Жеті жылдық соғыс, 7 жылдық соғыстан кейінгі Еуропа дипломатиялық жағдайы



КІРІСПЕ 3
1 XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР 5
1.1 XVIII ғ. Германия. Австрия.Пруссия бақталастығы 5
1.2 ХVІІІ ғасырдағы Францияның саяси.экономикалық жағдайы 9
1.3 ХVІІІ ғасырлардағы халықаралық қатынастар 12
2 ЖЕТІ ЖЫЛДЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ 19
2.1 Жеті жылдық соғыстың мәні мен оның себептері 19
2.2 Жеті жылдық соғыстың стратегиясы мен соғыстың өршуінің ерекшеліктері 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
ҚОСЫМШАЛАР 29
Зерттеудің өзектілігі. Жеті жылдық соғыс (1756–1763) — сол кездегі барлық маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан, 900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып келген соғыс. Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін еуропалық және отарлық соғыс театрларында өрбіді. 1754 – 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һановер курфюрсттығы және Ұлыбритания патшалығы (Солтүстік Америкадағы отарлары, британиялық Шығыс Үнді компаниясы және Ирландия патшалығымен бірге) одақ құрып, Аустрия, Франция (Солтүстік Америкалық Жаңа Франция отары және франциялық Шығыс Үнді компаниясымен бірге), Ресей империясы, Швеция және Саксония курфюрсттығына қарсы соғысты. Кейінірек текетіреске Португалия (Ұлыбританияның жағында) және Испания (Францияның жағында) да кірісті. Бейтарап Нидерланд республикасының қарулы күштері Үндістанда шабуылға ұшырады.
Соғыстың нәтижесінде Франция Америкалардағы басты отарлаушы мемлекет ретіндегі ролін (онда ол Француз Гвианасы, Гваделупа, Мартиника, Сен-Доминг және Сент-Пьер және Микелон сияқты иеліктерін ғана сақтап қалды) және Ұлы француз революциясына дейін Еуропадағы ең басты мемлекет ролін жоғалтып алды. Ұлыбритания болса дүниедегі басты отарлаушы мемлекетке айналды. Францияның әскери теңіз флоты бытырап кетті. Дүниенің басқа бір шеті, Үндістанда британиялық Шығыс Үнді компаниясы орнығып, соның арқасында Үндістан «Империялық тәждің асыл тасына» айналды. Уинстон Черчилль бұл соғысты бірінші дүниежүзілік соғыс деп атады, себебі ол адамзат тарихындағы бүкіл жер шары бойынша жүргізілген соғыс болды (соғысушы жақтардың көбі еуропалық мемлекеттер болса да). Өздерінің империяларын үлкейтумен айналысып жатқан Англия мен Франция арасындағы әскери жанжал болғандықтан, кейде оны екінші Жүз жылдық соғыс деп те атайды.
Жеті жылдық соғыс тарихтың беттерінде өзіндік таңбасын айға таңба басқандай қалдырды, ол тарихи оқиғаның дипломатиялық қатынастарға өзгеріс әкелгені белгілі, міне сондықтан бұл жеті жылдық соғыстың мәні мен мазмұнын зерттеу осы зерттеу жұмысының өзектілігіне айналып отыр.
Ал зерттеу жұмысының мақсаты – Жеті жылдық соғысты өту барысы мен тарихи ерекшелігін зерттей отырып, Францияның отарлаған мемлекеттерінің шеккен зардаптары мен халықаралық және саяси-экономикалық жағдайларын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Жеті жылдық соғысқа әкелген себептерді анықтау;
- Жеті жылдық соғыста күрескен мемлекеттердің мотивацияларын зерттеу;
- Жеті жылдық соғыстан кейін Франциямен отарланған мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарастыру;
- Жеті жылдық соғыстан кейін халықаралық қарым-қатынастарды зерттеу.
Зерттеудің деректік қоры маңыздылық деңгейлері бойынша төмендегідей сараланады. Зерттеу көздерін мұрағат құжаттары, біржақты және көпжақты ресми, дипломатиялық іс-қағаздар мен құжаттар жинағы құрайды.
1. The Treaty of Paris in Corbett Julian England in the Seven Years' War: A Study in Combined Strategy Vol. II. — Second Edition. — London: Longman, Green and Co..
2. Kennedy Paul The Rise and Fall of British Naval Mastery — new introduction. — London: Penguin Books.
3. Bowen HV War and British Society 1688-1815 — Cambridge, United Kingdom: Cambridge University Press, 1998. — P. 7. — ISBN ISBN 0-521-57645-8.
4. Tombs, Robert and Isabelle. That Sweet Enemy: The French and the British from the Sun King to the Present. London: William Heinemann, 2006.
5. Ревякин А.В. История международных отношений в новое время. - М., 2004.
6. Конституции и законодательные акты буржуазных государств XVII-XIX вв. Англия, США, Франция, Италия, Германия. Сборник документов / Под ред. П.Н. Галанзы. - Москва, 2007.
7. Сборник документов по истории нового времени стран Европы и Америки (1640-1870)/ Составитель Е.Е.Юровская. – Москва, 2010.
8. Хрестоматия по новой истории, 1640-1870. – М., 2010
9. Новая история стран Европы и Америки. Первый период / Под ред. Е.Е. Юровской, И.М. Кривогуза. Москва, 2008. – 415 с.
10. Новая история стран Европы и Америки: Первый период: Учеб. для студентов вузов, обучающихся по спец. «История» / Арш Г.Л., Бондарчук В.С., Гольман Л.И. и др.; Под ред. А.В. Адо. – М.: Высш. шк., 2006. – 623 .
11. Понаморев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и Новейшая история стран Европы и Америки: Практическое пособие: В 3 ч. – М.: Гуманит. издат. центр ВЛАДОС, 2000.– Ч. 1. Предмет и периодизация курса. Европейская цивилизация в XVI–XVII вв. Век просвещения – период становления индустриального общества. – С. 280.
12. Новая история. Второй период: Учеб. Пособие для студ. Под ред. Е. Е. Юровской и И. М. Кривогуза. – М.: Высш. Шк., 2012.
13. Краткая всемирная история. Книга первая. Под ред. А. З. Манфреда, М., “Наука”, 2007г.
14. Богомолов С.А. Имперская идея в Великобритании в 70-80е rr.XIX в. Монография Ульяновского государственного университета, 2010.
15. Виноградов К.Б., Лихарев Д.В. Адмирал Фишер и борьба Великобритании за господство на морях в начале XX в.// Новая и новейшая история. - М. 2013. - N3. - С.176.
16. Вологодских Е.Н. Сильные мира сего: завоевания и колонии. // Исторический альманах. - 2001. - № 4. - С.223.
17. Всемирная история. В 24 т. - Минск: Литература, 2011. Т. 17. - 512 с.
18. Кожокин Е. М. Государство и народ. От Фронды до Великой Французской революции. - Москва, 2010.
19. Новая История. (Учебник для ист. фак-тов ун-тов) Изд. 3-е. Под ред. Д-ра ист. наук Б. Ф. Поршнева М., “Мысль”, 2014

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Шет елдердің жаңа және қазіргі заман тарихы пәні бойынша

Тақырып: Жеті жылдық соғыс, 7 жылдық соғыстан кейінгі Еуропа дипломатиялық жағдайы

Орындаған МО-11к
тобының студенті
... ... ... ... ... ... ... .

Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Назаров Е.Ж.

Қарағанды 2016
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР 5
1.1 XVIII ғ. Германия. Австрия-Пруссия бақталастығы 5
1.2 ХVІІІ ғасырдағы Францияның саяси-экономикалық жағдайы 9
1.3 ХVІІІ ғасырлардағы халықаралық қатынастар 12
2 ЖЕТІ ЖЫЛДЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮРУ БАРЫСЫ 19
2.1 Жеті жылдық соғыстың мәні мен оның себептері 19
2.2 Жеті жылдық соғыстың стратегиясы мен соғыстың өршуінің ерекшеліктері 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
ҚОСЫМШАЛАР 29

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Жеті жылдық соғыс (1756 - 1763) -- сол кездегі барлық маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан, 900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып келген соғыс. Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін еуропалық және отарлық соғыс театрларында өрбіді. 1754 - 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һановер курфюрсттығы және Ұлыбритания патшалығы (Солтүстік Америкадағы отарлары, британиялық Шығыс Үнді компаниясы және Ирландия патшалығымен бірге) одақ құрып, Аустрия, Франция (Солтүстік Америкалық Жаңа Франция отары және франциялық Шығыс Үнді компаниясымен бірге), Ресей империясы, Швеция және Саксония курфюрсттығына қарсы соғысты. Кейінірек текетіреске Португалия (Ұлыбританияның жағында) және Испания (Францияның жағында) да кірісті. Бейтарап Нидерланд республикасының қарулы күштері Үндістанда шабуылға ұшырады.
Соғыстың нәтижесінде Франция Америкалардағы басты отарлаушы мемлекет ретіндегі ролін (онда ол Француз Гвианасы, Гваделупа, Мартиника, Сен-Доминг және Сент-Пьер және Микелон сияқты иеліктерін ғана сақтап қалды) және Ұлы француз революциясына дейін Еуропадағы ең басты мемлекет ролін жоғалтып алды. Ұлыбритания болса дүниедегі басты отарлаушы мемлекетке айналды. Францияның әскери теңіз флоты бытырап кетті. Дүниенің басқа бір шеті, Үндістанда британиялық Шығыс Үнді компаниясы орнығып, соның арқасында Үндістан Империялық тәждің асыл тасына айналды. Уинстон Черчилль бұл соғысты бірінші дүниежүзілік соғыс деп атады, себебі ол адамзат тарихындағы бүкіл жер шары бойынша жүргізілген соғыс болды (соғысушы жақтардың көбі еуропалық мемлекеттер болса да). Өздерінің империяларын үлкейтумен айналысып жатқан Англия мен Франция арасындағы әскери жанжал болғандықтан, кейде оны екінші Жүз жылдық соғыс деп те атайды.
Жеті жылдық соғыс тарихтың беттерінде өзіндік таңбасын айға таңба басқандай қалдырды, ол тарихи оқиғаның дипломатиялық қатынастарға өзгеріс әкелгені белгілі, міне сондықтан бұл жеті жылдық соғыстың мәні мен мазмұнын зерттеу осы зерттеу жұмысының өзектілігіне айналып отыр.
Ал зерттеу жұмысының мақсаты - Жеті жылдық соғысты өту барысы мен тарихи ерекшелігін зерттей отырып, Францияның отарлаған мемлекеттерінің шеккен зардаптары мен халықаралық және саяси-экономикалық жағдайларын анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Жеті жылдық соғысқа әкелген себептерді анықтау;
- Жеті жылдық соғыста күрескен мемлекеттердің мотивацияларын зерттеу;
- Жеті жылдық соғыстан кейін Франциямен отарланған мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын қарастыру;
- Жеті жылдық соғыстан кейін халықаралық қарым-қатынастарды зерттеу.
Зерттеудің деректік қоры маңыздылық деңгейлері бойынша төмендегідей сараланады. Зерттеу көздерін мұрағат құжаттары, біржақты және көпжақты ресми, дипломатиялық іс-қағаздар мен құжаттар жинағы құрайды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізіне тарих, халықаралық қатынастар, саясаттану ғылымдарының қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлері мен тұжырымдары, осы саладағы жетекші ғалымдардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің мемлекетаралық саясат, оның принциптері мен теориясы туралы жазған еңбектері алынды. Зерттеу жұмысын жүргізуде қазіргі кезде халықаралық қатынастар теориясы мен сыртқы саясатта қолданылып жүрген Мемлекеттердің сыртқы саясаттағы ұлттық және мемлекеттік мүдделері принципі методологиялық негізіне айналды. Теориялық-методологиялық негіз ретінде, тарих пен философияның іргелі тұжырымдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу жұмысы барысында нақты - тарихи, салыстырмалы тарихи, талдау, жинақтау және қорыту әдістері қолданылды. Жиналған деректерге талдау жасай отырып тарихи салыстырмалық, тарихи-жүйелеу, хронологиялық, статистикалық әдістер қолданыс тапты.
Деректер мен зерттеулерге тарихнамалық талдауда салыстырмалы-тарихи әдіс тарихи еңбектердегі идеологиялық сипаттағы берілген тұжырымдардың себептерін айқындауда аса маңызды болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

1 XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

1.1 XVIII ғ. Германия. Австрия-Пруссия бақталастығы

XVIII ғ. Англияның билеуші топтары қомақты қаржыға ие еді. Олар өз мүдделері үшін одақтастарды сатып алуға қол жеткізді. Еуропада ақшаға сатылушылар жоқ емес болды. Олардың бірі Германия еді. Отыз жылдық соғыста әлсіреген ол ыдырау үрдісінің шарықтау шегінде тәуелсіз мемлекеттер саны мыңға жетті. Рыцарьлардың иелігіндегі осы майда мемлекеттер кедей өмір кешіп жатқандықтан, өз әскерлерін ақшаға жалдауға мәжбүр болды. 1648 ж, Вестфаль бейбіт бітіміне сәйкес олар саясатга өз бетінше әрекет етуге құқығы еді. Әскер сату, сол арқылы отанын сату сияқты келеңсіз іс-әрекеттер етек алды.
Жарты ғасырда неміс князьдары осы жолмен Франциядан -- 137 млн. ливр, ал Англиядан 45,5 млн. фунт стерлинг қаржы тапты. Пайдаға құныққан олар адамдарды еріксіз әскерге әкетіп жатты. Ланл-граф Гессенский Англияға 17000 адамнан тұратын әскерін жалға берді. Қайтыс болғандар мен жаралыларға берілетін сыйақыны қоспағанда, бұл үшін Англия 2800 мың фунт стерлинг төлеп, ол әскерді американдықтармен соғыста пайдаланды. Басқа да ірі неміс князьдарының төртеуі XVIII ғ. 70-жылдарында 5 жылда осы әдіспен 33 млн. талер тапты [1, б. 35].
Осы саяси хаос арасында Германияда екі ірі мемлекет - Австрия, Пруссия ерекшеленеді. XVII-XVIII ғғ. Пруссияның кең өрістеп, Ұлы державаға айналуы Шығыс Еуропа тарихындағы маңызды фактілердің бірі болды. Бұл мемлекеттің негізі Бранденбург курфюрстылығы еді, ол XV ғ. басында Гогенцоллерндер үйіне тиесілі болды. XVII ғ. басында оған Пруссия, яғни Тевтон орденінің байырғы жерлері (Гогенцоллерндердің басқа таралымына жататын) қосылды.
"Ұлы курфюрст" атанған I Фридрих Вильгельмнің (1640-1688 жж.) кезінен бастап Бранденбург-Пруссия халықаралық дәрежеде маңызды орын алды. Осы кезден бастап Пруссия Германия шекарасында Австрияның қарсыласы болды. Пруссия әскери-крепостнойлық держава саналды. Ондағы билеуші топ - дворяндар өнімдерін Батыс Еуропа нарығында сатып отырған Пруд шаруаларынан алынатын салық арқылы емір сүрді. Бранденбург курфюрстары (кейін Пруссия корольдері) де ірі помещиктер еді.
Өзен арқылы өтетін сауда жолдарын қорғау, көрші елдермен үздіксіз соғыс, әсіресе Швециямен (нан және ауылшаруашылық заттарын шет елге Балтика арқылы шығару үшін) болған соғыс Пруссияны ірі әскери державаға айналдырды. Пруссия қолайлы сәтті пайдаланып, көрші елдерді жаулап, жер аумағын кеңейтумен болды. Олар тек бір мақсатты - көп ақшаны, үлкен әскерді көздеді.
Пруссия жерін кеңейтуде II Фридрих (1740-1786 жж.) зор еңбек сіңірді, ол әскери талантымен, дипломатиядағы шеберлігімен ерекшеленеді. Ол тарихта жазушылық мұрасымен де белгілі болды, "Сансусиден шыққан философ" деген атқа ие болды.
Макиавеллидің "Патша" еңбегін теріске шығарған еңбегін жариялады. "Ангимакиавелли" деген еңбегінде ол былай деп жазды: "Макиавеллидің "Патшасы", адамгершілік түрғысынан қарастырғанда, Спинозаның діни еңбектеріне үқсайды: Спиноза дін сарайын жоққа шығаруға талпынды, Макиавелли саясатқа бүлік әкелді және адамгершілік ережелерін жоюды мақсат етті.
Алайда таққа отырған сәтінен бастап II Фридрих бұл жазғандары жөнінде ұмытты. Макиавеллидің кеңестерін II Фридрих Прусский бүлжытпай жалғастырды, бұл жөнінен оған тең келетін патша жоқ еді. Сыртқы саясатты тек өзі жүргізіп, оның нәтижелеріне қатысты бар жауапкершілікті өзіне алды. Ол мынадай ереже ойлап тапты.
"Егер алаяқтық белең алса, оны жасаушы біз болайық. Австрия тағынын мұрагері ретінде V Карл Мария-Терезияны танығаны ұшін II Фридрих одан өнеркәсібі өркендеген Сияниями сұрады. Мария-Терезия келіспегеңдіктен, ол Австрияға карсы, коалиция құрып Силезияны басып алды (1740-1748 жж.). "Маған жанның Ұлылығы жөнінде айтпаңыз, - деді ол бір ағылшын дипломатына. Патша. ең бірінші, өз мүддесін ойлауы керек".
Франция Габсбургтарга қарсы саясатын жүргізе отырып, Мария-Терезияның қиын жағдайын пайдаланып қалуды ойластырғанда, II Фридрих француз елшісіне тапқан пайдасымен бөлісемін деп уәде етті. Осының нәтижесінде Австрия мұрасын бөліп алу жөнінде Франция, Испания, Бавария, Пруссия келісімі дүниеге келді.
Француздар Германияда Пруссия королінің мүддесі үшін жұмыс жүргізіп жатқанда (pour le roi de Prusse), Пруссия королі Мария-Терезамен астыртын келісім жасасты. Ол Мария-Терезиядан Бреславль, Нейс қалаларымен қоса, төменгі Силезияны ғана сұрады, ал. өзге одақтастарын алдап соғу үшін Пейсені екі апта бойы соққылайтынын айтты, сөйтіп оны күшпен басып алған болып көрінеді. Кейін ол ақталған кезде Франция Германияны ыдыратуға талпынды, сол себепті Мария-Терезияны құтқаруға мәжбүр болдым деді. Австриялықтар қауіпті жауынан құтылып франко-бавария ескерлерін жеңген тұста II Фридрих одақтастарына көмек ретінде бір гусарлық полкты ғана жіберді. Сонымен бірге ол курфюрст Карл-Альберт Баварскийдіц (француздардың күшімен император болып сайланған) Жоғарғы Силезияны Пруссияға қосуына келісуіне қол жеткізді. Бүған австриялықтардың көне қоймайтынын білген ол соғысты австриялықтарға қарсы бұрып, Чаславтыц түбінде оларды жеңіп, ағылшындардың көмегімен Силезияға иелік етті. II Фридрихтің бұл қитұрқы әрекеті Парижге мәлім болғанда, үлкен айқай болды. Фридрихті табысымен құттықтаған оның "досы" Вольтер кейін халық алдына шығып кешірім сұрамағанда, Бастилияға қамалатын еді [2, б. 95].
1748 ж. Аахен келісімі Силезияны II Фридрихке заңды түрде берді. Мария-Терезия аса қатуланды. Өзін Аахен келісімімен құттықтаған ағылшын елшісіне ол "соңғы көйлегімді берсем де өзіме тиесілі жерді түбі қайтарып аламын деп мәлімдеді" .
Австрияның Германияға қатысты мәселелердегі басты қарсыласы Пруссия екендігі Мария-Терезияға енді белгілі болды. Кейін Австрия II Фридрихке қарсы Ресей, Франциямен бірігіп коалиция құруға қол жеткізді. Соңы Пруссияға қарсы бағытталған Жеті жылдық соғысқа ұласты. Жеті жылдық соғыс -- Франциядағы Ұлы буржуазиялық революция алдындағы жалпыеуропалық қақтығыстардың соңы. Осы қақтығыста революция кезінде толығымен анықталған қарама-қайшылықтар мен халықаралық күштердің орны айқындалды.
Біріншіден, ағылшын-француздардың үстемдік үшін күресі жаңа кезеңге өтті. Екіншіден, Австрия мен Пруссияның Германияда үстемдік жүргізу үшін күресі күшейді. Барлық қақтығыстың негізі осы екі күрес болды. Франция-Австрия арасындағы ғасырға созылған шиеленіс (Бурбондар - Габсбургтар) жойылды да, франко-австрия одағы пайда болды. Еуропа қақтығысына Ресей империясы араласты. Бұл Ресейдің халықаралық аренадағы орнын көрсететін жаңа кезең еді.
XVII ғ. екінші жартысы мен Наполеон соғыстарына дейінгі аралықты француздар екінші жүз жылдық соғыс деп атайды.
Бірінші жүз жылдық соғыстағы сияқты (1338-1453 жж.), Англия мен Франция әлемде бірінші орынға ие болу үшін күресті. Бірақ XVII-XVIII ғғ., XIV ғ. қарағанда, әлем біршама үлкендеу еді. Тез дамып келе жатқан Англия Үндістандағы француз агенті Дюпленің кол жеткізген табыстарына, Францияның Америкадағы жерлерге иелік етуіне зор қызғанышпен қарады. Англияның сауда-саттықтағы жалауы бүкіл әлемде желбіреді. Солтүстік Америкада ағылшындардың саны француздардың санынан асып кетті.
Испан мұрасы үшін болған соғыстан бастап Англия Франциямен күресін тоқтатпады. 50-жылдары Англия кемелері Францияның сауда кемелерін қуғындады. 1755 ж. бір айда 8000 адамымен 300 кеме тұтқындалды. XV Людовик оған қарсы шығып, кінәлілерді жазалауды талап еткенде, ағылшындар бүған жауап ретінде тағы да екі француз фрегатын жаулап алды. XV Людовик Англияға қарсы соғыс ашуға мәжбүр болды [3, б. 29].
Австрия мен Пруссия арасындағы қақтығыстар Австрия мұрасы үшін болған соғыстан бері жалғасып келеді. Австрия үкіметі жаңа соғысқа қызу дайындалды. Австрия, Пруссия, Франция, Англия одақтастар табу мақсатында дипломатияны өрістетті, нәтижесінде қақтығысқа бүкіл Еуропа араласты.
Бұрынғы екі қарсылас -- Франция мен Австрияның одақтасуы Еуропа үшін күтпеген оқиға болды. Бұл аз болса, Франция өзінің бұрынғы одақтасы -- Пруссияға қарсы шықты. Англия екінші жүз жылдық соғыстан бастап Францияның басты қарсыласы ретінде Габсбургтар монархиясына қолдау көрсетті. XVIII ғ. бұл саясаттың қажеттілігі екі есеге артты: Англия Ганноверді (жаңа ағылшын династиясының иелігі) Франциядан қорғауға мәжбүр болды.
Алайда Англия Еуропада жаңа әскери держава - Пруссияның да бар екендігін білді. Мария-Терезиядан үмітін үзген Англия (ол бұл кезде Силезия үшін күресіп жатыр еді) Пруссияны жалдауға болатындығын түсінді. II Фридрих бүган қуана келісті. Ол Ресейдің басып алу қаупінен осы жолмен құтыламын деп ойлады. Сонымен бірге II Фридрих Франциямен де қатынастарды жалғастырғысы келді.
Ресей болса, Пруссияның жетістіктерін көре тұра, одан сескене бастады. Пруссияға қарсы позицияны канцлер Бестужев ұстанды. Ол 1755 ж. ағылшын елшісі Вильямспен келісім жасады. Ресейдің 80000-дық әскері үшін Англия Ресейге 500 мың фунт стерлинг төледі және жыл сайын 100 мың фунт стерлинг беруге уәделесті.
Бестужев Англияның басты жауы II Фридрих Прусский деп ойлады. Англия болса, Францияға қарсы Ресей, Австрия, Пруссияны қосып, коалиция қүра білді. II Фридрих ағылшын елшісімен келісімге отырғанда, Ресейдің басып алу қаупінен құтыламын деп ойлады. Ал ағылшын-француз дауында ол делдал ретінде болуын көздеген. II Фридрих және XV Людовиктің қысымынан да құтылғысы келген.
1756 ж. 16 қаңтарында Уайтхолл келісімі жасалып, онда ГІруссия мен Англия Германияның тұтастығын сақтап қалуға бар күшін салатындығын және осыған қарсы шыққан қандай да болсын державамен соғысуға дайын екендігін білгенде, Ресей, Франция, Австрия үкіметтері наразылығын жасыра алмады. Англия оларды сатып кеткенін Австрия мен Ресей түсінді. Бірақ барлық көресінді II Фридрихтен көрді. Ашуға булыққан Франция қарсыласы Австриямен жақындасты [4, б. 67].
Мария-Терезия Францияға XVIII ғ. ірі дипломаты Кауницті жіберген еді. 1748 ж. Кауниц XV Людовиктің ашына-жай әйелі - мадам де Помпадурға, егер Франция Австрияға Силезияны қайтарып алуға көмектессе, онда олар Бельгия провинциялары - Фландрия, Брабантадан бас тартатындықтарын мәлімдеген еді.
1751 ж. Кауниц Австрияның Париждегі елшісі болып тағайындалып, Австрия мен Францияны жақындатуға күш салды. Сөйтіп, Австрия мен Франция жақындаса бастады. 1755 ж. Англия француз кемелерін жаулағанда II Фридрих XV Людовикке жоспар ұсынды: XV Людовик Бельгияны басып алу керек, сонда II Фридрих Богемияға басып кіріп, австриялықтарды жеңіп, Германияны жаулап алады. Сөйтіп, 1866 ж. Бисмарктың жоспарын еске салатын жоспар дүниеге келді. Австрия болса, II Фридрихтің сол уақытта Англиямен де жүргізген келіссөздері туралы хабардар болды. Бұл жөнінде XV Людовикке Мария-Терезия жеткізді.
II Фридрих пен Англия арасындағы Уайтхолл келісімі туралы білген XV Людовик енді шешім қабылдады. 1756 ж. 1 мамырда Австрия мен Франция арасында өзара кепілдіктер жөнінде Версаль келісімі жасалды: соғыс бола қалған жағдайда екі ел бір-біріне көмек қолын созуға уәделесті. Ағылшын-орыс келісімінен бас тартып, 1756 ж. 25 наурызында императрица Елизавета Австриямен одақтас болды. II Фридрихке қарсы шабуыл ұйымдастыру үшін Ресей Австрияға көмек ретінде 80000 адамдық әскер беруге келісті. II Фридрих жеңілген жағдайда Австрия Силезияны, Ресей Шығыс Пруссияны иемденбекші болды. Француз дипломаты курфюрст Саксонский бұл коалицияға Польша королі III Августың қосылуына қол жеткізді. 1757 ж. бүған Швеция қосылды (ол субсидияға қызықты жөне Померанияны иемденуге үміттенді).
Коалицияның негізінде екі келісім жатты: 1757 ж. 2 ақпанындағы Ресей-Австрия келісімі, мүнда Австрия Ресейге жыл сайын 1 млн. рубль төлеуге келісті; 1757 ж. 1 мамырындағы Версаль келісімі, онда Франция 105 мың адам жасақтап, Мария-Терезияға 12 млн. флорин көлемінде жыл сайын субсидия беруге міндеттеме алды.
1756 жылы соғыс басталды. II Фридрихтің жағдайы мүшкіл болды. Талантты қолбасшы II Фридрих 10 шайқастың үшеуінен ғана жеңіліс тапты. Француз абсолютизмі генералдарының шикілігі оған көмектесті. Австрия қолбасшылары да жәй қимылдады. Бірақ 1757 ж. Гросс-Егерсдорф, 1759 ж. Кунерсдорф түбінде Ресейден жеңіліс тапты. 1760 ж. Ресей әскері Берлинді де біраз уақытқа дейін қол астында ұстады [5, б. 68].
1762 ж. II Фридрихтің халі мүшкіл еді. 1762 ж. 5 қаңтарында императрица Елизавета Петровнаның қазасы оны құтқарып калды десе болады. Жаңа император III Петр оған көмек қолын созды. Ол генерал Чернышевқа II Фридрихтің әскерімен бірігіп, Австрияға соғыс ашуға бұйырды. Францияның Пруссияға қарсы соғысы созылған сайын Англия қуана түсті. 1759 ж. Англия Канаданы басып алды, 1761 ж. Үндістаннның Пондишери қаласын иемденді. Француз флоты талқандалды. Бұл соғыс екі бейбіт келісіммен аяқталды: батыста - 1763 ж. 10 ақпанда - Парижде және шығыста - 1763 ж. 15 ақпанда - Губертсбургта. Франция Канададан, Солтүстік Америкадағы иеліктерінен айырьшып, тек Жаңа Орлеанды сақтап қалды. Миссисипи өзенінің оң жағалауы Испанияға берілді және Англияға берілген Флорида үшін Испанияға төлем жасау керек болды. Ол тек 5 қаланы сақтап, Үндістаннан бас тартуға мәжбүр болды. Австрия Силезиядан айырылды. Сөйтіп, батыста Жеті жылдық соғыс Францияның отаршылдық қуатын жойып, Англияның теңіздердегі үстемдігін қалыптастырып, ал шығыста Пруссияның Германияда үстемдік етуші алғашқы қадамы болды.
1.2 ХVІІІ ғасырдағы Францияның саяси-экономикалық жағдайы

ХVІІІ ғасырдың 40-60 жылдары Франция соғыстарға қатысып, ауыр экономикалық жағдайын одан əрі қиындатты. Франция Австрияға қарсы соғыста Пруссиямен бірге соғысты (1740-1748), ал Жетіжылдық соғыста (1756-1763) - Англияға қарсы болды. Соңғы соғыс нəтижесінде Жаңа Əлемдегі жəне Үндістандағы барлық отарларынан айырылды.
Қаржылық дағдарыс сарайдың салтанатына жəне сарай маңындағы аристократтарын қамтамасыз етуге кеткен ақшамен одан əрі күшейтілді. Король өз уақытын аң аулауға, көзтаныстарына (маркиза де Помпадур, графиня Дюбарри) арнап өткізді. Егер Людовик ХIV: Мемлекет - бұл мен десе, Людовик ХV: Артымнан топан су басса да, бəрі бір деп айтқан еді.
ХVІІІ ғасырдың ортасында өнеркəсіптің, сауданың жəне ауыл шаруашылығының дамуы тездетілді. Франция халқы өсіп, 1790 жылы 26 млн. жетіп, оның 84% ауыл халқы болды. Аграрлық қатынастарға капиталистік тəртіптің енуі белсенді жүрді. Шаруалардың əлеуметтік жіктелуі нығайды. Францияның кейбір аймақтарында дворян-жер иеленуші шаруашылықты жүргізудің капиталистік жолына түсті. Шаруаларға жердің шамамен 40% цензива ретінде (шексіз мұра ретінде ұстау) тиесілі болды.
Сонда шаруа кете алмады, ал жер иеленуші (негізінен сеньор) оларды қууға немесе жерді тартып ала алмады. Шамамен 90% шаруа жеке бас ерікті болды, бірақ кейбір жерлерде шаруалардың тəуелділігі сақталды (яғни серваж). Шаруалар - жеке бас еркілер, тəуелділер - көптеген дəстүрлермен байлаулы болды. Төңкеріске дейін өлі қол (право мертвой руки) дəстүрі сақталынды, яғни мұраны берудегі төлем, сеньордың меншігінде нан пісірген үшін жəне бидайдан ұн тартқан үшін төлем жəне т.б., алайда сол кездері пеш те, диірмен де болмады, сеньорлар да басқа жақта тұрды. Тек цензива ғана емес, шампар (табиғи салық), шіркеуге десятина салығы, көптеген жол, көпір жəне т.б. салықтар түрлері сақталды [6, б. 49].
Франция ауыл шаруашылық мемлекеті болып сақталғанымен, өнеркəсіп экономикада елеулі роль атқарды. Француз өнеркəсібі үшін қолдан жасалған бұйымдарды шығару сипатта еді. Бірақ мануфактуралар дамудың жоғарғы сатысына жетті. Орталықтанған мануфактуралардың саны көбейе бастады.
Оларда машиналарды қолдана бастады. Жалпы француз нарығыны қалыптасуы тездетілді, сыртқы жəне ішкі сауда дамыды. Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты сауда-өнеркəсіптік орталықтар рөлі өсе бастады, олардың экономикалық жəне саяси маңыздылығы арта түсті. Алайда сауда мен өнеркəсіптің əрі қарай дамуына Франциядағы абсолютизм кедергі болды. Капиталистік қатынастардың дамуына жол ашу үшін ауыл шаруашылығында сақталған тəртіп, цехтік жүйелер, монопольді артықшылықтарға ие болған корольдік мануфактуралар сияқты болған тəртіпті бұзу қажет еді. Жалпы француз нарығының құрылуына феодалдық бытыраңқылық кедергі болды: бірыңғай өлшеу жүйесінің болмауы, ішкі кеден жəне т.б.
Азаматтық теңсіздік жүйесі жəне дворяндар мен діни қызметкерлердің таптық артықшылықтары наразылық тудырды. Олар, мысалы, негізгі салықтарды төлеуден босатылды, жоғары дəрежелерге ие болуға жəне əкімшілікте, сотта, əскерде жұмыс істей алды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында абсолютизмге қарсы ірі оппозиция толқыны көтерілді.
Абсолютизмді қажет етпеген өнеркəсіпшілер оппозицияның басында тұрды. Олардың əлеуетті одақтастары ренітнде халық массасы жəне шаруалар болды. Буржуазиямен одақтасуға буржуазияланған дворяндар дайын болды. Абсолютизм оппозициясында париж парламенті бастаған парламенттер болды. Олар абсолютизмнің артықшылықтарға ие болған таптар пайдасында шектелуін талап етті. Бұл аристократиялық оппозицияның ұстанымы еді.
Сонымен, ХVІІІ ғасырдың соңына қарай Франция өнеркəсіпшілердің, либералды дворяндардың, шаруалардың жəне жалдамалы жұмысшылардың наразылығы өсті. Франциядағы ағартушылық. Таптық қайшылықтарды одан əрi тереңдете түскен, феодалдық-абсолюттiк құрылыстың iрiп-шiруiн тездеткен жəне оған қарсы үшiншi cословиеге кiрген барлық таптық күштердiң күресiн күшейткен жаңа XVIII ғасыр ескi құрылысқа қарсы идеологиялық шабуылмен көзге түстi. Сол кездiң алдыңғы қатарлы адамдары дiндi, дүние тануды, мемлекеттiк тəртiптi - осының бəрiн сынады.
Франциядағы XVIII ғасырдағы осы ұлы идеялық қозғалыс тарихта ағарту деп аталды. Философтар, экономистер, ақындар, жазушылар - сол кездiң алдыңғы қатарлы, прогресшiл идеяларын жақтап, халықтың көзiн ашты. Ағарту дамып келе жатқан буржуазияның идеялық қозғалысы болды. Сол кезде халықпен одақтасқан революцияшыл буржуазия өз табының ғана жеке мүддесiн қорғаған жоқ, оның феодализмге қарсы күресi бүкiл үшiншi сословиенiң, бүкiл француз ұлтының мүддесiн қорғады. Буржуазияның мүддесiн бүкiл қоғамның мүддесiмен ұқсастыруға буржуазия идеологтарына мүмкiндiк бердi [7, б. 39].
XVIII ғасырдағы буржуазия ағартушыларының негiзiн қалаған Монтескье мен Вольтер болды. Шарль де Монтескье (1689-1755) бай семьядан шыққан едi. Ол сол кезге сəйкес өте жақсы бiлiм алған едi. 30 жасында Бордода парламент президентi болды. Үш жыл Европаға саяхат жасады. 1721 жылы Парсы хаттары деген еңбегiн жариялады. Атақты парсы саяхатшыларының атынан хат түрiнде жазылған бұл еңбегiнде
Монтескье француз абсолютизмiнiң əлеуметтiк-саяси мекемелерiн ащы, кекесiн мысқылмен сынады. Адамдардың еркiндiк құқықтарын дəлелдедi. 1748 жылы Монтескье Заң рухы туралы деген басты еңбегiн жариялады. Бұл еңбегiнде ол өкiметтi құрудың неғұрлым кең тараған үш түрiн көрсеттi:
- Деспотизм;
- Конституциялық монархия;
- Республика.
Ол деспотизмге қарсы шықты. Оның саяси идеалы конституциялық монархия болды. Бостандықтың қажеттi кепiлi ретiнде Монтескье үкiметтi үш бөлiкке бөлу деп бiлдi: орындаушы, заң шығарушы, сот органдары.
Сонымен, Монтескье революциялық жолды жақтаған жоқ, ол реформа жолымен буржуазияның мүддесiн жақтайтын мемлекеттiк құрылысты қалады. Францияда абсолютизмнiң нағыз кемелiне келiп тұрған ғасырда Монтескьенiң деспотизмге қарсы шыққаны, дiндi сынағаны, бостандықты қорғағаны - келесi ұрпаққа революциялық ықпал жасады. Мұны Монтескьенiң өзi де ойлаған жоқ едi.
XVIII ғасырда Францияда крепостнойлық құқық жоқтың қасы болды. Ал дегенмен Франциядағы шаруалардың негiзгi бұқарасының басы бос болғанмен олардың жерлерi феодалдарға тəуелдi болып қала бердi. Шаруалар өздерi өңдеген жерлерге жеке меншiк иесi болған жоқ, феодалдық правода ұстаушы ғана болды. Жердiң қожасы сеньор болды. Негізгі салықтар ценз ақшалай аренда алу үшін төлейтін (ақшалай салық), шампар (астықтың 20-25 пайызын төлейтін) жан басына мемлекетке талия салықтарын, шіркеуге десятина салығын төлейтін. Ежелгі салықтар да (жол пайдаланғаны үшін, тұз салығы, т.б. шаруалардың төлейтін 50-түрлі салықтары болды) сақталды.
Сеньордың қолында диiрменге, ұста дүкенiне, наубайханаға жəне тағы сол сияқтыларға деген билiк болды, ол осыларды пайдаланғаны үшiн басқалардан ақы алып отырды.
Францияда аренда кең өрiс алды. Сеньорлардың көпшiлiгi өз иелiктерiн ұсақ участоктерге бөлiп, шаруаларға арендаға таратып берiп отырды. Жер қатынастарының осы жүйесінің таяудағы нəтижелерiнiң бiрi - жер иелiктерiнiң тым бөлшектелiп кетуi болды. Бұл техникалық жаңалықтар енгiзуге, ауыл шаруашылығына жаңа əдiстер қолдануға бөгет жасады.

1.3 ХVІІІ ғасырлардағы халықаралық қатынастар

ХVІІ ғ. 90-жылдарында-ақ ХІV Людовик өзге державалармен осы мұраны бөлісу жөнінде келіссөздер жүргізген еді. Испан королінің тағы бір мұрагері: испан королі ІІІ Филипптің немересі - Австрия эрцгерцогі Карл пайда болды. ХІV Людовик Англия мен Голландияның Габсбургтерге қарсы бірлесуіне, сол арқылы Францияға қарсы коалицияны болдырмауға күш салды. Лондон мен Гаагадағы Францияның елшілері ағылшындар мен голландықтарды Испания тағына тек Бурбондардың немесе тек қана Габсбургтердің отыруы Еуропадағы тепе-теңдікті бұзады деп сендірді.
Венадағы Францияның елшісі Еуропада бейбітшілікті сақтап қалу үшін Испанияны бөліп алу керек деп императорды сендірумен болды. Бұл қызметінде француз дипломаттары белгілі нəтижелерге жете алды. 1698 жылы жəне 1700 жылдары Испан королі ІІ Карлге білдіртпей Испанияны бөліп алу туралы екі келісім жасалды. Əрине, ІІ Карл ол туралы біліп, қатты ашуланған еді. Испан королі ІІ Карл алыс кедей туысы - курфюрст Баварскийге мұрасын қалдырмақшы еді, бірақ ол бала жеті жасында қайтыс болды. Сол кезде ІІ Карл Испанияны талан-тараждан құтқармақ оймен мұраны француз ханзадасына қалдыруды ұйғарды [8, б. 46].
1701 ж. басында ХІV Людовик V Филипптің француз тағына құқылы екендігін мойындады, француз горнизондарын Испаниядағы нидерланд провинцияларына кіргізе бастап, испан губернаторлары мен вице- корольдеріне өзіне бағынуды бұйырды. Нидерланды мен Англиядағы соғысты жақтаушылар наразы болды. ХІV Людовик болса осы өсек-аяң шындыққа айналуына күш салды. Ол Францияда ақырғы күндерін өткізіп жатқан Англияның бұрынғы королі ІІ Яковке барып оның ұлының корольдік атағын мойындайтынына салтанатты түрде уəде етті.
Еуропадағы жағдай Франция үшін жайсыз болды. ХVІІ ғ. 80- жылдарындағы коалиция қайта құрылды - барлық Еуропа елдері Францияға қарсы бірікті. 1701 ж. басталған соғыс Франция үшін сəтсіз болды. Ол Испания, Италия, Нидерланды жəне Пиреней бойындағы Германияда тұтанды. Соғыстың бірінше кезеңінде (1701-1704 жылдар) Франция мардымсыз жетістіктерге жетсе, одан кейінгі уақытта бірнеше жеңілістерге ұшырады. Елдің ішінде ашаршылық басталып (1704-1710 жылдар), Севенн тауларында орналасқан камизар-протестанттар көтерілістерге шықты.
Француздардың əскери ахуалы тек 1710-1717 жылдары біршама жақсарды.
Соңында ХІV Людовик өзге елдерді келісімге келуге көндірді. 1704 ж. ағылшындықтар Жерорта теңізіне апаратын жол - Гибралтарды басып алып, Португалиямен сауда-саттық келісімін жасасты (Метуэн келісімі, 1703 ж.). Португалия экономикалық жағынан Англияға бағынышты болып қалды. Сондай-ақ бұл келісім Португалия жеріне ағылшындықтардың мануфактуралық өнімдерін салық төлемей енгізуіне құқық берді. Португалия арқылы бұл өнімдер контрабанда ретінде Испанияға ағылатын. Америкада Бостон, Нью-Йорк тұрғындары жаңа Франция жерлерін жаулап жатты. Соғыстың негізгі қаражатын Англия көтерді; Англияда бейбіт өмірге деген талпыныс басталды. 1710 ж. сайлауда соғысқа қарсы тұрған торилер көпшілік дауысқа жетті. Мальбороға қазынаны тонады деп айып тағылды, ол рас еді. 1711 ж. император І Иосиф қайтыс болды, оның орнына таққа оның кіші інісі, испан тағына үміткер Карл отырды.
Бұл жағдайда V Карл империясының қайта орнауы, орталық Еуропаның (Германия, Италия) жаңадан өркендеуі шындыққа айналғандай еді. Вестфаль бейбіт бітімімен келмеске кеткен империя қайта орнағандай еді. Француздардың көмегімен таққа отырған Испандық V Филипп 1710 ж. Жаңа елінде өз билігін орнатты. 1711-1712 жылдардағы науқандарда одақтастар жеңіске жете алмады. Осылардың салдарынан өз одақтастыран жасырып ағылшындықтар француздарды бірінші болып бейбіт келісімге келуге шақырды. 1711 ж. қаңтарында ағылшын үкіметінің құпия өкілі Францияға келіп корольдің сенімінен шыққан голландықтарсыз-ақ сепараттық келісімге келуді ұсынды. Ұсыныс қабылданды. Келесі келісімдер құпия түрде жүргізілді. Ағылшындықтардың талаптарын Францияға ақын Прайар королева Аннаның хатымен қоса əкелді. Қазан айында Англияның одақтастары голландықтар мен немістер, Англия мен Франция арасындағы бейбіт келісіммен оқып танысты, олар келісімнің өздеріне қатысты тұстары жарияланбағанын сезді де.
1712 ж. ақпанында Утрехтте конгресс шақырылды. Ұзақ келісіссөздер нəтижесінде келісімшартқа: Испания, Франция бір жақтан Англия, Голландия, Бранденбург, Савойя - екінші жақтан, 1713 ж. 11 сəуірінде Утрехт келісіміне, 1714 ж. 7 наурызында Раштадт келісіміне Франция, Испания жəне империя қол қойды. ХVІІІ ғасырдағы Еуропа тарихында бұл екі келісім маңызды рөл атқарды [9, б. 34].
ХVІІІ ғ. бірінші жартысының басында Түркия, Польша, Швеция тарапынан күшейген Ресей Франциямен одақтас болуды көздеді. Франция үкіметі бұл үш мемлекетпен достық қарым-қатынастарды сақтағысы келген соң, Ресей Францияның қарсыласы Австрия жəне Габсбургтермен жақындасты. Осы кезде Польша іштей əлсіреп, Польшаны өзіне бағындыру үшін Ресей, Франция, тағы басқа державалар арасында күрес басталды.
Курфюрст Саксонский, ол сол кезде Польша королі ІІ Август қайтыс болғанда, Ресей мен Австрия Польша тағына оның ұлы ІІІ Август лайықты деп шешті, Франция болса бұрынғы король (кезінде тақтан алынған) Станислав Лещинскийді қолдады. Өйткені ХV Людовик Станиславтың қызы Марияға үйленген еді.
Ресейді шалғайдағы ел деп есептейтін француз үкіметі Ресейдің достығын бағаламау қауіпті екендігін түсіне бастады. Енді ол Ресейге Швеция мен Түркияны қарсы қойғысы келіп талпынғанымен, оны да іске асыра алмады. Лещинскийді қорғау үшін тек өз күшін жұмсауға тура келді. Дегенмен ХV Людовик орыс патшайымы Францияны жақтайды деген қауесетті естіп, Ресейге аббат Ланглуаны елші ретінде жіберді. Аббат Ланглуа Ресейге Бернардони деген лақап атпен барып, Анна Ивановнадан Станислав Лещинскийді Польша королі ретінде тануын сұрамақшы еді. Оқшауланып қалған Польша 1734 ж. Австрия мен Ресейдің талаптарымен келісуге мəжбүр болды.
ХVІІІ ғ. Англияның сыртқы саясаты. ХVІІІ ғ. Англия екі революцияны басынан өткізген соң, саяси құрылымын реттеп, сауда-саттық пен отаршылдық саясатын жүргізді. Англияға Еуропа тарапынан қауіп жоқ еді. Ол бар күшін басқа жаққа бұрды да, Еуропада саяси комбинацияларымен шектелді. Бисмарк бұл туралы: "Англияның саясаты Еуропадан ағылшын мүддесін жан-тəнімен қорғайтын ақымақ тауып алуға келіп саяды" деген еді. Бұл ХVІІІ ғ. Англияның қарсыласы саналып келген Францияға қарсы өзге елдерден "дос" тауып алу саясаты болатын.
ХVІІІ ғасыр - ұлы Британ империясын дүниеге келтірген ғасыр - Франция мен Англия арасында осы империя үшін күрес кезеңі. ХVІ ғ. Англия Испанияға күйрете соққы берді, ХVІІ ғ. Голландияны жеңді. ХVІІ ғ. Америкада біраз жерлерді иемденген, Үндістанға көз салып отырған ұлы держава Франция бар еді, сондай-ақ француздар Антил аралдарына да ие еді.
Ғасырдың ортасында Франция Англияға қарсы шыға бастады, əсіресе теңізде күрес шиеленісті. 1745-1755 жылдардағы Француз министрі Маша шет ел кемелерінің салығын тоннасына 5 млн ливрге дейін көтерді. ХVІІІ ғ. 50-жылдары Франция əскери флотын күшейтті, 1756 ж. француз флоты күші жағынан ағылшын флотымен теңесті. ХVІІІ ғ. бірінші жартысында ағылшын парламентінде вигтер партиясы басым болды, бұл партия сыртқы қақтығыстарға қатысуды қаламады. "Егер француздар келсе, төлемін беремін, бірақ қақтығыстың керегі жоқ" деген нақыл сөз - сол заманның ұраны еді. Англияның билеуші топтары француздардың табысына наразылық білдірді. Уильям Питт-үлкені көршімен бейбіт қарым-қатынастар үзген болатын [10, б. 38].
ХVІІІ ғ. Германия. Австрия - Пруссия бақталастығы. ХVІІІ ғ. Англияның билеуші топтары қомақты қаржыға ие еді. Олар өз мүдделері үшін одақтастарды сатып алуға қол жеткізді. еді. Отыз жылдық соғыста əлсіреген Германия ыдырау үрдісінің шарықтау шегінде тəуелсіз мемлекеттер саны мыңға жетті. Рыцарлардың иелігіндегі осы майда мемлекеттер күйзелісте болғандықтан, өз əскерлерін ақшаға жалдауға мəжбүр болды. 1648 ж. Вестфаль бейбіт бітіміне сəйкес олар саясатта өз бетінше əрекет етуге құқылы еді. Əскер сату, сол арқылы отанын сату сияқты келеңсіз іс-əрекеттер етек алды. Жарты ғасырда неміс князьдері осы жолмен 137 млн ливрді Франциядан, ал Англиядан 45,5 млн фунт стерлинг қаржы тапты. Пайдаға құныққан олар адамдарды еріксіз əскерге əкетіп жатты. Ланл- граф Гессенский Англияға 17000 адамнан тұратын əскерін жалға берді.
Қайтыс болғандар мен жаралыларға берілетін сыйақыны қоспағанда, бұл үшін Англия 2800 мың фунт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік соғыс
Франция дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
ЕУРОПА ДЕРЖАВАЛАРЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯСЫ ЖӘНЕ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘМБЕБАП ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Халықаралық құқықтағы адам құқығы: ұғымы және маңызы
Версаль бейбіт конференциясы. 1919-1925 жылдардағы соғыс қорытындысын шығару үшін жиналған конференциялар мен келісімдерде жіберілген қателіктер салдарын танып-білу
Бұлғарстан, Болгария Республикасы
АҚШ дипломатиялық қызметінің тарихи дамуы
Халықаралық конференцияларының шақырылуының алғышарттары
Сефевилер мемлекеті
Пәндер