ерекше ынталы болды. Серіктес ретінде олар гитлерлік Германияны таңдап алды, ал ол өз кезегінде белсенді түрде Азиядағы Жапония сияқты Еуропада соғысқа дайындалып жатты.

Алдымен Азияда және Қиыр Шығыстағы үстемдікке ие болуды мақсат еткен Жапонияның билеуші топтары екі бағыттағы 1936 жылдан бастап соғысқа дайындалу керектігі жөнінде шешім қабылдайды: оңтүстікте - АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Франция мен Голландияға қарсы және солтүстікте - КСРО-ға қарсы. Бұл бағыт 1936 жылы 7 тамызда қабылданған «Ұлттық саясаттың негізгі принциптері» атты үкіметтік құжатта бекітілді, онда «империяның Шығыс Азидағы жалғыз және қалыпты күшке айналуы» туралы айтылды.

Бұл құжатта жазылған мақсаттарға жету үшін жапон билігі алдымен әскери істерді қаржыландыруға көңіл бөлді. «Экономиканың дамуы барысында әскери өндіріске көп көңіл бөлінді, ол 1935 жылдан 1939 жылға дейін 3 есеге артты. Әсіресе құрлықтағы әскерилерге қару-жарақ жасау өндірісі дамыды. Экономиканың жан-жақты милитарлануы әскери күштер санының тез қарқынмен өсуімен қатар жүрді. 1937 жылға қарай Квантун әскерінің саны 5 есеге артты. Флот жаңа кемелермен толықтырылды, флоттың жеке құрамы 25 %-ға өсті. Экономикалық және әскери бағдарламалармен қатар жапон билеуші топтар соғысқа идеологиялық әзірліктің жоспарын жасады. 1936 жылдың мамырында әскери министрлік «Барлау және үгіттеуші қызметке қатысты бағдарламаның жалпы жағдайлары » атты құпия құжат қабылданады. Бұл құжатта соғысты радио, кино, баспа, театр арқылы насихаттауды, сонымен қатар мектептерде, жоғарғы оқу орындарында насихаттауды күшейтудің маңыздылығы атап өтілді [1, б. 24] .

Жапон билеуші топтары соғысқа дипломатиялық жағынан да дайындалды. Олар агрессия жағынан өзеріне одақтастар іздеді. Бұл мәселені шешуде Токио Кеңес Одағын Тынық мұхитындағы ірі держава болғандықтан Шығыс Қиырдағы соғыста үлкен кедергі келтіретінін ескерді. Мұның барлығы Жапонияның сыртқы саясатындағы бағытқа әсер етті. Зоргенің барлау тобы бұл жағдайларға мынадай талдау берді: «Коноэ комитетінің құрылуы Жапонияның жоғарғы топтарының соңғы мүмкіншілігі болды. Кабинеттің құрылуын қаржы және саяси топтар қолдады.

Сонымен қатар әскер де қолдады. Азаматтық билік Коноэнің әскерді бағындырып әскери-азаматтық билікті құра алады деп сенуде. Әскер болса Коноэнің жақсы атағы мен реформисттік көзқарастарын өз мақсаттарына жету үшін пайдаланды».

Жапония Қытайға қатысты саясатының жұмсартып көрсеткісі келді. Токионың дипломатиялық өкілдері Ұлыбританияны Жапонияның Солтүстік Қытайды Нанкин үкіметінің юрисдикциясынан шығарып және онда өз дербес режимін орнату ойы жоқтығын дәлелдеп бақты. Коноэ кабинеті Англиның Оңтүстік және Орталық Қытайдағы мүдделерін құрметтеуге және осы облыстардағы басқа да державалармен ынтымақтасуға келіседі.

Сонымен қатар ол Англияның Қытайға тек Жапониямен кеңесінен кейін ғана қарыз беруін көздеді, өйткені ол Солтүстік Қытайды экономикалық эксплуатациялау үшін ағылшын капиталын тартуды ойластырды. Осылайша, Қытаймен соғыс Жапонияның әр түрлі топтарына пайдалы болды, сондықтан да аз уақыттың ішінде соғыс кең құлаш жайды.

Соғыстың алғашқы кезеңіндегі жапон армиясының жеңістері және Солтүстік пен Орталық Қытайдағы қуыршақ үкіметтердің құрылуы жапондық әскери-саяси биліктегілердің мақсаттарын өзгертті. Коноэ кабинеті әрдайым өз сыртқы істердегі мақсаттарының ауқымын кеңейтіп отырды, сөйтіп бұрынғы «Шығыс Азиядағы бейбітшіліктің сақталуы» лозунгінің орнына «Шығыс Азия үшін жаңа тәртіп» концепциясы келді.

Жапонияның азия саясатындағы экспансиясы туралы мәселенің күрделенуі ары қарай жалғаса берді, ол АҚШ-пен соғысқа алып келетін «Бірігіп даму» концепциясынан айқын көрініс тапты [2, б. 65] .

Бірақ болашақтағы Германияның КСРО-ға шабуыл жасауы бірінші орынға советтік Шығыс Қиырды жаулап алу идеясын шығарды. Жапондықтардың Қытайға қарсы қарулы агрессиясы бүкіл әлемдегі жағдайды өзгертті. Алдымен Шығыс Қиырдағы импералистік державалар арасындағы күрес күшейді және бұл аудандардағы олардың саясатының бағытын айқындап берді. Қытайда АҚШ, Германия, Англия, Франция, Италия, Жапония сияқты құдіретті елдердің мақсат-мүдделері тоғысты. Қытай оларға тиімді тауар өткізу рыногі және капиталдың енуі үшін зор мүмкіндігі бар шикізат қорының бай көзі ретінде қарастырылды.

1941 жылы 25 маусымда Жапонияның сыртқы істер министрі Мацуко бас Штаб пен үкіметтің бірлескен мәжілісінде КСРО мен қарым қатынастың қажеттілігі, яғни «не қан төгіс, не дипломатия орнату жұмыстарын жүргізуі» туралы мәлімдеді. Осыдан кейін 1941 жылы 5 шілдеде жапон үкіметі «Кантокуэн» жоспарын жасады. Бұл жоспар Маньчжуриядағы КСРОмен шекарада басып кіруші күштерді ұстауды шоғырландыруды көздеді. Әскери иәрекеттерді бастау 1941 жылдың 7 шілдесіне жоспарлап, әскери күштерді мобилизациялау жұмыстары жүргізіліп, Квантун армиясының саны 881мыңға жетеді. Бірақ неміс фашистеріне қарсы ерлік соғыстар мен Хасан көлі (1938) және Халкин-Голдағы (1939) кеңес-жапон қақтығыстары Қызыл Армияның жоғарғы әскери қабілеттілігін дәлелдеді. Мұның өзі соғыстың белгіленген мерзімін 1942 жылдың жазына ауытыруға әкелді.

КСРО ға қарсы өз жоспарларын Жапония Германияның кеңес-герман майданындағы жеңістерімен байланыстырып отырды. Осыған орай Қиыр Шығыстағы майдан әскерлеріне қарсы Жапония «№51 Операция» жоспарын даярлады, онда екі басқыншылық шабуылмен Приморье мен Забайкальедегі Транссиб бөлігін басып алу қарастырылды. Бұл операцияны жүзеге асыру үшін шекарада 30 жаяу әскер дивизиясы, 1 танк армиясы, бірнеше жаяу және аралас дивизия, 1200 адамы бар 2-ші әуе армиясы, 1мың танк, 1400 әскери самолет, 5500 қаружарақ қажет болды [3, б. 89] .

Бірақ Сталинград және Дон майданының неміс әскерлерін талқандауы Жапонияның Вермахт күшіне деген сенімін жоғалтты. 1943 жылы 6 наурызда Берлиндегі жапон елшісі Жапония үкіметінің тапсырмасымен Токионың КСРО-мен соғысқа енуінің мүмкін еместігін мәлімдеді. Бірақ бүкіл екінші дүниежүзілік соғыстың барысында Жапония фашистік блокты қолдап, Қиыр Шығыстық шекарада көптеген әскерін шоғырландырып, бұрын КСРО-да тұрған қытайлықтардан, нанайлықтардан, корейліктерден және орыс эмигранттарынан диверсанттар үшін оқу орталықтарын ұйымдастырды. Сонымен қатар Жапония Мәскеудегі жапон елшісінен келіп түскен хабарламалар арқылы Германияны КСРО-ның экономикалық және әскери-стратегиялық жағдайы жөніндегі барлаушылық ақпараттармен қамтамасыз етіп отырды. Агенту-ралық мәліметтерді жапон арнаулы қызметі радитехникалық, авиациялық және теңіздік барлаумен тексеріп отырды.

Қиыр Шығыс майданы әрекет етуші армия үшін резервтер даярлаудың базасы болды. Осы жерден жасақталып, майданға 23 дивизии (16 атқыштар, 4 танк, 2 кавалериялық, 1 моторлы), 19 бригада (3 әуе-десанттық, 3 атқыштар, 13 артиллериялық), жүздеген марштық рота, батареялар мен командалар, авиациялық бөлімдер, көп мөлшерде әскери техникалар, 1 млн. астам солдаттар мен офицерлер, шамамен 28 мың. адам жіберілген. 1945 жылы сәуірде кеңестер Одағы Жапониямен нейтралитет туралы пактіні жойып, Потсдам конференциясының шешіміне орай тамыз айынан бастап Жапониямен соғысқа кіргенін жариялады. Осы халықаралық жағдайларды зерттеу мен олардың халықаралық мемлекеттердің қарым-қатынасына әсерін бағалау осы зерттеу жұмысын өзекті ете түседі.

Ал зерттеу жұмысының мақсаты - Ұлы державалардың ұстанған позицияларын анықтай отырып, олардың Қиыр Шығысқа шабуылдарын зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

- Еуропалық державалардың отарлау саясатын зерттеу;

- Англияның протекторатының орнауын зерттеу;

- Орта Азиядағы Ресей саясаты. Ағылшын - орыс қарама - қайшылықтарды анықтау;

- Ағылшын - француз қарама - қайшылықтарын қарастыру;

- Ұлы державалар саясатындағы Африка және әлемді отарлық бөлісудің аяқталуын зерделеу;

- Қиыр Шығыстағы ұлы державалардың күресін қарастыру;

- Ағылшын-Жапон қайшылықтарын, Жапон - қытай соғысы н, АҚШ-тың «Ашық есік саясатын», Ұлы державалардың ықпал ету аймағы үшін күресін зерттеу.

Зерттеудің деректік қоры маңыздылық деңгейлері бойынша төмендегідей сараланады. Зерттеу көздерін мұрағат құжаттары, біржақты және көпжақты ресми, дипломатиялық іс-қағаздар мен құжаттар жинағы құрайды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізіне тарих, халықаралық қатынастар, саясаттану ғылымдарының қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлері мен тұжырымдары, осы саладағы жетекші ғалымдардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің мемлекетаралық саясат, оның принциптері мен теориясы туралы жазған еңбектері алынды. Зерттеу жұмысын жүргізуде қазіргі кезде халықаралық қатынастар теориясы мен сыртқы саясатта қолданылып жүрген «Мемлекеттердің сыртқы саясаттағы ұлттық және мемлекеттік мүдделері принципі» методологиялық негізіне айналды. Теориялық-методологиялық негіз ретінде, тарих пен философияның іргелі тұжырымдары пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысы барысында нақты - тарихи, салыстырмалы тарихи, талдау, жинақтау және қорыту әдістері қолданылды. Жиналған деректерге талдау жасай отырып тарихи салыстырмалық, тарихи-жүйелеу, хронологиялық, статистикалық әдістер қолданыс тапты.

Деректер мен зерттеулерге тарихнамалық талдауда салыстырмалы-тарихи әдіс тарихи еңбектердегі идеологиялық сипаттағы берілген тұжырымдардың себептерін айқындауда аса маңызды болып табылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 ДҮНИЕ ЖҮЗІН ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ БӨЛІСУДІҢ АЯҚТАЛУЫ 1. 1 Еуропалық державалардың отарлау саясаты

XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Азияның шығысында капиталистік мемлекеттердің отарлық экспансиясы басталды. Англия мен Францияның Қытайдағы және Үнді-Қытайдағы соғыстары, сонымен қатар батыс державаларының Тайпин көтерілісіне қарсылығы Шығыс және Оңтүстік Азия халқын капиталистік әлемнің отарлық жүйесіне енуге мәжбүрледі.

Капиталистік державалар өзінің отарлық саясатын жүргізу үшін барлық жағдайды пайдаланды: әскери қимылдар, саудаға ену, қаржыны өмірлік құлдық ету, миссионерлердің қызметі, дипломатия.

Отарлық саясат жүргізілген аудандарда буржуазиялық дипломатия әдісі арқылы шығыс елдерінің ішкі саясатына қол сұғу, «халық теңдігі» атты жамылғы фразаларды пайдалану арқылы үстемдік жүргізу елді қанаудың бір көрінісі ретінде танылды. Мұндай отарлық экспансияның алдыңғы қатарында XIX ғасырдың ортасында Англия тұрды. Англиядан кейін шығыс және оңтүстік шығыста Франция мен АҚШ, ал Солтүстік Шығыс Азияда патшалық Ресей үстемдікке қол созды.

Феодалдық мемлекеттердің ортақ дипломатиялық сипаты өз мемлекетін тұйықталу саясатынан арылту болса, шығыс дипломатиясы оған қарсы тұрмақ болды. Олар капиталистік державалардың талабын элсіретпек немесе бейтарап етіп қалдыру ойымен бір - біріне қарсы қою арқылы өзара қақтығыстырды. Шығыстың құқықсыз халық бұқарасы феодалдық езгіге түсе отырып, отарлық құлдыққа бас ұрды. Олар заңды түрде елдің сыртқы және ішкі саясатына араласа алмады.

XIX ғасырдың екінші жартысында Азия мен Африканың кең аудандарын басып алу арқылы батыстың капиталистік державалары бүл елдерді экономикалық және саяси бағынышты етті. Мұндай тәуелді мемлекеттер қатарына Түркия, Иран, Ауғанстан жатты [4, б. 65] .

70-жылдардың басында Осман империясының шетелдік державаларына бағыныштылығы айқын байқалды. Шетел капиталистері эквивалентті емес сауданы, тең емес келісімшарттарды, капитулляция режимін пайдалану арқылы және Оттоман империя банкіне үстемдік ете отырып, өз саясаттарын ашық жүргізді. Олар Түрік феодалдары мен компрадорлық буржуазияға сүйенді.

Берлин конгресінен кейін ұлы державаларға Осман империясының бағыныштылығы артты. 1879 жылы Түркия өзін толығымен банкрот деп жариялады. Шетел несие берушілерімен жүргізілген келіссөздерден кейін, 1881 жылы желтоқсанда Мұхарем декретіне қол қойды. Декрет бойынша сұлтан Оттоман мемлекеттік қарызын басқаруды бекітті. Басқару басында несие беруші мемлекеттер өкілдері: Англия, Франция, Германия, Австро -Венгрия және Италия түрды. Түрік үкімет комиссары тек кеңес беру құқығына ғана ие болды. Франция капиталистеріне Сириядағы, ағылшындарға Измирдегі темір жол капиталы берілді. Бағдат жолын салудағы ірі концессияға неміс капиталы иелік етті.

Осман империясында жаңа шетел банктері пайда бола бастады. Стамбулда Франция банкінің бөлімшесі ашылды. Ал 1888 жылы бірнеше батыс Еуропа банктері бірге отырып, «салоник банкінің» негізін қалады. Сонымен қатар, капиталистік державалар Түркияны саяси жағынан да өздеріне тәуелді етті. 1883 жылы Түркияға герман әскери миссиясы шақырылды. Шетел кеңесшілері флотта, жандармерияда тағы басқа мемлекеттік аппарат бөлімдерінде қызмет етті.

Түркияның тәуелді мемлекет ретінде өзінің ерекшеліктері де болды. Соның бірі Түркия Азиядағы ұйымдасқан және әскери қимылдарды жетік меңгерген армияға иелік етті.

1. 2 Англияның протекторатының орнауы

Ұлыбританияның қол астына өткен Ауғанстан. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Иранның Англия мен Патшалық Ресейге тәуелділігі арта түсті. Ағылшын және орыс, кейінірек басқа да шетел кәсіпкерлері шах үкіметіне маңызды концессиялар жасау керек екендігіне мәжбүрледі.

1862 - 1872 жылдарда ағылшындар Иранда Лондон мен Үндістанды байланыстыратын телеграф торабын салу туралы келісім жасауға көндірді. Біраз уақыттан кейін солтүстік провинцияларда патшалық Ресейдің басшылығымен жасалған телеграфтар пайда болды. Оңтүстік Иранның тас жолдары ағылшын отарлаушыларының, ал солтүстіктегі тас жолдар орыс патшалығының бақылауына берілді [5, б. 46] .

1890 жылы Иранда теңіз жол салыну жөніндегі келісімге қол қойылды. Өйткені Англия бұл жол арқылы Ресей екеуінің арасында қайшылықтар туса орыс әскері өз жасағын Үндістан шекарасына апара алар еді. Ал Ресей болса, арзан ағылшын тауарларының Иранның солтүстік бөлігіне енуінен қорықты. 1872 жылы шах ағылшын телеграф агенттігінің бастығы барон Рейттерге 70 жылдық концессияны ұсынды. Ол бойынша ағылшындарга жол құрылысында, минералды және орман байлықтарын игеруде монополистік кұқық берілді. Рейттерге Иран кеден басқару қызметі де өтті. Рейттер концессиясына қарсы елден наразылық туындады. Шах үкіметі қаржылай таршылық көре отырып, шетелдіктермен тағы басқа әр түрлі келісімдер жасауға мәжбүр болды.

Иран шетел монополияларының қаржылық тәуелділігіне көнді. 1889 жылы шах үкіметі Рейттерге 1872 жылы күшін жойған концессияны қайта қарау туралы ұсыныс жасады және империялық (Шахиншах) банкті құруды тапсырды. Бүл шетел банк банкноттар шығаруға монополиялық кұқық алды, тиын сарайын бақылауға алып, шетел валютасының курсын қадағалады. Солтүстік Иранның экономикалық өмірінде Тіркеу қарыз беру банкі ерекше орынға ие болды. Ол 1890 жылы орыс капиталисі Поляковтың басшылығымен құрылған болатын. Орыс және ағылшын банктері арасында қызу тартыс басталды. Мемлекеттік аппаратта шетел кеңес берушілерінің рөлі артты. Почта және телеграф министрлігінде ағылшын кеңесі, кедендік хаттамалықта Бельгияның еншісі артты. Астанадағы және солтүстік аудандардағы қызметтерге орыстар, оңтүстіктегі ағылшындар тағайындалды. XIX ғасырдың аяғында Иранның жартылай отарға айналу процесі аяқталды. Шах, министрлер, губернаторлар, шетел отарлаушыларының жол сілтеушілеріне айналды. Оңтүстікте ағылшын, солтүстікте орыс имперализмі орнады. Олардың әрқайсысы жоғарғы мәртебеге жетуді көздеді [6, б. 34] .

Шетелдіктердің отарлық езгісінен Ауғаныстанда қүтыла алмады. Өйткені ол Үндістанға, Иранға, Орталық Азияға өтетін көпір болып саналды. Ағылшындықтардың бүл елді басып алу саясаты 1839 -• 1842 жылдардағы ағылшын - ауған соғысы кезінде - ақ басталған болатын. 70 -жылдары Англия үкіметінің басына Дизраэлидің консервативтік кабинетінің келуі нәтижесінде бүл ел өзінің жаулап алу саясатының кең ауқымды бағдарламасын жасады.

1875 - 1878 жылдары Ағылшын - Үндістан үкіметі Ауғанстанның әмірі Шер Али Ханды Ауғанстанды ағылшын протекторатына айналдыратын келісімді жасауға мәжбүрледі. Ауғандықтар мұндай ауыр талаптарды орындаудан бас тартты және Кабулға ағылшын резиденттерін кіргізбейтінін мәлімдеді. Алайда 1879 жылы 26 - мамырда жаңа әмір Якуб -хан Гандамахта ағылшын өкілімен Ауғанстанды тәуелді мемлекет ететін келісімшартқа қол қойды. Кабулда ағылшын резиденциясы орналасып, олардың қолына Кандагар облысы өтті. Ағылшын дипломатиясы Ауғанстанды Ресейге қарсы пайдаланбақ болды. Ресейге оңтүстік Түрікменстан қосылғаннан кейін, 1885 жылы Ауғанстан мен орыс әскері арасында жанжал туғызуға мүмкіншіліктер жасалды. Таш - Кеприде Ауған әскері талқалданғаннан кейін, Ресейге қарсы әскери қимылдар тоқтатылды. Сыртқы саясаттағы қиыншылықтарға қарамастан Ауған үкіметі ішкі істерде де дербестігін сақтап қалды.

1. 3 Орта Азиядағы Ресей саясаты. Ағылшын - орыс қарама - қайшылықтары

1869 жылдың басында Британ сыртқы істер министрі Лорд Кларендон орыс елшісі Брунновпен Англия мен Ресейдің Орта Азиядағы ықпал ету аймағы жөніндегі келіссөздер және екі мемлекет арасында «басқа да қол сұғушылықтан корғайтын белдеуді» сақтау керек екендігі жөніндегі мәселелер талқыланды. Британ үкіметі бұл жақындасу Үндістан халқының Ресей тарапынан қолдау көрсететіндігіне үмітін туғызып, елдің солтүстігіне көтеріліс тудыратынына кәміл сенді. Патшалық үкімет Ауғанстанды бейтарап мемлекет деп санап, оның істеріне қол сұқпауды ұсынды. Бірақ ағылшын министрлігі бүл талаптарды қабыл алмады. Англия Ауғанстанды өзіне тәуелді мемлекет ретінде қарастырып, оның солтүстік бөлігіндегі иеліктерінің шекарасын анықтауда еркіндік танытты. Патша үкіметі мен осындай мәселелерді шешу үшін Петербургке Үндістанның вице - королі Д. Форсайт іс - сапармен келді. Екі ел арасында үш пункттен тұратын келісімге қол қойылды:

1. Ауғанстанның территориясы болып Шер - Али - хан иелігіндегі жерлер танылсын.

2. Әмір өз территориясын Бұқар жерлері арқылы кеңейтуден бас тартуы қажет.

3. Орыс үкіметі Ауған территориясына Бұқар әмірлігі тарапынан қол сұқпаушылығын бақылауы тиіс [7, б. 91] .

50-60 жылдары ағылшын - орыс қайшылықтары Ирандағы, Ауғанстандағы және Орта Азиядағы дипломатиялық қатынастардың орталық түйіні болды. Британ отарлаушылары өздеріне Түркия, Иран, Ауғанстан жерлерін басып алып, бағындарғысы келді. Бірақ бүл Англияның қолынан келмеді. Олар өздерінің агрессорлық жоспарлары бойынша Ауғанстанды өздеріне тәуелді етіп, Иранда өз үстанымдарын күшейтті. Англия өзіне тәуелді мұсылман мемлекетінің тізбегін құрауды жоспарлады. Осы негізде Хиуаға, Орта Азияға өзінің эмиссарларын жіберді. Патшалық Ресей Иранға ықпал етуші бірден - бір мемлекет болып қала берді және Орта Азиядағы үлкен территорияның қосылуы арқасында (бұл территорияларда Қоқан және Бұқар хандықтарының үстемдігі жүрді) өз позициясын күшейтті. Англия мен Ресейдің Орта Азия нарығы және плацдармы үшін күрес күшейе берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық жағдай
Цинь империясының сыртқы саясатының кезеңдері
Америка Құрама Штаттарының Версаль келісімінен кейінгі сыртқы саясаты
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Америка Құрама Штаттарының Жапония мен Қореяға қатысты саясаты
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қиыр Шығыстығы халықаралық жағдай
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынастардың барысы
Бірінші дүниежүзілік соғысқа дипломатикалық дайындық
Бірінші дүниежүзілік соғысты жан-жақты талқылап, тарихи мәнін ашу
Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы
Тынық мұхиттағы соғыс кезіндегі Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапонияның сыртқы саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz