Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы еңбекке тәрбиелеу


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын халық ауыз әдебиеті арқылы еңбекке тәрбиелеу

Студент:

Жетекші:

2016-2017 оқу жылы

Мазмұны

Кіріспе4

I тарау. Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы құралдары арқылы еңбекке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері7

1. 1 Ғылыми-педагогикалық әдебиеттердегі еңбек тәрбиесі мәселесінің зерттелу жайы7

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларына халық педагогикасы арқылы еңбекке тәрбиелеудің әдістері18

II тарау. Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде халық педагогикасы құралдарын пайдалану әдістемесі32

2. 1 Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде халық педагогикасы құралдары пайдаланылған шаралар жүйесінің мазмұны32

2. 2 Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде халық педагогикасы құралдары пайдаланылған шаралар жүйесінің тиімділігі33

Қорытынды34

Қолданылған әдебиеттер тізімі35

Қосымшалар36

Кіріспе

Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы - мектеп, «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздың қолында» деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын - ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз - білім сапасын жақсарту.

Қазақстан Республикасындағы білімнің басты мақсаты - оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр.

Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Қазіргі кезеңде білім беру жүйелерінде қайта құру жүріп жатыр, білім беру жүйелерінің жаңа ұлттық моделі құрылуда.

Қазіргі дамып келе жатқан заманның ағымында кетіп бара жатқан жастарды дұрыс жолға бағдарлау ретінде өскелең ұрпақты ата-бабаларымыздан қалған мұраларды қолдана отырып, тәрбиелеген жөн. Бұған бірнеше себептер бар. Біріншіден - өз өткенін біліп, түсінген бала келешекке зор үмітпен қарайды, екіншіден - «халық айтса да, қалып айтпайды» дегендей, ежелден бері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан халық педагогикасының бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулуда атқарар рөлі зор.

Еңбекпен айналысу, шығармашылық ізденістер жүргізу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке, құмарлыққа, қызығушылыққа баули отырып, өз халқын қастерлеп-қадірлеуге мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып оқушысын алғашқы күндерінен бастап біртіндеп халық мұрасына зейін қойып оқыту оның кейінгі өмір жолында өшпестей із қалдырары анық. Яғни оқушы ақпаратты ала білуге, оны басқаларға хабарлай білуге талпынуы тиіс.

Қазіргі білім мен тәрбиенің негізгі бағыты-жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру, тұлғаның «Мен» менталитетін қалыптастыру, өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту мәселесінің айналасында болып отыр.

Осы орайда, зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кездегі бастауыш сынып оқушыларына халық педагогикасының негізгі құралдары арқылы еңбек сүйгіштікке үйрету.

Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баули отырып, оларды ерте жастан халық мұрасын қастерлеуге үйрету.

Зерттеу жұмысының міндеттері. Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы құралдары арқылы еңбекке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздерін қарастыру;

- Ғылыми-педагогикалық әдебиеттердегі еңбек тәрбиесі мәселесінің зерттеу;

- Бастауыш сынып оқушыларына халық педагогикасы арқылы еңбекке тәрбиелеудің әдістерін қарастыру;

- Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде халық педагогикасы құралдарын пайдалану әдістемесін қарастыру;

- Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде халық педагогикасы құралдары пайдаланылған шаралар жүйесінің мазмұнын зерделеу;

- Бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеуде халық педагогикасы құралдары пайдаланылған шаралар жүйесінің тиімділігін анықтау.

Зерттеу нысаны халық педагогикасы арқылы бастауыш сынып оқушыларын еңбекке баулу болып табылады.

Зерттеу пәні халық педагогикасының бастауыш сынып оқушыларын еңбекке тәрбиелеудегі мәні болып табылады.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық ғалымдардың еңбектері, мерзімдік басылымдардағы мақалалар қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I тарау. Бастауыш сынып оқушыларын халық педагогикасы құралдары арқылы еңбекке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негіздері 1. 1 Ғылыми-педагогикалық әдебиеттердегі еңбек тәрбиесі мәселесінің зерттелу жайы

Бүгінгі таңда қазақ халқы ғасырлар тоғысында тәуелсіз мемлекетке айналып, өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Өйткені кез-келген жаңа тәуелсіз мемлекеттің рухани даму процестерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл ерекшеліктер оның аумағында мекен ететін халықтардың тұрмыс-тіршілігімен, дәстүрлі мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен және өткенімен тарихи сабақтастығымен айқындалады. Даму процесінде қол жеткізген тарихи тәжірибесі із-түссіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық идеяда, мәдени-әлеуметтік және құндылықтар жүйесінде белгілі ретпен жинақталып отырады. Бұл жөнінде Елбасымыз: «Дәстүрлі мәдениетті жаңғырту, өз халқының тарихи тәжірибесіне жүгіну - бұл өзі тәуелсіздікке ие болған елдің өмірінен орын алатын заңды құбылыс», - деп атап көрсеткен болатын [1, б. 56] . Міне, сол ғасырлар қойнауында қорытылып, жинақталып қалыптасқан қазақ халқына тән ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерін жеткіншектердің тәрбиесінде, соның ішінде еңбек тәрбиесінде пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр.

Себебі ұлттық тәрбиенің қайнар көзіне, қазақ халық педагогикасы мен дәстүрлеріне қайта оралу заманның жай ағымы ғана емес, ол - қоғамдық өмір талабынан туындаған қажеттілік, өйткені мәдениеттің әлеуметтік-тұрмыстық дәстүрлі түрлерін танып-білу арқылы адам баласы оның рухани бастауына терең бойлайды, туған елінің, ұлтының өзіндік ерекшелігін аялап, сақтауға үйренеді. Қазақ халқының сондай дәстүрінің бірі - жеткіншектерді дәстүрлі еңбекке тәрбиелеуі.

Сондықтан, қазақ халқының әлеуметтік, рухани-мәдени құндылықтарын сақтай отыырп, жеткіншектердің еңбек етуге белсенділік қасиетін, дәстүрлі еңбек процесін меңгертуге тұрақты дағдыларын, шығармашылығын қалыптастыруды қамтамасыз ету өзекті мәселе болмақ.

Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшкен Қазақстанның ұлттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескеру және халықтың еңбек салт-дәстүрлеріне сүйену арқылы қоғам алдына өзінің дербестігі мен жауапкершілігін сезінетін, қоғамдық сана-сезімі оянған, парасаты мен ар-ожданы биік, іскер, қабілетті, шығармашыл, кәсіпкер, нарық жағдайында бәсекелестікпен еңбек ете білетін, әрбір жұмыстың пайдалы көзін тауып, өзінің таңдаған мамандығына деген білімділігін, біліктілігін көрсете білетін азамат тәрбиелеу - қазіргі қоғамның талабы [2, б. 94] .

Осыған орай Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы шығармашылық, рухани, дене мүмкіндіктерін, интеллектін ламыту міндеті көзделген. Демек, жастарды дәстүрлі еңбектің қай саласында болмасын тек мәлімет жиынтығын меңгерумен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, еңбек іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз ұлттық болмысын таныта алатын маман етіп тәрбиелеу қажеттілігі айқындалған.

Еңбек тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері, еңбекке тәрбиелеудің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық сатысында өзекті зерттеу объектісі болған. Тіптен, жазу-сызуды білмеген, ғылым мен мәдениеттен мешеу дәуірдің өзінде ұрпағын еңбекке тәрбиелеу отбасы, тайпа мүшелерінің ортақ ісі болды.

Еңбек тәрбиесі адамзат қоғамының түрлі кезеңдеріндегі даналық ой-пікірлерді уағыздаушы шежірешілер еңбектерінен көрініс алды. Орхон-Енисей ескерткіштерінің авторы Иоллығ-тегіннің «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандары, осы дастандардың тәлім-тәрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі - Қорқыт ата тағылымдары еңбек тәрбиесінің алғашқы философиялық, педагогики-психологиялық идеяларын өзек етсе, бұл мәселе олардан кейінгі ойшылдар мен ағартушылардың: әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашғари, Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин және т. б. тәлім-тәрбиелік мұраларында да жан-жақты қарастырылды.

Сондай-ақ жеткіншек ұрпақты еңбекке тәрбиелеудің халықтық негізін және халық тәрбиесі құралдарының тиімділігін атап көрсеткен көрнекті классик педагогтар, демократ-ағартушылар және қоғам қайраткерлері: Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, И. Г. Песталоцци, В. Г. Белинский, К. Д. Ушинский, А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, В. А. Сухомлинский және қазақтың қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтары: М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, т. б. болды.

Қазақ халқының ежелгі тұрмыс-тіршілігі мен ұл-қыздарының еңбек тәрбиесіндегі өзіндік ерекшелігін шетелдік этнограф ғалымдар: Марко Поло, П. С. Паллас, А. Левшин, А. Янушкевич, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин және т. б. қарастырып, зерттеген. Еңбек тәрбиесінің тарихи философиялық дамуына аса бір мән беріп зерттеген ғалымдар: Л. Н. Гумилев, В. В. Бартольд, М. О. Әуезов, Н. Сәрсенбаев, Е. Б. Бекмаханов, М. Қ. Қозыбаев, Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім және т. б.

Ал, еңбек тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық теориясы мен әр түрлі тарихи аспектілерін зерттеген ТМД ғалымдары: П. Р. Атутов, С. Я. Батышев, А. М. Арсеньев, Ю. К. Васильев, А. А. Шибанов, И. О. Обидов, Ғ. З. Ахмедзиянов, Т. Ш. Тоқтарова, Т. С. Сатыбекова, А. Амиршоев, Г. А. Хаимдулина, т. б., қазақстандық ғалымдар: Р. Г. Лемберг, Қ. Б. Бержанов, А. І. Сембаев, Т. Т. Тәжібаев, А. П. Сейтешев, Г. А. Уманов, М. Ә. Құдайқұлов, Г. Т. Хайруллин, Б. И. Қожабаева, Р. А. Жаңабаева, Б. К. Момынбаев, Г. Ж. Меңлібекова және т. б. болды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының білім беру мен тәрбиелеу саласының түбегейлі жаңаруы қоғамдағы ірі өзгерістермен бірге, ұлттық сананы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді, халықтық қадір-қасиетімізді, психологиялық табиғи белгілерімізжі жандандыру мен жаңартуымызға елеулі септігін тигізді.

Осы ретте еліміздің білім беру мен тәрбиелеу саласының барлық жүйесінде, атап айтқанда, бала тәрбиелеуші әрбір отбасынан бастап мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектеп, колледж, ЖОО-да халықтық педагогика тағылымдарының озық үлгілерін жан-жақты енгізу дәстүрге айналды.

Халық педагогикасы үлгілерін оқу-тәрбие процесінде қолдануды алыс, жақын щетел ғалымдары: Т. С. Виноградов, Г. Н. Волков, В. Ф. Афанасьев, Я. И. Ханбиков, Н. Сафаров, К. пирлиев, А. Э. Измаилов қарастырды. Ал қазақстандық ғылым докторлары: Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, Қ. Бөлеев, Ә. А. Қалыбекова, Ә. Табылдиев, Қ. Ж. Қожахметова, Р. Қ. Дүйсембинова, Ш. Құлманова, З. Әбілова, Ж. Асанов және т. б. халық педагогикасы идеяларын оқу-тәрбие процесінде пайдалану мәселелерін қарастырғанымен, бұл еңбектерде еңбек тәрбиесі жалпылама түрде сипатталады.

Қазақтың халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесін еліміздің әдебиеттанушылары, өнертанушылары, этнографтары да зерттеген: М. О. Әуезов, М. Ғабдуллин, С. А. Қасқабасов, Ә. Марғұлан, Б. Р. Қазыханова, Х. Арғынбаев, Ә. Қоңыратбаев, А, Сейдімбек және т. б. жеткіншектер еңбегінің психологиялық аспектілер, мінез-құлық ерекшелігі мен заңдылығы: А. Б. Эльконин, А. Н. Леонтьев, Д. Н. Фельдштейн және т. б. ғалымдар зерттеулерінде қарастырылған. Республикамыздағы белгілі психолог, этнопсихолог ғалымдарымыз Қ. Б. Жарықбаев, Х. Шерьязданова, Ж. Ы. Намазбаева, С. Жақыпов және т. б. еңбектерінде біздің зерттеу проблемамызға байланысты құнды пікірлер мен нақты ұсыныстар айтқан.

Еңбек тәрбиесінің тәжірибесі қазақ халқы тіршілігінің барлық тарихи даму кезеңінде жинақталды және еңбек әрекеті тәрбие практикасымен, оның дамуы және жетілуімен тығыз байланыста болды. Білім жүйесін, еңбек іскерліктері мен дағдысын қарастыратын халықтың еңбек әрекетінің тәжірибесі, алдымен, отбасы дәстүрлерін, одан халықтың еңбек дәстүрлерін жасай отырып, ғасырдан ғасырға беріліп, жалғаса түсті [3, б. 41] .

Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуы күнкөріс кәсібінің түрлерімен, дәстүрлі еңбек әрекеттерімен бірге, географиялық жағдайлармен де айқындалады. Нақты табиғи-географиялық және климаттық жағдайлар қазақ халқының тіршілік-қарекетіне, оның өндірістік әрекетіне айтарлықтай ықпал етті. Табиғаттың өзгермелі құбылыстарына қарай қазақтар жер өңдеумен немесе мал шаруашылығымен, не қолөнер өндірісімен айналысты. Әлбетте, еңбек тәрбиесінің жүйесі, еңбек дәстүрлері мен салттары қазақ халқының материалдық және рухани өмірінің, тарихи-географиялы, әлеуметтік-экономикалық жағдайларының ықпалымен дамып, қалыптасты. Зерттеу барысында біз С. Қалиев анықтаған қазақ халық педагогикасы тарихи дамуының сегіз кезеңін негізге ала отырып, дәстүрлі еңбек тәрбиесінің қалыптасуына ықпал еткен шаруашылық пен қолөнер өндірістерінің даму кезеңдерін ұсынамыз. Кестедегі көрініс еңбек түрлерінің әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты біртіндеп күрделеніп отырғандығын байқатады.

Кесте 1 Дәстүрлі еңбек әрекетінің қалыптасуына ықпал еткен шаруашылық пен қолөнер өндірістерінің даму кезеңдері

Бірінші дәуір
Б. д. д. тас, қола замандары
Аңшылық, қарапайым үй шаруашылығы, тас құралдарын жасау, жабайы аңдар мен құстарды қолға үйрету
Бірінші дәуір: Екінші дәуір
Б. д. д. тас, қола замандары: Б. д. д. VII-III ғ. - б. д. V дейін
Аңшылық, қарапайым үй шаруашылығы, тас құралдарын жасау, жабайы аңдар мен құстарды қолға үйрету: Аңшылық, мал шаруашылығы (қой, жылқы, түйе, ірі қара), диқаншылық, егіншілік, металл балқыту(қалайы, мыс, алтын, күміс), зергерлік (әшекей бұйымдары), қолөнер, (ағаш, металл, қару-жарақ, тері, жүн, сүйек т. б. ), тұрмыстық үй шаруашылығы (ыдыс-аяқ, киім-кешек), әскери-жауынгерлік өнер саласы, мәдениет
Бірінші дәуір: Үшінші дәуір
Б. д. д. тас, қола замандары: VI-IX ғғ. аралығы
Аңшылық, қарапайым үй шаруашылығы, тас құралдарын жасау, жабайы аңдар мен құстарды қолға үйрету: Аңшылық, мал шаруашылығы (қой, жылқы, түйе, ірі қара), диқаншылық, егіншілік, металл өңдеу (түсті металл, қара металл), қару-жарақ құрал-жабдықтар, зергерлік (әшекей бұйымдары), қолөнер (ағаш, металл, қару-жарақ, тері, жүн, сүйек т. б. ), құрылыс-сәулет өнері, атбегілік, құсбегілік, сауда-саттық, емшілік, тігін, үй шаруашылығы (ас пісіру, бала бағу, киім тігу т, б, ), әскери-жауынгерлік өнер саласы, мәдениет, ғылым.
Бірінші дәуір: Төртінші дәуір
Б. д. д. тас, қола замандары: X-XV ғғ. аралығы
Аңшылық, қарапайым үй шаруашылығы, тас құралдарын жасау, жабайы аңдар мен құстарды қолға үйрету: Аңшылық, мал шаруашылығы (қой, жылқы, түйе, ірі қара), диқаншылық- егіншілік, металл өңдеу (түсті металл, қара металл), қару-жарақ құрал-жабдықтар, зергерлік (әшекей бұйымдары), қолөнер (ағаш, металл, қару-жарақ, тері, жүн, сүйек т. б. ), құрылыс-сәулет өнері, атбегілік, құсбегілік, сауда-саттық, емшілік, тігін, үй шаруашылығы (ас пісіру, бала бағу, киім тігу т, б, ), әскери-жауынгерлік өнер саласы, мәдениет, ғылым.
Бірінші дәуір: Бесінші дәуір
Б. д. д. тас, қола замандары: XV-XVIII ғғ. аралығы
Аңшылық, қарапайым үй шаруашылығы, тас құралдарын жасау, жабайы аңдар мен құстарды қолға үйрету: Ауыл өнеркәсіп (тау-кен, машина жасау, отын энергетикасы, металлургия), құрылыс-сәулет, коммуналдық-шаруашылық, жеңіл-өнеркәсіп (тоқыма, тігін, фарфор-фаяне, аяқ-киім), ауыл шаруашылығы (мал, егін, бақша)
Бірінші дәуір: Алтыншы дәуір
Б. д. д. тас, қола замандары: XVIII ғ-дан XX ғғ. аралығы
Аңшылық, қарапайым үй шаруашылығы, тас құралдарын жасау, жабайы аңдар мен құстарды қолға үйрету: Ауыл өнеркәсіп (отын энергетикасы, тау-кен, машина жасау, металлургия), құрылыс-сәулет, коммуналдық-шаруашылық жеңіл өнеркәсіп (тоқыма, тігін, фарфор-фаяне, аяқ-киім), ауыо шаруашылығы (мал, егін, бақша)
Бірінші дәуір: Жетінші дәуір
Б. д. д. тас, қола замандары: 1920-1990 жж. аралығы
Аңшылық, қарапайым үй шаруашылығы, тас құралдарын жасау, жабайы аңдар мен құстарды қолға үйрету: Ауыл өнеркәсіп (отын энергетикасы, атом энергетикасы, тау-кен, машина жасау, металлургия), құрылыс-сәулет, коммуналдық-шаруашылық жеңіл өнеркәсіп (тоқыма, тігін, фарфор-фаяне, аяқ-киім), ауыо шаруашылығы (мал, егін, бақша), әскери өнер.
Бірінші дәуір: Сегізінші дәуір
Б. д. д. тас, қола замандары: 1991-2001 жж. кейінгі егемендік кезеңі
Аңшылық, қарапайым үй шаруашылығы, тас құралдарын жасау, жабайы аңдар мен құстарды қолға үйрету: Ауыл өнеркәсіп (отын энергетикасы, атом энергетикасы, интернет, тау-кен, машина жасау, металлургия), құрылыс-сәулет, коммуналдық-шаруашылық жеңіл өнеркәсіп (тоқыма, тігін, фарфор-фаяне, аяқ-киім), ауыо шаруашылығы (мал, егін, бақша, аңшылық), әскери өнер.

Әлеуметтік жағдайларға байланысты қазақ халық педагогикасы еңбектің адам өміріндегі орнына, оның қалыптасуы мен дамуына баға бере білуде ғылыми деңгейге көтеріле қойған жоқ. Әйтсе де, еңбек әрекеті, еңбексүйгіштік, еңбек іскерлігі мен дағдысы халық арасында жоғары бағаға ие болды.

Ұлы Қазан төңкерісіне дейін қазақтарда табиғи-патриархалдық мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы басым болғандықтан, механикаландырылған еңбек мүлдем қолданылмаған. Барлық жұмыс шеберлікті талап ететін өздері жасаған құралдармен орындалатын болған. Көшпелі өмірдегі қиыншылықтар қазақтарды балаларын шаруашылық тұрмысындағы көптеген мамандықтарды еркін меңгеруге мүмкіндік беретін кәсіби әмбебаптық еңбек іс-әрекетінің бірнеше түрлерін үйретуге мәжбүр етті. Сондықтан әрбір отбасы өз балаларына еңбектің біліктілігі мен іскерлігін үйретуге, оларды жұмысқа деген табандылыққа, еңбекке адам бақыты мен ахуалының көзі ретінде құрметпен қарауға, жауапкершілікке, өз ісін беріле істеуге, тәрбиелеуге еңбек дағдыларын қалыптастыруға ұмтылды.

Қазақтарды ежелгі кәсіптерінің ішінде балаларды еңбекке тәрбиелеуде аң аулау, аңшылық кәсіби аса маңызды ықпал еткен. Ересек адамдар балаларын садақпен, қақпанның көмегімен аң аулау әдіс тәсілдерін, амал жолдарын үйреткен.

Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қазақ халқының тұрмысы мен шаруашылығында маңызды рөлді әр түрлі әр түрлі қолөнері атқарды: ұсталық, тері мен жүнді өңдеу, аяқ киім мен киім тігу, киіз басу, ыдыс-аяқтарды, қаруларды және еңбек құралдарын, үй жиһаздарын өндіру.

Қазақ халқының еңбекке деген моральдық-этикалық көзқарастары мен оның балаларды еңбекке даярлаудағы рөлі халық даналығында және философиялық ой тұжырымдарында кең көрініс тапқан.

Мораль, этика ұғымдарын қарастырған еңбектерге жасаған ғылыми талдау бұл ұғымдарға бірқатар анықтамалар берілгендігін дәлелдейді. Мысалы, И. С. Конның этикалық сөздігінде: «этика» - зерттеу объектісі мораль болып табылатын философиялық ғылым делінсе, философиялық сөздікте этика - зерттеу объектісі мораль болып табылатын ең көне теориялық пәндердің бірі делінеді.

Қазақ халқының бастауыш сынып оқушыларын еңбекке даярлаудағы тәрбие құралы ретінде пайдаланылатын моральдық-этикалық ұғымдардың мәнін ашамыз [4, б. 94] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына әдеби оқу сабақтарында рухани - адамгершілік тәрбие беру
Ана тілі пәнін оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік негіздері
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде халық педагогикасындағы әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін қалыптастыру
Бастуыш мектеп оқушыларына қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесін пайдалану
Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі
Оқыту барысында оқушыларының адамгершілік қасиеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz