Әлеуметтану пәнінен дәрістер


№1 лекция.
Әлеуметтану әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
- Әлеуметтану пәніне кіріспе
- Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
- Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
- Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы
Бұл ғылымның «Социология» деген атауы латын және грек сөздерінен құралған: «societas» -латын тілінде қоғам, “logos” грек тілінде ілім, білім дегенді білдіреді.
Демек социология қоғам туралы ғылым деген сөз. Қоғамды зерттейтін ғылымдар көп бірақ олардың әрқайсысыөзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Мысалы, экономика ғылымының объектісі - өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну, сұраныс мәселелелері болса, саясаттану саяси билік, саяси қатынастар, мемлекеттік құрылым мәселелерін қарастырады. Қоғамның рухани өмірін рухани байлықты өндіру, тарату ісімен адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар. Міне бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін объектісі -тұтас қоғам емес, белгілі бір саласы ғана екенін көреміз.
Социология қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді. Былайша айтқанда социология адамдарды ғылыми зерттеудің бір тәсілі. Социологтар адамдар не үшін белгілі бір кейіпте өздерін ұстайды, не үшін топ құрады, соғысқа барады, бір нәрселерге сенеді, табынады, не үшін үйленеді, дауыс беруге қатысады, т. с. с. адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде болатын барлық құбылыстарды анықтауға тырысады. Яғни социология қоғамды және әлеуметтік қатынастарды ғылыми тұрғыдан зерттейді.
Социологияның зерттеу объектісі мен пәні
Социология пәніне келесідей анықтама беруге болады: Социология қоғамның құрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше заңдылықтары жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен әлеуметтік топтардың және тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, нысандары мен әдістері жайлы ғылым.
А. А. Радугин, К. А. радугин берген анықтама бойынша социология әлеуметтік біртұтас жүйе деп қаралатын қоғам туралы, осы жүйенің құрамдас бөлшектері: жеке адам, бірлестіктер, институттар арқылы атқаратын қызметі мен дамуы туралы ғылым.
Әлеуметтік өмірдің өзегі адамдар және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттері өзара байланыстары. Осыған сәйкес социологя адамдардың өзара қарым қатынасын білдіретін мінез-құлық жайлы ғылым деуге болады.
Социологияның заңдары мен категориялары.
Кез-келген ғылым сияқты социологияның да өзiнiң категориялары мен заңдары бар. Категорилар әлеуметтiк болмыстың мәндi жақтарын, қасиет-белгiлерiн, құрылымдық элементтрiн бiлдiретiн негiзгi ғылыми ұғымдар. Яғни Социология ғылымында қолданылатын ұғымдар социологияның категориялары болып табылады. Ал осылардың арасындағы iшкi және қажеттi байланыстар мен қатынастарды бейнелендiретiн ұғымдар заңдар болып табылады.
Социологияның ең негiзгi, мазмұны жағынан көлемдi категориясы “әлеуметтiк” ұғымы. Бұл ұғым “әлеуметтiк жүйе”, “әлеумттiк құрылым”, “әлеуметтiк институт”, “әлеуметтiк ұйымдастыру”, “әлеуметтiк топ”, “әлеуметтiк әрекет”, “әлеуметтiк мiнез-құлық”, т. б. көлемдi ұғымдрды қмтиды. Бұлардың әрқайсысы өз алдына бiрнеше маңызды категорияларға бөлiнедi. Мәселен, “әлеумттiк топ” категориясы “топ”, “халық”, “ұлт”, “жанұя”, ұғымдарымен тiкелей байланысты.
Әлеуметтiк заңдар адамдардың және олардың топтрының мiнез-құлқын реттейдi, жеке адамдар мен олардың қоғамдастықтарының арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Әлеуметтiк заңдарға, мысалы, әлеуметтiк жiктелу, бiрiгу заңы, әлеуметтiк мобильдiлiк заңы, қоғамдық өмiрдiң интернационалдануы, жеке адамның әлеуметтенуi, т. б. заңдар жатады.
Әлеуметтiк зңдарды жалпы және ереше заңдар деп бөлуге болады.
Жалпы заңдар- қоғам дамуын, бiртұтас әлеуметтiк жүйе дамуында анықтайды.
Ерекше заңдар- әлеуметтiк жүйенiң жекелеген ýлемнтерiн, қоғам бөлшектерiн сипаттайды.
Социологияның құрылымы мен қызыметтерi
Социолгия қоғамды екi денгейде зерттейдi: Макро және микро денгейде. Осыған байланысты Социологияны үшке бөлуге болады.
1. Макросоциология- бұл бiртұтас социумның өмiр сүруi мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейдi.
2. Орташа социология немесе орта деңгей теориясы. Әлеуметтiк жүйенiң жекелеген құрамдас бөлiмдерiнiң әрекет етуi мен өзара байланысынң заңдылықтарын зертейдi. Бұған қала социологиясы, экономикалық социология, бiлiм беру социологиясы, саясат социологиясы, т. б. жатады. Яғни бұлар социология ғылымының жеке салалары.
3. Микросоциология. Ол жекелеген адамдардң қимылы мен өзара қарым-қатынасын, мiнез-құлық, жүрiс-тұрыстарын бақылау арқылы әлеуметтiк құбылыстар мен процестердi зерттейдi.
Социологиялық зерттеулер нәтижесiнде алынатын ғылыми қорытындылардың жалпылық дәрежесiне сәйкес бұл зерттеулер теориялық және эмперикалық болып екiге бөлiнедi.
Социологиялық зерттеудiң алдына қойылған мiндет пен мақсатқа Сәйкес социология фундаментальды (iргелi) және қолднбалы (прикладная) болып екiге бөлiнедi.
Социологияның әлеуметтiк- қоғамдық қызыметi алуан түрлi. Солардың негiзгi үшеуiн атап көрсетуге болады:
Теориялық-танымдық қызыметiн iске асыру арқылы социология қоғамның мәнi, оның құрылымы, заңдылықтры мен тенденциялары, даму жолдар жөнiндегi бiлiмдi тереңдете, нақтылай түседi.
Саяси практикалық қызыметi- бұл әлеуметтiк зерттеулердiң нәтижесiне сәйкес әлеуметтiк өмiрдi жетiлдiруге бағытталған саяси және практикалық ұсыныстар бередi. Әлеумттiк болжау және жоспарлау саяси практикалық қызыметтiң формасы болып табылады.
Идялық-тәжрибелiк қызыметi- Социологиялық зерттеулердiң тәрбие жұмысында қандай нәтижелер беретiнiнен көрiнедi. Әртүрлi топтардың мақсат, мүддесiн, дiнiн мәдениетiн т. б. құндылықтарын зерттегенде бейтараптық танытады, сыңаржақ, бұрмалаушылық жасамайды. Таптар, әлеуметтiк топтар өздерiнiң таптық, топтық мүддесi мен мақсатын белгiлеу және қорғау үшiн, өздерiнiң саясаты мен практикалық iс-әрекеттерiн ақтау, негiздеу үшiн Социологиялық зерттеулер нәтижелерiн кеңiнен пайдаланады.
Социологияның басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.
Социология өз алдына жеке-дара дамымайды, басқа қоғамдық ғылымдамен үздiксiз тығыз байланыста дамып отырады. Социологияны басқа ғылымдармен байланыстыратын негiзгi нәрсе-сл қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбiр нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенедi. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланыстарының екiншi түрi, ол адам туралы, оның iс-әрекетiн, қызметiн оқып үйренудiң, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудiң әдiстерi мен техникасын тұжырымдап қалыптастырады. Олар нақтылы қоғамдық және гуманистiк ғылымдарда кеңiнен қолданылады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының үшiншi негiзгi түрi- ол нақтылы ғылымдармен тығыз жақындасып, байланысу арқылы, ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономика ғылымымен тығыз байланыста болып экономикалық құбылыс пен процестердi әлеуметтiк тұрғыдан зерттейтiн экономикалық социология бар. Құқық ғылымымен бiрiгiп зерттеу жүргiзудiң нәтижесiнде құқық социологиясы; саяси теориямен бiрiге отырып саяси социология; тәрбие социологиясы; т. б. социологияның арнаулы теориялары пайда болды. Бұлар әлеуметтiк теориялар немесе орта деңгейдегi теориялар деп аталады. Яғни социология қоғамдық ғылым болғандықтан қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамып бiр- бiрiн толықтырады. Екiншiден, әртүрлi құбылыстарды зерттеуде ортақ әдiс-тәсiлдердi қолданады және бiр-бiрiнен алған фактiлерге сүйенедi. Үшiншiден, қоғамның әртүрлi салаларын зертегенде сол сала теорияларымен тығыз байлнықа түседi.
Реферат тақырыптары
- Әлеуметтанудың объектісі және пәні
- Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
- Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы
№2 лекция
Социология ғылымының даму тарихы
1. Социология пайда болғанға дейiнгi ежелгi әлеуметтiк ой-пiкiрлердiң қалыптасуы.
2. Социолгияның ғылым ретiнде пайда болуы. О. Конт. Г. Спенсер
3. М. Вебер мен Э. Дюргейм социологиясы
Социология (ХIХғ-дың 30-40 жылдарында қалыптасқан) бiршама жас ғылым болып табылады. Өйткенi оның ғылым ретiнде қалыптасуының өзiне қоғамдық дамудың белгiлi кезеңiнде ғана қажеттiлiк туды.
Алайда, социологияның кеш пайда болуынан, оған дейiн қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пiкiр тумауы керек. Керiсiнше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберiнде көрiне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, тарихи, Саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбiр элементтерi және оның даму заңдылықтары туралы пiкiрлер бой көрсете бастады. Осы орайда, ежелгi шығыстың қоғам туралы пiкiрлерi мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледi. Олардың қарастырған негiзгi мәселесi адамдар арасындағы қатынас пен тәрбие болды. Конфуций этикасы “қайрымдылық”, “кiшiпейiлдiк”, ”адамды сүю”, “тура жолмен жүру” сияқты прициптерге сүйенедi.
Әлеуметтiк теорияның бiршама айқын элементтрi ежелгi Грецияда қалыптаса бастады. Ежелгi Грек философтарының арасында қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше көңiл бөлгендер софистер болды. Оларға дейiнгiлер көбiнесе табиғатқа баса назар аударса, софистер адам мен қоғамға басты назар аударды.
Софистер iлiмiнде, социологиялық тұрғыдан алғанда, қоғаның құрылуындағы келiсiм теориялрының жатқандығын көруге болады. Яғни алғашқы адамдар табиғатынан абсолюттiк түрде еркiн болған, кейiн сол абсолюттiк еркiндiк адамдар арасындағы наразылықтарды туғызып, күрестерге алып келген, осыдан адамның өмiрiнiң қауiпсiздiгiне сенiмi жоғала бастаған. Сондықтан адамдар қоғам құруға мәжбүр болды және оның мүшелерi ортақ нормаға бағынатын болды деп көрсетедi.
Ежелгi Грек ойшылы Платон өзiнiң социологиялық мифтерiнде софистердiң бұл пiкiрiне қарсы болды. Қоғамдық еңбектiң бөлiнiсiне байланысты Платон адамдарды үш топқа (кастаға) бөлдi: жоғарғы билеушi топ, қолөнершiлер және құлдар.
Платонның iлiмiнде социлогия үшiн басты нәрсе, ол -қоғамдық еңбектiң бөлiнуiн және оның қоғамдық қатынас, әрi жеке адамдар арасындағы қатынас үшiн маңызды фактор болу потенциалын көрсетедi. Өйткенi ол еңбектiң бөлiнуiнен мемлекеттiң екi топқа: ауқаттылар мен кедейлер тобына бөлiнуiн көрдi. Үшiншiден, Платон Қоғамда адамдарды бiрлiкке шақыру үшiн тәрбиенiң, қоғамдық сананың қажеттiгiн көрСеттi.
Аристотель ежелгi Грецияның тәжрибесiн қорытындылай келе, адам әлеуметтiк жаратылыс деген қорытындыға келдi. Мемлекет адамдардың туа бiткен “бiрiгiп өмiр сүруге деген ұмтылғыштық” қасиетiнен пайда болды деп көрсетедi. Оның пiкiрiнше, қоғам үлкен екi әлеуметтiк топқа бөлiнедi: құл иеленушiлер және құлдар. Аристотель мемлекеттiң мақсаты - адамдардың бақытты өмiрiн қамтамасыз ету деп есептедi. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызымет етуi керек деп көрсеттi.
Сонымен, бұдан кейiнгi дәуiрлерде: “орта ғасыр”, “қайта өрлеу”, “жаңа дәуiр” кезеңдерiнде де адамдардың қоғамдық өмiрi жайлы пiкiрлер болды. Бiрақ оларды толық социологиялық iлiм деп айтуға болмайтын едi. Өйткенi олар тек әлеуметтiк ойлар философиясы немесе алғашқы социологиялық болжамдар бола алады.
Социологияның ғылым ретiнде пайда болуы. О. Конт.
Социологияның дербес ғылым ретiнде негiзiн салушы француз философы О. Конт болды. О. Конт 1798-1857 ж. ж. өмiр сүрген. Ол ең алдымен Батыстағы позитивтік философияның негiзiн салушы болып есептеледi. Оның 1830-жылдары “Позитивтi философияның курсы” деп аталатын еңбегi жарық көрдi. Осы еңбегiнiң 3- томында алғаш рет О. Конт “Социология” деген ұғымды енгiздi және қоғады ғылыми зертеу мақсатын қойды.
О. Конт социологияның қажеттiгiн философия саласындағы өзiнiң адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейдi. Олар: Теологиялық, метафизикалық позитивистiк (ғылыми) сатылар. О. Конт алғашқы кезде адамның ойлануының теологиялық болғандығын, яғни қандайда бiр құбылысты, процестi, жалпы кез-келген нәрсенi дiни тұрғыдан түсiндiруге тырсты деп көрсеттi. Ойлаудың метафизикалық кезеңiнде кез-келген құбылысты, олардың мәнi мен себебiн философиялық абстракциялы ұғымдардың негiзiнде, яғни жалпылама түсiндiрдi. Ал ойлаудың позитивтiк кезеңiнде кез-келген нәрсенi ғылыми тұрғыдан түсiндiредi. Қандайда болмасын құбылыстар мен процестердi түсiндiруде бақылау, салыстыру, т. б. ғылыми әдiстер арқылы алынған эмпирикалық факторларға сүйенедi деп көрсеттi. Конттың пiкiрiнше позитивистiк ойлау алғашында математикада, физикада, астраномияда қолданылды. Кейiн биологияда пайда болды.
Ал Социологияны Конт позитивтiк бiлiмнiң шыңы деп есептедi. Конттың ғылымды жiктеу тәсiлi бойынша социология биологиядан кейiн пайда болды. Егер биология қозғала алатын не әрекет жасай алатын барлық тiрi жануарлар дүниесiн зерттейтiн болса, социология әлеуметтiк құбылыс ретiндегi адамның әрекеттерiн қарастырады деп көретедi.
О. Контты Социологияның негiзiн салуға итермелеген екiншi бiр нәрсе- ол еңбектiң бөлiну және копперациялану заңының ашылуы.
О. Конт Социологияны негiзiнен екiге бөлдi: Әлеуметтiк статика және әлеуметтiк динамика. Әлеуметтiк статик әлеуметтiк жүйенiң өмiр сүру жағдайы мен оның қызмет ету заңдылықтарын зерттейдi. Ал әлеуметтiк динамика әлеуметтiк жүйенiң өзгеру және даму заңдылықтарын зерттейдi.
Сонымен бiрiншiден, О. Конт қоғам тануда ғылыми тәсiлдi қолдануды немесе қоғамды ғылыми тұрғыдан танудың қажеттiгiн негiздедi. Ол алғашқыда Социологияны әлеуметтiк физика деп атады. Екiншiден, Социологияны әртүрлi эксперименттерге, бақылауларға негiзделетiн ерекше ғылым ретiнде анықтайды.
Қорыта келгенде, О. Конттың социологиялық концепциясында басты екi идея жатыр. Бiрiншiсi, қоғамтануда ғылыми тәсiлдi қолдану болса, екiншiсi, әлеуметтiк реформаларды жасауда iс жүзiнде ғылымға сүйену идеясы.
Сенсер социологиясы.
Х1Х-ғасырдың ғылыми -философы Г. Спенсер социолгияның қалыптасып дамуына үлкен үлес қосты. Жас кезiнен ғылым жолына түскен (темiр жол инженерi) Г. Спенсер Дарвиннiң эволюциялық теориясын дүниенiң барлық салаларын түсiндiру үшiн қолдануға болады деген қорытындыға келдi. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат қоғамының жеке тарихына да қолдануға болады деп мойындайды. Қоғамның жеке бөлiктерiн (жанұя, мемлекет, т. б. ) организм бөлiктерiмен (жүрек, нерв жүйесi, т. б. ) салыстырып, осылардың әрбiрi бүтiннiң қызметiне әсер ететiндiгiн айтты. Спенсердiң пiкiрiнше биологиялық организм сияқты қоғамда қарапайым формадан күрделiге қарай дамиды. “Табиғи iрiктелу” адамзат қоғамында да жүредi, яғни тек қабiлеттiлер ғана тiрi қалады. Спенсер пiкiрiнше адамзат үшiн өмiр сүруге қабiлетсiз индивидтерден табиғи iрiктелудiң көмегiмен құтылу қажет. Мұндай филоиофия “әлеуметтiк дарвинизм” (Социальный дарвинизм) деген атқа ие болды. Спенсер мұндай философияны комерциялық мекемелерге және эконмикалық институттарға қолдануға болады деп санады. Қорыта келгенде Г. Спенсер социологиялық теорияның дамуына едәуiр үлес қосты. Ол қоғамды ерекше (дискреттi) жеке бөлiктерден құралған организм ретiнде қарастырды. Спенсер аналогиялық тәсiлдi қолдану нәтижесiнде ғылымға “құрылым”, “функция” деген ұғымдар енгiзiлдi.
М. Вебер. Түсiну социологиясы.
Макс Вебер батыстың iрi әлеуметтанушысы, 1864-1920 ж. ж. өмiр сүрген. Вебер пiкiрiнше әлеуметтану қоғамның әлеуметтiк-тарихи құбылыстарының субъектиâтiк (яғни адамның санасына, ойлануына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ адамның iс-әрекетiнде, қызыметiнде оның мұң-мұқтажын, талап-тiлегiн, қажеттiлiгін, мақсатын, т. б. әр уақытта ескерiп отыру керек. Социологияның басты мiндетi - адамдардың iс-әрекетiнiң, қимылын, мәнiн, мағынасын, мазмұнын терең түсiу, ұғыну болып табылады. Осыларды талдай отырып, қоғамның даму заңдылықтарының себебiн ашуға болады дейдi. М. Вебер өзiнiң әлеуметтiк зерттеулерiнде түсiну, ұғыну әдiстерiне көп көңiл аударуына байланысты оның әлеуметтану теориясы ”түсiну әлеуметтануы” деп аталады. М. Вебер әлеуметтану саналы адамның мiнез-құлқы туралы ғылым ғана емес, сонымен бiрге оның әлеуметтiк iс-әрекетi туралы ғылым. Әлеуметтiк iс-қимыл, әрекет адамның мiнез-құлқымен бiрдей, өйткенi әлеуметтiк iс-әрекет өзiнше жасалынбайды, бағытталып өмiр сүре алмайды, ол әр уақытта бақа бiреуге бағыталуын тосу, күту үшiн дейдi. Мұнсыз қандайда бiр iс-әрекет, қимыл әлеуметтiк болып саналмайды. Осығн сәйкес елiктеушiлiк, яғни индивидтiң iс-әрекетi тобырға елiктеп жасалса немесе қандайда бiр табиғи құбылысқа бағытталса ол әлеуметтiк болып саналмайды. Мәселен, көпшiлiк адамдар жаңбыр кезiнде қолшатырларын ұстап жүрсе. Яғни Вебер бойынша индивидтiң iс-әрекетi келесi бiр индивидке бағытталса және оның iс-қимылы мен мiнез-құлқына әсер етсе, ол әлеуметiк әрекет болып саналады. Сонымен, түсiну әлеуметануының пәніне саналы iс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтiк iс-әрекеттердiң бiрнеше түрлерi болады. Олардың ең бастысы - мақсатқа сай келетiн iс-әрекет. Оны тұлға ойлаған мақсатына жету үшiн қолданады. М. Вебер саяси әлеуметтануды дамытуға үлкен үлес қосты. Өзiнiң әлеуметтiк iс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол легитимдi саяси билiктiң үш түрiн көрсеттi.
Хразматикалық билiк.
Дәстүрлi билiк.
Рационалды билiк.
Сондай-ақ М. Вебер билiктiң легитимдiгi, яғни заңдылығын тiлге тиек ете отырып, билiк мына үш жағдайда легитимдi болады деп көрсеттi: (билiктiң легитимдiгi-халықтың үстем етiп отырған билiктi мойындауы, заңды деп тануы) . Хразматикалық легитимдiк (басшының жеке қасиеттер, мiнез-құлық арқылы мойындалуы) . Дәстүрлiк немесе әдет-ғұрып легитимдiгi (басшы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға сүйенiп билiк жүргiзедi) . Ақыл-парасат (рационалды), құқық легитимдiгi (басшы заңға сүйенiп билiк жүргiзедi) . М. Вебер стратификация теориясының негiзiн салушылардың бiрi. Веберлiк әлеуметтiк стратификацияның өлшемi тек экономикалық факторлар, яғни меншiк ғана емес, Сонымен бiрге саяси статус, әлеуметтiк статус (бедел, қадiр, бiлiм) өлшемдерi қоданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz