Махмұд Қашқаридың «Диуани-лұғат ат турк» еңбегінің мектепте оқытылуы
КІРІСПЕ 3
I ТАРАУ. ДАНЫШПАН ҒАЛЫМ, КЕМЕҢГЕР ҰСТАЗ М.ҚАШҚАРИДІҢ ӨМІРІ МЕН ОНЫҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ.ТҮРК» АТТЫ ЕҢБЕГІ 5
1.1 Махмұт Қашқаридың өмірінің белестері 5
1.2 «Диуани лұғат ат.түрк» еңбегінің дүниеге келуі мен оның мәні 8
1.3 «Диуани лұғат ат.түрк» еңбегінің зерттелу мәселелері 14
II ТАРАУ. МАХМҰТ ҚАШҚАРИДЫҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ.ТҮРК» ЕҢБЕГІНІҢ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17
2.1 «Диуани лұғат ат.түрк» еңбегінің педагогикалық мәселелері 17
2.2 «Диуани лұғат ат.түрк» еңбегінің оқушылардың санасына әсері және мектеп бағдарламасына енгізудің әдіс.тәсілдері 20
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

Тақырыптың өзектілігі: Қоғамымыздың жаңа қарқынмен алға өркендеуi, егемендi елiмiздiң болашақтағы дамуы келешек жастар тәрбиесіне байланысты. Қазақ халқы өзінің бүгінгі күнін бағалай отырып, өткен өміріне көз салуды, тарихи тәжірибеден сабақ алуды, мәдени дәстүрлерін, озық әдет-ғұрпын, өмір салтын зерттеуді, оларды ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жеткізуді әрқашан мақсат етіп қойғаны белгілі.
Халықтың ғасырлар бойы жинаған осынау бай тәжірибесін бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде аса тиімді, шығармашылықпен қолдана білу - әрбір ұстаздың міндеті.
Мемлекетіміздің ертеңгі болашағы - мектеп жасындағы жас жеткіншектер. Оларды халықтық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеуге, құрметтеуге үйреткен абзал. Өз халқының мәдени мол мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін білудің оқушы тұлғасын қалыптастыруда маңызы зор. Бүгiнгi таңда ұрпақ тәрбиесiнiң ерекше мәнге ие болуы қазақ педагогика ғылымының қайнар көздерін қайтадан саралап, шынайы мазмұнын анықтауды талап етедi.
Танымдық ұлағаты мол мәдениет пен терең ақыл-ойдың мектебі болып табылатын М.Қашқаридің педагогикалық мұрасындағы жетекші идеялардың жаңа заманның адамдарын тәрбиелеудегі құндылығы жоғары.
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологиялық ерекшеліктері
«Диуани лұғат ат-түркте»нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал-мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.
ХІ ғасырда өмір сүрген түрік ғұламасы, даналардың данасы Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігі» еңбегі барлық түрік өркениетінің шежіресі ретінде ерекше бағаланады. Бұл еңбек жалпы адамзаттық, ұлттық және адами құндылықтардың жүйесі ретінде педагогика ғылымының төрінен орын алады. Философиялық, әрі педагогикалық трактат пен тіл білімінің негізін тұжырымдаған аталмыш еңбек барлық түрік мәдениетін әлемдік деңгейге көтеріп, оның құндылығын айқындай түседі.

1. Ahmet (Kіlіslі) Rіf’at. Dіvanь Lыgat іt-Tьrk. Іstanbul. Cіlt І, 1333 (1915), cіlt ІІ, 1333 (1915), cіlt ІІІ, 1335 (1917).
2. Құрышжанұлы Ә. Ескі түркі жазба ескерткіштері. А., “Қайнар”, 2001, 326 б.
3. Ә.Құрышжанұлы.Заметки о «Диване» Махмуда Кашгари //«Тіл тарихы туралы зерттеулер» кітабында. Алматы 2011.
4. Ә.Құрышжанұлы. Махмұт Қашқари //«Тіл тарихы туралы зерттеулер» кітабында. Алматы, 2011.
5. Ә.Құрышжанұлы. Махмұт Қашқари қыпшақ тілі //«Тіл тарихы туралы зерттеулер» кітабында. Алматы, 2011.
6. Досмұхамедұлы Х. Аламан. Құрастырушылар: Ғ.Әнесов, А.Мектепов, Ш.Кәрімов. А., «Ана тілі», 2011, б. 213.
7. Мусабаев. Г. Некоторые сведения о жизни Махмуда Кашгарского//Исследования по тюркологии.- Алматы: Наука, 2009. С.462
8. Махмуд Қашқари. Түбі бір түркі тілі. Алматы: «Ана тілі» 2013.
9. Қалиева К.М. Махмұд Қашғаридың педагогикалық идеялары: пед.ғыл.канд. ...дисс. - Алматы, 2003. – 132 б.
10. Махмуд ал-Кашгари. Диван Лугат ат-Турк / Перевод, предисловие и комментарии З.-А.М.Ауезовой. Индексы составлены Р.Эрмерсом. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. –1288 с.
11. Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі: (Диуани лұғат-ит-түрк): 3 томдық шығармалар жинағы. Т.1. / Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А.Егеубай. – Алматы: ХАНТ, 1997. – 592 б.
12. Ш.Шарапатұлы. М.Қашқаридың «Түркі тілдері сөздігінің» тарихынан// Алтаистика және түркілогия. 2011. №3.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды гуманитарлық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Махмұд Қашқаридың Диуани-лұғат ат турк еңбегінің мектепте оқытылуы
Студент: Сақыпжан А.Ғ
Жетекші: Муханова Г.Т
2016-2017 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I ТАРАУ. ДАНЫШПАН ҒАЛЫМ, КЕМЕҢГЕР ҰСТАЗ М.ҚАШҚАРИДІҢ ӨМІРІ МЕН ОНЫҢ ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК АТТЫ ЕҢБЕГІ 5
1.1 Махмұт Қашқаридың өмірінің белестері 5
1.2 Диуани лұғат ат-түрк еңбегінің дүниеге келуі мен оның мәні 8
1.3 Диуани лұғат ат-түрк еңбегінің зерттелу мәселелері 14
II ТАРАУ. МАХМҰТ ҚАШҚАРИДЫҢ ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК ЕҢБЕГІНІҢ МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНА ЕНГІЗУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 17
2.1 Диуани лұғат ат-түрк еңбегінің педагогикалық мәселелері 17
2.2 Диуани лұғат ат-түрк еңбегінің оқушылардың санасына әсері және мектеп бағдарламасына енгізудің әдіс-тәсілдері 20
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қоғамымыздың жаңа қарқынмен алға өркендеуi, егемендi елiмiздiң болашақтағы дамуы келешек жастар тәрбиесіне байланысты. Қазақ халқы өзінің бүгінгі күнін бағалай отырып, өткен өміріне көз салуды, тарихи тәжірибеден сабақ алуды, мәдени дәстүрлерін, озық әдет-ғұрпын, өмір салтын зерттеуді, оларды ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жеткізуді әрқашан мақсат етіп қойғаны белгілі.
Халықтың ғасырлар бойы жинаған осынау бай тәжірибесін бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде аса тиімді, шығармашылықпен қолдана білу - әрбір ұстаздың міндеті.
Мемлекетіміздің ертеңгі болашағы - мектеп жасындағы жас жеткіншектер. Оларды халықтық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты қастерлеуге, құрметтеуге үйреткен абзал. Өз халқының мәдени мол мұрасын, ұлттық ерекшеліктерін білудің оқушы тұлғасын қалыптастыруда маңызы зор. Бүгiнгi таңда ұрпақ тәрбиесiнiң ерекше мәнге ие болуы қазақ педагогика ғылымының қайнар көздерін қайтадан саралап, шынайы мазмұнын анықтауды талап етедi.
Танымдық ұлағаты мол мәдениет пен терең ақыл-ойдың мектебі болып табылатын М.Қашқаридің педагогикалық мұрасындағы жетекші идеялардың жаңа заманның адамдарын тәрбиелеудегі құндылығы жоғары.
Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологиялық ерекшеліктері
Диуани лұғат ат-түрктенақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал-мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.
ХІ ғасырда өмір сүрген түрік ғұламасы, даналардың данасы Махмұт Қашқаридің Түрік сөздігі еңбегі барлық түрік өркениетінің шежіресі ретінде ерекше бағаланады. Бұл еңбек жалпы адамзаттық, ұлттық және адами құндылықтардың жүйесі ретінде педагогика ғылымының төрінен орын алады. Философиялық, әрі педагогикалық трактат пен тіл білімінің негізін тұжырымдаған аталмыш еңбек барлық түрік мәдениетін әлемдік деңгейге көтеріп, оның құндылығын айқындай түседі.
Міне осындай түркі мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлғаның біздің дәуірімізде мектеп оқушыларын оқытуда қолдану мәселелері өзекті болып келеді. Зерттеу жұмысында Махмұт Қашқаридің Түрік сөздігіндегі педагогикалық мәселелер талданып, оның қазіргі педагогикамен байланысы ашып көрсетіледі. М.Қашқаридің педагогикасын жан-жақты меңгеріледі. Сонымен бірге, Махмұд Қашқаридың Диуани лұғат ат - түрк еңбегіндегі педагогикалық мәселелерін зерттеліне отырып, оны мектеп оқушыларының санасына тереңінен жеткізу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - ұлы ойшылдың өмірі мен оның атақты еңбегі Диуани лұғат ат-түрк туралы мағлұматтарды, М.Қашқари мұрасы бойынша жүргізілген зерттеулер туралы материалдарды зерттеу отырып, осы еңбекті мектеп бағдарламасына енгізудің әдісі мен тәсілдерін қарастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Махмұд Қашқаридың өмірі мен шығармашылығымен танысу;
- Диуани лұғат ат-түрк еңбегінің зерттелу мәселелерін қарастыру;
- Диуани лұғат ат-түрк еңбегін мектеп оқушыларының санасына жеткізудің әдіс-тәсілдерін іздестіру;
- Диуани лұғат ат-түрк еңбегі арқылы оқушыларда ізденімпаздыққа, ой-өрісін кеңейтуге, терең ойланып-толғануына жол ашу.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын мектеп оқушыларына, филологтарға, көне түркі жазба ескерткіштері жөнінде сабақ барысында қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады, сонымен қатар арнайы курстар мен семинар сабақтарда пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараулардан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I ТАРАУ. ДАНЫШПАН ҒАЛЫМ, КЕМЕҢГЕР ҰСТАЗ М.ҚАШҚАРИДІҢ ӨМІРІ МЕН ОНЫҢ ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРК АТТЫ ЕҢБЕГІ
1.1 Махмұт Қашқаридың өмірінің белестері
Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029-1101) - түркі тілдерін дүние жүзінде тұңғыш зерттеген, ең алғаш сөздігін құрастырушы - энциклопедист-ғалым. Туған жері Қарахан мемлекеті Қашқар қаласы. Әкесі Барысқан қаласынан саяси жағдайларға (бәлкім қудалауларға) байланысты Қашқарға көшкендіктен, Махмұд Барысқанда туылуы мүмкін деген пікірлер бар. Қарахандар ақсүйектері ортасынан (династиясынан) шыққан.
Сурет 1 - Махмұд Қашқари
Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғраханның (Бурахан) немересі - шамасы, Барысқан қаласының әскербасы қызметін атқарған. Заманында алыс аймақтарға әйгілі болып, саяси-шаруашылық және қоғамдық-әкімгершіліктің үлкен орталығына айналған Қашқарда оқып (әлде, жан-жақты дамып, ғарышқа құлаш ұрған сол тұстағы Орта Азияның небір мықты басқа да шаһарлары мен кенттерінде - Бұқара, Нишапур, Самарқанд, Бағдад, Мерв т.б. тұрып) білім алған Махмұд өз дәуірінің теңдесі жоқ атақты ғұламасы еді. Махмұдтың ана тілі - Қарахан мемлекеті қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілерінің тілі (ғалым оны таза тіл деп санайды). Ол тілде Іле бойын жайлайтын яғма, тухси, чығыл сияқты тайпалар сөйлеген [1, Б. 56].
Бізге мәлім түркітану түсінігінің егізін алушы Махмұд Қашқари, тілдерді меңгеріп зерттеу саласында алғаш салыстыру әдісін қолданып, зерттеуді тек лингвистика тұрғысынан ғана емес, тарихи, салт-дәстүрлік тұрғыдан да жүргізуді қолға алған. Ғұламаның мұндай талғамда жұмыстануына, өмірге көзқарасының қалыптасуына, бұдан алдыңғы буындағы шоқ жұлдыз - Жүсіп Баласағұнидың ықпалы мол болды. Жалпы ойға салсақ, әкесі қаланың әмірі, лауазымды әскербасы болған Махмұдқа кез келген қаладағы кез келген кітапхананың есігі ашық еді. Бұл тұстың Құнанбай бидің ұлы Абайдың жастық, іздену шағымен ұқсастығы барын көреміз.
Сурет 2 - Махмұд Қашғаридың мешіті
Білуімізше, 960 ж. Қарахан мемлекеті түркі мемлекеттерінің арасында алғаш боп ислам дінін қабылдаған болатын. Ислам діні, оған қоса, араб тілі билеушілер мен лауазымды тұлғалар арасында кең тарай бастады. Осыған орай, Қашқаридың бойында тамаша арабша филологиялық білімнің жинақталуымен қатар, тұғырлы орта ғасырлық ислам ілімінің сан қилы тұстары да көрініс тапты. Классикалық араб, парсы тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін, олардың жалпы зерттелу дәрежесін өте жетік білген. Шығыс елдерінің (Қытай, Иран, Түркістан, Орта Азия, Рум, Еділ бойы, т.б.) әлеуметтік өмірі мен әдебиетін түбегейлі меңгерген.
Ғалым тегі түркі халықтар мекен еткен барлық жерлерді шарлап, түрлі тайпаларды кезіктірген.
Барысқан - қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) қала.
Боғра хан - ягма тайпасынан тараған Қарахан әулеті билеушілерінің лауазымы. Бұл тайпа түйені қасиетті жануар деп білуіне байланысты, тайпа билеушілері өз аттарына боғра лауазымын қоса айтатын болған.
Мерв - Түркменстанның оңт. шығ. бөлігінде, Мүргәб өзенінің бойында орналасқан Орта Азияның ежелгі қаласы. Санджар сұлтан тұсындағы Селжұтардың астанасы. Қалада он кітапхана болған [2, Б. 56].
Сан қилы қызықты әңгімелерді, әр тайпаның пайда болуы туралы аңыз-ертегілерін, этнологияық ерекшеліктерін, шаруашылығын, мақал-мәтелдер мен ғибратлы сөздерін, әдеби мұраларын, әр тайпаның менталитеті мен исламға дейінгі наным сенімдерін қызыға зерттеген. Әсіресе ғалым филологияға баса зер салып, әр түркі тілдес тайпалардың сөйлеуін бақылай отырып, салыстыру жасап, тілдік ерекшеліктерін, диалекттік сөз орамдарын мағынасымен қоса қағазға түсірген.
Мықты географ ретінде тайпалардың орналасқан орындары мен көші-қон жолдарын қағазға түсірген (бұл еңбегі жөнінде сәл кейінірек). В.В.Радлов М.Қашқариды түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи әдіспен зерттеушілердің алғашқысы болды деп көрсеткен еді. Осы оймен жалғас мынадай бір жағдайды да айта кеткен орынды: қазіргі жалпы білімнің салыстырмалы-тарихи әдісі дейтін саланың негізгі түп қазығы болып табылатын неміс ғалымы Франц Бопп екен.Оның ісін жалғастырушылар көп болды. Соның ішіндегі аса көрнектісі - неміс Якоб Гримм (1785-1863 ж.). Ол Неміс грамматикасы (1819 ж.) деген еңбегінде неміс тілін герман тіліне жататын басқа тілдермен салыстырып зерттеген. Сол үшін Ф.Энгельс Я.Гриммді герман тілдері-салыстырмалы грамматикасының негізін салушы данышпан ғалым деп бағалаған.
Сурет 3 - Махмұд Қашқаридың мавзолейі
Сурет 4 - Махмұд Қашқариға қойылған ескерткіш
Мәселенің ең бір өкінішті жері - осы салада тер төккен мамандар салыстырмалы-тарихи әдістің ХІ ғасырдың ортасында-ақ М.Қашқари сияқты данышпан алыптың қаламынан туғанын білмеген еді.
1.2 Диуани лұғат ат-түрк еңбегінің дүниеге келуі мен оның мәні
Еңбек Диуани луғат ат-түрк деп аталады. (1070 - 1074 ж. Бағдатта жазылған). Бұл ат орыс тіліне де, қазақ тіліне де (басқа түркі тілдеріне де) Түркі тілдерінің жинағы (Диуан - жинақ деген сөз), Түркі тілдерінің сөздігі (еңбектің мазмұны сондай), тағы басқа аттармен әр қилы аударылып жүр. Кітаптың негізгі түпнұсқасы жоғалған. Махмұд ибн Құсайын бұдан бұрын Түркі тілдері синтаксисінің асыл қазынасы жайындағы кітап деген тағы бір еңбек жазған сияқты (автор оны Диуанда атап өтеді), бірақ ол әзір табылған жоқ.
Сурет 5 - М.Қашқари Диуану луғат-ит-түрк оқулығы
М.Қашқари Диуану луғат-ит-түрк еңбегін Бағдат қаласында хижра есебімен 464 жылғы бесінші айдың алғашқы күнінде (қазіргі есебіміз бойынша 1072 жылдың 25 қаңтарында) жазыла бастаған да, 466 жылғы алтыншы айдың 10 күні (1074 жылдың 10 ақпанында) аяқталған. Дайын тұрған Диуани луғат-ит түрк жазбасының бірінші нұсқасын ирандық Мұхаммед ибн Абулфатх екі ғасыр өткен соң, 1266 жылдың 1 авгусында көшіріп алса керек. Ол туралы көшірменің соңында былай деп жазылған: Әуелі Саве, кейінірек Шам, яғни Дамаск қаласының тұрғыны Мұхаммед ибн Әбубәкір ибни Әбилфатих (оны тәңір жарылқасын!) осы кітапты түпнұсқасынан көшіріп, оны 664 жылы оныншы айдың жиырма жетінші жексенбі күні бітірді [3, Б. 41].
Бұл көшірмені алғаш рет 1914-15 жылдары түрік ғалымы Али Амири Стамбул базарында көне жәдігерлер сатушысының жүк салған арбасынан тауып, оны сатып алады. Ол Киласли Рифатқа қолжазбаны тәртіпке келтіруді табыстайды. Рифат еңбектің көшірмесін жасап 1915 жылы бірнішісі мен екіншісін, ал 1917 жылы үшінші кітапты Стамбулда басып шығарады. Ал алғашқы көшірме бүгінгі таңда Стамбул қаласында Фатих кітапханасында сақтаулы тұр.
Кітапты Махмұд классикалық араб филологиясының үлгісімен араб тілінде жазған. Ол өзі кітаптың жазу тәртібін Халил ибн Ахметтің Китабу-л `айн деген еңбегінің ізімен түздім деп атап өтеді.
Сурет 6 - М.Қашқари Диуану луғат-ит-түрк еңбегінің бүгінгі күнге жеткен түпнұсқасының мұражайда сақталған күйі
Өз еңбегін қалай жазғандығы туралы ғұлама былай дейді: мен түріктер, түрікмендер, оғыздар, яғмалар, қырғыздардың қалаларын, қыстаулары мен жайлауларын көп жылдар бойы аралап шықтым, сөз жинадым, әр алуан тіл ерекшеліктерін үйреніп, оларды анықтап отырдым. Мен бұл істерді тіл білмегендігімнен емес, сол тілдердегі әрбір жеке айырым белгілерді бақылау үшін істедім. Әйтпесе, мен тілдерді өте жақсы, жетік білетін мамандардың санатынанмын, жіті аңғарып, ескі мен жаңаны жыға танитын білімпаздардың бірімін, - дейді. Еңбек түрік халықтарының мәднеиеті, шаруашылығы, этнонимдері, топонимдері, халықтық календары, географиялық терминологиясы және көптеген басқа да мәліметтер алуға болатын, өзінше бір энциклопедиясы іспеттес.
Диуанидың алғашқы жолдарынан-ақ оның авторының кең дүниетанымында ислам мен араб мәдениетінің үлкен орын алатынын байқауға болады. Алғысөзінде кітаптың Әл-Мұхтадидың аббасидтік халифына арнап жазылганы айтылады [4, Б. 82].
Мен бұл кітапты құдіретті Алладан жәрдем сұрай отырып, ұлы мәртебелінің {ұрпақ жалғастырушысы}, елшілердің, имамдардың, Хашимидтер мен Аббастардың қасиеттісі, халивтың әміршісі, біздің жарылқаушымыз - Абу-л-Касим Абдаллах ибн Мухаммад би-Амриллахқа мәңгілік естелік және сарқылмас қазына болсын деп жаздым...
Диуаниды осылай халифқа арнай отырып, ғалым өзінің еңбегін ерекше рухани мәртебеге бөледі. Себебі, осы тұрғыдан қарағанда түркі тілдерін зерттеу жалпы мұсылмандық дәрежеге шарықтайтын болады. Қашқаридың еңбегінің мақсат бағдары да осы. И. А. Кононовтың айтуынша: қашқаридың бұны жазудағы мақсаты - түркі тілінің мәртебесін көтеріп, араб тілінен еш кем түспейтінін дәлелдеу...
Махмұд Қашқари мынандай мақсат қойды: тек түрік тіліне тиісті сөздерді ғана қарастыру. Сондықтан сөздікте: киімді, үй жабдықтарын, ауыл шаруашылық
Топонимика - географиялық атау, олардың тегi, мағыналы мәні, дамуы, қазiргi күйі, жазылуы және айтылуын зерттейтін ғылым. Топонимика белгілі бір жерде болатын және география, тарих және лингвистика аяларының мәлiметтерін пайдаланатын интегралды ғылыми пән болып табылады.
Әбу Абдур Рахман әл-Халил ибн Ахмет ибн Аир Тамим әл-Азди әл-Фарагиди әл-Яхмади әл-Басри (717-791 ж.) Зерттеушілердің мәліметтеріне қарағанда, талантты ақын, дарынды ғалым, араб метрикасының негізін салған әдебиетші болған. Тіл өнері мен өлең құрылысы жайында бірнеше кітап жазған. Китабу-л `айн деген еңбегі арқылы ол өзінің үлкен лексиколог ғұлама екендігін танытқан. Кітаптың бұлай аталу себебі - ондағы сөздік `айн әрпінен басталған.
29 тайпаның этноним, топонимдерін, туыстық атаулары мен киім-кешек, тағам аттарын, салт-дәстүр ерекшеліктерін атап көрсетіп, ұсақ рулардың таңбаларына дейін сипаттайды. Сол кездегі түркі халықтарының дүниені қабылдауы, этникалық нормалары мен құндылықтары, өзін-өзі ұстау әдеті тілге тиек етіледі. Әртүрлі тайпалар арасындағы тарихи-мәдени байланыстар, Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер келтіріледі. М. Қашқаридің картасы бойынша олар Румнан Шығысқа қарай: бегемен, кыфган, огуз, иемен, башқұрт, басмыл, кай, йабаку, катар, хырғыз, ары қарай чигель, тухси, йагма, уграк, чарук, чомыл, уйгур, хытай, тагут, табгаш.
Ұлы ғалым 3 томнан, 8 кітаптан тұратын кітапта 6800 түрік сөзін жинақтап (110 жер-су атауы, 40 түрлі халық пен тайпалар), араб тілінде түсіндірме береді. Кітапта 242 өлең жолдары, 262 мақал мен мәтел келтірілген. "Диуанидегі" 875 сөз бен 60 мақал-мәтел ешқандай өзгеріссіз қазақ тілінде кездесетіні ғажап. Айтылғандай, қолжазба үш томнан тұрады. Оның ішінде 8 тарау бар, әр тарауды бір кітап деп атаған. 1-кітап әліп әрпінен басталатын сөздерді талдап зерттеуге арналған. 2-кітап дауысты дыбыстары (әліп, уау, йай, әріптерімен берілетін дыбыстары) жоқ сөздерді қарастырады. 3-кітап бір әріпті екі рет қайталанып келетін сөздерді зерттейді. 4-кітап йай әрпінен басталатын сөздер туралы баяндайды. 5-кітап үш әріптен тұратын сөздерді, 6-кітап төрт әріптен құралған сөздерді, 7-кітап мұрын жолымен айтылатын дыбыстарды, 8-кітап екі дауыссыз дыбысы бар сөздерді талдауды ниет еткен. Әр кітапты Махмұд ибн Құсайын есім сөздер және етістік сөздер деп екі топқа бөлген. Олардың әрқайсысы өзара тағы да талай жіктерге бөлініп отырған. Әр адам оңай түсіну үшін - деп жазады М.Қашқари, - мен араб тілінде қолданылып жүрген терминдерді пайдаландым. Түркі тілінің араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ деген пікірін де автор осы жерде айтып кетеді.
Бұл кітапты - деп жазады Махмұд - мен алфавиттік ретепен жаздым, оны мақалдармен, саджалармен, мәтелдермен, өлеңдермен, раджаздармен (әскери өлеңдермен) және прозалық үзінділермен өрнектедім. Мен қиындарды жеңілдеттім, түсініксіздерді түсіндірдім, жылдар бойы жұмыс істедім: (Кітап оқушыларын) олардың (түріктердің) әдет-ғұрпымен және білімімен таныстыру үшін, оған олардың оқитын өлеңдерін, бақытты және бақытсыз күндері данышпандық әңгімелер айту үшін қолданатын мақалдарын шешен, айтушыға, ал ол келесі айтушыға жеткізу үшін төгілте жаздым. Сонымен (сөздермен) қатар аталған пәндерді және белгілі (жиі қолданылатын) сөздерді кітапта жинақтадым, сондықтан кітап жоғары деңгейге көтерілді және айқын басымдылыққа жетті.
Ғалымның айтуынша, кітаптағы сөздер әрбір буындағы әріптердің өзара тәртіптері бойынша түзілген. Әр сөз араб тіліне аударылып, сол сөздің жұмсалуы жайында мысалдар келтірілген. Мысалдардың көбі - халық аузынан жиналған ақыл-кеңес беретін, насихат айтатын, ғибрат алатын, үлгі-өнеге көрсететін парасатты сөздер, мақалдар мен мәтелдер, қанатты тіркестер, қалып алып кеткен ойлар, тұрақты сөз орамдары, өлеңдер, әдеби үзінділер [5, Б. 96].
Мысал келтірсек, "Уақыт мезгелідері асықтырады, адамның күшін сарқылтады, ерелердің әлемін тарылтады... Оның (уақыттың) тәртібі солай, ол басқалардың (елдің) бәріне бірдей (әсер етеді). Егер әлем, дәлдеп тұрып садақ тартса, таудың шыңын да жарып жібереді".
"Менің ұлым, мен саған мұрагерлікке қайрымдылық жасау қағидаларын қалдырамын. Қайрымды ерлермен бірге жүр"
"Әлемнің түні мен күні жиһанкездер сияқты. Олардың жолы кіммен қиылысса, соның күшін алады."
"Адамның заттары мен дүнисі - оның дұшпаны. Байлық жинағанда ойлан, ол ернеуінен асып кетпесін, асып кетсе ол су тасқыны сияқты иесін төмен қарай тартып кетеді. Дүние үшін талай ерлер қор болған. Дүйниені көріп олар (оны) жемтікке үймелеген құзғындай бас салады. Олар дүйне жинап тығып сақтайды, жетіспейді деп жыланып жүріп пайдасын да көрмейді, олар алтын ды да солай жинайды. Дүние үшін, құдайды ұмытып, (өзінің) балаларын, туыстарын шын мәнінде тұншықтырады."
"Қайрымды бола отырып, тағы да қайрымдылыққа ұмтыл, тәкәпар болма!"
Энциклопедиялық білімі бар ғажап ғалым халықгың тіршілік әрекеті мен тарихи тәжірибесі негізінде туып, қолданысқа түскен білімдерінің танымдық. қызметін жоғары бағалайды. Табиғатқа жоғары құндылық деп қараған әлеуметтік бағдардың қорғаушысы ретінде көрінеді. Халқымыздың өмірінде аса зор тұрмыстық-шаруашылық мәні болған астрономиялық түсініктер мен аспан жұлдыздары ілімінің көне түрік дәуірінен бері жалғасып келетін тарихи бағалылықтар екендігін қисынды дәлелдейтін нақты мөліметтер осы жазбада жүр. "Үркер", "Жетіқарақшы", "Темірқазық" атаулары мен Аспан Әлемін арнайы тақырыпқа айналдырған өзге де бірқатар материалдар Қашғари үшін түркілердің табиғатты тану мәдениетін кейінгілерге жеткізу құралы болғандығын байкатады.
Ел тұрмысын үңіле зерттеген ғалым еңбектің түгелдей бір тарауын түркілердің уақыт есебін жүргізу, жыл маусымдарын белгілеу мәселелеріне арнаған. "Түркілер он екі жылды он екі хайуанның атымен атайды. Балаларының жасы мен өткен күндердегі соғыс тарихын, сол сияқты түрлі есте тұтар шақтарды жылдардың айналуымен есептейді," - деп көрсетеді Кашғари халық өмірінде елеулі роль атқарған кезеңдік жылнама жайында. Әрі қарай әрбір жылдың тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталатынын тізбелей келе, автор былай деп жазады: "Айлардың атына келетін болсақ, сапарларда айлардың аттары арабша қолданылады. Көшпенді өмір сүретін, мұсылман болмаған түркілер жылды төрт маусымға бөліп, әр үш айды бір атпен атайды. Жылдың өтуін сол тәсілмен белгілейді. Мысалы, наурыздан кейінгі көктемнің алғашқы айы Лақ айы, келесі айды Үлкен лақ айы деп атайды. Бүл айларда лақ марқаяды, семіреді. Бұдан кейінгі айды Ұлы ай дейді. Бұл ай жыддың ортасында келеді. Бүл уақытта жердің жүзі жеміске толып, мал әбден семіреді. Ақ көбейеді"....
Қашғари көрсетуінде - ай отыз күннен тұратын уақыт өлшемі. Бір айлық уақыттың өтуі - айдың дәуір сүруімен есептелгендіктен, жылдың он екіден бір бөлігі де Ай деп аталады. "Түркі халықтарының жыл қайыруы" деп аталатын бұл тараудағы халыктық наным-сенімдерге қатысты деректер де аса қызғылықты. Кашғари айтуынша түркілер осы жылдардың әрқайсысында бір қасиет бар деп есептейді: олардың пайымдауында, Сиыр жылы кірсе, ұрыс-жанжал көп болады. Себебі, сиыр бір-бірімен кеп сүзісетін мал. Тауық жылы кірсе, азық-түлік кебейеді. Өйткені тауықтың жемі - дән. Ұлу жылы кірісімен жауын-шашын кебейіп, астық бітік еседі. Себебі Ұлу суда өмір сүреді. Доңыз жылы кірсе, қар қалың жауып, суық қатты болады. Өсек-аяң көбейеді. Осы сияқты әрбір жылда түркілер бір нышан бар деп есептейді, - деп атап көрсетеді халыктың түрмыс-тіршілігі мен салт-сана дөстүріне байланысты үғым-түсініктерінің астарына терең үңіліп, айрықша зер салған білімпаз [6, Б. 74].
"Іңір - жарық пен қараңғының түйісетін сәті. Оғыздар імір дейді", - автор бабаларымыздың тәулік ішіндегі аралықты белгілеу үшін қолданған үғымдары жайында. Әрі кәрай - таң, Таң сөрі, ақшам, түс атаулары келтіріліп, олардың мән-мағынасы ашып көрсетілген талдаулармен жалғаскан. Қоршаған ортамен тіл табыса білген әлеумет бейнесі, оның жаратылысты үғыну ерекшеліктері көрініс берген аса құнды деректердің біразы "Сөздіктегі" ауыз әдебйеті үлгілері.
Тәңірім аспанды кең жаратыпты,
Жұлдыз бар онда ғажап дара тіпті.
Асылды ауаменен оратыпты,
Адамды болмысымен таңырқатып, - деп жырға қосады табиғатты нақты да ғажайып шындық деп түсінген кене көз бабаларымыз. Заманындағы түркі ұлыстарының түрмыс-салттық үғымдары, эстетикалык талғамы, айналамен қарым-қатынасы, одан алған сезім-әсерлері аса ұтымды бейнеленген. Мұндай нұсқаларды көптеп келтіре беруге болады.
Атыл Еділ, Ила Іле, Артыш Ертіш, Манғышлақ секілді туған елкеміздегі жер бедеріне меншіктелген атаулар жайында аса қүнды топономиялық деректерді осы шығармадан кездестіреміз. Ертістің Иәмек (Қимақ) даласындағы кеп салалы езен екеңдігіне түсіндірме берген автор езен шын мәнінде "Артыш суы - Ертіш суы" деп аталады. Әртішмәк етістігінің түбірі "Әртіш - Ерту" болады. "Судан кім тез ерітер" мағынасында қолданылған - деп хабарлайды.
Қашғари көрсетуіңде түркілер үлкен өзендердің барлығын Жейхун деп атаған. Ал Іле өзені түркі елдерінің жейхуны. Екі жағалауыңда түркі тайпаларының яғма, тахси рулары мен жігілдің бір тобы өмір сүреді. Ғалымдар Қашғари "Сөздігінде" келтірілген географиялық объектілердің Тянь-Шань мен Жетісу аймағына катысты көпшілігінің Бедел, Шамси, Торуг, Арт асулары, Ақсай мал жайылымы, Қазақ жер аты, Куча, Үзгенд қалалары, Ісігкөл, Сізіңкөл секілді көл аттары т.б. атаулары күні бүгінге дейін өзгеріссіз қолданып келе жатқанын хабарлайды.
1.3 Диуани лұғат ат-түрк еңбегінің зерттелу мәселелері
XX ғасырдың басында ғұламаның ұлы еңбегі бүкіл әлемге әйгілі болды, оның айғағы - жарық көрген басылымдар (кесте 1).
Кесте 1 - Диуани лұғат ат-түрк басылымдары
рс
Баспадан шыққан уақыты
Аудармашының аты-жөні
Жазылу тілі
Баспадан шыққан елі
1
1915-1917 жж.
К.Рифат
түрік
Түркия
2
1939-1941 жж.
Б.Аталай
түрік
Түркия
3
1960-1963 жж.
С.Муталлибов
өзбек
Өзбекстан
4
1981-1984 жж.
Ибрахим Мутии Имин Турсун және т.б.
ұйғыр
Қытай
5
1982-1985 жж.
Р.Дэнкоффом Дж. Келли
ағылшын
АҚШ
6
1997-1998 жж.
А.Егеубай
қазақ
Қазақстан
7
2005 ж.
А.М. Әуезова
орыс
Қазақстан
ХХ ғасырда Диуани лұғат ат-түрк еңбегі түрік дүниесінің әлемдік ғылым қазынасына қосқан ұлы мұрасы ретінде танылып, ғалымдардың зерттеу еңбектеріне арқау болды. Оның 1915-1917 жж. жарық көрген бірінші басылымының (К.Рифат) өзі халықаралық ғылыми қоғамдастықтың ерекше қызығушылығын тудырды.
Атақты неміс ғалымы, шығыстанушы К.Брокельманн 1918 жылдардан бастап, М.Қашқари еңбегінде келтірілген түрік тайпаларының өмірі мен жергілікті тілдеріне қатысты грамматикалық ерекшеліктер, мақал-мәтелдер, мәліметтер туралы бірнеше мақалалар жазды. Сонымен бірге 1928 жылы К.Рифаттың басылымы негізінде Орта түрік тілінің сөздігін құрастырды. 1921 жылы неміс шығыстанушысы Г.Бергштрессер Диуани лұғат ат-түрк құрылымына арналған мақала жазды, онда Диуани лұғат ат-түрк құрылымын әл-Фарабидің Диуани әл-Адаб еңбегінің құрылымымен салыстырды. Мұнда түсіндіре кететін жайт, Диуани әл-Адам (Әдеби жинақ) еңбегінің авторы Фараб қаласынан шыққан оқымыстылардың бірі Әбу Ибраһим Исхақ ибн Ибраһим әл-Фараби деген ғалым. Оны ғылым әлеміне танытқан аталмыш еңбегі 1974-1978 жылдары Каирде 4 том болып жарияланған, бұл еңбекте автор тіл білімінің көптеген мәселелерін қорытып, поэзия мен проза, мақал мен нақыл сөздердің анықтамасын береді, тіл, әдебиет салалары бойынша тың ой-пікілер айтады. 1923 жылы Ф.Хоммел Түрік сөздігінде келтірілген ежелгі түрік мақал-мәтелдері туралы мақала жазды [7, Б. 65].
Орыс шығыстанушысы В.В.Бартольд 1921 жылы Петроградта Орыс Археологиялық қоғамы Шығыс бөлімінің мәжілісінде ХІ ғасырдағы түрік-араб сөздігі атты баяндама жасады. Сонымен бірге Түрік сөздігіндегі тарихи-этнографиялық материал В.В.Бартольдтің Орта Азиядағы түрік халықтарының тарихы бойынша атақты дәрістерінде баяндалған түріктер тарихының тұжырымдамасын жасауға негіз болды. Осы жылы орыс түркітанушысы С.Е.Малов өзінің ежелгі түрік әдебиеті бойынша хрестоматиясына Түрік сөздігінен орысша аударып, бірнеше өлеңдер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz