«Абай жолы» романындағы тұрақты тіркестер
КІРІСПЕ 3
I ТАРАУ. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ 5
1.1 Фразеология ілімінің қалыптасу тарихы 5
1.2 Фразеологиялық оралым және оның түрлері 11
1.3 «Фразеологиялық бірлік.сөз» қатынасының мәселесі 17
II ТАРАУ. ««АБАЙ ЖОЛЫ»» РОМАНЫНДА ФРАЗЕОЛОГИМЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 20
2.1 «Абай жолы» романында қолданылған фразеологизмдердің жіктелуі 20
2.2 «Абай жолы» романында фразеологизмдерді қолданудағы стилистикалық тәсілдер 27
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
ҚОСЫМША 35

Тақырыптың өзектілігі: Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйғыза отырып, халықтың сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени-тұрмыс тарихын бейнелейтін тұрақты тіркестерді оқып-танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес.
Фразеология – соңғы жылдары дамып, қалыптаса бастаған жаңа лингвистикалық пән. Фразеология өз алдына бөлек линвгистикалық пән ретінде тіліміздегі фразеогизмдерді құрылысына, мағыналық ерекшелігіне қарай жіктеп топтастырады және тұрақты сөз тіркестерінің құрамын анықтап, оның жасалу жолдарын, даму заңдылықтарын зерттейді.
Фразеологизмдер – қазақ әдеби тілінің айшықты да, мәнерлі де бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді, бояуы қанық алуан түрлі тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
Фразеологизмдер сөзді жандандырып, тілімізге өткірлік сипат, ұлттық ажар беретін стильдік мәні айрықша құрал болып саналады. Тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөз, мақал-мәтелдер, идиомалар аз сөзбен көп мағынаны білдіреді, тілдің стильдік сапасын арттырады.
Фразеологизмдер тек жалпы халықтың формада ғана қолданылмайды, бұл тәсіл көбінесе ақын-жазушыларға тән, жалпы халықтың формадағы тұрақты сөз тіркесін өзгертіп қолдану арқылы жаңа мағына беріледі. Олар көбінесе ауыспалы мағынада жұмсалып, тілімізде бейнелегіш, мәнерлілік қызмет атқаратыны белгілі. Бірақ стилистикалық тәсіл ретінде тұрақты сөз тіркестері тура мағынада да қолданылады.
«Абай жолы» романында фразеологизмдердің түрлері, ұйытқы және сандық фразеологизмдердің қолданылуы өте көп кездеседі. Романдағы осы фразеологизмдердің түрлері, ұйытқы және сандық фразеологизмдерді жинақтап жүйелеу, олардың қолданылуындағы стилистикалық тәсілдер тақырыптың жаңалығы болып есептеледі.
«Абай жолы» романындағы фразеологизмдерді зерттеу мәселесі әлі толық зерттеле қойған жоқ. Бұл бойынша ғылыми мақалалап бар болғанымен, өз алдына арнайы жұмыстар аз жазылған.
Курстық жұмысының мақсаты – «Абай жолы» романында фразеологизмдердің түрлерінің қолданылу жақтарын зерттеп, оларды жіктеу, олардың қолданылуының стилистикалық тәсілдерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
фразеологизмдер түсінігі және олардың мәнін ашу;
фразеологизмдердің жіктелінуі мен зерттелуін қарастыру;
«Абай жолы» романында қолданылған тұрақты тіркестердің стилистикалық жақтарын зерттеу.
«Абай жолы» романында қолданылған фразеологизмдерді жіктеу..
Курстық жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын филологтарға, Абайтану сабақ барысында қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады, сонымен қатар арнайы курстар мен семинар сабақтарда пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараулардан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 2007. – 255 б.
2. Сатенова С. Қос тағанды фразеологиялық тіркестердің авторлық қолданысына қарай өзгеруі // Тіл тарихы және сөз табиғаты. – Алматы: Ғылым, 2007. – 85-89 бб.
3. Смағұлова Г. Фразеологизмдердің синонимдік қатарлары // Тіл тарихы және сөз табиғаты. – Алматы: Ғылым, 2007. – 89-96 бб.
4. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы мен фразеологиясы. Алматы: Дәуір, 2003. 247 б.
5. Арнольд И.В. Современные лингвистические теории взаимодействия системы и среды. // Вопросы языкознания. 2001. №3.
6. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. В поисках новых путей лингвострановедения. Дом бытия языка. М.: ИКАР, 2000.
7. Виноградов В. В. Основные типы лексических значений слова. // Вопр. языкознания. 2003. № 5.
8. Герд А.С. О некоторых проблемах этнолингвистики. // Этнографическое обозрение. 2004. №5.
9. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» - І. Кеңесбаев. «Ғылым» баспасы, А.:- 2007. 485 б.б.
10. Жалақов Серік Игілікұлы. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері, канд.дис. 10.02.02. 2003
11. Кәрібаева І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 2007
12. М.Әуезов «Абай жолы». I-II том. Алматы, 2007.
13. Хожақметова Қ. Фразеологизмнің көркем әдебиетте қолданылуы, 2010.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Абай жолы романындағы тұрақты тіркестер
Пәні: Қазіргі қазақ тілі морфологиясы
Студент: ______________
Жетекші: _____________
2016-2017 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I ТАРАУ. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ 5
1.1 Фразеология ілімінің қалыптасу тарихы 5
1.2 Фразеологиялық оралым және оның түрлері 11
1.3 Фразеологиялық бірлік-сөз қатынасының мәселесі 17
II ТАРАУ. АБАЙ ЖОЛЫ РОМАНЫНДА ФРАЗЕОЛОГИМЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 20
2.1 Абай жолы романында қолданылған фразеологизмдердің жіктелуі 20
2.2 Абай жолы романында фразеологизмдерді қолданудағы стилистикалық тәсілдер 27
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 34
ҚОСЫМША 35
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйінге сыйғыза отырып, халықтың сана-сезім, салт-дәстүр, мәдени-тұрмыс тарихын бейнелейтін тұрақты тіркестерді оқып-танымайынша, тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес.
Фразеология - соңғы жылдары дамып, қалыптаса бастаған жаңа лингвистикалық пән. Фразеология өз алдына бөлек линвгистикалық пән ретінде тіліміздегі фразеогизмдерді құрылысына, мағыналық ерекшелігіне қарай жіктеп топтастырады және тұрақты сөз тіркестерінің құрамын анықтап, оның жасалу жолдарын, даму заңдылықтарын зерттейді.
Фразеологизмдер - қазақ әдеби тілінің айшықты да, мәнерлі де бай саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді, бояуы қанық алуан түрлі тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді.
Фразеологизмдер сөзді жандандырып, тілімізге өткірлік сипат, ұлттық ажар беретін стильдік мәні айрықша құрал болып саналады. Тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөз, мақал-мәтелдер, идиомалар аз сөзбен көп мағынаны білдіреді, тілдің стильдік сапасын арттырады.
Фразеологизмдер тек жалпы халықтың формада ғана қолданылмайды, бұл тәсіл көбінесе ақын-жазушыларға тән, жалпы халықтың формадағы тұрақты сөз тіркесін өзгертіп қолдану арқылы жаңа мағына беріледі. Олар көбінесе ауыспалы мағынада жұмсалып, тілімізде бейнелегіш, мәнерлілік қызмет атқаратыны белгілі. Бірақ стилистикалық тәсіл ретінде тұрақты сөз тіркестері тура мағынада да қолданылады.
Абай жолы романында фразеологизмдердің түрлері, ұйытқы және сандық фразеологизмдердің қолданылуы өте көп кездеседі. Романдағы осы фразеологизмдердің түрлері, ұйытқы және сандық фразеологизмдерді жинақтап жүйелеу, олардың қолданылуындағы стилистикалық тәсілдер тақырыптың жаңалығы болып есептеледі.
Абай жолы романындағы фразеологизмдерді зерттеу мәселесі әлі толық зерттеле қойған жоқ. Бұл бойынша ғылыми мақалалап бар болғанымен, өз алдына арнайы жұмыстар аз жазылған.
Курстық жұмысының мақсаты - Абай жолы романында фразеологизмдердің түрлерінің қолданылу жақтарын зерттеп, оларды жіктеу, олардың қолданылуының стилистикалық тәсілдерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
oo фразеологизмдер түсінігі және олардың мәнін ашу;
oo фразеологизмдердің жіктелінуі мен зерттелуін қарастыру;
oo Абай жолы романында қолданылған тұрақты тіркестердің стилистикалық жақтарын зерттеу.
oo Абай жолы романында қолданылған фразеологизмдерді жіктеу..
Курстық жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын филологтарға, Абайтану сабақ барысында қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады, сонымен қатар арнайы курстар мен семинар сабақтарда пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараулардан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ТАРАУ. ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
1.1 Фразеология ілімінің қалыптасу тарихы
Фразеология (грек. phrasіs - сөйлемше, logos - ұғым) - 1) тілдегі тұрақты тіркестерді қазіргі және тарихи даму тұрғысынан тексеретін тіл білімінің саласы; 2) бір тілдегі тұтас Фразеологиялық қор.
Фразеологияның қалыптасуындағы объективті және субъективті факторлар - фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі және сөйлеу кезіндегі сөз тіркестерінің туынды мағынаға ие болуы. Ал сөздің жанамалық қатыста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық қызмет пен жүйе, әлеуметтік жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсету, т.б. фразеологияның басты міндеттері болып саналады. Фразеология негізінен психология, философия, тарих, этнографиямен тығыз байланысты. Қазіргі кезде фразеологизмдерді кең ұғымда түсінуді жақтаушылар фразеологияның зерттеу аясын кеңейтуді ұсынуда. Фразеологияны семантикалық дәрежелер қатарында фразеологизмдердің антонимді, синонимді, омонимді, көп мағыналы құбылыстарына талдау жасайды. Фразеология тұрақты тіркестердің эмоционалды-экспрессивті ерекшеліктеріне орай, олардың қолданылу аясында стильдік дәрежелену сатысын айқындап, жалпы стильдік қызметін саралайды. Фразеология фразеологиялық тіркестердің белгілерін анықтау принциптері мен әдістерін басшылыққа ала отырып, фразеологиялық тіркестердің сөздерде толық тұжырыммен сипатталуына назар аударады. Компоненттер бірлігі Фразеологиялық мағынаны түсіну үшін аналитикалық талдау, фразеологизмдердің семантикалық, тақырыптық жүйеленуі, жеке сөздің компоненттер құрылымындағы орны фразеологиялық факторлармен дәлелденуді қажет етеді. Фразеология бұрыннан қалыптасқан зерттеу әдістерін жетілдіре отырып, фразеологизмдердің семантикалық-синтаксистік құрылымын басқа ұқсас жағдайлардан ажырату үшін фразеологиялық тіркес шегін белгілеп зерттейді. Түркі фразеологиясында фразеологизмдердің тұлғалық, мағыналық, тақырыптық жақтарының күрделілігіне қарай ғылыми ізденістерде зерттеу әдістерінің бағыт-бағдары әр түрлі. Фразеологияда елтануға негізделген лингвистика фразеологизмдер арқылы жүзеге асырыла бастады. Яғни, ұлт мәдениетін болмыс ұғымының аясында таныту мақсатында тілдің жинақтау қызметі арқылы фразеологизмге этнолингвистикалық талдау жүргізу. Фразеологизмдер стилистикамен тығыз байланысты болғандықтан, оларды тіл білімімен қатар әдебиеттану ғылымы да зерттейді.
Фразеологизмдер - тіл атаулының бәріне тән құбылыс. Тілдердің, әсіресе, құрылымы әр түрлі туыстас емес тілдердің фразеологизмдерін кешенді түрде салғастыра зерттеу - салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімінің қызықты, әрі келешегі мол саласы [1, 56 б.].
Фразеология саласын тіл білімінің жеке пәні ретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым лингвистердің еңбектері ерекше орын алады. Олардың ішінде Копыленко М.М., Кеңесбаев I., Қайдаров А.Т., Сәбитова М.Т., Чернышева И.И., Флейшер В., Добровольский Д., Исабеков С.Е., Сәтенова С.К., Смағұлова Г.Н., т.б. атақты ғалымдардың жалпы және салыстырмалы-салғастырмалы фразеология саласының дамуына қосқан үлестері орасан зор.
Тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу олардың бір-бірімен ұқсастық, бір-бірінен айырмашылық заңдылығын анықтауға, тілдің ұлттық қасиеттерін тереңірек түсінуге, жалпы және жеке аударма теориясының қалыптасуына зор мүмкіндіктер береді.
Тілдерді, әсіресе, үнді-еуропа тілдерінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, т.б. жүйелерін типологиялық салғастырмалы әдісімен зерттеу XX ғасырдың екінші жартысынан басталып, бүгінгі таңда бұл бағыт салыстырмалы және салғастырмалы тіл білімі ретінде өз алдына лингвистикалық жеке сала ретінде қалыптасып отыр.
Тіл біліміндегі салыстырмалы-салғастырмалы әдісті қолдану арқылы әртүрлі туыстас және туыстас емес тілдердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, фразеологиялық т.б. жүйелерін салыстырып, салғастырып зерттеуге болады. Бұл әдістің түп төркіні ХІХ ғасырдың басынан бастап туыстас тілдер семьясы мен тобы, олардың туыстық қатынасы мен дәрежесін зерттеуге арналған салыстырмалы-тарихи әдісте жатыр. Салыстырмалы-тарихи әдіс туыстас тілдердің деректерін салыстыра тарихи тұрғыдан зерттеп, ондағы лексикалық және грамматикалық құбылыстардың шығу тегі, өзгеруі мен дамуын және түп тегінің бірлігін анықтау үшін қолданылған [2, б. 26].
Кейіннен осы атақты әдістің нәтижелері мен деректерін есепке ала отырып, тіл білімінің жаңа принциптері айқындалды, бұрынғы деректер жаңа мәліметтермен толықтырылды. ХХ ғасырда салыстырмалы әдіс арқылы туыстас емес тілдерді де салғастыра зерттеуге болады және зерттеу керек деген пікір кең өріс алды. Бұл әдістің соңғы жылдары кең тарағандығы соншалық, тіпті осыған байланысты тіл білімінің жаңа тараулары, зерттеудің жаңа бағыттары пайда болды: салыстырмалы-салғастырмалы фонетика, салыстырмалы-салғастырмалы лексикология, салыстырмалы-салғастырмалы грамматика, салыстырмалы-салғастырмалы фразеология тілдің тағы сол сияқты басқа салалары өз алдына дербес пән ретінде қаралып, талай ғылыми еңбектердің негізгі нысандары болды.
Тіл білімінің басқа салалары сияқты фразеология да бүгінгі таңда терезесі тең, дербес пәнге айналып отыр. Фразеология саласын тіл білімінің жеке саласы ретінде қалыптастыруда, оның нысандарын, тілдегі орны мен табиғатын зерттеу әдістерін анықтауда, маңызды теориялық тұжырымдар жасауда көптеген отандық және шетелдік ғалым-фразеологтардың еңбектері ерекше орын алады. Н.И.Амосова, А.В.Кунин, И.И.Чернышева, В.Флейшер (W.Fleischer), М.М.Копыленко, І.Кеңесбаев, А.Т.Қайдар, А.Д. Райхштейн, С.Е.Исабеков, С.К.Сатенова, З.Қ.Ахметжанова, Д.Добровольский, М.Сабитова, К.К.Дүйсекова т.б. атақты ғалымдардың жалпы және салғастырмалы фразеология мәселелеріне арнап жазған құнды-құнды еңбектері жарық көрді [3, б. 89].
Бүгінгі таңда адамзат тарихының шексіз өрлеп, кемелденген заманында, мәдениет пен өнер, саясат пен тіл салаларында халықаралық қатынастың дамып, жанданған уақытында салыстырмалы-салғастырмалы тіл білімі өзекті де көкейкесті мәселелердің бірі болып отыр. Тілдерді салыстыра - салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге жол ашады. Осындай зерттеулер мәдениетаралық қатынастың төрінен орын алып, халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен ат салысады.
Осындай негізгі мәселелердің біріне қазақ тіліндегі фразеологизмдерді қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттары мен ұстанымдары негізінде салыстыра-салғастыра зерттеу жатады.
Тіл бірліктерін этнос (адам) - тіл - мәдениет үштігіне сүйеніп зерттеу үрдісі тіл білімінің этнолингвистика, тіл арқылы ел тану, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика сияқты жаңа бағыттарына жол ашты. Аталған бағыттардың негізінде адамның тілі мен мәдениетінің өзара байланысы мәселесі жатыр. Тіл мен халықтың, оның мәдениетінің арасындағы тікелей байланыс халықтың рухынан, тілінен көрініс табады. Олай болса, тілді зерттегенде оны сол халықтың рухани байлығымен, мәдениетімен байланыстыра зерттеу қажет.
Отандық ғалымдар М.М.Копыленко, Ә.Қайдар, Е.П.Жанпейісов этнолингвистиканың теориялық мәселелерін қарастырып, мақсат мүддесін, зерттеу нысанын, әдіс-тәсілдерін айқындап берді. Бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеріп, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына-мазмұнына бойлап еніп, оны игеріп танып-білу жүйелей түсіп жан-жақты зерттеу этнолингвистиканың мақсаты деп түсініктеме береді Ә.Қайдар өзінің Қазақ тілінің өзекті мәселелері атты еңбегінде.
Тілді этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің өкшесін баса өз бастауын алған жаңа бағыттардың бірі - тіл арқылы ел тану. Фразеология саласында бұл бағыттың алар орны ерекше, өйткені әр тілдің фразеологизмінде үлкен мазмұн - халық өмірі, мәдениеті бар. Фразеологизм мағынасындағы елтану потенциясының пайда болу принциптері тіл арқылы елтану бағытының еншісі болып табылады. Тіл арқылы елтану теориясының пайда болып дамуы фразеология саласын жаңа қырынан, яғни фразеологизмдерді кез-келген халықтың ұлттық мәдени дамуының айнасы ретінде қарастыруға мол мүмкіндік береді.
Тіл мен мәдениет арақатынасын зерттейтін тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі - лингвомәдениеттану. Лингвомәдениеттану - қазіргі тіл білімінде кеңінен қолданыс тауып келе жатқан антропоцентристік бағытпен, яғни сол тілдің иесі болып табылатын адаммен, тілдің функционалды қолданыс табатын әлеуметтік орта, тарих, мәдениет пен танымдық процестермен байланыстыра зерттеу үрдісінің нәтижесі болып табылатын тіл мен мәдениеттің өзара байланыс тетіктері мен жалпы ұлттық дүниетаным, ұлттық мәдениеттің тілдегі көрінісін зерттейді.
Лингвомәдениеттану ғылымының алғышарттары В.фон. Гумбольдтың тіл мен мәдениеттің өзара байланысы идеясы және Э.Сепир мен Б.Уорфтың тілдік ықтималдылық болжамымен ұштасып жатыр. Бұл ғылымның мақсаты тілдік бірліктің шығу тегін айқындау емес, әр түрлі тілдік бірліктерге (фразеологизмдерге) түсініктеме бере отырып, оның пайда болу шарттары мен жағдаяттарын анықтау болып табылады. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын, қатынасын қазіргі заманның ұлттық-мәдени сана сезімі тұрғысынан қарастырады және оның тілдегі көрінісін сипаттайды [4, б. 65].
Қазіргі тіл білімінде ерекше дамып келе жатқан когнитивті лингвистиканың негізінде тілді - адам дүниетанымының кілті, адам санасында ғалам туралы түсінікті құраушы, таным модельдері арқылы ашылатын білімнің коды, шындық пен шындықты игеруші сана арасындағы дәнекер, сондай-ақ сана қызметінің нәтижесі деп қарайтын когнитивтік көзқарас жатыр.
Когнитивтік лингвистика тіл мен сол тілдің иесі адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Когнитивтік үрдістің негізгі айырым белгісі тілді жаңаша зерттеуде жаңа тәсілдер еңгізуде ғана емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілді танымдық тұрғыдан қарауында.
Когнитивтік лингвистиканың негізгі мәселелерінің бірі - когнитивтік мағына. Тілдік бірліктердің мағынасы адамның ойлау жүйесімен қатар қарастырылады. Бұл бағыттың басты назар аударатын негізгі ұғымдары: әлем бейнесі, әлемнің тілдік бейнесі, әлем моделі немесе когнитивтік модель. Когнитивтік мағына тіл арқылы құрылып берілетін танымдық ақпарат ретінде қарастырылады. Когнитивтік семантика - сол тіл арқылы құрылып берілетін адам санасындағы концептуалды білімді таным моделі арқылы зерттейтін ғылым.
Тіл білімінің қазіргі даму кезеңі құрылымы әртүрлі тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеуге деген қызығушылықтың артуымен сипатталады және функционалды, прагматикалық, когнитивтік, антропоцентристік, лингвомәдениеттану және басқа да парадигмалардың қатар өмір сүруімен ерекшеленеді. Осы парадигмалардың ортасында жеке тұлға мен адам қызметінің әлеуметтік жағына деген қызығушылықты арттыратын антропоцентрлік әдістеме тұр. Аталған бағыттардың зерттеу нысаны - тіл мен мәдениет.
Мәдениет - халық дамуындағы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын ұлттық құндылықтар жиынтығы. Әр ұлттың ана тілінде оның бүкіл өмірі, тарихы, тыныс-тіршілігі, жан дүниесі, яғни, мәдениеті көрініс табады. Тіл мен мәдениет-қоғам дамуының әлеуметтік азығы. Тілдің әлеуметтік маңызы тіл мен мәдениетті, тіл мен қоғамды бірге алып қарағанда ғана ашылады. Адамның жан дүниесі мен болмысының, мәдениетінің қалыптасуына үлкен үлес қосатын халықтың баға жетпес байлығы - оның тілі. Тіл - мәдениеттің көзі, ұлт өмірінің айнасы. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, себебі ол мәдениеттің бір көрінісі. Ал, кез-келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі.
Сонымен, тіл - халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, қадір тұтатын заттары мен құндылықтар дүниесінің, қоршаған ортаның т.б. өмір сүру үлгілерінен хабардар ететін құрал. Мәдениет - адамның тілде көрініс табатын бүкіл рухани өмірі, тәжірибесі.
Фразеологизмдердің ішкі формаларының тасалануынан олардың мағыналарының күңгірттенуі шығады. Ондай фразеологизмдердің сырын, жасалу төркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан гөрі экстралингвистикалық факторлар мен этимологиядан іздеу қажет. Мысалы, кәрі қойдың жасындай жасы қалды фразеологизмі қой түлігінің тіршілік ету мерзімін (10 шақты жылдай) бақылаудан туған.
Шарль Балли (1865 - 1947) фразеология ғылымының негізін салушы болып табылады, өйткені ол өзінің Француз стилистикасы еңбегінде сөз тіркестерінің жүйеленін келтірді. Ол өз еңбектерінде сөз тіркестерінің төрт типін көрсетеді: 1. Еркін сөз тіркестері; 2. Жай тікрестер; 3. Фразеологиялық қатар. Бұл тіркестер компоненттердің қайта топталуына мүмкіндік береді; 4. Фразеологиялық бірліктер деп - сөздер жеке тұрып мағынасын жоғалтса да, бірігіп қолданылысында бір мағынаны білдіретін сөздер.
Кейіннен тіл маманы жай тіркестер мен фразеологиялық тіркестерді қайта қарастырып, олар жалпы тіркестердің негізі деген тұжырымға келді. Осылайша, Ш. Балли тіркестердің екі түріне келіп тоқтады: 1. Еркін тіркестер мен 2. Фразеологиялық бірліктер. Жалпы алғанда барлық тіркестер жаңа мәнге ие, оны ғалым химиялық қосылыстармен салыстырады, яғни жеке қолданысында аз мәнге ие болып, ал бірге қолданысында бұл фразеологиялық бірліктер көркем сөздің сипатына ие [5, б. 56].
Академик В.В. Виноградов фразеологизмдерді семантикалық сәйкестігі көзқарасымен топтастырады. Белгілі болғандай, фразеологизмдер еркін сөз тіркестерінің үйлесуінен пайда болады, олар ауыспалы мағынасында қолданылады. Біртіндеп, олардың жеке мағыналары жойылып, күнделікті қолданыста олардың тұрақты тіркестер күйіндегі түрі қолданылады. Фразеологизмдердің мағыналарының қаншалықты ауыспалы болуына байланысты акад. В.В.Виноградов оларды үш түрге бөледі: фразеологиялық тұтастықтар, фразеологиялық бірліктер және фразеологиялық тізбектер.
Фразеологиялық тұтастықтар мүлдем бөлінбейтін тұрақты тіркестер, олардың жалпы мағынасы құрамындағы жеке сөздердің мағынасына тәуелсіз. Осылайша, фразеологиялық тұтастықтар үшін ауыспалы мағына негізгісі болып табылды.
Фразеологиялық тұтастықтардың өзіндік ерекшеліктері бар:
Олардың құрамында некротизмдер болуы мүмкін - осы тұтастықтан басқа жерлерде сөздері қолданылмайды;
Архаизмдер, олар тұтастықтардың құрамында болуы мүмкін;
Фразеологиялық тұтастықтар синтаксистік бөлінбейді;
Көп жағдайларда олардың құрамындағы сөздерді орындарымен ауыстыруға болмайды;
Олардың құрамына қосымша сөздерді енгізуге болмайды.
Фразеологиялық бірлік - фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда құрамындағы сөздердің бірі екіншісімен қалайда бір мағыналық байланыста болатындығын аңғартады. Себебі мұндай тіркестер о бастағы еркін тіркестің ауыспалы мағынада метафораланып Фразеологиялық бірлікке айналған. Мысалы, көзіне көк шыбын үймелету (басыну, қорлау), ақ түйенің қорны жарылу (молшылық). Аталған тіркестердің Фразеологиялық мағына жасауына ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағына негіз болған. Кейде фразалық тұтастық пен Фразеологиялық бірлік арасындағы айырмашылықтары байқала бермейтін фразеологизмдер де бар. Ғалымдар мұны тұрақты тіркес мағыналарының көнеленуіне байланысты деп түсіндіреді [6, б. 89].
Фразеологиялық бірліктер фразеологиялық тұтастықтармен өздерінің ерекшелігімен ұқсас болып. Фразеологиялық тұтастықтарға қарағанда, фразеологиялық бірліктерде қазіргі тілде түсінетіндей болып келеді.
Фразеологиялық бірліктердің белгілері:
- Қолданыстағы сөз тіркестерімен сәйкес келуі;
- Жеке компонентерінің мағыналарының сақталуы;
- Бір компонентерінің басқалармен ауысуының мүмкінсіздігі;
- эмоциялық - экспрессивтік бояуы;
- синонимдерінің болуы.
Фразеологиялық тізбек - еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолдану. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалы мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастауы. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеология қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, бауырсақ мұрын, кем иек, қабырға ағайын, көк жұлын, жүйке тамыр, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды т. б. Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті (тура) мағынадағы сөздің сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеология туынды мағынадағы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады. Мысалы, көк бет, қысыр сөз, қасқа жол деген Фразеологиялық тізбектердің құрамындағы бет (жалпақ бет, дөңгелек бет, сопақ бет), сөз (аз сөз, көп сөз, дұрыс сөз, бұрыс сөз), жол (үлкен жол, қара жол, соқпақ жол) деген бірнеше сөздермен тіркесіп қолданыла берсе, фразеология мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, сөз -- қысыр сөзімен, жол -- қасқа сөзімен ғана тіркеседі. Фразеологиялық тізбек сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болмағанымен, солғын тартып созылып тұрады. Мысалы, көз ұшында, көз жеткісіз, көзін тырнап ашқалы, көзі тірісінде, көз шалым жер, көз барда, көзімдей көр, көзі жоғалды, көзі ілінді, көзі жетті т. б. Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздің қолдану шеңбері шектеулі болады. Фразеологиялық тізбек құрылым-құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді:
Құрылым-құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер. Мысалы, шақша бас, қарақаткөз, ашықауыз, ала қол, бүйрек бет, қамыт аяқ, құба жон, қалқан құлақ, мұрты шағылмаған, жауырын құрлы көрмеді, саусақпен санарлықтай, кең иықты, ат жақты, иығы босады, алақанның аясындай, бармақ қазы, езуі жиылмайды, тісін басты, қас қарайды, кірпік қаққанша, сақалды басымен, кугілді, кеңірдектен келді, тумсығы батпады, еңбегі қатпаған, төбесі тесік, өр көкірек, арқасы бар, бүйірі шықты, мұрынның қанындай т. б.
Құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер. Мысалы, бір қолын екі ете алмады, екі иығынан дем алды, табанын жерге тигізбеді, аузына ақ ит кіріп, қара ит шықты, көзіне көк шыбын үймелетті, кәрер таңқы көзімен атырды, аяқ-қолын бауырына алды, басы ауырып, балтыры сыздады, жеңген иттің желкесінен алды, көңілі су сепкендей басылды, қой үстінде бозторғай жұмыртқалады.
Профессор Н.М. Шанский В.В. Виноградовтың фразеологизмдерді бөлуін жалғастырып, фразеологиялық сөйлемдерді төртінші түрі деп көрсетті. Олардың жалғыз ерекшелігі - іске асырылуы: олар тұрақты лексикалық құрамы мен белгілі семантикасы бар дайын сөз бірліктері ретінде қолданылады [7, б. 95].
Фразеологизмдердің ішінде сәйкес сөйлемдердің құрылымы бойынша екі топ бөлінеді: номинативті, коммуникативті.
Фразеологиялық бірліктердің ішінде сөздердің тіркесуіне байланысты келесідей топтар ажыратылады:
Сын есім + зат есім, бұлар семантикалық тепе-теңдікте болады.
Зат есім + септікте тұрған сөздер.
Зат есім + зат есім.
Көмекші сөз + сын есім + зат есім.
1.2 Фразеологиялық оралым және оның түрлері
Тілімізде қолданылатын жеке сөздермен бірге көптеген ерекше қалыптасқан сөз тіркестері және сөйлемшелер бар: бүйректен сирақ шығару, төбесі көкке жеткендей болды, көз бояу, жүрегінің түгі бар, ат үстінде ұйықтады т.б. Мұндай тұрақты сөз тіркестерінің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасып, ел аузында көп айтылып, жалпы халыққа түсінікті болып кеткен. Тұрақты тіркестердің қалыптасуына қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар, әр түрлі іс-қимыл, бастан кешірген жағдайлар т.б. себеп болады: ащы ішектей созылды деген тіркестің пайда болуына әуел баста қойдың ішек-қарнын ашу жағдайы себеп болған. Ащы ішек ашуға қиын, әрі ұзын, адамды әлекке салады, ұзаққа созылады. Осыдан келіп ауыспалы мағынада бұл тұрақты тіркеске айналып, ығы-жығы қылатын, баяу әрекет, қимыл деген мағыналарға қатысты айтылады. Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде кейде фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атай береді. Фразеологизмдерге идиома, фраза, мақал-мәтелдер жатады. Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері төмендегідей: 1. Дайын тілдік бірлік ретінде жұмсалады; 2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады; 3. Мағына бірлігі сақталады; 4. Екі сөзден кем болмайды.
Ә.Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиев: Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы - деп көрсетеді. Фразеологизмдерге тән бұл белгілер әр кез бір-бірінен айқын ажыратыла бермейді. Сондықтан фразеологизмдерді топтастыру тіл біліміндегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады [8, б. 79].
Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да кеңінен қолданылады. І.Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес екендігін айтуға болады. І.Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы: Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын лексикология деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын фразеология деп атау әбден орынды, - деп жазады. Автор аталған еңбегінде қазақ тіліндегі фразеологизмдердің теориялық мәселелерін де жан-жақты қарастырып, болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағдар боларлық ғылыми пікірлер айтқан. Қазақ тілінің фразеологиясын зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы болмасын өз зерттеу жұмыстарында бұл еңбекті басшылыққа алады.
Фразеология тұрақты сөз тіркестерінің жүйесін зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы. Фразеология соңғы жылдары танымдық тұрғыдан біршама зерттеле бастады. Мәселен, бұл салада еңбек етіп жүрген Р.Сыздық, Н.Уәли, Г.Смағұлова, С.Сатенова, Р.Авакова т.б. еңбектері бұған дәлел бола алады.
Фразеологизмнің қай-қайсысы болмасын бәріде ең алғаш халықтық сөйлеу тілі негізінде қалыптасқан. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді. Фразеологизмдер алдымен адамдардың ой-сезімін, ара қатынасын, өмір тануын білдіреді. Қазіргі таңда қолданылып жүрген фразеологизмдердің көбі адам эмоциясына қатысты болып келеді. Адам эмоциясына қатысты фразеологизмдердің бір тобы жеке тұрып адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін болса, енді бір тобы контекс ыңғайына қарай эмоциялық реңкке ие болады. Яғни, фразеологизмдер эмоциялық реңкті айқын көрсетуге қызмет етеді. Мысалы қуанды деген сөз бен екі езуі екі құлағына жетті, жерден жеті қоян тапқандай қуанды, төбесі көкке екі елі жетпеді фразеологизмінің, қорықты және жүрегі тас төбесіне шықты, төбе шашы тік тұрды, көзіне қос көрінді фразеологизмінің, арасында мағыналық сәйкестік болғанымен, бұл сәйкестік толық балама бола алмайды, себебі қуанды және қорықты сөздерінде фразеологизмдердегідей экспрессивті реңк жоқ. Бұл мәселе туралы С.Сәтенова сөз бен оған мағыналас фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігіне қатысты білдірген пікірінде фразеологизмдердің ойдың астарлы, бейнелі болуына ықпалын айта келіп: ...іші өлген, сырты сау қос тағанды фразеологиялық тіркесін қайғылы, уайымды, шерлі тәрізді лексикалық эквиваленттерімен ұйқасын, үйлесімін тауып ауыстырғанымызбен, фразеологиялық тіркес қолданысындағыдай әсерлі, сазды болуы және жаны күйзелген адамның сезім дүниесін соншалықты дәл жеткізуі екіталай болар еді, - дейді [9, б. 102].
Тілдік қордағы фразеологизмдердің дәстүрлі қолданысынан басқа, жекелеген авторлардың фразеологизмдерді, оның ішінде эмоционалды реңкті фразеологизмдерді де құбылтып қолдануы жиі болмаса да шығарма тілінде кездесіп қалатын құбылыс. Бұл жөнінде ғалым С.Сатенова: ...тұрақты сөз оралымдарын автордың өңдеп, құбылтып, контекске сай орынды қолдануы ең алдымен пайдаланып отырған фразеологиялық тіркеске өзгеше түр-сипат беріп, микротекстің мәнділігін арттырып, экспрессивін күшейтеді - дейді. Сондай-ақ Г.Смағұлова: ...Жалпы фразеологизмдердің пайда болуы, жасалуы туралы сөз қозғалғанда осындай образдылықтың адамның жан-дүниесіне әсері, одан шығатын эмоциялық қорытынды үнемі тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктерін айқындайтын талаптар екенін ескерсек, онда синоним фразеологизмдердің қатарларының өсуі мен кемуінің себептерін те іздеген жөн, - дейді.
Фразеологизмдер тілдің әдебилігінің сипаттарын, әдеби тілдің даму кезеңдерінің көркемдік ерекшеліктерін танытады. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдердің жалпы сипаты, тақырыптық-семантикалық, кезеңдік-құрылымдық, стилистикалық қолданыс ерекшеліктері Ж.Қоңыратбаеваның зерттеу жұмысында көрініс табады. Автор ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдерді жалпы мағынасына қарай және ұйытқы болатын сөздерге қарай тақырыптық топтарға жіктейді. Фразеологизмдерді мағынасына қарай:
1) Адамды сипаттайтын фразеологизмдер;
2) Алғыс және қарғыс мәнді фразеологизмдер;
3) Қоғамдық-әлеуметтік факторға байланысты туындаған фразеологизмдер;
4) Діни наным-сенімге, салт-дәстүрге байланысты туындаған фразеологизмдер;
5) Өлшемдік ұғымдарды білдіретін фразеологизмдер;
6) Табиғат құбылыстарына байланысты фразеологизмдер деп бөле отырып, кейбір фразелогизмдер мағынасы жағынан бірнеше топқа қатысты болатындықтан, оларды мұндай тақырыптық топтарға бөлудің шартты екендігін ескертеді [10, б. 45].
Фразеологизмдер мағынасына қарай бірнеше семантикалық топтарға бөлінеді. Кейбіреуіне тоқталып өтелік.
Соматикалық фразеологизмдер. Қазақ тілінде: аузына шайнап бергенді жұта алмайды; қолыңмен істегенді мойныңмен көтер; екі көзі төрт болды, шаш ал десең, бас алады т.б.
Жан-жануарларға байланысты тұрақты тіркестер: бір оқпен екі қоянды ату; бір қазанға екі қошқардың басы сыймау, жерден жеті қоян тауып алғандай т.б.
Достық пен дұшпандық ұғымын беретін фразеологизмдер: дұшпаныңа өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле, дос басқа - дұшпан аяққа қарар т.б.
Фразеологизмдер шыққан тегі еркін сөз тіркесінен өзгеше. Фразеологиялық тұрақтылық дегеніміз - тіркестің мағынасының астарлы, образды болуы, бүтін тұлғаға ғана тән болуы. Фразеологизмдердің туу себебі фразеологиялану процесі болып табылады. Нәтижесінде сөз тіркесі түгелдей жаңа, туынды мағынаға ие болады, дайын күйінде қолданылатын тілдік материалға айналады.
Қазақ тіліндегі аспанға табыну дәстүріне байланысты пайда болып, қалыптасқан фразеологизмдер: көк, аспан, тәңір, құдай сөздері арқау болған: құдай жарылқады, тәңірі қолдады, жұлдызы оңынан туды, аспанымыз ашық болсын т.б.
Қазақ тіліндегі фразеологиялық теңеулердің басым көпшілігі Адам атты мағыналық макротопқа жатады, олардың мағынасы адам мен оны қоршаған әлемнің өзара әрекетін бейнелейді. Фразеологиялық теңеулердің негізінде адам өмірі мен қызметінің тұстарын бейнелейтініне байланысты екі тілде олардың төмендегідей мағыналық-тақырыптық топтары анықталды:
1. Адам мінезі мен ақыл-ой қабілетін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: Қарабайдай қатыгез, дала бүркітіндей қырағы;
2. Адамның жағдай-күйіне байланысты ФТ-лер: Қаз.: сең соққан балықтай, жарасын жалаған иттей, жаралы арыстандай аласұрды;
3. Адамның сыртқы келбетін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: қырмызыдай ажарлы, ақ маралдай әдемі;
4. Адамның өмірі мен қызметін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: түлкі қуған тазыдай соңына түсу, ит пен мысықтай өмір сүру;
5. Адамның эмоциялық жағдайын сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: найза үстінде отырғандай, тышқан алған мысықтай;
6. Адамның басқа бір адамға немесе затқа қатынасын сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: жыландай жек көру, құлындай шыңғырту, қойдай бауыздау;
7. Құбылыстар мен заттардың сапасын сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: көздің жасындай таза (мөлдір), жаман түйенің жабуындай (келіссіз).
8. Түсті сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: ақ бөкеннің таңындай, орман түлкісіндей қызыл, сүттей ақ;
9. Адамның тамақтану процесін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: бурадай қарш-қарш шайнау, егінге түскен сиырдай жайпау;
10. Заттар мен құбылыстардың көлемін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: қойдың құмалағындай, ешкінің асығындай, иненің жасуындай;
11. Арақашықтықты сипаттайтын ФТ-лер: Қаз.: есік пен төрдей, ат шаптырымдай жер, қозықой өрісіндей жер.
12. Уақытты сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: бие сауымдай уақыт, сүт қайнатымдай уақыт, қас қаққандай.
Теңеу бейнесі қызметін орындаушы семалар негізінде қазақ тілінде фразеологиялық теңелеулердің мынадай топтары анықталды:
1. Күнделікті тұтыну заттар атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: сабынша бұзылу, тозған бөздей ыдырау;
2. Үй жануарлары атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: тағасыз аттай тайғанау, егінге түскен сиырдай жайпау;
3. Табиғат және қоршаған орта құбылыстарының атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: бұлттай сұрлану, жауар күндей түнеру, желдей есу;
4. Аң атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: қойға тиген қасқырдай, ақ маралдай керілу, жолбарыстай білекті;
5. Құс атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: торға түскен қырандай, бұлбұлдай сайрау, жүнін жұлған тырнадай;
6. Жәндік атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: қара құрттай қаптау, шыбындай қырылу, аш кенедей жабысу;
7. Өсімдік атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: тікендей қадалау, қызыл гүлдей құлпыру, жел соққан қамыстай жапырылу;
8. Діни атауларға байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: жын ұрғандай жұлқыну, көктен түскен періштедей, иманындай сақтады.
9. Азық-түлік атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: айрандай ұйып отыру, бал қаймақтай, балға ашытқан қымыздай.
10. Ауру атауларына байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: сүзектен тұрғандай.
11. Балық атауларына байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: ақ сазандай бұлқынды, тұмсығы тасқа тиген бекіредей, шабақтай шүпірлету;
12. Тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: Абылай аспас асудай, Атымтайдай жомарт, Наушаруандай әділ;
Адам дүниені танып білуде өзіне белгілі бір құндылықтары бар нысананы таңдайды. Қоршаған ортадағы барлық заттар мен құбылыстар жаман, жақсы принципі бойынша бағаланады, олардың жалпы нормаға, ережеге сайлығына қарай қарастырылады. Осы тұрғыдан алғанда қазақ тіліндегі фразеологиялық теңеулерді мағыналарына қарай жағымды және жағымсыз мазмұндағы концептілер деп бөліп талдауға болады. Қазақ тіліндегі фразеологиялық теңеулердің жағымды мазмұнда төмендегідей концептілері бар:
1. Сұлулық концептісі: қырдың қызыл түлкісіндей, еліктің лағындай, кер маралдай керілу, қордың қызындай т.б.
2. Қуаныш концептісі: аты бәйгеден келгендей, жерден жеті қоян тапқандай, ақ түйенің қарны жарылғандай, әкесі базардан келгендей, әйелі ұл тапқандай, наурыз күнінедей т.б.
3. Жуастық концептісі: тойған қозыдай, қой аузынан шөп алмас, қойдай жуас, көгендеген қойдай т.б.
4. Күштілік, батырлық концептісі: арыстандай айбатты, нар атандай, жолбарыстай қайратты, жараған бурадай қалшылдау т.б.
5. Жақындық, достық концептісі: егіз қозыдай, бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, тонның ішкі бауындай, біреуді бауырындай көру т.б.
6. Жылдамдық концептісі: шапқан аттай зымырау, үкідей ұшу, сайтандай жылт ету, ағын судай екпіндеді, жай оғындай атылды, жау қуғандай қашу.
7. Мінез-құлық концептісі: Атымтайдай жомарт - сері, қолы ашық кісі туралы айтылады.
8. Түр-кескін концептісі: ботаның көзіндей мөлдіреу, балқып туған толған айдай, домаланған қозыдай сүйкімді, жаңа туған құлындай т.б.
9. Ақылдылық концептісі: дана боп туғандай, Атымтайдай ақылды, арқардай тәсіл алу, Аплатондай ақылды т.б.
Өмірдегі жағымсыз қасиеттерді халқымыз жан-жануарлардың, хайуандардың, сондай-ақ кейбір заттар мен құбылыстардың ұнамсыз, нашар қасиеттерін адамның жағымсыз, ұнамсыз жақтарын бейнелі түрде салыстырып көрсетуге өте шеберлікпен қолдана білген. Қазақ тіліндегі фразеологиялық теңеулердің жағымсыз мазмұндағы концептілері:
1. Ызалану, ашулану концептісі: ақ сайтаны ұстады, арыстандай құтырды, асауға құрық салғандай құтырды, жын буған бақсыдай бүлінді т.б.
2. Қыңырлық концептісі: сіркедей қан шықпас, ала тайдай бүліну, аузына құм құйылғандай, аузына тас салғандай, кекіреге тойған текедей бақылдады, кірпідей жиырылды т.б.
3. Кедейлік, аштық концептісі: бордай тозды, жетім қыздың тойындай, жылан жалағандай, күйедей жалады, тоқал ешкідей болды, темір етіктен теңгедей, темір таяқтан тебендей қалды, тұттай жалаңаш.
4. Жанжалдасу концептісі: итше ырылдасу, ит пен мысықтай, оқ жыландай көру, абыройын айрандай төгу, ара талағандай қылды, аузын бақадай ашырды, аюдай ақырды, бидайша қуырды, боздаған бордай етті, күшік иттей үрді т.б. көптеген теңеулер осы концептіге жатады.
5. Қайғыру концептісі: аш күзендей бүгілді, ботасы өлген түйедей зарлады, ботадай боздады, боз інгендей боздадызарлады, иттей ұлып қалды, қоздаған қойдай маңырады, қойдай шулады, өгіздей өкірді, ұлардай шулады.
6. Сүйкімсіздік концептісі: жаман түйенің жабуындай, бетінің кіріне бес ит тойғандай, жүнін жұлған тырнадай, мойны ырғайдай, биті торғайдай, инеліктей бұралған т.б.
7. Ебедейсіздік концептісі: тайлақ түйедей тарпаңдау, сиырша тұру, сөзі түйеден түскендей, аюдай қорбаңдау, даңды судай тасқызды т.б.
8. Қорқыныш концептісі: інге кірген тышқандай, қылышпен тілгендей, таяқпен салып өткендей, таспен ұрғандай, кеудені басқандай, қамшы ұрғандай, жай соққандай т.б.
9. Ашкөздік конецптісі: аш қасқырдай, жемтікке қонған күшігендей, қарғаша үймелеу, жаналғыштай жұтыну, итше сұғыну, әкесі аштан өлген кісідей т.б.
10. Әлсіздік концептісі: көлігі болдырған жолаушыдай, көтерем малша дәрменсіз, көгендеген қойдай, сең соққан балықтай, әлсіз қурайдай, болдырған түйедей бұралаңдау, иттей боп шаршау, бордай босау т.б.
1.3 Фразеологиялық бірлік-сөз қатынасының мәселесі
Тіл білімінің мамандары фразеологизмдер деп - бір сөзге синоним болып келетін бірнеше сөздердің жиынтығын атауды ұсынады. Солардың ішінде Ш. Балли фразеологиялық тіркес сөз-идентификатор болған кезде болады деп есептеуді ұсынады. [19, 76 б.].
Профессор Шанский Н.М. фразеологиялық бірліктердің құрылымына кіретін сөздер күрделі лексикалық бірліктердің компоненттеріне айналады [20, 45 б.].
Лингвомәдениеттану термині фразеология мектебінің өкілдері В.Н. Телия мен В.В. Воробьев еңбектерінен бастау алады.
Фразеологизмдер қайсыбір этнос болмысындағы белгілі бір халық жайындағы мәдени ақпараттарды жеткізуші тіл, ұлттық материалдық, рухани мәдениет және адамзат арасындағы өзара байланыс, қарым-қатынас болып табылады. Шетел ғалымы В.Айсман: Американдық лингвист Г.Б. Пальмердің түсінігінше, мәдени лингвистика этнолингвистиканың әр түрлі дәстүрлерді когнитивті лингвистикамен біріктіреді, бұл Ресейдегі этнолингвистикалық тұжырымдамаларымен дәл ұштасып отыр - деп тұжырымдайды [11, б. 89].
Фразеологизмдер ұлттық мәдениетті мынадай жағдайларда сипаттауы мүмкін:
1 кешенді, яғни тұрақты тіркестер компоненттері тұтасып келіп, идиомалық мағынаға ие болғанда
2 ұлттық-мәдени ерекшеліктер фразеологизмдерді құраушы компоненттер қатарынан көрінеді.
3 фразеологизмдердегі ұлттық мәдениет өзінің прототипі - еркін тіркестер арқылы да берілуі мүмкін. Фразеологиялық бірліктердің ұлттық-мәдени ерекшелігі әлеуметтік, табиғи, географиялық жағдайлармен анықталады.
Фразеологизмдердің әлемдегі тілдік бейнесі ұлттың әлемді танудағы тілдік бейнесінің тұтастай бөлігінен хабар береді, мұнда әрбір фразеологиялық бірліктер қатаң жүйе элементі болып табылады және қоршаған ортадағы реалийлерді сипаттау қызметін атқарады. Демек, фразеология - дүниенің тұтастай тілдік бейнесінен көрініс береді. Олар субъектіге қатысты, талдауға мән береді. Сонымен бірге мәдени ақпараттар тілдегі атауыштық бірліктерде бірнеше тәсілдер: мәдени сема, мәдени фон, мәдени концепт, мәдени коннотация т.б. арқылы көрініс табады
Адам баласына дүниедегі мәліметтердің лингвистикалық арналар арқылы жетуі адам баласын концепт әлеміне жетелейді. Әдетте, біз сезіну, қабылдау, түсіну, ұғыну үдерістерін таным формасының жоғары түйсігі деп қабылдаймыз. Бұл операциялар дүние туралы ақпараттар жиынтығынан тудырып, концепт жүйесін құрайды.
Когнитивтік зерттеу тұрғысынан қарастыруда концепт құбылысының мәні ерекше. Концепт тек қана ұғымды бермейді. Ол әр ұлттық ерекше дүниетанымын көрсететін, ұзақ ғасырларда санада сақталып келген ұлт құндылықтары жөніндегі түсінікті білдіретін күрделі құрылым. Когнитивтік талдаудың негізгі әдіс-тәсілдері шетелдік когнитолог-ғалымдар Дж.Локофф, Б.С.Мейлах, Р.И.Павиление, Э.Кассирер т.б. еңбектерінен бастау алған болатын. Қазақ тіл білімінде де бұл мәселе біраз ғалымдардың С.Сәтенова, Ж.Ұматова, С.Жапақов, Г.Снасапова зерттеу нысалары болғаны рас.
Фразеологиялық бірліктердің зерттелу тарихы тым әріден басталғанымен ішкі мазмұнын анықтауда уәж, уәжділік, уәжділік арақатынасы, байланысы төңірегіндегі мәселелер әлі де теориялық тұрғыдан кешенді зерттеуді қажет етеді. Фразеологизмдер құрамындағы компоненттердің бірнеше мағыналарының ішіндегі негізгісі деп танылған белгісі халықтың өмірінен, тыныс-тіршілігінен, менталитетінен т.б. хабардар ететін фразеологизмдердің қалыптасуына уәж болады.
Фразеологизмдер компоненттердің бір-бірімен тізбектелуі, ілесуі жайдан-жай емес. Бұл құбылыс тіл заңдылықтарына негізделіп жүзеге асады. Олардың жасалуында құраушы компонентердің рөлі зор. Құраушы компоненттер өздерінің жеке мағыналарынан айырып, жаңа мағына пайда болған жағдайда, бастапқы мағыналарына сәйкес келмейді. Фразеологизмдердің мұндай өзіндік қасиетіне олардың уәждемесін анықтауда мән берген жөн.
Фразеологизмдердің қалыптасуына қарай бірнеше топқа бөлінеді: әдет-ғұрып, наным-сенімге орай; тарихи кезеңдер мен тарихи тұлғаларға байланысты; жан-жануарларға байланысты; түр-түске қатысты; адамның дене мүшелеріне қатысты; ұзындық, қашықтық, тереңдік өлшемдеріне қатысты, сандық көрсеткіштерге байланысты, уақытқа байланысты т.б.
Уәждемені фразеологиялық бірліктердің ішкі формасынан бөліп алып қарастыру мүмкін емес. Кейбір ғалымдар еңбектерінде ішкі форманы уәждеуші ономасиологиялық белгі деп алады. Ал орыс зерттеушісі Ю.С. Маслов Уәжділік - сөзде бекітілген және сөйлеуші түсінетін сөздің дыбыстық бейнесінің негіздемесі, яғни неліктен дыбыстар тіркесі бұл мағынаны беретіндігінің себебінің көрсетілуі - дей отырып, ішкі форманы қолдануды жөн санайды.
Фразеологизмдердің ішкі формасын талдауда башқұрт фразеологы З.Ураксин бейнелі-алық негіз терминін қолданады. Ішкі форма фразеологизмдердің семантикалық құрылымымен тікелей байланысты және көбінесе оның мағыналық дамуына әсер етеді.
Ішкі форманы фразеологиялық мағынаның қалыптасуымен тікелей байланысты десе де болады. Сондықтан тұрақты тіркестің ішкі формасын анықтау үшін, тіркесті тұтасымен ойша сұрыптап алу керек. Осындай қайта сұрыптау нәтижесінде ауыспалы мағынада беріліп тұрған тіркестің нақты нәрсені ойша абстракциялаудан және соның негізінде жаңа ұғымның пайда болатынын байқауға болады. Ішкі форма айқын болған жағдайда фразеологизмдер мағынасын тез, жылдам түсінуге мүмкіндік туады. Р.Ә.Авакова Фразеологизмдердің ішкі формасы - актуалдық мағына жасай алатын толыққанды мағынаға ие. Бұл мағына о бастағы еркін тіркестердің құрамына кіретін, кейіннен метаформалану процесінің негізінде сөздердің семантикалық әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Фразеологиялық мағына - еркін сөз тіркестерінің метафорлануының нәтижесі болып табылады - дейді.
Сонымен, тіл білімінің мамандары фразеологизмдер деп - бір сөзге синоним болып келетін бірнеше сөздердің жиынтығын атауды ұсынады. Солардың ішінде Ш. Балли фразеологиялық тіркес сөз-идентификатор болған кезде болады деп есептеуді ұсынады.
Профессор Шанский Н.М. фразеологиялық бірліктердің құрылымына кіретін сөздер күрделі лексикалық бірліктердің компоненттеріне айналады.
Фразеологизмдер қайсыбір этнос болмысындағы белгілі бір халық жайындағы мәдени ақпараттарды жеткізуші тіл, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz