Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру жолдары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды гуманитарлық колледжі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» бөлімі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру жолдары
Студент:
Жетекші:
2016-2017 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
I ТАРАУ. КӨРКЕМ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ5
1. 1. Жазуға үйретудің тарихы5
1. 2. Көркем жазудың мақсаты, міндеті, принциптері. 7
1. 3 Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға үйретудің әдіс-тәсілдері14
II ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА КӨРКЕМ ЖАЗУДЫ ҮЙРЕТУДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ17
2. 1 Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға мектепте үйретудің практикалық негізі17
ҚОРЫТЫНДЫ24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ28
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Көркем жазу оқушының мектепке келген күнімен, жазуымен басталады. Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың мақсаты - дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық, тәрбиелік мәні зор.
Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика - графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбе, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады.
Әдемі жазу - өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп жазуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр-салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез-құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді. Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз.
Оқушының орфографиялық нормаға сай дұрыс жазуы - бастауыш сынып мұғалімінің маңдай терінің жемісі. Бастауыш сыныпта бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім-білік дағдылары қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады. Осы арқылы жазуын ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі, сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді. Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады.
Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларын көркем жазу дағдыларына үйрету осы жұмыстың өзектілігіне айналып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық әдіс-тәсілдерін қарастыра отырып, оларды жетілдіру жолдарын зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Жазуға үйретудің тарихымен танысу;
- Көркем жазудың мақсаты мен принциптерін, міндеттерін анықтау;
- Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға үйретудің әдіс-тәсілдерін зерттеу;
- Бастауыш сынып оқушыларының көркем жазу дағдыларын қалыптастыру;
- Бастауыш сынып оқушыларын көркем жазуға үйрету жолдарын жетілдіру.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын мектеп оқушыларына, педагогтарға, бастауыш сынып оқушыларына, сабақ барысында қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады, сонымен қатар арнайы курстар мен семинар сабақтарда пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараулардан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ТАРАУ. КӨРКЕМ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1. 1 Жазуға үйретудің тарихыЕрте кезде адамдар тасқа, ағашқа т. б. заттарға жазуды бастаған. Заман дами келе түрлі жұмсақ материалдар: папирус, қағаз, перо, қаламсап пайда болды.
Өте ерте кезде адамдар тасқа сурет салу арқылы өз ойын білдірді. Бұл жазудың қалыптасу тарихының алғашқы кезеңі еді.
Алғашқы кезде жазуға үйрету көптеген қиындықтар туғызды. Көркем жазуға үйрету барысында көшіру әдісі, механикалық жаттығулар арқылы үйретілді. Бірнеше айлар бойы оқушылар алфавит бойынша әріптерді, буын, сөйлемдерді көшірді. Бірақ бұл әдістің еш нәтижесі болмады. Яғни, графикалық сауаттылық ескерілмей, тіпті өз жазғандарын оқи алмайтын жағдайлар да болды. Тек Петр I жазудың шрифтіне назар аударды. Орыс халқы Европалық шрифпен, яғни латын әріптерінің үлгісімен жаза бастады. Жазу оңайырақ болғанымен, көркем жазуға үйрету ұзаққа созылды.
Көркем жазуға үйретуде: тік жазу керек пе, әлде көлбеу жазу керек пе? Деген сұрақтар пікірталас тудырды. Бір кездері көптеген елдерде соның қатарында Ресей елінде де тіке жазу енгізілді. Алайда бұлай жазу ұзаққа созылған жоқ. Себебі тіке жазу оқушының денсаулығына ( қабырғаның қисық болуы т. б. ) әсер ететіндігі дәлелденді. Көлбеу жазу тез әрі қолайлы болғандықтан енгізілді [1, б. 54] .
1969 жылдан бастап республика мектептері оңайлатылған жаңа жазу шрифтісіне көшірілді.
Оңайлатылған алфавиттегі әріптердің басым көпшілігі өзінің сызылуы жағынан байланыстырып жазуға ыңғайластырылған.
Байланыстырып жазуды қалыптастыру үшін мұғалім мына төмендегілерді ескеруге тиіс:
а) қолжазба әріптерінің биіктігі мен ені 2:1 қатысына сай болу керек ( үш негізгі элементтен тұратын ж, м, т, ф, ш, щ, ы, ю әріптерінен басқасы) .
ә) жазу оң жаққа қарай 65° көлбеу болуға тиіс, әріптер мен әріп элементтерінің көлбеулігі бірдей болу керек.
б) дөңгелек немесе жартылай дөңгелек элементтері бар әріптерді сөз ішінде басқа әріптермен байланыстырудың негізгі екі әдісі бар: үстіңгі және астыңғы.
Жазуға үйрету жүйесінде әр түрлі әдістер: көшіре жазу әдісі, сызықтық әдіс, ритмикалық әдіс, генетикалық әдіс, Карстер әдісі кеңінен қолданылды.
Қазіргі қазақ алфавиті. Қазақ алфавитіндегі әріп кесіні мен реті. Жазу дағдысын қалыптастыру кезеңдері: Жеке әріптерді жазу. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Алфавит - тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика - дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы. Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу.
Алфавит пен графиканы меңгеру - оқу мен жазудың ең алғашқы, ең қарапайым, бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны игеруді қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушылары орфографияны игере отырып, сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болады, яғни өзінің сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре отырып, жеке басының жалпы даму деңгейі жоғары дәрежеге көтеріле береді. Міне, жазуға үйренудің басты маңызының өзі анықталады.
Жазбаша сөйлеудің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, жазбаша сөйлеудің қабылдаушыға әсер ететіндей қосымша құралдары жоқ, ол бүкіл оқушы қауымға арналады, онда авторлардың эмоциясы мен сезімі, толқуы мен мұңаюы, қуанышы, реніші т. с. с. бәрі сөз арқылы жеткізіледі, жазу тілін қабылдау қиялдың жұмысын талап етеді. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылатынын, бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрле қозғалыстар жасайды [2, б. 92] .
Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері, оны дұрыс қолдану жатады.
Оқушы ереже бойынша, саналы түрде түсіне отырып, жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра береді.
Қысқасы, жазуға үйрету тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.
1. 2. Көркем жазудың мақсаты, міндеті, принциптері.Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмыстың негізгі мақсаты - балаға хат таныту, оқу мен жазуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементтерін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу жаза, оның жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы қалыптасады.
Көркем жазу пәнінде әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы болуға тиіс. Мектепке алғашқы келген күнней бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр - салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез - құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Бірақ бұл үрдіс баяу қалыптасады. Мұндай мақсатқа жету көптеген талаптарды орындаумен тікелей байланысты [3, б. 23] .
Көркем жазу пәнінің алғашқы сабақтарында оқушылардың жеке басына және мектепке қойылатын гигиеналық талаптар мен сынып жиһаздарының дұрыс орналасуы, тақта мен парта арасындағы қашықтықтың сақталуы, жарықтың дұрыс түсуі, партаның оқушы бойына сәйкес болуы немесе оның жазу кезіндегі ыңғайлылығы, оқушының партаға дұрыс отыра білуі, дәптер мен көру арақашықтығын сақтауы, жазу құралдарын тиімді пайдалануын ескеруі шарт.
Осыдан кейін осы талаптардың сабақта орындалуы, әріп формалары мен арақашықтығы біркелкі болуы ескерілуі.
Әріптің көлемі біркелкі болуы I, II сыныптарда аса назар аударылады Мәселен, 1 сыныпта кіші әріптің биіктігі 4 мм, жұмыс жолының көлемі және жоғарғы сызығынан аспау керек. Бос әріптің биіктігі 8 мм, жоғарғы жағы жұмыс жолының сызығына жетпеу керек.
2 - 3 сыныптарға арналған дәптерлер арақашықтығы 9 мм болатын бір түзу сызықпен сызылған. Кіші әріптің биіктігі - 3 мм, бас әріптің биіктігі 7 мм.
Көркем жазуға үйренудің принциптері жалпы дидактикалық принциптерге сүйенеді.
Көрнекілік принципі жазуға, әсіресе көркем жазуға үйренудің негізі Яғни, сабақта түрлі таблицалар тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне т. б. жазуды сабақта пайдалану.
Көрнекілік принципін алғаш зерттеп, оған мәнді үлес қосқан Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский т. б.
Осы принцип негізінде Я. А. Коменский алғашқы оқытудың методикасын жазды.
К. Д. Ушинский көрнекілік жайындағы ілімді дамыта келіп, көрнекілік балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жауап береді, балалардың заттардың пішіні, дыбысы, бояуы арқылы ойлайды деді.
Көркем жазуда оқушы ғана түсіндіру, тапсырма беру көп қиындық тудырады. Бұған қоса мұғалімнің жазу үлгілеріне жазып көрсетуі қолтаңбаның дұрыс қалыптасуына әсерің тигізеді.
Оқушылар түсіне отырып жазуының маңызы зор. Мәселен, оқушылар көлбеу жазудың не үшін керектігін түсіне отырып жазу керек. Сонымен қатар көркем жазудан алған оқушылардың білімдерінің кейбіріне ереже ретінде қарау керек. Мысалға, оқушылар гигиеналық талаптарды, әріп элементтеріне қойылатын талаптарды білу керек. Ережелерді оқушыларға біртіндеп үйретіледі. Ең бірінші ереже - гигиеналық және әріптің солдан оңға қарайкөлбеу жазуы [4, б. 32] .
Екінші ереже - элемент, әріп, сөз арасындағы қашықтықтың сақталуы. I, II сыныпта оқушылар бұл ережелерді қайталап, өз айтқандарын көрсете білуі керек.
Түсіне отырып жазу оқушылардың өзінің немесе өзгенің қатесін түзетуге үлесі зор.
Қайталау принципі бойынша жаттығулар жазу арқылы жазу дағдылары автоматтандырылады. Барлық дағдылар жаттығу жасау барысында жалдам орындалады немесе беки түседі.
Бірақ барлық жаттығуларды орындау барысында дағдылар қалыптаса бермейді. Орындалатын жаттығуда көзделген мақсатқа сай іс - әрекеттер жасалыну тиіс.
Жаттығу немесе қайталау - дағдысы қалыптастырудың ең ескі түрі жаттығуды қайталап орындату нәтиже бермейді. Ол үшін жасалған жаттығуға анализ жасау, салыстыру арқылы қорытындылып отыру керек. Қайталау принципін демалыстан келген кезде қолданған пайдалы. Ол арқылы оқушылар ұмытып қалған дағдыларын қалыпқа келтіреді.
Көркем жазу дағдыларын игерту оқушылардың ерекшеліктерін ескеруді талап етеді: қолдың қимылы, нерв жүйесі т. б. 6 жасар баланың жазу дағдыларын игеру қиынға түседі. Себебі, олар баяу қимылдайды.
Қарапайымнан күрделіге қарай жүру принципі немесе бірте - бірте күрделену. Мәселен, 6 жасар бала әріп элементтерін әріпті, содан кейін сөз жаза бастайды. Бірақ біз олардан бір сөзді үзіліссіз жазуын талап ете алмаймыз. Бұл 6 жасар балаға қиындықтуындайды.
II сыныпта оқушының үзіліссіз жазуды үйренеді.
Онайдан қиынға қарай жүру әріптің формасымен жұмыс істеу барысында қалыптасады. Әріптерді бірнеше топқа бөліп қарастырамыз. Бірінші топқа - жазылуы оңай әріптер кірсе, екінші топқа қиын әріптер жатады. Әріптерді бұлай топтау арқылы жазу гигиеналық принцип болып табылады.
Оқушыларды көркем жазуға үйрете отырып, олардың жеке дара ерекшелігін ескеру керек: оқушылардың жазу қабілеттерін білу, көзінің көру қабілетін ескеру, қимыл - қозғалыстарын ескеру қажет.
Мұғалім оқушының дұрыс отыруын, дәптерді орналастыруын, қаламсапты ұстауын, әріптің формасын, тез немесе баяу жазуын байқап отыру керек. Мұның бәрі мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс істеріне, ата - анасына кеңес беруге, үйге тапсырманы дұрыс беруге көмектеседі.
Көркем жазуда оқу мен жазуды байланыстыра алу маңызы К. Д. Ушинскийдің оқу мен жазуды байланыстыра жүргізу принципі мектеп тәжірибесінде өз нәтижесін көрсете білуі [5, б. 46] .
Жалпы баланың коллиграфиялық дағдысын қалыптастыруда көркем жазу пәні тек жазуға үйретумен ғана шектелмейді, жалпы педагогикалық - саяси тәжірибелік маңызы, мағынасы бар пән болып табылады.
Көркем жазуға үйрету кезінде саусақтың қазғалысының маңызы зор. Яғни, оқушы қаламсапты ұстай білу керек. Бұл қозғалыстар мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың шар, төртбұрыш т. б. заттарды ұстай білу қабілеті 15 айлығында дамыса, қаламсап ұстай білу қабілеті кешірек қалыптасады.
4 - 5 жасар баланың салған түзу сызықтары қисық және ирелек болып келеді. 6 жасар баланың жазуы бір шама түзеледі. Алайда, тік сызықты элементтерден дөңгелек элементтерге көшкенде біршама ауытқулар болуы мүмкін.
Көркем жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының (қаламсап, қарындаш, бор) көмегі керек. Бұл заттардың қолданылу жолдарын білу міндетті.
Ережесі:
1. Жазудың құралдарын пайдалана білу;
2. Дәптердің дұрыс орналасуы;
3. Дұрыс отыра білу;
4. Қолдың дұрыс қозғалысы;
Дұрыс жазу үшін:
1. Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу;
2. Баспа әріпті жазбаша түрде жаза білу;
3. Әріптің дұрыс жазылуын білу;
4. Әріпті байланыстыра білу(үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан) ;
5. Әріптің біркелкілігін сақтау;
6. Сызықтар арасында және бір сызықта жаза білу;
7. Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу;
8. Жазудың бағытының дұрыстығы;
Бұл ережелерге оқушылар бірден емес 2 - 3 жылда қалыптасады. Жазу барысыында оқушы көптеген талаптарды орындау қажет. Көп жағдайда оқушы жазуды үйрене бастағанда дәптердің дұрыс орналасуы, дұрыс отыру, қаламсапты дұрыс ұстау ситяқты ережелерді ұмытып кетеді: қаламсапты бар күшімен ұстайды, жазуы түзу болу үшін өзіне қарай тік сызуға тырысады, бірақ көлбеу жазу керек екендігін ұмытып кетеді. Мұндай қателіктерден қашу мүмкін емес. Қатені түзеу яғни, әр оқушыға ескерту ұзақ уақытқа созылады. Тек берілген жаттығуларды орындау оқушыға жеңіл болға кезде ғана түзетеді. Оқушылардан орфаграфиялық жазуды талап ете бастағанда оқушылар тақтадан немесе мұғалім айтуы бойынша жазады да, жазудың графикалық сауаттылығын бақылау баяулайды. Тіпті мұғалім айтқан дыбыс таңбаларының формасын ұмытып кетеді.
Әріптің үлгісі мен оқушының өзі жазған әріптерді салыстыра алмаудың негізгі себептері:
Үлгімен салыстыра келе қате жазғаның көре тұра оқушы қайта түзеп жаза алмайды. Себебі, әріптің жазылу бағытын білмейді. Яғни, көзбен қозғала отырып жазу қабілеті дамымаған. Оқушыға дұрыс жазуға көмектесу үшін мұғалім қолын ұстап бағыттап отыру керек.
Мұғалім тақтаға әріптің жазылу әдісін көрсеткенде оның жазылу ерекшеліктеріе назр аудармайды [6, б. 23] .
