Бастауыш мектепте сынып сағаттарын өткізу ерекшеліктері



I КІРІСПЕ 3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5
I ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СЫНЫП САҒАТЫН ӨТКІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ.ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Сынып сағаттарын өткізудің маңызы 5
1.2 Сынып сағаттарының тәрбие процеcіне тигізер ықпалы 14
II ТАРАУ. БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ САҒАТЫНДА СЫНЫП САҒАТТАРЫН ӨТКІЗУ ЖОЛДАРЫ 16
2.1 Сынып сағаттын өткізу формалары, әдіс.тәсілдері 16
2.2 Сынып сағаттарын өткізу жөнінде ұйымдастырылған эксперименттік жұмысының нәтижелері 24
III ҚОРЫТЫНДЫ 28
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31
Тақырыптың өзектілігі: Мұғалім мамандығы – жер жүзінде ең игілікті мамандық. Себебі, ол өзінің білімімен, ақыл-парасатымен, яғни бүкіл болмысымен қоғамның болашақ азаматының тұлғасын сомдап, дамытуда әлеуметтік маңызды қызмет атқарады. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастыра отырып, тұлғаның қабілетін шыңдайды, өмірлік ұстанымын орнықтырады, қысқас оның толыққанды әлеуметтенуіне көмектеседі. Мұндай жағдай тікелей мұғалімдердің басшылығымен біртұтас педагогикалық процесте жүзеге асады. Яғни, мектеп мұғалімдері балаларды қоғам және табиғат жайындағы жан-жақты білімдермен қаруландырып, дүниетанымы мен қарым-қатынасын, мінез-құлықтарын тәрбиелейді.
Тәрбие – педагогикалық процестің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін екендігі бізге мәлім. Олай болса, оқушылардың сынып сағатының уақытын тиімді ұйымдастыру, сынып сағатының нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты.
Бастауыш сынып оқушыларына сынып сағатының өткізу әдістемесінің міндеті – тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс-тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім, іскерлік пен дағдыларды меңгеруге көмектесу болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысының тәрбиесі – шығармашылық процесс. Оны бір ғана курстық жұмыстың негізінде баяндау толық баяндау немесе соған қатысты рецепт дайындау мүмкін емес. Ол әрбір мектептің, тіпті сыныптың ішкі өз жағдайына байланысты ұйымдастырылады. Сынып жетекшілерінің озат тәжірибелерді жинау және өз бетінше білімдерін жетілдіру мақсатын көздеп, әрбір тақырыптар соңында негізгі әдебиеттер, ал соңында қосымша әдебиеттер ұсынылды.
Сондықтан да осы курстық жұмыстың өзектілігі бастауыш мектепте сынып сағаттарын өткізу ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты – бастауыш сынып оқушыларына сынып сағаттарын өткізудің теориялық негіздерін қарастыра отырып, оларды өткізудің тиімді жолдарын іздестіру болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Сынып сағаттарын өткізудің маңызын қарастыру;
- Сынып сағаттарының тәрбие процесіне тигізер ықпалын анықтау;
- Сынып сағаттын өткізу формалары, әдіс-тәсілдерін зерттеу;
- Сынып сағаттарын өткізу жөнінде ұйымдастырылған эксперименттік жұмысының нәтижелерін зерттеу.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын мектеп оқушыларына, педагогтарға, бастауыш сынып оқушыларына сабақ беретін ұстаздарға қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады, сонымен қатар арнайы курстар мен семинар сабақтарда пайдалануға болады.
1. Р.Қоянбаев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 2011, б. 675.
2. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. -Алматы, 2014, б. 231.
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық.Үшінші базалық деңгей.ІІІ басылым.НЗм, 2012, 329 б.
4. «Ұстаз» журналдары. 2013 – 2014 ж.ж., б. 234
5. Берикханова А.Е. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Оқу құралы. - Алматы, 2009.-240 б.
6. Введение в педагогическую профессию: Учебное пособие для студентов пед. специальностей. /Хан Н.Н., Калиева С.И., Жексенбаева У.Б., Колумбаева Ш.Ж., Калиева Г.И., Берикханова А.Е./ - Алматы, 2010. - 243 с.
7. Мамандыққа кіріспе. Рувинский Л.Н. Алматы. 2012 ж., б. 346
8. В.С. Кукушин. Введение в педагогическую деятельность. Ростов-на-дону. - 2010. - 255 с.
9 Садыков Т.С. и д р. О разработке ведущих идей в профессиональной подготовке будущего специалиста // Вестник АГУ им. Абая. №5(5), 2001. - С. 225.
10. Загвязинский В.И. Педагогическое творчество учителя. -М.: Педагогика, 2007.
11. Әбенбаев С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2004.
12. Майгаранова Ш., Иманбаева С.Т. Мектептегі тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. - Алматы. - 2009, - 260 бет.
13. Тажбаева С.Г. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2013.
14. Классному руководителю //Под ред. М.И.Рожкова. -М.,2009.-с.100.
15. Әбенбаев С. Сынып жетекшісі. -А.,2004.
16. Тажбаева С.Г. Подготовка будущего учителя к технологии воспитательного процесса в школе. - А., 2004. -226с.
17. Методика воспитательной работы: уч. пособие для студ. высш. уч. заведений // Л.А.Байкова, др. Под ред. В.А.Сластенина. - М., 2005.
18. Педагогическиое мастерство и педагогические технологии//Под ред. Л.К.Гербенкиной, Л.А.Байкова -М., 2010.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды гуманитарлық колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш мектепте сынып сағаттарын өткізу ерекшеліктері

Студент: ____________
Жетекші: ____________

2016-2017 оқу жылы

МАЗМҰНЫ

I КІРІСПЕ 3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ 5
I ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СЫНЫП САҒАТЫН ӨТКІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Сынып сағаттарын өткізудің маңызы 5
1.2 Сынып сағаттарының тәрбие процеcіне тигізер ықпалы 14
II ТАРАУ. БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ САҒАТЫНДА СЫНЫП САҒАТТАРЫН ӨТКІЗУ ЖОЛДАРЫ 16
2.1 Сынып сағаттын өткізу формалары, әдіс-тәсілдері 16
2.2 Сынып сағаттарын өткізу жөнінде ұйымдастырылған эксперименттік жұмысының нәтижелері 24
III ҚОРЫТЫНДЫ 28
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31

I КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Мұғалім мамандығы - жер жүзінде ең игілікті мамандық. Себебі, ол өзінің білімімен, ақыл-парасатымен, яғни бүкіл болмысымен қоғамның болашақ азаматының тұлғасын сомдап, дамытуда әлеуметтік маңызды қызмет атқарады. Оқу және тәрбие процесін ұйымдастыра отырып, тұлғаның қабілетін шыңдайды, өмірлік ұстанымын орнықтырады, қысқас оның толыққанды әлеуметтенуіне көмектеседі. Мұндай жағдай тікелей мұғалімдердің басшылығымен біртұтас педагогикалық процесте жүзеге асады. Яғни, мектеп мұғалімдері балаларды қоғам және табиғат жайындағы жан-жақты білімдермен қаруландырып, дүниетанымы мен қарым-қатынасын, мінез-құлықтарын тәрбиелейді.
Тәрбие - педагогикалық процестің өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді қажет ететін екендігі бізге мәлім. Олай болса, оқушылардың сынып сағатының уақытын тиімді ұйымдастыру, сынып сағатының нәтижесін арттыру одан да күрделі мәселе. Мектеп жағдайында бұл жауапты мәселені жүзеге асыру сынып жетекшілеріне педагогикалық білім деңгейінің сапасы мен педагогтік шеберлігіне байланысты.
Бастауыш сынып оқушыларына сынып сағатының өткізу әдістемесінің міндеті - тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың формалары мен әдіс-тәсілдерін ашып көрсету, болашақ ұстаздарға тәрбие беру саласындағы білім, іскерлік пен дағдыларды меңгеруге көмектесу болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысының тәрбиесі - шығармашылық процесс. Оны бір ғана курстық жұмыстың негізінде баяндау толық баяндау немесе соған қатысты рецепт дайындау мүмкін емес. Ол әрбір мектептің, тіпті сыныптың ішкі өз жағдайына байланысты ұйымдастырылады. Сынып жетекшілерінің озат тәжірибелерді жинау және өз бетінше білімдерін жетілдіру мақсатын көздеп, әрбір тақырыптар соңында негізгі әдебиеттер, ал соңында қосымша әдебиеттер ұсынылды.
Сондықтан да осы курстық жұмыстың өзектілігі бастауыш мектепте сынып сағаттарын өткізу ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты - бастауыш сынып оқушыларына сынып сағаттарын өткізудің теориялық негіздерін қарастыра отырып, оларды өткізудің тиімді жолдарын іздестіру болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Сынып сағаттарын өткізудің маңызын қарастыру;
- Сынып сағаттарының тәрбие процесіне тигізер ықпалын анықтау;
- Сынып сағаттын өткізу формалары, әдіс-тәсілдерін зерттеу;
- Сынып сағаттарын өткізу жөнінде ұйымдастырылған эксперименттік жұмысының нәтижелерін зерттеу.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу жұмысын мектеп оқушыларына, педагогтарға, бастауыш сынып оқушыларына сабақ беретін ұстаздарға қосымша әдебиет ретінде ұсынуға болады, сонымен қатар арнайы курстар мен семинар сабақтарда пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараулардан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I ТАРАУ. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СЫНЫП САҒАТЫН ӨТКІЗУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Сынып сағаттарын өткізудің маңызы

Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-сынып сағатын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесшісі болып табылады. Сондықтан да ол қиын да, әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол - сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптастырады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.
Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызықты ұйымдастыруға тырысады.
Ол өзіне қатысты сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осығай сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады [1, б. 21].
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты - мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін сынып сағаты өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшісінің міндеттері:
1. Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта сынып сағаттарынұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б.
Сынып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін Класс жетекшісінің жұмысы туралы әдістемелік хатпен, жалпы білім беретін орта мектептердің жарғысымен т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет. Олардың тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетілді [2, б. 34].
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі.
Кеңес үкіметі орнағанға дейін патшалық Ресейдегі оқу мекемелерінде арнайы сынып сағатын ұйымдастырушылар болмады. Ол тек 20 ғасырдың 70 жылдары ғана пайда болды.
Дегенмен тәрбие мәселесімен кәсіби айналысушы адамдар ертерек пайда бодды. Олар ақсүйек және ауқатты отбасыларында бастапқы кезде күтушілер кейіннен гувернанткалар ретінде қызмет етті. Ал оқу мекемелерінде, 1804 жылғы Университеттік мекеме Жарғысына сәйкес оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші-ұстаздарға, ханымдарға өз оқушыларын бақылап, олардың тәртібін жауап беру міндеті жүктелген.
1828 жылғы гимназия және училище туралы Жарғыда оқушыларды таңдау мақсатында олардың жеке басын танып білу қажеттілігі де баса көрсетілген.
Дегенмен, орта оқу мекемелерінде балалармен тәрбиелеу ісін ұйымдастыру мәселесі балалармен тәрбиелеу ісі ұйымдастыру мәселесі оқытушылармен қатар, оқушыларды қадағалаушыларға да жүктелген. Олардың негізгі міндеттері тәрбиеленушілердің тәртібін қатаң бақылау, оқушылардың жетістіктерін, теріс қылықтарын, не нәрсеге бейімділігін, мінез-құлықтарын белгілеу үшін күнделік жүргізу тапсырылды. Сонымен бірге, олар тәрбиеленушілердің қолы бос уақытынды кітап оқуын қадағалауға да міндетті болды.
Сынып тәрбиешісі қызметі 1871 жылғы гимназиядағы сынып тәрбиешісі Жарғысында ресми түрде бекітілді. Соған сәйкес сынып тәрбиешілері мұғалімдер тағайындалып, олар білім берумен де айналысты.
Сынып жетекшілерінің міндеттерінің ауқымы кең болады: сабақта тәртіпті сақтауға ықпал ету, сабаққа қатысуды қадағалау; мектеп іс-қағаздарын жүргізу; оқушылардың дамуын, таным қабілеттерін бақылап зерттеу; сол сыныпта сабақ жүргізетін оқытушылармен ай сайын мәжіліс өткізу. Сонымен қатар сынып тәрбиешілері тәрбиеленушілердің мемлекеттік заңдарды және оларды орындаушыларды сыйлауға, Отанға және мемлекетке берілгендік сезімдерін тәрбиелеуге міндеті болды. Мұнда діни сезімге көптеп көңіл аударылды.
Бірақ та, іс жүзінде сынып жетекшілерінің әрекеті тәрбиеленушілерді бақылау және тәртіпті сақтаумен ғана шектелді. Себебі, оқу мекемелеріндегі мұндай қызметтерді мәртебесі онша жоғары болмады. Әрі онда негізінен өсуге көптеп көңіл бөлінді. Сондықтан, сынып тәрбиешілерінің сынып сағатымен айналысуға уақыттары да аз болды [3, б. 64].
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде қоғамдағы кейбір өзгерістерге сай баланың жеке тұлғасына деген көзқарас өзгеріп, оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл бөле бастады. Дегенмен де сынып тәрбиешілерінің қызметі 1871 жылғы Жарғыға сәйкес өзгеріссіз қалды. Олардың манызды міндеті - оқу процесін ұйымдастыру болып есептелді: сабақта тәртіп орнату; сабаққа қатысуы; қосымша сабақ ұйымдастыру; үй тапсырмасын орыңдату т.с.с.
XX ғасырдың басында оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын, демалысын, әртүрлі пәндер бойынша қосымша сабақтарын және әдеби кештер мен дене қимылы (гимнастика) үйірмесін ұйымдастыруға мақсатты түрде көңіл бөліне бастады.
1913-1914 жылдары сабақтан тыс жұмыстардың жаңа формалары пайда болды: тілдік, сурет салу. музыка, балшықпен жабыстыру ісімен шұғылданатын үйірмелер: қойылым (спектакль) қою, әдеби-музыкалық, би кештерін. көрме жұмыстарын ұйымдастыру; саяхатқа бару. Осындай жұмыстарды атқару барысында сынып тәрбиешілері тағы да негізгі ұйымдастырушы және оларға қатысушы бола алмады. Олардың міндеті бақылаудан аспады.
Кеңес дәуірінің алғашқы кезеңдерінде де сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен сынып сағаттарынұйымдастыру мұғалімдердің бәріне бірдей жүктелді. Оларды той жетекшілері деп атады. Негізгі міндет -коммунистік идеология аясында оқушылардың саяси тәрбиеіне көптеп кең болу. Оқушылардың бастауыш ұйымдарында жалпы мектептік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруды мақсат етіп қойды. Іс жүзінде сынып сағатына онша көңіл бөлінбеді. Мұғалімдердің кызметі оқушылар және олардың ата-аналары жайында мәліметтер жинастыру, сабаққа қатысуын қадағалау т.с.с. болды.
1928 жылы сынып тәрбиешісі қызметі ресми түрде жойылып, оқушылардың өзін-өзі баскару ұйымына басымдылық береді. Дегенмен де бұл бағытта да оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.
20 жылдардың ортасында оқушылар ұйымы дағдарыс жағдайына болды. Ондағы себеп, балаларда ұйымдастыру жұмыстарына қатысты тәжірибенің жетіспеушілігі, олардың мүмкіндігін артық бағалау және өзін-өзі басқару мәселесінде мұғалімдердің ролін өз дәрежесінде бағаламау. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы мұғалімдерді оқушылар тобына -- бастауыш ұжымға бекіту, олардың міндетіне оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына жетекшілік ету (негізгі міндеті), оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқушылардың жеке басын жәнс өмір жағдайын зерттеу, ата-аналарымен жұмыс істеу болды.
1930 жылдары отаңдық метепте өте маңызды өзгеріс болды: оқу процесіне сыныптық сабақ жүйесін енгізу, оқушлардың жеке-дара білімдерін жүйелі түрдс есепке алу, тұрақты оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жасау т.б. Осыған байланысты топ жетекшілерінің де жағдайы өзгерді.
1934 жылы "Жалпы енбек мектебінің" Жарғысы мен Ережесінің қабылдануы, мектептердегі оқу-тәрбие процесін топтап оқыту тәртібіне көшіруі, сыныптық-сабақ жүйесіне өтуге байланысты, топ жетекшісі, сынып жетекшісі деп өзгертіліп, олардың тәрбиешілік кызметтерінің міндеттері мен мазмұны, формалары мен әдістері жаңа сипатка ие болды. Соған сәйкес сынып жетекшісі туралы Ережсні 1934 жьшы 28 маусым күні РСФСР Халық ағарту Комиссариаты бекітті. Осы Ережемен бірге сынып жетскшісінің қызметі де бекітілді [4, б. 13].
1947 жылы сынып жетекшісі туралы жаңа ереже қабылдаңды. Онда сынып жстекшілерін тағайындаудың жаңа тәртібі белгіленіп, олардың қызметі нақтыланды. Сонымен бірге сынып сағатын жоспарлау және есеп беру формалары туралы нұсқау берілді. Бастауыш сынып ұжымын ұйымдастыру және оны қалыптастыруға, ондағы сынып сағатының негізі оқушылардың идеялық саяси тәрбиесіне аса мән берілді. Пионер және комсомол ұйымдарымен жұмыс істеу, оқушылардың "Оқушылар ережесін" үйренуі міндеттелді.
Осыдан 1971 жылғы жаңа "Сынып жетекшісінің Ережесіне" дейінгі мерзімде сынып жетекшілерінің міндеттерінде айрықша өзгеріс болмады. Соңғы жылдары кейбір мектептерде "Сынып жетекшісінің" орнына тек тәрбие мәселелерімен айналысатын дербес "Сынып тәрбиешісі" деген қызмет пайда болуда. Оның себебі, біріншіден, бүгінгі таңдағы әлеуметтік өмірдің барлық саласындағы маңызды өзгерістердің ықпалы. Олар қоғамдық және тұлғалық қатынастарға кең көлемде ықпал етуде. Бір жағдайда, бұл қатынастар субъект ретінде бәсекеге төтеп бере алатын барлық оған қатысушыларға тым қатаң талап қойса, екінші жағдайда, адамның қоғамдағы өз тағдырын өзі еркін шешуге, әлеуметтік мәселелердің тәсілдерін таңдауда оған мүмкіндік береді. Мұңдай көзқарас мектептегі педагогикалық процеске қатысушылардан жаңа ізденімпаздықты талап етеді. Соған орай тек білім беру саласында ғана емсс, сонымен бірге ұстаздар мен оқушылар, мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым арасыңда қызықты жобаларды қарастыру, оларды педагогикалық процеске ендіру қажеттігі басымдылық танытуда. Олардың негізіне ынтымақтастық жәнс тең құқықтық серіктестікті жатқызу көзделіп отыр. Екіншіден, білім беру жүйесінде жаңа сипаттағы оқу орындарының пайда болуы: гимназия, лицей т.с.с. Соның барысында кейбір классикалық тұрғыдағы білім беретін жалпы орта мектептерінің педагогикалық әрекеті өзгеріске ұшырауда. Соған сәйкес сынып жетекшісі қызметінің мазмұны мен сипаты да өзгеруде:
- пән мұгалімі, бір мезгілде сынып жетекшісінің қызметін атқарушы;
- сынып жетекшісі, аз мөлшерде оқу жүктемесі бар пән мұғалімі;
- сынып жетекшісі, тек сынып сағатымен айналысатын мұғалім;
- сынып тәрбиешісі (кейбір оқу мекемелерінде пайда болған жаңа қызмет).
Осындай жіктеуге қарамастан, сынып жетекшілерінің, тәрбиешісінің қызметі. құкығы мен міңдеттері өзгеріссіз қалуда. Себебі, мектептің педагогикалық қызметі оның Жарғысы бойынша әрекет етеді, яғни сынып жетекшісінің тәрбие қызметі де осы құжатқа негізделген. Дегенмен, баланы тәрбиелеу ісі оның әлеуметтік ортамен өзара тікелей белсенді әрекеті жағдайында жүзеге асады. Мұңдай жағдайда сынып жетекшісінің қызметі оқушылардың әлеуметтік өмірде өздерін-өздері тани білуінс, сынып жәнс мектеп ұжымында өз орындарын таба білуіне көмектесе отырып, олардың дамуына қолайлы жағдай туғызу.
Бүгінде қоғамды реформалау жағдайында мектепке, оқушылар мен мұгалімдерге қойылатын талаптар да жаңа сипатка ие болуда. Дегенмен, сынып жетекшісі қызметінің маңыздылы жойылған жоқ.
Ол жаңа жағдайға сай өзара байланысты 3 қызметті орындайды: әр бағытта сыныптағы окушылардың әрекетін ұйымдастыру, ондағы әрбір тұлганың дамуына қамқорлық жасау, сыныпта туындаған мәселелерді шешуде балаларға көмектеседі [5, б. 67].
70-80 жылдардағы мектептің өгешелігі, тәрбиенің ықпал ету күші негізінен баладан тысқары байланыста болғаны. Бүгінде көптеген сынып жетекшілерінің ол жөнінде көзқарастары басқаша. Яғни, тәрбиені баланың ішкі жан дүниесін дамытуға жағдай жасау деп түсінеді. Осыдан барып сынып сағатының бағыты мен жүйесі өзгереді. Мұңдай көзқараста баламен жеке жұмыс жасау мүмкіншілігі күшейеді. Ол әрбір баланың дене және психикалық дамуын қамтамасыз етумен байланысты болады. Мұндай жағдайда, бірінші кезекте, негізінен сыныптың ішкі көңіл күйін көтеруге, оңда жағымды психологиялық жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамуына, әрбір жеке баланың өзін-өзі танып, қоршаған ортаға қатысты ашылуына жағдай туғызуға, оқушыларды шынайы әлеуметтік әмірмен қарым-қатынас жасауға аса көңіл бөлінеді.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізілетін жұмысынын формалары мен әдістері
Ата-аналармен жеке кездесу
Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың жанұясына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, жанұя мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір кылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режимі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді.
Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әр түрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді. Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, кажетті педагогикалық кеңестер алады.
Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер және лекциялар өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен лекцияларда үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек.
Әңгімелер мен лекциялардың мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сая баяндалуы қажет. Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін сынып сағаты мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың көзқарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын тандау үшін мамандардан тұжырымды кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке өзін-өзі даярлауға бет бұрады.
Бастауыш сатыда өткізілетін ата-аналар жиналысылын үлгі тақырыптары:
1-сынып
1. Бастауыш мектеп жасы. онын ерекшеліктері
- Бастауыш мектеп жасындағы окушының физиологиялық ерекшеліктері.
- Баланың оқуға келгенде сұраныстарының қатынас құру формаларының өзгерілуі бірінші сынып оқушысының мінезі, қызығушылықтары.
- Баланың жеке дара ерекшеліктері (отбасының әлеуметтік паспортын толтыру)
2. Балаларды оқуға қалай үйрету керек;
- Кіші мектеп жасындағы оқушыны оқыту психологиясы. Кіші мектеп жасындағы оқушының танымдық процестерінің ерекшелікіері Зейін мен естің ерекшеліктері;
- Бастауыш сыныптарда мектеп білімінің мазмұны;
-Оқу материалын меңгерудегі жеке қиыншылықтар;
3. Оқушының үйде және мектептегі дене тәрбиесі Оқушы өмірінің табиғи ритмі. Күн тіргтібін қалыптастыру негіздері. Бірінші сынып оқушысының күн тәртібі. Баланың денсаулығын нығайтудағы қимыл ойындарының ролі. Әр іске - белгілі уақыт.
4. Кіші мектеп жасындағы оқушы өмірінде ойын мен еңбектің ролі.
- Ойын мен еңбек -- кіші мектеп жасындағы оқушының іс-әрекет түрлері. Баланың еңбегіне қойылатын педагогикалық талаптар;
- Бірінші сыныптағы еңбекке баулу пәнінің бағдарламасы ерекшеліктері.
- Оқушының отбасындағы еңбегі. Сүйікті іс-әрекеттері;
5. Оқушылармен бірге ұйымдастырылған қорытынды ата-аналар жиналысы.
- Осы жылы нені, неге үйрендік. Оқушылардың жетістіктері;
- Марпаттау;
- Концерт;
2-сынып
1. Дені сау ұрпақ тәрбиелеудегі отбасы мен мектепттің ролі.
- Медициналық тексеру қорытындысы;
- Мектептегі оқу іс-әрекетінің бала ағзасына әсері;
- Мектепте және үйдегі тамақтану тәртібі;
2. Кіші мектеп жасындағы оқушыда рухани, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу
- Отбасында және үйде кіші мектеп жасындағы оқушыда мәдениетті жүріс-тұрыс тәрбиелеу әдіс-тәсілдері;
- Баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
-"Өзіне және өзгелерге жақсы өмір сүру үшін не істеу қажет?" - оқушылар ережесі.
3. Кіші мектеп жасындағы оқушының дамуындағы оқу ролі
- Бала өміріндегі кітаптың орны. Отбасында, мектепте оқу барысына басшылық ету. Оқуға деген қызығушылықты арттыру. Оқу талғамын тәрбиелеу.
- Балалардың кітаптарды қабылдау ерекшеліктері. Оқылған кітаптардың әсері. Ата-ананың оқылған кітаптың мазмұны бойынша батасымен әнгімелесуі. Баланың сөздіқ қорын байыту. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға арналған әдебиеттермен таныстыру.
4. Балаларымыздың жасырын әлемі.
- Оқушының бос уақыты. Анкеталарды сараптау;
- Ананың көнілі балада, баланың көңілі далада;
- Балалардың жазғы демалысын дұрыс ұйымдастыру жолдары;
5. Қорытынды жиналыс.
- Оқу жылының қорытындысы;
- Марапаттау;
- Концерт. Ойындар;
3- сынып
1. Әр түрлі жас кезеңдеріндегі баланың тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері.
- Баланың жас ерекшеліктерін, дара ерекгеліктерін білу;
- Балаларда жақсы әдеттер тәрбиелеу;
- Жаңа оқу жылына қойылатын масат-міндеттер;
2. Сынып ішіндегі балалардың қарым-қатынас психологиясы.
- Дос, достық туралы анкеталарды сараптау;
- Кіші мектеп жастағы балалар арасындағы өзара көмек пен өзара сыйластық;
3. Отбасының бала тәрбиелеудегі ролі.
- Отбасындағы тәрбие ахуалы. Ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың, материалдық жағдайдың балараға әсері;
- Отбасы тәрбиесінде кездесетін қиындық пен қателер, олардың себебі жою жолдары;
- Ата-аналарға өсиет;
4. Сөздің тәрбиедегі ролі. Отбасындағы тәрбиелеу әдістері.
- Баланың өмірін ұйымдастыру;
- Мақтау;
- Педагогикалық ситуациялар;
5. Бала балалық шақтан қалыптасады.
- Кіші мектеп жасындағы оқушының мінез-құлық қалыптасу ерекшеліктері;
- Кіші мектеп жасындағы балалардың өз-өзін тәрбиелеу бағдарламасы; Осы бағдарламаны іске асырудағы ата-аналар көмегі.
6. Мектептегі, отбасындағы эстетикалық тәрбие.
-Эстетикалық тәрбиенің мектептегі ойлау, еңбек, дене тәрбиесімен байланысы;
- Балаларды өнср түрлеріне баулудағы ата-аналар ролі. Балалардың сабақтан тыс уақытын өткізу;
- Біздің шығармашылығымыз, Балардың өнерін тамашалау;
4-сынып
1 Бастауыш мектептегі соңғы оқу жылы.
- Жаңа оқу жылының тәрбиелік бітімділік мақсат-міндеттері;
- Кіші мектеп жасындағы оқушының интеллектуалдық мүмкіцдіктеріне және ойлау дамуына қазіргі көзқарас;
- Оқушылардың ойлау тәрбиесінде отбасы ролі. Ата-аналардың балаларының үй тапсырмасын орындауын бағалау әдістемесі;
2. Балаңыз қандай болып өсіп келеді?
- Оқыту және тәрбиелеу психологиясы. Оқушылардың жеке ерекшеліктері.
- Теледидар: иә -- жоқ. Балаларымыз не көреді, олардың психикасына қалай әсер етеді;
3. Әке-шеше -- бірінші тәрбиешілер.
- Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі әсері.
- Ананың, әкенің отбасындағы ролі. Қыздары мен ұлдарына әкенің әсері.
- Ата-аналардыңөз-өзін тәрбиелеуі;
4 Әкем, шешем. мен - тату отбасымыз.
-Ата-аналардың хоббиі;
-Отбасылық тағамдармен таныстыру;
- Біріккен ойындар. Викториналар;
5. Қорытынды мерекелік жиналыс "Қош бол, бастауыш мектебІм!"
- Бастауыш сыныпта нені, неге үйрендік. 5 сынып жетекшісімен таныстыру.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері.
Ата-аналардың өз балаларының жан-дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісінің ата-аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде ата-аналарды тәрбиелеу деген ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылыктарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімнің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиені ата-аналарға да керек. Себебі, қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалы білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егер де мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімнің ата-аналармен кездесуін ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, мәслихат өткізу сенімді жұмыстар барысында атқарылады [6, б. 84].
Сынып жетекшісі өз тәрбиеленушілерінің үй тұрмыстық жағдайларымен, үйдегі тәрбие жөнімен жақыннан танысуы үшін отбасынан хабар алып тұруы-міндетті істердін бірі. Үйдегі жалпы ахуал, отбасы мүшелері арасындағы үлкенді-кішілі қатынастар тәжірибелі ұстаға көп нәрседен ақпарат береді. Оқушы отбасының босағасын аттауды сынып жетекшісі аса әдептілік сақтап, келесі ережелерге бағынғаны өте қажетті:
- шакырусыз бармаңыз, қандай да жолмен болса да ата-ана рұксатын алуға тырысыңыз;
- отбасының ересек мүшелерімен әңгімелесуде аса жоғары әдептілік мәдениетін сақтаңыз, әркашан әңгімені көңілге жылу беретіндей сөздермен, мақтаумен бастаңыз;
- оқушыңыз үлгерімі не тәртібі жөнінде арыз айтуды тіпті де естен шығарыңыз, ойыңызда болса, ондай жағдайларды үлкен, маңызды проблемалармен жанамаластырып шешу жолдарына кеңес айтыңыз;
- әңгімелесу кезінде оқушыларыңыз қастарыңызда болғаны жөн, ата-анамен көзбе көз сөйлесулерді аса қажетті жағдайда ғана қоланыңыз;
- ата не анаға мін тағудан сақтаныңыз:
- оқушы тағдырына жаныңызбен ортақ екпініңізді білдіруге тырысыңыз.

1.2 Сынып сағаттарының тәрбие процеcіне тигізер ықпалы

Тәрбиенің қоғамдағы жалқы қызметі, біріншіден, ұрпақтан-ұрпаққа әлеуметтік тәжірибе мен мінез-құлық нормаларына қатысты білім, білік және дағдыларын беру процесі болады. екіншіден, адам баласында адамгершілік сапа жүйесін қалыптастыру. Сондықтан, тәрбиені әлеуметтендіру процесінің педагогикалық компоненті ретінде қарастырған жөн. Ол мақсатты түрде адамның әлеуметтік дамуына жағдай тудыруды көздейді. Мұндай көзқараста баланы әр түрлі әлеуметтік қатынастарға қатыстыру басшылыққа алынады.: оқу, еңбек, қарым-қатынас, ойын, практикалық әрекеттер т.б.
Сынып жетекшісі мектеп мұғалімдерінің оқушыларға тәрбиелік ықпалын үйлестіріп, олардың мақсатты түрде сабақтан тыс әр түрлі педагогикалық әрекеттерін ұйымдастыруын қадағалайды.
Сынып жетекшісінің сынып сағаты біріңғай ұйымдастырушылық және педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты нәтижелі дамуын, соған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен тәсілдерін таңдап және оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3 бағытта жүзеге асады:
1. Оқушыға тікелей ықпал жасау:
- оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу;
- тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;
- жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге асыру;
- тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.
2. Тәрбиенің ортасына жағдай тудыру:
- оқушылар ұжымын қалыптастыру;
- онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;
- оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;
- оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту.
3. Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субъектілерге көмектесу, бақылау жасау:
- отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;
- мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету;
- бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;
- мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс-қимыл жасау.
Педагогика ғылымында сынып сағатының мақсатын анықтау негізгі мәселенің бірі. Себебі, қандай да болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды. Мақсат болмаса, әрекет те болмайды. Сондықтан, мақсат сынып сағатының принципін, мазмұны мен формалары және әдістерін анықтайды. Сол үшін де мектеп мұғалімдері қандай да бір мақсатты анықтап, белгілеуде, оның дұрыс белгіленуіне жауап береді. Сынып сағатында дұрыс қойылмаған мақсат, оның жұмысында келеңсіз жағдайлардың туындауына себепкер болады. Олай болса, сынып сағатының нәтижелі болуын, көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына байланысты бағаланады [7, б. 79].
Сынып жетекшісінің сынып сағатын жоспарлау барысында әр түрлі мақсаттар белгіленеді: жақын қашықтықта, орта қашықтықта және алыс қашықтықта болып келеді. Оны анықтауда оқушылар мен ата-аналарды тартады. Мәселе, тек мақсатты қоюда емес, мақсатты анықтауда. Мұндай жағдайда:
А) мақсатты ұсыну және оны негіздеуді;
Ә) оны жүзеге асырудың жолын қарастыруды;
Б) қол жеткізетін нәтижені алдын ала жобалауды бірінші кезекте ескеру қажет.
Мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің сипаты, сонымен бірге мақсаттың қаншалықты дәрежеде атқарылуына, проблемалық жағдаяттың туындауына да байланысты. Негізгісі, мақсатты анықтау барысында оған қатысушы әрбір жақ өздерінің болашақтағы әрекеттерінің мәнін

II ТАРАУ. БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ САҒАТЫНДА СЫНЫП САҒАТТАРЫН ӨТКІЗУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Сынып сағаттын өткізу формалары, әдіс-тәсілдері

Сынып сағатын өткізудің тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Бастауыш сыныптағы сынып сағатының тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс-қызметтің мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс-қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтатуға үйретеді.
Бағдарлау - іс-қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс-қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады. Балалар күнделікті іс-қызметке қатысып, қоғамның материалдық саласында адамгершілік және еңбек бағдарларын дұрыс таңдап дамытады.
Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім бағалауды, өзіне-өзі баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді [8, б. 13].
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
- Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
- заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
- рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
- бұқаралық ақпарат құралдары;
- педагогикалық ықпал жасау құралдары.
2. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру):
- этикалық әңгіме;
- әңгімелесу;
- пікірталас;
- лекциялар;
- өнеге;
- көндіру (суггестия).
Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі - сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.
- Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалық әңгіменің жақсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Білім алушыларды үйде оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мұғалімдердің педагогикалық және әдістемелік білім деңгейін жетілдіру формалары
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мәні мен мазмұны
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгермеушілігін болдырмаудың жолдары
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Мұғалімдердің педагогикалық және әдістемелік білім деңгейін жетілдіру
Пәндер