Жазу жұмысының гигиенасы. Жазу сабағында ми ғана емес, сондай - ақ көптеген бұлшықеттер де жұмыла жұмыс істейді. Сондықтан оған мынадай бірқатар талаптар қойылады: партада дұрыс отыру(бұл бұлшық еттердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді), жарықтың түсуі, қағаздың сапалы болуы, қарама - қарсы түсті сияны пайдалану, жазу құралдарының баланың жасына сәйкестігі, жетілдірілген жазу техникасы (әріптердің көлбеу немесе түзу кескіні) .
Жазу жұмысы, әсіресе үздіксіз жазу жұмысы (диктант) барынша қажытатын жұмыс деп есептелінеді. Қолдың басын бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттердің жұмысы білек, желке және бастың ауырлығын көтеріп, дұрыс отыруы қамтамасыз ететін арқа бұлшық еттерінің жұмысымен ұштасады. Демек, басқа да сабақтағыдай, жазба сабағы үстінде дұрыс отыруы талап етіледі, ұзақ уақыт жазу үстінде бұлшық еттердің қажуы салдарынан оқушының отыруы бұзылады. Мұнда организм рефлекторлы жолмен қосымша тірек нүктесін іздеп, кеуде қуысын партаның жиегіне тірейді, бұл тыныс алу мен қан айналымын бұзады.
Жазу жұмыс кезінде көзге көп күш түседі, өйткені әріптерді дәптер парағындағы сызықтардың арасына дәлме - дәл келтіріп жазу талап етіледі: зейінді жұмылдыру қажеттігі және қол басы бұлшық еттерінің дәл жұмыс істеуі жұмыс істеп тұрған орталықтарды ғана емес, сонымен бірге тұтас алғанда бүкіл организмді қажытады. Жазу жұмысы тез қажытпауы үшін қалам мен оның ұшын тисінше тандай білу қажет. Сонымен қатар, қолдың, қол басы мен саусақтардың дұрыс қалпын сақтау дағдыларын қалыптастыруы керек.
Парта оқушының бюойы сай келмейінше, оның бетінің керекті көлбеулігі (12 - 150) сақталмайынша жазу ережесін сақтау мүмкін емес.
Қиғаш жазу кезінде дәптер денеге қарама - қарсы, оның парта қақпағының жиегіне көлбеулік бұрышы 30 - 400 болып орналасуы тиіс. Сонда қиғаш сызықтар мен штрихтар стол жиегімен тік бұрыш түзеді. Оқушы әріп сызықтарын бір - біріне параллель түсіреді немес қағаздың қиғаш сызықтарының үстіне жүргізеді. Оқушы денесінің екі иық буынын байланыс- тыратын көлденең осі және көздің негізгі сызығы өзара, сондай - ақ партаның оқушы жақ жиегіне параллель болуы тиіс. Бұл талапты сақтамау дұрыс отыру қалпын, келе - келе мүсінді бұзып, омыртқа жотасынның бір жағына қарай қисаюы - сколиозға және алыстан көрмеушілікке әкеп соғады [7, б. 12] .
Шарикті қаламсап.
Қазіргі таңда жазуға құралдары ғылыми техникалық прогреске сай болу керек. Бүгінде жазудың кең таралған құралы шарикті қаламсап. Оқушылар қаламсаппен жаза білу керек. Ол өте қолайлы және жеңіл. Қаламсаппен жазудың перомен жазу кезіндегі орналасуы өзгеше болады. Шарикті қаламсап бұрыштан 50 - 55 0, перо - 35 - 45 0.
Қаламсапты үш саусақпен: үлкен, сұқ саусақ, бармақпен ұстаймыз. Сұқ саусақ бармақпен ортаңғы саусақтын ортасында орналасып, қаламсапты жоғары жағынан ұстап тұрады. Сұқ саусақ пен қаламсап басының арақашықтығы 1, 5, 2 см болу керек. Жазу барысында сұқ саусақпен сәл ғана қысып ұстау керек. Сияның түсі көк немесе көкшіл болу керек. Қызыл түсті сияны мұғалім ғана қолданады. Қызыл түспен қатені, бағаны таңбалайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz